Түрлі композитті материалдарды машина бөлшектерін жасауда пайдалану мәселесін шешу



Коппозиттік материалдар деп – компонеттер қасиеттерінен ажыратылатын, жаңа қасиеттерімен анық көрінетін шекарасы бар, химиялық құрамы бойынша ерекшеленетін екі немесе одан да көп компонеттерден жасалған материалдарды атайды. Композитті материалдардағы компонеттердің қасиеттері, өлшемдері, пішімдері мен орналасуы алдын – ала жобаланады және жасау процесі кезінде қалыптасады. Композитті материалды талшықты, қабатталған және дисперсті бөлшектермен беріктенген деп бөледі. Композитті материалдар көлеміндегі үздіксіз компонетті – матрица деп, үзбеліні – армирлеуші элемент деп атайды.
Армирлеуші элементтің геометриясына және олардың өзара орналасуына байланысты композитті материалдар қасиеттері барлық жағдайда – изотропты (дисперсті – беріктенген композитті материалдар) және әртүрлі – анизотропты болуы мүмкін.
Композициялық материалдың негізі болып, полимерлер, органикалық түтқырлар, күшейткіш дисперсті және әртүрлі үздіксіз талшықтармен беріктенген, белгілі бағыттар бойынша бағытталған композитті материалдарды толтырғыштар танылады. Қазіргі заманғы композиялық материалдардағы толтырғыштарды, тек түтқырдың ысырабын азайтатын және композиттің қүрылысын беріктендіретін қоспа ғана емес, сонымен қатар жүйе қүрылыстың пайда болуын басқаратын және материалдағы берілген қасиеттерді жобалауға мүмкіндік беретін компонент есебінде қаралады.
1. Б.О. Сыздықова, О. Сыздықов «Материалтану және слесарлық іс» - Алматы,2010ж.
2. А.М. Ғазалиев, А.З. Исақұлов, В.В. Егоров, Е.Б. Сүлеймен, Д.Қ. Исин «Материалтану және конструкциялық материалдар технологиясы»- Қарағанды, 2012ж.
3. «Пультрузация» мақаласы, plant@meto.ru,pipe@teo.ru – 2014ж.

Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ТҮРЛІ КОМПОЗИТТІ МАТЕРИАЛДАРДЫ МАШИНА БӨЛШЕКТЕРІН ЖАСАУДА ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕСІН ШЕШУ

Коппозиттік материалдар деп - компонеттер қасиеттерінен ажыратылатын, жаңа қасиеттерімен анық көрінетін шекарасы бар, химиялық құрамы бойынша ерекшеленетін екі немесе одан да көп компонеттерден жасалған материалдарды атайды. Композитті материалдардағы компонеттердің қасиеттері, өлшемдері, пішімдері мен орналасуы алдын - ала жобаланады және жасау процесі кезінде қалыптасады. Композитті материалды талшықты, қабатталған және дисперсті бөлшектермен беріктенген деп бөледі. Композитті материалдар көлеміндегі үздіксіз компонетті - матрица деп, үзбеліні - армирлеуші элемент деп атайды.
Армирлеуші элементтің геометриясына және олардың өзара орналасуына байланысты композитті материалдар қасиеттері барлық жағдайда - изотропты (дисперсті - беріктенген композитті материалдар) және әртүрлі - анизотропты болуы мүмкін.
Композициялық материалдың негізі болып, полимерлер, органикалық түтқырлар, күшейткіш дисперсті және әртүрлі үздіксіз талшықтармен беріктенген, белгілі бағыттар бойынша бағытталған композитті материалдарды толтырғыштар танылады. Қазіргі заманғы композиялық материалдардағы толтырғыштарды, тек түтқырдың ысырабын азайтатын және композиттің қүрылысын беріктендіретін қоспа ғана емес, сонымен қатар жүйе қүрылыстың пайда болуын басқаратын және материалдағы берілген қасиеттерді жобалауға мүмкіндік беретін компонент есебінде қаралады.
Композитті материалдар құрамына қарай: шыны талшықтармен армирленген композитті материалдарды - шыныпластиктер деп; металдық талшықтармен - металл пластиктер деп; бормен армирленгендерді - боропластиктер деп; көміртек талшықтармен - көміртек пластиктілер деп атайды.
Конструкциялық материалдар дайындау әдісі бойынша: сұйық және қатты фазалық әдісімен, тұну әдістерімен - тозаңдану және аралас әдістермен алынғандар деп бөлінеді.
Сұйық фазалық әдістерге арматураны полимермен немесе сұйық металмен қанықтыру, сонымен қатар бағытталған кристалдану жатады.
Қатты фазалық әдістерге - матрица ретінде ұнтақтар немесе жұқа табақшалар қолданылатын, компонеттер композитті материалдарға айналатын престеу, прокаттау, экскрузия, жарумен пісіру, соғу, сымдау, диффизиялық пісіру жатады.
Композитті материалдарды тұндырумен алғанда матрица талшықтарға тұздар ерітіндісінен, булы газды фазадан, плазмадан жағылады. Аралас әдістер бірнеше әдістердің жинақталуын қарастырады. Композитті материалдың құрамындағы әрбір компонент қандай материалдан жасалса да бастапқы қасиеттерін сақтайды. Матрица қызметі - бұйымға пішім беру, талшықты қышқылданудан және зақымданудан қоғау, талшықтарға күш беру. Композитті материалдың беріктігін, матрицаның иілгіштігі мен қаттылығын қамтамасыз ететін көптеген әдістер бар. Қаңқалы талшықты бағытта орнықтыру арқылы, композиттің беріктік көрсеткіштерін, майысқақтығын, температураға шыдамдылығын және басқа да қасиеттерін жақсартуға болады. Мұндай жағдайда композициялық материалдардың құрамын дұрыс есептеу керек және компоненттердің тиімді арақатынасын анықтаған жөн.
Талшықтар - ең жиі қолданылатын армирлеуші элемент - сыртқы жүкті көтереді. Олар төмен тығыздыққа, жоғары биікттікке және серпімділік модуліне, химиялық тұрақтылыққа және дайындау технологиясына, матрицадағы минималды ерігіштікке, фазалық түрлену жоқтығына ие болу керек. Талшықтар қасиеттері эксплуатация жағдайларында тұрақты болуы қажет. Талшықты композициялық материалдарды әр түрлі белгілерімен жіктеуге болады. Талшықты композитті материалдардан көпқабатты таспаларды, табақшаларды, сырық өзектерді, құбырларды, конструкциялық пішімдерді, құбырлар қалақшаларын, авиация мен ғарыш техникасын жасайды.
Ыстыққа берік композиттік материалдарды керамикалық және көміртекті талшықтармен беріктенген никель мен кобальт қорытпалар негізінде дайындайды, композитті материалдарды ауыр жүктелетін газ құбырлы қозғалтқыштар, жану камераларын, жылу экрандарын, ыстыққа тұрақты құбырларды жасауда қолданады.
Қолданылатын шикізаттың түріне, каңқалаудың сипаттамасына, матрица материалының өзгешелігіне полимерлі, темірлі, керамикалы, көміртекті, қаңқалайтын талшық түріне шыныпластиктер, боропластиктер және т.б. қарай бөлінеді.
Қаңқалайтын талшық, композициялық материалдар құрамында біркелкі тегіс қабатпен, өзара параллельді бағытта немесе ішкі себептерге байланысты және шатасып оралған, мысалы, тоқылатын арматура сияқты орналасуы мүмкін. Композициялық материалдың қаңқалаушы қүрастырушылары, тығыздық пен беріктікті қамтамасыз ететін материалдар, майда ұнтақталған ұнтақ, микроталшық түрінде болуы мүмкін. Майда ұнтақталған дисперсиялы толықтырғыштар барлық көлемге біркелкі таратылады.
Қазіргі кезде нанокристалдық материалдардың үш түрі бар: ультрадисперсті наноөлшемді ұнтақтақтар; компактты немесе көлемдік нанокристалдық материалдар; монокристалдық моноқабаттар (аса торлар).
Нано құрылымының түзілу нәтижесінен жүретін процестер бұл - кристалдану, қайта кристалдану, қайта кристалдану, фазалық өзгерістер, жоғары механикалық күштер, интенсивті пластикалық деформация, аморфты құрылымның толық және жартылай кристалдануы.
Наносымдар мен наноталшықтар. Наносымдар электрондық микросызбалар үшін металды наносымдар, сонымен қатар, нүктелік нанобөлшектен, сатылы астардан булы фазадан конденсация әдісімен өсіреді астарлы материалдың беттік энергиясы абсорбаттың беттік энергиясынан жоғары болуын қажет етеді.
Жалпы композитті материалдардың технологиясы бірнеше сатыдан өтеді: дайындаманы қалыптау; ұнтақ себу (шашу); басқару (пултрузия); орау (намотка); престеу және т.б. (әртүрлі операцияларға байланысты).
Қалыптау барысында мынадай әдістің ілгері баптаулы толтырғыштар пайдаланылады. Осы әдіс арқылы өнімнің биік бірыңғайлысы баянға кепілдендіріледі, және көрсеткіштері қадағаланады. Алайда бұйымның сапасы жұмысшының тәжірибесіне тәуелді болады.
Шыныпластикті қолмен қалыптау бірнеше этаптан тұрады:
Бірінші этап дайындық этапы деп аталады, үдеріс кезінде бұйым қалыпының беті тазартылады, кейін майдан тазарады және соңында қабаттарды ажырататын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Композитті материалдар. Композитті материалдардың жіктелуі
Жасанды және синтетикалық материалдар
Color Jet Printing (CJP) 3D басып шығару технологиясы
Материалдар кедергісі ғылымының даму тарихы
Сыртқы күштер
Объектілерге материал тағайындау
Жаңа ақпараттық технологияны оқу процесінде қолдану
КОМПОЗИТТІ МАТЕРИАЛДАР. ҰНТАҚТЫ МЕТАЛЛУРГИЯ МАТЕРИАЛДАРЫ: ҰСАҚ САҢЫЛАУЛЫ, ҚҰРАСТЫРЫМДЫҚ, ЭЛЕКТРОТЕХНИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР
Мономер сипаттамасы және оны алу механизмі
Дәнді бұршақ дақылдардың сипаттамасы
Пәндер