Құқық және жеке тұлға туралы



Кіріспе
1. Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі: түсінігі, құрылымы, түрлері
2. Адам құқығы . азаматтың басты игілігі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Адам қоғамы мыңдаған жылдар бойы – сонау кене дәуірден қазіргі заманға дейін әлеуметтік нормалар арқылы басқарылып келді. Сондықтан жеке адамның құқығы мен бостандығы туралы теорияның мыңдаған жылға созылған, тарихы және мол тәжірибесі бар.
Біз осы тарихқа, осы мол тәжірибеге сүйене отырып, әлеуметтік нормалардың диалектикалық объективтік даму процесімен танысамыз. Адам қоғамының әр формациясында азаматтардың қандай құқығы, қандай бостандығы болғанынан білеміз.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1995 ж.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының түсіндірме сөздігі.
3. Бейсенова А., Біржанова К. Қазақстан Республикасы мемлекет және құқық негіздерін оқып үйренушілерге көмек. Алматы: Жеті Жарғы, 1997.
4. Сапаргалиев Г.С. Основы государства и права Казахстана. Алматы, 1994.
5. Сапаргалиев Г.С. Заң терминдерінің сөздігі. Алматы: Жеті Жарғы, 1996.
6. Ибраева А.С. Заң терминдерінің қазақша-орысша және орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Алматы: Жеті Жарғы, 1996.
7. Теория государства и права. /Под ред. Профессора М.Н.Марченко. МГУ, 1996.
8. Сапаргалиев Г.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы: Жеті Жарғы, 1997.
9. Сапаргалиев Г.С. Основы государства и права. Учебное пособие. Алматы: Жеті Жарғы, 1997.
10. Спиридонов Л.И. Теория государства и права. М., 1995.
11. Общая теория и права./Под ред. А.С. Пиголкина. М., 1996.
12. Теория государства и права./Под ред. М.Н. Марченко М., 1998.
13. Теория государства и права в схемах и определениях. В.К. Бабаев, В.М. Баранов, В.А. Толстик М.,1998.
14. Сапаргалиев Г.С., Ибраева А.С. Мемлекет пен құқық теориясы. Алматы: Жеті Жарғы, 1998.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Құқық және жеке тұлға

Жоспары
Кіріспе
1. Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі: түсінігі, құрылымы, түрлері
2. Адам құқығы – азаматтың басты игілігі
Қорытынды

Кіріспе

Адам қоғамы мыңдаған жылдар бойы – сонау кене дәуірден қазіргі заманға
дейін әлеуметтік нормалар арқылы басқарылып келді. Сондықтан жеке адамның
құқығы мен бостандығы туралы теорияның мыңдаған жылға созылған, тарихы және
мол тәжірибесі бар.
Біз осы тарихқа, осы мол тәжірибеге сүйене отырып, әлеуметтік
нормалардың диалектикалық объективтік даму процесімен танысамыз. Адам
қоғамының әр формациясында азаматтардың қандай құқығы, қандай бостандығы
болғанынан білеміз.

1. Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі: түсінігі, құрылымы, түрлері

Адам құқығы – тарихи, табиғи, объективтік құбылыс. Сондықтан әлеуметтік
норма әр уақытта даму процесінде болады. Әлеуметтік норма адам қоғамы мен
бірге дамып, бірге өзгеріп, бірге өмір сүріп келеді. Қоғамдағы жүздеген,
мыңдаған қарым-қатынасты реттейтін, басқаратын әлеуметтік норма. Қоғам
дамып, нығайып, жақсарған сайын әлеуметтік норма да дамып, нығайып
жақсарады, оның әділеттік, бостандық, демократиялық шеңбері де, кеңістігі
де молаяды, күрделенеді.
Жеке адамның құқығы мен қоғамдағы құқық тығыз байланысты. Бірі болса,
екіншісі де болады. Бірі болмаса екіншісі де болмайды. Бұл екеуін бір-
бірінен ажыратып қарауға болмайды.
Адамның құқығы, бостандығы олардың мазмұндық дәрежесі қоғамның даму
деңгейімен байланысты.
Мысалы: – Алғашқы қоғамдағы бостандық;
- құл иелену қоғамдағы бостандық пен шектеулер;
- феодалдық қоғамдағы бостандық пен шектеулер;
- буржуазиялық қоғамдағы бостандық пен шектеулер;
- қазіргі замандағы бостандық түсінігі мен мазмұны.
Құқық пен жеке тұлғаның өзара байланысын тек құқықтық статус арқылы
толық түсінуге, білуге болады. Онда олардың сан қырлы байланысының
түсінігі, мазмұны құрылымы, мақсаты, талаптары, мемлекет пен қоғамдық
ұйымдармен арақатынасы көрсетіледі.
Құқықтық мәртебе – жеке тұлғаның қоғамда заңды түрде қалыптасқан
бостандығы, табиғи және саяси құқықтары, әлеуметтік кемеліне келген
жағдайы, рухани, мәдени білімі. Бұл мәртебенің мазмұны адамның қогамның
әлеуметтік құрылысындағы алатын орны, ал мәртебенің нысаны – сол адамның
қоғамдағы алатын орнын заңды түрде сипаттауы. Мәртебе латын тілінен
аударғанда положение – жағдай – деген ұғымды көрсетеді.
Сонымен, құқықтық мәртебе – құқықтық жағдай – бір мағынадағы ұғым.
Оның негізгі мазмұны мемлекеттің Конституциясында бекітілген жеке тұлғаның
бостандығы, құқықтары мен міндеттері.
Құқықтық мәртебе объективтік тұрғыдан бостандықтың, демократияның
жетістіктері мен кемшілігінің көрінісінің айнасы деуге болады. Адам
қоғамының көне дәуірден даму кезендерінде құқықтық мәртебе әртүрлі болды.
Бірақ бұл процесс үнемі прогрестік жолмен дамыды.
Құқықтық мәртебе – кешенді, интеграциялық категория. Ол адам мен
қоғамның, азамат пен мемлекеттің, жеке тұлға мен еңбек ұжымының ара
байланысының көрініс – айнасы.
Құқықтық мәртебенің негізгі түрлері:
1). Жалпылама құқықтық мәртебе – бұл азаматтық мәртебесі, қоғамның
мүшесі, Конституциялық мәртебе.
2). Арнаулы құқықтық мәртебе – студенттер, зейнеткерлер, шахтерлер т.б.
мәртебелер.
3). Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі – бір адамның өмірбаянының
реквизиттері: білімі, қызметі, отбасы, аты-жөні т.б. Олардың қоғамның қай
саласында қызмет атқаруы, соған сәйкес саяси және арнаулы жеңілдіктер
болуы.
4). Жеке тұлға және заңды тұлғалар мәртебесі.
5). Шет елдердің азаматының мәртебесі.
6). Қазақстан Республикасының шет елдердегі азаматтарының мәртебесі.
7). Жүйелік мәртебелер: азаматтық, әкімшілік т.б.
8). Кәсіпқойлық, лауазымды тұлғалар мәртебесі.
9). Мәртебе – қиын жағдайда жұмыс атқаратын адамдар (солтүстікте, қиыр-
шығыста, қорғаныс өндірісінде, құпия өндірісте т.б.)
Қазіргі заманда жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі заң ғылымының бір
саласына айналды және жалпы теорияның жеке тақырыбы болып отыр.
Адамдар тек құқықтық жүйедегі қоғамда өмір сүре алады. Бұл объективтік
тұжырымға адамдар мыңдаған жылдар өмір тәжірибесінен сезініп білді. Біздің
заманымыздан бұрынғы Ү-ІҮ мың жылдықтан бастап, адам қоғамы құқықсыз өмір
сүре алмайды. Құқық объективтік тұрғыдан қоғамның өмір сүруінің ең қажетті
құралы болды. Осы тәжірибеге сүйене отырып, гректің ойшыл-ғалымдары
Ликофрон, Антифон (Ү-ІҮ мың жылдықта) адамның табиғи бостандығы, құқықтары
бар, оны ешкім жоя алмайды – деген. Бұл пікірді кейін Аристотель, Локк,
Монтескье, Руссо, Канттар да қостаған. Сөйтіп, Табиғи құқықтық теория
өмірге келген.
Бұл теория Англияның 1215 ж. бостандық хартиясында, 1689 ж. құқық
петициясында, США 1776 ж. декларациясында, 1791 ж. Конституциясында,
Францияның 1789 ж. Конституциясында мемлекеттік заңға айналды. Біріккен
Ұлттар Ұйымының 1948 ж. Декларациясында адамның Табиғи құқық теориясы
қабылданып, әр мемлекеттің құқығының негізі болсын деп қаулы қабылдады.
1966 ж. БҰҰ Халықаралық пакт атты қаулы қабылдап, онда адамдардың
экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарын әлем көлемінде дамытуды,
жақсартуды міндеттеді.
Қазіргі заманда адамдардың бостандығы мен құқықтары барлық
мемлекеттердің Конституциясына, Декларациясына енгізіліп, ең негізгі ресми
саясатқа айналды. Қазақстан Республикасының 1993-1995 жж. Конституциялары
адамның бостандығы мен құқықтарына арнаулы бөлім беріп, бұл мәселені жан-
жақты дамыту, жақсарту өзінің мемлекеттік міндеті деп жариялады.
Сонымен, адам қоғамы мыңдаған жылдар бойы сонау көне дәуірден қазіргі
заманға дейін әлеуметтік нормалар арқылы басқарылып келеді. Сондықтан жеке
адамның құқығы мен бостандығы туралы теорияның мыңдаған жылға созылған
тарихы және мол тәжірибесі бар. Оның даму мазмұны, шеңбері қоғамның даму
деңгейімен байланысты. Әр формацияда адам бостандығы мен құқығы әр түрлі
болады. Бірақ оның дамуы объективтік прогрестік жолмен дамыды. Қоғам дамып,
нығайып, жақсарған сайын құқықта, бостандықта нығайып жақсарады, оның
әділеттік, демократиялық мазмұны да, кеңістігі де күрделенеді, жақсарады.
Егерде бұл бостандыққа, құқыққа шектеу қойылса, оны іске асыруға кедергілер
жасалса, адамдардың табиғи бостандықтарына мән берілмесе, ондай қоғамда
антидемократиялық (фашизм, тоталитаризм, деспотизм) мемлекет орнап, саяси,
экономикалық дағдарысқа ұшырайды. Адам қоғамының тарихында бұған мысал
жеткілікті. Осы XX ғасырдың өзінде осындай дағдарыс екі дүниежүзілік
соғысты өмірге әкелді.
Сонымен, адам құқығы – жеке тұлғаның табиғи мүмкіншіліктері арқылы
қоғамның барлық саласында іс-әрекет жасап, өздерінің қадір-қасиетін, ар-
намысын, абырой беделін қорғап, жақсы өмір сүруін қамтамасыз етуі.
Заң ғылымында адам құқығы, азамат құқығы, жеке тұлға құқығы деген ұғым
бар. Оларға қысқаша түсінік берейік.
Адам құқығы – табиғи құқық, оған мемлекеттің ешқандай қатысы жоқ.
Егерде ол табиғи құқықтарды мемлекет Конституцияға кіргізіп, бекітсе, онда
ол адам сол мемлекеттің азаматы болады.
Азамат құқығы – табиғи құқықтар жинақталып, жүйеге келтіріліп,
мемлекеттің заңдарында, нормативтік актілерде көрсетіліп, мемлекеттің
қорғауында болып адамдар сол қоғамның азаматы болу.
Жеке тұлғаның құқығы – жеке адамның құзыреті, іс-әрекет жасау
мүмкіншілігі. Оның шеңбері жеке тұлғаның саяси-қоғамдық, әлеуметтік,
экономикалық мәртебенің шеңберіне байланысты. Жеке тұлғаға жататындар:
адам, азамат, шет елдердің азаматы, азаматтығы жоқ адамдар, саяси-
экономикалык, әлеуметтік тұрғыдан қашқындар.
Қазіргі заманда мемлекеттердің көпшілігі бұл үш ұғымды бір мағынада
қолдана береді. Жеке адамдардың құқықтарында объективтік және субъективтік
деген түсініктер бар. Енді солардың мазмұнына тоқтайық.
Объективтік құқық – заңды нормалардың бір жүйесі, оның мазмұны,
нормалардың өмірге келуі жеке адамдармен қатысы жоқ.
Субъективтік құқық – субъектілердің бостандығы мен құқықтары
объективтік құқықтағы іс-әрекеттерді орындауға байланысты.
Азаматтардың, адамдардың негізгі құқықтары мен бостандығы халықаралық
актіде және әр мемлекеттің Конституциясында толық көрсетіледі. Оның
түрлері: азаматтық, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени, экологиялық,
ақпараттық құқықтар. Енді оларға қысқаша түсінік берейік.
Азаматтық құқық – адамның табиғи бостандығы мен құқықтары. Адам не
істесе де ерікті. Тек қоғамға жеке азаматтарға зиян келтірмеуге міндетті.
Экономикалық құқық – табиғи бостандық пен құқықтың экономикалық
талаптары – жеке меншік құқығы кооперацияға мүше болу, акционерлік
ұйымдарға қатысу, жұмыс істеу, бизнеске қатысу т.б.
Саяси құқық – қоғамды, мемлекетті, өндірісті, шаруашылықты басқару,
қоғамдық ұйымдар, партия қүру, жиналыс, митинг, демонстрация өткізу,
сайлауға қатысу, сайлану т.б.
Әлеуметтік құқық – қоғамның экономикалық, материалдық дамуы сол арқылы
адамдардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, еңбек, үй құқығы, денсаулықты
жақсарту т.б.
Мәдени құқықтар – білім алу, рухани сананы жақсарту; әдебиет, өнермен
шұғылдану; тіл, дін құқықтары т.б.
Экологиялық құқық – адамды қоршаған ортаны, табиғатты жақсарту, ол
туралы мәліметтер алу, зиянға ұшыраса төлету т.б.
Ақпараттық құқық – ойлау, сөйлеу бостандығы, газет-журнал шығару,
мақалалар жазу т.б. құқықтар.
Халықаралық құқықтар – жоғарыда көрсетілген құқықтардың көпшілігі
адамдар басқа елдерге барғанда да пайдаланады. Адамдардың саяхат жасауына,
жүріп-тұруына шектеу қойылмайды.
Адамдардың негізгі міндеттері – адамдардың құқықтары мен міндеттері
тығыз байланыста болады. Мысалы: сөз, ойлау бостандығы мен қате, бұрыс
ойламау, сөйлемеу міндеттері. Адамдардың міндеттерін екі топқа бөледі:
табиғи және заңды міндеттер.
Табиғи міндеттер табиғи құқықтармен сәйкес болады. Заңды міндеттер –
нормативтік актілер арқылы қалыптасқан міндеттер. Мысалы, азаматтардың
табиғатты жақсарту, қоғамдық тәртіпті сақтау т.б.
Азаматтардың негізгі міндеттерінің көпшілігі Конституцияда көрсетіледі.
Адамдар құқықты қалай талап етсе, олар сол дәрежеде міндеттерді орындауы
қажет. Құқық пен міндет бірге қалыптасады, өмірге бірге келеді, бірге
дамиды. Бұл объективтік процесс. Адамдар өз міндеттерін дұрыс, уақытында
жақсы орындаса, құқықтары да кедергісіз орындалуға тиісті.

2. Адам құқығы – азаматтың басты игілігі

Қазіргі заманда өркениеттің басты жетістігі адам құқығы мен бостандығын
нақты қалыптастыру болып табылса, барлық мемлекет оны қорғап, оған кепіл
болуы тиіс. Осындай ізгілікті үрдістен тәуелсіз Қазақстан да шет қалып
отырған жоқ.
Қазақстан Ата заңының 1-бабында: Қазақстан Республикасының ең қымбат
қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары, деп атап
көрсетілген. Осы заң сөздері Қазақстанға әлемнің дамыған елдерінің
қатарында тұруға моральдік құқық береді.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алып, дүниежүзілік қауымдастық
қатарына қосылғаннан бері адам құқығына қатысты бірнеше халықаралық
конвенцияларға қосылды. Қазақстан ең алдымен 1949 жылы қабылданған Женева
конвенциясына (Конвенцияға қосылу ҚР Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 31-ші
наурызындағы қаулысымен бекітілді), 1989 жылы қабылданған Сәби құқығы
туралы конвенцияға (ҚР Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы 8-ші наурызындағы
қаулысы) қосылды. Осы халықаралық конвенцияларға қосылып, Қазақстан адам
құқықтары мен бостандықтары басты қазынасы болып саналатын, демократиялық
ел болуға деген ұмтылысын бекіте түсті.
Адам құқығын қорғау бүгінімізге ғана емес, өткенімізге де қатысты.
Халқымыздың басынан өткен саяси қуғын-сүргіндер, ашаршылық, зұлмат жылдары
тек қазақстандықтардың ғана емес, республиканың басқа да ұлт өкілдеріне
қиянат, қайғы-қасірет әкелгені белгілі. 1993 жылдың 14-ші сәуірінде осындай
келеңсіз жағдайлардың салдарына душар болған азаматтардың құқығын қорғауға
бағытталған Қазақстан Республикасының Жаппай саяси қуғын-сүргін
құрбандарын ақтау туралы заңы қабылданды. Бұл заң кезінде мемлекет
саясатының нәтижесінде құқығы бұзылған азаматтардың құқықтарын қалпына
келтіруге, оларды ақтауға кепілдік беретін құжат болып табылады. Қазіргі
уақытта Қазақстанға жер аударылған және одан қуылған 1 миллионнан астам
қазақстандықтарды ақтау әлі жүзеге асырылмады. Бұған құқылық негіздердің
жеткілікті дәрежеде қалыптастырылмауы өзіндік қиындықтар туғызып отыр. Бас
бостандығынан айырылғандар да біздің қоғамымыздың толық заңды мүшелері,
сондықтан олардың азаматтық құқықтарын қорғау – маңызды мәселе. Адамдардың
құқықтары мен бостандықтарын қорғау және ардақтау ұстыны БҰҰ-ның 1945 жылы
қабылданған Жарғысында қатталды. Осы құжат шын мәнінде тәуелсіз
мемлекеттердің халықаралық құқық шеңберінде ынтымақ ұластырып,
жарасымдылыққа жетуіне тұңғыш рет саяси, заңдық негіз қалаған еді. 1992
жылы тәуелсіздіктің аспан-көк туын көтеріп, өзге мемлекеттермен терезесі
тең мүше ретінде табалдырығынан аттаған БҰҰ-ның жарғылық қағидаларына адам
құқығы – адамзаттың басты игілігі екендігі, сондай-ақ ерлер мен әйелдердің
тең құқықтылығы, үлкен және ұсақ ұлттардың теңцігі, бейбітшілік пен
қауіпсіздік сактау үшін күш біріктіру арқау болып тартылған. Міне сондықтан
да Бас Ассамблеяның 1948 жылғы 10-шы желтоқсанда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заңды тұлға - азаматтық құқық қатынастарының субъектісі
Тұлға туралы ұғым жеке тұлға және заңды тұлға түсінігі.
Азаматтық құқық қатынасы субъектілері заңды тұлғалар
Жеке тұлға құқық субьектісі
Азаматтық құқықтың субъектісі ретінде - заңды тұлға
Жеке тұлғаларадың халықаралық құқықтық субектілері
Азаматтық құқық қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігі
ЗАҢДЫ ТҰЛҒА АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ
Азаматтық құқық субъектілері
Заңды тұлғалар азаматтық құқық субъектісі ретінде
Пәндер