Бірінші дүниежүзілік соғысты қорытындылау



Париж бітім конференциясы. 1919 ж. 18 қаңтарда Парижде Антанта елдерінің конфсрешциясы шақырылды. Оған 27 ел қатысты, аэамат соғысы жүріп жатқан Ресей және жеңілген елдер қатысқан жок. Конференциядағы басты мәселе - бірінші дүинежүзілік соғысты корытындылау, Германиямен және оның одақтастарьмен бітім жасау болды. Heгізгі мәселелерді талқылауда Ұлыбританияның премьер-министрі Д.Ллойд Джордж, Францияның премьер-министрі Ж.Клемансо, АҚШ президенті В.Виль¬сон шешуші рөл атқарды.
Конференцияға қатысушы ipi мемлекеттердің әрқайсысының. өзіндік мақсат-мүддесі болды. AҚШ құрьлған кезінен бастап-ак Еуропа істеріне араласпау, оқшаулану саясатын ұстайтын. бipiншi дүниежүзілік соғысқа АҚШ Германияның су астындаты жаппай соғыс деген атпен сауда және жолаушы кемелерін суға батыруына наразылық ретінде катысты.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Бірінші дүниежүзілік соғысты қорытындылау.
Версаль-Вашингтон жүйесі.

Париж бітім конференциясы. 1919 ж. 18 қаңтарда Парижде Антанта елдерінің
конфсрешциясы шақырылды. Оған 27 ел қатысты, аэамат соғысы жүріп жатқан
Ресей және жеңілген елдер қатысқан жок. Конференциядағы басты мәселе -
бірінші дүинежүзілік соғысты корытындылау, Германиямен және оның
одақтастарьмен бітім жасау болды. Heгізгі мәселелерді талқылауда
Ұлыбританияның премьер-министрі Д.Ллойд Джордж, Францияның премьер-министрі
Ж.Клемансо, АҚШ президенті В.Вильсон шешуші рөл атқарды.
Конференцияға қатысушы ipi мемлекеттердің әрқайсысының. өзіндік мақсат-
мүддесі болды. AҚШ құрьлған кезінен бастап-ак Еуропа істеріне араласпау,
оқшаулану саясатын ұстайтын. бipiншi дүниежүзілік соғысқа АҚШ Германияның
су астындаты жаппай соғыс деген атпен сауда және жолаушы кемелерін суға
батыруына наразылық ретінде катысты.

Соғыстьң соңғы жылында В.Вильсон халықаралық қатынастар жаңа
қағидаларын негіздегн бағдарлама ұсынды. 1918 ж. 8 қаңтарда конгреске
тапсырылған бұл құжат Вильсонның"14 пункті" деп атадады. Мұнда соғыстан
кейінгі халықаралық қатынастарды реттеудің негізі ретінде құпия
дипломатиядан бас тарту, сауда жоне теңізде жүзу еркіндігін, қаруларды
қысқарту, езілген ұлт-тарға өзін-өзі билеу құқығын беру,әлемдік бейбітшілік
пен қауіпсіздікті қорғайтын халықаралық, ұйым құру ұсынылды; мемлекеттердің
шекараларын белгілеуді тұргындардьң этикалық тегі мен тарихы ескерілсін
деген ой айтылды. В.Вильсонньң әділеті және демократиялық бітім жасауды
көздейтіндерге неғұрлым ьңғайлы еді. Алайда Ресейдің Антанта елдерімен
соғыс алдында және соғыс барысында жасаған құпия келісімдерінің жариялануы
АҚШ саясаткерлерінің ашу-ызасын тугызды. Конгресс мушелері Вильсонның
идеяларын қолдаудан бас тартты. Олар Антанта елдерінің арасында жер бөлісу,
соғыстан пайда табу максатгары бейнеленген құпия келісімдер жасалғанын
білмегені ушін Вильсонды кінәлады.
Ұлыбритания мен Франция Үштік Одақ елдерінің отарларн бөлісіп алуды
көздеді. Франция Германияны қатты әлсіретуді, оған соғыс шығындарын толық,
төлетуді, мүмкін болса, Германияны ұсақ мемлекеттерге бөлшектеп жіберуді
мақсат тұтты. Ангглияның басты мақсаты - неміс флотын талқандау - соғыстың
барысында-ақ орындалғандықтан, Англия Германияны бөлшектеуге қарсы болды.
Жалпы алғанда, Англия Вильсонньң ұсыныстарыньң көпшілігін қолдады.
Францияға 1871 ж. Германия тартып алған Эльзас пен Лотарингияны қайтаруды
барлық ipi мемлекеттер дұрыс деп тапты. Италия Австро-Венгрияның, Жапония
Германияның иеліктерінің 6ip бөігін алудан үміттенді. Версаль бітім шарты.
Конференция барысындағы ұзақ айтыстардан кейін сәуір айында Германиямен
жасалатын бітім мәтініне дайын болды. Германияның өкілдерін шақырып,
құжатпен таныстырды, бітім мәтініне ешқандай өзгеріс, түзетулер енгізуге
рұқсат берілмеді. 1919 ж. 28 маусымда Версаль сарайында Антанта елдері мен
Германия арасындағы бітім шартына қол койылды. Бұл құжат Версаль бітім
шарты деп аталды. Версаль бітімі 440 баптан тұрады, оларды 3 мәселе бойынша
топтауға болады:
1. Германияның шекаралары белгіленді және ол отарлары мен иеліктерінен
айырылды. Германияның жері 18-ге қысқарды: Эльзас пен Лотарингия -
Францияға, Эйпен, Мальмеди, Морене — Бельгияға, Силезияның 6ip бөлігі —
Чехословакияға, Данциг (Гданьск) дәлізі - Польшаға, Солтүстік Шлезвиг -
Данияға беріді. Германия Мемельден (Клайпеда) бас тартты (бұл жер 1923 ж.
Литваға берілді). Германия 1914 жылдың 1 тамызына дейін Ресей құрамында
болған жерлердің тәуелсіздігін мойындауға тиісті. Версаль бітім шарты
Бельгияның бейтарапты-лығын және Люксембургтің Германиямен кедендік одақтан
шығып, толық тәуелсіздікке ие болғанын бекітті. Саар көмip кендерін Франция
пайдаланатын болды, ал бұл жердің өзі 15 жыл Ұлттар Лигасының билігінде
болады, одан кешнгі тағдырын жергілікті халық плебисцит арқылы 931 шешеді.
Германия барлық отарларынан бас тартады.
2. Германияға бірқатар әскери шектеуліктер қойылды. Ол epiкті жалдау
негізінде жасақталатын 100 мыңдық, әскер ұстайды; жалпыға бірдей әскери
міндеткерлік жойылады; cүңгyip кемелер, әскери және теңіз-әуе күштерін
ұстауға тыйым салынады; Рейн облысында әскер бөлімдерін орналастыруға тыйьм
салынады.
3. Германия соғыс шығындарын төлейтін болды. Репарациялардың жалпы
мелшері 132 млрд. алтын марка болып белгіленді. Оның 52 пайызы — Францияға,
22 пайызы — ¥лыбританияға, 10 пайызы — Италияға, калғандары — Антантаның
құрамындағы ұсақ елдерге беріледі.
Версаль шарты Сен-Жермен, Нейи, Трианон және Севр келісімдерімен 6ipre
біртұтас Версаль бітім жүйесін құрайды. Сен-Жермен шарты Антанта мен
Австрия арасында жасалды. Бұл Австро-Венгрия империясының ыдырауын ресми
түрде бекітті. Австрияньң қарулы күштері шектелді, Триест Италияға берілді.
Австрияның болашақта Германияға қосылуына тыйым салынды. Нейи бітімі
Болгарияның әскерінің мөлшерін шектеді, ол төлеуге тиісті репарацияларды
белгілейді, Фракияны Грецияға берді. Трианон келісімі Венгрияның әскерін
шектеді; Словакия мен оңтүстік славян жерлері Венгрия кұрамынан шықты;
Трапсилъвания Румыпияға берілді. Севр бітімі бойынша, Түркия Таяу Шығыстың
иеліктерінен айырылды.
Ұлттар Лигасы. Париж конференциясының маңызды нәтижесі — Ұлттар Лигасының
құрылуы болды. Ұлттар Лигасының жарғысьн В.Вильсон бастаған арнайы комиссия
жасады. Ұлттар Лигасы әлем халықтары арасында ынтымақтастықты дамытуға,
бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тиісті болды. Ұлттар
Лигасының құрылуы халықаралық қатынастардың жаңа қағидаларының қалып-
тасуына негіз салды. Жарғы бойынша, мемлекеттер арасындағы даулы
мәселелерді соғысқа жүгінбей, бейбіт келіссөздер арқылы шешу белгіленді.
Ұлттар Лигасының дербес қарулы күштері болған жоқ, сондықтан басқыншы
мемлекеттерге қарсы дипломатиялық және экономикалық санкциялар қолданылатын
болды. Лиганьң жоғарғы органдары - Жиналыс (Ассамблея) пен Кеңес (Совет).
Лигаға барлық, мемлекеттер мүше бола алады.
Антанта елдерінің Германия мен Осман имиериясыньң отарларын бөлісіп алу
ниетіне орай, Ұлттар Лигасының жарғысына мандаттық жүйені бекіткен бап
енгізілді. Антанта елдері жаңа отарларды билеуге белгілі бір мерзімге
Ұлттар Лигасынан мандат алатын болды. Мандат бойынша бағындырылған ел
дамудың белгілі 6ip дәрежесіне жеткен кезде, мандаттың күші жойылып, оған
тәуелсіздік беріледі. Алайда екінші дүниежүзілік соғысқа дейін мандаттың
күші жойылып, тәуелсіздік алған ел болтан жоқ.
Бірінші дүниежүзшік соғыстан кейін Еуропада бірқдтар жаңа мемлекеттер
пайда болды. Польша тәуелсіздік алды және оны бұрынғы кезендерде 3 рет
бөліске салғанда айырылып қалан жерлерінің біразын қайтарып алды.
Габсбургтер имиериясыньң ыдырауы нәтижесінде Чехия мен Словакия тәуелсіздік
алып, Чехословакия республикасы құрылды. Оңтүстік славян жерлері бірігіп,
1918 ж. Серб, хорват, сдовен корольдігін құрды (ол 1929.жылдан бастап
Югославия деп аталды). 1917-1920 жж. Ресей империясынан бөлініп шығып,
Финляндия, Эстония, Литва және Латвия тәуелсіз мемлекеттерге айналды.
Вашингтон конференция. Париж бітім конференциясында Қиыр Шығыс пен Тынық
мұхит ауданындағы халықаралық қатынастар мәселесі қарастырылған жоқ.
Версаль бітім бойынша бұрын Германияньң ықпал аймағы болған Қытайдьң
Шаньдун түбегі Жапонияға берілген еді. Бұл Қытай халқыньң ашу-ызасын
туғызып, 4 мамыр қозғалысына себеп болды. Сондықтан Қытай мәселесін
талқылау және ipi мемлекеттердің әскери-теңіз қарулы күштерінің арасалмағын
белгілеу үшін 1921 ж. 12 қарашада Вашингтонда конференция шақырылды.
Конференцияға 9 ел қатысты.
1922 жылдың, басында аяқталған конференция барысында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Потсдам конференциясында
Неміс мәселесіне қатысты АҚШ және Ұлыбританияның ұстанымы
Конференцияда көтерілген Германия мәселесі
XX ғасырдың 60- 80 жылдардағы халықаралық қатынас
Антигитлерлік коалициясының құрылуы және екінші майдан мәселесі
Іі Дүниежүзілік соғыс жылдарындағы үш бірдей конференциялардың негізгі тақырыбына айналған Германия (неміс) мәселесіне сараптамалық шолу жасап, толыққанды талдап беру
Версаль шарты
Үндістандағы дипломатиялық қызмет
Иран мен Ирактың соғысқа әскери дайындықтары
Бірінші дүниежүзілік соғыстың алғышарттары
Пәндер