1917 жылғы саяси партиялар мен ағымдар



Үнді халқының ұлт-азаттық күресінің идеясы Дж. Неру былай деп жазған: «Біз бостандықты жақында ғана жеңіп алдық, бірақ біздің күресімізге дем берген ұлттық сезім жүрегімізді әлі де жылытып отыр; ол әрбір азиялықтың жүрегіне жылу ұялатады, өйткені өткен кездегі отаршылдық туралы естелік оның ақыл-ойынан әлі өшкен жоқ. Сонымен ұлтшылдық Азияның кез келген бөлігінде әлі де нақты күш болып отыр».
Ұлттық демократияшыл зиялылар ұлттың азаттық идеясын таратушы, қазақ халқының ұлттық сана-зезімін оятушы, отаршылдыққа қарсы күреске дем беруші болды. Оны Шыңғыс 3ан ұрпағы, Ресейдің либералдық –демократиялық қозғалысының жоғарғы білімді қайраткері, бұрын кадет партиясы Орталық Камитетінің мүшесі болған Әлихан Бөкейханов басқарды. Көрнекті ағартушылар мен демократтар, революциялық қозғалысқа белсене қатысушылар А.Байтұрсынов, М. Дулатов, Ә. Ермеков, Жаһанша және Халел Досмұхамедовтар, Ж. Ақбаев және басқа көптеген адамдар оның пікірлестері мен серіктеріне айналды.
Алаш қозғалысының әлеуметтік негізі даланың бетке ұстарлары - билердің батырлардың, жартылай феодал байлардың мүдделерін білдірген, капиталистік даму жолына бағдар алған зиялылар болды.Олар сондай-ақ оппозициядағы кең көлемді демократияшыл бұқара- шаруалардың, жұмысшылардың қала демократиясының мүдделерін де білдірді. Қозғалыстың әлеуметтік негізінің ауқымдылығын азаттық қозғалысының жалпы ұлттық көлемімен, оның демократиялық, ағартушылық және отаршылдыққа қарсы сипатымен түсіндіруге болады. Қазақ халқын отарлық езгіден азат ету, автономиялық ұлттық мемлекет құру идеясы қозғалыстың негізгі өзегіне айналды.
Ақпан төңкерісінен кейін 1905 жылдан бастап өмір сүрген алаш қозғалысы қайта жанданды. 1917 жылғы сәуір-мамыр айларында «Алаш» партиясының облыстық, ішінара уездік съездеріболып өтті.
Мәселен, қазақтардың 1917 жылғы сәуір айында болған Жетісу облыстық съезі жергілікті өзін-өзі басқару орындарының өкілеттігіне жататын мәселелер жиыгтығын қарады. Олардың қатарында азық-түлікпен жабдықтау, жергілікті өзін-өзі басқару, сот ісін жүргізу, салық салу, білім беру және ағарту проблемаларын шешу көзделді. Аграрлық мәселе қызу талқыланды. Атап айтқанда, съезд «облысқа сырттан әкеліп қоныстандыруға жол бермеу» қажет

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
1917 жылғы саяси партиялар мен ағымдар

Үнді халқының ұлт-азаттық күресінің идеясы Дж. Неру былай деп жазған:
Біз бостандықты жақында ғана жеңіп алдық, бірақ біздің күресімізге дем
берген ұлттық сезім жүрегімізді әлі де жылытып отыр; ол әрбір
азиялықтың жүрегіне жылу ұялатады, өйткені өткен кездегі отаршылдық туралы
естелік оның ақыл-ойынан әлі өшкен жоқ. Сонымен ұлтшылдық Азияның кез
келген бөлігінде әлі де нақты күш болып отыр.
Ұлттық демократияшыл зиялылар ұлттың азаттық идеясын таратушы, қазақ
халқының ұлттық сана-зезімін оятушы, отаршылдыққа қарсы күреске дем беруші
болды. Оны Шыңғыс 3ан ұрпағы, Ресейдің либералдық –демократиялық
қозғалысының жоғарғы білімді қайраткері, бұрын кадет партиясы Орталық
Камитетінің мүшесі болған Әлихан Бөкейханов басқарды. Көрнекті ағартушылар
мен демократтар, революциялық қозғалысқа белсене қатысушылар
А.Байтұрсынов, М. Дулатов, Ә. Ермеков, Жаһанша және Халел Досмұхамедовтар,
Ж. Ақбаев және басқа көптеген адамдар оның пікірлестері мен серіктеріне
айналды.
Алаш қозғалысының әлеуметтік негізі даланың бетке ұстарлары - билердің
батырлардың, жартылай феодал байлардың мүдделерін білдірген, капиталистік
даму жолына бағдар алған зиялылар болды.Олар сондай-ақ оппозициядағы кең
көлемді демократияшыл бұқара- шаруалардың, жұмысшылардың қала
демократиясының мүдделерін де білдірді. Қозғалыстың әлеуметтік негізінің
ауқымдылығын азаттық қозғалысының жалпы ұлттық көлемімен, оның
демократиялық, ағартушылық және отаршылдыққа қарсы сипатымен түсіндіруге
болады. Қазақ халқын отарлық езгіден азат ету, автономиялық ұлттық мемлекет
құру идеясы қозғалыстың негізгі өзегіне айналды.
Ақпан төңкерісінен кейін 1905 жылдан бастап өмір сүрген алаш қозғалысы
қайта жанданды. 1917 жылғы сәуір-мамыр айларында Алаш партиясының
облыстық, ішінара уездік съездеріболып өтті.
Мәселен, қазақтардың 1917 жылғы сәуір айында болған Жетісу облыстық
съезі жергілікті өзін-өзі басқару орындарының өкілеттігіне жататын
мәселелер жиыгтығын қарады. Олардың қатарында азық-түлікпен жабдықтау,
жергілікті өзін-өзі басқару, сот ісін жүргізу, салық салу, білім беру және
ағарту проблемаларын шешу көзделді. Аграрлық мәселе қызу талқыланды. Атап
айтқанда, съезд облысқа сырттан әкеліп қоныстандыруға жол бермеу қажет
деп тапты. Қазақтардың орыстармен өзара қарым-қатынасын реттеу әдістері,
Босқындарды Қытайдан қайтару әдістері арнайы қаралды.
Қазақтардың Семей облыстық съезд (27. 1V – 7.V.1917) Бүкіл қазақ
съезіне Қазақстанның болашақ автономиясын құру туралы өз көзқарасын
ұсынды, съезд Ресейлік бірінші Құрылтай жиналысында Ұлы Ресейді
мекендейтін ұлыстардың еркіндігі, теңдігі мен туысқандығы баянды етілуге
тиіс және оларға өздерінің саяси өмірін ұлттық, тұрмыстық, мәдени,
экономикалық, тарихи-географиялық ерекшеліктеріне сәйкес қайта құруға
мүмкіндік берілуге тиіс деп санады. Съезд дворян-помешіктер үстемдігі
тұсында құрылып, ескі режимнің саясатын қолдап келген, қазіргі кезде күні
өткен, халыққа мүлде пайдасы жоқ және зиянды шаруа бастықтарды,
становойлық приставтар , урядниктер мен дала генерал-губернаторлығы
институттарының таратылуын талап етті.
1917 жылғы шілденің 21-26-сында Орынборда Жалпықазақ съезі болып, оған
Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстары мен Ішкі
Бөкей Ордасынан делегаттар қатысты.
Съезд мемлекеттік басқару формасын, қазақ облыстары автономиясын, жер
мәселесін, халықтық милиция ұйымдастыру, земство, халыққа білім беру, сот,
рухани-дін мәселелерін және т.б. қарады. Көріп отырғанымыздай, қазақтың
демократияшыл жұртшылығын қазақ мемлекеттігі, демократиялық реформалар,
ұлттың саяси өзін-өзі билеуі үшін қажетті алғышарттар жасау проблемалары
толғандырды. Съезд қазақтың Алаш саяси партиясын құру туралы мәселе
қарап, оның бағдарламасын жасау қажет деп тапты. Мемлекеттік басқару
формасы мәселесі бойынша съезд Ресейден демократияшыл федерациялық
парламенттік республика болуға тиіс, - деп жазды; съезд қазақ облыстары
облыстық ұлттық-аймақтық автономия алуға тиіс деп тапты. Съезд Қытайдағы
83 мың қазақ босқындары және 1916 жылы оқиғаларға қатысып, Жетісу
қазақтары мен Уақытша үкімет органдары тарапынан кемсітушілік пен
қуғындауға ұшырағандар жөнінде өз көзқарасын білдірді. Съезд өлке
еңбекшілерін Жетісудың ашыққан қазақ халқына тез арада және шын мәнінде
көмек ұйымдастыруға шақырды.
Ақпан төңкерісінен кейін Ресейдің ұлт аймақтарында мұсылмандар
қозғалысы жандана түсті. 1917 жылғы сәуір айында Түркістан, Башқұрстан,
Татарстан, Кавказ мұсылмандарының съездері болып өтті.

1917 жылғы мамыр айындағы мұсылмандардың Бүкілресейлік съезі.
1917 жылғы мамырда мұсылмандардың Бүкілресейлік съезі болды. Соғысқа
көзқарас мәселесі бойынша съезд өзінің ұраны: Еуропа, Азия мен Африка
халықтарының өзін-өзі билеуі негізінде аннексиясыз және контрибуциясыз
бітім деп санайтынын мәлімдеді. Съезд Ресейдің мемлекеттік құрылыс формасы
ұлттық – аймақтық – федерациялық негіздегі демократиялық республика деп
тапты.Съезде әйелдер мәселесі қызу талқыланды. 250 молданың қарсылығына
қарамастан, мұсылман әйелдері саяси құқықтары жағынан да, азаматтық
құқықтары жағынан да еркектермен тең құқылы болуы тиіс деген қарар
қабылданды. Съезд көп әйел алушылық пен қалыңмалға қарсы шықты. Жұмысшы
мәселесін талқылағаннан кейін съезд өз қарарында былай деп жазды: 1. 8
сағаттық жұмыс күні енгізілсін. 2. Апта сайынғы үздіксіз мерекелік демалыс
42 сағат болып белгіленсін. Съезд бастауыш мектептерде оқыту түркі
халқының әрбір тобының ана тілінде жүргізілуге тиіс, міндетті және тегін
жалпыға бірдей бастауыш білім беру енгізілсін деп тапты. Мұсылмандардың
діни басқармасының міндеттері белгіленді.
Мұсылмандардың 1917 жылғы шілде оқиғаларынан кейін болған екінші
Бүкілресейлік съезі Құрылтай жиналысы сайлауындағы тұғырнаманы әзірледі.
Көріп отырғанымыздай, мұсылман съездері саяси проблемаларды асқан зор
ықыласпен талқылады. Уақытша үкіметке қолдау көрсете отырып, бұл съездер
сонымен бірге ұлттық шет аймақтардың толғағы жеткен мәселелері бойынша
нақты пікірлерін де айтты.
Ресейдің шет аймақтарының 30млн. халқына ықпалын жүргізген мұсылман
қозғалысының қаулап дамуы бірқатар ислам партияларының құрылуына алып
келді.
Ақпаннан қазанға дейінгі кезеңде ұлттық демократия идеясы қалыптасты.
1917 жылғы қыркүйекте мұсылман ұйымдарының съезі тұңғыш мұсылман партиясын
– Түркістан федералистер партиясын құрды. Съезд Ферғана, Сырдария, Каспи
сырты, Жетісу облыстары құрамындағы Түркістан өлкесін Ресей
республикасымен федерациялық байланыстағы автономиялы ел деп жариялайтын
тұғырнама қабылдады.
Түркістан және қазақ мұсылмандарының Түркістан, Орал және Торғай
облыстарының делегаттары қатысқан съезі- үлемі (1917жылғы кыркүйектің 17-
20-сында) Иттифок-муслимин (Мұсылмандар одағы)партиясының құрылғанын
жариялады. Иттифок-и-муслимин партиясы Ресей республикасы құрамындағы
аймақтық автономия идеясын ұсынды.Съезд Түркістан Федерациялық
республикасы парламенттік республика негізінде құрылуға тиіс деп
белгіледі.Республиканың негізгі оргындары – заң шығарушы (Түркістан
парламенті),атқарушы (секретариат пен республикалық үкімет), Махкама – и-
Шария) (Заңдар палатасы) органдары-жалпыға бірдей, төте және жасырын
дауыс беру негізінде, оған Түркістан өлкесін мекендейтін барлық халықтар
өкілдерінің міндетті түрде тең мөлшерде қатысуымен сайланады. Сыртқы
шекараны күзету, почта, телеграф, темір жолдар Ресей республикасы
үкіметінің құзретіне беріледі.Құжаттарға талдау жасаудың көрсеткеніндей,
Шуро-и-исламия сияқты, үлем де Түркістанды Ресейден бөлудін сепараттық
идеяларынан аулақ болған. Көрнекті дін заңының білгірлері басшылық жағдайға
ие болған бұл саяси ағымдар шариғат пен әдет негіздерін қорғаумен қатар,
адамзат қоғамының демократиялық нормаларын да қорғады (оқушылардың
көпшілігіне өз ана тілінде халықтық тегін бастауыш білім беруді енгізу,
фабрикалар, қозғалмайтын заттардан алынатын барлық жанама салықтар мен
алымдарды негізгі бір табыссалығымен алмастыру және т. б.). Бұл саяси
ағымдар мен солардың негізінде құрылған Иттифок-и-муслимин партиясының
балама бағдарламалық идеялар ұсынғанын және патша үкіметіне қарсы біртұтас
демократиялық блокқа қосыла алатынын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпан төңкерісі. саяси партиялар мен ағымдар
Саяси партиялар Қазақ төңкерісі қарсаңында
Қазақ мемелекетіндегі алғашқы ұйымдармен саяси партиялар
1917 жылғы Ақпан революциясы
Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы ұлттық-демократиялық, реформаторлық қозғалыстар
Ақпан революциясынан кейін
Ақпан революциясы туралы ақпарат
Қазақстанда уақытша үкімет органдары
Алаштықтардың мақсаты - қазақ халқын отарлық негізден азат ету, автономиялық ұлттық мемлекет құру
Пәндер