Тарих бастауының сақ дәуірі



Көшпенді халықтар тарих сахнасына өзінің ұлы көш жолының арқасында шықты. Соңғы уақыттарға дейін тарихи әдебиетте көшпенді халықтар туралы: "өз жолындағының бәрін жайпап, гүлденген мен өскеннің бәрін аяғымен және жылқысының тұяғымен таптаушы Шығыстан Батысқа қарай ретсіз жылжыған көшпенді орда мейірімсіз және қорқынышты", - деген пікір қалыптасты. Біздердің көпшілігіміз еуропаша білімдар болсақ та, бұл пікірдің біздің санамызға енгені соншалықты, осы жер мен уақыт кеңістігінде алмасқан бұл адамдардың алып тобыры бұлар да құдайдың құлдары, адамдар ғой, барлығымен бірге көшпелі өмірдің тауқыметін көтеруге мәжбүр, олардың да бала-шағасы, қарт ата-анасы бар ғой деген ешқайсымыздың басымызға келіп, ойламаппыз және оларды бұл көшпелі ордалар қандай жазмышқа, осы мәңгі қозғалысқа ұшыратты, оларды кім және қайда қуып бара жатты деп, біздің ешқайсымыз ешқашан ойланбаппыз! Және де көшпенді халықтар туралы неғұрлым өркениетті халықтар жасағының бәрін тек талқандауға қабілетті, қатаң, жабайы адамдардың ордасы, не жазуы, не өнері, не сәулеті, не ғылымы болмаған халықтар деген бұл пікір әлі күнге дейін, ХХ жүзжылдықтың аяғы-бүгінге дейін орын теуіп келді.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Тарих бастауының сақ дәуірі

Көшпенді халықтар тарих сахнасына өзінің ұлы көш жолының арқасында шықты.
Соңғы уақыттарға дейін тарихи әдебиетте көшпенді халықтар туралы: "өз
жолындағының бәрін жайпап, гүлденген мен өскеннің бәрін аяғымен және
жылқысының тұяғымен таптаушы Шығыстан Батысқа қарай ретсіз жылжыған
көшпенді орда мейірімсіз және қорқынышты", - деген пікір қалыптасты.
Біздердің көпшілігіміз еуропаша білімдар болсақ та, бұл пікірдің біздің
санамызға енгені соншалықты, осы жер мен уақыт кеңістігінде алмасқан бұл
адамдардың алып тобыры бұлар да құдайдың құлдары, адамдар ғой, барлығымен
бірге көшпелі өмірдің тауқыметін көтеруге мәжбүр, олардың да бала-шағасы,
қарт ата-анасы бар ғой деген ешқайсымыздың басымызға келіп, ойламаппыз және
оларды бұл көшпелі ордалар қандай жазмышқа, осы мәңгі қозғалысқа ұшыратты,
оларды кім және қайда қуып бара жатты деп, біздің ешқайсымыз ешқашан
ойланбаппыз! Және де көшпенді халықтар туралы неғұрлым өркениетті халықтар
жасағының бәрін тек талқандауға қабілетті, қатаң, жабайы адамдардың ордасы,
не жазуы, не өнері, не сәулеті, не ғылымы болмаған халықтар деген бұл пікір
әлі күнге дейін, ХХ жүзжылдықтың аяғы-бүгінге дейін орын теуіп келді.
Алайда, ол бұлайша болмаған көптеген деректер айтады және бұл пікірді
өзгертетін уақыт жетті. Оны өзгерту де керек, өйткені біздің санамыздың
шекарасы әсіресе кейінгі жылдары елеулі түрде кеңейе түсті, көкжиекті жауып
тұрған көзіміздегі дақты алып тастағандай болды. Бірақ "скифтер жабайы
болды", "ғұндар жабайы аңға ұқсады", "сақтар қыста да, жазда да бастарынан
шашақты тері телпектерін тастамайды" деген пікір ғылымда да, әдебиетте де
орын алды. Біздердің ешқайсымыз, немесе бізден бұрын болғандардың ешқайсысы
бұл халықтардың өзіндік мәдениеті, сан ғасырлық тарихы болды, ал көш
жолдары бұл шексіз даладағы ретсіз қозғалыс емес, жайылымнан жайылымға,
суаттан суатқа, қоныстан қонысқа ауысудың терең ойластырылған, мұқият
есептелген маршруты деп аузымызды аша алмадық, айта алмадық. Және тек соңғы
жылдары археологтар мен тарихшылар Қара теңіз жағалауларынан, Азов
ойпатынан, шексіз дала қорғандары мен қыраттарынан, Алтай үңгірлерінен,
Орхон мен Керулен, Енесей мен Ертіс, Әму - мен Сырдария, Дон, Еділ және Іле
өзендерінің жағалауларынан ұлы әрі қызықты мәдениеттің экспонаттары мен
ескерткіштерін тапқаннан кейін, міне, содан кейін ғана пікір өзгере
бастады, және оның үстіне өзіміз де аздап даусымызды шығара бастадық. Міне,
соның өзінде де, "Сен жегенше, Қондыбай-Қанай жесін" (Абай) дегендей, көз
жеткенді растаудан қашқақтап, уақыт арқауын үзуге ұмтылып, империялық
тарихшылар скифтердің, ғұндардың және сақтардың көшпелі халықтарға қатынасы
жоқ, олар ирандықтар ма немесе кімдер екені белгісіз, әйтеуір көшпенділер
емес деп соқты. Кім болса - ол болсын, қайтсе де оларды осызаманғы
түріктердің ата-тегі екендігін қайткенде де мойындау керек болды.
Адамзаттың ең ежелгі кітаптарының бірі: "Авестада" - тур, "Шахнамеде" -
тұран, қытай жылнамаларында - тукиу, юнандарда- скифтер, скунх, скит,
парсыларда - сах, массах, сахстан деп, көшпелі халық осылайша аталады.
Бірақ олар кімдер еді деген таластар әлі күнге толастамайды. Ол-ол ма, бұл
күндері бұл таластар жаңа күшпен өрістей түсуде.

Соңғы кездері скифтерді, сақтарды, ғұндарды ежелгі түріктік тамырынан
ажыратуға әрекеттенген көзқарастар пайда болды және де қызуланған "ғалым
тарихшылар" оларды парсылармен, славяндармен немесе арийлермен алмастырады,
сөйтіп, тарихты басқа жаққа бұрып, оның шын мәнінде өңін аударады. Және де
егер бұл әрекеттерді қазір әшкерелемесе, тиым салмаса, онда біз ертең
өзіміздің ертедегі тарихымыздан айырыламыз, ал біздің ұрпақтарымыз
өздерінің аталары мен бабаларының кім екендігін білмей қалады, өзінің нағыз
тарихын білмейтін болады. Бірінші - скифтер бастауын Азиядан алады, мұнда
олар әрқашан өмір сүрді, кейінірек Қара теңіз жағалауына қоныс тепті және
ертедегі түрік халықтары болып табылады. Мұндай көзқарас тарих ғылымында
ежелгі уақыттардан орын алып келеді. Және бұл бағытта түрік ғалымдары Шукур
Сефероғлы мен Аднан Мударисоғлы үлкен жұмыстар жасады, олар бірнеше жылдар
бойы ертедегі түріктер тарихы жөнінде мол материалдар мен құжаттар жинап,
оларды бір жүйеге түсірді. Оның нәтижесі 1986 жылы Анкарада шыққан
"Түріктер өмірінің тарихы" кітабы болды. Осы кітаптың "Сақ императоры
Кенгерес және оның патшалығы" деген бөлімінде былай деп айтылған:

Негізін қалаушы: Афрасиаб - Алып ер Туна, Тонның ұлы батыры.

Империяның өмір сүрген уақыты: біздің дәуірімізге дейінгі YII ғасыр -
біздің дәуірдің II ғасыры.

Империяның шекарасы: Сібірдің Шығыс (күншығыс) бөлігі (Енесей-Ертіс-Тобыл
өзендерінің жағалауы бойынша) - Дунай (Венгрия мен Чехословакия) - Қара
теңіз, Батыс Түркстан (Хорасан мен Ауғанстан) - Хазар теңізінен батысқа
Аракс-Еділге дейін, Кіші Азия (Ирак, Сирия, осызаманғы Түркия). Діні:
Тәңірге табыну ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарих бастауы сақ дәуірі
Архаикалық мәдениет
Қола дәуір мәдениеті
Ежелгі түркі өркениетінің ерекшелігі
Сақ ескерткіштері
ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТАҒАСЫРЛАР ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН
Қазақтың ас беру дәстүрі: әлеуметтік-саяси қызметі
Қазақстан жеріндегі сақ дәуірі ескерткіштері
Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі
Мәдениет ұғымы және оның мәні
Пәндер