Орталық және Шығыс Еуропа елдерінде социализмнің негізін құру



Халықтық демократия-пролетариаттың мемлекеттік өкіметінің жаңа жұмысы.Орталық және Оңтүстік Шығыс және Еуропа елдерінде 40 - жылдардағы революциялар нәтижесінде орнаған мемлекеттік құрылыс,Совет өкіметімен қатар, пролетариат диктатурасының формасы болады.Оның ерекшелігі мынада:бұрынғы мемлекеттік институттар бірте - бірте өзгертілді,азаттық күрес кезеңінде қалып- тасқан буржуазиялық элементтерден тазартылған демократиялық партиялар блоктары, ұлттық майдандар сақталып қалды.Халық демократиясының мәні В.И.Лениннің мына қағидасына сәйкес келді: Пролетариат диктатурасы еңбекші- лердің авангарды болып табылатын пролетариат пен еңбекшілердің көптеген пролетарлық емес топтары (ұсақ буржуазия,ұсақ қожайынсымақтар , шаруалар, интеллигенция,т.т.), немесе олардың көпшілік арасындағы...социализмді түпкі- лікті орнату және нығайту мақсатында жасалған одақтың ерекше формасы болып табылады.
Жұмысшы қозғалысында тарихи қалыптасқан жікшілдіктің жойылуы жұмыс шы табының қоғамдық – саяси өмірдегі рөлінің күшеюіне,пролетариат диктатура- сының нығаюына ықпал етті.Коммунистер мен солшыл социалистер дің 40-жыл- дардағы революцияның жеңісі жолында бірігіп жүргізген күресі оларды жақында- та түсті,социалистік қозғалыстары реформистік мұраны жеңуге мүмкіндік берді.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Орталық және Шығыс Еуропа
елдерінде социализмнің негізін құру

1.Халықтық демократия-пролетариаттың мемлекеттік өкіметінің жаңа
жұмысы.Орталық және Оңтүстік Шығыс және Еуропа елдерінде 40 - жылдардағы
революциялар нәтижесінде орнаған мемлекеттік құрылыс,Совет өкіметімен
қатар, пролетариат диктатурасының формасы болады.Оның ерекшелігі
мынада:бұрынғы мемлекеттік институттар бірте - бірте өзгертілді,азаттық
күрес кезеңінде қалып- тасқан буржуазиялық элементтерден тазартылған
демократиялық партиялар блоктары, ұлттық майдандар сақталып қалды.Халық
демократиясының мәні В.И.Лениннің мына қағидасына сәйкес келді: Пролетариат
диктатурасы еңбекші- лердің авангарды болып табылатын пролетариат пен
еңбекшілердің көптеген пролетарлық емес топтары (ұсақ буржуазия,ұсақ
қожайынсымақтар , шаруалар, интеллигенция,т.т.), немесе олардың көпшілік
арасындағы...социализмді түпкі- лікті орнату және нығайту мақсатында
жасалған одақтың ерекше формасы болып табылады.
Жұмысшы қозғалысында тарихи қалыптасқан жікшілдіктің жойылуы жұмыс шы
табының қоғамдық – саяси өмірдегі рөлінің күшеюіне,пролетариат диктатура-
сының нығаюына ықпал етті.Коммунистер мен солшыл социалистер дің 40-жыл-
дардағы революцияның жеңісі жолында бірігіп жүргізген күресі оларды жақында-
та түсті,социалистік қозғалыстары реформистік мұраны жеңуге мүмкіндік
берді. Солшыл социалистер коммунистердің қолдауына сүйене отырып, дәстүрлі
социал демократиялық көзқарасты жақтаушыларды жеңіп шықты,оларды
өздерінің пар- тияларынан қуып жібергенімен, кейін коммунистермен
бірігуге жағдай жасады . Осы партиялар 1948 ж . марксизм - ленинизм
платформасы негізінде бірікті,бұл жұмысшы қозғалысындағы маркстік-лениндік
бағыттың жеңісі еді.Демократия- лық партиялар жұмысшы табын, оның
партияларын,осы партиялар ұсынған со- циалистік құрылыс бағдарламасын
мойындады.
40 - жылдардағы революциялардың саяси және экономикалық нәтижелер 1946
- 1949жылдарда (Польшада-1952 ж.) қабылданған конституцияларда баянды
етілді.Бұл конституцияларда мемлекеттік өкіметтің халықтық сипат алып
отырға- ны атап көрсетілді, әлеуметтік – экономикалық құрылыстың негізі
өндіріс құрал - жабдықтарының мемлекет меншігінде болуы деп
жарияланды,сонымен бірге коо- перативтік меншіктің және жеке меншіктің өмір
сүруіне жол берілді.
2.Социализм негіздерін құруға көшу.Өтпелі кезеңнің міндеттері
буржуазияны
толық жеңіп шыққаннан кейін 40-жылдардың соңында 50- жылдардың басында
дәйекті шешіле бастады.Экономикалық даму дәрежесіндегі әркелкілік социализ-
мнің материалдық-техникалық базасын жасау міндеттерінің түрлішелігін
тудыр- ды. Мәселен, өнеркәсіптік жағынан дамыған ГДР мен Чехословакия
сияқты елдер де ірі машиналық индустрияға сүйене отырып,өндіріс құрылымын
өзгерту, осал өркендеген салалардың деңгейін арттыру керек болды.Аграрлы-
индустриялы жә- не аграрлы елдерде социалистік индустрияландыруды жүзеге
асыру міндеті тұр- ды .Барлық елдерде ортақ міндет ауыл шаруашылығын
социалистік жолмен қайта құру еді.
Социалистік құрылыс жолына түскен мемлекеттер бұл міндетті жеке-дара
шешкен жоқ.Олар 1949 ж. қаңтарда Экономикалық Өзара Көмек Советін (СЭВ)
құрды,ол өз құрамындағы мемлекеттердің экономикалық дамуына көмектесуге,
олардың іс-қимылын біріктіріп және үйлестіріп отыруға міндетті болды.
Коммунистік және жұмысшы партияларының жасаған бесжылдық (Польша- да
- алтыжылдық) жоспарларында басты міндет ретінде ауыр өнеркәсіпті,бірінші
кезекте машина жасауды құру немесе дамыту,сондай-ақ,өндіріс салаларын өркен-
дету болып белгіленді.Жаңа өнеркәсіптік орталықтардың құрылысы басталды :
Нова Гута (ПХР), Димитровград (БХР),Дунауйварош (ВХР) индустрияландыру ауыл
шаруашылығын техникалық жағынан қайта жарақтандырудың және дерев- нядағы
“бос жұмыс қолы” мәселесін шешудің алғы шарттарын жасады.
Коммунистік және жұмысшы партияларының деревняда өндірісті коопера-
тивтендіруге көшу жөнінде 1948 - 1949жылдарда қабылдаған шешімдерін шаруа-
лар партиялары қолдады.Бұл кезеңге дейін олар қатарларын оңшыл элементтер-
ден тазартып, өздерінің мақсаты социолизм құру екенін мойындаған
болатын. Бұл елдердің көпшілігінде әлде қашаннан өндірістік емес
кооперацияның әр түрлі формалары – бау–бақша,жабдықтау - өткізу және
тб. кооперациялар қол - данылып келген. Албанияда, Балгарияда және
Югославияда, көбіне ұсақ шар-уалар құрған алғашқы өндірістік
кооперативтер, ал басқа елдерде өндірістік бірлестіктердің қарапайым
түрі - өзара көмек топтары жұмыс істеді, КСРО-ға қарағандағы
айырмашылығы сол, деревнядағы социолистік құрылыс шаруалар- дың жерге
жеке меншігі сақталып қалып отырған жағдай да басталды, бұл
коорпаративтік мүшелері арасында табысты еңбегіне қарай емес, ортақ
шаруа- шылыққа қосқан жер үлесінің көмегіне қарай бөлінуінен көрініс
тапты. Жерді ауылшаруашылық құрал – сайманды және малды қоғамдастыру
дәрежесі жөн- інде де
коорпаративтердің бір-бірінен айырмашылығы болды.
Басталған социалистік құрылыспен бірге ірі әлеуметтік өзгерістер
болып жатты. Жүздеген мың шаруа өнеркәсіптік құрлыстарға келді,
жұмысшы маман дығын алып, тез өсіп келе жатқан жұмысшы табының
қатарын толтырды.Ин- дустрияландыру жұмысшы табының ірі кәсіп
орындарында шоғырлануын оның білімі мен өндірістік шеберлігі дәрежесінің
артуын қамтамасыз етті. Деревняда жаңа тап – шаруа-кооператорлар
табының қалыптасу үрдісі басталды.
Мәдени ревалюция еңбекші бұқараның білігі мен мәдениеттік өсуіне
ғана емес, сонымен бірге олардың қоғамдық саяси қызметіне қатысуына
ықпалын тигізді. Жаңа социолистік идеологияның нығаю үрдісі жүріп
жатты.
Алайда адамдардың санасына терең тамыр жіберген буржуазиялық
идеа- логия олардың көзқарасына әсер ете берді. Бұл Орталық және
Оңтүстік – Шығыс Европа елдерінің көпшілігі тұрғындарының басым
бөлігі пролетарлық емес топтарды құрайтындығына байланысты туған жағдай
еді. Қала мен дерев- няда ұсақ буржуазиялық мұраттар мен дәстүрлер
кең етек жайған болатын. Оның үстіне индустрияландырудың барысында
жұмысшы табынын қатарына бұрынғы қанаушы тап өкілдері келіп қосылды.
Сонымен буржуазиялық және ұсақ буржуазыялық идеологиянын базасы
сақталып қалды.
3.Социалистік құрылыстың қиыншылықтары.Социалистік құрылыстың ал-
ғашқы нәтижелері айта қаларлықтай болды:өнеркәсіптік өнімдерді өндіру тап-
сырмасы барлық жерде бірдей орындалды,еңбекшілердің материалдық жағдайы
біршама жақсарды.Алайда Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропаның кейбір
мемлекеттерінің басшылары өтпелі кезеңде индустрияландыру және ауыл ша-
руашылығын коллективтендіру жедел қарқынмен жүргізілген КСРО-дағы со-
циализм құрылысының әдістері мен формаларын,сын елегінен өткізбестен,өз ел-
дерінде қолдана бастады.Социалистік экономиканы құру жолындағы алғашқы та-
быстарды асыра бағалаған кейбір елдердің басшылары индустрияландыру қарқы-
нын жеделдету міндетін қойды,бұл ауыл шаруашылығында қиын жағдай туғыз-
ды.Жоспар бойынша ауыл шаруашылығын өркендетуге бөлінген алғашқы қаржы
елеулі мөлшерде қысқартылды.Алғашқы өндірістік кооперативтердің қысқа мер-
зім ішінде жоғары өнімді шаруашылықтарға айналуына және коллективтік өңді-
рістің, артықшылықтарына шаруалардың көзін жеткізуіне мүмкіндігі болмады.
Империализмнің социалистік әлемге қарсы “қырғиқабақ соғыс”ашуына бай-
ланысты социалистік елдердің өзінің қорғанысын нығайту үшін едәуір қаржы
жұмсауға мәжбүр болуы бұл қиындықтарды тереңдете түсті.Кейбір капиталистік
мемлекеттердің реакцияшыл топтары социализм елдеріндегі антисоциалистік
күштер қиыншылықтар туғызған халық назарылығын және сырттан берілетін кө-
мекті пайдаланып, социалистік құрылысты құлатады деп үміттенді.
Осындай қиын-қыстау жағдайда социализм құру бағдарламасын қабылдаған
таптармен және әлеуметтік жіктермен арадағы одақтасу жүйесіне негізделген
жұ- мысшы табының диктатурасын нығайту керек болды.Алайда кейбір
коммунистік және жұмысшы партияларының басшылары арасында пролетариат
диктатура- сы жөнінде лениндік түсінікте қайшы келетін пікір орнықты,
олар пролета- риат диктатурасын партия диктатурасы деп санады.
Кейбір басшылар: Венгрияда – М.Ракоши, Багарияда – В.Червенков, Албанияда
– Э.Ходжа тағы басқалары өздерінін қателеспейтіндеріне, бәрін ақылмен
істейтіндіктеріне сен- ді. Жеке адамға табынушылық әкімшілік -
әміршілік басшылықтың өріс алуын, лениндік коллегиалдық принциптің
бұзылуына әкеп соқтырды. Социализм құ- ру кезеңінде тап күресі шиеленісе
түседі деген Сталиннің қате “ теориясы” жап- пай сенимсіздік ахуалын
туғызды, социалистік заңдылықтың бұзылуына негіз болды. Комунистік
партияларға терең еніп кеткен “тап жауын” іздестіру көптеген партия жане
мемлекет қайраткерлерін негізсіз жазалауға әкеп соқтырды. Фашизм- ге қарсы
күрестін көрнекті қатысушылары: Венгрияда - Янош Кадар, Польшада -
Владислав Гомулка, Чехославакияда - Густав Гусак, Болгарияда - Трайчо
Костов және баскалар зорлық –зомбылықтың құрбаны болды.
Кейбір социалистік елдердің башылары Совет Одағында ерекше жағдай
да қалыптасқан бір партиялық жүйенің тәжірбиесін өз елдерінде
талғамсыздық- пен енгізді, бұл елдерде өмір сүріп отырған пролетарлық
емес партияларды “өзінен - өзі құрыған” партиялар деп санады. Мұндай
көз қарастар Балгарияда, Венгрия мен Польшада неғұрлым кең етек
жайды. Венгрияда М.Ракошидің шаруа партияларына сенімсіздікпен қарауы
салдарынан Селоның ұсақ қожа - йындары партиясы және ұлттық – шаруа
партиясы бірте-бірте өз қызметін тоқтатты.Ұлттық майдандарға да
жойымпаздық пен қарау үрдісі орын алды, олардың құқықтары мен
міндеттері тарылды.
Өнеркәсіптік өндірістің жедел қарқынмен дамуы және ауыл шаруашылы-
ғы өндірісінің артта қалуы арасындағы қайшылықтын көбіне деревняда
ұжым- дастыруды жеделдету арқылы қабылданған алғашқы жоспарларда мұндай
мін- дет қойылмағанына қарамастан, күш салынды.Сонымен бірге В.И
Лениннің “миллиондағанұсақ шаруа шаруашылықтарына тек бірте - бірте
сақтықпен ғана, ойдағыдай болып шығатын партиялық үлгімен ғана әсер
етуге болаты- ны...”туралы нұсқауы мүлде ескерусіз қалды.Ұжымдастыру
кезеңінде коопе- ративтер мен мемлекеттік шаруашылықтардың халықты
ауылшаруашылық өнімдермен қамтамасыз ете алмағанына қарамастан жеке
шаруалардың қызме- ті шектелді.
Жіберілген өрескел қателіктер мен социализм принциптерінен бас тарту
Орталық және Оңтүстік – Шығыс Еуропа елдерінің экономикалық және саяси
дамуы барысында қиыншылық туғызды.
Социалистік елдер арасындағы қарым – қатынастын бұзылуы да Югославия
Фидерациялық Халық Республикасында кездесіп отырды.Балқанда соғыстан кейін
дүниені құру жөіндегі кейбір мәселені шешуді Совет Одағымен келісілме- ген
бағытта бастады.Бұған жауап ретінде Сталин Югославия Коммунистік пар-
тиясының басшыларына бұл марксизм – ленинизмнен бас тартқандық, ұлшылдық
деген негізсіз кінә тақты, мұны социалистік елдердің компартиялары қолдады
. Югославия Компартиясы мұндай айыптауларға қарсы шықты.Жанжал партиялар
арасындағы жолдастық пікір алысу жолымен шешілмеді де, партияаралық, мем-
лекетаралық сипат алды.Оның зардабы социализмге зиян келтірді.
4.Қателіктерді түзету. Социалистік елдер ынтымақтастығын ұлғайту.Сталин
қайтыс болғаннан кейін, 1953 – 1955 жылдарда коммунистік партиялар
социалистік құрылыс бағытынжүзеге асыру жолында елеулі кемшіліктердің бетін
ашты және саясатына кейбір түзетулер енгізді.Индустрияландырудың шектен тыс
қарқыны тежелді, жеңіл өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығына бөлінетін күрделі
қаржы молайтылды,өндірістік кооперативтерді құрғанда еріктілік принципінің
бұзылуы сыналды.Кооперативтердің төменгі типіне көбірек көңіл аударылатын
болды,бұларда шаруалар жердің,малдың және құрал – сайманның иесі болды,
тек жерінің бір бөлігін ғана бірігіп өндеуге қосты.Жекеменшік шаруалар
мемлекеттен көмек ала бастады, шаруалардың ауыл шаруашылығы өнімдерін сату
жолында қойылған көптеген шектеулер жойылды.Осы өзгерістердің бәрі
өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өндірісінің артуына, халықтың тұрмыс
деңгейінің біршама өсуіне себін тигізді.
Коммунистік және жұмысшы партияларының саясатына КОКП ХХ сиезінің
шешімдері, атап айтқанда, социалистік құрылыс жолына түсіп отырған әр елдің
тарихи өткендегісін және ұлттық ерекшеліктерін жан – жақты ескеру керектігі
жөнідегі тұжырымдары үлкен ықпалын тигізді.Коммунисттік және жұмысшы
партиялары партиялық және мемлекеттік тұрмыстың лениндік нормаларын
қалпына келтіру, таптық одақтарды нығайтуға және ұлғайтуға, ұлттық
майдандардың рөлін арттыруға, социалистік демократияны дамытуға бағытталған
шараларды белгіледі.Одақтас партияларды жою үрдісі тоқтатылды, олардың
социалистік құрылыс ісіне өздері үлесін қосуына мүмкіндік туғызылды.Кейбір
елдерде негізсіз жазаланған азаматтар ақталды, жаңа бесжылдық жоспарлар
экономиканың дамуын әрбір елдің нақты мүмкіншілігіне және социалистік
мемлекеттердің Экономикалық Өзара Көмек Советі шеңберінде өсіп отырған
ынтымақтастығына қарай анықтады.Экономикалық Өзара Көмек Советіне мүше
елдер арасында бір-біріне шикізат, өндірістік жабдық, несие мен қарыз
беру,техникалық көмек көрсету жөнінде келісімдер жасалды. 50 – жылдардың
соңына Экономикалық Өзара Көмек Советіне мүше елдер өндірісті
механикаландыру және кооперативтендіру қажет деген шешімге келіп, өз
жоспарларрын үйлестіре бастады.
Экономика саласындағы ынтымақтастыққа әскери – саяси саладағы
ынтымақтастық қосылды: Еуропада бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз
ету үшін Албания, Болгария, Венгрия, ГДР, Польша, Румыния, КСРО және
Чехословакия 1955 ж. Мамырда достық, ынтымақтастық және өзара ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Марксизм саяси ілім ретінде
Чехословакиядағы бархыт революциясының тарихи маңызы
Қайта өрлеу дәуірінің социалистік - утопистік бағыты
Экономикалық ой-пікірлердің қалыптасуы туралы
Кооператив мүшелерінің экономикалық қатысуы
Саясат тарихы жайлы
Әлеуметтік экономикалық дамудағы дағдарыстар
Екінші дүниежүзілік соғыс. «Қырғи-қабақ» соғысының ақырғы белесі
Постсоциалистік елдердегі өзгерістер
Экономикалық теорияның қалыптасуының негізгі кезеңдері
Пәндер