Мәдениет аясындағы философияның тарихи типтері



Философия б.з.б. 6-5 ғ.ғ. пайда болып, өзінің бүгінгі ахуалына келді. Қайсыбір философия, Гегельдің айтуына қарағанда, оймен ұсталып қаланған өз заманы, дәуірі. Философия тарихы, олай болса, адамзаттың ой-өрісінің даму тарихы, шегіне жеткен ең жалпы адам мен Дүниенің қарым-қатынасы жөніндегі мәселелерді шешудегі өз заманымен шектелген ойлау, рух талпынысы.
Философия тарихы сонау көне заманнан бері қалыптаса бастады. Оның қайнар көзі – Дүние мен адамның байланысы жөніндегі алғашқы жиналған ойлар мен пікірлер, оларды белгілі бір жүйеге келтіріп, сараптау қажеттігі, соның негізінде әрбір философтың өзінің ой-пікірін жеке көрсетуге тырысуында жатса керек. Сондықтан, Кун-фу-цзы, Платон, Аристотель сияқты көне замандағы ірі ойшылдар өздерінің көзқарасын бұрынғы тарихта қалыптасқан пікірлермен салыстырып, оларға баға береді.
Сонымен қатар сол көне заманда өз шығармашылық еңбегін тек қана әдейі философия тарихына арнаған ойшылдар да болды. Оған, мысалы, 3 ғ. өмір сүрген Диоген Лаэртийді, Секст Эмпирикті жатқызуға болар еді. Д. Лаэртийдің «Атақты философтардың өмірі мен ілімдері, нақыл сөздері», С.Эмпириктің «Ғалымдарға қарсы» деген еңбектері арқылы біз көне замандағы философия ішіндегі ой-тартысты, әрбір ойшылдың шығармашылық тәжірбиесінің ерекшелігін байқаймыз.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
№ 2 Мәдениет аясындағы философияның тарихи типтері

1 Философия генезисі, оның мәдени-тарихи алғы шарттары. Антикалық заманнан
қазіргі заманға дейінгі философиялық сананың қайнар көздері
2 Қазақ философиясының қалыптасуының және дамуының негізгі кезеңдері мен
ерекшеліктері

1 Философия генезисі, оның мәдени-тарихи алғы шарттары. Антикалық
заманнан қазіргі заманға дейінгі философиялық сананың қайнар көздері
Философия б.з.б. 6-5 ғ.ғ. пайда болып, өзінің бүгінгі ахуалына келді.
Қайсыбір философия, Гегельдің айтуына қарағанда, оймен ұсталып қаланған өз
заманы, дәуірі. Философия тарихы, олай болса, адамзаттың ой-өрісінің даму
тарихы, шегіне жеткен ең жалпы адам мен Дүниенің қарым-қатынасы жөніндегі
мәселелерді шешудегі өз заманымен шектелген ойлау, рух талпынысы.
Философия тарихы сонау көне заманнан бері қалыптаса бастады. Оның
қайнар көзі – Дүние мен адамның байланысы жөніндегі алғашқы жиналған ойлар
мен пікірлер, оларды белгілі бір жүйеге келтіріп, сараптау қажеттігі, соның
негізінде әрбір философтың өзінің ой-пікірін жеке көрсетуге тырысуында
жатса керек. Сондықтан, Кун-фу-цзы, Платон, Аристотель сияқты көне
замандағы ірі ойшылдар өздерінің көзқарасын бұрынғы тарихта қалыптасқан
пікірлермен салыстырып, оларға баға береді.
Сонымен қатар сол көне заманда өз шығармашылық еңбегін тек қана әдейі
философия тарихына арнаған ойшылдар да болды. Оған, мысалы, 3 ғ. өмір
сүрген Диоген Лаэртийді, Секст Эмпирикті жатқызуға болар еді. Д. Лаэртийдің
Атақты философтардың өмірі мен ілімдері, нақыл сөздері, С.Эмпириктің
Ғалымдарға қарсы деген еңбектері арқылы біз көне замандағы философия
ішіндегі ой-тартысты, әрбір ойшылдың шығармашылық тәжірбиесінің ерекшелігін
байқаймыз.
Орта ғасырларды алатын болсақ, онда философия тарихы көбінесе
тарихтағы болған ұлы философия еңбектеріне жасалған комментарийлер
(түсініктер) арқылы көрінді. Мысалы, Әл-Фараби Аристотельдің шығармаларын
тек қана араб тіліне аударып қана қойған жоқ, сонымен қатар өзінің кең
түсініктемелерінде оларға баға беріп, басқа грек ойшылдарының еңбектерімен
салыстырып, олардың бір-бірімен сабақтастығын көрсете білді.
Алайда Гегельдің еңбектеріне дейін 15-17 ғ.ғ. философия тарихында бұл
пән әлі белгілі бір жүйеге келтірілген жоқ, оның ішкі байланыстары, қисыны
әлі ашылған жоқ-ты.
Гегель өзінің Философия тарихы жөніндегі лекцияларында адамзаттың
философиясындағы ой-пікірдің тарихи бір-бірімен сабақатсытғы, әрбір
дәуірдің белгілі соған сәйкес философия ой-өрісін туғызатындығы, сонымен
қатар сол дәуірдің шеңберінде шектелгендігі, келесі дәуірдегі ойшылдардың
өз заманына сәйкес бұрынғы көзқарастарды дамытатындығы айқындалды.
19 ғ. екінші жартысында пайда болған марксизм ілімі философия тарихын
таптық тұрғыдан қарап, бұл пәннің шеңберінде қалыптасқан материализм және
идеализм ағымдарының күресі – осы ғылымның өзегі деп есептеді. Қоғамды
материалистік тұрғыдан түсінудің негізінде, олар философия ой-өрісі
дамуының ең түпкі қайнар көзі – өндіргіш күштер, соған сәйкес ғылым мен
техниканың дамуында деген терең пікір айтты.
20 ғ. ойшылдардың көпшілігі философия тарихындағы тарихи
сабақтастықтан гөрі, әрбір қалыптасқан философиялық жүйенің
ерекшеліктеріне, соны тудырған тарихи тұлғаның қайталанбауына, оның
дүниетанымы мен сезімінің оқшау тұрған рухани құндылық екендігіне аса көңіл
аударды.
Әрине, философия тарихының қалыптасуы мен дамуының ішкі заңдылықтары
бар. әр философ, қайсыбір адам сияқты, өз дәуірінің тұлғасы, сондықтан оның
ой-толғауында сол заманның мұң-мұқтаждықтары, философиялық ой-өрісі
көрінбей қоймайды.
Әрбір географиялық аймақтағы тұратын халықтардың сол жерге мыңдаған
жылдардың ішіндегі бейімделуінің негізінде өзінің дүниетанымы мен дүниені
түйсінуі, өзінің философиясы қалыптасады. Оны ғылымда менталитет деген
ұғыммен береді (mental – ағылшын сөзі, ой-өріс). Сондықтан біз Шығыс, Батыс
философиясы, Африка, Америка т.с.с. философиясы деп оларды ерекше қараймыз.

Сонымен бірге философияның келесі күрделі ерекшелігі оның тарихына өз
әсерін тигізбей қоймайды. Ол – Дүниеге деген көзқарастың көптүрлілігі, ішкі
және сыртқы жағына шексіз Дүниені танып-білудегі кемеліне келген соңғы
ақиқаттың үзілді-кесілді түрде болмауы. Сондықтан соңғы ақиқат – ешбір
философиялық ағымда, ешбір аса ірі тұлғаның қолында жоқ және ол болашақ
тарихта да болмайды.
Бұл философияның іргетасты ерекшелігі тарихтағы пайда болған әр
философия ағымының, әр ірі тұлғаның дүние сезімінің, тебіренісінің
қайталанбауын, оның орны бөлек рухани құндылық екенін көрсетеді. Сондықтан
әрбір философиялық ағымның ішінен бүгінгі таңда бізге керек даналық
пікірді, көзқарасты табуға болады. Мысалы, көне замандағы Шығыс
ойшылдарының ортаңғы жолымен жүру қағидасы бүгінгі таңдағы біздің
біржақтылығымыздың қателігін көрсетпей ме?
Көшпенділердің Дүниеге деген көзқарасындағы табиғатты аялау, оған
табыну қажеттігі бүгінгі таңдағы Дүниені қайта өзгерту жолында экологиялық
дағдарысқа келіп тірелген адамзатқа қаншалықты қажет десеңізші!!!
Ал үнді философиясының негізгі қағидаларының бірі – ахимсаны алсақ,
оның мән-мағынасы да осы уақытқа жейін соғыстан құтыла алмай келе жатқан
адамзатқа сабақ болатындай.
Қорыта келе, философия тарихының шеңберінде тілегей-теңіз дана ойлар,
нәзік дүниесезімді, таңқаларлық ой-өрістерін табуға болады. Ол адамның ой-
өрісін кеңейтіп, Дүниеге терең көзқарас қалыптастырып, өмірдің терең мән-
мағынасын табуға көмектеседі.

Философияның дүниеге келу уақыты ғылымда нақтылы көрсетілген. Жалпы
алғанда б.з.б. 6-5 ғ.ғ. Шығыста да, Батыста да адамзаттың ұлы ойшыл-
бабалары дүниеге келіп, философиялық ой-пікірді туғызды. Олар: Қытайда: -
Лао-Цзы, Кун-фу-Цзы, Парсы елінде – Заратустра, үнді елінде – С.Гаутама,
Грецияда – Сократ, Фалес, Анаксимандр, т.б., Палестинада – Илия, Исая,
Иеремия, т.б.
Б.з.б. 1 мжлд. орта тұсы – ежелгі өркениеттің үш ошағы – Қытай,
Үндістан және Грецияда бір мезгілде философия пайда болған адамзат дамуының
тарихындағы айтулы кезең.

Ежелгі Үндістанның философиялық ілімдері.
Үнді елінің ғажап ерекшелігі – оның әлеуметтік ұйымдастырылуында.
Ондағы адамдар үлкен жабық әлеуметтік топтардан тұрды. Оны – варна немесе
каста дейді. Брахман – ой еңбегі – діни қызметкерлер, ел басқарушылар;
Кшатрилер – жауынгерлік істер; Вайшьилер – егінші, малшы, қолөнершілер;
Шудралар – құлдар,
Ежелгі Үндістан қоғамының өмірі туралы алғашқы ақпарат түпнұсқасы
ведалық әдебиет болып табылады. Сөз шамамен 9 ғ. бойы құрастырылған (б.з.д.
1500-600 жж.) кең мәтін терілімдері жөнінде болып отыр.
Ведалық мәтіндер – көбінесе діни мазмұндағы әдебиет; алайда веданта
ескерткіштері өз уақытында рухани өмірі туралы құнды тарихи ақпарат та
болып табылады, сондай-ақ олардан елдің экономикалық дамуы, қоғамның таптық
және әлеуметтік құрылымы, қоршаған ортаны танудың деңгейі, тағы басқа
жайлар туралы көптеген мәліметтер алуға болады. 4 түрі: Ригведа - әнұрандар
білімі (12 ғ.), Самаведа, Атхарваведа, Яджурведа.
Ведалық салт-жоралардың нұсқауы – Брахмандар (б.з.б. 10 ғ.), Самхит,
Араньякта, Упанишад. Упанишадаларда жарық дүниенің пайда болуын
түсіндіруде басым орынды тұрмыстың түп негізі ретінде кең тараған қағида –
нағыз кескінсіздік (брахма) алады. Ол дәлме-дәл түрде әрбір жанның рухани
мәнімен теңеседі (атман). Әрбір индивидтің тұрмысын барлық қорашған ортаның
әмбебап мәнімен тепе-теңдікте айқындау Упанишадалар ілімінің өзегі болып
табылады. Бұл ғылымның ажырамас бөлігі болып өмірдің айналмалылығы туралы
тұжырымдамасы (сансара) және онымен тығыз байланысты әрекетіне қарай
құрметтеу немесе жазалау заңдылығы (карма) болып табылады. Сансара туралы
ілімде адам өмірі шексіз тізбек түрінде қайта-қайта жаратылып отырудың
белгілі бір формасы ретінде түсініледі. Б.з.б. 6-5 ғғ. Брахманизм ағымына
қатысты сыни көзқарастар кең тарайды.
Ведалар беделіне қатысы бойынша ежелгі Үндістан дүниетанымының жүйесі
топтастырылды. Ортодоксалды және ортодоксалды емес мектептер болды. О.м.
ведалардың беделін мойындады: миманса, веданта, санкхья, йога, ньяя,
вайшешика. О.е.м: локаята, адживика мектептері жатады.
Жаңа мектептердің көпшілігінің ішінде бүкілүнділік маңызды джайнизм
және буддизм ілімдері. Джайнизмнің негізін қалаушы Махавира Вардхамана
(б.з.б. 5 ғ.) Джайнизм дуализмді насихаттайды. Адамның жеке тұлғасының мәні
екі қырлы – материалдық (аджива) және рухани (джива). Олардың арасын
байланыстыратын дәнекер карманың денесін жасап, жанның қатқыл материямен
бірігуіне мүмкіндік беретін нәзік материя (карма) болып табылады. Жанның
карма мен сансараның ықпалынан шығуы тек аскеттік пен ізгі ниетің көмегімен
ғана мүмкін деп ұғылады.
Б.з.д. 6 ғ. Солтүстік Үндістанда іргетасын Шакия руы билеушісінің ұлы
С. Гаутама қалаған (Будда – оянған, б.з.б. 583-483 жж.) буддизм ілімі пайда
болады. Бұл ілімнің түп ортасы 4 игі ақиқаттан тұрады. Соларға сәйкес адам
тіршілігі үздіксіз түрде азаппен тығыз байланыста. Дүниеге келу, дерт,
кәрілік, өлім, жағымсыз жағдайлармен ұшырасу және жақсылықтан ажырау –
мұның бәрі азапқа апарады (1). Азаптың себебі – көксеу, құмарлық (тршна).
Осы көксеу қуаныш пен құштарлану арқылы қайта-қайта жартылуға және жаңадан
тууға жетелеп отырады (2).
Азаптың себебін жою аталған көксеу сезімін жоюмен дәйектеледі (3).
Азаптан құтылуға апаратын игі 8 жолдың мәні: дұрыс пікір, дұрыс шешім,
дұрыс сөйлеу, дұрыс өмір сүру, дұрыс талпыныс, дұрыс назар, дұрыс көңіл
тоқтату, дұрыс мінез-құлық. Сезімдік рахатқа лайықталған өмір сияқты
аскеттік және адамның өзін-өзі азаптау жолы да жоққа шығарылады (4).
Буддизмде бір негізгі ұғым – нирвана.
Нирвана – жоғарғы күй, хал – жай; адамның ең үлкен мақсаты сансарадан
құтылу. Нақтылау түрінде нирвана – рахатты сезіну (адамның ішкі хал-жайы),
сыртқы дүниеден – абсолютті бостандық және тәуелсіздік күй.
Сонымен қатар буддизмнің гуманистік-адамгершіліктік жақтары – ой
тазалығы, іс-әрекет тазалығы, тіршілікті жәбірлемеу, зұлымдыққа зорлықпен
қарсы шықпау, дүние қумау, кемтар адамға қол ұшын беру, т.с.с. адамзат
рухының әрі қарай шыңдалуына зор әсерін тигізді.
Үнді философиясындағы натурфилософиялық көзқарастарға келетін болсақ,
олар дүниені 5 тұрақтыдан тұрады деп есептеген. Олар – жер, су, от, ауа,
кеңістік. Осы дүниеде 5 тұрақты қосылған, оған джива (жан-дүние) неге
керек.
Екінші материалистер мәселені тереңірек қарап, Дүние алғашқы
материядан – пракритиден жаратылған деген пікір айтады. Пракритидің 3 гуны
(қасиет) бар. Олар – саттва (ашық, оған ешқандай таңба түспеген, бізге
біліммен бақыт әкеледі), раджас (құмарту қасиеті, ол іс-әрекетке итереді)
және тамас (жайбарақаттық пен жалқаулықты, ұйқы мен миғұлалықты көрсетеді).

Үнді философиясында чарвака бағытының қағидалары қарапайым адамдардың
арасында кең тарайды. Олар өмірдің мәнін байлық пен ләззат алудан көрген, о
дүниені мойындамаған. Чарвактар брахман дініне қарсы шығап, о дүние, жұмақ,
тозақ ұғымдары адамдарды қорқытып, сондай көзқарасты тарату арқылы өзін
асырап жүрген, ақылы мен еңбекқорлығы жоқ адамдардың айласы деген пікір
айтады.
Бүгінгі қоғамның интеллектуалдық топтарында кейбір адамдардың Үнді
дініндегі секталарға қызыға қарауы, соған кейде мүшелікке кіруі ол, әрине,
бүгінгі таңдағы елдегі рухани дағдарыспен байланысты.

Ежелгі Қытай философиясының ілімдері.
Ежелгі Қытай философиясының ерекшелігі – саяси-практикалық сипатының
басымдылығы, яғни философиялық ой мемлекет мүддесіне қызмет етті. К.Қ.м.
иерархиялық деспотия үстемдік құрған мемлекет болды. Мемлекет басшысы –
ван, барлық билік соның соның қолында, ол әлеуметтік конустың шыңында
орналасқан. Одан кейінгі қабаттарда әртүрлі деңгейдегі ақсүйектер:
мемлекеттік шенеуіетер – чжухоу, беделді отбасылар – дафу және ши, ең
төменде – ештеңе құқы жоқ – шужэнь. Қатаң тәртіпке, ванға бағыныштылыққа
негізделген осындай қоғамның философиясы, әрине, жоғары мен төменнің
арасындағы қатынастарды қалыптастыруға, реттеуге, қатаң ұстауға бағытталды.

Ежелгі Қытай философиясының гүлденуі б.з.д. 6-3 ғ.ғ. Қытай
философиялық мектептерінің барлығының дерлік қарастырған басты мәселесі –
адам, оның бойындағы ізгілік және зұлымдық мәселесі, адам мен әлем туралы
олардың үндес шындығы ретінде өзіндік түсінік қалыптастырды. Қытай
философиясының түп-тамыры мифологиялық ойлаудан басталады. Қытай
мифологиясында көк пен жерді және жалпы табиғатты адам тіршілігі ортасын
қалыптастырушы шындық ретінде пір тұту көрініс береді. Сөйтіп осы мифтік
ортадан әлемді билейтін ең биік қағида бөлініп алынады. Ол қағида бір
сөзбен Аспан (Тэнься) деп аталған.
Сонау көне заманнан бастап, Қытай философиясында 3 негізгі ағым пайда
болды. Олар: даосизм – натурфилософиялық бағыт; Конфуциандық – моральдық
философия; Фа-цзя - әлеуметтік-саяси философиясы. Бұл ағымдар сонау көне
заманда пайда болып, осы уақытқа шейін осы халықтың дүниетанымында елеулі
орын алады.
Конфуцизм ілімі б.з.б. 136 ж. – 1949 ж. Қытайдың мемлекеттік
идеологиясы дәрежесін иеленеген. Бұл ілім осы күнге дейін қазіргі заманғы
Қытайдың рухани өміріне өз ықпалын тигізіп келеді. Конфуций (б.з.б. 551 ж)
қытай халқының этникалық психологиясын, қытйлықтардың көп жылғы өмір
салтын, мінез-құлық бейнесін қалыптастырды. Конфуцийдің философиялық
ілімінің ерекшелігі әлеуметтік-саяси және моральдық проблемаларды
зерттеуінде жатыр. Конфуций жан-жақты жетілген адам, адамзат қоғамы
қандай болуы керек, салт-жоралғы деген мәңгілік проблемаларды қояды.
Оған сыпайылық, сыйластық, ізеттілік, адалдық, кіршіксіздік қасиеттері
жатады. Конфуцийдің басты еңбегі Лунь юй бірінші Қытай революциясы
кезінде өртелгенмен, кейін қалпына келтірілді.
Қоғамның ыдырап кетуіне алаңдаған Конфуций басты назарды адамды
маңайындағыларға, қоғамға сый-құрметпен қарау тәрбиесіне аударды. Оның
әлеуметтік-этикасында адамның жеке тұлғасында өзім үшін емес, қоғам
үшін деген қағиданы қажеттігі айтылады. Индивид қоғамның әлеуметтік
организмінің функциясы болып есептелген. Конфуций жақсы отағасына қажетті
басты 3 ұстанымды бөліп айтады: 1) Адамсүйгіштік (ата-анаға құрмет және
үлкендерді сыйлау); 2) Алтын кіндік принципі немесе шамаға қарау (шамадан
тыс салмақтан адам рухы тозады, ал шамадан тыс еңбектен оның денесі
шөгеді); 3) Өзара түсіністік принципі (Өзіңе тілемейтін жамандықты өзгеге
жасама).
Даосизм. Қытайдағы конфуциандық фил. ойдың дамуымен қатар өркендеген
маңызды бағыттардың бірі даосизм болды. Негізін салушы – Лао Цзы, б.з.б. 6-
5 ғғ. (кәрі дана). Еңбегі: Дао дэ цзин.
Даосизмнің басты назарына табиғат, ғарыш және адам тұрды. әлем тұрақты
қозғалыс пен өзгеріс үстінде болады, дамиды, ешбір себеп-салдарсыз
спонтанды (сыртқы әсерлерден тыс, кейбір ішкі себептерден пайда болатын
құбылыстар) түрде өмір сүріп, әрекет жасайды.
Дао жолы – орталық түсінік. Түп негізді білдіретін түсінік ретінде Дао
барлық жерде, бәрінде, тұрақты түрде өмір сүреді және оған бәрінен бұрын
тән болатын қасиет - әрекетсіздік.
Әлемде бәрі жол үстінде, қозғалыста және өзгерісте болады, бәрі
тұрақсыз және шектеулі. Бұл инь және ян қағидалары арқылы жүзеге асады.
Сондай-ақ әрбір қозғалыста, процесте диалектикалық бірлікте болып, олардың
өзгеруі мен қозғалысына тікелей ықпал етеді.

Антикалық философия. Грек философиясы б.з.б. 7-6 ғғ. қалыптасты. Ол
өзінің сипаты мен мазмұн бағыты, әсіресе философиялық әдісі жағынан еж.
Шығыс фил-қ жүйесінен өзгеше және қоршаған ортаны рационалды тану
тарихындағы алғашқы талпыныс жемісі б.таб. Гр. Антик. Фил. өз дамуында
шартты түрде келесі кезеңдерге бөлінеді:
1) б.з.б. 7-5 ғ.ғ. – Сократқа дейінгі кезең – Милет мектебі,
Гераклит, Элей, Пифагор, еж. атомистикалық фил.);
2) б.з.б. 5 ғ. орт. – б.з.б. 4 ғ. – классикалық кезең – Сократ,
Платон және Аристотель;
3) б.з.б. 4 ғ.с. – 2 ғ. – эллиндік кезең – стоикалық, эпикурлық, т.б.
мектептер;
Милет мектебі тұңғыш фил.мектеп. Онда алғаш ретсаналы түрде мұның
бәрі неден? деген сұрақ қойылды. Милет мектебінің негізін салушы Фалес
(б.з.б. 640-562 жж.) Фалес барлық тірліктің негізі су деп білді. Суды ол
пішін ретінде емес, аморфты, материяның ағымды түпкі негізі деп таныды.
Анаксимандр (б.з.б. 611-546 жж.) – дүниенің бірінші бастауы мен негізі
шексіздік (апейрон) дегенді жақтап, оның ауа да, су да, өзге де материя
түрінде анықталмайды. Сөйтіп, бөлшектер өзгереді, ал тұтас нәрсе бастапқы
қалпын сақтайды дегенді айтты. Анаксимен (б.з.б. 585-524 жж.) – тіршілік
көзі – ауа, өйткені барлығы содан пайда болып, соған қайта оралады.
Милеттіктердің уәжінше, барлық нәрсенің негізінде бастапқы субстанция
жатады. Субстанция өзін түсіндіруде басқа ештеңені қажет етпейді, ол
өзгеден емес, өзінен пайда болады.
Ал, Пифагордың (б.з.б. 580-500 жж.) милеттіктерден айырмашылығы, ол
әлем субстанциясын санмен теңестірді: сан мен өлшем жоқ жерде хаос пен
химер үстемдік етеді, демек, барлық тірліктің негізі сан, дейді. Сондықтан
барлық нәрседен үлесім іздеген пифагорлықтар: Әлемде сұлулықтан басқа
ештеңе жоқ, ал сұлулықта пропорциядан өзге ештеңе болмайды, пропорциядан
саннан бөтен түк таппайсың, дейді.
Антикалық грек фил. дамуының шырқау шегі б.з.б. 5 ғ. 2 жарт. – 4 ғ.
кезең. Бұл қала – мемлекет – полис саяси формасына сүйенген гректің құл
иеленушілік демократиясының гүлдену кезеңі.
Гераклит Эфесскийдің ілімінде болмыс субстанциясы – от. Оның ілімінде
әлем жалпы өзгермелілік негізінде пайда болған тәртіптік жүйедегі ғарышпен
байланыстырыла түсіндіріледі. Бәрі ағысты, бәрі өзгереді, Бір өзенге екі
қайтара енуге болмайды.
Элей мектебі (Парменид, Зенон, Ксенофан). Бұл философияның түпкі ұғымы
– болмыс.
Оларша болмыс деген тумайтын да, жойылмайтын да – сол. Яғни, ол болмыс
пайда болса жоқ жерде пайда болар еді, бұл – абсурд, өйткені жоқтың жоқ
екені анықталған. Ал болмыстан шыққан жағдайда, бұл тіптен абсурд, онда біз
болмыстың бар екенін әуел баста мойындаған болып шығамыз. Сондай себептерге
қарағанда болмыс жоқ. Ал болмысқа қарай ұмтылуымыз болмыстың бар екенін
көрсетеді және ол өз орнында қала беретін болады. Болмыстың өткен шағы
болмайды, өйткені өткен шақ – қазір жоқ. Болмыстың болашағы да болмайды,
демек, ол әлі жоқ. Болмыс бас-аяғы жоқ осы шақ.
Зенон тарихта өзінің апорияларымен белгілі. Оның апориялары Ахилл
тасбақаға жете алмайды, Жебе, Дихотамия (грек. Қақ бөлу).
Анаксагор қалайша шаш еместен шаш, ет еместен ет пайда болады деген
нақты сұрақтар қояды. Ол бұл сұраққа: Әр нәрсе өзіне өте ұқсас
бөлшектерден – тұқымдардан, гомеомериялардан пайда болады. Ол тұқымдар
стихиялардың ішінде қалқып жүріп, бір-бірімен қосылып заттарды тудырады. Ал
барлық заттардың пайда болуына түрткі болған, оларды ретке келтіріп
отыратын ол НУС (грек: ақыл-ой) – дүниежүзілік ақыл-ой. Анаксагор Афинадағы
ғылымның, философияның дамуына әсерін тигізді.
Демокрит атомизмі. Әлемде атомдар мен бос кеңістіктен өзге ештеңе
жоқ және Барлық заттар атомдардан тұрады деп уағыздайды. Мұндай
тұжырымдама 19 ғ. аяғы мен 20 ғ. басына дейін өмір сүрді. Левкипп, Эпикур
де атомизм ілімінің өкілдері болған. Рим дәуірінде Лукреций Кар, еңбегі
Заттардың табиғаты туралы. Демокрит атомдардың бір-бірінен өзгешелігі
формасында деп санаса, ал Эпикур – салмағында, шамасында деді.
Софизм. Софистер (Протогор, Горгий, Гипий, т.б.) риторикаға үйрететін
ұстаздар болған. Олардың басты қағидасы - өз позицияңды дұрыс және бұрыс
жолдармен, әдістермен дәлелдей білу. Софистер (дана) объективтік ақиқатқа
ұмтылған жоқ – осы үшін Сократта, Платонда оларды сынға алды.
Протогор адам – барлық заттардың өлшемі деп санаған.
Антикалық философияның классикалық кезеңі.
Грециядағы философияның нағыз шарықтау кезеңі Сократ пен Платоннан
басталады. Көрнекті философ Сократ (б.з.б. 469-399) өзінің философиялық
мүддесі негізіне субъект проблемаларын қояды. Негізінен табиғат
құбылыстарымен шұғылданған жоғарыдағы натурфилософтардан Сократтың
айырмашылығы көп. Сократ өзін ешқашан дана деп санамай, тек даналыққа
құштар философпын деп есептеген. Менің білетінім, ештеңе білмейтінім
деген қанатты сөздері неғұрлым өзіңді тереңірек тану қажеттігін ұғындырумен
айқындалады. Сократ өз көзқарастарын көбінесе әңгімелер пен пікірталастарда
кең таратқан. Оларда Сократтың әдісі қалыптасты. Оның мақсаты қарсыласының
пікіріндегі қайшылықтарды табу арқылы ақиқатқа жету болды. Сократтың
ирониясының мәні осында.
Сократ білім адамның бойында әуелден бар деген тұрғыдан шығады. Адам
толық білімнің иесі. Сана ақиқат түсінігін өзінен көсіп алады (майевтика).
Сондықтан Сократ: Өзіңді таны, сонда сен бүкіл әлемді танисың деген
ежелгі гректік қағиданы ұстанған.
Сократ философиясынң түп ошағы адам мен оның қауымға, заңдарға, одан
соң Құдайға немесе Құдайларға қатысына байланысты. Ол философияның басты
міндетін діни-адамгершіліктік көзқарасты рационалды негіздеу тұрғысынан
пайымдады. Сондай-ақ табиғатты оқып-үйренуді, табиғат құбылыстарын
түсіндіруді артық және түбегейлі мүмкін болмайтын іс деп санады. Сократ
адамға қажет ең басты үш жақсы қасиетті атады:
1) қанағатшылдық; 2) батылдық; 3) әділеттілік (тәңіри және адами
заңдылықтарды сақтау туралы ілім).
Сократ сұхбаттар мен пікірталастарда назарды ізгіліктің мәнін тануға
аударды, ал өнегелілік дегенді ұғынудың өзі ол үшін құлықты өмір мен
ізгілікке жетудің алғышарты болып табылады. Сократ үшін мораль мен білім
біртұтас тұрады.
Сократ жаратушыға тіл тигізіп, жергілікті құдайларға сенбей, оларды
мойындамай, жастарды бұзды деген айыппен өлім жазасына кесіліп, ажал
құшады. Сократ өзгелерге ұқсап өз мектебін құрған жоқ. Сабақты кез-келген
жерде берді. Ол қауымдық насихатшы ретінде кәрі-жастың бәрін ғажап
ықпалымен, сүйкімділігімен баурағандықтан билеушілердің өзіне деген
өшпенділігіне, тіпті қастандығына ұшырады.
Келесі көрнекті тұлға, Сократтың шәкірті және ізбасары Платон. Ұлы
ұстазының мұрасын сапалық жаңа деңгейге көтерген де сол. Платон Сократтың
идеяларын, көзқарастарын өзінің диалог түрінде жазылған шығармаларында
көрсетті.
Платон (б.з.б. 427-347) да соңында мол философиялық мұра қалдырды.
Философияның негізгі мәселесін ол идеалистік тұрғыда шешеді. Платон
бойынша, материалдық әлем тек идея әлемінің көлеңкесі және соның
туындысы, яғни материалдық әлем екінші орында. Платон идеяны априори
ретінде уағыздайды. Идеялар – айқындық нәрі, материалдық әлемнен бөлек өмір
сүреді және тәуелсіз, объективті, материалдық әлем тек идеяларға бағынады.
Оның объективтік идеализмінің түйіні осында.
Идеялар әлемі әлдебір көпшілік түсініктерден жасалған, себебі онда
барлық заттардың идеялары топтасқан: эстетикалық құндылықтардың идеялары,
адамгершілік құндылықтардың идеялары, түрлі дене құрылымдарының идеялары,
математикалық және геометриялық формулалар мен фигуралар, т.б. Мұндай
идеялар ешкімнен және ештеңеден тумаған, олар элеатовтық болмыс секілді
бөлінбейді де, өзгермейді. Платонның таным теориясының негізінде еске
түсіру идеясы жатыр.
Платондық Мемлекет құрылымы біздің арамыздағы кез-келгеніміз
автархидты емес, яғни өз қолымыз өз аумағымызға жатпейтін және
өзгелердің, жақын мен алыстың көмегіне зәру кезде пайда болады:
1) материалдық факторларға – тамақ және баспанаға мұқтаждық жайында
2) қаланы күзетіп, оны қорғауға шақырылған адамдардың қызметі жағдайында
3) іс жүзінде басқаруды білетін азғана адамдар тобына қажеттілік
тұрғысында.
Сөйтіп, Қала 3 таптан құралуы шарт: 1) Шаруалар, қолөнершілер мен
көпестер; 2) күзетшілер; 3) басқарушылар.
Жетілген мемлекет – алғашқы әлеуметтік тапта – қанағатшылдық, 2-ден –
ерлік пен күш, 3-ден – даналық үстемдік құратын мемлекет. Ал, әділдік болса
осынау игілікті жасаушы 3 таптың бәріне бірдей ортақ үйлесімділік міндетін
атқарады.
Платонның шығармалары: Сократты жақтау, Критон, Мемлекет,
Федон, Парменид, Софист, Заңдар, Пир.
Платонның Академиясында оның шәкірті Аристотель 20 жыл оқыған.
Аристотель (б.з.б. 384-322) философиясы алдындағы барлық грек
философиясын қисынды түрде қайта қарастырып, оларды аяқтайды. Платонның
шәкірті Аристотель платондық идея теориясын сынға алды. (Платон менің
досым, бірақ ақиқат қымбат). Аристотельдің ғылыми қызметі тек антикалық
философиялық ойлаудың шыңы ғана емес, ол іс жүзінде барлық белгілі ғылым
салаларына қосылған үлкен үлес болды: жаңа ғылыми бағыттар жарыққа
шағарылды, ол жекелеген ғылымдардың пәндері мен әдістемелерін анықтау
арқылы ғылымдарды жүйеледі.
Аристотель ғылымдарда 3 үлкен бөлімге іріктейді: 1) теориялық
ғылымдар, яғни білім үшін білім іздейтін ғылымдар; 2) тәжірбиелік, яғни
нағыз моральдық жетістікке апаратын білімге арналған ғылымдар; 3) белгілі
нысандарды жасайтын жемісті ғылымдар. Құндылығы мен бағалылығы критерийлері
жағынан метафизикадан, физикадан (оның ішінде психологиядан) және
математикадан құралған теориялық ғылымдар бәрінен жоғары тұрады.
Метафизика – бастапқы себептерді зерттеу. Олар қандай және
қаншалықты? Аристотельдің болжауынша, олар орнығу әлеміне жататындықтан 4
болуы мүмкін: 1) пішінді себеп, 2) материалды себеп, 3) әрекетті себеп, 4)
соңғы себеп.
Алғашқы екі себеп барлық заттары құрайтын пішін (мән) және материя.
Одан басқа ештеңе емес.
Аристотель 150 – ден ғылыми кітап жазды:
Логикалық еңбектері: Органон, Категориялар;
Табиғат философиясына арналған еңбектері: Физика 8 кітап, Аспан
жайлы 4 кітап, Аспандағы құбылыстар жайлы;
Жан дүниесі философиясына арналған: Жан дүниесі жөнінде, Өмір мен
өлім туралы, Тыныс алу туралы;
Тіршілік философиясына арналған: Жануарлардың дене мүшелері жайлы,
Жануарлардың дүниеге келуі жайында;
Бірінші физика 14 кітап, соңынан Метафизика деген атаққа ие болды;
Моральдық философияға арналған: Никомахтың этикасы, Үлкен этика;
Саясат пен экономикаға арналған: Саясат, Экономика, Афинаның
саяси өмірі;
Көркем сөйлеу мен көркем сөзге арналған: Риторика өнері, Өлең сөз
жөнінде.
Аристотельдің мектебінің (ликей) оқушыларын перипатетиктер (серуендеу)
деп атайды. А. ұлы А.Македонскийдің ұстазы.
Платон мен Аристотель философиясының басты айырмашылығы келесіде. Егер
Платон идеяны пайымдаулар, спекулятивті философиямен шұғылдануға шақырса,
онда Аристотельдің көңілінен ғылыми қаталдық шығады. Аристотель –
тәжірбиеге сүйенген жүйелеуші және формальды логикашы. Бұл айырмашылық
Рафэльдің Платон мен Аристотель қатар келе жатқан Афина академиясы
картинасында бейнеленген. Онда Платон сұқ саусағымен жоғарыны нұсқаса,
Аристотель төменді сілтеп тұр. Бұл қимылдар символикалық.
Эллинистік мектептердің ішінен эпикурлықтар мен стоиктердің ілімдері
мейлінше мол ықпалға ие болады.
Эпикур жүйесі (б.з.б. 342-370) сол кездегі философияның барлық
бөліктерін қамтыды: онтология, таным теориясы, этика. Эпикур даңқтың
көпшілігіне өз этикасы арқылы жетті. Ойшыл философияның мақсаты бар деп
есептеді. Бұл мақсат – адамның бақыты. Адам өлімнен, тағдырдан, о дүниеден,
қайғыдан қорқады. Басқа жағынан адам рахатқа, оның ішінде сұлулықтан,
талғамнан, сүйіспеншіліктен мейірленуге ұмтылады. Еркін адам үшін басты
рахат – таным. Дұрыс өмір сүрудің арқасында біз адамгершілік пен әділетпен
ғұмыр кешеміз. Бақытты өмір сүрудің мақсаты – жан тыныштығы мен тәннің
саулығы. Бастысы – уайым-қайғыдан қашу. Өлімнің бізге ешқандай қатынасы
жоқ: біз тірі болғанда - өлім әлі жоқ, ал өлім келгенде біз жоқпыз.
Стоицизм – антика заманының белгілі мектебі. Стоицизмнің ұзақ тарихы
бар. Стоицизмнің өкілдері: Зенон Китионский, Сенека, Марк Аврелий.
Стоиктарға адамға, оның жеке тұлғасына деген қызығу тән болды. Олар
құдайлық пен адамдықтың арасындағы қарым-қатынас, өлген жанның тіршілік
етуі проблемаларын қарастырды. Олар ең алғаш болып ұят ұғымын моральдың
іргелі ұғымы ретінде және адамның жігері ұғымын моральдық іс-әрекеттің
механизмі ретінде қарастырды.
Атап айту керек, ойлау қабілетіне тәрбиелеудің тарихи міндеті
антикалық философияның басты ерекшелігі болды.

Ортағасырлық Батыстық және ортағасырлық мұсылмандық Шығыстың
философиясы.
Б.з. 5 ғ. Рим империясы құлағаннан кейін орта ғасыр дәуірі басталады.
Бұл діни дүниетанымның үстемдік құрған кезі еді. Осы дәуірде философияны
діннің қызметшісі д.а. Оның діннен салыстырмалы түрдегі дербестігі тек
араб елдерінде ғана сақталды. Феодализм пайда болған соң Еуропа елдерінде
христиандық көзқарас үстемдік құрды.
Еуропалық интеллектуалдық тарихта тек Платон мен Аристотель дәуірлері
алмасады. Христиандық дүниетанымы қалыптасқан кездегі жаңа дәуірдің алғашқы
ғасырларында Платонның ықпалы айқын болды. Одан соң Аристотельдің кезегі
басталады. Ортағасырлық дәуірдің рухын: сенімді ақылды толықтыру формула-
есебімен білдіруге болады. Ең алдымен философияның міндеті діни
жағдайларды, сенім мен білімге қатысты ілімді негіздеуге тіреледі.
Сондықтан о.ғ.ф. айшықты белгісі ретінде теоцентризмді айтуға болады.
О.ғ. христиандық философияның бірінші кезеңі – патристика.
Патристикалық философияның негізгі мақсаты христиан дінінің қағидаларын
белгілі бір жүйеге келтіріп, оған философиялық тірек жасау. Ертедегі Грек
философиясындағы ерікті ой елегі патристикада аян идеясына келіп тіреледі.
Яғни ф-ң мақсаты Библияның негізгі қағидаларын терең түсіндіру мәселелеріне
келіп тіреледі. П-ғы онтологиялық мәселелері Құдайдың төңірегінде қаралады.
П. монотеизмді қорғайды, көне замандағы көпқұдайлыққа қарсы шығады.
Ірі ойшыл – А.Августин (354-430) (Тагаст қаласы, Африка). Оның тарихи-
философиялық көзқарастары Құдай қаласы туралы еңбегінде баяндалған. Сыр
шегу, Академиктерге қарсы, Жанның өлместігі, т.б. Егер жас кезінде ол
ақыл-оймен дүниені тану – ең биік жетістік, ал диалектика – ойлаудың ең
негізгі құралы деп есептесе, Христиан дініне өтіп, оны іштей қабылдағаннан
кейін, оның фил-да негізгі орынды Құдайға сену алады. Бірақ, Августиннің
ойынша, сенім ақыл-оймен қайшылыққа келмеуі керек. Оның Сенемін түсіну
үшін, Түсінемін сену үшін деген көзқарасы осыған байланысты.
А.Августиннің ілімі о.ғ. ойшылдықтың анықтаушы рухани факторына
айналып, бүкілхристиандық Батыс Еуропаға ықпал етті. 9-12 ғғ. оның
негізінде схоластика (діни-идеологиялық бағыт) қалыптасты. Схоластика мен
патристиканың арасында айырмашылық бар. Патристикалық оқытушылардың алдында
қасиетті жазудың мазмұнын құрайтын жүйелі түрдегі догманы жасап шығу
міндеті қойылды. Ал схоластиктердің алдында осы догматикалық тұжырымдаманы
сауатсыз адамдарға кең тарату міндеті тұрды. Белгілі схоласт П.Абельяр
(1079-1142) сенімді ақыл дәлелінің көмегімен түсінікті етуге ұмтылды. Оның
ұстанымы: Неге сенсем – соны танимын болды. Схоластиканың нег. мәселелері
Құдайдың хақ екені мен жанның мәңгілігін дәлелдеуге байланысты келеді.
Схоластика термині 13 ғ. университеттер қалыптаса бастағанша философия
мен теология деген мағынаға ие болды. Университет – орта ғасырлардың
дәстүрлі жемісі. Шіркеу және зиялылар билігімен қатар енді әлеуметтік
өмірге ықпал етіп, бірте-бірте күш ала бастаған интеллектуалды билік п.б.
Теология мен философияның көрнекті өкілдерінің бірі Ф.Аквинский (1225-
1274). Ол өзінің әлемнің жаратылысы туралы ілімінде діннің төмендегі
қырынан келді: жаратылыс идеясы, материяның болмысын жоққа шығару;
жаратылыстың өзі жасалған әлемнің алдында болмыстың жоқтығын көрсетеді. Жер
жүзіндегі жаратылыстың түкке тұрмайтындығын мойындау – ортағасырлық
көзқарастың үстемдік құрушы идеясы еді. Ол сх-да ең көлемді, жан-жақты
Құдайдың болмысын дәлелдеулерін келтіреді. Олар: қозғалыс, тудырушы,
мүмкіндік пен қажеттілік, сатылық арқылы дәлелдеу, табиғаттағы тәртіп
арқылы дәлелдеу.
Ф.Аквинскийдің ілімі – томизм 19 ғ. католик шіркеуінің ресми
идеологиясы болып жарияланды. Оның шығармалары Теология жинағы,
Табиғаттың бастамалары, Мән мен өмір сүру жайлы.
Схоластиканың жетілген кезі 13-14 ғғ. Бұл уақытта платонизмнің негізгі
идеялары сыртталып, аристотелизм оның орнына келеді. Схоластиканың соңында
(15ғ.) сенім мен ақыл-ойдың үйлесімді болуына күмән келтіріліп, бірте-бірте
екі ақиқат ілімі тарала бастайды. Сх-ң. алғашқы кезде қойған мәселесі
универсалиялардың табиғаты жөнінде б. Бүгінгі таңда Унв. – жалпы ұғымдар.
Унв. жөніндегі ілім алғаш рет Плотиннің фил-ғы идеялар теориясында
кездеседі. Плотиннің ойынша, қайсыбір жалпы ұғымға сәйкес келетін идея бар,
олар нағыз болмыс – (идеялар әлемін құрайды. Жердегі сезімдік заттар
болмысын алсақ, олар көптікке жатады, жалпылық өзгеріске түсіп, бөлініп,
жеке затта ешқашанда толығынан көрінбейді. Аристотель танымдағы жалпылық
жеке заттардың болмысын бейнелейді деген болатын.
11-12 ғғ. бұл мәселені шешуде 3 ағым п.б. Олар: номинализм (лат.
есім), реализм (лат. заттай) және концептуализм.
Номинализм – Сх-ғы жалпы ұғымдардың болмыстық мағынасын мойындайтын,
олар тек қана ой-өрісте ғана деп санайтын ағым. Номиналистер: Шын өмірде
тек қана заттар өмір сүреді, Унв – жалпы ұғымдар, тек қана заттардың аты,
біздің аузымыздан шығатын дыбыстар ғана, - деген пікірге келеді. Осы
тұрғыдан олар Құдайдың үш тұлғалығын да қатты сынға алды.
Реализим – Унв. шынайы және адамдардың санасына тәуелсіз өмір
сүреді, - деген пікірді ұстайды.
Концептуализм – жалпы ұғымдар бөлек өмір сүре алмай, болмыстық орны
болмағанмен, бірақ олар тек қана заттарға қойылған ат емес, негізінде ақыл-
оймен қорытылған заттардың жалпы қасиеттерін бейнелейді, - деген пікірге
келді.

Ортағасырлық мұсылмандық философиясы.
Сол кезде Батыс елдерінде философия, өнер, ғылым ұзақ уақытқа тоқырап
қалса, Шығыста араб ойшылдарының арқасында олар гүлдене түсті. Грек фил.
мен Еуропа фил-ң келесі сатысы – сх-ң арасындағы байланыстырушы дәнекер
болған араб философиясы грек фил-ң дәстүрлерін қабылдап, сақтап қалды.
Сөйтіп Араб фил. батысеур-қ фил-ң дамуына айтарлықтай ықпал етті. Мұхамед
Пайғамбардың (570-632) дәуірі тұсындағы көшпелі араб тайпаларының діни және
ұлттық бірігуінен соң арабтардың күші нығая түсті. Олар 6 ғ. бастап бір
елден кейін бір елді жаулап, 7 ғ. аяғ. Араб халифаты бұрынғы Рим
империясынан да ұлғайып кетті. 7 ғ. Үндістан мен Атлантикаға дейінгі
аймақты арабтар жоулап алған соң мұсылман әлемінде өндірістің, ғылым мен
мәдениеттің көтерілуі, сауданың айтарлықтай жандануы байқалды. 8-12 ғғ.
араб әлемінде ғылымның: тригонометрия, алгебра, кейін оптика,
психологияның, одан астрономия, химия, географияның, зоологияның,
ботаниканың, медицинаның дүбірлі дамуы баст. Біртіндеп діни-фил. қадам күш
ала баст. Араб фил. гректерден Платон, Аристотельдің идеяларынан алып,
оларды дамытып, тереңдете түсті. 11 ғ. Батыс мұсылман мәдениетінің күшті
ықпалында болды. Антикалық ғылым ислам мәдениеті аясында сақталды.
Мұсылмандар, маңайдағылар түгел мойындағандай, мемлекетті басқару өнері мен
күрделі әскери техниканы ғажап меңгерді. Арабтың арсенал, авария,
адмирал, тариф сияқты көптеген сөздері батыс лексикасына енді. Батыс
елдері араб тәржімасы арқылы грек философиясына орала бастады.
12 ғ. парсы әл-Хорезмидің Арифметикасы аударылып, одан арабтың
сандық белгілері қолданылды. Алгоритм терминінің өзі әл-Хорезмидің
латынданған Algoritmi есімінен шыққан, альджебр сөзінен алшебра п.б.
Аристотельдің ізін басқан зерттеуші, Отырар қаласында туған Әбу Насыр
әл-Фараби болды.
Әл-Фараби философия мен жаратылыстану ғылымдары бойынша жүзден аса
еңбектер жазды. Оның мұрасы орасан мол және сан алуан. Ол сол кезде белгілі
болған барлық білім салаларын оқып-үйренді. Бірінші орында философия,
әсіресе, логика тұрды. Оның Аристотельдің барлық негізі логикалық
шығармаларына берген түсініктемелері кең танымал.
Шығыс философтары әл-Фарабидің көзі тірісінде-ақ әл-муаллим ас-сани
- екінші ұстаз деп санады. Ол философия бойынша көптеген ерекше еңбектер
жазды: Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары, Сауалдардың мәні,
Платон мен Аристотельдің көзқарастарының ортақтығы туралы, Ғылымдарды
іріктеу, т.б.
Аль-Фараби: Біз өзімізге әсемдік тән болған жағдайда ғана бақытқа
жетеміз, ал әсемдік бізге тек философия өнері арқылы ғана келмекші, демек,
бұдан біздің бақытқа философия арқылы келеміз, дейді.
Ғажап оқымысты Ибн Сина (Авиценна) Еуропа ғалымдарының назарына
аристотелизмнің бірінші жүйелі формасын ұсынды. Ол 980 ж. Бұқара қаласы.
Оның көптеген еңбектері 12 ғ. 2-ші жарт. латын тіліне ауд. әсіресе Ибн
Синаның логика, риторика, физика, метафизика, т.б. қамтыған 18 томдық
Айығу кітабы бар. Бұл барлық Батыс фил-ң дамуына ғылыми қуат берген
классикалық мәдениет аясындағы алғашқы алып синтез еді.
Авиценнаның беруінше аристотелизмде ислам дінінің белгілері бар еді,
алайда ең қызығы, еуропалық христиандар ортасы оны еш кедергісіз қызығы
қабылдады.
Ұлы Авиценнаның әдеби мұралары дінді қоса қамтығанда медицинадан
логикаға, физикадан музыкаға дейін созылып жатты. Ибн-Синаның Медицина
ережесі трактаты 5 ғ. бойы Шығыс пен Батыс елдері дәрігерлерінің үстел
кітабына айналды. Көрнекті жаратылыстанушы ретінде Авиценна өзінің фил-қ
көзқарастарында қозғалыстағы материяның объективті тіршілігі мен оны
адамның тануы мүмкіндіктері тұрғысынан келеді. Ол шындықты дұрыс түсіну
үшін тәжірбиелік білімнің маңызына баса тоқтағанымен, теориялық
қорытындының рөлін де солайша жоғары бағалады.
Философ Авиценна әлемді материядан жаратылған деп түсінді. А.
философиясына оның табиғи-ғылыми бағдарынан шығатыматериалистік
тенденциялары рационализмге тән болды. А. алғаш болып аристотельдік фил-ны
исламмен үйлестіруге талпынды.
Ибн-Рушд (1126-1196, Аверроэс) мұсылмандық Испанияның жүрегі болып
таб. және 8ғ. бойы араб мәдениеті, әсіресе, ғылым мен әдебиетіне қарағанда
фил-сы өз дамуының ең жемісті кезеңін өткізген Кордовадан шықты. Аверроэс –
теолог, заңгер, дәрігер, математик және философ. А. білім мен сенімнің
арасындағы шекараны анықтауға талпынды және оның ақыл күшіне деген сеніміне
қарағанда, ондай шекара дерлік жоғалады. Ол әлемнің мәңгілігі мен жеке
жанның өшпейтіндігін теріске шығару туралы сенімге келеді.
А. өзі ұлы адамдардың бірі, бірегей философ деп есептеген Аристотель
еңбектерінің түсіндірушісі ретінде де көрінді.
Егер философия мен дін ақиқатқа үйрететіні рас болса, онда, олардың
арасындағы алауыздық түп негізгі соқтықпауы керек. Контрастылық жағдайда
діни мәтінді ақыл талабына сай түсіндіру қажет, өйткені ақиқат біреу және
ол қисынды. Қосарланған ақиқат болмайды. Ибн Рушд Дерексіздендіруді
дерексіздендіру шығармасында әл-Ғазалиге қарсы шықты.
Суфизм (араб. Суф – жүн шекпен) 8-9 ғғ. п.б. исламдағы діни-мистикалық
ілім. Суфизмде орталық орынды аскетизм және шегіне жеткен мистицизм алады.
С. өмірдің биік мұраты ретінде адам жанының Құдаймен бірігіп, жарық
дүниенің бәрінен безу деп жариялайды. Суфизмнің көрнекті өкілдері - әл-
Ғазали - Философтарды дерексіздендіру, ортаазиялық философ Суфи Алаяр,
өзіміздің әйгілі жерлесіміз Қ.А.Иассауи, т.б. Ф.Энгельс арабойшылдары
Еуропаға еркін ойлау қуанышын әкелді деп санаған.
Сонымен, 12 ғ. 2-ші жарт. грек-араб ғылымының, философиясының Батысқа
дендеп енуімен белгіленді

Қайта Өрлеу (Ренессанс) дәуірінің философиясы
14 ғ. бастап Еуропада мәдениеттің, ғылымның, философияның қайта өрлеуі
басталды. Ренессанс – фр. қайта өрлеу. Ортағас. дүниетаным әлемге деген
жаңа ғылыми көзқарастармен алмасты. Бұл феолдализмнің ыдырап, ерте
бурж.төңкерістің басталу кезеңі. Коперник Ғаламның гелиоорталық жүйесін
тұжырымдады. Кеплер планеталар қозғалысының траекториясын ашты. Бұл кезеңде
философия пантеистік болды, жердегі жаратылысқа деген жек көрушілікті
адамның шығармашылық қабілеттерін, оның ақыл-ойы мен жер бетіндегі бақыттың
мүмкіндігін тануды мойындау алмастырды.
Философия антропологиялық сипат ала бастады. М: Н.Кузанский: егер
Құдай бейнесі мен тұрпатына сай адамды жаратса, адам да осындай
жаратымпаздыққа қабілетті, ол да өзіне ұқсасты жасай алады. Бұдан болмыс
туралы түсініктің өзгергенін көруге болады: Құдай өзінің жаратушылығы
арқылы және адам қызметі нәтижесінде бәріне де қатысып отырады. Болмысқа
қатысты мұндай диалектикалық көзқарас Коперниктің де Галилейдің де
астрономиялық тұжырымдамаларына, сондай-ақ антика өкілдеріне қарағанда
материяның белсенді бастау деп есептеген Дж.Бруноның жүйелі пантеизміне де
тән.
Дж.Бруноның пантеизмдік фил. – италиялық табиғат философиясы жүйесінің
ішіндегі ең түбегейлісі де, дәйектісі де. Бруно сол кездегі христиандық,
католиктік және протестанттық әлеммен, сх-қ фил-мен және университеттік
ғылыммен бітіспес қақтығысқа түсті. Ол кейбір католиктікдогматтар туралы
күмәнін алға тартып, шіркеумен жалғасты.
Жаңадан, жалпы ұғымда адамзаттыққа ұмтылып, адамның лайықты өміріне
жағдай жасау дегенді білдіретін гуманизм (адамгершілік) бағыты п.б.
Адам жеке тұлғасын қалыптастырып, өз қалауынша, еркін және лайықты
таңдауымен өмір сүруге әбден құқылы. Осылайша адам басқа табиғаттан
өзгешеленіп, құдайшылық жетілу жолына түседі. Адам өз бақытының өз
жасаушысы. Адам табиғаты жануарлар дүниесінен мейлінше айрықша, соншама
заңғар, әбден жетілген, адам – құдайшылық жетістікке ұмтылуға қабілетті
жаратылыс. Бұл мүмкіндік алдын ала берілмеген, бірақ оны адам өзі
қалыптастырады. ҚӨд сәйкес келетін түсінік: адам – жасампаз, суреткер.
Ғылымдағы жаңа ағымдар өнерде де көрініс тапты.
Атап айтқанда, ондай көріністерді ғажап суретші, ойшыл математик,
инженер Л.да Винчидің шығармашылығынан байқауға болады.
ҚӨд. бірнеше бағыттар қалыптасты: гуманистік (Л.да Винчи, Ф.Петрарка,
Л.Валла, П.д.Миранолла); саяси (Н.Маккиавели); реформаторлық (М.Лютер,
Ж.Кальвин); натурфилософиялық (Н.Коперник, Дж.Бруно, Г.Галилей); Әлеуметтік-
утопистік (Т.Мор, Т.Компанелла); Неоплатонистік (Н.Кузанский).

Жаңа Заман мәдениетіндегі Батыс Еуропалық философия
17 ғ. Батыс Еуропа топырағында капиталистік қатынастар қарқынды дами
баст. Жалпы алғанда, қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси ахуал, қоғам
мен табиғатты танып-білу қажеттіктері философия саласында онтологиялық
мәселелерден гөрі, ғылымды дамыту қажеттіктері жаңа ұйымдардың,
мекемелердің пайда болуына себеп болады. Оларды сонау Платонның заманынан
келе жатқан академия деген сөзбен атай бастайды. 1560 ж. Неаполь
қаласында Табиғат құпиясын зерттеу академиясы, осы кезде Англияда
Лондондағы корольдық қоғам, Парижде Жаратылыстану академиясы құрылды.
Бұл академиялардан тәрбие алған Роберт Бойл қазіргі физика мен химия
ғылымдарының алғашқы негізін қалаған, Исаак Ньютон механика ғылымының
негіздерін жасаған, Христиан Гюйгенс алғашқы маятникті сағатты ойлап
шығарған, т.с.с. тұлғаларды айтып өтуге болар еді.
Бұл уақытта жаратылыстану саласында алға озып шыққан механика ғылымы
болды. Оның негізгі себебі - өндіргіш күштерді дамыту, жаңа машиналар мен
неше түрлі механизмдерді жасау қажеттіктері болатын. Әрине, жаратылыстану
саласындағы мұндай күрделі өзгерістер философия саласына зор әсерін
тигізіп, материализм ағымының механистік түрін тудырды. Ол ҚӨд. дүниеге
келген органистік материализмді ауыстырды. Ал мұның өзі сол кездегі
қоғамдық санадағы басым діни көзқарасты төңкеріп тастамағанмен, оның
бітімін өзгертті. 1) діни фанатизм бірте-бірте азайып, оның орнына діни
төзімділік, әрбір адамның қандай дінге сенуге деген құқы мен талғамы
болмасын іс жүзінде сақтала басталды. Ғылым мен діннің арақатынасы
бұрынғыдай қос ақиқат принципі арқылы шешіліп, сонымен қатар деистік
бағыт күш ала бастайды. Мұндай көзқарас ғалымдардың Табиғаттың терең жатқан
сырларын ашуына кеңінен жол ашты.
Ал жаратылыстану ғылымдарының өзіне келер болсақ, онда бір-біріне
қарсы тұрған екі әдіс кеңінен қолданыла бастады. Ол, бір жағынан алғанда,
табиғат құбылыстарын тәжірбиелік жолмен байқап зерттеу, екінші жағынан,
Дүниені математикалық-абстрактылық жолмен сараптау. Мұндай жағдайлар
философия саласында ғылымға деген үлкен үміт тудырады, жаңа зерттеулер
тұрғысынан ортағас. дүниеге келген сх-қ ойлау жүйесі қатты сынға алынды.
Ешқандай тарихтағы болған ұлы тұлғалардың ой-пікірі жаңа дамып келе жатқан
жаратылыстану ғылымдарына кедергі болмауы керек, олар ерікті түрде өз пәнін
зерттеуі қажет деген ой қоғамдық санада басымдыққа ие болады.
Ғылым Құдайға қарсы емес, керісінше, ол табиғаттың терең заңдылықтарын
ашып, Жаартушының құдіреттілігін көрсетеді деген пікір кеңінен таратылады.
Мінеки, осындай қайшылықты жол Жаңа жәуірдегі философияны тудырып, оны әрі
қарай дамытады. Енді нақтылы түрде соған назарымызды аударайық.
Ф.Бэкон (1561-1626) және Р.Декарт (1596-1650) теориялық түрде
бурж.табының мүдделерін жақтады. Ф.Бэкон ғылыми зерттеу құқығын қорғады.
Оның негізгі еңбегі – Жаңа Органон (Осы шығарма Аристотельдің Органон
еңбегіне қарсы). Ол табиғат туралы жаңа білімді ең алдымен оның өзін
зерттеу арқылы алу қажеттігі туралы қорытындыға келді. Білім – күш, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯНЫҢ ПӘНДІК МӘРТЕБЕСІ
Адамзат қоғамын рухани дамытудағы философияның рөлі
Философия пәнінен емтихан сұрақтары мен жауаптары
Ғылымның филоосфиялық мәселелері
Ойлау мәдениетінің пайда болуы
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымның философиялық мәселелері
Философия (лекциялар)
КӨНЕ ШЫҒЫС ФИЛОСОФИЯСЫ ТАРИХЫ
Философия пәні: ұғымы мен мазмұны
Философияның пәні, қызметтері мен міндеттері жөнінде эссе
Пәндер