Қазақстан Республикасының банкттерінің қызметтері



Кіріспе
1 тарау. Банктік қызметтер теориясының аспектілері.
1.1. Банк кызметінің мәні
1.2. Коммерциялық банктер қызметтерінің жіктелуі
1.3. Коммерциялық банктер қызметтерінің принциптері
2 тарау. Банктік қызметтер және олардың Қазақстандағы дамуы
2.1. Альянс Банктің шаруашылық қызметінің көрсеткіштері
2.2. Альянс Банк кызметінің қазіргі жағдайын талдау
2.3. Альянс Банктің даму саясаты. Орта мерзімдік стратегия.
3 тарау. Банк қызметтінің қазіргі жағдайы
3.1. Банктік қызметтердің даму перспективалары
3.2. Қазақстан Республика банктерінің қазіргі проблемалары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Елімізде жүргізілген экономикалық реформа банк ісінің дамуында жаңа кезеңге алып келді. Нарыққа өту жағдайында банктердің және басқа несиелік институттардың даму перспективасы, оның іс-жүзінде іске асуы жайлы сұрақтар ерекше өзекті мәселеге айналып отыр.
Аталған міндеттерді шешу мүмкіндігі қазақстандық, сонымен қатар шетел банктердің қызмет етуінің практикалық ұғынуын зерттеу және де іс-жүзінде жұмыстың ең прогрессивті, ұтымды нысандары мен әдістерін өндіру негізінде ғана жүзеге асады. Бұл зерттеу тақырыбымның өзектілігін анықтап отыр.
1. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы»
Қазақстан Республикасының заңы. 30.08.1995
2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Қазақстан
Республикасыньщ заңы. 30.03.1995
3. Мақыш С.Б. Коммерциялык банктер операциялары. Алматы:
ИздатМаркет, 2004ж.
4. Сейтқасымов Г.С. Ақша, несие, банктер. Алматы: Экономика, 1996ж.
5. Сейткасымов Г.С. Банковское дело. Алматы: Қаржы-Қаражат, 1998ж.
6. Орысша-қазақша қазіргі экономикалык терминдердің түсіндірме
сөздігі. /жауапты редактор: Досаев Қ.О./ Алматы: Экономика, 1999ж
Орысша-қазақша сөздік. Алматы, 1978ж.
7. Айқын газеті №52
8. Жуков Е.Ф. Банки и банковские операции: Учеб. для ВУЗов. - М.:
Банки и биржи: ЮНИТИ, 1997. -471 с.
9.
10. Банки Казахстана. №12, 1. -2003
11. Банки Казахстана. №1, 11. -2004
12.
13. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі.
2003г.
14. "Банковские технологии" 2003г.
15. Альянс Банктің 2007 жылғы есеп беруі
16. Банки Казахстана №1 «О текущей ситуации на финансовом рынке»
2005 ж. стр. 2
17. Банки Казахстан №8, 2005ж. « Қаржы нарығы мен қаржы
ұйымдарының жай-күйі туралы» бет.2

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі
АҚ Ақмола қаржы-экономикалық колледжі

Экономикалық пәндерінің
циклдық комиссиясына
қорғауға жіберілсін
_________________2008 жыл

Курстық жұмыс

Банкілік операция пәні бойынша
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының банкттерінің қызметтері

Орындаған:.
Жетекші:

Астана 2008 жыл

Жоспар

Кіріспе

1 тарау. Банктік қызметтер теориясының аспектілері.
Банк кызметінің мәні
Коммерциялық банктер қызметтерінің жіктелуі
Коммерциялық банктер қызметтерінің принциптері

2 тарау. Банктік қызметтер және олардың Қазақстандағы дамуы
2.1. Альянс Банктің шаруашылық қызметінің көрсеткіштері
2.2. Альянс Банк кызметінің қазіргі жағдайын талдау
2.3. Альянс Банктің даму саясаты. Орта мерзімдік стратегия.

3 тарау. Банк қызметтінің қазіргі жағдайы
3.1. Банктік қызметтердің даму перспективалары
3.2. Қазақстан Республика банктерінің қазіргі проблемалары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе

Елімізде жүргізілген экономикалық реформа банк ісінің дамуында жаңа
кезеңге алып келді. Нарыққа өту жағдайында банктердің және басқа несиелік
институттардың даму перспективасы, оның іс-жүзінде іске асуы жайлы сұрақтар
ерекше өзекті мәселеге айналып отыр.
Аталған міндеттерді шешу мүмкіндігі қазақстандық, сонымен қатар шетел
банктердің қызмет етуінің практикалық ұғынуын зерттеу және де іс-жүзінде
жұмыстың ең прогрессивті, ұтымды нысандары мен әдістерін өндіру негізінде
ғана жүзеге асады. Бұл зерттеу тақырыбымның өзектілігін анықтап отыр.
Соңғы жылдарда каржы нарықтарының ақша және капитал нарықтарының
құрылуының қарқынды процесі жүріп жатыр. Капитал нарығының дамуы жинақтарды
шоғырландырудың және қаражаттарды инвестициялаудың екі біріктірілген, өзара
байланысты процесті жетілдіруінсіз мүмкін емес. Жинақ табыстар мен
тұтынудың айырмасын көрсетеді.
Өзінің қызметі барысында банк әр түрлі аудиториялар типтерімен
байланысқа түседі: бәсекелестермен, клиенттермен, мемлекетпен және т.б.
Бұлармен банк пайданы оңтайландыру мақсатымен өзара әрекет етеді.
Бірақ та бұл банктің банктік қызметтер нарығында қызмет атқара отырып,
көздеген жалғыз мақсаты емес. Бұдан басқа, банктер қаржы ресурстарының
өтімділігі мен табыстылығының колайлы үйлесімділігін, банк атағын құру мен
қолдауын және т.б. қамтамасыз етуге ұмтылады. Өз кезегінде, банктің жақсы
атағы тек осы банкке келетін клиенттердің санына әсер етеді.
Банктің клиенттерімен қарым-катынасы банк өнімдерін сатып алу-сату
процесінде пайда болды. Оларға мыналар жатады: несие беру, депозиттік
шоттарды ашу, бағалы қағаздарды шығару, сатып алу және сату бойынша
операциялар, валюталық қатынастар, есеп-айырысу операциялар табылады.
Бұл курстық жұмыс банк қызметтері мен банк қызметтерінің түсінігі, оның
қызмет ету жағдайына талдау жасауға және жетілдірудегі кейбір мәселелерге
арналған. Осыған байланысты бұл жұмыстың басты мақсаты – Қазақстан
Республикасының қазіргі кездегі банк қызметтерін, оның аспектілерін, мәнін,
комерциялық банктер қызметінің жіктелуін және Альянс Банктің қызметтерін
талдау болып табылады. Сонымен қатар банк қызметтерінің қазіргі жағдайы мен
перспективаларына талдау жасау.
1. Банктік қызметтер теориясының аспектілері.
1.1. Банк қызметінің мәні

Банктік жүйе - нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас
құрылымдарының бірі.
Банктердің және тауарлы-ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи
тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты.
Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей
байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының
экономикалық мүддерлерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер
қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық
жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша
қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді,
ақшалай есеп айырылысу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген
қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық
өнімнің айналасына тікелей ықпал етеді.
Қаржылық делдалдар осылай қоғамға ақша капиталын саларалық,
ауданаралық үлестіру механизмін қамтамассыз ету арқылы маңызды халық
шаруашылығы қызметін атқарады.
Банктің атқаратын кейбір қызметтеріне тоқталып кеттік, ал енді
банктің қызметтері деген түсінікке анықтама беріп кетейік.
Экономикалық кітаптарда бұл терминге әр түрлі көзқарас тұрғыдан талқылау
жасалынады.
Қазақстан Республикасының банктер және банктік қызметі туралы
заңында мынадай анықтама беріледі: Банк операцияларын жүзеге асыру, сондай-
ақ банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдардың осы бапта белгіленген өзге де операцияларды жүргізуі банк
қызметі болып табылады. Ғ.С.Сейітқасымовтың Ақша, Несие, Банктер
кітабында Банк қызметін - банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс-
әрекеттерді орындауын сипаттауға болады. Кез келген банк өнімінің негізінде
қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі
жатады делінген.
"Банктік қызмет - клиенттің қажеттілігін қанағаттандыру нысаны, банк
клиентіне қызмет көрсетудің нәтижесі. Банк өнімі - банк клиентіне кызмет
көрсету әдісі, клиентке қызмет көрсетудің бірыңғай технологиясымен
біріктірілген операцияларды орындаудың құжаттандырылған регламенті
(ережелердің тәртіпке келтірілген жиынтығы). Банк операциясы - клиенттің
үшінші тұлғалармен немесе банктің өзімен жасасқан мәмілені (трансакция)
іске асырудың мақсаттары, орны және уақытысы бойынша тәртіпке келтірілген
банктегі персоналдар әрекеттерінің жиынтығы. Осы түсініктердің өзара
байланысы банк технологиясының мазмұнын анықтайды.
Аталған қызметтерді тек өзіне ғана тән ерекшелігі бар арнайы қаржылық
мекеме атқарады. Осы мекеменің өзіне тоқтала кетсек.
Банк - заңды және жеке тұлғаларда шоғырландырылған ақша ағымдарының
қозғалысымен байланысты ерекше өнімді өндіретін, осы қаржы құралдарының
есебінен банк қызметтерін көрсететін арнайы экономикалық институт.
Банк кызметінің қорытынды нәтижесін анықтау үшін банк түсінігінің
мәні және клиент - банк - клиент схемасы қарастырылған болатын.
Егер материалдық өндіріс сферасында қызмет нәтижесі дайын өнім
болса,банк сферасында қызмет нәтижесі банк қызметі болып табылады.
Клиенттің ниетіне байланысты банк клиент пайдасына өзінің операциясын
жүргізе отырып, оған белгілі бір қызметті ұсынады. Клиенттің банкте
орналастырылғын ақша қаражаттарының ролі, әрине, банк үшін маңызды болса
да, клиенттің өзінің пассивтік операцияларға қатысу дәрежесі үлкен емес.
Банктер активтік операциялар кезінде клиенттерге ұсынатын қызметтерге, яғни
несие беруден басқа өзінің жеке саясаты шеңберінде және де клиент
тапсырмасы бойынша және шоты есебінен банктің жүргізетін бағалы қағаздармен
операцияларына (қор операциялары) маңызды назар аударады. Іс-жүзінде
келесідей банк операцияларының тобында клиентгің толық қатысуы орын алады:
клиенттің тапсырмасы бойынша және комиссиондық бастамаларда жүргізілетін
сенімді және комиссиондық-делдалдық операциялар. Барлық осы операциялар
клиент банк - клиент схемасына жауап береді және банктік қызмет
түсінігіне тең мағыналы. Банктің клиент қаражаттарын тартудағы мақсаты
тек тікелей пайда табу емес, сонымен қатар төлемдердің қоғамдық қажетті
қызметін орындай отырып, болашақта пайдалану мақсатымен берілген
қаражаттарды шоғырландыру мүмкіндігі болып табылады. Операцияларды
орындай отырып, өз клиенттеріне ұсынатын қызметтері үшін банк , әдетте,
сыйақы алады. Сонымен, мынадай қорытынды жасауға болады: банк - бұл банк
қызметтерін көрсететін кәсіпорын. Ал банктік қызмет ретінде клиенттің
тапсырмасы бойынша және клиенттің пайдасына белгілі бір төлем үшін
жүргізілетін банк операцияларын айтуға болады.

1.2. Коммерциялық банктер қызметтерінің жіктелуі.

Банктер қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажырататын
функцияларды орындаудан көрініс табады.
Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту мен
қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар
бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ осы екі қызмет төңірегінде
банктік өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін.
Қазіргі кезде әмбебап банктер банк қызметтерінің және қаржылық
қызметтердің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең қатарын
ұсынады. Осы кезде басқа банктер бәсекелестік артықшылықты жаулап алу және
оны мықты түрде сақтандырьш қалу мақсатымен қатаң түрде белгілі бір
қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануга тырысады.
Коммерциялық банктердің желісі ақша нарығының қалыптасуына ықпал етеді, ал
заңды және жеке тұлғалардың мемлекетте уақытша бос ақша қаражаттарының
болуы және оны экономика мен халықтың қысқа мерзімдік қажеттіліктерін
қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының экономикалық негізі болып
табылады.
Коммерциялық банктер негізінен өз клиенттерінің шарушылық қызметтеріне
қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық
операциялардың барлық түрлерімен айналысады.
Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметі туралы Заңға
сәйкес банктер мынадай операцияларды орындай алады:
- ақылы негізде депозиттерді тарату;
- клиенттер мен банк-корреспонденттердің шоттарын жүргізу және
оларға кассалық кызмет көрсету;
- қайтарымдылық, мерзімдік және төлемдік шарттарымен заңды және
жеке түлғаларға қысқа мерзімдік несиелер беру;
- инвестицияланатын қаражаттар иелерінің немесе иемденушілердің
тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;
заңда керсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару (чектерді,
вексельдерді, аккредитивтерді, депозиттік сертификаттарды, акцияларды және
басқа да қаржылық міндеттермелерді);
- төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа
да операцияларды жүргізу;
- ақшалай нысанда орындауды қарастыратъш үшінші тұлғалар үшін
кепілдеме және өзгеде міндеттемелерді беру;
- тауар тасымалын талап ету құқғыын, сатып алу және қызмет
көрсету,
- осындай талаптардың орындалуын және бұл талаптардың инкассациялық
(факторинг) тәуекелін өз мойнына алу;
- банктік операциялар бойынша брокерлік қызметтерді көрсету,
клиенттердің тәуекелі бойынша олардың агенттері ретінде әрекет ету;
- клиенттер үшін құжаттар мен бағалылықтарын сақтандыру бойынша
қызметтер (сейфтік бизнес);
- коммерциялық мәмілелерді қаржыландыру, сондай-ақ сату құқысыз
(форфейтинг);
- клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды
(қаражаттарды қарау және орналастыру, бағалы қағаздарды басқару); банктік
қызметпен байланысты кеңес беру қызметін көрсету; лизингтік операцияларды
жүзеге асыру.
Ұлттық банкінің арнайы лицензиялары бар болса, банктер басқа да
банктік қызметтерді жүзеге асыра алады. Соның ішінде шетел валюталарымен
операцияларды жүргізу; халықтың ақшалай салымдарын қарау; ақшаларды
аударуға байланысты кызметтерді көрсету (инкассация).
Осы операцияларды топтай отырып, олармен атқарылатын негізгі
қызметтерді былай құруға болады:
• уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау (депозиттік операциялар);
• экономиканы және халықты несиелендіру (активтік операциялар);
• қолма-қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізу;
• инвестициялық қызметті;
• клиенттерге басқа да қаржылық қызметтерді көрсету.
Меншікті капитал - банктің несиелік ресурстарының маңызды және
ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық ресурстарының тек 10%-ын кұрайды.
Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда қаржылық ресурстар құрамында меншікті
капиталдың төменгі деңгейі болуы мынадай жағдайлармен түсіндіріледі
біріншіден, банктер қаржылық нарықтарда қаржы делдалы ретінде басқа
кәсіпорындардың, мекемелердің және халықтың уақытша бос қаражаттар сомасын
депозит түрінде жинақтайды, осы жағдайда оларды тиімді басқарады, сондай-ақ
олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және пайдалық негізде қарызды қарыз
алушыға ұсынады. Екіншіден, депозиттерді мемлекеттік сақтандыру
жүйесі болады, бұл салымдарды жаппай кері алу қауіптігін төмендетеді.
Үшіншіден, банктерге тартылатын депозитер басқа кәсіпорындардың материалдық
объетілерінде орналастырылған активтеріне қарағанда қондырғы ғимаратты
ыңғайлы. өтімді және нарықта оңай өткізіледі.
Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда осы барлық міндеттемелер коммерциялық
банктерге меншікті капиталдың тартылған ресурстарға өзара қатынасында өз
міндеттерін жүзеге асыруға және дұрыс қызмет етуіне мүмкіндік береді.
Жоғарыда айтылып өткендей, банктер өздерінің активтік операцияларын
жүзеге асыру үшін тартылған қаражаттардың 90%-нан жоғары бөлігін
пайдаланады, сондай-ақ банктер өз клиенттерінің уақытша бос ақшалай
қаражаттарын жинақтайды. Дәстүрлі түрде осы каражаттардың негізгі бөлігін
депозиттер қүрайды. Депозит пен банк клиенттерінің жинақ салымдарынан
баска мерзімді жәые мерзімсіз салымдарының барлығы түсіндіріледі.
Банктердің ақшалай қаражаттарды салымдарға тарту және оларды пайда табу
мақсатында орналастыру жұмыстары депозиттік операциялар деп аталады.
Депозиттік операциялар мынадай қағидалармен ұйымдастырылады:
• банктік пайда алуға немесе болашақта пайда алу үшін жағдай жасауға;
• депозиттік операциялар әрекет ету керек;
• банк балансының оперативтік өтімділігін демеу мақсатында икемді
депозиттік саясат жүргізілуі керек;
• банк балансының өтімділігінің жоғары дәрежеде демеп отыратын мерзімдік
салымдарға депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесіне ерекше назар
аударылуы қажет;
• депозиттік операциялармен қарыздарды беру бойынша операциялардың
арасында мерзім және сомалар бойынша өзара байланыс пен
сабақтастылықты қамтамасыз ету қажет;
• депозиттерді тартуға әрекет ететін банктік қызметтерді дамытуға
шаралар қолдану.
Шетелдік банктік тәжірибеде алып тастау тұрғысынан қарағанда талап
еткенге дейінгі депозиттер, мерзімді және жинақ салымдары деп ажыратылады.

1.3. Коммерциялық банктер қызметінің принциптері

Коммерциялық банк қызметінің алғашқы және негізін қалаушы принципі
нақты бар ресурстар шегіндегі жұмыстар болып табылады.
Нақты бар ресурстар шегіндегі жұмыстар коммерциялық банктің тек қана
өз ресурстары мен несиелік салымдарының арасындағы сандық сәйкестігіне ғана
емес, сондай-ақ оның ресурстарының жұмылдыру ерекшелігіне банктік активтер
сипатының сәйкестігіне қол жеткізуі тиіс екендігін білдіреді. Ең алдымен,
ол оның және басқалардың мерзімдеріне қатысты. Сонымен, егер банк басты
түрде қысқа мерзімдерге қаражат тартатын болса, ал оларды ұзақ мерзімді
несиелерге салатын болса, онда таралуына қауіп төнеді. Банк активтерінде
жоғары тәуекелді несиелер санының көп болуы банктен оның ресурстарының
жалпы көлемінде өз қаражатының басым көпшілігін ұлғайтуды талап етеді.
Коммерциялық банктер қызметі негізделетін екінші маңызды принцип өз
қызметінің нәтижелері үшін банктің экономикалық жауапкершілігін білдіретін
экономикалық дербестік болып табылады. Экономикалық дербестік банктің өз
қаражатын және тартылған ресурстарды еркін иемденуін, клиенттер мен
салымшыларды еркін таңдауын, банк табыстарын иемденуін білдіреді.
Қолданыстағы заңнама барлық коммерциялық банктерді өз қорлары мен
табыстарын иемденуге экономикалық еркіндік береді. Салықты төлегеннен
кейін оның иелігінде қалатын банк табысы акционерлердің жалпы жиналысының
шешіміне сәйкес бөлінеді. Ол банктің әр түрлі қорларға аудару нормалары мен
мөлшерлерін, сондай-ақ акциялар бойынша дивиденттер мөлшерін белгілейді.
Үшінші принцип коммерциялық банктің өз клиенттерімен қарым-қатынасы
әдеттегі нарықтық қатынастар сияқты құрылатындығын білдіреді. Несиелер бере
отырып, коммерциялық банк, ең алдымен, табыстылықтың нарықтық шарттарынан,
тәуекелділік пен таралымынан шығады.
Коммерциялық банк жұмысының төртінші принципі оның қызметін реттеу тек
қана жанама экономикалық (әкімшілік емес) әдістермен жүзеге асырылуы мүмкін
екендігін білдіреді. Мемлекет коммерциялық банктер үшін тек қана ойын
ережесін анықтайды, бірақ оларға бұйрық бере алмайды.
Коммерциялық банктердің функциялары. Коммерциялық банктің маңызды
функцияларының бірі несиеде делдалдық болып табылады, оны олар кәсіпорындар
қорларының және жеке адамдардың ақшалай табыстарының айналымы процесінде
уақытша босатылатын ақшалай қаражатты бөлу жолымен жүзеге асырады.
Коммерциялық банктердің делдалдық функциясының ерекшелігі ресурстарды қайта
бөлудің басты шарты оларды қарыз алушының пайдалануымен табыстылығы болады.
Ресурстарды қайта бөлу банктердің аралық буындардың қатысуынсыз жоғары
тұрған банк құрылымдарының атынан араласуы кезінде несие берушіден қарыз
алушыға көлденең шаруашылық байланыс бойынша ақылы және қайтарымды
шарттарда жүзеге асырылады. Берілген және алынған қаражат қарызы үшін төлем
қарыз қаражатының сұранысы мен ұсынысы ықпалымен қалыптасады. Нәтижесінде
қатынастың нарықтық типіне сәйкес шаруашылықта қаржы ресурстарының еркін
ауысуына қол жеткізіледі.
Коммерциялық банктердің бірінші міндеті – шаруашылықтағы жинақтарды
ынталандыру. Коммерциялық банктер қаржылық нарықта несиелік айтыстарға
түсе отырып, қолда бар шаруашылық жинақтарды барынша жұмылдырып қана
қоймай, сонымен қатар қаражатты жинақтауға ынталандырудың қажетті
тиімділігін қалыптастыруы керек. Қор жинауға және ақша қаражатын
ынталандыру коммерциялық банктердің икемді депозиттік саясаты негізінде
қалыптасады. Банк несиешілеріне салымдар бойынша төленетін жоғары
проценттерден басқа, банкте жиналған қорларды сақтау орындарының беріктігі
жөнінде жоғары кепілдік қажет. Кепілдікті жасау болып банк мекемелерінің
активтерін коммерциялық банктерде сақтандыру қорларын қалыптастыру болып
табылады.
Банктердің екінші міндеті – жекелеген дербес субьектілер арасындағы
төлемдерде дәнекер болу. Қор нарығының қалыптасуына байланысты банктердің
құнды қағаздармен операцияларда дәнекер болу сияқты да міндеттері дамуда.
Банктер құнды қағаздар нарығында дәнекер ретінде; инвестициялық кеңесші;
инвестициялық компанияның және инвестициялық қордың жұмысын іске асыра
алатын инвестициялық институттар ретінде жұмыс жасауға құқылы. Қаржылық
брокер ретінде жұмыс жасауда банктер клиент есебіне және тапсырмасы
бойынша комиссия келісімі немесе тапсырысы негізінде құнды қағаздарды
сатып алу-сатуда дәнекер міндеттерін орындайды.
Инвестициялық кеңесші ретінде банк өз клиенттеріне құнды қағаздардың
шығуы және айналысы бойынша кеңестік қызмет көрсетеді. Егер банк өзіне
инвестициялық компанияның рөлін алса, ол онда құнды қағаздарды шығаруды
және оларды үшінші адамның пайдасына орналастыру бойынша кепілдік беруді
ұйымдастырады; құнды қағаздарды өз атынан және өз есебінен сатып алу-сату,
оның ішінде құнды қағаздарды баға кесу жолымен, яғни, өзі сататын немесе
сатып алуға міндеттелетін белгілі бір құнды қағаздарға сатушы бағасы
және сатып алушы бағасы етіп хабарлайды. Банк өз қорын құнды қағаздарға
өз атынан салғанда мұндай орналастырудағы барлық қауіптер, сатып алынған
құнды қағаздардың нарықтық бағасының өзгеруінен болған барлық пайда мен
шығындар банк акционерлерінің есебіне енсе, ол инвестициялық қор ретінде
жұмыс жасайды.

2. Банктік қызметтер және олардың Қазақстандағы дамуы
2.1. Альянс Банктің шаруашылық қызметінің көрсеткіштері

Альянс Банк АҚ өз саласында соңғы уақытта бірқатар жетістіктерге қол
жеткізуде. Жақында Вашингтонда өткен Халықаралық Валюта қорының жылдық
жиыны шеңберінде Еurоmопеу халықаралық іскерлік басылымының марапаттау
рәсімі болып өтті. Бұл салтанатта Альянс Банк АҚ екі номинацияда -
халыққа қызмет көрсету бойынша үздік банк - Best Retail Bank in
Kazakhstan және корпоративтік басқару жөнінде жетскші банк- Leading Bank
in corporate Govermance ретінде аталып өтті.
2007 жыл Қазақстанның экономикасы соның ішінде, банк секторы
айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған кезең ретінде тарихта қалады. Соның
ішінде ең басты тенденция - банк секторындағы даму қарқыны республикадағы
жалпы даму қарқынынан анағұрлым алға ұзап кеткені. Бұған қолайлы
экономикалық жəне саяси жағдай əсер етті, соның арқасында қазақстандық
банктер шетелден үлкен мөлшерде қаржы тарта алды, бұл олардың қор көлемін
ұлғайтып, активтерін өсіруге жəрдемдесті. Бұл жағдай банктердің несие беру
көлемін ұлғайтуына септігін тигізді. Осы аз ғана уақыт ішінде Альянс Банк
банктердің жалпы республикалық рейтингінде 14-орыннан 2007 жылдың
қорытындылары бойынша 5-орынға секіріс жасады. Содан кейін 2008 жылдың бар
болғаны бес айында Банк активтерінің көлемі мен жеке капиталы бойынша 5-
орыннан 3-орынға көтеріле алды. Қазір ол Қазақстандағы көшбасшы
банктердерің қатарында, халық арасында Банктің беделі зор. Банктің
жетістіктері оның қаржылық көрсеткіштерінен-ақ байқалып тұр.
2007 жылы Банк 1,5 миллиард АҚШ доллары сомасына MTN (medium term
notes) бағдарламасын орнатты (1 қосымша). Осы бағдарламаның аясында 2006
жылдың сəуір айында Альянс Банк 250 млн. доллардың, қыркүйекте – 350 млн.
доллардың, қарашада 200 млн. доллардың еурооблиацияларын орналастырды.
Сондай-ақ 2006 жылдың наурызында Банк 150 млн. доллардың гибридті мерзімсіз
еуробондтарын орналастырды. 2008 жылдың қаңтар, ақпан айларында Альянс Банк
еуро түрінде (750 млн.) жəне фунт-стерлинг түрінде (250 млн.)
еурооблигациялар шығарды.
2007 жылдың бірінші жартыжылдығында Альянс Банк қалыптасқан қарқынды
даму үрдісін сол қалпында сақтады, сөйтіп активтері мен жеке капиталының
ауқымы жағынан Қазақстандағы коммерциялық банктер рейтингінде 3-орынды
иеленді. Альянс Баанктің активтері 2007 жылдың бірінші жартыжылдығының
қорытындылары бойынша бір триллион теңгеден асып түскен, 2007 жылдың 1
шілдесіндегі мəліметтер бойынша оның нақты көлемі 1 332 млдр. Теңге,
міндеттемелері – 1 196 млрд. Теңге, жеке капиталы – 136 млрд. Теңге.
Банктің 2008 жылдың бірінші жарты жылдығындағы таза табысы 19,6 млдр.
Теңгені құрады.
Акционерлер бизнесін бұдан былай да өсіре беру мақсатында Альянс Банк
2008 жылдың шілде айында қарапайым акционерлік капиталының 17,4 пайызын
Лондон қор биржасына ғаламдық депозиттік қолхат түрінде орналастырды. Қор
биржасына шығуға түрткі болған тағы бір фактор SAFC қаржылық холдингінің,
жəне оның бір бөлігі ретінде Альянс Банктің жоғары халықаралық
стандарттарға сай, трансұлттық компания ретінде өсіп-жетілуге икемділігі
болды. Сонымен қатар бұл қадам оның іс-əрекеттері мен корпортивтік
басқаруындағы жариялылықтың бір үлгісі болды.

2.2. Альянс Банктің даму саясаты
Орта мерзімдік стратегия

Бұрын Альянс Банк қарқынды өсу стратегиясына сәйкес дамыса, қазіргі
кезде стратегиясының векторы жеткен жетістікті сақтап, жақсарта отырып,
түсімділік және жұмыс сапасын жоғарылату жағына қарай ауысты.
Банк бұрынғысынша бизнестің барлық бағыттарында әмбебап банк ретінде
өркендейді.
Банк бөлшек несие беру бағытында кредиттік карталар арқылы несие беру
үлесін біртіндеп ұлғайтып, көшбасшылық орындарды сақтауға және кредиттік
өнімдерді сату көлемін ұлғайтуға бағыт ұстайды.
Депозиттік базаны кеңейту. Депозиттік өнімдер, желіні кеңейту, сапалы
қызмет көрсету бойынша тартымды шарттардың есебіне халық депозиттерінің
көлемі бойынша алғашқы үштік көшбасшы қатарына кіру депозиттерді тарту
рыногындағы басты міндет болып табылады.
Банктің жеке капиталының мөлшерін ұлғайту акционерлік капиталдың өсуі
арқылы және кірісті капиталға айналдыру есебінен қамтамасыз етіледі.
Тарифтік саясат. Банк әрбір клиентке жеке көңіл аударады, осыған қарай
дифференцияцияланған баға құру саясаты құрылады. Іс жүзінде халықтың түрлі
топтары үшін VIP- қызмет, арнайы банктік өнімдер жүзеге асырылады.
Кадрлық саясат. Альянс Банк менеджменті үшін қазақстандық банктер
арасындағы бәсеке күшейген кездегі негізгі басымдылықтардың бірі
қызметкерлерінің кәсіби деңгейін жоғарылату болып табылады. Осыған
байланысты 2006 жылы Альянс оқу орталығы құрылды, оның негізгі мақсаты -
арнайы тренингтер және семинарлар өткізу арқылы Банк жұмыскерлерінің
біліктілігін арттыру.
Несиелік тәуекелді басқару
Несиелік тәуекелді тиімді басқаруының арқасында Банк несиелік
портфелдің сапасын қалыпты жағдайда ұстап тұра алады.
Несиелік портфель сапасын жақсарту жұмысы төмендегі бағыттар бойынша
жүріп жатыр:
• Несиелік тәуекелді бақылау және мониторинг жасау процедурасын
жетілдіру – бұл бағытта 2006 жылы портфельдегі барлық мерзімінде
өтелмеген займдарды мониторингтен өткізу саласы толығымен
автоматтандырылды;
• Заем алушылардың ішкі несиелік рейтингтік жүйесі жетілдірілді;
• Несиелеу кезеңдерін әрі қарай оңайлату және тәуекелді дер кезінде
бақылау мақсатында бизнес-процесстер жаңа несиелік өнімдерді
автоматтандыру жалғасты;
• Ұжымдық құрылымды оңтайландыру мақсатында несиелік тәуекелді тиімді
бақылау үшін филиалдарда тәуекел менеджерлерінің штатын кеңейту
жүргізілді;
• Проблемасы көп активтерді бақылау процедурасы жетілдірілді.
Несиелік портфельдің көлемі мен мерзімі өткен қарыздардың ұлғаю
динамикасы

2005 2006
2007
2007 жылдың соңындағы мәліметтер бойынша, баланс есебінен жабылған
несие үлесі ссудалық портфельдің 0,08 пайызын құрады. 2006 жылы қалпына
келтірілген несиелер саны 2005 жылмен салыстырғанда аздап қана өзгеріп, 60
миллион теңгені құрады.
1-кесте. Банктің ссудалық портфелі сапасының өзгеру динамикасы
миллион теңге
2005 2006 2007
Баланс есебінен жабылған 334 39 534
несиелер
Ссудалық портфельдегі 0,61% 0,02% 0,08%
үлесі
Қалпына келтірілген 3 67 60
несиелер

Ссудалық портфель сапасының артуы Банкке займдар бойынша провизияларды
қысқартуға мүмкіндік береді, 2007 жылдың соңында оның көлемі 3,3 пайызды
құрады. Банк жедел несиелер бойынша сақтандыру компаниялармен басқа да
қаржылық шығындардан сақтандыру келісім шарттарын жасады.
Банк бұрынғысынша несиелік портфельдің шоғырлану көлемін бақылап отыр.
Мәселен, ең ірі он несиенің үлесі жалпы несиелік портфельде ең оңтайлы
деңгейде сақталып отыр, 2007 жылдың соңындағы сәлімет бойынша, оның көлемі
14 пайызды құрады, бұл жыл басындағы 4 пайызға аз көрсеткіш.
Банк әрдайым салалық диверсификациялау құрылымдарының сапасын
жақсарту бағытында жұмыс істеп келеді. Аймақтар бойынша салалық бағыттардың
картасы әзірленіп, жұмыс істеп тұр. Ол бойынша, аймақтық, салалық,
басымдылықтар белгіленіп, салалық лимит көрсетілген.
Несиелік портфель
2007 жылдың қорытындылары бойынша Банктің несиелік портфелі 2006
жылмен салыстырғанда 3,5 есе немесе 449 660 миллион теңгеге өсіп, 633 027
миллион теңгеге жетті. Оның активтегі үлесі 2005 жылдың соңындағы 55%-бен
салыстырғанда едәуір өсіп, 69%-ға жетті.
Несиелік портфель жəне оның банк активеріндегі үлесінің өсу динамикасы

2005 2006 2007

несиелік портфель несиелік портфельдің активтердегі үлесі
Альянс Банк берген несиелер көлемінің өсуі ең алдымен сату желісінің
кеңеюімен бөлшек несиелеу белсенділігінің артуы және халық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР Банктердің қазіргі жағдайы
Ақша-несие саясатын ұйымдастырудың және жүзеге асырудың теориялық негіздері
Апаттық-құтқару қызметтері мен құрылымдарының міндеттері туралы
Алымдар және төлемдер
Құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарға басшылық жасау
Мемлекеттік қаржылық бақылау
Жедел іздестіру қызметінің құқықтық негіздері
Жоғары оқу орындары үшін оқу құралы
Мемлекеттік бюджеттік бақылаудың құқықтық негіздері
Қазақстан Республикасының банк жүйесі. Банк жүйесін жетілдіру жолдары
Пәндер