Қайта құру кезеңіндегі республиканың қоғамдық-саяси өміріндегі өзгерістер



ЖОСПАР

КІРІСПЕ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
"Қайта құру" кезеңіндегі республиканың қоғамдық.саяси өміріндегі өзгерістер
1986 жылғы Алматыдағы 17.18 желтоқсан оқиғасы
Жазықсыз жапа шеккен жастар

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Көне түркі даласын мекен өткен қазақ халқының да сан ғасырлық өмір көшін басынан өткізген мол, құнарлы тарихы бар.
"Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз, елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз, ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз," - дейді Қазыбек би. Бұл даналық нақылдардан "ешкімге соқтықпай жай жатқан елдің" ежелден құт-береке тілеп, бейбітшілік аңсаған ел екенін көреміз. Бірақ, "Тамырсыз ағаш, тарихсыз халық болмайды". Жақсысын асырып, жаманын жасырып өктемдеу – тарихқа жасалған қиянат. Біз оны бар қайғы-қуанышымен, жеңіс-жеңілісімен бірдей қабылдауымыз керек. Себебі, ол – тұтас құбылыс. Халқымыз өзінің қалыптасу жолында талай қилы-қилы белдерді асып, тар жол, тайғақтарды кешті. Сонау сақтардың әйел патшасы Томиристен соңғы хан Кенесарыға дейін, Мұстафа Шоқай мен Әлихан Бөкейхановтардан Қайрат, Ләззаттарға дейін қанша рет дала қанға бөкті, жылғалар қан боп ақты, қанша рет ұлан-ғайыр дала азаттықты аңсаған алты алаштың ақсақ та айбынды ұранына куә боп, қанша рет "елім-ай" деп, шер төккен халықтың мұңы мен зарына ортақ болды.
"Біз - қазақ, ежелден азаттық аңсаған" демекші, бірде қайғылы, шерлі, бірде азат, айбынды, рухты тарихымыздағы әрбір оқиға, әрбір қанды шайқас – азатыққа жасалған бір қадам.
Орыс империясының екі басты самұрығы біздің даламызға екі жүзбен келіп қонды. Бірі жан-жағына білім шашып, нұрын төксе, бір басы жан-жағына от бүркіп, жалмады. Адам өміріндегі ең ыстық, ең жақын нәрсе – Отан, төрт ана. Осы дәуірде, әсіресе қызыл империяның қол астындағы жетпіс жылда, Отан өгей анаға айналып, тұтас бір халық, тамырынан айырылып, қаңғырып, жоғалып кете жаздады. Ресей бізді, тіпті, қарусыз-ақ жер бетінен өшіруге айналды. "Жаулаған елің өзіңе бағынсын десең - оның тілі мен дініне қол сұқпа", - деген екен Шыңғыс хан. Төрт анасынан түбірімен айырылған қазақта енді мәңгүрт, "қазақ емес" ұрпақ пайда бола бастады. Бірақ, бұл кезде де халқымыздың ауырын көтерер Қайрат, Ләззат сынды азаматтар табылды. "Өжет адам өлімді жеңеді. Еліңді сүйсең, ерлік істейсің". Қазақ жастары жылдар өте өзінің өжеттілігімен, қайтпас қайсар рухымен дегеніне жетті. Ғасырлар бойы қазақ даласында болған әрбір оқиға, әрбір шайқас – тәуелсіздікке жасалған бір қадам. Осындай кішкене адымдармен, бірақ оң жолмен, азаттық жолымен қазақ елі армандаған мақсатына келе жатты. Желтоқсан оқиғасы осы бір "соқтықпалы" соқпақтағы ең соңғы ірі адым болды. "Мың өліп мың тірілген", енді тәуелсіз қазақ өзінің алғашқы демін желтоқсан ызғырығымен алды.
Ал 1986 жылғы "Желтоқсан оқиғасы" тәуелсіздіктің, азаттықтың, демократиялық жаңғырудың бастауы болды. Ол жас жігіттер ар-намыс пен елдік рух жолында теңдікті талап еткен тегеурінді күш-қайнарының тоғысқан шағы еді. Ел мен ұлттың тәуелсіздік хұқын қорғау үшін бас көтерген желтоқсандық жігіттер мен қыздардың бұл қадамы шын мәнінде ерлік еді. Міне, осы қанды оқиғадан кейін бес жыл өткен соң, Қазақстан тәуелсіздік туын тікті.
Қазір Желтоқсан оқиғасына себеп болған нендей жағдай еді деген сұраққа жауап жиі ізделінуде. Меніңше КОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының сол кездегі Қазақстан басшысын ауыстыру туралы ұйғарымынан туған наразылық мәселенің бір жағы ғана. Елдегі шетін жағдайлар оған дейін де қордаланып қалған еді. Өйткені, республикамыздың егемендігі ол кезде тек сөз жүзінде ғана болды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Маданов. Ұлы дала тарихы, Алматы, 1998 ж.
2. Қазақстан тарихы Очерктер. Алматы 1999 ж.
3. Мусин Ч. Қазақстан тарихы, Алматы 2003 ж.
4. Қазақ ССР тарихы, 4-том. Алматы, 1985 ж.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
"Қайта құру" кезеңіндегі республиканың қоғамдық-саяси өміріндегі өзгерістер

1986 жылғы Алматыдағы 17-18 желтоқсан оқиғасы
Жазықсыз жапа шеккен жастар
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Көне түркі даласын мекен өткен қазақ халқының да сан ғасырлық өмір
көшін басынан өткізген мол, құнарлы тарихы бар.
"Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ, ешкімге соқтықпай жай жатқан
елміз, елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын
деп, найзаға үкі таққан елміз, ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан
сөз асырмаған елміз," - дейді Қазыбек би. Бұл даналық нақылдардан "ешкімге
соқтықпай жай жатқан елдің" ежелден құт-береке тілеп, бейбітшілік аңсаған
ел екенін көреміз. Бірақ, "Тамырсыз ағаш, тарихсыз халық болмайды".
Жақсысын асырып, жаманын жасырып өктемдеу – тарихқа жасалған қиянат. Біз
оны бар қайғы-қуанышымен, жеңіс-жеңілісімен бірдей қабылдауымыз керек.
Себебі, ол – тұтас құбылыс. Халқымыз өзінің қалыптасу жолында талай қилы-
қилы белдерді асып, тар жол, тайғақтарды кешті. Сонау сақтардың әйел
патшасы Томиристен соңғы хан Кенесарыға дейін, Мұстафа Шоқай мен Әлихан
Бөкейхановтардан Қайрат, Ләззаттарға дейін қанша рет дала қанға бөкті,
жылғалар қан боп ақты, қанша рет ұлан-ғайыр дала азаттықты аңсаған алты
алаштың ақсақ та айбынды ұранына куә боп, қанша рет "елім-ай" деп, шер
төккен халықтың мұңы мен зарына ортақ болды.
"Біз - қазақ, ежелден азаттық аңсаған" демекші, бірде қайғылы, шерлі,
бірде азат, айбынды, рухты тарихымыздағы әрбір оқиға, әрбір қанды шайқас –
азатыққа жасалған бір қадам.
Орыс империясының екі басты самұрығы біздің даламызға екі жүзбен келіп
қонды. Бірі жан-жағына білім шашып, нұрын төксе, бір басы жан-жағына от
бүркіп, жалмады. Адам өміріндегі ең ыстық, ең жақын нәрсе – Отан, төрт ана.
Осы дәуірде, әсіресе қызыл империяның қол астындағы жетпіс жылда, Отан өгей
анаға айналып, тұтас бір халық, тамырынан айырылып, қаңғырып, жоғалып кете
жаздады. Ресей бізді, тіпті, қарусыз-ақ жер бетінен өшіруге айналды.
"Жаулаған елің өзіңе бағынсын десең - оның тілі мен дініне қол сұқпа", -
деген екен Шыңғыс хан. Төрт анасынан түбірімен айырылған қазақта енді
мәңгүрт, "қазақ емес" ұрпақ пайда бола бастады. Бірақ, бұл кезде де
халқымыздың ауырын көтерер Қайрат, Ләззат сынды азаматтар табылды. "Өжет
адам өлімді жеңеді. Еліңді сүйсең, ерлік істейсің". Қазақ жастары жылдар
өте өзінің өжеттілігімен, қайтпас қайсар рухымен дегеніне жетті. Ғасырлар
бойы қазақ даласында болған әрбір оқиға, әрбір шайқас – тәуелсіздікке
жасалған бір қадам. Осындай кішкене адымдармен, бірақ оң жолмен, азаттық
жолымен қазақ елі армандаған мақсатына келе жатты. Желтоқсан оқиғасы осы
бір "соқтықпалы" соқпақтағы ең соңғы ірі адым болды. "Мың өліп мың
тірілген", енді тәуелсіз қазақ өзінің алғашқы демін желтоқсан ызғырығымен
алды.
Ал 1986 жылғы "Желтоқсан оқиғасы" тәуелсіздіктің, азаттықтың,
демократиялық жаңғырудың бастауы болды. Ол жас жігіттер ар-намыс пен елдік
рух жолында теңдікті талап еткен тегеурінді күш-қайнарының тоғысқан шағы
еді. Ел мен ұлттың тәуелсіздік хұқын қорғау үшін бас көтерген желтоқсандық
жігіттер мен қыздардың бұл қадамы шын мәнінде ерлік еді. Міне, осы қанды
оқиғадан кейін бес жыл өткен соң, Қазақстан тәуелсіздік туын тікті.
Қазір Желтоқсан оқиғасына себеп болған нендей жағдай еді деген сұраққа
жауап жиі ізделінуде. Меніңше КОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының сол
кездегі Қазақстан басшысын ауыстыру туралы ұйғарымынан туған наразылық
мәселенің бір жағы ғана. Елдегі шетін жағдайлар оған дейін де қордаланып
қалған еді. Өйткені, республикамыздың егемендігі ол кезде тек сөз жүзінде
ғана болды.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

"Қайта құру" кезеңіндегі республиканың қоғамдық-саяси өміріндегі өзгерістер

1985 жылғы сәуiр айында Кеңестер Одағы Коммунистiк партиясы Орталық
Комитетiнiң пленумы болды. Онда Орталық партия Комитетiнiң Бас хатшысы М.
С. Горбачев баяндама жасап, қоғамды демократиялық бағытта қайта құру
жөнiнде шешiм қабылданды. Бiрақ бұл шешiм тек сөз жүзiнде қалды. Iс жүзiнде
ол кеңес қоғамын ыдыратуды тездеттi. Оны Қазақстанның партия, Кеңес
органдары қызметiнен байқауға болады.
Қазақстанда Одақтың барлық жерлеріндегі сияқты тоқырау жылдарында
басқару ісінде жағымпаздық, парақорлық, рушылдық, жершілдік сияқты көптеген
келеңсіз құбылыстар кеңінен орын алды. Бұл жылдары ұлт саясатында,
әлеуметтік-экономикалық және кадр мәселелерінде көптеген ауытқушылыққа жол
берілді. Жалпы барлық кеңес қоғамы үшін бұл кезде қоғамдық ойдың мәні
өзгеріп, сөз бен істің арасында алшақтық, қайшылық кең өріс алды. Кадр
мәселелерін шешу партия комитеттерінің тек бірінші басшыларының айтуымен,
солардың таңдауымен жүретін болды. Оларды iрiктеуде тек туыстық, жерлестік,
бастыққа берілгендік жағдайлар маңызды рөл атқарды. Бұл Коммунистік
партияның, соның ішінде Қазақстан Компартиясының да барлық деңгейінде
көрініс тапты. Көптеген басшы партия қызметкерлері мен партия комитеттері
ескіше қызмет етті. Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті құрамында
сапалық өзгерістер аз болды. Осыдан келіп, аса маңызды мәселелерді шешуде
принципсіздік, тұрақсыздық, қоғамдағы жағымсыз жағдайларды жасыруға,
аздаған жақсы істерді ерекше мадақтап, жоғары көтеруге, болып жатқан
істердің барлығын тек жақсы жағынан көрсетуге тырысты. Міне, осымен
байланысты 1986 жылғы ақпан айында болып өткен Қазақстан Компартиясы XVI
съезінде жасаған баяндамасында, ол кезде Республика Министрлер Кеңесінің
төрағасы болып істеген Н.Ә. Назарбаев және съезде шығып сөйлеген басқа да
делегаттар мұндай келеңсіз жағдайларды өткір сынға алды. Олар көптеген
күрделі және маңызды мәселелерді партия комитеттерінің уақтылы шешпейтінін,
олардың қызметі ауқымынан тыс қалатынын, проблемалық мәселелерді шешуге
ескіше қараудың кеңінен орын алып отырғанын ешқандай бүкпесіз айтып бердi.

1986 жылғы Алматыдағы 17-18 желтоқсан оқиғасы

1985 жылы республика бойынша ауылдан келген студенттердің төрттен үші
ғана жатақханамен қамтамасыз етілді. Әсіресе, Алматыдағы жағдай мәз емес
еді. Ондағы студенттердің 57,7 пайызы ғана жатақханаға орналаса алды.
Желтоқсан оқиғасы қарсаңында “еңбектен тыс табыс” дегенмен күрес пайда
болып, соның салдарынан тек қана Алматыдағы пәтер жалдап оқып жүрген үш
мыңдай студент баспанасыз қалды.
Ең бастысы, бір ғана ұлттың басым көпшілігінен тұратын одақтас
елдердің билік органдарымен салыстырғанда біздің республика басшылығы көп
ұлттан тұрды. 1920-1986 жылдар аралығында бірен-саран қазақ болмаса ел
партия ұйымына орыс пен еврей, поляк пен грузин және армян, ұйғыр
жетекшілік етті.
1985 жылдың дерегі бойынша Қазақ КСР-ның Жоғарғы Кеңесінде қазақтар
үлесі – 36 пайыз, орыстар – 40,8 пайыз болды. Кеңес өкіметі жылдарында
республиканың бірде-бір өкілін коммунистер мен халық сайлаған жоқ, оларды
орталық тағайындап, іс-қимылын өздері бақылап отырды. Ақыры Қазақстанда
шексіз билікке ие болған және орталық мүддесін қорғайтын Г.Колбиннің кезегі
келгенде халықтың шыдамы түгесілгендей еді. Наразылық бұрқ ете түсіп, бітеу
жараның аузы ашылды да кетті.
Қазақстанның жоғарғы органдарына орталықтан басшы кадрлар жіберу
кеңінен орын алды. Оларды қызметке жібергенде жергілікті жердің пікірі,
республиканың тарихи жағдайы, оның салт-дәстүрі есепке алынбады. Мұндай
жағдай 1986 жылғы 16 желтоқсан күні Қазақстан Компартиясы Орталық
Комитетінің бірінші хатшысы Д. А. Қонаевты орнынан алған кезде айырықша
көзге түсті. Пленум мәжілісі небары 18 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде
Қазақстан Компартиясының бiрінші хатшысы Д. А. Қонаев қызметінен алынып,
оның орнына Мәскеу жіберген Г. В. Колбин сайланды.
Мұның өзі қайта құру мен демократиядан үлкен үміт күтіп отырған
республика халқының, соның ішінде қазақ жастарының наразылығын туғызды.
Пленум өткеннен кейін екінші күні Орталық партия Комитеті үйі алдындағы
алаңға өздерінің Пленум шешімімен келіспейтіндігін білдіру үшін жұмысшы
және студент жастар, оқушылар, т.б. жиналды. Олардың қолдарында ұстаған
ұрандарының арасында "Әр халықтың өз ұлттық көсемі болу керек" деген ұран
бар еді. Мұндай көсемнің Қазақстанда тұратын орыс халқы өкілдерінен де
мүмкін екендігі айтылды. Міне, осындай күрделі жағдайда Г. В. Колбин партия
Орталық Комитетінің бюро мәжілісін шақыртып, оған С.М. Мұқашев, Н.Ә.
Назарбаев, З.К. Камалиденов, О.С. Мирошхин, М.С. Меңдібаев, А.П. Рыбников,
Л.Е. Даулетова, В.Н. Лобов, т. б. қатынасты. Бірақ олар алаңға шыққан
жастардың жүрегіне жол таба алмады.
Негізінде алаңға бейбіт жастар шықты. Жалпы күш көрсетеміз деген ой
олардың санасында да жоқ еді. Бірақ наразылық білдірді. Көтерген
үнқағаздары болды. Ленин идеясы жасасын! деген үнқағаз ұстағандардың өзі
де жауапқа тартылды.
Жастардың алаңға шығу себептері әртүрлі. Олардың, кейбіреулері мұнда
талай жылдар бойғы шовинистік кеудемсоқтыққа өкпе-наразылығын білдіргілері
келсе, басқалары “ұлттық намысты қорғау” ұранына еліктей аттанды. Шеру
саяси сипатта өтті және ол басқа халықтарға, соның ішінде орыстарға қарсы
бағытталмады.
17 желтоқсанның кешіне дейін шеруге қатысушылар шектен шықпады, ешбір
заңды бұзбады. Осы арада ерекше айта кететін бір жәйт, алаңда қазақ жастары
басым болғанымен, олардың қатарында орыс, украин, ұйғыр және басқа
ұлттардың өкілдері де болды. Оны сол кездегі ішкі істер органдары тіркеген
тізім де растайды.
Оқиғаның ушығуына, оның тым ауыр сипат алуына деген басты кінәні саяси
айтыстан қашқақтаған, нақты жағдайда біліксіздік танытқан партия мен үкімет
органдарының шенеуніктеріне арту керек. Соның салдарынан құқық қорғау
органдары мен милицияға қара күш қолдануға рұқсат берілді. Ақыры оқиға
кезінде әр ұлттың өкілдерінен тұратын 2401 адам ұсталды. Бұлардың ішінде
Алматының соттары 326 адамды әкімшілік жазаға кесті, қылмыстық тәртіп
бойынша – 99 жас сотталды, екі адам ату жазасына тартылды. Тек қана
Желтоқсан оқиғасына байланысты Қарағанды университетінен 25 студент
комсомолдан шығарылып, 11-і университеттен қуылды.
Алматы сәулет-құрылыс институтының бұрынғы студенті Қ.Рысқұлбеков
түрмеде қаза тапты. Студент қыз Л.Асанова жұмбақ жағдайда көз жұмды. Мұндай
қайғылы мысалдар аз емес.
Билік басындағылар 1986 жылғы көтеріліс кезінде әдейі арандатушы топ
құрып оларды жастарды ортасына жіберген. Олар әдейі күпәйке киіп: қашанға
дейін осыған төзе береміз, орыстар қашанға дейін бізді басына береді деп
өзеуреп, әскерлерге қарсы мұз лақтырып, бір жағы бұзақылық көрсетіп тұрған.
Бұл қасақана ұйымдастырылған топ мүшелері Метель операциясына сай құрылып
арнайы арандату арқылы ұлттардың арасына жік салу арқылы көтерілісті басу
ісімен жүзеге асырылған зымиян жоспардан туындаған еді.
Ал Метель операциясы 1986 жылғы желтоқсаннан бір жыл екі ай бұрын
алдын ала ойластырылған еді. Бірақ ол операцияны жүзеге асыратындай жер
болмаған соң ол босқа жатып қалған. Ал Алматыда бейбіт жастар шеруі жүріп
жатқан кезде КСРО Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы Чебриков М. Горбачевке
жолығып Метель операциясын қолдануға ауызша рұқсат алған. Бұдан кейін
бейбіт жастардың шеруі неге айналғанын қазір бәріміз білеміз. Ал сол күні
Алматыға ұшып келген КСРО Қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші
орынбасары Бобков пен КСРО ішкі істер министрінің орынбасары Елисов
Метель операциясын сынау үшін, Алматыда жаппай күш көрсетуге көшті.
Алдын ала ойластырылған үлкен күш Желтоқсан көтерілісі кезінде жастарға
қасақана жұмылдырылды. Күш қолдану үшін оған негіз болу керек қой.
Сондықтан алаңға шыққандарды маскүнемдер, нашақорлар және бұзақылар еді
дегізу қажет болды. Колбиннің тапсырмасымен Желтоқсан көтерілісі қарсаңында
зауыттар түні бойы жұмыс істеп темір таяқ кесіп дайындаған. Қазақтың
жігіттері ондай қаруды қолданудан бас тартқан. Сөйтіп, жастарға күш
көрсеткен қарулы топ, негізінен орыс жасақшылары болып шықты. Олардың
көпшілігі қызып кетіп, садизмге беріліп, көше-көшеде жолыққан, ешкімде
шаруасы жоқ бейкүнә адамдардың өзін ұрып-соғып таяққа жығып, қорлаған.
Осылайша екі ұлт ашықтан-ашық бір-біріне қарсы қойылды.
Алаңда болып жатқан жағдай, республика басшыларының, соның ішінде Г.В.
Колбиннің ойында қазақ жастарының арасында елдегі социалистік құрылысқа
қарсы астыртын әрекет, ұлтшыл ұйым бар деген пайымдау мен арам пиғылды
туғызды. Бірақ ондай ұйымның бар-жоқтығы кейін қанша тексерсе де
анықталмады. Алаңда жиналған халық пен милиция және әскерлер арасында
қақтығысулар жүрді. Ереуілге қатысушылар таспен, таяқпен қаруланып
жазалаушыларға қарсылық көрсетті. Олар жастарды мұздай суға тоғыту үшін
алаңға әкелінген бірнеше өрт сөндіргіш машиналарды өртеп жіберді.
Қақтығысудың барысында Е. Сыпатаев және С. Савицкий деген азаматтар қаза
тапты. Осыған байланысты үкімет органдары алаңға шығушыларға қарсы күш
қолдана бастады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қайта құру кезеңіндегі республиканың өміріндегі өзгерістер
«Қайта құру» кезеңіндегі Республиканың қоғамдық – саяси өміріндегі өзгерістер. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы
Қазақстандағы тәуелсіздік идеясының тарихи эволюциясы
Отаршылдық кезеңіндегі қазақ халқы руханилығының даму ерекшеліктер
Қазақ әдебиетіндегі желтоқсан тақырыбы
Қайта құру кезеңіндегі Республиканың қоғамдық-саяси өмірі
ҚР Конституциялық құқығының жалпы сипаттамасы
ХХ ғасырдағы Қазақстанның Конституциясылық дамуы
Алғашқы қауым құрылысы дәуірі кезеңіндегі Қазақстандағы дене шынықтыру тарихы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясының мазмұны
Пәндер