Қазақстанның тарихи-сәулет ескерткіштері



Біздің заманымызға дейін сақталған құрылыстар арасында әсіресе кесенелер мен мазарларға (“өлілер тұрағы”) деген ықылас көңіл аудартады. Бұл арада кеңінен танымал болған Х-ХІ және ХІ-ХІІ ғасырларда тұрғызылған Бабажа қатын мен Айша бибі кесенелері; ХІІІ ғасырға жататын Жошы хан мен Алаша хан кесенелері (Жезқазғанға жақын); Сарысу мен Кеңгір өзендері бойындағы Жұбан ана, Қайып ата, Мәулімберді; Тараздағы Қарахан кесенесі және т.б. Бұлардың көпшілігі бүгінде ерекше сәулеттік құрылысымен таңғалдырады. Осы ғимараттарда түрлі пішінді кірпіштер мен құрылыс материалдарының жаңа түрлері қолданылған.
Тараз қаласынан 18 шақырым жердегі төбеде екі керемет ескерткіш тұр. Оның бірі Бабажа қатын кесенесі ерекшеленіп, өзінің қарапайымдылығымен, монументалды сәулеттік құрылысымен көзге көрінеді.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстанның тарихи-сәулет ескерткіштері

Біздің заманымызға дейін сақталған құрылыстар арасында әсіресе
кесенелер мен мазарларға (“өлілер тұрағы”) деген ықылас көңіл аудартады.
Бұл арада кеңінен танымал болған Х-ХІ және ХІ-ХІІ ғасырларда тұрғызылған
Бабажа қатын мен Айша бибі кесенелері; ХІІІ ғасырға жататын Жошы хан мен
Алаша хан кесенелері (Жезқазғанға жақын); Сарысу мен Кеңгір өзендері
бойындағы Жұбан ана, Қайып ата, Мәулімберді; Тараздағы Қарахан кесенесі
және т.б. Бұлардың көпшілігі бүгінде ерекше сәулеттік құрылысымен
таңғалдырады. Осы ғимараттарда түрлі пішінді кірпіштер мен құрылыс
материалдарының жаңа түрлері қолданылған.
Тараз қаласынан 18 шақырым жердегі төбеде екі керемет ескерткіш тұр.
Оның бірі Бабажа қатын кесенесі ерекшеленіп, өзінің қарапайымдылығымен,
монументалды сәулеттік құрылысымен көзге көрінеді.
Оның қасында тағы ерекше сәулеттік-құрылысы мен өрнекі өнерімен
айшықталып тұрған Айша бибі кесенесі орналасқан. Айша бибі кесенесі туралы
бірқатар ғылыми және ғылыми-көпшілік жұмыстар жазылды. Сәулетші Т. Қасенов
оны “Қазақстанның бар сәулет өнерінің қазынасын бойына жинаған өзіндік бір
мұражай” деп те бағалаған. Айша бибі туралы да, оның тарихи аңызының өзі
жатқан бір бөлек әңгіме.
Орталық қазақстандағы Ұлытау ауданы көшпелі тайпалар көсемінің ордасы
болған мекен. Осы жерде Жошы хан мен оның ұлдарының ордасы орналасқан. Жошы
хан кесенесі (1228-1230) Қаракеңгір өзенінің төбелі жағалауында орын
тепкен. Бұл да өзіндік көлемді композициясымен көз тартатын, күйдірілген
қызыл кірпіштен қаланған күмбезді бір камералы ғимарат.
Орталық Қазақстандағы ескерткіштердің ішінде сәулеттік-көркемдік
жағынан ерекшеленетін Алаша хан кесенесі (ХІІІ). Бір-бірімен қабаттаса
үйлескен элементтер композициясының, сақталған сәлеттік келбетінің
арқасында көз тартады.
Қазақтардың жеке басқа арнап салатын ғимараттары сантүрлі ерекшелікке ие.
Қайтыс болған адамдарға арналған сондай ескерткіштердің бірі, Домбауыл
кезеңінен бері келі жатқан, аты аңызға айналған Қозы Көрпеш-Баян сұлу
мазары. Мұндай ескерткіштер қазақстанда аз емес. Оларды қазақтар “үйтас”
немесе “дің” деп атаған.
Қозы Көрпеш-Баян сұлу мазары – Х-ХІ ғасырларға жататын сәулет
ескерткіші. Шығыс Қазақстан облысындағы Аягөз өзенінің жағасында
орналасқан. Оның биіктігі 11,65 м. 1856 жылы Ш. Уәлиханов мазардың суретін
салып, жариялаған. Ескерткіш қыз бен жігіт арасындағы махаббаттың, адамдық
қасиеттің символы болып қалыптасқан.
Мұндай жеке басқа арналған культтық ерекше құрылыстар Қазақстанның
батысында кең тараған. Әсіресе, Маңғыстау, Үстірт пен Ембі өзені бойында
көп кездеседі. Өйткені, ол жерлердегі алқызыл, сұр, сары түстес әдемі
известі-ұлутастардың бай кен қазбаларын пайдалану арқылы тамаша құрылыстар
салған.
Мұндай зират ескерткіштердің негізінен сағана тамы, кереге тамы,
құлыптасы, қойтасы, үштасы және сағана сияқты түрлері бар.
Осы өңірдегі мұндай тарихи ескеркіштердің үлкен тобына жерасты
ғимараттарын жатқызуға болады. Соның ең көнесі – ІХ-Х ғасырларға жататын
Шақпақ ата мешіті. Оның көлемі алты қанат киіз үйден үлкендеу.
Осымен қатар Маңғыстауда қорған қала – Шерқала туралы айтылатын
аңыздар да көп. Бұл қала ҮІІІ-ІХ ғасырларда араб шапқыншылығы кезінде де
белгілі болған.


КОЖА АХМЕТ ЯССАУЙ
Түркі халықтарының орта ғасыр кезінде бір жола араб жазуына көшуі,
өмірге көптеген ғылыми дүішелерді алып келді. Сонымен қатар бұл кез шығыс
әлемінде сопылық ағымнын әсері күшейіп, бірте-бірте канатын кең жая түскен
кез еді. Бұл кезең Орта Азия мұсылмандары үшін де аса жауапты уақыт
болатын. Осы шақта елдің бірлігін, халыктың татулығын, адамгершілік пен
имандылықты, Алла тағала адалдықты көксеген, соны ту етіп, өз шығармаларына
арқау еткен. Ақын-шайырлар тобы тарих сахнасына шықты. Олардың ішінде
ерекше талантымен көзге түскендер хорезмдік Ахмет Үтінеки, Ахмег Яссауи,
Сүлеймен Бақырғани (Отырар өлкесінен) тағы да басқа көптеген сопылық
өкілдер болды. Бұлардың арасында асқан шеберлігімен, елге сыйлылығымен,
кайырымдылық пен мейірімділікті өміріне арқау етіп, бүкіл түркі жұртын
татулыкка, тазалыққа үндеген, қасиетті әулиесі атанған Қожа Ахмет Хазреті
Сұлтан Яссауи еді. Ахмет Яссауи жөнінде ел арасында көптеген аңыз әңгімелер
тараған. Егерде, 0 тарихи деректерге жүгінсек, ақын ежелгі қала Исфиджабта
(Сайрам) Ибраһим бин Махмуд деген диханның әулетінде дүниеге келген. Әйтсе
де, Ахметтің әкесі діндар, құдай жолын ұстаған атақты шайкылардың бірі
болған секілді. Бұлай дейтін себебіміз, ақынның 149-хикметінде оның шыққан
тегі туралы төмендегі сыр шертеді:
... Ысқақ баба жұрыны, шейх Ибраһим Құлыны,
Машайықтар ұлығы — шейхым Ахмет Яссауи.
Ясы оның арасы, жатыр гауһар парасы, Машайыктар сарасы — шейхым Ахмед
Яссауи.
Демек, Ахметтің тегін Бибіфатимадан тарататын халық аңызы шындык, олай
болса, Әзірет сұлтанның он бірінші атасы Ысқақ баб әулие болмақ.
Түрік ғалымы, доктор М. Көпрулу өзінің "Турк әдебиятыңда илк Мутасаввифлар"
атты кітабыңда Ахметтің әкесі Сайрамдағы Хазрет Әлидің әулеті Ибраһим атты
шейх екенін айтады. Осы пікірге орыс зерттеушісі М. Е. Массон да ден
қойғанмен, ол Қожа Ахметті түрік нәсілінен еді дейді.
Сопылық "мистикалық" ағымның түркі тілдес тармағының негізін қалаушы Қожа
Ахмет Яссауидың өмірбаяны жан-жақты. толық бізге белгілі емес. Өмірінің
кейбір деректері ғана жетіп отыр. Ол әлі ғылыми зерттеулерді, ізденістерді
қажет етеді. Ұлы бабамыздың туған күні мен жылы белгісіз.Бірақ Әбсаттар
Дербісалы қажының жазған деректеріне сүйенсек Қожа Ахмет Яссауи 1093 немесе
1094 жылы туған делінеді. Өлген жылы— 1166. Ер жеткен соң Түркістан (ол
кезде Ясы деп аталған) шаһарына келіп тұрады. Белгілі ғалым В. Бартольдтің
айтуыңда Түркістан VI ғасырдан XV гасырга дёйін Ясы деген атпен белгілі.
Ал, шығыстанушы ғалым Ә. Дербісәлі, қаланың әуелде Шауғар деп аталғанын,
кейінірек Ясы болып кеткенін айтады. Ахмет Яссауидің ержете келе
Түркістанға келуі дінге байланысты болса керек. Ақын өз өлеңдерінде
Түркістанға келгені жайында былайша баяңдайды:
... Он жетімде Түркістанда тұрдым, міне Он сегізде Шілтеменеи шарап
іштім, Рузы қылды, Жәннат кезіп қорлар кұштым, Хақ Мұстафа жүздерін көрдім,
міне...
Ата-анасынан ерте айырылған ол атақты түркі шейхы Арыстан баб және
Жүсіп Хамадани деген шейхтардан тәлім-тәрбие, білім, бата алады. Білімін
Бұхарадан жалғастырады. Өзінің ұстазы кайтыс болған соң көп ұзамай туған
қаласына оқымысты адам, сопы ретінде қайтып оралады.
XII ғасырдағы көне түркі тіліңде жазылған "Диуани Хикмет" кітабының авторы
— Ахмет Яссауи. "Диуани Хикмет" ("Даналық кітабы") оғыз-кыпшақ тілінде
өмірге келген, өте қарапайым, көпшілікке түсінікті тілмен жазылған төл
әдеби туынды. Ақынның кең өлкені көшіп - қонып жүрген түркі тайпаларының
бәріне де түсінікті ауыз екі сөйлеу тілінде әдемі жеткізе алғандығына күмән
келтірмейміз.
"Хикметтің" түп нұсқасы сақталмаған. Бізге жеткені XV—XVI ғасырлардағы
көшірмелері ғана. Көшірмелері өте көп. Олар негізінен Стамбулда, Қоқанда,
Ташкентте, Мәскеуде, Алматыда сақтаулы. Көптеген түркі халықтары "Хикметті"
аудармасыз-ақ қиналмай оқый алады. Дін исламнан хабары бар жанға "Хикмет"
тілі өте жеңіл. Оны беріліп оқып, тереңірек үңілген адам, Ахмет жырларының
қыпшақ тілдеріне өте жақын екенін байқар еді. Шығарманың тілдік лексиконы
әсіресе, лексикогеографиялық ерекшеліктері, этносипаттары "Хикмет" тілінің
қыпшақ диалектісіне жақындығын айтуымызға белгілі дәрежеде мүмкіндік
береді. Кітаптан Орта Азиялық қалалардың мәуелі бақтарындағы алуан жемістер
мен райхан гүлдерінен гөрі даладағы қызғалдақ пен қымыздық исі аңқиды.
Отырықшы тайпалардың кәсіби тілінен гөрі, көшпенді жұрттың тұрмысына тән
сөздер молырақ ұшырасады.
Мәселен, "Құлын", "Гүл", "Қызыл", "Қаршыға", "Сұңқар", "Лашын", "аға,
іні", "мал-мүлік", "шейід", "бөрік", "сақал-шаш", "ата-баба", тағы да басқа
көптеген сөздер тек мағыналық жағынан да емес, сонымен қатар отардың
айтылуы мен жазылуы да қазіргі қазақ тілінде де осы күйде айтылып,
жазылатынын ескерсек, шындыққа бір табан жақындай түсеміз. Әрине, бұл жерде
"сенікі", "менікі" деген үғым болмауы тиіс. Жалпы адамзаттық биік мәдениет
тұрғысынан қарауымыз керек. Себебі Ахмет Яссауи шығармалары тек қазақ еліне
ғана емес, бүкіл түркі тілдес халықтарға ортақ рухани мұра екені бәрімізге
мәлім. Тарихтан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы тарихи-мәдени ескерткіштер
Мәдени мұра саласындағы проблеманың қазiргі жай-күйiн талдау
Еліміздегі тарихи-мәдени және археологиялық ескерткіштердің туризмдегі рөлі
ДІНИ ТУРИЗМ ДАМЫУЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Қазақстандағы ежелгі сәулет өнерінің дамуы
Қазақстан территориясындағы тарихи-мәдени ескерткіштер
Түркілердің рухани мәдениетін дамытудағы исламның маңыздылығы
Батыс Қазақстандағы туризмнің даму мүмкіндіктері
Қостанай облысының мәдени жерлері
Ұлы жібек жолының географиясы мен туристік мүмкіндіктері
Пәндер