Банк маркетингісі туралы ақпарат



Маркетинг қызметінің алғашқы формасы (баға саясаты мен жарнама) ақшалай-тауарлық қатынастың қалыптасуы мен дамуының алғашқы кезінде пайда болды. Тауарлар жарнамасы туралы мәліметті Шумердің, ежелгі Мысырдың, ежелгі Месопотамия мемлекеттерінің тарихи құжаттарынан кездестіруге болады.
Мәселен, 1650 жылы «Минуи» сауда фирмасының бір қызметкері Токиода әмбебап дүкенге ұқсас дүкен ашады. Бұл дүкенде алғаш рет әр түрлі тауарлардың сұранысы мен ұсынысы, өтімді тауарлардың өндірісіне тапсырыс туралы ақпараттарды топтастыру, сатып алушының тауарды қайтып беруіне әрі өз ақшасын қайтарып алуына мүмкіндік беретін кепілдікті мерзімді болуы, жарнама секілді бірқатар маркетингтің негізгі принциптері пайдаланылады.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Банк
маркетингісі

Маркетингтің пайда болу тарихы көне замандарда жатыр.

Маркетинг қызметінің алғашқы формасы (баға саясаты мен жарнама)
ақшалай-тауарлық қатынастың қалыптасуы мен дамуының алғашқы кезінде пайда
болды. Тауарлар жарнамасы туралы мәліметті Шумердің, ежелгі Мысырдың,
ежелгі Месопотамия мемлекеттерінің тарихи құжаттарынан кездестіруге болады.

Мәселен, 1650 жылы Минуи сауда фирмасының бір қызметкері Токиода
әмбебап дүкенге ұқсас дүкен ашады. Бұл дүкенде алғаш рет әр түрлі
тауарлардың сұранысы мен ұсынысы, өтімді тауарлардың өндірісіне тапсырыс
туралы ақпараттарды топтастыру, сатып алушының тауарды қайтып беруіне әрі
өз ақшасын қайтарып алуына мүмкіндік беретін кепілдікті мерзімді болуы,
жарнама секілді бірқатар маркетингтің негізгі принциптері пайдаланылады.

Экономиканың, социологияның және басқарудың түйіскен жерінде дербес
ғылым ретінде болатын маркетингтің теориялық негіздерін американдық Сайрес
Маккромик (1809-1884жж.) жасады. Тарихта ол алғашқы комбайынды құрастырушы
ретінде белгілі. Тек техникалық білімі болса да, ол нарықты зерделеу және
талдау, баға саясаты мен сервистік қызмет көрсетудің негізгі түрлері мен
оларды таңдау секілді қазіргі заманғы маркетингтің бағыттарын құрып кетті.
Мұның бәрі Интернешнл Харвестер фирмасының өркендеуіне әкеледі.

XX ғасырдың 20-30-жылдарында маркетингке қатысты көптеген
жарияланымдар пайда болды. Ағылшын экономисі Еджеми Маккарти маркетинг
мазмұнын түсіндіріп беруге арналған үлгіні ұсынады. Бұл үлгі – тауар
(product), баға (price), нарық (place), пайда (profit) – негізгі төрт
элемент бойынша 4-Р атауына ие болды.

Маркетинг кәсіпкерлік қызметтің түрі ретінде өнеркәсіпте 50-ші
жылдары кеңінен тарағаны мәлім. Банк саласына ол 60-шы жылдары банк
қызметін еңбек жемісін сақтайтын әрі белгілі бір қызмет көрсетулерге деген
қажеттіліктерді қанағаттандыратын сала ретінде әйгілеген жарнама
компаниясынан кейін ене бастады.

1970-ші жылдары маркетингтің маңыздылығын бағалаған банктер өздерін
және өз қызметтерін жарнамалай бастады. Бұл уақытты жекелеген банк
қызметінің маркетингісі пайда болды.

Кейінгі 80-ші жылдар банк маркетингісінің коммерциялық банктерді
басқарудың тұтас жүйесі ретінде ресімделуімен сипатталады. Бүгінгі таңда
банктер маркетингтің әдістері мен тәсілдерін пайдаланып жүр.

Маркетинг – бұл тауарлар мен қызмет көрсетулердің ағынын өндірушіден
тұтынушыға бағыттайтын кәсіпкерлік қызметтің түрі. Ол тек нарыққа және
нақты тұтынушыға қажетті өнімді өндіруге әрі өткізуге бағдарланады.

АҚШ-та маркетингке жұмсалатын шығын тауардың түпкілікті бағасының,
шамамен алғанда 60%-ін құрайды. Бұл бүгінгі күнгі жағдайдағы маркетингтің
маңыздылығын көрсетеді. Әлбетте өндіруші тек аса қажет жағдайда ғана мұндай
шығыс шығаратынын ескруіміз керек: ол нарықтан өз орнын алып, бәсекелестік
күресте басқаларына төтеп беруі тиіс.

70-шы жылдары күшейген банк жүйесіндегі бәсекелестік стратегиялық
жоспарлаудың және маркетинг принциптердің пайдаланудың объективті
қажеттілігін тудырды.

Бәсекелестіктің күшеюіне әлем экономикасындағы белгілі бір
тенденцияның дамуы себеп болды.

Оның негізгілері:

1.Банк институттарының интернационалдануы. Олардың аса ауқымды өсу
мүмкіндіктері мен даму банктердің көп ұлтты сипатқа ие болуына, олардың
шетелдік нарықтарға шығуына әкелді. Бұл өз кезегінде әлі күнге дейін ұлттық
аяда қалған көптеген проблемаларға интернационалдық сипат берді.

2. Барлық елдерде банктерде бәсекелес болып табылатын көптеген банктік
емес мекемелер пайда болып, дамыды.

3. Банк индустриясының әртараптануы (жан-жақты дамуы). Банк көрсететін
қызмет спектрі ұлғайды әрі ақшалай қаражатты қарызға алудың банктік емес
әдістері дамыды.

4. Ақпараттық технологияның және коммуникация құралдарының осы заманғы
техниканың негізінде дамуы қаржылық институттардың аймақтық және ұлттық
қызметін кеңейтті.

5. Банк жүйесінің өз ішінде, сондай-ақ банктер мен банктік емес
институттар арасында қаражат тарту және несиі беру бойынша бәсекелестік
күшейді.

6. Мемлекеттік реттеумен байланысты банктік қызмет көрсету нарығында
бағалық бәсекелестікке шектеу қойылған, сондай-ақ процент мөлшерінің
бергілі бір шектен аса болмауы да өз әсерін тигізбей қоймайды. Егер банк
процент мөлшерін жоғары белгілейтін болса, пайда ала алмай қалады.

Әрине, бұл тек банктік қызмет көрсету нарығының және ондағы банк
маркетингісін белсенді дамытуға банктерді мәжбүрлейтін бәсекелестіктің
жалпы даму заңдылығы ғана.

Осы тенденциялардың даму нәтижесінде қаржылық қызмет көрсетулер мен
өнімдер бүкіл әлемде біркелкі тұрпатқа айналды. Осының салдарынан банктің
өз араларында және басқа несие институттарының арасында бәсекелестік күрес
айтарлықтай күшейді. Бәсекелестіктің күшеюі банктердің пайдасын кемітті.
Банктер нарықтағы өз позициясын сақтап қалуы үшін әрі жаңа позицианы жаулап
алуы үшін өздері жүргізіп отырған несие саясатын тұрақты түрде ырықтандырып
отыруға және осыған орай қатердің көбісін өз мойындарына алуға мәжбүр.
Қатердің көбеюі де коммерциялық банк табысының азюына өз әсерін тигізеді.
Осыған байланысты банктер маркетинг стратегиясын жасауға, жаңа қызмет
түрлерін игеруге, әрбір клиент үшін күресуге ұмтылады.

Әрине, банктер маркетингтің көптеген тұжырымдамалық принциптерін
өнеркәсіптен алды, өйткені, маркетингтің негізгі мақсаты, міндеттері,
әдістері және тәсілдері нарық жағдайында жұмыс істейтін барлық шаруашылық
жүргізуші субъектілерде бірдей, яғни, бір-біріне ұқсас, сәйкес болып
келеді.

Сонымен бірге банк өнімінің, яғни банк орындайтын кез келген операция
мен кез келген қызмет көрсетудің өзіндік ерекшелігіне сәйкес айырмашылықтар
болады. Осы өзіндік ерекшелерді ескере отырып, банк маркетингісіне анықтама
берейік.

Банк маркетингісі – бұл клиентураның нақты қажеттіліктерін ескере
отырып, банк өнімдерінің ең тиімді әрі пайдалы нарықтарын іздестіруге және
пайдалануға бағытталған қызмет түрі.

Пайданы тұрақты түрде өсіріп отыру, клиентураны тарту, өз қызметтерін
өткізудің салаларын ұлғайту, нарықты жаулап алу кез келген банктің мақсаты
болып табылады. Бүгінгі таңда банктің әрбір басшысы мен әр мемены
маркетингтің сарапшысы болуы керек. Банктің барлық персоналы қаржылық
қызметтерді өткізетін сатушыға айналуы қажет.

Банк саласындағы маркетинг несие ресурстарының нарығын зерделеуге,
клиенттің қаржылық жағдайын талдауға, және осы базада банкке салым ақшаны
тартудың мүмкіндіктерін, өзгерістерді болжауға, сондай-ақ, жаңа клиенттердң
тартуға, банктің қызмет көрсету салаларын ұлғайтуға септігін тигізетін
шарттармен қамтамасыз етуге бағытталады.

Банк саласында салымшылардың санын арттыруды ғана көздемейтін, сонымен
бірге қызмет көрсетудің сапасын ұдайы жақсартып отыруды мақсат тұтатын
біріктірілген маркетинг басымдыққы ие болып келеді.

Банк саласындағы маркетингтің өзіндік ерекшелігі мынада: коммерциялық
банктер салымшылардың қаражатын тартуға тартуға күрделі емес, сонымен қатар
олар таратылған қаражатты әр түрлі кәсіпорындарды және т.б. несиелеу арқылы
белсенді пайдалануға да мүдделік танытады. Бұл маркетингті коммерциялық
банктердің салымшылармен қатынасында және несие салымында кешенді түрде
дамытудың қажеттілігін тудырады. Бұл екі саланың мақсаттары әр түрлі:
біріншісі – банкке клиентті салымшы ретінде тарту; екіншісі – банк үшін
ресурстарды ең тиімді жолмен пайдаланатын салаларға несие ресурстарын
бағыттау.

Банк маркетингісі түпкі есебінде бірыңғай мақсатты жүзеге асыруға –
табысты және шаруашылықтағы уақытша босаған ақшалай қаражатты ұтымды
пайдалануға бағытталады.

Бүгінгі маркетинг – бұл тиянақты дайындауды, терең әрі жан-жақты
талдауды, басшыдан бастап төменгі буынға дейінгі барлық банк бөлімшелерінің
белсенді жұмысын қажет ететін банктің стратегиясы мен философиясы.

Банктер ең алдымен өз қніміне емес, клиенттердің нақты
қажеттіліктеріне бағдарлануы керек. Сол себепті де нарықты бүге – шегесіне
дейін зерделеп, клиенттердің банк қызметіне қатысты өзгеріп отыратын
талғамдарын және олардың қандай қызмет түріне артықшылық беретінін талдау
қажет. Әр клиентке қатысты қаржылық қызмет көрсетудің нақты формасын
анықтап, әрбір мәміленің пайдалылығын көрсете бәлу керек.

Банктің маркетингілік қызметін жүзеге асыруға қажетті жалпы
принциптері мынадай:

1. Нақты нарықтық мақсатқа – барлық банк жұмыскерлерінің қозғалыстағы
еңбек мотивіне қол жеткізу.

2. Маркетинг – бұл кешенді міндеті бар жүйе (жоспарлау, талдау, реттеу
және бақылау).

3. Маркетингті ағымдағы кезеңге де, алдағы кезеңге де және бір-бірімен
өзара байланыстырып жоспарлау.

4. Маркетингі нақты іс жүзіне асырудың негізіне қабылданған
маркетингілік ишешімдерді тұрақты түрде бақылау жатады.

5. Маркетингтің сәтті болуы әрбір жұмыскердің бастамасын және
белсенділігін тұрақты түрде ынталандырып, олардың біліктілігін
арттырып отыруға байланысты.

6. Маркетингі ұжымда қолайлы психологиялық ахуалды қалыптастырғанда
ғана сәтті жүзеге асыруға болады.

Банк маркетингісінің негізгі мақсаттары:

1. Сұранысты тудыру әрі ынталандыру.

2. Жұмыс жоспарларын және қабылданатын шешімдерді негіздеу.

3. Көрсетілетін қызметтің ауқымын ұлғайту.

4. Банк табысын барынша арттыру және нарықтық үлесті көбейту.

Әлеуметтік фактордың рөлі артқан бүгінгі жағдайда маркетинг банк
жұмыскерінің жаңашыл ойын және мақсатты бағыты бар әлеуметтік саясатты
нақты нақты техникалық әдістермен ұштастыратын құрал ретінде түсіндірілетін
болады.

Жаңа тәсілдеменің негізінде Барлығы клиент үшін дейтін принцип
жатыр. Банк клиенттің айтылған пайданы алуына жауапты. Басымдықтардың
ішінде: ең алдымен – клиент пайдасы, содан кейін – банк мүддесі. Клиентке
бағдарлану – жетістікке жеткізетін басты фактор.

Банктегі маркетингтің негізгі міндеттері:

1. Қаржы нарығында орын алып жататын ұдайы өзгерістер жағдайында банк
жұмысының пайдалылығын қамтамасыз ету.

2. Көрсетілетін қызметтің ауқымы, құрылымы және сапасы бойынша
клиенттің талап-тілегін барынша қанағаттандыру арқылы онымен
тұрақты қатынасты қалыптастыру.

3. Банктің коммерциялық, ұйымдастырушылық және әлеуметтік
проблемаларын олардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банк маркетингісі
Банк маркетингісі туралы
Банктік маркетингтің теориялық аспектілері. Қазақстандағы банк маркетингісі
Банк менеджментінің негізгі бағыты
Банктік тәуекелді басқару
Банктік қызмет маркетингін жетілдіру жолдары («Банк Тұран Әлем» АҚ-ның мысалында)
Банкілік маркетингті ұйымдастырудың теориялық негіздері
Банк қызметінің жобалауын басқару
Банктік өнім жарнамасы
Сегменттеу – банктік маркетинг тиімділігін арттыру ретінде
Пәндер