Дербес компьютер құрылғылары



Компьютер - бұл бір ғана аспап емес, сыртқы және ішкі, негізгі және қосымша түрлі құрылғылардан құрылатын машина.
Негізгі құрылғыларға: жүйелік қорап, монитор, пернетақта, тінтуір жатады. Қосымша немесе шеткері құрылғыларды бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады:
-енгізу құрылғылары (мәтіналғы, дигитайзер, сандық фотокамера, графикалық планшет); -шығару құрылғылары (басып шығарғыш, плоттер);
-бір мезгілде енгізу және шығару қызметтерін атқаратын құрылғылар (модем, дыбыстық бейімдегіш желілік бейімдегіш).
Сыртқы құрылғылар: Монитор, пернетақта, тінтуір, дыбыс шығарғыш, принтер, сканер, сыртқы тұрғылықты дисктер, флеш дисктер, құлаққап, микрофон, веб камера және т.б.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ - ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Тақырыбы: Дербес компьютер құрылғылары

Орындаған:
Тобы:
Қабылдаған:

Шымкент 2015

Компьютердің құрамына кіретін құрылғылар

Компьютер - бұл бір ғана аспап емес, сыртқы және ішкі, негізгі және қосымша түрлі құрылғылардан құрылатын машина.
Негізгі құрылғыларға: жүйелік қорап, монитор, пернетақта, тінтуір жатады. Қосымша немесе шеткері құрылғыларды бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады:
-енгізу құрылғылары (мәтіналғы, дигитайзер, сандық фотокамера, графикалық планшет); -шығару құрылғылары (басып шығарғыш, плоттер);
-бір мезгілде енгізу және шығару қызметтерін атқаратын құрылғылар (модем, дыбыстық бейімдегіш желілік бейімдегіш).
Сыртқы құрылғылар: Монитор, пернетақта, тінтуір, дыбыс шығарғыш, принтер, сканер, сыртқы тұрғылықты дисктер, флеш дисктер, құлаққап, микрофон, веб камера және т.б.
Ішкі құрылғылар: Аналық тақша, оперативті жады, процессор, желдеткіш, тұрғылықты, алмалы, ықшам дисктер, бейнебейімдеуіш, дыбыстық тақша, желілік тақша, қоректендіру қорабы, және т.б.

Дербес компьютердің негізгі және қосымша құрылғылары.

Дербес компьютердің енгізу және шығару құрылғылары.

Жүйелік қорап (системный блок, сase) - негізінен компьютердің барлық ішкі құрылғыларын жинап рет-ретімен орнататын және бұзылудан сақтайтын қарапайым темір қорап. Олардың түрлері: тік (Tower) және жатық (Desktop). Тік жүйелік қораптар - қазіргі таңда стандарт болып қарапайым дербес компьютерде қолданылып жатыр. Тік жүйелік қораптар - көбінесе мультимедиалық компьютерлерді жинауға және офистерде қолдануға арналған. Жасап шығаратын фирмалар: Delux, Microlab, JBC, OPC, KME, Foxconn, ASUS және т.б.

Ішкі құрылғылар деп- жүйелі қораптың ішінде орналасқан жабдақтарды айтамыз.

Монитор
Монитор (Монитор-Display) - мәтіндік және сызбалық ақпаратты бейнелеуге арналған құрылғы. Ол информацияны шығарудың ең танымал құрылғысы болып табылады. Оның негізгі тұтыну параметрлері - экран қалқасының мөлшері мен қадамы, кескінді қайта өндірудің ең көп шамадағы жиілігі, қорғаныс класы. Мониторлар электронды сәулелі, сұйық кристалды, OLED, плазмалық және голографиялық түрлеріне бөлінеді. Монитор мөлшері диагонал бойынша кинескоп құбырларының қарама-қарсы бұрыштардың арасы мен өлшенеді. Өлшем бірлігі - дюйм. Қазіргі таңда 9-дан 42 дюймге дейінгі (23-тен 107 см..- ге дейін) экранды мониторлар шығарылады. Стандартты мөлшерлері 14", 15", 17", 19", 20", 21" және т.б. Бүгінгі таңда 15 және 17,19,21 дюймдер мөлшеріндегі мониторлар ең әмбебап мониторлар болып табылады. Мониторда көрсетиле алатын жолындағы нүктелер санына байланысты, оларды - пиксельдер (pixel) деп атайды. Мысалы: 720*348 мүмкіндікті немесе одан да жоғары монитор вертикаль бағытта 348 жол нүктені көрсете алады, ал оның әр жолында 720 нүкте бар. Монитордың нүктелерді көрсету мүмкінді 640*480-дан басталады. Кескінді қайта өндіру жиілігі Герцпен (Гц) өлшенеді. Ол неғұрлым жоғары болса, кескін соғұрлым дәл әрі тұрақты болып, көз аз талады. Ең аз шамадағы мән 75 Гц, қалыптысы - 85 Гц, ең қолайлысы (жайлы тиетіні) - 100 Гц және одан көп мәндер. Монитордағы ТСО-99 - деген белгі: қазіргі таңда техника қауіпсіздік ережесін сақтайтын стандартты норма. Бұл норма монитордың сапасын (жарықтығын, қанықтығын, жыпылықтауын, жабудың антибликтік өзгешелігін) анықтайтын параметрлер бойынша ең қатқыл нормаларды белгілейді. Мониторларды жасап шығаратын фирмалар: Philips, Sony, Samsung, LG, Acer, HP, ASUS, Benq және т.б. Монитор жүйелік қораптағы көк түсті VGA және DVI - портына жалғанады.

Пернетақта (енгізу)
Пернетақта (Клавиатура-Keyboard) компьютерге ақпарат енгізуге және оның жұмысын басқару үшін пайдаланылады. Әзірге компьютерге адамның даусын таныту міндеті жеткілікті дәрежеде орындалған жоқ, сондықтан пернетақта - пайдаланушыдан компьютерге әріптік-сандық ақпаратты енгізудің негізгі тәсілі болып келеду. Қазіргі кезде кеңінен тараған Виндовсқа лайықталған пернетақта 104 пернеден тұрады, оның екеуі виндовс терезелері бейнеленген пернелер.

Пернетақталар 3 түрге бөлінеді - Сымдық; - Сымсыз; Резинкелі;Сымдық пернетақта - компьютерге ұзындығы 1м. дейін жететін сым арқылы жалғанады.
Сымсыз пернетақта - компьютерге 5м. дейін сымсыз, сигнал арқылы жалғанада.
Резинкелі пернетақта - пернелері және қорабы жұмсақ резинадан жасалған, домалақ етіп орап қалтамызға салып кетуге болатын компьютерге сым арқылы жалғанады.
Мультимедиалық пернетақта (сымды же сымсыз болады) - бұл пернетақталарда 104 стандартты пернеден басқада не бір түрлі пернелер бар, музыка және кинофильмдерді көріп-тыңдағанда қолданылатын келесі пернелер: музыканың бұрыңғысы, келесі, тоқтату, қою, дыбысын көтерутүсіру және тағы басқалары бар пернетақта болатын. Пернетақтаны жасап шығаратын дүние жүзіне танымды фирмалар: Delux, Microlab, Logitech, Genius және т.б. Пернетақта сатып алар кезде оның өзіңізге әріп-сандарды теруге ыңайлы етіп таңдауыңыз керек. Пернетақта өте жалпақ, пернелері жұмсақ, барлық арнайы керекті пернелер, керекі тілдер және үшбұрышты болса ғана жеңілдік табамыз. Қазіргі таңда
не бір пернетақталар шығып жатыр, мысалыға, пернетақтада тінтуірде бар, калькуляторда бар, флеш дисктерді, микрофон және құлаққап жалғайтын орныда бар.
Пернетақта жүйелік қораптағы фиолетовый түстегі PS2 немесе USB-портына жалғанады.
Жұмыс істеу құпиясы: Компьютерді қосқанда Num Lock жасыл лампочкасы жану керек, егер жанбаса өзіңіз Num Lock пернесін 2-3 рет басып көріңіз. Есіңізде болсын пернетақтаның сымын жүйелік қорапқа өзінің түсімен дұрыс жалғаңыз, немесе пернетақта істемейді.



Тінтуір (басқару)

Тінтуір манипуляторы (mouse, мышь) - өзін тегіс бетте қозғалтқанда бейне беттегі жүгіргіні жылжытатын шағын манипулятор.
Тінтуір - компьютермен әдетте сым арқылы жалғанатын және тұрпаты кәдімгі тышқанға ұқсайтын, 2-3 батырмасы бар қорапша. Оны басында қалжындап mouse - тышқан деп атағанмен, кейіннен осы сөз ресми атауына айналып кетті.
Тінтуірде жүгіргі бар. Жүгіргі орындалып отырған амалға қарай өз түрін өзгерте алады.
Тінтуірдің түрлері: - Шариктіқ; - Оптикалық; - Сымдық; - Сымсыз; - Мультимедиалық;
Шариктіқ тінтуір - бұл тінтуірде стрелканы жылжыту үшін тінтуір ішінде арнайы резинкелі шарик қолданылады. Техника дамыған сайын қазіргі таңда оптикалық тінтуірлер жасап шығарылды, сондықтан оптикалық тінтуірлер қазір кең қолданылып жатыр.
Оптикалық тінтуір - бұл тінтуірде стрелканы жылжыту үшін инфрақызыл сәулелер қолданылады.
Сымдық тінтуір - компьютерге ұзындығы 1м. дейін жететін сым арқылы жалғанады.
Сымсыз тінтуір - компьютерге 5м. дейін сымсыз, инфрақызыл сигнал арқылы жалғанада.
Мультимедиалық тінтуір (сымды же сымсыз болады) - бұл тінтуірлерде 2-3 стандартты батырмадан басқада не бір түрлі батырмалар бар, музыка және кинофильмдерді көріп-тыңдағанда қолданылатын келесі батырмалар: музыканың бұрыңғысы, келесі, тоқтату, қою, дыбысын көтерутүсіру және тағы басқалары бар тінтуір болатын. Тінтуір жасап шығаратын дүние жүзіне танымды фирмалар: Delux, Microlab, Logitech, Genius және т.б. Тінтуір жүйелік қораптағы жасыл түстегі PS2-портына немесе USB-портына жалғанады.
Көрсетілген қарапайым тінтуірдің басқа түрлері бар екен. Трекбол - бұл тінтуірдің шаригі тінтуірдің шоғарғы жағында орналасқан және оны алақанымызбен жалжатамыз, сол себепті бұл тінтуірлерге тегіс жердің керегі жоқ. Бұл тінтуірлер ноутбуктерде кең қолданылады.
Пенмаус- бұл құрылғы қарапайым ручка, бірақ стержендің орнында монитордағы стрелканы белгілейтін құрылғы орналасқан және онда кнопкалары бар, сонымен бұл тінтуір көмегімен компьютердегі барлық операцияларды жасай аламыз. Ең көбі сурет салу үшін кең таралған. Компьютерлік ойындар және арнайы бағдарламаларүшін қолданылатын келесі манипуляторлар бар: джойстик, джойпад, геймпад, штурваль-педальдар және т.б.

Мәтіналғы (енгізу)
Мәтіналғы (сканер, scanner) - сызбалық ақпаратты, мәтіндерді және суреттерді қағаздан, үлдірден,
фотографиядан оқып, компьютерге сандық пішімде енгізуге арналған құрылғы. Мәтіналғы кескінді компьютерге көптеген нүктелер жиынтығы ретінде, әр нүктеге өзіндік координата және түс нөмерін бере отырып енгізеді. Осы мәліметтер бойынша кескіннің көшірмесі мониторға шығарылады. Бірақ енгізілген информацияны графиктік түрге айналып, оны бірден өңдеу ісін жүргізу қиынырақ болады. Ол суреттерді, сызбаларды компьютер жадына енгізе алады, мәлімет енгізу оңай, әрі жылдам орындалады. Мәтіналғы дербес компьютердің қосымша бөлігіне жатады. Мысалы, бір жануардың ба, адамның ба, не болмаса сызбалардың және әртүрлі суреттердің кескінін компьютерге салып әрлейтін болсақ сканер керек. Негізі мәтіналғының екі қызметі бар: 1. Суреттерді ендіру 2. Мәтін және кестелерді компьютерге ендіріп және оларды өзгерту
Мәтіналғының 4 түрі бар: қолмен жұмыс жасайтын, планшетті және стандартты. Мәтіналғылар А4, А3, А2 форматтағы қағаздарды оқитын болыпта бірнеше түрге бөлінеді. Бірақ қарапайым үйге тиімдісі А4 форматын оқитын түрі болады. Мәтіналғыларда мәтін және суреттің сапасын анықтайтын өлшеу бірлігі - пиксель (pixel) - *dpi, яғни мәтін және суреттерді ендіру кезіндегі тігіне және жатығына оқытатын нүктелер саны. Суреттерді мәтіналғы арқылы неғұрлым жоғары пиксельмен ендірісле, соғұрлым оны фотомонтаж жасап жоғары сапалы фотосуреттерді қағазға басып шығартуға болады.
Қолмен жұмыс істейтін мәтіналғы - суреттерді түсіру үшін оны сурет бетінен ары-бері өзіміз қолмен жүргізіп өту арқылы компьютердің жадына аударамыз.
Планшетті мәтіналғы - суреттерді түсіру үшін суретті тек мәтіналғы бетіне қоямыз да, программасын қосу арқылы автоматты түрде компьютердің жадына аударамыз. Бұл мәтіналғының сапасы қолмен жұмыс істейтін мәтіналғылардан жоғары. Ол бір дюймге 300-1200 нүктеге дейін түсіре алады.
Барабанды сканерлер - мітіналғылардың ішіндегі сапасы жағынан ең жоғары мәтіналғы болып келеді. Ол бір дюймге бірнеше мың нүкте салу мүмкіндігін береді.Сканерлердің соңғы жаңалықтарының бір цифрлі комбинерленген фото-камералар. Бұның фотоаппараттан айырмашылығы сол, олар бейнесі фотопленкаға химиялық жолмен түсірмей , бірден планшетті сканерлер сияқты зарядталған байланысы бар құрылғыларға жазады да, кабель арқылы компьютердің жадына аударады. Кейін одан принтерлер арқылы суретке алынған бейнелерді шығарып ала береміз.


Басып шығарғыш (шығару)
Басып шығарғыш (принтер, printer) - мәтіндік және графикалық мәтіндерді компьютердің жедел жадынан қағазға басып шығаруға арналған құрығылар. Ол рулон қағаз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эем архитектурасы
Дербес компьютердің архитектурасы жайлы
Компьютердің аппараттық құралдары
Бірінші электрондық есептеуіш машина 1946 жылы
Компьютер құрылысы жайлы
Дербес компьютердің құрылысы
Компьютерлік техниканың дамуы және компьютер архитектурасы
Дербес компьютердің сыртқы құрылғылары
Дербес компьютердің құрылымы
Дербес компьютердің құрылысы, бағдарламалық жасақтамалар
Пәндер