Стандарттауды жасау әдістемесінің негізгі ережелері



Әрбір стандартты жасаудың мақсаты өнеркәсіп қажеттілігі мен күтілген экономикалық және техникалық тиімділікке негізделеді. Бүл үшін алдын ала теориялық және өндірістік мәліметтер, шетел тәжірибесі талданады, өнеркәсіптің даму тенденциялары және болашақ қажеттіліктері бекітіледі.
Мемлекеттік стандарттау жүйесі стандарттарды жасаудың 6 кезеңін белгілейді:
1 кезең.Техникалық тапсырманы құру және стандартты жа¬сауды ұйымдастыру. Бұл кезеңде стандарт шығарушылар шығармашылық тобы құрылады. Топқа берілген техника немесе өндіріс саласының мамандары, стандарттау және метрология қызметтерінің қызметкерлері кіреді. Топ стандартқа енетін техникалық тапсырмадағы стандарттау өніміне қойылатын талаптарды қалыптастырады. Мысалы, жаңа буын тұрмыстық радиоаспапта-рына стандарт жасалып жатыр делік. Топқа радиоэлектроника, акустика саласы мамандары, стандарттаужәне медицина қызметкерлері кіреді. Техникалық тапсырмада техниканың габаритіне, салмағына, дыбыс шығару параметрлеріне, эргономикалық көрсеткіштеріне, пайдалану қауіпсіздігіне және т.б. қойылатын іс-талаптарды қалыптастыру қажет.

Пән: Сертификаттау, стандарттау
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
3 СТАНДАРТТАУДЫ ЖАСАУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ
НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ

3.1 Стандарттауды жасау әдістемесінің негізгі ережелері

Әрбір стандартты жасаудың мақсаты өнеркәсіп қажеттілігі мен күтілген экономикалық және техникалық тиімділікке негізделеді. Бүл үшін алдын ала теориялық және өндірістік мәліметтер, шетел тәжірибесі талданады, өнеркәсіптің даму тенденциялары және болашақ қажеттіліктері бекітіледі.
Мемлекеттік стандарттау жүйесі стандарттарды жасаудың 6 кезеңін белгілейді:
1 кезең. Техникалық тапсырманы құру және стандартты жа - сауды ұйымдастыру. Бұл кезеңде стандарт шығарушылар шығармашылық тобы құрылады. Топқа берілген техника немесе өндіріс саласының мамандары, стандарттау және метрология қызметтерінің қызметкерлері кіреді. Топ стандартқа енетін техникалық тапсырмадағы стандарттау өніміне қойылатын талаптарды қалыптастырады. Мысалы, жаңа буын тұрмыстық радиоаспапта-рына стандарт жасалып жатыр делік. Топқа радиоэлектроника, акустика саласы мамандары, стандарттау және медицина қызметкерлері кіреді. Техникалық тапсырмада техниканың габаритіне, салмағына, дыбыс шығару параметрлеріне, эргономикалық көрсеткіштеріне, пайдалану қауіпсіздігіне және т.б. қойылатын іс-талаптарды қалыптастыру қажет.
2 кезең. Стандарт жобасын (бірінші редакциясы) жасау және оны пікір берушілерге жіберу. Топ стандарттың бірінші нұсқасын жасайды да, конструктивтік сын және ескертулер алу мақсатымен оны тәуелсіз сарапшыларға таратады. Сарапшылар ретінде радиоаспаптар саласы мамандары, медицина қызметкерлері және потенциалды тұтынушылар саналады.
3 кезең. Пікірлерді талдау және стандарт жобасының соңғы (екінші және келесі) редакцияларын жасау. Сарапшылардан алынған пікірді талдаудан кейін, талдау негізі мен ескертулерді ескере отырып, топ стандарттың соңғы мәтінін жасайды.
4 кезең. Стандартты дайындау, келістіру және оны бекіту. Бұл кезеңде жаңа стандарттың жобасын дайындау және барлық мүдделі жақтармен келісу жүргізіледі. Бұл денсаулық сақтау, индустрия және жаңа технологиялар министрліктері, нақты өнеркәсіп кәсіпорындары және т.б. болуы мүмкін. Келісуден соң стандарт Мемстандартқа бекітуге жіберіледі.
5 кезең. Стандартты қарастыру, бекіту және тіркеу. Стандарт Мемстандартта қарастырылады, бекітіледі және тіркеледі.
6 кезең. Стандарттың шығарылуы. Мемстандарт тапсырысымен баспада басылып шығарылады.

3.2 Стандартты жасауда қолданылатын принциптер

1 Жүйелілік прииципі
Алға қойылған мақсат максималды тиімділікпен орындалатын, өзара байланыста жұмыс жасайтын элементтер жиынтығын жүйе деп түсінеміз. Жүйеге кіретін өзара байланыстағы элемент - тер жиынтығы түрлі деңгейде иерархиялық тәуелділікті құруға мүмкіндік беретін құрылымды құрайды. Жоғары сапалы өнім алуға жағдай жасауға, сапаны қалыптастыратын барлық кезеңді қамтитын (жобалау, өндіру және дайын бұйымды пайдалану) рационалды стандарттар жүйесі керек.
Кәсіпорындардың кеңінен тараған сала аралық байланысында стандарттар жүйесі шикізат, материалдар, дайындама және дайын бұйым мен орам стандарттарын қамтуға тиіс. Бұл прин - ципе машиналарды, жабдықтарды, аспаптарды және т.б. кешенді және озық стандарттауда, сапаны кешендік басқару жүйесін енгізу кезінде кеңінен қолданады. Стандарттар өнімді шығару процесін түгел, шикізат алудан орауға дейін және тұтынушыға жіберуді қамтуы тиіс. Сонда ғана өнімнің жоғары сапасы және оның тұтынушыға қауіпсіздігі нәтижесіне қол жеткізуге болады.
Кешендік стандарттау - нақты мәселенің оңтайлы шешімін қамтамасыз ету мақсатымен, объектіге әсер етуші басқада материалдық және материалдық емес факторларға, стандарттау объектісінің өзіне және оның негізгі бөлшектеріне бағытты және жоспарлы түрде өзара байланысты талаптар жүйесін тағайындау мен қолдануды жүзеге асыратын стандарттау.
2. Стандарттың озықтық және оңтайлы принциптері
Стандартпен тағайындалған көрсеткіштер, нормалар, сипаттамалар, талаптар ғылым, техника және өндірістің әлемдік деңгейіне сәйкес болуы керек. Олар даму тенденциясын ескеруі, өнімнің жаңа сапасының тиімділігін жасауы, материал және пай - далану шығындарын ескеретін сапаның экономикалық оңтайлы көрсеткіштерін тағайындауы тиіс. Аз шығынмен жоғары тиімділікке қол жеткізу керек.
Уақыт өте стандарт талаптарын қатайту жағына қарай қайта қарау қажет, өйткені бүгін оңтайлы экономикалық шығынмен қол жеткізген параметрлер, ертең күнделікті болып қалады. Мысалы, азаматтық ұшақтар мен автомобильдердің шу деңгейі немесе теледидар мен компьютер мониторларының сәулелену деңгейі стандарттары. Стандарттарды қайта қарастыру өнім өндірушілерді өз өнімдері мен олардың сапасын әрдайым жақсартып отыруға мәжбүр етеді. Бұл принцип озық стандарттауда қолданылады.
Озық стандарттау дегеніміз - болжауға сәйкес, жақын болашақта оңтайлы болатын, стандарттау объектілеріне тәжірибе жүзінде қол жеткізген жоғары деңгейдегі нормалар мен талаптарды тағайындайтын стандарттау.
3. Стандарт бұйымдарды функционалдық өзара ауысты-
рымдылықпен қамтамасыз ету принципі.
Бұйымның өзара ауыстырымдылығын пайдалану көрсеткіштерімен қамтамасыз етуге болады. Ескінің орнына келетін машинаның немесе жабдықтың жаңа конструкциясы оның функционалдық қызметін ауыстырып отыруы қажет, мысалы, автомобиль тарихы 100 жылдан асады, бірақ барлық модельдер бір-бірін функционалды ауыстырып отырады. Жүргізушіге жаңа модельді жүргізу үшін қайтадан оқып үйренудің қажеті жоқ. Сондай-ақ түрлі қажеттілікке арналған автомобильдер, мысалы, жүк машинасы немесе жеңіл машина бірдей жүргізіледі. Кешендік және озық стандарттауда, сонымен қатар бұйымдар мен техникалық шарттарды стандарттауда бұл басты принцип болып саналады. Осы принцип негізінде машиналарды, аспаптарды және т.б. бірдейлендіру мен агрегаттау құрылады.
Стандарттың өзара байланыстырылу приицнпі.
Жалпытехникалық және салалық стандарттардың көптеген түрлері
болғандықтан, оларды өзара байланыстыру қажет. Кешендік стандарттау әдісі бұл принциптің маңыздылығы мен тиімділігінің көңілге қонымды мысалы бола алады. Стандарттардың талаптары бір біріне қарама-қайшы болмауы, бір талаптар екінші біреуін өзгертпеуі керек.
Стандартты жасаудың ғылыми-зерттеулік принципі.
Стандарт жобасын дайындауға және оларды ойдағыдай енгізуге қажет
арнайы теориялық, эксперименттік, конструкторлық жүмыстарды жүргізу ғана емес, қолдағы тәжірибені кеңінен қолда-нуды қарастырады. Стандарт талаптары зерттелген және ғылыми негізделген соң ғана тағайындалуы керек. Зерттеулер өнімге қойьшатын талаптардың тұтынушыға жайлы және қауіпсіз бола-тын деңгейін жеткілікті сенімділікпен дәлелдейді және көрсетеді.
6. Тәуір көру принципі
Өзара ауыстырымдылық деңгейін көтеру, бұйым атауларын азайту және зауыттарды тиімді арнайыландыру мен бірлестіру үшін, өнімді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стандарттау жүйесі
ИСО халықаралық стандарттары
Кітаптарды халықаралық стандартты нөмірлеу
Сертификаттаудың заңнамалық базасы туралы ақпарат
Педагогикалық технологиялар жүйесі
Стандарттау жұмыстарын жүрізуден экономикалық және әлеуметтік тиімділікі анықтау
Стандарттау жөніндегі органдар
Стандарттау жүйесінің халық шаруашылығындағы маңызы
Кәсіптік техникалық оку орындарындағы теориялық және өндірістік оқытудың міндеттері, мазмұны және процесі
Стандарттаудың экономикалық аспектері
Пәндер