Уот Тайлер басқарған шаруалар көтерілісінің басталуы



Кіріспе

2.1. Уот Тайлер басқарған шаруалар көтерілісінің басталуы.
2.2. Шаруалардың талаптары
2.3. Көтерілістің нәтижелері және маңызы

ІІІ. Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Сілтемелер
Кіріспе

Уот Тайлер көтерілісі 1381 жылы Англияның оңтүстік –шығыс аумағында Эссекс графтығында басталған. Көтеріліс Кент Сефолк, Норфлок графтықтарына соның ішінде 40 грфтықтың 25-іне жайылды. Кент грфтығындағы көтерілісшілер түрмеден Джон Боллды босатып алды. Көтерілісшілердің көсемі әскери істен хабары бар Уот Тайлер болды. Олар Лондонға еш қарсылықсыз басып кіріп, шенеуніктерді жазалады. Алғаш рет шауалар корольмен 14 шілдеде Майл-Эндте кездесіп өз талаптарын білдірді. «Майл-Энд» программасы бүкіл корольдікте құлдық пен тәуелділік жойылып, көтерілісшілерге король кешірім жариялауы тиіс болуы керек.
Сонымен қатар жер жалдауға бір акрадан 4 пенс жіберілуі тиіс еді. Король Эссекстік шаруалардың талаптарын орындауға сөз берді. Кенттің шаруалар болса, корольге жаңа талаптар қоюға дайындалды. Бұл кездесу Смитфилдте болып «Смитфилдт» программасы шаруа талаптары әлдеқайда қатаң болды. Король орындауға уәде беріп , көтерілісшілердің үйді-үйлеріне кетулерін талап етті. Сол кезде Уот Тайлер Лондон мэрі тарапынан опасыздықпен өлтірілді. Көсемінен айрылған шаруалар соңынан қуып жеткен рыцарьлық отрядтар оларды талқандайды.

Тақырыптың өзектілігі. 1381 жылы көтерісістің нәтижесі жеңіліске ұшырағанына қарамастан барщина жойылып, тәуелді шаруалар жойылды. Үкімет салықты азайтуға мәжбүр болды. ХV ғасыр Англияда екі түрлі шаруа болды.
1. Копигольдер –тәуелсіз бірақ король соты қорғамайды.
2. Фрегольдер-толық тәуелсіз, король соты қорғайтын.
ХІV ғасырдан бастап Ангияда жаңа дворяндар пайда болды. Бұлар даңа жерлерді сатып алу арылы өз иеліктерін кеңейтіп, жалдамалы жұмысшыларды кеңінен қолданып, жерді арендаға беріп отырды. Базармен тығыз қарым-қатынаста болды. Сауда алаңына шұға өндіцрісі артып, континентпен байланыс өрбіп, кеме жасау ісі қатаң түрде қолға алынды. Ганза саудагерлерін Ангиядан ығыстырып шығарды.

Жұмыстың мақсаты. 1381 жылы Уот Тайлер көтерілісінің мәнін ашып көрсету.

Жұмыстың мақсатына қарай төменгі міндеттер алға қойылады.

-Уот Тайлер басқарған шаруалар көтерілісінің басталуын ашып көрсету.
-Шаруалар талаптарына талдау жасау.
-Көтерілістің нәтижелері және маңызына зерттеу жүргізу.

Жұмыстың құрылымы.

Кіріспе, 5 тарау, қорытынды, карта, пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

2.1. Уот Тайлер басқарған шаруалар көтерілісінің басталуы.

XIV ғасырдың аяғына таман ағылшын шаруаларының хал-жайы тіпті өте-мөте мүшкіл болуға айналған. ІІ Ридчардың тұсында (1377—1399) қайта басталған Жүз жылдық соғысқа байланысты елдің басына түскен жаңа алым-салықтар халықтың жаман ашу-ызаларын туғызды. 1377 жылы парламент біржолғы жаппай салықты енгізді және оны 1379 жылы жаңадан, ал 1380 жылы үш есе арттырып өндіріп жинап алды. Осы салық және оны төлетердегі жіберілген қиянаттар көтерілістің шығуына тікелей себеп болды.
Көтеріліс 1381 жылдың көктемінде, Англияның оңтүстік-шығысындағы Эссекс графтығында бұрқ ете түсті. Шаруалар алым-салық жинаушыларды қуып шығып, олардың кейбіреулерін өлтіріп те жіберді. Мейлінше ауыр салықтарға қарсы наразылық ретінде басталған көтеріліс дереу айқын көрінген антифеодалдық сипатқа ие болды. Ол лезде-ақ Англияның графтықтарының көбірек бөлігін (40-тан 25 графтықты) қамтыды.
Шаруалар монастырьлар мен феодалдық поместьелердің тасталқанын шығарып қиратып, малдарын айдап әкетті, дүние-мүліктерін талап алып, шаруалардың міндеткерліктерін белгілеп жазған документтерді өртеді. Көтерілісшілердің, әсіресе, шіркеу феодалдарына — спископтер мен аббаттарға, сондай-ақ корольдік соттар мен заңшыларға, клерктерге және мемлекеттік аппараттың басқа да уәкілдеріне деген өшпенділігі ерекше күш-ті болды; шаруалар оларды халықты езіп, қанауда феодалдарға ең басты дем берушілер деп санады.
Шаруаларды әдетте көршілес қалалардың кедейлері әрдайым қолдап отырды.
Лондонмен көршілес-Эссекс пен Кент графикторына көтеріліс аса ұйымдасқан түрде жүргізілді. Кенттің шаруалары, көтерілістен аз ғана бұрын шіркеу өкіметтеріңің тұтқындаған Джон Боллды түрмеден босатып, алды және оны өздерінің басшы көсемдерінің бірі етіп қойды. Көтерілістің ең басты көсемі, деревняның қолөнершісі, үй төбесін жабушы Уот Тайлер болды және әдетте көтерілістің бәрі де соның атымен аталғанды. Ол соғыс ісімен әбден жете таныс, шебер ұйымдастырушы және көтерілісшілердің арасында үлкен беделді адам болды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1. Н.Ф. Колесницкого «История средных веков» Москва 1980 г.
2. З.В. Удальцова, С.П. Карпова «История средных веков» Москва 1990 г.
3. С.Д. Сказкин «Орта ғасырлар тарихы» І том, Алматы 1976ж.
4. Е.В. Гутнова , И. А. Косминский ««История средных веков» Москва 1976 г.
5. С.Д. Сказкин , Е.В. Гутнова , А.И. Данилов «История средных веков» Москва 1976 г.
6. Всемирная история 12 томах Т.2.3. Москва 1957 г.
7. Дрнвнейший этапы заселения Англий Москва 1973 г.
8. Страны мира Москва 2004 г.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
2.1. Уот Тайлер басқарған шаруалар көтерілісінің басталуы.
2.2. Шаруалардың талаптары
2.3. Көтерілістің нәтижелері және маңызы
ІІІ. Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Сілтемелер

Кіріспе

Уот Тайлер көтерілісі 1381 жылы Англияның оңтүстік –шығыс аумағында
Эссекс графтығында басталған. Көтеріліс Кент Сефолк, Норфлок графтықтарына
соның ішінде 40 грфтықтың 25-іне жайылды. Кент грфтығындағы көтерілісшілер
түрмеден Джон Боллды босатып алды. Көтерілісшілердің көсемі әскери істен
хабары бар Уот Тайлер болды. Олар Лондонға еш қарсылықсыз басып кіріп,
шенеуніктерді жазалады. Алғаш рет шауалар корольмен 14 шілдеде Майл-Эндте
кездесіп өз талаптарын білдірді. Майл-Энд программасы бүкіл корольдікте
құлдық пен тәуелділік жойылып, көтерілісшілерге король кешірім жариялауы
тиіс болуы керек.
Сонымен қатар жер жалдауға бір акрадан 4 пенс жіберілуі тиіс еді.
Король Эссекстік шаруалардың талаптарын орындауға сөз берді. Кенттің
шаруалар болса, корольге жаңа талаптар қоюға дайындалды. Бұл кездесу
Смитфилдте болып Смитфилдт программасы шаруа талаптары әлдеқайда қатаң
болды. Король орындауға уәде беріп , көтерілісшілердің үйді-үйлеріне
кетулерін талап етті. Сол кезде Уот Тайлер Лондон мэрі тарапынан
опасыздықпен өлтірілді. Көсемінен айрылған шаруалар соңынан қуып жеткен
рыцарьлық отрядтар оларды талқандайды.

Тақырыптың өзектілігі. 1381 жылы көтерісістің нәтижесі жеңіліске
ұшырағанына қарамастан барщина жойылып, тәуелді шаруалар жойылды. Үкімет
салықты азайтуға мәжбүр болды. ХV ғасыр Англияда екі түрлі шаруа болды.
1. Копигольдер –тәуелсіз бірақ король соты қорғамайды.
2. Фрегольдер-толық тәуелсіз, король соты қорғайтын.
ХІV ғасырдан бастап Ангияда жаңа дворяндар пайда болды. Бұлар даңа
жерлерді сатып алу арылы өз иеліктерін кеңейтіп, жалдамалы жұмысшыларды
кеңінен қолданып, жерді арендаға беріп отырды. Базармен тығыз қарым-
қатынаста болды. Сауда алаңына шұға өндіцрісі артып, континентпен байланыс
өрбіп, кеме жасау ісі қатаң түрде қолға алынды. Ганза саудагерлерін
Ангиядан ығыстырып шығарды.

Жұмыстың мақсаты. 1381 жылы Уот Тайлер көтерілісінің мәнін ашып
көрсету.

Жұмыстың мақсатына қарай төменгі міндеттер алға қойылады.

-Уот Тайлер басқарған шаруалар көтерілісінің басталуын ашып көрсету.
-Шаруалар талаптарына талдау жасау.
-Көтерілістің нәтижелері және маңызына зерттеу жүргізу.

Жұмыстың құрылымы.

Кіріспе, 5 тарау, қорытынды, карта, пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

2.1. Уот Тайлер басқарған шаруалар көтерілісінің басталуы.

XIV ғасырдың аяғына таман ағылшын шаруаларының хал-жайы тіпті
өте-мөте мүшкіл болуға айналған. ІІ Ридчардың тұсында (1377—1399) қайта
басталған Жүз жылдық соғысқа байланысты елдің басына түскен жаңа алым-
салықтар халықтың жаман ашу-ызаларын туғызды. 1377 жылы парламент біржолғы
жаппай салықты енгізді және оны 1379 жылы жаңадан, ал 1380 жылы үш есе
арттырып өндіріп жинап алды. Осы салық және оны төлетердегі жіберілген
қиянаттар көтерілістің шығуына тікелей себеп болды.
Көтеріліс 1381 жылдың көктемінде, Англияның оңтүстік-шығысындағы Эссекс
графтығында бұрқ ете түсті. Шаруалар алым-салық жинаушыларды қуып шығып,
олардың кейбіреулерін өлтіріп те жіберді. Мейлінше ауыр салықтарға қарсы
наразылық ретінде басталған көтеріліс дереу айқын көрінген антифеодалдық
сипатқа ие болды. Ол лезде-ақ Англияның графтықтарының көбірек бөлігін (40-
тан 25 графтықты) қамтыды.
Шаруалар монастырьлар мен феодалдық поместьелердің тасталқанын шығарып
қиратып, малдарын айдап әкетті, дүние-мүліктерін талап алып, шаруалардың
міндеткерліктерін белгілеп жазған документтерді өртеді.
Көтерілісшілердің, әсіресе, шіркеу феодалдарына — спископтер мен
аббаттарға, сондай-ақ корольдік соттар мен заңшыларға, клерктерге және
мемлекеттік аппараттың басқа да уәкілдеріне деген өшпенділігі ерекше күш-ті
болды; шаруалар оларды халықты езіп, қанауда феодалдарға ең басты дем
берушілер деп санады.
Шаруаларды әдетте көршілес қалалардың кедейлері әрдайым қолдап
отырды.
Лондонмен көршілес-Эссекс пен Кент графикторына көтеріліс аса
ұйымдасқан түрде жүргізілді. Кенттің шаруалары, көтерілістен аз ғана бұрын
шіркеу өкіметтеріңің тұтқындаған Джон Боллды түрмеден босатып, алды және
оны өздерінің басшы көсемдерінің бірі етіп қойды. Көтерілістің ең басты
көсемі, деревняның қолөнершісі, үй төбесін жабушы Уот Тайлер болды және
әдетте көтерілістің бәрі де соның атымен аталғанды. Ол соғыс ісімен әбден
жете таныс, шебер ұйымдастырушы және көтерілісшілердің арасында үлкен
беделді адам болды.
Эссекс пен Кенттің үлкен екі отрядтарымен шаруалар Лондонға таяп келіп
жетті. Олардың мақсаты II Ричардпен кездесіп одан шаруалардың хал-жайын
жеңілдетуді өтіну болған еді. Шаруалардың басым көпшілігі Қайырымды
корольге сеніп, өздерінің бастарына түскен бәле-жаланың бәрін де оның
ақымақ советниктерінен көретін еді. Лондонға кіргеннен кейін шаруалар
халықтың ең жексұрын дүшпандары — корольдің советниктерінің үйлерін өртеп
қиратты және түрмелерді талқандап, тұтқындарды босатып жіберді. Лондон
шаруалардың билігіне алынып, іс жүзінде король олардың тұтқыны болып
шықты.
Шаруалар халықтың өте-мөте жек көретін вельмождарын, соның ішінде
ағылшын шіркеуінің бастығы және сонымен қатар Англияның канцлері
архиепископ Кентерберийский Садбериді опасыздар ретінде өлім жазасына
тартты.

2.2. Шаруалардың талаптары

Шаруалар корольмен алғаш рет Майл-Эндте кездесті. Олар корольге
Майл-Энд программасы деп атақ алған талаптар қойды. Олар корольдің алдына
крепбстнойлықты және барщиналықты жойып, біркелкі темендеу ақшалы
рента (акрадан 4 пенс) орнатып Англияның барлық қалалары мен селолық
жерлерінде сауда бостандығын беру және бүкіл көтерілісшілерге
кешірім жариялау талаптарын қойды. Программа шаруалардың ауқаттылау және
самарқау пиғылдағы бөлігінің мүдделерін қорғайтындығын білдірді. Ол тұтас
алғанда феодалдық құрылысқа қол сұққан жок, тек барщиналық пен
крепостниктікті жоюды ғана көздеді. Бұл талаптармен корольдің, әрине,
келісуіне тура келді және ол шаруаларға осыларды қуаттайтұғын грамоталар
беруге жарлық етті. Корольдің берген' сөзіне сенген шаруалардың
бірсыпырасы Лондонды тастап үйді-үйлеріне тарап кетті. Бірақ
көтерілісшілердін көпшілігі, әсіресе Кенттің кедейлері бұл
жеңілдіктерге қанағаттана қоймай, Уот Тайлер және Джон Боллмен бірге
Лондонда қалып _қойды. Олар корольмен тағы да кездесуді талап етті. Тап
осы кезде Лондонның кедейлері өздерін жәбірлеп, қысымшылыққа салған
билеуші топтарды жазалауға кірісті. Осыдан зәрелері ұшқан Лондонның
байдары көтерілісшілерге қарсы күш жинай бастады.
Король шаруалармен екінші рет. Смитфиддте кездесуге мәжбүр
болды.
Смитфилд программасы ретінде белгілі талаптар, Майл-Эндінікінен
анағұрлым асып түсті. Енді шаруалар корольден барлық заңдарды
негізінде жұмысшылар туралы заңдарды жоюды, епископтар мен
монастырьлардың және священниктердің жерлерін кәмпескелеп, оларды
шаруаларға бөліп беруді және сеньорлардың басып алған қауымдық пайдаланатын
жерлерді шаруаларға қайтаруды талап етті. Олар сеньорларға берілген ерекше
жеңілдік біткеннің бәрін де жойып, сословиелерді теңестіру, сондай-ақ
крепостнойлық правоны жою талаптарын ұсынды. Бұл программа феодалдық
қанаушылық пен крепостнойлықтың және сословиелік құрылыстың негізгі
түрлеріне қарсы бағытталған еді.
Алайда Смитфилдтегі кездесудің қарсаңында-ақ феодалдар естерін жинап,
қарсылық көрсетуге әзірленіп үлгерді. Олар алдап-арбап және зұлымдықтар
жасау арқылы көтерілісті басып тұншықтырды. Корольдің шаруалармен
келіссөздер жүргізіп жатқан кезінде Лондонның мэрі Уот Тайлерді
опасыздықпен өлтірді. Рыцарьлар мен қала байларының құрған қарулы отрядтары
корольге көмек көрсетуге келді. Король шаруаларға толып жатқан уәделерді
беріп-беріп, оларды үйді-үйіне қайтып тарауға көндірді. Көсемінен айрылған
шаруалар екінші рет алдануға ұшырады. Олардың ең соңғы отрядтары Лондонды
тастап кетті.
Корольдің жарлығы бойынша, сол кезде Лондонда жиналған рыцарьлық
отрядтар шаруалар отрядтарының ізін суытпай қуып жетіп быт-шытын шығара
талқандады. Көтеріліс шыққан аудандардың бәрінде де корольдік соттар жұмыс
істеп, көтеріліске қатысқандарды мейлінше қатаң жазалады. Көтерілістің
басшылары соның ішінде Джон Боллға қатаң үкім шығарылып өлтірілді. Өзінің
бұрынғы берген уәделерінен танып кеткен король, барлық жерлерге де
хабарлап, шаруалар көтеріліске шейін сеньорлардың пайдасына атқарған
міндеткерліктерін мүлтіксіз орындайтын болсын деген жарлық берді.
1381 жылғы көтерілісте, Жакериядағы сияқты (9-тарауды қараңыз)
себептермен жеңіліске ұшырады. Көтерілістің стихиялылығы мен нашар
жеткіліксіз ұйымдасқандығы және оған қатысқандардың басым көпшілігінің
текіжергілікті тар өрісті мүдделерді ғана көздеушілігі елдің көптегіен
аудандарындағы көтерілісшілердің Лондонға жасалған жорыққа
қатыспаушылықтарына әкеліп жеткізді. Ағылшын шаруаларына тән нәрсе
—қайырымды корольге аңғырттықпен сенушілік сайып келгенде Уот
Тайлердің түбіне жетті және феодалдардың көтерілісті басып тұншықтыруын
жеңілдетті. Көтерілістің жеңіліске ұшырауына Лондон қаласының жоғарғы
тобының істеген опасыздығы да себепші болды. Осы жалпы себептерге, ағылшын
шаруаларының арасында сол кезде-ақ орын тепкен недәуір жіктелушілік те
қосылды. Біріншіден, ауқатты және орташа шаруалардың, екіншіден,
кедейлердің көздеген мүдделері үйлесіп бір жерден шықпады. Сондықтан
шаруалар Лондонда да бірлесіп әрекет жасай алмады. Қорыта айтқанда, олар
көтерілістің алғашқы күндерінде қолдары жеткен жеңісті пайдалана алмады
және ең әуелгі үрейленушіліктен естерін жиып соғыс күштерін құрған
феодалдарға қарсы ұйымдасқан түрде табанды тойтарыс көрсете алмады.

2.3. Көтерілістің нәтижелері және маңызы.

Дегенмен де 1381 жылғы көтеріліс Англияның келешектегі аграрлық
дамуына елеулі ықпал және маңызы жасады.
Мейлінше қатаң жазалаушылыққа қарамастан, шаруалардың қобалжулары
елдің әрбір бөліктерінде XIV ғасырдың 90-жылдарына шейін созыла берді.
Вилландар барщинаны етеуден, көтеріңкі рентаны төлеуден, өздерін
крепостноймыз деп санаудан табан тіресе бас тартты. Шаруалардың ашуызасының
басылмаушылығы олардың арасында лоллардттардың еретикалық ілім ықпалының
өсе беруіне де әсерін тигізді. Осы жағдай-лардың қысымымен үстем тап пен
феодалдық мемлекет біраз кеңшілікке — тым ауыр алым-салықтарды біршама
жеңілдетіп қатаң жұмысшылар туралы зандарды жеңілдетуге баруға мәжбүр
болды. Көтерілістің ең бір ауыз толып айтарлықтай күрделі нәтижесі —
феодалдардың жаман зәрелерін ұшыра қорқытып, шаруалардың крепостнойлық
тәуелділіктен құтылуларын тездетуінде болды. Мұны Англияның XIV ғасырдағы
экономикалық дамуының барысы даярлаған еді. XIV ғасырдың аяғында және XV
ғасырдың басында вилландардың көпшілігі қара бастарының азаттығын төлеп
алып, еріктілер қатарына қосылды.
Сонымен Уот Тайлер бастаған көтеріліс шаруашылықтың барщиналық
системасының түп тамырына ең ақырғы рет балта шапты. Ол сеньориалдық
реакцияның оқиғаларын тамамдап, ағылшын деревнясының дамуындағы ең
прогресшіл жолының жеңісін белгілеп берді. Бұл жол ұсақ товарлы шаруалар
шаруашылығының нығайып, барщиналық крепостниктік манордын ыдырауына қарай
жетектеді.
XV ғасырдағы ағылылшын деревниясыныың экономикалық дамуы. Уот
Тайлердің көтерілісінен соң ағылшын эконмикасын қайта құрушылық феодалдық
қарым-қатынастардың жойылуына әкеліп жеткізе алмады. XV ғасырдың өн
бойына Англияда феодалдық жер меншігінің монополиясы сақталып қала берді,
шаруалардың негізгі көпшілігінің меншікті жері болмады, феодалдық рента
төледі және сословиелік жағынан толық праволылыққа жете алмады. Бірақ та
ағылшын феодализмі XV ғасырдың басынан дамудың жаңа фазасына кірісті. Ауыл
шаруашылық өндірісінін орталығы помещиктік жеке меншікті шаруашылықтан
(доменнен) ұсақ товарлы шаруалар шаруашылығына түпкілікті ауысып орналасты.
Феодалдың жеке меншікті шаруашылығы (домені) XIV ғасырда басталған ауыр
дағдарысты әлі де басынан көшіріп, XV ғасырда толық дерлік жойылуға
жақындаған кезде, шаруалардың жер иеленушілігі нығая түсіп, оның
товарлылығы да арта берді және ол енді ауылшаруашылық өнімдерін рынокқа ең
негізгі шығарып жеткізуші бола бастады. Феодалдардың жеке меншікті
шаруашылықты (доменді) сақтап қала алған жерлерінде, олар бұған барщиналық-
крепостниктік ұйымдарды жойып, батрақтардың жалдамалы еңбектерін қанап
пайдалану арқылы ғана жетті. Алайда XV ғасырда помещиктік шаруашылыққа тән
негізгі бағыт — феодалдың жеке меншікті шаруашылықты (доменді) жойып, оны
шаруалардың иемденіп ұстауына арендаға беруі болды.
Бастапқы кездерде шаруалар шаруашылықтары феодалдың қысқартылған жеке
меншікті шаруашылық (домендік) өндірісінің есесін толтыра алмады. Осыған
байланысты ағылшын деревнясында және тегі бүкіл елде, XIV ғасырдың
аяғынан бастап экономикалық құлдыраудың элементтері: өңделетін жер
көлемінің жалпы кемітілуі, жыртатын жердің есебінен жайылымдардың
есушілігі, деревняның жалпы товар өнімінің, атап айтқанда, жүнді шетке
шығарудың төмендеп кетушілігі әжептәуір-ақ білініп қалды. Шаруалардың жер
иеленушілігінің жалпы өсушілігіне байланысты XV ғасырда, бұрын рыноктан
азық-түлікті сатып алып отыруға мәжбүр болған селоның, сондай-ақ қаланың
да басы артық халқы біршама кемуге айналды. Осының себебінен ауыл
шаруашылық өнімдерінің бағалары төмендеді, ал жалдамалы жұмысшылардың
жалақылары біршама жоғары түрінде қала берді.
Міне осының бәрі шаруалар шаруашылығы товарлылығының және жалпы
алғанда ішкі рыноктың өркендеп дамуына біршама бөгет жасады. Алайда
көрсетілген оқиғалар, XV ғасырдағы Англияның экономикалық және әлеуметтік
қарым-қатынастарының жалпы кері кетушілігінің белгісі ретінде қаралауға
тиісті емес. Олар өзінше бір өсудің дерті тәрізді, феодалдық қатын-астардың
дамуында құруға айналған ескілік пен тууға айналған жаңалықтың арасындағы
күресті бейнеледі. Бұл оқиғаларды барщиналық-крепостниктік манордың
дағдарысы тудырды. Олар ағылшын деревнясындағы ауыл шаруашылық өндірісінің
неғұрлым күшеюге бет алған, неғұрлым прогресшіл формаларымен — ұсақ товарлы
шаруалар шаруашылығымен, сондай-ақ жаңа жағдайларға бейімделе білген
жаңа типті помещиктік шаруа-шылықпен бірге өмір сүрді. Сол замандар үшін
шаруашылықтың нақ, осы прогресшіл типтері, өзінің негізінде әлі де
феодалдық бола тұрса да, деревняда капиталисте қарым-қатынастардың пайда
болулары үшін база болып табылды.
ХV ғасырдағы ағылшын шаруаларының хал-жайы. XV ғасырдағы ағылшын
деревнясының өміріндегі ең маңызды өзгерістердің бірі, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Уот Тайлер басқарған шаруалар көтерілісі
11-15 ғасырлардағы Англия
XI-XV ғасырлардағы Англия
11-15ғғ. франция, англия, германия, италия
ХІ-ХV ғасырлардағы Англия
100 жылдық соғыс
Англиядағы шексіз монархия
Ағылшын буржуазиялық революциясы туралы
Францияда шексіз монархияның қалыптасуы
Гусшілер қозғалысы еуропа реформациясының жаршысы
Пәндер