Тыныс алу жүйесінің аурулары туралы



• Балалардың тыныс алу жүйесінің АФЕ-рі
• Ринит анықтамасы, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі
• Баспа анықтамасы, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі, алдын алуы.
• Созылмалы тонзиллит анықтамасы, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі, алдын алуы.
• Жалған круп анықтамасы, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі, көрсетілетін жедел жәрдем.
Тыныс алу жүйесіне жоғарғы тыныс алу жолдары, төменгі тыныс алу жолдары және газ алмасу аппараты жатады. Жоғарғы тыныс алу -мұрын, жұтқыншақ, кеңірдек.
Төменгі тыныс алу жолдары-трахея, бронхтар.
Газ алмасу аппараты-өкпе.
Тыныс алу жүйесінің аурулары балаларда көп кездеседі, ол анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты:

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1. Тыныс алу жүйесінің аурулары.
2. Созылмалы тонзиллит
3. Стеноздаушы ларингит (жалған круп)

Тыныс алу жүйесінің аурулары.
* Балалардың тыныс алу жүйесінің АФЕ-рі
* Ринит анықтамасы, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі
* Баспа анықтамасы, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі, алдын алуы.
* Созылмалы тонзиллит анықтамасы, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі, алдын алуы.
* Жалған круп анықтамасы, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі, көрсетілетін жедел жәрдем.
Тыныс алу жүйесіне жоғарғы тыныс алу жолдары, төменгі тыныс алу жолдары және газ алмасу аппараты жатады. Жоғарғы тыныс алу -мұрын, жұтқыншақ, кеңірдек.
Төменгі тыныс алу жолдары-трахея, бронхтар.
Газ алмасу аппараты-өкпе.
Тыныс алу жүйесінің аурулары балаларда көп кездеседі, ол анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты:
Мұрын. Мұрын кеңістігі балаларда жетілмеген және тар. Шырышты қабаты қабынған кезде ол ісініп, тыныс жолдары тарылып, демалысы нашарлайды, тыныс алуы нашарлап, ему қабілеті де нашарлайды.
Көз-мұрын каналы кең, сондықтан мұрын инфекциясы коньюктива қапшығына жиі ауысып, коньюктивит дамиды.
Жұтқыншақ-жіңішке және қысқа.
Евстахиев каналы-қысқа және кең , нәрестелерде ересек балаларға қарағанда горизонтальды орналасқан және оның тесігі хоандарға жақын орналасқандықтан инфекция жиі барабан кеңістігіне ауысады.
Көмекей жоғары орналасқан сондықтан нәрестелер жатып сұйық тамақты жұта береді. Тар болғандықтан қабынған кезде стенозға (тарылуға) әкеледі.
Кеңірдек үлкендермен салыстырғанда кеңірек келеді. Шеміршектері әлсіз, тыныс алу бұлшықеттерімен жалғасқан. Сондықтан да осы бұлшықеттердің қатты қозғалысының әсерінен сырыл пайда болады, тыныс алуы қиындайды. Көбінесе экспираторлы ентігу дамиды.
Бронхтар-жіңішке және иілгіш. Ерте жастағы балаларда кеңірдектің бронхтарға бөлінетін жерінің бұрышы бірдей, сондықтан бөгде заттар екі жаққа бірдей түседі. Сонымен қатар ерте жастағы балаларда бронхиальды ағаштың тазартылу қызметі толық орындалмайды.
Өкпе-нәрестелерде толығымен жетілмеген. Өкпенің ұлпасы борпылдақ және эластикалық талшықтарға кедей, тамырларға бай. Осыған байланысты ерте жастағы балаларда өкпесі қанға бай және ауалы. Сурфактант жетіспеушілігіне байланысты ателектазға бейім. Сурфактант альвеолалардың ішкі қабатын астарлап жатады және олардың жабыспауын қадағалайды.
Плевра-қан және лимфа тамырларына бай, кең және оңай созылады. Диафрагмасы жоғары орналасқан, сондықтан демалысы беткей болады.
Тыныс алу жиілігі жасына байланысты:
ЖТБ-да минутына 40-60 рет.
1 жасында 35 рет
5 жасында 25 рет
10 жасында 20 рет
15 жасында 16-18 рет

Жедел ринит
Жедел ринит-мұрынның шырышты қабатының қабынуы. Этиологиясы: вирустар, микроорганизмдер, аллергиялық, механикалық, химиялық, гипертермиялық тітіркендіргіштер. Осы этиологиялық факторлардың әсерінен мұрынның шырышты қабатының ісінуі және гиперсекрециясы дамиды.
Клиникалық көрінісінің 3 кезеңі бар:
1. Құрғақ ринит, ұзақтығы 1 тәулік.
2. Серозды бөліністер кезеңі- 2-3 тәулік.
3. Іріңді бөліністер кезеңі- 3-4 тәулік, кейде бірнеше аптаға созылады.
Үлкен жастағы балаларда мұрнында және жұтқыншағында құрғақтық сезімі пайда болады. Тыныс алу қиындайды, жас ағу, бас ауыру байқалады, иіс сезуі төмендейді. Жалпы жағдайы нашарлайды. Тыныс алудың нашарлауы емудің нашарлауына әкеледі. Дұрыс тамақтанбауы ұйқынуының бұзылуына, мазасыздыққа әкеледі. Дене салмағы төмендейді. Дене қызуының көтерілуі бірнеше тәулікке созылады. Жұтқыншақтың артқы қабырғасымен шырыштың ағуы әсіресе түнде жөтелге әкеледі.
Аллергиялық ринитте дене қызуының көтерілуі болмайды. Мұрын бөліндісі іріңді болмайды. Бала түшкіреді, көзінің және мұрнының қышуы болдады.
Емі:
1. Жергілікті ем-вирусқа қарсы майлар (оксалин майы, интерферон, бонафтон).
2. Қан тамырларын тарылтатын препараттар-нафтизин, галазолин.
3. Антисептиктер.
4. Иммуностимуляторлар-тимоген.
5. Күрделі тамшылар-пиносол. 6.Қыша қағазын қолдану.

Баспа
Бадамша бездердің қабынуымен сипатталатын инфекциялық ауру. 1 жасқа дейінгі балалар сирек ауырады, өйткені олардың бадамша бездері әлі дамып жетілмеген.
Этиологиясы -- әр түрлі микробтар.
Клиникалық айқындалуы: Баланың жалпы жағдайы бұзылады, дене қызуы 38-390 С-қа көтеріледі, басы ауырады, буындары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ринит, гаймарит, ларингит, фронтит аурулардың емі және профилактикасы
Созылмалы түрде өтетін танау қабынулары
Ренит,гаймарит,ларингит,фронтит аурулардың емі және профилактикасы
Тыныс жолдарының аурулары
Тыныс алу жолдарынының аурулары
Танау кілегей қабықтарының қабынулары
Тыныс алу жүйесінің аурулары туралы мәлімет
Ларингит ауруы
Негізгі тыныс алу шулары. Амфорикалық тыныс алу
Павлодар қаласының экологиялық жағдайына байланысты балаларда кездесетін аллергиялық аурулар
Пәндер