Формалар. Фреймдер



1. Кіріспе
2. Форма
3. Фрейм
4. Пайдаланылған әдебиеттер
Форма — HTML-құжатындағы ақпаратты Web-сервер арқылы әлемнің алдын ала белгіленген бір жеріне жіберу үшін қолданылатын құрал. Формалар арқылы сайтқа кірушілерге сұрақнама құруға, жарнама жасауға және медициналық анықтамалар құруға болады.
Форманың жұмыс істеу принципі мынадай: сайтқа кіруші форманы толтырады, толтырып болғаннан кейін белгілі бір батырманы басып, формадағы ақпарат көрсетілген жерлерге барады. Формалар <FORM> ... </FORM> тэгтер арасында орналасады. HTML-құжатының ішінде бірнеше форма болуы мүмкін, бірақ, олар бірінің ішінде бірі орналаспауы керек. <FORM> тэгінің негізгі атрибуттары
1 Денисенко В.В. Компьютерное управление технологическим процессом, экспериментом, оборудованием. - М.: Горячая линия-Телеком, 2009. - 608 с.
2 http://38.studopedia.ru/1_174378_formalar.html
3 Google.kz тармақтарынан ақпараттар енгізілді

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СӨЖ

Орындаған:
Жетекші:
Тобы:

Формалар. Фреймдер.

5В070200 – Автоматтандыру және басқару

2015 ж.

Мазмұны

1. Кіріспе

2. Форма

3. Фрейм

4. Пайдаланылған әдебиеттер

Форма — HTML-құжатындағы ақпаратты Web-сервер арқылы әлемнің алдын ала
белгіленген бір жеріне жіберу үшін қолданылатын құрал. Формалар арқылы
сайтқа кірушілерге сұрақнама құруға, жарнама жасауға және медициналық
анықтамалар құруға болады.
Форманың жұмыс істеу принципі мынадай: сайтқа кіруші форманы толтырады,
толтырып болғаннан кейін белгілі бір батырманы басып, формадағы ақпарат
көрсетілген жерлерге барады. Формалар FORM ... FORM тэгтер арасында
орналасады. HTML-құжатының ішінде бірнеше форма болуы мүмкін, бірақ, олар
бірінің ішінде бірі орналаспауы керек. FORM тэгінің негізгі атрибуттары:
Атрибут Атқаратын қызметі
ACTION Міндетті атрибут. Форма өңдеушісінің Web-сервердегі жолын
көрсетуді анықтайды.
METHOD Формадағы ақпарат өңдеушіге қалай баратынын анықтайды. Мүмкін
болатын мәндері: METHOD=POST және METHOD=GET. Мұндағы
РOSTатрибуты формадағы ақпарат URL-ден бөлек жіберіледі, ал
GETатрибутыURL-мен бірге жіберіледі. Егер атрибут мәні
жазылмаса, онда, автоматты түрде METHOD=GET мәні ұйғарылады.
ENCTYPE Тұтынушы мәліметін браузерден Web-серверге жіберудегі кодтау
түрін анықтайды.

Қолданушы формаға ақпаратты енгізу үшін INPUT элементін қолданады.
Әрбір INPUT элментінде NAME=имя а трибуты бар, ол жолдың атын анықтайды
(жолдың идентификаторы). Келесі кестеде INPUT элементінің басты типтері
көрсетілген:
Атрибут Атқаратын қызметі
TYPE=text Мәтін енгізетін ұяшықты анықтайды. Қосымша мынадай
атрибуттары бар: SIZE=сан (ұяшықтың ені символмен
беріледі) және MAXLENGTH=сан (Өріске жазлатын
символдардың мүмкін максималды саны): INPUT TYPE=text
SIZE=20 NAME=User VALUE="Алмас"  Ені 20 символдан
аспайтын мәтін енгізуге арналған ұяшықты анықтайды.
Автоматты түрде ұяшықта “Алмас” сөзі шығады, оны
қолданушы өз қалауынша өзгерте алады.
TYPE=password Пароль енгізетін ұяшықты анықтайды. Тext типіне өте
ұқсас, бірақ, мәтіннің орнына жұлдызшалар (*) шығады:
INPUT TYPE=password NAME=PW SIZE=20
MAXLENGTH=10  Еніне 20 символ сиятындай пароль
енгізу ұяшығын шығарады. Көрсетілген үлгіде парольды 10
символға дейін енгізуге болады.
TYPE=radio Радиобатырманы экранға шығарады. CHECKED (радиобатырманың
ерекшеленгенін) деген қосымша атрибуты болады. Аттары
бірдей бір топ радиобатырмалардың ішінде тек біреуі ғана
белгіленген радиобатырма болады: INPUT TYPE=radio
NAME=Question VALUE="Yes" CHECKED Иә INPUT TYPE=radio
NAME=Question VALUE="No" Жоқ INPUT TYPE=radio
NAME=Question VALUE="Possible"
Мүмкін  Радиобатырманы ерекшелеп алған соң осы
ақпарат тұтынушыға жіберіледі. Егер радиобатырманы
ерекшелемесе Question айнымалысына Yes мәні беріледі:
Question=Yes.
TYPE=checkbox Белгі қоюға болатын квадрат батырмаларды анықтайды және
CHECKED деген қосымша атрибуты бар. (квадратқа белгі
қойып көрсетеді). Радиобатырмалардан айырмашылығы -
аттары бірдей квадраттар тобында бірнеше квадраттар
белгіленуі мүмкін: INPUT TYPE=checkbox NAME=Comp
VALUE="CPU" Процессорлар INPUT TYPE=checkbox NAME=Comp
VALUE="Video" CHECKED Видеоадаптерлар INPUT
TYPE=checkbox NAME=Comp VALUE="Scan" Сканерлер INPUT
TYPE=checkbox NAME=Comp VALUE="Modem" CHECKED
Модемдер  Квадрат батырмалардың бірнешеуі
белгіленгеннен соң, осы ақпарат тұтынушыға жіберіледі.
Егер белгіленбесе, келесідей екі айнымалы жіберіледі:
Comp=Video және Comp=Modem.
TYPE=submit Формадағы мәліметті тұтынушыға жіберетін батырманы
шығарады. Ол әрекет "Жіберу" батырмасын басқанда жүзеге
асады: INPUT TYPE=submit VALUE="Жіберу" 
TYPE=reset Формадағы жолдарды тазалайтын батырманы анықтайды. Ол
әрекет батырма басу арқылы орындалады. "Тазарту"батырмасы
басылған соң формадағы мәлімет өңдеушіге
жіберілмейді:   

Формада көлемді мәтіндер енгізуге арналған ұяшық орнатуға болады.
Ол TEXTAREA элементі арқылы орындалады:

TEXTAREA NAME=address ROWS=5 COLS=50 Өзіңіз туралы мәлімет енгізіңіз
TEXTAREA

NAME атрибуты ұяшыққа енгізілген мәтінге ат меншіктейді, сол атпен ол
тұтынушыға жіберіледі. ROWS атрибуты ұяшықтың биіктігін мәтін жолдарымен
анықтайды. COLS атрибуты ұяшықтың енін символдармен
анықтайды. TEXTAREA...TEXTAREA  тэгтерінің арасындағы мәтін, қалыпты
жағдайда осы ұяшықтың ішінде орналасады. Қолданушы оны өзгерте немесе мүлде
өшіре алады. Бұдан басқа формада тағы таңдау менюін қолдануға болады.
Ол SELECT ашылатын тэгімен басталып (менюға ат беретін NAME міндетті
атрибуты бар, ) және SELECT жабылатын тэгімен аяқталады. Олардың
арасында меню элементін анықтайтын OPTION тэгі орналасады. Егер осы
элемент таңдалса, міндетті VALUE атрибуты тұтынушыға жіберілетін мәндер
қояды. OPTION тэгінде selected ат рибутын қолдануға болады, ол қалыпты
жағдайда қай элемент таңдалып тұрғанын көрсетеді.
SELECT NAME="Аты" OPTION VALUE="option_1" selected 1-ші
мәтін OPTION VALUE="option_2" 2-ші мәтін OPTION
VALUE="option_n"n-ші мәтін SELECT

SELECT тэгінде MULTIPLE атрибутын қолдануға болады, ол меню ішінен
бірнеше элементті таңдап алуға болатынын көрсетеді. Көп жағдайда SELECT
MULTIPLE элементін бүтін ұяшық ретінде шығарып көрсетеді. Ол ұяшықтың
ішіне менюдің барлық элементтері сияды. Ұяшықтың жол санын анықтау
үшін SIZE= “сан” атрибуты қолданылады.
SELECT MULTIPLE SIZE= “2” NAME="Аты" OPTION
VALUE="option_1" selected1-ші мәтін OPTION
VALUE="option_2" 2-ші мәтін OPTION VALUE="option_n" n-ші
мәтін SELECT

Мысал 1:
HTML
HEAD
TITLE
ПРИМЕР
TITLE
HEAD
Body BGCOLOR="RED" FORM METHOD="POST" ACTION="сіздің _t-mail_адресіңіз"
H1 align="center"I “Жұмысқа тұру” анкетасыIH1
p
H2Аты-жөні:H2
INPUT TYPE="TEXT" NAME="Аты" SIZE="30"
H2Мекен-жайы:H2
INPUT TYPE="TEXT" NAME=" Мекен-жайы" SIZE="30"
H2Телефоны:H2
INPUT TYPE="TEXT" NAME="Телефон" SIZE="10"BR
H2Жынысы:H2
INPUT TYPE="RADIO" NAME="Таңдау 1" VALUE=" Ер бала "Ер балаBR
INPUT TYPE="RADIO" NAME="Таңдау 1" VALUE=" Қыз бала "Қыз бала
FORM
HTML

Фрейм туралы түсінік.
HTML тілі браузер программасы терезелерін бірнеше бөліке бөліп тастау
мүмкіндгін береді және олардың әрқайсысында жеке құжаттар бейнеленеді.
Осындай бөліктерді фрейм деп атаймыз. Фрейм (ағылшын тілінен Frame – жиек,
каркас, кадр) параметрлері және өлшемдері бойынша әртүрлі болып келетін
бірнеше фреймдерге бөлінген браузер терезесінің жеке жұмыс аймағы болып
табылады. Мұндай терезелердің жиынтығы фреймдік құрылым деп аталады. Әрбір
фрейм – бұл браузер арқылы өзіне арналған терезеде жүктелетін HTML-құжат.
Осылайша, фреймдік негізде құрылған HTML-құжат – параметрлері мен
қасиеттері бүкіл фреймдік құрылыммен анықталатын, өзара байланысқан
электронды құжаттардың жиынтығы.
1. Фреймдер құру үшін HTML-де ерекше құжаттар пайдаланылады, оның құрылымы
кәдімгі құжаттардан бөлек болады. Бұл құжаттарда мәтін немесе файл бөлігі
емес, FRAMESET және FRAMESET тэгтерінің арасында орналасқан фреймдер
болады. Бұл сипаттамада браузер терезесіндегі бөліктердің өлшемдері мен
олардың орналасу тәртібі сипатталады, сонымен қатар аталмыш бөліктердің
әрқайсысынан шақырылуы тиіс құжаттар көрсетіледі. Файл атын ол орналасқан
ішкі директорияларды көрсетіп, толық беру керек.
2. FRAMESET тэгі терезелерді бөлу әдістерін анықтайтын, COLS= және ROWS=
міндетті артибуттарына ие. COLS=атрибуттарын пайдаланған уақытта терезелер
тік сызықтармен, ал ROWS=атрибуттары арқылы колденең сызықтармен бірнеше
бөліктерге бөлінеді. Егер аталмыш атрибуттың екеуі де берілсе, терезеде
бөлікшелерден құралатын тор пайда болады.
Осы атрибуттардың мәндері терезе бөліктерінің биіктігін (немесе енін)
анықтайды. Әр бағанға (жолға) арналған параметрлер пиксель өлшем бірлігі
бойынша үтірлер арқылы немесе проценттермен (“%” белгісі) беріледі. Соңғы
параметр ретінде (*) жұлдызша белгісін де пайдалануға болады. Осындай фрейм
үшін барлық қалған бос кеңістіктер беріледі.
3. FRAMESET және FRAMESET тэгт ерінің арасында қалыптастырылған
бөліктердің қажеттілігін көрсететін қосымша тэгтер орналастырылады. Осы
мақсатта терезені қосымша бөлу мүмкіндігін беретін, ендірілген FRAMESET
тэгін немесе экрандағы жеке бөліктеріне шақырылатын құжаттарды анықтайтын,
жеке даралық FRAME тэгтерін пайдалануға болады. FRAMESET және
FRAMESET тэгтерінің араларына орналастырылған элементтердің саны
қалыптастырылған бөлік санына сәйкес болуы керек.
4. FRAME тэгінде аталмыш бөлікке шақырылатын құжаттарды анықтайтын
SRC=міндетті атрибуттары болуы керек. Қосымша атрибуттар жеке фреймдер
арасындағы қоршауларды және оның басқа кейбір қасиеттерін реттеу
мүмкіндігін береді.
Мысалы:
FRAME SRC= “файл аты.html”
Мысал 2. html head title
Мысал 2 title head FRAMESET
COLS="50%,50%"FRAME
SRC="1.html"FRAME
SRC="2.html"FRAMESET html

 
Гипермәтіндік сілтеме. Қарапайым гиперсілтемені құру. Сілтеме ретінде
графикалық файлды қолдану. Сілтеме және түс.
Интернетте тақырыбы бойынша ұқсас және тұтынушылардың бір аудиториясына
бағытталған миллиондаған электронды құжаттар бар. Гипермәтіндік сілтемелер
арқылы бір HTML-құжатты басқалармен байланыстыру мүмкіндігі болмаса, басқа
құжаттарға өту қиын да күрделі болатын еді.
Шынайылығында, кез келген гипермәтіндік сілтеме – бұл браузер терезесінен
бірден өту мүмкіндігі бар ауқымды желідегі мекен-жай көрсеткіші. Сілтеме
арқылы өту екі жағдайда жүзеге асады: егер құжат сілтеме жасайтын ресурс
бар болса және HTML бойынша гиперсілтеме құрылымы дұрыс болса.
Гиперсілтемелер құрылымы
Кез келген гиперсілтеме екі маңызды бөліктен тұрады, олар: сілтеме
көрсеткіші және құжаттан өту керек болатын ресурс. Сыртынан гиперсілтемені
қалыпты мәтіннен ажырату өте оңай: тышқан меңзерін сілтемеге апарғанда,
меңзер сұқ саусақпен осы мәтінде гиперсілтеме бар екенін көрсетіп тұрған
сияқты қолдың түріне ие болады. Егер көрсеткіш мәтін болса, сілтеменің асты
сызылады. Сілтеме рөлін мәтін (жеке сөз, үзінділер, мәтіннің бүтін
бөліктері) және графикалық бейнелер атқаруы мүмкін. Графика мен мәтіннің
бірігуі сілтеме құра алады. Сілтеме көрсеткіші A тэгімен сипатталады, ал
өту мекен-жайы HREF параметрінің көмегімен жүзеге асады, оның мәні басқа
Интернет-ресурс жолы болып табылады (жабушы A тэгі міндетті). Сол
сілтеме сөздің үстіне меңзерді қойып тышқанды шерту көрсетілген файлға
немесе желі бойындағы URL-адреске көшуді қамтамасыз етеді. Гипермәтіндік
сілтемелер мекен-жайдан өзге кез-келген файлды немесе адреске сәйкес Web-
парақты (немесе Web-тораптағы кез келген файлды) көрсетуі мүмкін. HTML
сілтемелері мәтінді немесе суретті басқа гипермәтіндік құжаттармен
байланыстырады. Сілтеменің қарапайым құрлымы:
A HREF="URL" TARGET="Терезе" TITLE="Көмекші сөз "Сілтеме атыA
A элементінің параметрлері кестеде көрсетілген:
Атрибут Атқаратын қызметі
HREF URL (унифицирленген ресурстар локаторы) - Интернеттегі кез
келген файл адресі. Беттің толық адресі көрсетілу керек (мысалы,
http:lenininc.narod.ruindex.htm l). Мұндағы файл атауы
index.html.
TARGET Гиперсілтемені қай терезеде (фреймге) жүктейтінін анықтайды және
оның мәндері: top - гиперсілтемені бүкіл браузер терезесіне
жүктейді (егер алдында фреймдер-ге бөлінген болса, онда ол
жойылады). blank - гиперсілтемені жаңа терезеге жүктейді. self –
құжат құрылымындағыларды сілтеме тұрған терезеге жүктейді
(осылай жазғыңыз келсе TARGET параметрін қолданбаса да болады,).
parent – сілтемемен берілген беттің ішіндегілерді фреймдер
жиынтығын иемденген терезеге жүктейді.
TITLE Гиперсілтемеге тышқан курсорын бағыттағанда пайда болатын
көмекші мәтін. Бұл міндетті параметр емес.

Графикалық файл сілтеме рөлінде.
Гиперсілтеме ретінде кез-келген графикалық файлды (әдетте - *.gif, *.jpg.)
алуға болады. Ол үшін сілтеме атының орнына графикалық элементті жазу
керек. TITLE параметрі тек суретте болу керек:
A HREF="URL" target="Терезе"
img border="0" src="Сурет" width="Ені " height="Биіктігі" TITLE="Көмекші
мәтін”
A
Сілтемелер және түстер.
Сілтемеге меңзерді бағыттағанда, шерткенде түсін ауыстыру
үшін BODY тэгіне тағы бірнеше параметр қосу керек.
Атрибут Атқаратын қызметі
TEXT ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Html тілінде таблицалар құру
Құжаттың HTML - HEAD бас контейнері
Құжат ішінде мәтінді ұйымдастыру
HTML - базалық технологиясы туралы ақпарат
World Wide Web – миллиондаған сайттардан тұратын компьютерлік желі
Ақпараттық менеджменттегі ақпараттық технологиялар курсынан: Бизнестегі эксперттік жүйелер
WEB-дизайн
HTML ТІЛІНІҢ НЕГІЗГІ ТӘГТЕРІ
Когнитивтік лингвистика және әлемнің тілдік бейнесі
«Физика 1» пәні бойынша электрондық оқулық жасақтау
Пәндер