Міржақып Дулатовтың өмірі



Халық жүрегіне ерекше қымбат тұлғалардың бірі – Міржақып Дулатұлы. Жақаңның бар ғұмыры халқымен тығыз байланысты. Осы арада бір ғана жәйтке тоқталсақ, қазақтың азаттық қозғалысының алғашқы сәулесіндей жылт еткен “Серке” газетіндегі “Жастарға” атты өлеңі мен жариялана түсіп жабылып қалған “Біздің мақсатымыз” атты мақаласына биыл аттай жүз жыл толады.

М.Дулатұлының есімі ақталып, бүкіл шығармашылық мұрасы халыққа қайтарылғалы жиырма жылға таяу уақыт болды. Содан бері оның әлеуметтік-саяси және әдеби-публицистикалық қызметін зерттеп, қоғамдық сананың игілігіне айналдыру жөнінде бірсыпыра істер атқарылды.

Бұл бағыттағы алғашқы тындырымды қадамдар ретінде 1988 жылы 4 қарашада Қазақ КСР Жоғарғы сотының шешімімен оның заң жүзінде азаматтық жағынан ақталуын және 1989 жылы 26 шілдеде М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұсынысымен Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті комиссия­сының қорытындысы бойынша қаламгердің шығармашылық мұрасы идеялық-саяси тұрғыдан ақталғанын атап көрсетуге болады.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Міржақып Дулатов

Халық жүрегіне ерекше қымбат тұлғалардың бірі – Міржақып Дулатұлы.
Жақаңның бар ғұмыры халқымен тығыз байланысты. Осы арада бір ғана жәйтке
тоқталсақ, қазақтың азаттық қозғалысының алғашқы сәулесіндей жылт еткен
“Серке” газетіндегі “Жастарға” атты өлеңі мен жариялана түсіп жабылып
қалған “Біздің мақсатымыз” атты мақаласына биыл аттай жүз жыл толады.

М.Дулатұлының есімі ақталып, бүкіл шығармашылық мұрасы халыққа
қайтарылғалы жиырма жылға таяу уақыт болды. Содан бері оның әлеуметтік-
саяси және әдеби-публицистикалық қызметін зерттеп, қоғамдық сананың
игілігіне айналдыру жөнінде бірсыпыра істер атқарылды.

Бұл бағыттағы алғашқы тындырымды қадамдар ретінде 1988 жылы 4 қарашада
Қазақ КСР Жоғарғы сотының шешімімен оның заң жүзінде азаматтық жағынан
ақталуын және 1989 жылы 26 шілдеде М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер
институтының ұсынысымен Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті
комиссия­сының қорытындысы бойынша қаламгердің шығармашылық мұрасы идеялық-
саяси тұрғыдан ақталғанын атап көрсетуге болады.

Осыдан кейін-ақ Алаштың өзге қайраткерлерімен бірге Міржақып
Дулатұлының да қоғамдық-саяси және әдеби-шығармашылық мұрасын жариялау және
кең көлемде насихаттау жұмысы белсене қолға алынды. Тоқсаныншы жылдардың
бас кезінде шығармаларының әуелі бір томдық, сонсоң екі томдық басылымдары
жарық көрді. Тарихшы, әдебиетші ғалымдар оның саяси-әлеуметтік және әдеби-
публи­цистикалық қызметтерін кең көлемде зерттей бастады. Мерзімді баспасөз
беттерінде өмірі мен қызметі жайында тағылымды мақалалар жарияланды.
Алғашқы ғылыми монографиялар жарық көрді. Кандидаттық диссертациялар
қорғалды. Артында қалған жалғыз мұрагері Гүлнар Міржақыпқызының ерекше күш
салып, қалам тербеуі арқасында “Шындық шырағы” атты екі томдық естелік
еңбегі оқырман қауымға тарту етілді.

Осындай жүйелі жұмыстардың нәтижесінде 2002-2004 жылдары Алаш
ардагерлері ішінде алғашқы болып М.Дулатұлы шығармаларының бес томдық
академиялық басылымы жарық көрді. Солардың барлығының бір түйінді нәтижесі
ретінде бір топ жас ізшілдердің табанды ізденісі арқасында сонау
солтүстіктегі Карелия жерінде дамылдап жатқан ардагер аға мүрдесі Торғай
жеріндегі өзінің туған топырағына әкелініп, қазақ дәстүрімен қайта
жерленді.

Енді, міне, белгілі бір мөлшерлі мезгіл жеткенде, ел жадындағы
жақсының ғибратты ғұмырына тағы бір көңіл көзімен барлай қарап, тағзым
етудің сәтті орайы келіп тұрғандай.

Демек, бұл тұста Міржақып Дулатұлы кім деген сауал көлденеңдей
алмайды. Оның халық деп соққан жүрегінің дүрсілі ғасыр сағатының тіліндей
тырсылдап естіліп тұратынына ешкімнің күмәні болмаса керек. Ендігі мәселе –
біз оның табиғи болмысына қаншалықты бойлай алдық деген сұрақтың
төңірегінде ғана өрби алмақ. Сондықтан бұдан арғы әңгімені де біз осы
бағытта жалғастырмақпыз.

Өткен ғасырдың ұшар басында Торғайдың екі басқыш қазақ-орыс мектебін
және Қостанайда осындай мектеп жанынан ашылған бір жылдық курсты бітіріп,
мұғалімдік куәлік алып шыққан жас жігіт туған елінде бір-екі жыл ауыл
мектебінде бала оқытты. Үйез орталықтарында оқи жүріп, елдің әлеуметтік
өмірінен азды-көпті хабардар болған көзі ашық жігіт ауыл тірлігімен томаға
тұйық қала алмады. Әр түрлі салаға ой жүгіртіп, әлденелерге алаң болды.
Сондағы оны ең мазалаған нәрсе, ауыл балаларына жүйелеп сабақ берерлік
оқулықтар жоқ: әсіресе есеп шығартатын, әртүрлі мәтін оқытып жаттықтыратын
оқу құралдары жетпейді, соларды өзіміз-ақ құрастыруымызға болар еді-ау
деген ой мазалайды.

Мектеп қабырғасында әртүрлі ғылыми пәндерден алып шыққан білімін әрі
қарай жалғастырып, жетілдіру жөнінде де іштей бір қажеттік сезінеді.
Әсіресе көбірек әуестенетіні – әдебиет. Кентті жерде орыс тілін әжептәуір
меңгеріп, көркем шығарма оқуға жаттығып қалған ол енді өз жанынан ой
құрастырып, ұйқасты сөздер жазуға да машықтана бастаған. Солармен қабаттаса
мұның назарын аудара беретіні – ел өмірінің ахуалы. Ана тілінде шығатын там-
тұм баспасөз бетінен шұқшия оқитыны – қазақ халқының хал-жағдайын ойлап қам
жеген зиялы азаматтар сөзі. Сондайда көбірек көз тоқтататын екі есім бар.
Бірі – Әлихан Бөкейханов деген кісі де, екіншісі – осы Торғай топырағынан
шыққан, бүгінде мұндағы жұрт аузында жиі айтыла бастаған Ахмет Байтұрсынов.

Жас жігіт соларды бір көрсем деген ниетке беріле бастады. Ақыры, 1904
жылдың көктемінде, оқу жылы аяқталысымен, Омбы қайдасың деп, солар тұрған
қалаға қарай тартып отырды. Айтқандай-ақ, іздегенін тапты. Үлкен шаһарға
барып, ағаларына сәлем берді. Солардың жылы шырайын көріп, кемді күн тығыз
араласты. Байқайды, екеуі де бұрын-соңды көріп жүрген адамдарынан бітім-
болмыстары тіпті бөлек, текті адамдар. Жүріс-тұрыс, сөз сөйлеу, үлкенді-
кішілі кісіге ілтипат-ықылас білдіру мәнерлері мүлде өзгеше, өте зиялы.

Әсіресе екеуінің ұзақ отырып әңгімелескендері қызық. Ылғи да бір
жәйттерді алыстан орағытып, кейде тұспалдай сөйлеп, кең өріске алып кететін
келелі ой жүйесі.

Әлекең өзінен жасы кішіге “шырақ” деп сөйлейді екен. Ал Ахмет ағасы
мұны бір көргеннен-ақ жақын тартып, “інішек” атап кетті.

Бір күні Ахаң мұны оңаша әңгімеге тартқаны бар:

– Інішек, сен келгелі бой-басыңа бағдарлап, байқап жүрмін. Талабың
бар, әжептәуір оқыған, зейін-зердең де орнықты жігіт көрінесің. Мұнда
келген сапарыңды теріс демеймін. Бірақ бұл жердің тәртібі қатаң, аяқ
басқаныңның бәрі есептеулі. Біз де орын ауыстырмақ ойдамыз. Сен ел ішіне
шық, жер көр. Өзің оқу бітіргенде Зайсан өңіріне жолдама ұсынды дедің ғой,
әлі де кеш емес, сол жаққа бетте. Қалың қазақ арасы, қазір көп ауылдарда
мектеп ашылып жатыр. Орын табылар, қажет кезінде Семей мен Омбы да алыстық
қылмайды, жол табасың, – деп қою қоңыр дауысымен баяулап отырып біраз сөз
айтты да, үстелінің тартпасынан қағазға ораған қалың дәптер алып шықты.

– Мынау Абай деген ақынның өлеңдері. Қазақтағы басқа ақындардай емес,
сөзі аз, мағынасы көп, терең. Өзің өлеңге әуестеніп жүр екенсің, ақын
болатын түрің бар. Ендеше, осы кісінің сөздерін оқып көр. Абайды қазақ
баласы тегіс танып, білуі керек.

Қағылез жігіт жақсы ағаның айтқанын екі етпеді. Елдің қиыр шығысындағы
Зайсанға қарай жол тартты. Сонда барып, Бекмұхамбет қажы атанған бір
белгілі кісінің ауылындағы қазақ мектебіне мұғалім болып орналасты.

Бұл бұрын өзі көрмеген кереметтей көрікті өлке екен. Басын бұлт шалып,
мұнар басқан биік-биік тау жоталары, сол таулардан сарқырап аққан өзендері,
теңізге бергісіз айдын шалқар көлі бар ғажайып өңірдің табиғатын тамашалап,
сабақтан бос кездерінде біраз аралаған. Сондай әсем көріністердің әсерімен
қиялы шарықтап, ақындық шабыты да ояна түскендей еді.

Бірақ көңілге қаяу салатын келеңсіз жәйттер де байқалды. Шаруашылыққа
өте қолайлы осыншама бай өлкенің ең сулы-нулы өңірлерін келімсектер келіп
иемденіп алған. Бұрын таудың төскейін жайлап, етегін ықтап дегендей, емін-
еркін иемденген жергілікті халықтың көші-қон өрісі тарылып, өз жеріне
өздері өгейсіп қалған жайлары бар екен. Осыны көргенде жігіт көңілі
самарқау тартып, аңсары орталыққа қарай ауа береді. Ой көзін сол жаққа
қадап, құлағын алыстан жеткен хабар-ошарға тосады. Бұл жаққа кешеуілдеп
келетін газет беттерін тінтіп оқиды.

Ақыры көзінің анық жеткені – арғы ішкі Ресейдің орталық қалалары қатты
дүрбелең үстінде екен: жұмысшылар ашық күреске шығыпты; саяси қозғалыс кең
қанат жайған. Соның дүмпуінен сескенген патша манифест жариялап, халыққа
әртүрлі жеңілдіктер мен шектеулі кеңшілік берген тәрізді. Осыны пайдаланған
қазақ зиялылары да қарап жатпай, Орынбор, Омбы сияқты қалаларда бас қосып
жатқан көрінеді. Сондай бір үлкен жиын Қарқаралыда болады екен деген анық
хабарды естігеннен кейін, бұл дереу солай қарай аттанды.

Міржақып мұнда бұқаралық үлкен шеру қарсаңында келген. Өзінің бұрыннан
таныс ағалары Әлихан мен Ахметтен жай-жапсарды естігеннен кейін, сол
дүрмектің алдыңғы қатарынан көрінді. Шеру өткеннен кейін қазақтың зиялы
азаматтары халқымыздың құқықсыз құлдық жағдайларын баяндап келіп, патша
үкіметіне он төрт пункттен тұратын петиция әзірледі. Осы шаралар үстінде
белсен­ділік танытқан жас мұғалім қазақтың тұңғыш ұлттық партиясын құру
жөніндегі құрылтай съезіне баратын делегаттар құрамына сайланып, Орал
қаласына келді. Одан әрі өздері үлгі тұтқан Ресей кадет партиясының съезіне
қатысу үшін бір топ адамдармен Петербургке кетті.

Осы сапар жас жігіттің көкірек көзін ашып, саяси санасын
қалыптастыруда өте тағылымды мектеп болған. Қарқаралы мен Оралдағы, одан
кейін Петербургтегі талай бас қосқан жиындарда қазақтың не бір марқасқа
зиялыларымен жақын танысып, олармен ұзақ дидарласып, көп-көп пікір
алмасқан. Сөйтіп, өзінің заманы жайлы, ел тағдыры, халқының мүшкіл халі
жөнінде ішкі сенімін нығайта түскен. Солардың ішінде Міржақыпқа ерекше әсер
еткен Шахмардан Қосшығұлов болды. Өте іскер, әрі ауқатты көрінген бұл кісі
өзі сияқты біраз беделді адамдармен пікір қосып, Петербургте қазақ тілінде
газет шығаруды ойластырады екен. Ақыры, сол істің хаттама құжаттары, қаржы-
қаражат жағы бірыңғайланып, татар тілінде шығатын “Улфат” газетіне қосымша
ретінде бастауға рұқсат алғаннан кейін, бұл соның алғашқы санына арнап
“Жастарға” деген шағын өлеңін ұсынды. Қосшығұловтың тапсыруымен кейінгі бір
санына арнап көлемді мақала жазды. Сөйтті де келген ізімен кері қайтты.
Бірақ істің аяғы насырға шапқанын ол кейін білді.

“Серкенің” жаңағы өлең жарияланған бірінші саны жарық көріп, одан
кейінгі санына аталған мақала әзірленіп жатқанда, газет материалдары
түгелдей тәркіленіп, оған біржола тыйым салынғаны тарихтан белгілі.
Баспасөзді бақылаушы шенеуніктер газет материалдарында үкіметке қарсы
айтылған пікір бар деп тауыпты да, оған қатынасқан адамдардың бәрі
жазалансын деп үкім шығарыпты. Бірақ бүркеншік атпен жазылған мақала
авторын таба алмапты.

Осы жәйттен көңіліне секем алған Міржақып ел арасында бас бағып жүреді
де, 1909 жылы Қызылжар қаласына келеді. Осында әуелі кітапханада, одан
кейін аралық сот кеңсесінде тілмәш-хатшы қызметін атқара жүріп, өндірте
шығармашылық жұмыспен шұғылданады. Бұдан бұрынғы өзі басы-қасында болған
оқиғаларды ойға салып қорытып, терең тебіреністен туған өлеңдерін қағазға
түсіреді. Сөйтіп, 1909 жылы Уфа қаласында “Оян, қазақ!” атты тұңғыш жинағы
жарық көреді. Араға бірер жыл салып, Қазан қаласынан “Бақытсыз Жамал” атты
қазақ әдебиеті тарихындағы тұңғыш романы шығады.

Бұл екі оқиға халқымыздың сол кездегі рухани өмірінде ел құлағын елең
еткізген айтулы жаңалық болғаны бұл күнде баршаға мәлім. Әсіресе өлеңдер
жинағының бүкіл қазақ даласын қалың ұйқыдан дүр сілкінтіп оятқаны халық
зердесіне мықтап орныққан. Соның айқын бір айғағы – артынан жеделдетіп
екінші рет басылуы. Бұдан кейін Міржақыптың үстінен қылмысты іс қозғалып,
артынан тынымсыз тыңшылық бақылау қойылғаны, сөйтіп, Қызылжар, Семей, Омбы,
Орынбор, Саратов қалаларының тергеу орындарында кітап авторы туралы неше
түрлі сұрау салу, бір-біріне қосымша деректер хабарлау жөніндегі қызу
науқан туғызылғаны да қазір міржақыптанушылар арасында белгілі жәйттер.

Міне, осының барлығы жинақталып келгенде, кітап авторының тұтқынға
алынып, Семейдің абақтысында біржарым жыл қамауда отырғанын, сонсоң екі мың
сом айып төлеп әзер құтылғанын және білеміз.

Бірақ қуғын-сүргін мұнымен аяқталмаған. Петербургте бір кезде
“Серкенің” ісімен айналысқан тергеушілер енді “Оян, қазақпен” шұғылданып
отырғанда, ертеректе тәркіленген газеттің мазмұнымен бір ұқсастық
тапқандай, сондағы қағаздарды архивтен көтеріп салыстырса, “Арғын” атын
жамылып жүрген мақала авторы Дулатовтың нақ өзі болып шығады. Осыған қатты
шамданған шенеуніктер мұндай газетті мұрағат қорында сақтауға болмайды деп
тауып, сот палатасының шешімімен “Серкеге” байланысты барлық құжаттарды түк
қалдырмай құртып жібереді.

Сонда осының бәрі не үшін еді? Тек қана қазақтың бодан болып, құл
болып қаналғанын, құдай берген атамекен жер-суынан айрылып таланғанын
айтқаны үшін ғана болатын. Міржақыптың Алаш қозғалысындағы қайраткерлік
қызметінің алғашқы кезеңі осылай аяқталған.

* * *

М.Дулатұлының Ахмет Байтұрсынұлымен, Әлихан Бөкейханмен тығыз
ынтымақтасып, “Қазақ” газетін шығару жөніндегі атқарған қызметін екінші
кезеңге жатқызамыз. Бұл жылдардағы редакцияның ішкі жұмысын ұйымдастырып,
талай қиындықтарды бастан кеше жүріп, газеттің тарихи міндетін орындап
шығуы үшін Міржақыптың тек өз қара басы тарапынан қаншалықты ерен күш
жұмсағаны өз алдына. Бұл жерде оның бәрін тәптіштеп айтып жеткізу мүмкін
емес. Сондықтан біз оның бұл кезеңдегі шынайы азаматтық тұрғыдан бой
көрсетіп, қазақ халқының ұлттық мүддесі үшін мемлекеттік тұрғыдан көтерген
аса күрделі мәселелеріне ғана қысқаша тоқтала кетуді жөн көреміз.

Міржақып бұл тақырыпқа тіпті “Қазақ” газеті шықпай тұрғанда, өзі “Оян,
қазақ!” үшін тұңғыш қуғын көріп, бой тасалап жүрген кезде-ақ қалам тартып,
1911 жылы “Айқап” журналына “Государственная дума һәм қазақ” деген мақала
жазған. Оның мазмұны мынадай: 1905 жылы бірінші революция дүмпуімен патша
халыққа бірқатар бостандықтар жариялағаны жоғарыда айтылды. Соның бірі
Ресей халықтарының Мемлекеттік думаға өздерінен белгілі көлемде депутат
сайлауына құқық берілуі болатын. Бірақ бұл кеңшілік ұзаққа бармады.
Демократиялық қозғалыстың толқыны қайтып, ел іші тыныштала бастаған кезде,
патша өз жарлығын өзі бұзып, бірсыпыра бұратана халықтарды мемлекет
билігінің жоғарғы органына өкіл жіберу еркінен айырған-ды. Солардың ішінде
қазақ та бар еді. Осы қорлыққа Жақаң қара басының қайғысындай қапаланады.
“Бұған шыдап отыра бермейік, бүкіл халық болып үн қосып, талап етейік”, –
дейді. Рұқсат беріле қалған күнде жоғарғы заңнамалық орынға халыққа шын
жаны ашитын және айтар ойын дәлелді етіп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Патша цензурасы Оян, қазақ
М. Дулатовтың өмірі
М.Дулатұлының алаш партиясы мен кеңес өкіметі кезеңдеріндегі көзқарастары
М. Дулатов шығармашылығындағы азаттық рухы
Міржақып Дулатовтың қазақ журналистикасындағы орны мен публицистикалық еңбектері
М.Дулатовтың өмірі мен шығармашылығын оқыту
Міржақып Дулатұлының педагогикалық негіздері
Міржақыптың балалық шағы
Қоғам қайраткері Міржақып Дулатовтың өмірі мен қызметі
М. ДУЛАТОВ МҰРАЛАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯСЫ
Пәндер