Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының негіздері



Кіріспе 3

1 Конституциялық құқық — Қазақстан Республикасының жетекші құқық 4
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы — мемлекеттің Ата Заңы 6
3. Қазақстан Республикасындағы адамдардың және азаматтардың жағдайының конституциялық негіздері 10
4. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымының негіздері
15

Қорытынды 18
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 19
Конституциялық құқық — ҚР құқық жүйесінің жетекші саларының бірі ретінде — ол өзінің ішкі тұтастығымен сипатталатын құқықтық нормалар жүйесін білдіреді және басқа құқық жүйесінің нормаларынан ерекшеленеді. Ішкі тұтастық конституциялық нормалардағы қоғамдық қатынастардың ерекшеліктерімен белгіленетін, солар арқылы реттелетін жалпы белгілердің болатындығын білдіреді.
Конституциялық құқық пәнін оның нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар құрайды. Конституциялық құқық пәнінің өзіндік ерекшеліктері бар. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар мемлекет және қоғам құрылымының негізін құрайды және мемлекеттік биліктің жүзеге асуымен тікелей байланысты жүргізіледі.
1. Сапарғалиев Ғ. ҚР Конституциялық құқығы.— Алматы 1998 ж.
2. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері.— Алматы 2002 ж.
3. Дулатбеков Н., Амандықова С., Турлаев А. Мемлекет және құқық негіздері.— Астана. 2001 ж.
4. Сапарғалиев Ғ., Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы.— Алматы. 1998 ж.
5. Зиманов С. Конституция и Парламент РК.— Алматы. 1996 г.
6. Нүрпейсов Е., Котов К., Қазақстан Республикасы: хандық биліктен Президенттік Республикаға дейін.— Алматы. 1995 ж.

Нормативтік-құқықтық актілер:
1. ҚР Конституциясы. 30 тамыз 1995 жыл.— Алматы, 2002.
2. ҚР Конституциясы. 28 қаңтар 1993 жыл.— Алматы, 1993.
3. ҚР-ның «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» 1991 жылғы 16 желтоқсандағы Конституциялық Заңы.
4. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Қазақ КСР Президентін сайлау туралы 1991 жылғы 16 қазандағы Заңы.
5. ҚР-ның «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті туралы» 2000 жылғы 27 маусымындағы Конституциялық Заңы.
6. ҚР-ның Президенттің «Қазақстан Республикасы Президентi туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заң күші бар Жарлығы.
7. ҚР-ның «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Конституциялық Заңы.
8. ҚР-ның «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық Заңы.
9. ҚР-ның «Қазақстан Республикасының Азаматтығы туралы» 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Заңы.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
тақырыбы: Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының негіздері

МАЗМҰНЫ

Кіріспе
3

1 Конституциялық құқық -- Қазақстан Республикасының жетекші құқық
4
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы -- мемлекеттің Ата Заңы
6
3. Қазақстан Республикасындағы адамдардың және азаматтардың жағдайының конституциялық негіздері
10
4. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымының негіздері

15

Қорытынды
18
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
19

Кіріспе

Конституциялық құқық -- ҚР құқық жүйесінің жетекші саларының бірі ретінде -- ол өзінің ішкі тұтастығымен сипатталатын құқықтық нормалар жүйесін білдіреді және басқа құқық жүйесінің нормаларынан ерекшеленеді. Ішкі тұтастық конституциялық нормалардағы қоғамдық қатынастардың ерекшеліктерімен белгіленетін, солар арқылы реттелетін жалпы белгілердің болатындығын білдіреді.
Конституциялық құқық пәнін оның нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар құрайды. Конституциялық құқық пәнінің өзіндік ерекшеліктері бар. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар мемлекет және қоғам құрылымының негізін құрайды және мемлекеттік биліктің жүзеге асуымен тікелей байланысты жүргізіледі.

1. Конституциялық құқық -- Қазақстан Республикасының жетекші құқық саласы ретінде

Конституциялық құқық пәнін түсіндірудің теориялық, сондай-ақ тәжірибелік мәні бар. Онсыз конституциялық құқықтың нормалары мен институттарына тән мәнін дұрыс түсінуге болмайды, олардың құқықтық реттеудегі мәні мен рөлін ашып көрсету, құқықтық жүйедегі орнын анықтау мүмкін емес. Конституциялық құқық пәнін білмейінше оның нормаларын қолдану саласын да анықтау мүмкін емес. Өйткені, нақты құқықтық әрекеттерді таңдау кезінде, ең алдымен қай саланың нормасын қолдану қажеттігін анықтап алу керек. Ал ол үшін, реттеудің нысаны болып табылатын қоғамдық қатынастар сипатын белгілеу.
Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қатынас мейлінше кең. Ол мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа салаларды қамтиды. Әрине, конституциялық құқық нормалары аталған салалардың барлық көріністері бойынша және жанжақты реттемейді. Ол аталған салаларда тек ең негізгі, базалық қабаттарды ғана реттейді. Бұл қабаттар мемлекет пен қоғамдағы кейін кең дамитын саяси, экономикалық, әлеуметтік, діни байланыстардың негізін қалайды.
Конституциялық құқық, тұтас алғанда, құқықтың реттеу әдістері деп аталады, белгілі бір тәсілдер мен әдістердің көмегімен мемлекеттік және қоғамдық қатынастарды реттейді. Конституциялық-құқықтық қатынастарды реттеу үшін төмендегідей:
1. Міндеттеу әдісі;
2. Тыйым салу әдісі;
3. Рұқсат ету әдісі;
4. Тану әдістерді қолданылады.
Міндеттеу әдісі мемлекеттік органға сияқты, жеке тұлғаларға да қатысты, олардың барлық қызмет саласында қолданылады.
Рұқсат ету әдісі мемлекеттік органдардың өкілеттігін белгілеу кезінде де қолданылады.
Құқықтық реттеудің тағы бір әдісі -- тану әдісін де қолданады. Кеңестік кезеңнен кейінгі конституциялық құқық жөніндегі әдебиеттерде мұндай әдістің қолданылу мүмкіндігі байқалмайды. Оның үстіне бұл әдіс объективті фактордан -- адамдардың табиғи құқығын заң тұрғысынан танудан туындайды. Конституцияның құқықтық нормалары сала ретінде конституциялық құқықтың тура және тікелей қайнар көзі болып табылады. ҚР Конституциясының құқықтық нормалары қалайша құқықтың қайнар көзі етінде сипатталады:
1. ҚР Конституциясында бүкіл конституциялық заңдардың негізі болып табылатын құқықтық нормалар орнықтырылады.
Басқаша айтқанда, Конституцияның құқықтық нормалары конституциялық-құқықтық қатынастарды реттейтін барлық нормативтік-құқықтық актілерді қалыптастыру мен дамытудың негізі болып табылады.
2. ҚР Конституциясының құқықтық нормалары мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени салаларды қамтиды. Әрине, Конституцияның құқықтық нормалары аталған салалардағы қоғамдық қатынастарды егжей-тегжейлі және жан-жақты реттемейді. Ол тек қоғамдық қатынастардың мәнді, басты бағыттарын ғана реттейді. ҚР Конституциясының құқықтық нормалары құқықтың басқа салаларының құқықтық нормаларынан осынысымен ерекшеленеді.
3. Конституциялық құқықтың басқа бастауларымен салыстырғанда ҚР Конституциясының жоғары заңдық күші бар және ҚР барлық аумағында қолданылады. ҚР-да қабылданған заңдар және басқа нормативтік актілер Конституциядан бастау алуы және оған қайшы келмеуі тиіс. Егер олар Конституцияға қайшы келсе, онда олар заңсыз деп танылады және қолдануға жатпайды. ҚР-ның Конституциясында оның қағидаларының жоғары заңдық күшін қамтамасыз етудің кепілдігі белгіленген.
4. ҚР Конституциясының тек конституциялық құқықтық ғана емес, сондай-ақ құқықтың басқа да салаларының бастауы ретіндегі мәні мынада, онда халықтың мемлекеттің еркі, олардың құқықтық демократиялық мемлекет құру, дүниежүзілік қауымдастыққа оның тең құқылы мүшесі ретінде қосылу жөніндегі табандылығы тікелей көрініс тапқан.
5. Конституция құқықтың басқа бастауларынан, тұтастай қоғамның негізгі заңы екендігімен ерекшеленеді. Басқа нормативтік-құқықтық актілер қоғам өмірінің жекелеген тараптарын қамтиды. Ал, ҚР-сы Конституциясының идеялары, құқықтық нормалары бүкіл қоғам өмірінің мейлінше мәнді бағыттарын реттейді.
6. Сондай-ақ, Конституция конструциялық құқықтың басқа бастауларынан өзгерістер мен толықтырулар қабылдаудың, ерекше тәртібін белгілеуімен де ерекшеленеді. Мұндай тәртіп Конституцияның мемлекет пен қоғамның негізгі заңы ретіндегі және олардың тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттігінен туындайтын мәнімен сипатталады.
7. ҚР-сы Конституциясының тағы бір өзіндік қыры -- онда оның басқа қайнарларының нысандары: конституциялық, жәй заңдары, Президенттің нормативтік жарлықтары мен қаулылары, ҚР-сы үкіметінің қаулылары, сондай-ақ заңдық күшінің деңгейі, қабылдау, жариялау, күшін жою тәртібі көрсетіледі.
ҚР-сы конституциялық құқығының мемлекеттік мәні бар құқықтық нормаларды белгілейтін қайнар көзінің қатарына конституциялық заңдар жатады. ҚР конституциялық заңдарының өзіндік ерекшелігі -- олар Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізбейді, тек Конституцияның құқықтық нормаларын нақтылайды. ҚР-ның конституциялық заңдарын қабылдаудағы іс жүргізу Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдаудағы іс жүргізуінде ерекшеленеді.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы -- мемлекеттің Ата Заңы
1993 жылы 28 қаңтарда егеменді тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің бірінші Конституциясы қабылданды. Ол құқықтық мемлекет құру, оның мемлекеттілігінің тәуелсіздігін қамтамасыз етудің кепілі болып табылатын тарихи орын алатын ҚР Конституциясы болды. Алайда, қоғам дамуының қажеттілігі негізінде жаңа Конституция жобасы жасалды.
1995 жылы 30 тамызда Республикалық референдум өткізу (бүкіл халықтық дауыс беру) жолымен қабылданды. Осы Конституцияға конституциялық реформалар нәтижесінде екі рет өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Алғашқысы 7 қазан 1998 жылы болса, екіншісі 21 мамыр 2007 жылы болды.
Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан халқы мемлекеттік билiктiң қайнар көзі -- өзiнiң егемендік құқығын баянды етті. Ата Заң қабылданған күн демалыс -- мемлекеттік мереке -- ҚР Конституциясының күні деп жарияланды.
Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртiншi Ата заңы (1937, 1978, 1993, 1995). Оның құрылымы кiрiспеден, 9 бөлімнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады.
Конституцияның ең жоғарғы заңдық күші бар және ол ҚР-ның бүкіл аумағында тікелей қолданылады. Мұның өзі Конституциялық нормалар мен заңдардың басқа нормативтік-құқықтық актiлердiң нормаларынан үстем екендiгiн көрсетеді. Кейiнгi екі Конституцияның алдыңғы екеуінен елеулі айырмашылығы сол -- бұлар тұңғыш рет мемлекетіміздің тәуелсiздiктi, егемендiктi және Қазақстан халқының толық билiгiн бекiтiп, одан әрі орнықтырды.
Жаңа Ата Заңда құқықтық мемлекеттің қалыптастырылу бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, соның iшiнде жеке адамның жан-жақты еркiндiгi, идеологиялық және саяси әралуандығы (сөз және шығармашылық бостандығы, саяси партиялар мен бұқаралық партиялар, сондай-ақ бұқаралық қозғалыстар бiрлестiгiн құру еркiндiгi), халық билiгiн жүзеге асыратын демократиялық амалдар, экономикалық қатынастардың қызмет етуі әлемдік талаптарға сәйкестендiрiлген. Оның нормалары тұрақты, жалпы мәнде ұзақ жылдарға бейiмделiп тұжырымдалған.
ҚР Конституциясы барлық заң салаларының негiзi болып табылады, ал оның нормалары басқа заңдар үшін басты қағида болып есептеледі.
ҚР Конституциясының кiрiспесiнде Ата Заңды қабылдаудың себептері мен мақсаттары былай түсiндiрiлген: Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүние жүзі қоғамдастықта лайықты орын алуды көздей отырып, қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы тарихи жауапкершiлiгiмiздi сезіне отырып, өзiмiздiң егемендік құқығымызды негізге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз. Ата Заңның бұл бөлiгi саяси және идеология тұрғысынан алғанда аса маңызды. Өйткені, бұл Ата Заң ҚР-нда демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құрудың конституциялық негiзiн қалады.
Осыдан келіп, ҚР-ның мынадай негiзгi мақсаты туындайды: өзiнiң ең қымбат қазынасы ретінде адамды және оның өмiрiн, құқықтары мен бостандықтарын айқындап, бекіту; өз елінде және мемлекеттер арасында азаматтық бейбiтшiлiктi, ынтымақтастық пен тату қарым-қатынас жасау әдiстерiн орнықтыру; байырғы қазақ жерінде мемлекеттік бiрлiктi сақтау; республиканың тәуелсiздiгiн сақтап, ұстап тұру; ҚР-ның демократиялық негiздерiнiң мызғымастығын бекіту.
Осыған орай республика қызметiнiң түбегейлі қағидалары айқындалады, олар:
:: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық;
:: бүкіл халықтың игiлiгiн көздейтін экономикалық даму;
:: қазақстандық патриотизм;
:: мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның iшiнде республикалық референдумда немесе Парламенттікдауыс беру арқылы шешу (1-бап, 2-тармақ).
Ата Заңның негiзгi бөлiгiнде (I -- VIII бөлімдер) азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен мiндеттерi туралы, конституциялық құрылыс жайлы, мемлекеттік нысандар жөнінде, мемлекеттік буындардың жүйесі мен мәртебесі туралы (Президент, Парламент, Үкімет, Конституциялық Кеңес, соттар, және сот төрелiгi, жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзiн-өзi басқару туралы) нормалар тұжырымдалған.
Қорытынды және өтпелі ережелер мазмұндалған соңғы IХ бөлімде Ата Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртiбi, конституциялық заңдар мен өзге де заңдарды қабылдау рәсiмi сөз болады. Ата Заң құрылымына жасалатын талдау оған негіз болған конституциялық идеялардың айқын көрiнiсiн береді.
Жалпы ережелер деп аталатын 1 бөлімде жаңа конституциялық құрылысқа сапалық сипаттама берілген, яғни Конституция бойынша республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негiзiнде заң шығарушы, атқарушы және сот билiгi тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау қағидасына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл бөлімде осыған орай конституциялық құрылысты айқындайтын, мемлекет пен жеке адамдардың және азаматтық қоғамның қарым-қатынастарынан туындайтын негiзгi қағидалар тұжырымдалған, олар:
:: Қазақстан халқының толық билiгi (егемендiгi);
:: Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы;
:: мемлекеттік билiктi жүзеге асыру барысындағы пiкiр еркiндiгi;
:: Конституцияның үстемдiгi (жоғары тұратындығы);
:: мемлекет билiгiнiң бөлiнiсi;
:: адам құқықтары мен бостандықтарының мемлекет мүдделерінен басымдығы;
:: мемлекеттік тіл саясатының кепiлдiгi, т.б.
Азаматтық қоғамда мемлекет адам мүддесі үшін жұмыс iстейдi, мемлекеттік билік заң шығарушы, атқарушы және сот билiгi тармақтарына бөлiнiп, олардың тежемелік, тепе-теңдік жүйесі пайдаланылады.
ҚР конституциялық құрылысының мазмұны саяси, экономикалық негіздерден, әлеуметтік саясат негiздерiнен, iшкi саясат негiздерiнен құралады. Олар ҚР Конституциясының 1, 2, 3, 4, 6, 7, 8, 12, 14, 26-баптарында тұжырымдалған.
Конституцияның 1-бабының 1-тармағында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, -- деп жарияланған. Мұның өзі Конституцияның 2-бабының 1-тармағында көрсетiлгенiндей, Қазақстан Республикасы -- президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет екендiгiнен туындайды. Мұның мәнiсi мынада: бiрiншiден, Президент мемлекеттік билiк тармағының бiр де бiрiне жатқызылмайды; екiншiден, Президенттi халық сайлайды және ол Парламентке тәуелсіз; үшiншiден, Президентке кең өкiлеттiктер берiледi және ол Конституцияға сәйкес мемлекеттік билiктiң барлық тармақтарына, олардың өз өкiлеттiктерiн тиiмдi жүргiзуiне көмектеседі, олардың өзара қарым-қатынастарына сындарлы ықпал ете алады; төртiншiден, ұлан-байтақ қазақ жерi ұлттық-аумақтық бөлiнiстерге бөлінбей, тек әкiмшілікаумақтық бөлiнiстерге -- облыстарға, қалаларға, аудандарға, ауылдарға ғана бөлiнедi және олар жоғарыдағы бір орталыққа бағынады. Демек, мемлекеттің басында заңды түрде сайланған Президент тұрып, басшылық етеді.
Президенттік басқару нысаны елдегі саяси тұрақтылықты және қоғамдық келiсiмдi қамтамасыз етедi. Ал Республиканың егемендiгi оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлiнбеуiн қамтамасыз етеді (2-бап, 2-тармақ).
Қазақстандағы саяси құрылыс демократиялық болып жариялануына орай Ата Заңның 3-бабы халық егемендiгiнiң конституциялық қағидасына арналған. Мемлекеттік билiктiң бiрден-бiр бастауы -- халық екендiгi былай баяндалған: Халық билiктi тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билiгiн жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді. Қазақстан Республикасында билiктi ешкiм де иемденіп кете алмайды. Билiктi иемденіп кетушiлiк заң бойынша қудаланады. Халық пен мемлекет атынан билік жүргізуге Республика Президентiнiң, сондай-ақ өзiнiң конституциялық өкiлеттiгi шегінде Парламенттің құқығы бар (3-бап, 2, 3-тармақтар).
Сонымен қатар ҚР-нда идеологиялық және саяси әр алуандылық танылады. Қоғамдық және мемлекеттік институттардың бiрiгiп кетуіне, мемлекеттік органдарда саяси партиялардың ұйымдарын құруға жол берiлмейдi.
Адам және азамат деп аталатын II-бөлiмде адам мәртебесі, жеке бастың құндылығы ашып көрсетілген. Онда жеке адамның құқықтары мен бостандықтары халықаралық құқықтың мойындалған қағидалары мен қалыптарына тікелей байланыстырылған. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының мемлекет мүддесінен жоғары қойылуы Ата Заңның басты ұстанымы болып табылады.
Президент деп аталатын III-бөлiм мемлекет басшысы ретінде Президенттің жаңа мәртебесін толық бейнелейді.
Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы 2007 жылғы 21 мамырдағы Заңы негізінде ҚР Президенті 5 жылға сайланады делінген. Сонымен қатар, бір адам қатарынан екі реттен артық Республика
Президенті болып сайлана алмайды. Бұл шектеу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне қолданылмайды, делінген.
Басқа мемлекеттік органдардың құрылуы мен қызметі IV -- VIII бөлімдерде көрсетілген. ҚР Конституциясының құрылымында әр бөлім өз қисынымен ретті орналасқан әрі баршаға түсiнiктi.
Қорытынды және өтпелі ережелер деп аталатын IХ бөлімде жаңа Ата Заңды күшіне енгізу нормалары бекiтiлген, бұрынғы Конституцияның қолданылу күші қай кезден бастап жойылғаны нақтыланған. 1995 жылғы Конституция күшіне енгенге дейін қолданылып келген заңдардың одан әрi қолданыста болу тәртiбi көрсетілген. Ата Заңның мемлекеттік және қоғамдық органдардың өзге актiлерiне де, соның iшiнде басқа заңдарға да қатысты ең жоғары заңдық күші бар. Мемлекеттік органдардың өзге актiлерi, барлық заңдар ҚР Конституциясы негiзiнде және соған сәйкес, сол белгілеген рәсім бойынша қабылданады.
Мемлекет жасасатын халықаралық келiсiмдер мен шарттар да ҚР Констиуциясына сәйкес болуға тиіс. Қолданыстағы нормалар конституциялық қалыптармен сай келмеген жағдайда соңғысы қолданылады, өйткені, басқа нормалар осыған сай келтiрiлуге тиіс. Конституцияның қағидаларына қайшы келетін заңдар мен өзге актiлердiң заңдық күшi болмайды. Яғни, кез келген демократиялық құқықтық мемлекеттiң ағымдағы заңдары құқықтың базалық көзi болып табылатын Конституцияға негiзделедi және оның рухына сай келуге тиiс. Конституцияның нормалары ағымдағы заңдармен ұштастырылуы мүмкін. Алайда, ағымдағы заңдар Конституцияның шеңберінен шығып кетпеуге тиіс және конституциялық нұсқаулар мазмұнын өзгертпеуге тиіс.
Кез келген құқықтық актiнiң Конституцияға сай келмеуі немесе оған қайшы келуі бұл құқықтық актiнi заңды күшінен айырып, жарамсыз етеді. Бұл Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет құрудың аса маңызды шарты
ҚР Конституциясының жоғары тұрғандығын арнайы мемлекеттік орган -- ҚР Конституциялық Кеңесі қамтамасыз етеді. ҚР Конституциясының 74-бабына сәйкес, ҚР Конституциясына кереғар деп танылған заңдар мен халықаралық шарттар қол қойылуға жатпайды немесе тиiсiнше бекiтiлуге және күшіне енгiзiлуге тиіс емес. Заңдарды Конституцияға сай келеді деп тану оларға қол қою мерзiмiнiң басталғандығын бiлдiредi. Конституцияда баянды етілген адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын шектейді деп танылған заңдар немесе өзге нормативтік-құқықтық актiлер күшiн жояды және қолданыстан шығарылады. Сондай-ақ, соттар мен өзге де құқық қорғаушы органдардың осындай заңға немесе өзге нормалық-құқықтық актіге негізделген шешiмдерi де орындалуға жатпайды.
ҚР Конституциясы тұрақтылық нышанымен ерекшеленеді.
Негiзгi заң ретінде оған өзгерістер енгізу тәртiбi де ерекше сипатта болады, бұл тәртіп Конституцияның өзінде белгіленген. Мәселен, 91-баптың 1-тармағына сәйкес ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Республика Президентiнiң бастамасымен, Парламенттің немесе Үкiметтiң ұсынысымен қабылданған шешім бойынша өткiзiлетiн республикалық референдумда жүзеге асырылуы мүмкін.
Егер Президент өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi Парламенттiң қарауына беруді ұйғарса, онда өзгерістер мен толықтырулардың жобасы республикалық референдумға шығарылмайды. Бұл ретте Парламенттің шешiмi Конституцияда белгіленген тәртіппен, яғни әр Палата депутаттары жалпы санының 34 дауысымен қабылданады (62-бап, 3-тармақ). Егер Президент Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелерін республикалық референдумға шығару туралы Парламенттің ұсынысын қабылдамай тастаса, онда қос Палата депутаттарының жалпы санының кемінде бестен төртiнiң көпшiлiк дауысымен Парламент осы өзгерістер мен толықтыруларды Конституцияға енгізу туралы заң қабылдауға құқылы. Мұндай жағдайда Президент осы заңға қол қояды немесе референдумға шығарады. Егер референдумға қатысуға құқығы бар Республика азаматтарының жартысынан астамы дауыс беруге қатысса, референдум өткiзiлдi деп есептеледі, егер олардың жартысынан астамы жақтап дауыс берсе, заң қабылданды деп саналады.

3. Қазақстан Республикасындағы адамдардың және азаматтардың жағдайының конституциялық негіздері

Азаматтық дегеніміз жеке тұлғаның белгілі бір мемлекетпен болған тұрақты саяси-құқықтық байланысына айтылады, бұл байланыс олардың өзара құқықтары мен міндеттерінің жиынтығынан көрінеді.
ҚР Конституциясы мен 1991 жыл 20-желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы Заңға сәйкес азаматтықтың принциптері белгіленген. Олар:
1) ҚР-да әрбір адамның азаматтық алуға құқысы бар. Ешкімді де азаматтығынан немесе азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға болмайды.
2) ҚР-ның азаматтары азаматтықты алу негіздеріне, тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, нәсілі мен ұлтына, жынысына, біліміне, тіліне, дінге көзқарасына, саяси және өзге де сенімдеріне, кәсібінің түрі мен сипатына, тұрғылықты жеріне және басқа мән-жайларына қарамастан Заң алдында тең.
3) ҚР азаматының республикадан тыс жерлерде тұруы азаматтықты тоқтатуға негіз бола алмайды, яғни ҚР азаматтығы сақталады.
4) ҚР азаматының немесе азаматша сының республика азаматы болмаған адаммен некеге тұруы азаматтықтың өзгеруіне алып келмейді, яғни Қазақстан азаматтығы сақталады.
5) ҚР мемлекетаралық шарттарында көзделген реттерді қоспағанда республика азаматын басқа мемлекетке тапсыруға болмайды.
6) Республикадан тыс жерлердегі ҚР-ның азаматтарын сақтау және олардың Заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау жөнінде ҚР қамқорлық жасап, шаралар қолданады. Республика өзінің органдары мен лауазымды адамдары арқылы азаматтар алдында жауапты есептеледі.
7) Мемлекетаралық шарттарда көзделеген реттерді қоспағанда, ҚР-ның азаматы болып танылған адам басқа мемлекеттің азаматы болып танылмайды, яғни екі азаматтыққа жол берілмейді.
Республика аумағынан кетуге мәжбүр болған және басқа мемлекеттерде тұратын барлық қазақтардың басқа мемлекет азаматтығымен қатар, егер бұл өздері жасап тұрған мемлекеттің заңдарына қайшы келмесе, ҚР-ның азаматы болу құқығы танылады.
ҚР Азаматтығы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық негіздері пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Мемлекет, құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар туралы ақпарат
ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ. Студенттерге арналған оқу құралы
Еңбек құқығы қайнар көздерінің жүйесі
ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ
Азаматтық құқық және құқықтық қатынас субъектілері жән объектілері
Азаматтық іс-жүргізу
Мамандықтың пәндер каталогы
АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
Мемлекет және құқық туралы негізгі ұғымдар
Пәндер