Еңбек нарығы. Жалақы факторлық табыс ретінде



Кіріспе 3
1. Еңбек нарығы туралы түсінік. 4
2. Жалақы . факторлық табыс. 6
3. Қазіргі уақыттағы Қазақстандағы жұмысшылар жағдайы. 9
Қорытынды. 11
Қолданыған әдебиеттер. 12
Тауарлар мен қызметтерді өндіріп сататын фирмалар тауар нарығы мен еңбек нарығында бәсекелі фирма болуы мүмкін. Кейбір фирмалар тауар нарығында бәсекелі фирма болғанымен еңбек нарығында монопсонист болуы мүмкін. Тауар нарығында монополист, ал еңбек нарығында бәсекелі фирма ретінде қызмет істейтін фирмалар да болады. Тауар нарығында монополист, ал еңбек нарығында монопсонистер де кездеседі. Демек, жұмыскер өзінің еңбегін әртүрлі нарықтық құрылымдарда ұсынады. Еңбекті сатып алушы фирмалардың нарықтағы экономикалық жағдайларына байланысты еңбекақының ставкасы қалыптасады.
Еңбекақы мен жұмысбастылықтың деңгейіне кәсіподақтар тарапынан бақылау қойылады. Кәсіподақтар жұмыс күшінің ұсынысын реттеу арқылы еңбекақының деңгейін көтеруге, жұмысқа жалдаушылармен жасалатын келісімшарттар арқылы өздерінің экономикалық және әлеуметтік талаптарын жүзеге асыруға тырысады.
1. С. Әкібеков, А.С. Баймұхаметова, У.А. Жанайдаров
Экономикалық теория. Оқу құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі. – Астана: 2002. -464 б.

2. Микроэкономика. Құдайбергенова К.С. Оқу құралы. – Көкшетау: 224 б.

3. М. Өтебалина. Жалақының өсуі кәсіпорындардың көбеюіне байланысты.// Жас қазақ үні – 2005. № 45 (211) - б.10

4. Нуреев Р.М. Курс микроэкономики: учебник для ВУЗов. – М: 2005, -- 560 стр.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л.Н. ГУМЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ
“ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ” КАФЕДРАСЫ

РЕФЕРАТ

ТАҚЫРЫБЫ: Еңбек нарығы. Жалақы факторлық табыс ретінде.

Орындаған : Арна Ә.Е. ГМУ-22к

Қабылдаған: Кафедра оқытушысы

Досмағанбетов Н.С.

АСТАНА
2007

ЖОСПАР:

Бет:

Кіріспе
3
1. Еңбек нарығы туралы түсінік.
4
2. Жалақы – факторлық табыс.
6
3. Қазіргі уақыттағы Қазақстандағы жұмысшылар жағдайы. 9
Қорытынды.
11
Қолданыған әдебиеттер.
12

Кіріспе

Тауарлар мен қызметтерді өндіріп сататын фирмалар тауар нарығы мен
еңбек нарығында бәсекелі фирма болуы мүмкін. Кейбір фирмалар тауар
нарығында бәсекелі фирма болғанымен еңбек нарығында монопсонист болуы
мүмкін. Тауар нарығында монополист, ал еңбек нарығында бәсекелі фирма
ретінде қызмет істейтін фирмалар да болады. Тауар нарығында монополист, ал
еңбек нарығында монопсонистер де кездеседі. Демек, жұмыскер өзінің еңбегін
әртүрлі нарықтық құрылымдарда ұсынады. Еңбекті сатып алушы фирмалардың
нарықтағы экономикалық жағдайларына байланысты еңбекақының ставкасы
қалыптасады.
Еңбекақы мен жұмысбастылықтың деңгейіне кәсіподақтар тарапынан бақылау
қойылады. Кәсіподақтар жұмыс күшінің ұсынысын реттеу арқылы еңбекақының
деңгейін көтеруге, жұмысқа жалдаушылармен жасалатын келісімшарттар арқылы
өздерінің экономикалық және әлеуметтік талаптарын жүзеге асыруға тырысады.

2006 жылдың екінші тоқсанында алдын ала деректер бойынша жалдамалы
қызметкерлердің саны 4,6 мың адамды құрады. Бұл өткен жылдың баламалы
тоқсанындағыға қарағанда 255,1 адамға, яғни 5,8 пайызға көп. Олардың 38,8
пайызы мемлекеттік ұйымдарда, 41,7 пайызы мемлекеттік емес ұйымдарда, 12,5
пайызы жеке тұлғаларда, 7 пайызы шаруа қожалықтарында жұмыс істеген.
Сонымен қатар, ірі және орта кәсіпорындарда 2,6 миллион адам немесе
жалдамалы қызметкерлердің жалпы санының 55,4 пайызы жұмыс істеген көрінеді.
Ал енді, республика экономикасында 2006 жылдың екінші тоқсанында 7,3
миллион адам жұмыспен қамтылғандығы көңіл қуантады. Жұмыспен қамтылғандар
құрамында жалдамалы қызметкерлер үлесі 63,8 пайызды, ал өз бетімен жұмыспен
қамтылғандар 36,4 пайызды құрады. Республиканың өнеркәсібі мен құрылысында
1,3 миллион адам, қызмет көрсету секторында 3,6 миллион адам қызмет
көрсетуде. Осы тұста үстіміздегі жылы жұмыссыздар саны 634,1 мың адамды
құрағандығын айта кету керек. Соның салдарынан осы салада бүгінгі таңда
республикамызда жұмыссыздық деңгейі 8 пайызды құрап отыр.

1. Еңбек нарығы туралы түсінік

Еңбек нарығында бірнеше ерекшеліктер болады. Осыны құратын элементтерге
жұмысшы күшін иемденетін адамдар жатады. Бұларға психофизиологиялық,
әлеуметтік, мәдени, діни, саяси және т.б. адамдық қасиеттер тән болады. Осы
ерекшеліктер адамдардың мүдделеріне, мотивацияларына, еңбекке белсеңділік
дәрежесіне елеулі әсер етеді және еңбек нарығына, оның болмысына ықпал
етеді. Өндірістік ресурстардың басқа барлық түрлерінен еңбектің басты
айырмашылығы – еңбек адамның тіршілік әрекеттерінің формасы, оның өмірлік
мақсаттары мен мүдделерін жүзеге асыру формасы. Еңбектің бағасы – ресурс
бағасының жабайы бір түрі ғана емес, ол тіршілік дәрежесінің, әлеуметтік
мәртебенің, жұмыскердің және оның отбасының аман-есендігінің бағасы, құны
болып табылады. Сондықтан, еңбек нарығы категориясын зерттеп талдағанда
адамгершілік элементтер барын, олардың көлеңкесінде жанды, жаны бар
адамдар бар екенін естен шығармау қажет.
Еңбек нарығы – бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының нарығы,
бұлардың тепе-теңдік бағасы мен саны, оларға сұраныс пен ұсыныстың бір-
біріне әсер етуімен белгіленеді. Кәсіпкерлер мен еңбекке қабілетті адамдар
нарықтың агенттері, - еңбек нарығында өзара қатынаста болады. Сондықтан
еңбек нарығы сұраныс пн ұсыныс механизмі арқылы экономикалық агенттердің
арасындағы бәсекелестіктің нәтижесінде жұмыспен қамтудың белгілі көлемі
және еңбек төлемі дәрежесі орнайтын (қалыптасатын) экономикалық орта немесе
болмыс болып табылады.
Еңбек нарығының қызметтері қоғам өміріндегі еңбектің рөлімен
белгіленеді, еңбек табыстың және жақсы хал-жағдайдың өте маңызды көзі.
Экономикалық бағыттан еңбек дегеніміз өте маңызды өндірістік ресурс
(фактор) болып табылады. Осыған сәйкес еңбек нарығы басты екі қызмет
атқарады. Әлеуметтік функцияға адамдардың табыстары мен жақсы тұрмыс
халының әдеттегідей дәрежесінің қамтамассыз етілуі және жұмыскерлердің
өндірістік қабілетінің тиісті дәрежеде ұдайы өндіруінің қамтамасыз етілуі
жатады. Еңбек нарығының экономикалық функциясына еңбекке рационалды тарту,
оны бөлу, реттеу және пайдалану жатады. Еңбек нарығы бірсыпыра ынталандыру
функцияларын атқарады, олар бәсекелестік қабілеттің күшеюіне, тиімділігі
жоғары еңбекке ынтаның өсуіне, квалификацияның жоғарылауына, мамандықты
ауыстыруға т.б. мүмкіндік тудырады.
Бәсекелік еңбек нарығының классикалық еңбек үлгісінің негізін мынадай
принциптер құрайды: фирмалардың ынталарын бейнелейтін және еңбекке сұраныс
жасайтын жұмыс берушілердің көп болуы; жұмысшы күшіне иелік ететін және
оның ұсынысын жасайтын жұмыскерлердің көп болуы. Еңбек нарығындағы
субъектердің тәртібі рационалды болады, олардың мүдделеріне жетуді және
пайда табуды көздегендігімен белгіленеді. Олар үшін еңбек нарығында еркін
әрекет жасауына елеулі кедергілер болмайды. Жұмыс берушілер ұсынатын жұмыс
орындары және жұмыскерлер ұсынатын жұмыс күші біркелкі болады. Жұмыспен
қамтудың саны мен көлемі жұмыскерлер санымен өлшенеді.
Икемді нарықтық механизмі баға арқылы жүзеге асырылатын еңбек нарығы,
жетілген бәсекелі нарығы болып сипатталады. Осындай нарықта жекелеген жұмыс
берушілер, жекелеген жұмыскерлер жалпы нарықтық ситуацияға әсер ете
алмайды: жалақының тепе-теңдік ставкалары жекелеген фирмалардың немесе
жұмыскерлер топтарының әрекеттеріне тәуелді болмайды, олар жалпы
конъюнктурамен, яғни нарықтық процестің бралық мүшелерінің жалпы өзара
әсерлерімен белгіленеді.
Бәсекелік еңбек нарығында еңбекке сұраныс жалақының жалпы дәрежесі
өскен сайын еңбекке сұраныс төмендей түседі. Жалақының жалпы дәрежесінің
өсуімен бірге еңбек ұсынысы бірге өсіп отырады. Жұмысшы күшіне сұраныс,
жиынтық сұраныспен есептесе отырып, тауарлар мен қызметтер өндіру үшін,
тиісті квалификациясы бар жұмыскерлердің белгілі санымен, жұмыс
берушілердің жалдауға қажеттіктерімен белгіленеді. Жұмысшы күшінің ұсынысы
еңбекке қабілетті жастағы адамдардың өздерінің қабілеттерін әдеттегіндей
ұдайы өндіру керек қажеттіктерімен және жиынтық экономикалық ұсыныспен
есептесе отырып, жақсы хал-жағдайды қолдап тұруға жеткілікті қажеттіктермен
белгіленеді. Сұраныс та, ұсыныс та әр түрлі факторлардың әсерімен
қалыптасқан баға дәрежесімен, шығындармен, жалақымен, еңбек өнімділігімен,
адамдардың санымен, жұмыскерлердің квалификациялық – мамандық құрылымымен,
несие-қаржы, салық, заң жүйесімен, кәсіподақтардың, мәдени, діни және басқа
ұйымдардың қызметтерімен қалыптасады.
Нақты өмірде фирмалар мен жұмыскерлердің барлығы қатысатын біртұтас
абстракты еңбек нарығы болмайды. Еңбек нарығы өзінің интегралдық бірлігінде
көптеген локалдық еңбек нарықтарынан, сегменттерден, секторлардан тұрады.
Бұлар аймақтық, салалық ерекшеліктерімен, маманданган топтардың рөлімен,
квалификациялық топтармен, жыныс-жастық, ұлттық және т.б. айырмашылықтармен
сипатталады. Сұраныс пен ұсыныстың ауытқу әсері арқасында пайда болатын
еңбек ақысының дәрежесінің өзгерістері локалдық нарықтарда (сегменттерде)
орын алады және олардың динамикасы ерекше болады.
Еңбек нарығында жұмысшы күші жаппай жылжып, оның сандық және сапалық
құрылымы ылғи өзгеріп отырады. Осымен бірге жұмысшы күшіне сұраныс өзгеріп
тұрады, өйткені өндірістің кеңеюі, оның модернизациясы, құрылымдық
өзгерістері жұмыскерлердің ерекше жоғары дәрежеде дайындалуын талап етеді,
олардың жаңа, осы замандық мамандықты жете игеруін тілейді. Әрбір
белгіленген мерзімде сұраныс пен квалификациясы жоғары жұмыс күшінің
арасында сәйкестік болмайды.

2. Жалақы- факторлық табыс

Экономикалық торияда жалдамалы жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеудің
мәні және фирма немесе сала дәрежесінде оны белгілейтін факторлар туралы әр
түрлі пкірлер кездеседі.Осылардың эволюциясына қысқаша тоқталайық.
А.Смит және Д.Рикардо бойынша, еңбек тауар болып табылады, оның табиғи
бағасы болады. Ол жұмыскерге және оның отбасында қажет өмір сүруге
мүмкіндік беретін, құн түрін алған, өндірістік шығындрамен белгіленеді. Осы
өмір сүруге қажет құралдардың физикалық минимумы тарихи, мәдени, ұлттық
айырмашылықтарды есепке алу арқылы белгіленеді.
Нарық процестерін зерттейтін бүгінгі экономикалық теорияда – еңбек
күмәнсіз еңбек факторы, ал жалақы – жұмыскердің еңбегін пайдалану бағасы
деп есептеледі. Еңбек кең тараптан қаралып, пайда алушының қандайы
болмасын, ол соның іс-әрекеті деп түсініледі. Осы бағыттан қарағанда, елдің
ұлттық табысының көлеміндегі жалақының үлессі елеулі болады.
Жалақының жалпы (орташа) дәрежесі іс-әрекет түрлеріне байланысты
жіктеліп дараланады. Бұған жалақының кең деңгейлі әр түрлі нақты ставкалары
жатады. Осымен қатар еңбек нарығындағы бәсекенің әр түрлі факторлары,
кәсіподақтарының ықпалы, мемлекеттің жұмыспен қамту саясаты, кәсіпкердің
жұмыскер жалдауға жұмсайтын шығындары, қолданылып жүрген еңбекақы жүйесінің
ерекшеліктері әсер етеді.
Жалақының нақты ставкалары, нарық экономикасында еңбек нарығындағы
сұраныс пен ұсыныстың арақатынасымен белгіленеді. Таза бәсеке нарығы мына
жағдайларды талап етеді: жұмыскерлерді жалдайтын бәсекелес фирмалардың көп
болуын, жұмыс орнын таңдауда балама мүмкіндігі болатын, бірдей
квалификациясы бар жұмыскерлердің көп болуын, жалақының нарықтық ставкасына
кәсіпкерлер мен жұмысшы жағынан бақылаудың болмауын, жұмыссыздық пен
кәсподағының ықпалының болмауын талап етеді. Осындай жағдайларда балама
жұмыс орындарынан еңбектің осы түріне жаңа жұмыскерлерді тарту үшін
фирмалар жалақы ставкаларын көтеруге мәжбүр болады. Жалақы ставкасы
уақыттың балама пайдалану мүмкіндігін жіберіп алғандықтан болған шығындарды
өтеуге (орның жабуға) тиісті. Жоғары дәрежедегі жалақы осы жұмыс орнына көп
жұмыскерлер тартады. Бірақ кәсіпекрлердің әрқайсысы жалпы жалақы ставкасына
ықпал етпейтін жұмыскерлер санын жалдайды.
Жалақыны реттеуге мемлекет пен кәсіподақтар елеулі әсер етеді.
Монопсония жағдайында жұмыскерлер жалдауда кәсіпкердің монополисттік
күші болады және жұмыскерлерге, олардың санына тікелей байланысты,
жалақының белгіленген көлеміне келісуге мәжбүр етеді. Егер фирма еңбектің
нақты түрінің жалпы ұсынысының елеулі бөлшегін жалдаса, онда жалданатын
жұмыскерлердің саны олар үшін белгіленген жалақының мөлшерлемесіне әсер
етуі мүмкін. Егер осы фирма үшін еңбек ұсынысының қисық сызығы және еңбек
нарығындағы жиынтық ұсыныстың қисық сызығы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндіріс факторларының нарығы. Жер нарығы және нарығы
Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстың қалыптасуы жайлы
Өндіріс факторларына сұраныс. Өндіріс факторларының үйлесуі
Қазіргі уақыттағы Қазақстандағы жұмысшылар жағдайы
Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстар туралы
Ақшаға деген сұраныс
Нарықты зерттеу және сегменттеудің пәні мен әдістері
Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстар
Еңбек нарығының субъектілері
ӨНДІРІС ФАКТОРЛАРЫНЫҢ НАРЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ФАКТОРЛЫҚ ТАБЫСТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Пәндер