Қазақстандағы отын - энергетика өнеркәсібінің дамуына қысқаша тарихи шолу



Кіріспе 3

1 Қазақстандағы отын . энергетика өнеркәсібінің дамуына қысқаша тарихи шолу 6
1.1 Мұнай және газ өнеркәсібінің дамуы мен тасымалдануы 6
1.2 Көмір өнеркәсібінің дамуы 9
1.3. Мұнай өңдеу өнеркәсібін дамыту 13

2. Отын.энергетика кешенінің жағдайы мен келешегі 18
2.1 Отын . энергетика комплексінің әлемдік экономикадағы маңызы 18
2.2 Дүниежүзінде отын өндіру, оны өндіруші елдер 23
2.3.Мұнай өңдеу өндірісінің жағдайы мен келешегі 27
2.4 Қазақстандағы су, жел, атом, электр энергетикасын өндіру барысы 33

3 Қазақстан отын . энергетикалық кешенінің қазіргі жағдайы 37
3.1 Кен орындары мен жанба отын қорының географиясы 37
3.2 Табиғи газ ресурстары мен көмір кен орындары 42
3.3 Жанатын сланец және мұнай ресурстары 45
3.4 Қазақстандағы мұнай.газ ресурстарының өндіру бағыты 52

Қорытынды 61

Қолданылған әдебиеттер 67
Тақырыптың көкейтестілігі: Қазақстанның халық шаруашылығындағы энергетиканың маңызы, отын түрлері, отын-энергетика балансы, оның құрылымының өзгеруі, көмір, мұнай және газ өнеркәсібінің негізгі аудандары және жаңа кен орындарын игеру перспективалары қарастырылады. Сонымен қатар отын энергетикасының алғашқы даму тарихына сипаттама беріледі. Жанатын қазбалар түрлері ( табиғи қуат көздері )- көмір, мұнай және табиғи газ адамзат баласын жылнамасына дейін мәлім. Ефрат жағалауынан б.д.д. 6-4 мың жылдықта мұнайдың өндірілгенін археологиялық қазбалар дәлелдейді. Ол әр түрлі мақсатқа, оның ішінде дәрі дәрмек пайдаланылады. Кезінде Вавилон мұнарасын, Ұлы Қытай Қорғанын салушылар кірпіштерді бір-бірімен жабыстыру үшін «жерден шыққан қарамайды» пайдаланған. Семирамида аспалы бағы құрылысы мен Ефрат өзеніндегі көне бөгендерді салу үшін асфальтты қолданды.Мұнай тарихқа «грек оты «деген атпен енген жарықтандыру затының құрамдас бөлігі болып табылады. Каспий теңізінің оң жағалауында қоныстанған халық мұнайды ежелден үйді жарықтандыру үшін қолданған. Мұны Александр Македонский жорықтарынан жазған көне рим тарихшысы Плутархтың еңбектері де куәландыра алады. Мұнай жөніндегі жазбалар ғасырлардағы Таяу және Орта Шығыс, Орта Азия, Батыс еуропа жазушыларында да кездеседі. XIII ғ-дағы Баку мұнай кәсіпшілігінің жайын Марко Поло жазды. Ол Баку мұнайы жарықтандыру және тері аурулары үшін дәрі ретінде қолданылғанын келтіреді.
1 Мұқамбекова.Г. Оңтүстік Қазақстанның отын-энергетика кешенінің келешегі. Ақиқат,-2006 №4-37б.
2 Омаралиев.Т.О. Мұнай мен газ өңдеу химиясы және технологиясы.-Алматы: Білім, 2001.- 399б.
3 СарданашвилиА.Г., Смидович Е.В. Мұнай шикізатынан отын өндіру.-М, 1974.
4 ҚР отын-энергетикалық балансы –Статистикалық мәліметтер.-2008ж.
5 Богомолов О.Т. Страны социализма в международном разделении труда.-М., 1980.- 125с
6 Қожахмет М. Экономикалық және әлеуметтік географияға кіріспе.- Қарағанды,-1997ж.- Б-85
7 Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы.// Егеменді Қазақстан, 2006, 19 қаңтар,Б.1.
8 Каримова З,Рябенко Н. Мировой рынок нефти. // Экономика и статистика.-2001.-№4.-С.55.
9 Алшанов Р.А. Жаңа экономика, инновация және бәсекеге қабілеттілік. // Егеменді Қазақстан, 2006, 16 қыркүйек.-Б.3.
10 Алшанов Р.А. Казакстан на мировом минерально-сырьевом рынке: проблемы и их решения.- Алматы, 2004 – 150с.
11 Суюмбаева С.Т. Социально-экономическая гекография Казахстана в таблицах и схемах: Справочное пособие.-Алматы, 2002.-150с.
12 Жумасұлтанов Т. Казакстан сегодня: Информационно // Статический сборник.- Алматы, 1998.-150с.
13 Казакстан в глобальной «экономике угля и стали» // Евразийское сообщество.- 2005.-№2.-С.45.
14 Шобалова У. Принципы формирования нефтегазового потенциала Республики: освоения к разработке. // Саясат, 2003.-№1.-С.4.
15 Арыстанбеков К. Экономический рост Казакстана в масштабе мировой экономики. // Казакстанская правда, 2004, 20 февраля.-С.12.
16 Карпеков Ә, Бейсенова М, Қазақстанның физикалық географиясы. Оқулық.-Алматы.-1998ж.
17 Бюжеева Б.З. Аймақтануға кіріспе. Алматы.- Қаз. Университеті.-Алматы.-2009ж.
18 Жакупова Айман. Қазақстанның аймақтық геоэкологиясы. Оқу құралы. Алматы; Қаз. Университеті, - 2007.-202б.
19 Желтиков В.П. Экономическая география для студентов. 2004.-288
20 Максаковский В.П. Географическая картина мира; Москва.-2006. 495с.
21 Медеубекова Ж.Т. Полезные ископаемые Южного – Казакстана и их рациональное использование: Шымкент: ЮКГУ им М. Ауезова, 2004.- 73с
22 Даринский А.В. Экономическая и социальная география союзных Республик и крупных регионов: М, Просвещение, 1991.- 223с
23 Экономическая и социальная география: Основы науки: Учебник.-М.: Гуман. Изд. Центр Владос, 2003.-400с
24 Вавилова Е.В. Экономическая география и регионалистика: Учебное пособие/М.-Гардарики, 2000.-160с
25 Вавилова Е.В. Экономическая география ирегоналистика: Учебное пособие/ М. Гардарики, 1999,- 160с
26 Казакстан в цифрах 2001: Статистический сборник.- Алматы, 2001.- 216с.
27 Максаковский В.П. Географическая картина мира: В 2-х кн./ М.; Дрофа.- 2006.-495с
28 Максаковский В.П. Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы/ а.: Рауан, 1997.-256с

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе 3

1 Қазақстандағы отын - энергетика өнеркәсібінің дамуына қысқаша тарихи
шолу 6
1.1 Мұнай және газ өнеркәсібінің дамуы мен тасымалдануы 6
1.2 Көмір өнеркәсібінің дамуы 9
1.3. Мұнай өңдеу өнеркәсібін дамыту 13

2. Отын-энергетика кешенінің жағдайы мен келешегі 18
2.1 Отын – энергетика комплексінің әлемдік экономикадағы маңызы 18
2.2 Дүниежүзінде отын өндіру, оны өндіруші елдер 23
2.3.Мұнай өңдеу өндірісінің жағдайы мен келешегі 27
2.4 Қазақстандағы су, жел, атом, электр энергетикасын өндіру барысы 33

3 Қазақстан отын - энергетикалық кешенінің қазіргі жағдайы 37
3.1 Кен орындары мен жанба отын қорының географиясы 37
3.2 Табиғи газ ресурстары мен көмір кен орындары 42
3.3 Жанатын сланец және мұнай ресурстары 45
3.4 Қазақстандағы мұнай-газ ресурстарының өндіру бағыты 52

Қорытынды 61

Қолданылған әдебиеттер 67

Кіріспе

Тақырыптың көкейтестілігі: Қазақстанның халық шаруашылығындағы
энергетиканың маңызы, отын түрлері, отын-энергетика балансы, оның
құрылымының өзгеруі, көмір, мұнай және газ өнеркәсібінің негізгі аудандары
және жаңа кен орындарын игеру перспективалары қарастырылады. Сонымен қатар
отын энергетикасының алғашқы даму тарихына сипаттама беріледі. Жанатын
қазбалар түрлері ( табиғи қуат көздері )- көмір, мұнай және табиғи газ
адамзат баласын жылнамасына дейін мәлім. Ефрат жағалауынан б.д.д. 6-4 мың
жылдықта мұнайдың өндірілгенін археологиялық қазбалар дәлелдейді. Ол әр
түрлі мақсатқа, оның ішінде дәрі дәрмек пайдаланылады. Кезінде Вавилон
мұнарасын, Ұлы Қытай Қорғанын салушылар кірпіштерді бір-бірімен жабыстыру
үшін жерден шыққан қарамайды пайдаланған. Семирамида аспалы бағы
құрылысы мен Ефрат өзеніндегі көне бөгендерді салу үшін асфальтты
қолданды.Мұнай тарихқа грек оты деген атпен енген жарықтандыру затының
құрамдас бөлігі болып табылады. Каспий теңізінің оң жағалауында
қоныстанған халық мұнайды ежелден үйді жарықтандыру үшін қолданған. Мұны
Александр Македонский жорықтарынан жазған көне рим тарихшысы Плутархтың
еңбектері де куәландыра алады. Мұнай жөніндегі жазбалар ғасырлардағы Таяу
және Орта Шығыс, Орта Азия, Батыс еуропа жазушыларында да кездеседі. XIII
ғ-дағы Баку мұнай кәсіпшілігінің жайын Марко Поло жазды. Ол Баку мұнайы
жарықтандыру және тері аурулары үшін дәрі ретінде қолданылғанын келтіреді.
Мәселенің өңделуі: Жанба отындардың өткен ғасырларда пайдалану
ерекшеліктеріне тарихи шолу жасалынады. Сондай-ақ Әлем елдеріндегі мұнай,
көмір газ ресурстарын өндірудің перспективалары қарастырылады. XVI – XVII
ғ.ғ. Ресейдің аудандарына мұнай Бакуден тасымалданған. Ол медецинада, бояу
дайындау үшін еріткіш ретінде көркемсурет өнерінде, сондай-ақ әскери
істерде гранат, сөнбейтін майлы шам, оқпен атылатын қарулар үшін, жарық
ядролар жасауға пайдаланады.
Археологтар көмірдің алғашқы пайдаланылу кезін тас кезеңіне (яғни 2 млн.
жылға жуық бұрын) апарып саяды. Грек философы Аристотель көмірдің кейбір
физикалық қасиетін ағаш көмірмен салыстырды. Аристотельдің шәкірті Теофаст
көмірді ыстық тас - антракс деп атады (антрацит атауы осыдан шыққан ),
және қасиетін, сондай-ақ оның сол кездегі белгілі кен қорларын жазып
қалдырған. Көмірді тұрмыстық отын ретінде XIII ғ-дан бастап алғаш
Белгияда, содан кейін басқа Еуропа елдерінде қолданған.
XIII ғ-дың 30-40 жылдары ағылшын инженері – металлург К. Дерби домна
процесіне ағаш көмірді тас көмір кокспен алмастыруды ұсынады.
Кокстеу кезінде бөлінетін газды жарықтандыруға және тұрмыс қажеттеріне
(жанатын газ атауы осыдан шыққан) пайдалана бастады.
Ал тас көмір қарамайынан бензол, силол, антрецен және пек сияқты
химиялық заттарды бөліп ала бастады. Петр – I тас көмірдің пайдаланылуына
үлкен мән береді, 1722 жылы Донецк көмір аймағын ашу жөнінде жарлық
шығарды. Д.И Менделеев көмірді қара керемет деп атады.
Осы күнге дейін жанба қуат көздері қазбалы энергетикалық отын, яғни
бастапқы қуат көздері ретінде пайдаланылып келе жатыр. XX ғасырда
энергиялық қуат көздеріне су қуаты көздері және ядролық отын қосылды.
Жанба қуат көздері түрлерін өндірумен, тасымалдаумен, өңдеумен, қайта
құрумен, бөлумен айналысатан өнеркәсіп салаларының жиынтығын жылу
энергетикалық кешені (ЖЭК) деп атайды. ЖЭК өзіне отын ( мұнай, газ, көмір,
жертезек, сланец ), мұнай өңдеу, мұнай – химия және энергетика (жылу, су
және атом ) өнеркәсібін біріктіреді.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Энергетика саласының еліміздің
экономикасындағы маңызы. Энергетиканың жалпы мәселелері, отын-энергетика
баланысы және көмір өндіру мәселелерінің қазіргі жағдайы. ЖЭК қазіргі
әлемдік экономиканың негізі болып саналады. ЖЭК – тің даму деңгейі әлемдегі
әлеуметтік және ғылыми-техникалық үрдісті айғақтайды.
Шынында да отынсыз, қуатсыз, жарықсыз, байланыссыз, радиосыз, телевизиясыз,
көліксіз және тұрмыстық техникасыз, т.б. қазіргі адам өмірін елестету
мүмкін емес. Қуат көзінсіз кибернетиканы, автоматтандыру жабдықтарын,
есептеу және космос техникасын дамытуға болмайды. Қуат көздерін, қуат
ресурстарын пайдаланудың XX – ғ-да күрт өсуі де сондықтан. 1950 жылы
ғасырдың бас кезімен салыстырғанда энергияны тұтыну 2 есе өсті. 1975 жылы
бұл көрсеткішті тағы екі есе өсті.
Зерттеу жұмысының міндеті: Тиімділігі аз энергияны отынның тиімділігі
жоғары түрлерімен алмастыру мәселелері, экономикалық шығынды аз талап
ететін табиғи ресурстарды пайдалану мүмкіндіктерін шешу жолдарын
қарастыру. Мұндай өсімі жер шары халықтарының көбейуіне ғана емес,
энергиясымен қамтамасыз етілу деңгейінің күрт артуынан болады. 1980 жылы
әлем бойынша әр адамның орташа қуатты тұтынуы 2,4 тонна шартты отынға
(т.ш.о) жетті XX ғ –дың аяғында 6 миллиард Жер шары халқы 15 млрд. т.ш.о.
энергия тұтынды, яғни бұл әр адамға шаққанда 2,0 т.ш.о. дан келеді.
Дүние жүзі бойынша өндірілетін органикалық жанба қазбаларын 70% -ға
жуығы қатты жанба қазбалары (тас және қоңыр көмір, антрацит, сланец, битум,
жертезек, және т.б). құрайды. Олардың сұйық және газ тәріздес жанба
отындарымен салыстырғанда рөлі мен мәні үстіміздегі ғасырдың ортасына
дейін басым болды және қазіргі дүние жүзі экономикасындағы оның маңызы
әлі де елеулі. Өндірілетін қатты қатты жанба қазбаларының негізгі бөлігі
энергетикалық отын ретінде пайдаланылады.
Көмірді химиялық өңдеу арқылы алынатын елеулі көлемдегі кокс-қара
және түсті металургияның негізі болып табылады. Ал сұйық бөлігі –
қарамайдан бағалы коксты химиялық өнімдердің елеулі түрлері; бояғыштар,
лактар, тыңайтқыштар, жарылғыш заттар, дәрілер, сіңдіруші және
байланыстырушы пектер, көміртекті электродты және график бұйымдары т.б.
алынады
Зерттеу жұмысының нысаны: Қазақстандағы отын-энергетика кешендерін,
балама энергия көздерін зерттеу арқылы экономикалық ерекшелігін айқындау.
Мұнай мен газдың қазіргі экономикалық мәні өте зор. Мұнай мен газ - өте
сирек және айрықша пайдалы қазбалар. Олардың өңделіп алынған өнімдері іс
жүзінде өнеркәсіптің барлық салаларында, көліктің барлық түрлерінде әскери
және азаматтық құрылыста, ауыл шаруашылығында, энергетикада, тұрмыста және
т.б. қолдалынады. Кейінгі бірнеше он жылдықта мұнай мен газдан елеулі түрде
және әр түрлі химиялық материалдар; айталық пластмасса, сантехникалық
талшық, каучук, лак, бояу, жуғыш заттар, минералды тыңайтқыштар және
көптеген басқа нәрселер өндіре бастады. Мұнайды қара алтын, ал ХХ
ғасырды мұнай мен газ ғасыры деп бекер атамайды. Мұнай мен газ экономиканы
және техникалық күш қуатты ғана емес, ол сондай-ақ елдің саяси бағытын
айқындайды.
Зерттеу жұмысының тәрбиелік құндылығы: Қазақстанның әлемдік рыноктағы
орны. Отын-энергетика кешенінің территориялық даму ерекшелігін айқындау.
Оны өндіру барысындағы қоршаған ортаға тигізетін экологиялық әсерін анықтау
болып табылады. Дегенмен, отын-энергетикалық кешенінің табиғатқа кері әсер
ететінін атап айтқан жөн:
ауаның, судың жәәне жердің қатты ұсақ тозаңдар мен (шаң, күл) механикалық
ластануы;
ластанудың химиялық, радиоактивтік, иондану, жылу, электромагниттік,шу және
басқа түрлері;
судың, жердің және ауадағы оттегінің көп шығындануы;
ғаламдық булану, Жер биосферасының орта температурасының біртіндеп
жоғарылауы, планетадағы ібілістің қаупі.
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспе бөлімнен, 3- тараудан
тұрады. Бірінші тарауда отын-энергетика өнеркәсібінің дамуына қысқаша
тарихи шолу жасалынып, Екінші тарауда отын-энергетика комплексінің жағдайы
мен келешегі қарастырылса, үшінші тарауда Қазақстан отын-энергетикалық
кешенінің қазіргі жайына ғылыми тұрғыдан баға беріле отырып, оның халық
шаруашылығындағы экономикалық рөліне ерекше назар аударылады.

1 Қазақстандағы отын - энергетика өнеркәсібінің дамуына қысқаша тарихи
шолу

1.1 Мұнай және газ өнеркәсібінің дамуы мен тасымалдануы

XIX ғасырдың ортасына дейін мұнай негізінен өзі табиғи түрде жер
бетіне шығып жататын жерлердегі таяз құдықтардан өндіріледі. XIX ғасырдың
екінші жартысынан бастап бу машиналарын пайдаланумен және соның негізіндегі
өнеркәсіптің дамуымен мұнайға деген сұраным арта түсті. XIX – XX ғ.ғ-да
іштен жанатын дизельді және бензинді двигательдер ойлап табыла бастады, ол
өз кезегінде мұнай өндіру өнеркәсібінің дамуына негіз болды. Осының
барысында XIX ғасырдың ортасында скважиналарды механикалық бұрғылаудың
ашылуына жол ашты. Әлемде алғашқы мұнай скважинасын 1859 жылы атақты
американ полковнигі Дрейк Пенсильвания штатының Тайтесвилл шағын
қалашығының маңайынан бұрғылап қазды. Ресейде алғашқы скважинаны 1864жылы
Кубандағы Кудако өзені аңғарынан А.Н.Новосильцев қазды, ал 1866жылы бір
скважина тәулігіне 190т. мұнай берді. XIX - ғасырдың бас кезінде мұнайды
өнеркәсіптік негізде әлемнің 19 елі өндірді. 1900ж. әлемде 20 млн. т-ға
жуық мұнай өндіріліді, оның ішінде Ресейде дүние жүзі өндірген өнімнің
жартысынан астамы алынды.
Қазақстанда мұнай өндірудің тарихы Қарашүңгілден бастау алды. Батыс
Қазақстанда жер қойнауында өнеркәсіптік мұнай қорының бар екенін жария
еткен тұңғыш мұнай фонтаны 1899ж. Қарашүңгілдің тұз күмбезінен №7 ұңғыдан
алынды. Қазақстан мұнайын тұңғыш ашушы 42 м тереңдікке дейін бұрғыланған
ұңғының түбі төменгі пермь кунгур ярусының кеуекті жыныстарында жатыр. Осы
ұңғыдан алынған мұнайдың жалпы көлемі 96-100 тоннаға жуық. Алғашқы мұнай
фонтаны палеозой шөгінділеріне кунгурдың галогендік қабатының төменгі
ангидрит будасына тура келетіндігін дәлелдеудің мәні зор болды. №7 ұңғыдағы
құнарлы қабатты, жасы біркелкі емес, өйткені геологиялық карталарда
Қарашүңгіл ойысының ернеуі төменгі триасты, жоғарғы пермьнің қызыл түсті
шөгінділерінен құралған.
Патшалық Ресейдегі, кейін бұрынғы КСРО - дағы мұнай өнеркәсібі дамуын
үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші – соғысқа дейінгі кезең, ол Әзербайжанда
мұнай өндірумен байланысты. Екіншісі – соғыстан кейінгі 70- жылдарға
дейінгі кезең, ол Волга-Уральск мұнай, газ облысында ірі мұнай кен
орындарының ашылуымен, игерілуімен және жедел пайдалануымен байланысты.
Екінші мұнайлы Бакудің туған күнін 1932 жылғы 16 мамыр деп атау керек,
өйткені Ишимбай деревнясы жанындағы №702 скважинадан алғашқы шығыс мұнайы
атқылыған болатын. Ишимбайдан кейін Туймазы, Шкалово, Башкириядағы Үлкен
Арлан, Татария, Волгоград, Саратов, Куйбышев, Пермь, Астрахань және Орынбор
облыстарының және т.б. мұнайы алына бастады. Батыс Сібір мұнай орындары
пайдалануға берілгенге дейін Волга – Уральск провинциясы елдегі жылдық
мұнайдың 75%- береді. Тек бір Татария екі он жыл бойы жыл сайын 100 млн. т,
ал Башкирия 40 млн. т-дан астам мұнай берді. 1960ж. Урал-Повлжья мен
Кавказдың жалпы одақтағы мұнай өндіру үлесі тиісінше 104 және 30 млн. т.
болды. 1958 жылдан бастап, елдегі әр 5 жыл сайынғы мұнай өндіру өсімі
100млн. т-ға жетті. Бұрынғы КСРО-ның 70 жылдың басымен 90 жылдың аяғын
қамтитын үшінші мұнай өнеркәсібінің барынша жедел дамыған кезеңі
Батыс Сібірдегі (
Тюмень обл.) мұнай, газ бассейінінің ашылуына байланысты. Бұл аймақтың
ашылуы 1953ж. Березовск алаңынан алынған бұрқақ газдан басталады, ал
алғашқы мұнай 1961ж. Шайм құрылымында тіркелді. Бұдан кейін мұнда Усть-
Балық, Самотлор, Мамонтов, Правдинск т.б. мұнай кен орындары, Уренгой,
Медвежья, Ямбург, Запольяре және т.б. газ алыптары анықталды. 90-жылдардың
аяғында Батыс Сібірде тәулігіне млн. т. мұнай өндіріліп, ол жалпы одақтық
өнім өндірудің жартысынан астамын қамтамасыз етті. 1987ж. бұрынғы КСРО-да
рекордтты өнім – 624млн. т. мұнай өндірілді. Дегенмен, кейінгі жылдары
бұрынғы КСРО-да және Ресейде мұнай өндіру елеулі түрде төмендеп кетті.[2]

1 кесте
КСРО тарағаннан кейін Ресейде өндірілген мұнай, газ және көмір
өндірудің динамикасы

Энергия 1991ж 1995ж 1998ж 1999 2000ж
ресурстары
Мұнай,млн.т 462 307 303 304 323
Газ,млрд.м³ 643 595 591 590 584
Көмір млн.т - 253 230 249 258

Қазіргі кезде мұнай бұрынғы КСРО-да жоғарыда аталған аймақтардан
басқа Сахалинде, Қазақстанда, Туркменияда, Украинада, Беларуссияда және
Өзбекстанда өндіріледі. Бұрынғы КСРО-да соғыстан кейінгі жылдары әлемдегі
сияқты газ өндіру мұнай өнеркәсібімен салыстырғанда жедел қарқынмен дамыды.
Елде сібірдің ірі газ өндіру орындары ашылғанға дейін өніммен Ставрополь,
Түркменстан (Шатлық), Өзбекстан (Газли), Украинадағы (Шебелинск ) және
басқа кен орындарымен қамтамасыз етіледі.
Қатты жанатын қазбалар өңделетін және тұтыну орындарынан негізінен
теміржол (ашық вагондарда), теңіз, өзен, кейде автомобиль көліктерімен
тасымалданады.
Көптеген мұнай, газ кәсіпшіліктері әдетте мұнай-газ өңдеу
зауыттарынан алыс орналасатыны бұрыннан қалыптасқан жағдай. Мысалы,
мұнайды Персия шығанағынан АҚШ- қа немесе Жапонияға аудандардан, айталық
Уренгойдан Батыс Еуропа елдеріне газды тасып жеткізу үшін 5 мың шақырым
жол жүру керек. Ішкі және халықаралық (континентаралық ) мұнай мен газды
тасымалдаудың көлемі соңғы жылдары тез қарқынмен дамып, тиісінше жүздеген
миллион тоннаға және миллиард текше метрге жетті. Бұған қоса мынаны атап
өту керек, мұнай мен газды ашық немесе дұрыс сақталмайтын ыдыспен тасуға
болмайды, өнімнің жартысы буланып жоғалады әрі қауіпті де. Жазда жабық
ыдыстағы мұнай ысиды, ол жарылысқа апаруы мүмкін, ол қыста қатып қалады.
Азғантай ұшқынға мұнай мен газ жанады өртенген кезде оны сумен сөндіруге
болмайды.
Мұнай мен газды тасымалдау кезінде зардабы зор оқиғалар белгілі
(мысалы, Челябі облысы шекарасындағы Улу – Теляк және 1989 жылғы Башкирия
оқиғалары).
Сондықтан қатты жанатын қазбаларға қарағанда мұнайды, әсіресе,
табиғи газды тасымалдауда жоғары талаптар қойып, оның өрт экономикалық
қауіпсіздігін қатаң сақтаған жөн.
Мұнай мен газды алыс қашықтыққа тасымалдаудағы ең арзан, үнемді және
техникалық жетілген көлік түрі теңіз мұнай құю флоты болып табылады.
Әсіресе, оны бір құрлықтан екіншісіне тасымалдауда оған жететін көлік түрі
жоқ. Соғыстан кейінгі жылдары әлемдік мұнай айқайы кезінде теңіз тасымалы
мұнай өндіру қарқынына сай өсіп, артынан бір қалыпқа түсті.
Пайдалануға көптеп шығарыла бастаған ірі тоннажды, салмақ көтергіштігі 100
-250 мың тонна танкер – мұнай тасымалдаушылар және алып, сиымдылығы 750
мың тонналық супертанкерлер іске қосылады. Сондай – ақ Алжирден АҚШ – қа
метан тасымалдауға танкер-газ тасымалдағыш флот құрылды Олардың бортында
әлденеше термостарда метанның сұйық фазалы қалпын қамтамасыз ететін
арнайы компресорлар мен тоңазтқыш қондырғылар жұмыс істейді.[1]
Құрлықта мұнай мен газды құбыр арқылы тасымалдау үнемі әрі сенімді.

Біздің елімізге мұнай мен газды құбырмен тасымалдау көліктің басқа
түрлерімен салыстырғанда әлдеқайда артық. Оның үлесі елде жалпы тасымал
үлесінің үштен біріне, ал мұнай тасымалында 85% -ға жетті. Мұндай
қарқындылық құбыр тасымалының аса жоғары үнемділігінен түсіндіріледі.
Мысалы, мұнайды құбыр арқылы жөнелту темір жол тасымалындағы еңбек шығынына
қарағанда 10 есе аз.
Құбырмен тасымалдау сырт көзбен қарағандай қарапайым нәрсе емес. Еш
нәрсе өткізбейтін мыңдаған шақырымдық құбыр желісін аралыққа мұнай айдау
стансаларын салып, оның сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп,
бақылау және автоматты реттеу құралдарымен жабдықтап, күрделі геологиялық
және географиялық жер жағдайында қазылған орға салып орнату оңай емес.
Құбыр желісін пайдалануға бергеннен кейін мұнай мен газ
конденсаттарынан пайда болатын парафин зеңі мен тоттануға байланысты
(мысалы, парафині жоғары Маңғыстау және Орынбор мұнайы мен Қарашығанақ газ
конденсаты конценртациясында меркапатандар бар) қиындықтар туындайды.
Сондықтан көбіне көп құбыр желілерін құбыр серіктері жетелеп отырады.
Олар арқылы ыстық су жіберіліп отырады немесе айдау стансаларында жылытқыш
пештер салынады. Тоттанумен күресу үшін мұнайды айдау кезінде арнайы
химиялық риагенттер – тот ингибиторлары қолданылады. Әлемде және елде мұнай
тасымалдауда құбыр желісінен кейін темір жол көлігі кең қолдау тапқан.
Мұнай тасымалдаудың мұндай әдісі аса қиын техникалық шешімді қажет етпейді.

Бұл мақсат үшін арнайы цилиндірлі ыдыстар – темір жол вагондары
жақтауларына бегітілген нефтеналды цистерналар қолданылады. Бұл көлік түрі
құбыр желісі магистралінен алыс орналасқан аудандарға мұнай жеткізу үшін
өте тиімді.

1.2 Көмір өнеркәсібінің дамуы

Соңғы жылдардағы мұнай және газ өнеркәсібінің қарқынды дамып келе
жатқандығына қарамастан, пайдаланатын отынның 35 бөлігі – көмірдің үлесіне
тиеді. Көмір – металлургияда, электр энергетикада, коммуналды- тұрмыстық
шаруашылықта пайдаланады. Қазақстан Республикасы көмір ресурсымен толық
қамтамасыз етілген мемлекеттердің қатарына жатады. Республикамыздағы
көмірдің геологиялық қоры 162 млрд т. 1980 жылдан кейін мұнай өндірудің
төмендеуі мен қалыптасу жағдайында әлемдік көмір өндіру баяу болса да
үздіксіз өсті. 2008 жылы ол 3,8 млрд. тоннаға жетті кестеден байқалғандай,
әлемдік көмір өндірудің жартысынан астамы екі ұлы держава АҚШ пен Қытайдың
үлесіне тиеді. Ресей көмір өндіру бойынша Қытай, АҚШ, Индия және
Австралиядан кейін бесінші орында келеді. Қазақстан көмір өндіруде және
әлемдік нарыққа шығаруда ең ірі ондықтың құрамына кіреді, әлемдік өндіруде
оның үлесі екі пайызды құрайды, ал әлемдік нарыққа шығаруда 5 пайызды
құрайды. Әлемде негізгі көмір өндіруші Қытай ( жалпы өндірістің 36 пайызын
құрайды) және АҚШ (24 пайыз). Ірі көмір өндірушілердің бірі Ресей (6%),
бірақ Ресейдің экономикалық саласында өндірістің төмендеуінен және көмірге
сұраныстың азаюынан жылдан-жылға көмір өндіру азайып келеді.
Қазақстанда да тас көмірді өндіру төмендеді. 1998 жылы 112 млн.тонна
алса, 2005 жылы 58 млн. тонна құрады.
Тас көмір өндіру көлемінің төмендеуіне қарамастан Қазақстан үшін
көмірді экспорттау тиімді болып қалады, оның 2005 жылы жалпы экспортқа
шықандағы үлесі 6% болды. Негізінен барлық Қазақстан көмірі ТМД елдеріне
шығарылады (барлық экспорттың 99,8 %), соның ішінде Ресей негізгі сатып
алушы. Әлемде көмірді тұтынудың тұрақты өсу бағытына байланысты, соның
ішінде ірі тұтынушылардың бірі Қытай, Үндістан елдерінде және
электроэнергия өндірісінде және экспортқа шығаруды алдына қойған
айқындамаларды күшейтуге мүмкіншілік бар.
Көмірді болар болмас өндірудің жайы ежелгі заманнан (Қытай, Греция)
белгілі. Көмір отын ретінде өз маңызымен XVIIΙ ғасырда Англияда белгілі
бола бастады. Ресейдегі көмір кен орындары әлденеше жүзжылдықтардан бері
белгілі. Олардың ең көнелері Донецкий (1721 ), Подмосковный (1722) және
Кузнецкий (1722).
Алғашқы көмір шахталары Уралда Кизель ауданында, одан кейін
Украинаның Лисичанка ауданында пайда болды.
Донецк көмір бассейінінің көмір өнеркәсібін дамытуға Д.И. Менделеев
елеулі үлес қосты. Ол 1888 жылы Донецкіге үш айға барып, донецк көмірінің,
Кривой рог және Керчь темір кенінің негізінде көмір өндіру және Ресейдің
оңтүстігінде металлургия және кеме жасау өнеркәсібін дамытудың шараларын
жасады. Одан соң 1889 жылы ол Урал мен Батыс Сібірде бірнеше ай болып,
көмір және металлургия өнеркәсібін дамыту, сондай-ақ металлургия зауыттарын
отынмен қамтамасыз ету үшін темір жол салу жөнінде егжей-тегжейлі шаралар
жасауды ұсынды.
1913 жылы Ресей бар жоғы 29 млн. т. көмір өндірді, оның 87% -ы Донецк
бассейіні үлесіне тиді. Бірақ азамат соғысы салдарынан 1920 жылы көмір
өндіру 8,7 млн. т-ға дейін кеміп кетті.
Бұрынғы КСРО-ның отын-энергетикалық ресурстарын анықтап, кешенді түрде
пайдалану алғаш ГОЭЛРО (1920) жоспары, содан кейін энергетикалық бағдарлама
бойынша жүзеге асырылды. Дамып келе жатқан өнеркәсіпті отынмен жедел
қамтамасыз ету үшін одақтық кочегарка - Донецк бассейінінде,
Подмосковьеде көмір жедел өндіріле бастады, ал қоры мол көмір бассейіндері
– Уралда, Батыс Сібірде және Қазақстанда (Қарағанды) көмір өндіру жедел
жолға қойыла бастады. 1940 жылы елде көмір өндіру 166 млн. т-ға жетті.
Жүзеге асырылуы екі кезеңнен (1980- 1990 және 1990 – 2000 ж.ж. ) тұратын,
20 жылға есептелген Энергетикалық бағдарлама ( эб ) елдің отын-
энергетикалық кешенін одан әрі сапалы дамыту жөніндегі ғылыми негізделген
қағидаларын, энергетика базасының басты бағыттары мен кеңейту жөніндегі аса
қажетті шараларын айқындап берді.
Алғашқы кезеңде көмір, мұнай өндірудің және газ бен ядролық энергетика
өндіруді жедел дамытудың деңгейі сақталды. Екінші кезеңде көмір өндіруді
қалыптастыру, газ өндіруді барынша жоғары деңгейде көтеріп, сол қалыпты
сақтап қалуды қамтамасыз ету көзделеді.
Энергетикалық ресурстарды одан әрі көтеру ядролық энергетиканы, көмірді
негізінен ашық әдіспен өндіруді, сондай-ақ қайта қолға алынған энергия
көздерін пайдалану негізінде жоспарланды. Көмірді ашық әдіспен өндіруді
арттыру қоры өте мол Шығыс Сібір, Қиыр Шығыс (Екібастұз, Канск – Ачинск
және т. б. ) көмір орындарын пайдалану есебінен қарастырылады. Бірақ жер-
жерді қамтыған эконономикалық тоқырау, КСРО – ның тарауы, Чернобыль АЭС –
ғы авария ЭБ жүзеге асыруға кері әерін тигізеді.
Қазақстан жерінде көмірдің мол кендері орналасқан. Қазірдің өзінде төрт
жүзден астам кен орындары ашылып, олардың есептелген көмір қоры 162 млрд. т-
дан асып отыр.
Кеңес дәуірі тұсында Қазақстанда жүздеген көмір кендері ашылды, олардың
көпшілігі Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Семей және Шығыс Қазақстан
сияқты ауыр өнеркәсібі дамыған облыстардың жерлерінде орналасқан.
Республикамыздың негізгі көмір орталығы — Қарағанды. Кен орнының басты
ерекшелігі — онда металлургия, химия өндірісіне қажетті кокс көмірінің
едәуір қоры бар.

Карағанды бассейнінің алып жатқан аумағы мың шаршы километр, ал оның
көмір қоры 52 млрд. т-дан асады. Кен орнында қырықтан астам бүгінгі күннің
техникасымен жабдықталған шахталар жұмыс істейді. Олар тәулігіне мыңдаған
тонна кокс және энергетикалық көмір түрлерін өндіреді. Қарағанды көмірімен
Қазақстаң Магниткасы, Магнитогорск, Орск-Халиловск металлургия
комбинаттары, Ақтөбе ферробалқу заводы, Жезқазған және Балқаш мыс қорыту
комбинаттары, Орал, Орта Азия мен Қазақстанның көптеген жылу электр
станциялары жұмыс істейді. 2006 ж. Испат-Кармет АҚ Қарағанды көмір
басейінінің 15 шахтасы мен 12 кәсіпорнын өз қарамағына алды, сөйтіп көмір
департаменті құрылды. Қазір оның қарамағында 8 шахта, 1 балқыту фабрикасы,
кен –шахта жабдықтарын шығару, жөндеу жөнінідегі 4- зауыт, Углестрой
щахта құрылысы кешені, автокөлік кәсіпорындары, т. ж. торабы, энергетика
жүйесі және т.б. қызмет көрсетуші ұйымдар бар. Қазіргі Миттал-Стил
компаниясының Қарағанды көмір бассейінінің дамуына қосқан үлесі жоғары.
Көмір шығаруда рекордты көрсеткіштер көрсеткен шахталар: Күзембаев атындағы
шахта 2002ж. тамыз айында-250 мың тонна, Костенко атындағы шахта 2002ж.
тамыз айында 280 мың тонна, Тентек шахтасы 2002ж. қазан айында – 412 мың
тонна көмір өндірді. Көмірді ашық әдіспен өндірумен бірнеше разрез
айналысады. Солардың ішінде ең ірісі – Шұбаркөл көмір кен орны. Көмірді
ашық әдіспен 1985 жылдан бастап жүргізілуде. Разрезді пайдалану барысында
56 млн.тонна көмір алынды. 2000-2007ж. инвестиция көлемі 2 млрд теңгені
құрады.
Еліміздің энергетикалық отын қорларын сөз еткенде, біз ең алдымен
Екібастұз көмір бассейнін атаймыз. Оның алып жатқан, аумағы аса үлкен
болмағанымен (120 км2), көмір қоры жағынан ол Франция мен Бельгия сияқты
елдердің көмір қорынан әлдеқайда көп. Мұнда көмір қабаттары жер бетіне
жақын орналасып, қалыңдығы 100—120 м-ге дейін жетеді, ал жалпы көмір
қоры 10 млрд. т шамасында. Сондықтан да Екібастұзда өндірілетін
энергетикалық көмір ашық тәсілмен (карьер) алынады, оның әрбір тоннасының
құны шахталарда ендірілетін көмірден екі-үш есе арзан.
Қазақстан Республиканың басқа да жерлерінде көптеген көмір қабаттары
кездеседі. Алда тұрған келелі міндеттердің бірі — жалпы халық
шаруашылығының тиімділігін арттыру және қоршаған орта тазалығын белгілі
деңгейде сақтау үшін жергілікті жерлердің отын қорларын пайдалану.
Құрамында елу проценттен асатын әр түрлі минералды қосылыстар кездесетін,
жылулық-қасиеті қоңыр көмірден әлдеқайда төмен жанатын тақтатас да отын
қорларының қатарына жатады. Ол жер қойнауында мол тараған және дүние
жүзінің көптеген аймақтарында жергілікті отын ретінде кеңінен қолданылуда.
Жанатын тақтатастар да жер қойнауында көмір сияқты органикалық
қалдықтардың ұзақ жылдар бойы шөгуінен пайда болған. Табиғатта шірінді және
сапропельді тақтатастар жиі қездеседі. Шірінді тақтатастардың құрамы
негізінен өсімдік қалдықтарынан тұратын болса, сапропель су айдындарында
тіршілік ететін планктондар мен бентос сияқты организмдердің қалдықта-рынан
пайда болады.[5]
Ғалымдар дүние жүзінде 700 млрд. т-ға жуық, ал Тәуелсіз Мемлекеттер
жерінде 150—170 млрд. т жанатын тақтатастардың қоры бар деп мөлшерлеуде.
Тақтатас Қазақстанда да ертеден жергілікті отын ретінде пайдаланылып
келеді. Мысалы, Орал өңіріндегі Чернозатон, Тоқсай және Новосеменовка
кендерінен алынатын тақтатас көп жылдардан бері пайдаланылуда. Бұл кен
орындарындағы тақтатастың сапасы төмен (күл қалдығы 22—60% аралығында,
қызулығы 2500 кал мөлшерінде).
Жергілікті отын мұқтаждығын, мысалы, Кендірлі тақтатас кен орны толығымен
қамтамасыз етіп отыр. Ондағы тақтатас қабаттары жер бетіне жақын
орналасқан, жылулық қасиеті жақсы және ашық карьер әдісін пайдалану арқылы
өндіріледі. Оның сапасы жоғары, одан құрғақ айдау технологиясы арқылы орта
есеппен 19% бензин, 9% лигроин, 27% дизель жанармайын, әр түрлі реагенттер,
майлар, асфальт және басқа да заттар ажыратып алуға болады.
Жалпы Қазақстан жерінде тақтатастың мол қоры бар 25-тен астам кен
орындары табылып отыр. Олар келешекте республикамыздың энергетикалық
қорларын тиімді пайдалануда елеулі орын алатын болады, сонымен бірге, олар
химия өнеркәсібін дамытуға қажетті шикізат та бола алады.
Адамдар шымтезекті отын ретінде ерте кезде-ақ пайдаланған. Оның құрамы
барлық кен орындарында бірдей емес. Шымтезек кендері негізінен көлдер мен
су қоймаларындағы сулар тартылғаннан кейін, оларда мол жиналған өсімдік
қалдықтарының құрғауынан пайда болады. Бұл, әрине, ұзақ уақыт жүретін
күрделі табиғи процесс. Ғылыми болжамдарға қарағанда, қалыңдығы бір метр
шымтезек кені кемінде 30—50 жылда түзіледі. Шымтезектің кептірілген
түрлерінде орта есеппен 60% көміртек, 6% сутек, 32% оттек және 2% азот,
болады. Оның жылу бергіштігі ағашқа қарағанда жоғары көмірге қарағанда
төмен болғанымен, құрамында күкірттің болмауы және күл қалдықтарының аздығы
оларды энергетикалық ірі өндіріс орталықтарыңда, сондай-ақ ауылдық жерлерде
тұрғын үйлерді жылытуға тиімді арзан отын ретінде пайдалануға мол
мүмкіндігін туғызады.
Қазақстанда шымтезек Қостанай, Көкшетау және Солтүстік Қазақстан
облыстарының жазық далаларында көп кездеседі. Қостанай өңірінде кездесетін
шымтезек сапасы жоғары, жанғанда 3500—4200 кал-ға дейін жылу бөледі. Осы
аймақтың ең ірі шымтезек кендері Тобыл мен Тоғызақ өзендерінің
алқаптарындағы Қайыңдыкөл, Шәкірай, Өтегенкөл, Шайтомар, Аюкел, Ащы-өзек
атты жерлерде және Меңдіқара ауданының көл табандарында орналасқан. Іле
Алатауының жазықтарынан да, Ақтөбе облысынан да шымтезектің қорлары
табылып отыр.
Өкінішке орай, Қазақстанда шымтезек кендерін халық шаруашылығы
салаларында, әсіресе, жергілікті жерлерде жылу мен электр-энергияларын
өндіруге пайдалану мәселелері орынды шешілмей отыр. Табиғаттың ең арзан
энергетикалық қоры,— шымтезекті халық шаруашылығында тиімді пайдалану
мәселелері дұрыс шешілуі қажет. [18]
Адамзат мыңдаған жылдар бұрын ең алдымен жылу көзі ретінде ағаш
отынды пайдаланған. Тек XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап, дүние
жүзінің көптеген елдерінде оның отын балансындағы рөлі кеми бастады. Оның
себебі, біріншіден, жер бетіндегі орман алқаптарының көлемі кеміп, ағаш
қоры азая бастауы болса, екіншіден, жаңадан табылған минералды қазба отын
түрлерінің (көмір, мұнай, газ) жылулық қасиеттерінің ағаш отынға қарағанда
екі-үш есе жоғары болуынан еді.
Ағаш отынның құрамында 50% көміртек, 6% сутек және 44% оттек бар,
ал оның әбден кепкен бір килограмы жанғанда бөлінетін жылу мөлшері 4500
ккал-ға дейін жетеді. Ол неғұрлым құрғақ болса, солғұрлым жақсы жылу
береді. Мысалы, дымқылдығы 50% ағаштың әрбір килограмы небәрі 2000 ккал
ғана жылу береді. Жаңадан кесілген ағаштардың құрамында 60%-тей су, ал
оларды екі жыл бойы кептіргеннің өзінде, оның бойындағы су мөлшері 15%-тен
кем болмайды[9]. Қазақстанның орман алқабының көлемі 22 млн. гектарға жуық.
Бұл өте аз, жан басына шакқанда бір гектардан сәл ғана асады. Біздің
республикамызда энергетикалық мақсатқа ағаш кесілмейді, керісінше, орман
шаруашылығында жыл сайын жүз мың гектардан астам жерге көшеттер
отырғызылады.
Орман алқабын энергетикалық отын ретінде пайдалану, табиғи ортаға үлкен
зияңды әсер ететінін ескерген жөн. Ғылыми деректерге қарағанда,
отырғызылған көк шыбық 100—150 жылда ғана биік бәйтерек бұл аз уақыт емес.
Сондықтан көк алқапты сақтаған дұрыс.

1.3. Мұнай өңдеу өнеркәсібін дамыту

Әлемде алғаш рет қара мұнайды кезеңдік типтегі кубтарға айдау
жолымен аққа айналдыруға арналған мұнай өңдеу зауытын 1823 жылы Моздок
қаласының жанынан крепостной шаруалар - ағайынды Дубининдер салды. Сол
кезде алынған Дистиллят (фотоген) кейін керосин деп аталды өңдеу барысында
бөлінген алғашқы тез буланатын заттар.
- бензин мен ауыр қалдық – мазут еш жерде қолданылмағандықтан шұқырларда
өртелініп жіберілді. 1869 жылы Бакуде 23 мұнай өңдеу зауыты болды, ал, 1873
жылы 80 - ге жетті, олар жылына 16350 т. керосин шығарды. Алынған керосин
Каспий теңізі мен Волга арқылы Ресейдің солтүстік аудандарына және Таяу
Шығыс елдеріне шығарылды.
1876 жылы Д.И. Менделеев жасаған әдіс бойынша Балахнада әлемде бірінші
рет вакуумде немесе су буы түрінде өңдеу арқылы мазуттан майлауға арналған
май өндірілді. Мұнай майы барлық техника саласына мал майы мен өсімдік
майын ығыстыра бастады. Орыстың минералды майлары шетелге көптеп
шығарылып, өте жоғары бағаланды. В.Г.Шуховтың 1876 жылы ойлап тапқан
форсункасынан кейін бұрын өртеліп келген мазут өнеркәсіптің әр түрлі
саласында және кеме жасауда бу қазандарында аса бағалы отын ретінде
қолдалына бастады. Мұнай өңдеу зауыттары басқа елдерде ХІХ ғ- дың 40-
жылында салына бастады. 1848 ж. Англияда Д. Юнг мұнай өңдеуді жолға қойды,
ал 1849 жылы С.Кир Пинсилваниде (АҚШ) осы іспен айналысты.

Францияда бірінші зауытты 1854 жылы А.Г Гирн салды. 1866 жылы Д. Юнг
ауыр мұнайды қатты қысыммен айдау арқылы крекингттік керосин алу тәсіліне
патент алды.
А.А Тавриз ойлап тапқан текшелік батареяларда мұнай өңдеу 1883 жылы
Бакудегі ағайынды Нобель атындағы зауытта жүзеге асырыла бастады. Бұл
текшелік батареяларға бір-бірінің ішіне салынып екі цилиндр түрінде
бекітілген дефлегматорлар орнатылды. 1891 жылы В. Г. Шухов пен С.П.
Гаврилов крекинг процесі үшін (жоғарғы температурада және қысымда
жүргізіледі ) аппарат жасап шығарды. Олар алғаш рет мұнайды текшелерде
емес, қозғау арқылы пеш тұрбаларында жылытуды ұсынды. Ол қазіргі үздіксіз
жұмыс істейтін тұрбалы қондырғылардың балама түрі. Олардың ғылыми
және инженерлік шешімін 1915-1918 жылдары АҚШ – та У.М. Бартон кренинг
қондырғы салу кезінде қайталады.
ХІХ – дың соңғы ширегінде ойлап табылған іштен жану двигательдері
(бензин және дизельді) және оларды өнеркәсіп пен көліктің көптеген
салаларында пайдалану мұнай өңдеу ісін дамытуға елеулі әсер етті.
Бұрын пайдаға аспай келген бензин мұнай өндіруді арттыру мен оны
өңдеу технологиясын жетілдіру мақсатындағы ең қажетті өнімге айналды.
Дизелді техниканың шығуына орай мұнайдың жермай мен мазут арасындағы
фракциясы болып табылатын дизель отыннан сұраныс күшейді.
1917 жылға дейін ресейдің мұнай өңдеу кәсіпорыны негізінен Кавказда
шоғырланған еді: Бакуде оның 53-і, Грозныйда 6 – ы болды.
Мұнай шығарып, өңдейтін кәсіпорындардың жартысынан астамы шетел капиталы
қарамағында болды.
1828 ж бұрынғы КСРО – ның мұнай және мұнай өңдеу өнеркәсібі азамат
соғысы салдарынан туындаған қайта қалпына келтіру кезеңінен аяқтады. Жаңа
мұнай өңдеу зауыттарын (МӨЗ) жедел салу басталды. Волга, Урал мұнай, газ
облысында мұнай, газ кен орнының ашылуының зор халықшаруашылықтық мәні
болды. МӨЗ-ын мұнай өнімдерін тұтыну орталықтарына жақындату мақсатында
Ишимбайда, Уфада, Саратовта, Краснодарда, Орскіде, Херсонда, және
Хабаровскіде зауыттар салынды МӨЗ-нда ескі текшелік батареаларды ауыстыру
барысында олардың орнына ( өнімділігі жылына 500 - 600 мың м. ) тұрбалы
қондырғылар орнатылды, термитті мазут крекингтері, авиация және автотрактор
майлар өндірісі іске қосылды. 1941 - 1945 жылы Ұлы Отан соғысы жылдарында
мұнай өңдеу өнеркәсібі майданмен тылды жанатын және майлау материалдарымен
қамтамасыз етті.
Елдің мұнай өңдеу өнеркәсібі соғыстан кейінгі кезеңде жедел қарқынмен
дамыды (мұнай өндіру қарқынына сай), өндірістік - техникалық деңгейі мен
көлемі үздіксіз артты. 1951 жылы соғысқа дейінгі көрсеткіштерден артық
деңгейге қол жеткізілді. МӨЗ-ы салынып, игерілді, мұнайхимия комбинаттары
іске қосылды. Егер 1966 жылға дейін мұнайды алғаш өңдеу жөніндегі
қондырғылардың қуаты жылына 1-2 млн. тоннаға дейін жетсе, кейінгі жылдары
негізінен өнімділігі жоғары, оның ішінде қуаты жылына 2-3 және 6 млн.
тонналық құрмалы қондырғылар енгізілді. Мұнай өңдеу көлемінің артуы (1987 ж
475 млн т-ға дейін) мұнай өнімдерінің сапасының елеулі жақсаруымен
толығып отырды; күкірт аз дизель майын, жоғары октанды бензинді, тиімді
жұғымдылығы бар майлау майларын шығару тиімдірек бола түсті.[19]
Соғысқа дейінгі кезеңде мұнай өнеркәсібі елдің тұтастай
экономикасымен бірге жедел қарқынмен дамыды. Мұнайдың өндірілуі ескі
аймақтармен – Баку мен Грозныйда өсуімен бірге, оның алынуы басқа
аймақтарда да еселене түсті. Бір мезгілде мұнайды өңдеу дамыды.
Соғысқа дейінгі жылдары 14 жаңа МӨЗ-ы салынды (1931 -1935ж.ж.)
Батумиде, Ухтада, Саратовта, Туапаседе және Орскіде, 1936-1940 ж.ж Уфада,
Краснодарда Хабаровскіде, Одессада, Херсонда, Бердянскіде және Мәскеуде ).
Ұлы Отан соғысы жылдарында көптеген оңтүстіктегі МӨЗ-ы елдің шығыс
аудандарына (Сызрань, Краснодовск, Гурьев, Амурдағы, Комсомольск, Пермге)
көшірілді. Соғыс және соғыстан кейінгі жылдары мұнай және мұнай өңдеу
өнеркәсібінің жедел дамуына Урал – Поволжьяда ірі мұнай отындарын ашып,
игеру елеулі ықпал жасады. Мысалы, Ишимбай МӨЗ – ы 1936 жылы елдің
шығысында мұнайды өнеркәсіптік жолмен өндіре бастағаннан кейін бір жылдан
соң іске қосылды. Бұл МӨЗ-нда алғаш рет өнеркәсіптік масштабта
күкіртті мұнайды өңдеудің технологиясы игерілді. 1938 жылы сол кездегі
аса ірі әлемдік технологиямен.

2 кесте
1932 – 1940 ж.ж. дағы бұрынғы КСРО – да мұнай өңдеудің көлемі (млн. т.)

Жыл Мұнай өңдеу Мұнай өнімдерін өндіру

1932 20,2 Бензин Керосин Майлар
1937 26,4
1940 19,4
2,5 3,7 0,6
3,0 5,8 1,6
4,4 6,1 1,5

Жабдықталған, Урал - Поволжьяның күкіртті және жоғары күкіртті
мұнайын өңдейтін Уфа крекинг зауыты пайдалануға берілді.
Елдің майданы мен тылын отынмен қамтамасыз етудегі, самолеттер, танктер
және басқа соғыс, сондай-ақ азаматтық көліктер үшін Баку, Грозный
және Шығыс МӨЗ-ның рөлі өте зор болды.
Соғыстан кейінгі жылдары (1945-1970 ж.ж.) елдің мұнай өңдеу саласы
Салават, Уфа (екеу), Волгоград, Рязан, Омбы, Ачинск, Ангарск, Кирш,
Новополоцк және Мозырь (Беларуссия), Кеременчук (Украина) қалаларында жаңа,
қуатты МӨЗ салынуымен одан әрі дамыды. Батыс Сібірде мұнайдың жаңа кен
орындары ашылуымен ескі зауыттардың қуаты арттылып, Лисачанскіде
(Украина), Мажекяйде (Литва ), Павлодарда және Шымкентте (Қазақстан),
Чарджоуда (Туркмения) және т.б. жаңа МӨЗ – тары салынды.
Отандық ғылымның көмірсутегі шикізаттарын зерттеп, оларды өңдеу
әдістерін табудағы рөлі зор. Мұнай химиясы саласындағы орыс ғылымдарының
ғылыми-зерттеу жұмыстарының дәстүрлі жоғары деңгейі мұнай өңдеуде
теориялық негіздерді және тиімді технологиялық негіздерді технологиялық
процестерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Біздің ғалымдарымыздың Л.Г.
Гуревичтің Нуачные основы переработки нефти, А.Н. Саханов пен М.Д.
Тиличевтің Крекинг в жидкой фазе, В.Л. Гурвич пен Н.П. Сосновски
Изберательные растворители в переработке нефти (Грозный ғылыми-зерттеу
институты ұжымының) Химический состав нефтей и нефтепродуктов К.В.
Костриннің Пройзводство крекинг - бензинов, С.С. Наметкиннің Химия
нефти, А.Н.Бутковтың Введение в технологию пиролиза сияқты, сондай-ақ
А.Ф. Добрянский, С.Н. Обрядчиков, Н.И.Черножуков, И.Л.Гуревич пен Е.Е
Смидович жазған мұнай өңдеу технологиясы жөніндегі ғылыми еңбектері
классикалық еңбек болып табылады. Химия және мұнай мұнай технологиясы
саласында М.Д. Зеленский, В.Н. Ипатьев , Б.А. Казанский, С.С. Наметкин,
Б.Л. Модавский, К.П. Лавровский, Д.И. Орочко, А.В.Фрост, Н.А. Несмеянов,
А.Д. Петров, С.Р. Сергиенко және Р.Д. Оболенцов жазған еңбектер аса құнды
жұмыстар болып табылады. Мұндай өңдеумен мұнайхимияның термиттік және
катализдік процестерін химияландыру мен механикаландыру жөніндегі Н.Н.
Семенов, А.А. Баладин, С.З. Рогинский, Ф.Ф. Волькенштейн, Г.К. Боресков,
Г.М. Панченков пен басқалардың еңбектері түбегейлі үлес болып табылады.
Ертеде жер бетінің әр жерінде іркіліп немесе ағып жататын тас майы мен
жер қаймағын адамдар жараны емдеуге, қайық майлауға және т.б, өмір
тіршілігінде пайдаланған. Оның жанатын қасиетін білгеннен кейін жарық, жылу
көзі есебінде қолданған. Кейінірек гректің ұлы оқымыстысы Гиппократ
мұнайдан бірнеше дәрі жасаған. Өздерінің атақты бальзамдарын жасағанда
египеттіктер мұнайды кеңінен пайдаланған.
Мұнай — өте күрделі жай қоспа, негізгі құрам бөлігі әр түрлі
көмірсутектер (90%-ке жуығы). Олардан басқа аз-аздап оттекті, күкіртті
және азотты қосылыстар болады. Көмірсутек жанғанда аса көп мөлшерде жылу
бөлінуіне байланысты, мұнай жанғанда сапалы көмір жанған кезде бөлінетін
жылудан бір жарым есе көп жылу бөлінеді. Оның құрамында су және минералды
қосылыстар мүлде кездеспейді десе де болады, ал олардың кездесуі қандай
заттың болса да жылулық қасиетін төмендетеді.
Қазақ жеріңде алғашқы мұнай көздері оның батыс аудандарында өткен
ғасырдың аяғына қарай белгілі болды, бірақ өндірістік жолмен алғашқы мұнай
1911 жылы Доссор мен Ембіден, ал 1965 жылы Мақат кен орындарынан алынған
еді, Жан-жақты жүргізілген геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде,
Маңғыстау түбегінен Жетібай, Өзен, Қаламқас, Қаражамбас, Бозашы, Теңге,
Тасболат сияқты ірі-ірі мұнай кен орындары ашылып, Қазақстан ірі мұнайлы
аймаққа айналды.[21]
Қазіргі белгілі Орал-Ембі мұнайлы алқабы. Атырау, Батыс Қазақстан және
Ақтөбе облыстарының жерлерін қамтиды, оның жалпы аумағы бес жүз мың шаршы
километрден асады. Ақтөбе облысында табылған Жаңа-жол, Шұбарқұмдық,
Жақсымай мұнай кендерінің болашағы зор. Каспий ойпатынан ашылған Кеңқияқ,
Прорва кен көздері қазірдің өзінде едәуір көлемде мұнай беріп отыр. Шу— Іле
және Балқаш — Алакөл аймақтары да мол мұнайлы аудандар қатарына қосылуда.
Мұнай Торғай мен Жезқазған облыстарының жерлерінен де табылуда. Сондай-ақ
Қызылорда облысындағы Сексеуіл ойпаты мен Солтүстік Қазақстан облысының
солтүстік жазықтары да мамандардың бағалауынша, мұнайлы аудандардың
қатарына жатады. Қорыта айтқанда, Қазақстан жері мұнай қорына бай және
бүгінгі мүмкіндіктер келешекте оны өндіру жөнінен алдыңғы орындардың
бірінде болатынын айқындай түседі.
Табиғатта мұнай шыққан жерлерде газ да қөп мөлшерде кездесіп отырады.
Адамзатқа ол ертеден белгілі болғанымен, тұрмыста мұнайға қарағанда едәуір
кеш қолданылды. Тарихи мәліметтерге қарағанда, 615 жылы Жапонияда алғашқы
газ скважиналары бұрғыланған. Шамасы осы кезеңде Үндістан, Парсы елдері мен
Баку қаласы төңірегіндегі елді мекендер газды тұрмыста, көбінесе шырақ жағу
үшін пайдаланса керек.
Табиғатта газ түрлері көп, бірақ олардың ең көп тарағаны - метан газы.
Бұл газ көмір шахталарында, кейде шымтезек пайда болған жерлерде жиі
кездеседі. Дегенмен табиғи газдың мол қоры мұнай кен орындарымен
байланысты. Мұнай кендеріндегі мұнай мен газдың өзара қатынасына байланысты
табиғи газ орындары бірнеше топқа бөлінеді. Егер бір тонна мұнайға келетін
газ мөлшері бірнеше жүз текше метрден аспаса, онда газ қосалқы, ал газ
мөлшері 1000—2000 м3-қа жетсе, ол газ конденсатты кен орны деп аталады. Ал
1 т мұнайға 2000 м3-тан астам газ келген жағдайда, ондай жерлерді таза газ
кендері деп атайды. Miнe, осыған қарағанда табиғи газдың жер қойнауында
қалыптасқан орындары өте көп. Олардың жалпы қоры да орасан мол.
Қазақстанда Маңғыстау түбегін зерттеу жұмыстары 1957 жылы басталды.
1961 жылы түбекте бұрғыланған скважиналардан алғашқы газ фонтандары
атқылап, бұл өңірдің мұнай мен газ кендеріне бай екендігі белгілі болды.
Атырау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының жерлерінен, Орал-Ембі
алқабынан қазірдің өзінде елуден астам мұнай мен газ кен орындары ашылып
отыр. Мұнай мен газдың барланған қоры бойынша Каспий өңірі алдыңғы қатарлы
орынға шықты, мұнда ірі мұнай-газ кешені қалыптасуда ал Шу — Іле, Балқаш —
Алакөл ойпаттары, Қызылорда облысындағы Сексеуіл ойпаты, Торғай даласы мен
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік жазықтары мұнай мен газ кеніне бай
аудандар ретінде бағаланып отыр.
Қорыта айтқанда, болашақта Қазақстан энергетикалық отын қорларын
өндіру жөнінен дүние жүзінде алдыңғы қатардан орын алары сөзсіз.

2. Отын-энергетика кешенінің жағдайы мен келешегі

2.1 Отын – энергетика комплексінің әлемдік экономикадағы маңызы

Ғылыми техникалық және әлеуметтік жетістік әр уақытта пайдаланатын
энергияның өсуімен және жаңа тиімдірек энергия қорларын қосумен
анықталынады. Қазіргі адамдардың өмірін жарықсыз, телерадиосыз, қазіргі
тұрмысқа керекті техникасыз және жол көлігінсіз ойға алу қиын. Энергиясыз
кибернетиканың, автоматты жүйенің, есептеу техникасының, атом энергиясын
өндіру және космостық техниканың және т.б. өсуі мүмкін емес.
Сондықтан энергияның және оның қорларының пайдалануы күшті қарқынмен
әсіресе ХХ ғасырда өсті. Дүние жүзінде энергияны пайдалану әрбір адамға
есептегенде 1950ж. ғасырдың басы мен салыстырғанда 2 есе өсті. Келесі 2
есе өсу 1975 ж. болды. Осы кезде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Атомдық энергетика – энергия көзі ретінде
АЭС болашағы
Қазақстанның атом энергетикасы
Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы мұнай өнеркәсібі
Қазақстанның мұнай және газ өнеркәсібіне жалпы сипаттама
Өнеркәсіптің құрылымы күрделі
Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы және ерекшеліктері
Латын Америка мемлекеттеріндегі ядролық зерттеулер
Алматы ТЭЦ - 3
Өнеркәсіп құрылымы және орналасу заңдылықтары
Пәндер