Негізінен эфференттік жүйке ұштары аймағына әсер ететін дәрілік заттар



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
• Негізінен эфференттік жүйке ұштары аймағына әсер ететін дәрілік заттар
• Ашқылтым заттар
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Жүйке жүйесі – құрылысы мен қызметі өте күрделі, организмдегі барлық құбылыстарды реттеп отыратын жүйе. Организмнін әртүрлі бөлігінде болып жатқан құбылыстардың белсенділігін күшейтетін немесе әлсірететін дәрілік заттардың түрлері өте көп. Бұлардың ішіндегі ең маңыздылары жүйке жүйесінің әр түрлі бөлігіне, сонымен бірге оның перифериялық бөлігіне әсер ететін заттар болып табылады.
Бүкіл жүйке жүйесінің негізгі элементі – жүйке торшасы болып табылады. Осы торшалардан және бір-бірімен белгілі бір байланыста тұратын аксондар мен дендриттерден бүкіл жүйке жүйесі құралған. Торша организмге әсер еткен қозуды күшейтіп, оны басқа жүйке торшаларына немесе эффекторлық мүшелерге жеткізіп отырады. Фармакологиялық заттармен торшаның әртүрлі бөлігіне әрқалай әсер етуге болады.
1. «Ветеринариялық фармакология», К.Н Қожанов, Алматы 2007
2. «Фармакология», Б.Д Айтжанов, Ә.М Өтенов, М.А Молдағұлов, Алматы, «Агроуниверситет» 2006
3. Фармация және фармакология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі, Д.К Кияшев, М.Д Қияшев
4. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007
5. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998
6. «Ақтөбе» облыстық-қоғамдық газеті, 9-ақпан 2012 ж

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
* Негізінен эфференттік жүйке ұштары аймағына әсер ететін дәрілік заттар
* Ашқылтым заттар
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Жүйке жүйесі - құрылысы мен қызметі өте күрделі, организмдегі барлық құбылыстарды реттеп отыратын жүйе. Организмнін әртүрлі бөлігінде болып жатқан құбылыстардың белсенділігін күшейтетін немесе әлсірететін дәрілік заттардың түрлері өте көп. Бұлардың ішіндегі ең маңыздылары жүйке жүйесінің әр түрлі бөлігіне, сонымен бірге оның перифериялық бөлігіне әсер ететін заттар болып табылады.
Бүкіл жүйке жүйесінің негізгі элементі - жүйке торшасы болып табылады. Осы торшалардан және бір-бірімен белгілі бір байланыста тұратын аксондар мен дендриттерден бүкіл жүйке жүйесі құралған. Торша организмге әсер еткен қозуды күшейтіп, оны басқа жүйке торшаларына немесе эффекторлық мүшелерге жеткізіп отырады. Фармакологиялық заттармен торшаның әртүрлі бөлігіне әрқалай әсер етуге болады.
Жүйке торшаларының негізгі физиологиялық құбылысы болып- дәрілік заттардың әсерінен болытын және бүкіл жүйке талшықтары арқылы тарайтын қозу толыны немесе жүйке импульсі болып табылады. Жүйке импульсі бүкіл жүйке жүйесінің бірден бір информация көзі болып есептелінеді. Ол жүйке торшасының мембранасында электр өрісі өзгерген кезде ғана пайда болады. Физиололгиялық құбылыстар кезінде импульстар рецепторларда пайда болады да, олар оңай электр тогына айналады. Сонымен бірге олар торша мембранасының өзгеруіне байланысты жүйке торшаларының арасындағы синаптикалық қосылыстарда да пайда болады. Жүйке импульстарының синаптикалық қосылыстар маңына жетуі, арнайы медиатордың пайда болуына әкеліп соқтырады. Ал медиаторлар өздеріне жақын реактивтік тізбектермен байланысады.
Кейбір медиаторлар торша мембранасын деполяризациялап, белгілі бір деңгейге жеткен соң, симпатикалық қозуды күшейтеді. Ал медиаторлардың басқа бір түрлері постсинаптикалақ реактивті тізбектер мебранасының мүмкіншілігін күшейтеді. Ол тарау мүмкіншілігін қиындатады және торшалар белсенділігін төмендетеді де синаптикалық тежелу құбылысына әкеліп соқтырады. Осы қозу және тежелу құбылыстарын реттеп отыру орталық жүйке жүйесінің негізгі қызметтерінің бірі болып табылады. Әрбір торшада медиаторлардың тек бір түрә ғана дамитын болғандықтан - қоздырушы және тежеуші торшалар болып екіге бөлінеді.
Қазіргі кездегі көзқарас бойынша нейротроптық заттардың орталық және перифериялық жүке жүйесіндегі әсер ету механизміне синаптикалық теория бола алады. Бұл теория бойынша негізгі нейролептикалық заттардың әсер ететін жері нейронаралық байланыстар болып табылады. Мұндағы жүйкелік қозу құбылысы медиаторлардың басқаша айтқанда, химиялық өткізгіштердің көмегімен ғана жүзеге асады.
Фармакологиялық заттар жүке торшасы құбылыстарының әртүрлі бөлігіне әсер етеді. Бұл әсер қозуды немесе тежелу түрінде өтеді.
Негізінен эфференттік жүйке ұштары аймағына әсер ететін дәрілік заттар
Эфференттік (яғни вегетативтік) жүйке жүйесі барлық ішкі мүшелердің қызметін реттейді және жануарлар организміндегі негізгі биохимиялық құбылыстарға күрделі әсер етеді.
Эфференттік жүйкелер шығу орталығынан, ганглийге дейінгі талшықтардан, ганглийлік және ганглийден кейінгі талшықтардан тұрады.
Организмдегі постганглийлік эфференттік жүйкелердің әсері медиаторлар деп аталатын химиялық заттардың көмегімен жүзеге асырылады. Олар өз кезегінде тиісті ферменттердің әсерінен пайда болады және инактивтенеді.
Бұл әсердің механизмі мынадай түрде көрінеді. Парасимпатикалық иннервация талшықтарында болатын жүйкелік қозу холинацетилазаның белсенділігін тудырады. Соңғысы аденозинүшфосфаттың қатысуымен белсенділігін төмен холинді оның эстер - ацетилхолиніне көшіреді. Ацетилхолиннің жоғары фармакологиялық белсенділігі бар: ол осы жүйкелер иннервациялайтын тірі заттармен өзара әсерге түсіп, тиісті функциональдық өзгерістер туғызады. Бұл ретте ацетилхолин медиаорлық рөль атқарады. Ал ацелитхолин импульстарын жүзеге асыратын құрылымдар холинергиялық құрылымдар деп аталады. Ацетилхолин медиаторы өзара әсер ететін биологиялық құрылымдар холинореактивті құрылымдар немесе холинрецепторлар деп аталады. Медиатор ретінде ацетилхолин туралы айтқанда оның бұл жөніндегі қызметі холиергиялық постганглийлік құрылымдардан едәуір әріге таралатынвн ескеру керек. Ол импульстарды рпеганглийлік талшықтардың ұштарынан холинергиялық және адренергиялық иннервация ганглийіне, соматикалық жүйкелердің ұштарынан көлденең жолақты бұлшық еттерге берілуіне қатысады, сондай-ақ нейронаралық синапстарда да медиатор болып табылады.
Симпатикалық жүйке түйінінің қозуы кезінде норадреналин медиаторы түзіледі. Олар ацетилхолин сияқты ұлпалар мен мүшелермен өзара химиялық әрекетке түсіп, тиісті функционалдық өзгерістер туғызады. Медиатордың аталуына сүйене отырып,оның түзілуіне қатысатын жүйкелер құрылымдарын адренергилық құрылымдар деп атайды, ал адренергиялық құрылымдарды адренореактивті құрылымдар немесе адренорецепторлар деп атайды.
Қазіргі түсініктер бойынша М- және Н- холинорецепторлар деп аталатын түрлерге бөлінеді. Пстганглийлік холинергиялық жүйкелердің ұштары саласындағы эффекторлық мүшелердің постсинапстық мембраналарында орналасқан холинорецепторларды М - холинорецепторлар немесе М - холинореактивті құрылымдар деп аталады, ал ганглийлер саласындағы қаңқалы бұлшық еттердегі, бүйрек үстіндегі бездердің және каротидтік шоғырмақтардың ми қыртысының хромафиндік торшаларындағы құрылымдар Н -холинорецепторлар деп аталады.
Реактивтілік құрылымдарды қоздыратын фармакологиялық заттар миметикалық заттар, ал қозуды бәсеңдететін заттар литикалық заттар деп аталады.
Дәрілік заттардың көмегімен медиаторлардың кинетикасын, әсердің заңдылықтарын реттеу, сондай - ақ оларды инактивтендіру неғұрлым тиімді. Осыған байланысты мына түрлерге бөлінеді:
1. Медиатордың өзә болып табылатын немемсе әсері жағынан оған ұқсас заттар;
2. Ағзадағы медиаторлардың жасалуын күшейтетін немесе бәсеңдететін заттар;
3. Ферменттердің түзілуін өзгертетін инактивтендіргіш медиатор заттар;
4. Тиісті биохимиялық құрылымдардың сезімталдығын өзгертетін заттар;
Сезімтал жүйке ұштарын тітіркендіретін заттар
Ашқылтым заттар
Малдың тәбетін ашу және көп мөлшерде көп мөлшерде қабылдаған азықты қорыту үшін едәуір мөлшерде қабылдаған шырын мен ферменттер қажет болады. Ас қорыту жолындағы секреторлық немесе фермент бөлгіш қызметтің болмашы бұзылуы ас қорытуды едәуір бұзады. Сондықтан мал азығын дәмдейтін заттардың мал шаруашылығы практикасында зор мәні бар. Оларға тұздар, эфир майлары, ашқылтым заттар жатады.
Ашқылтым заттар - amara - дегеніміз дәмі өте ащы дәрілік заттар. Ащы заттар бейтарап, құрамында азот болмайды, құрылымы жағынан гликозидке жақын. Олардың ащы дәмі аз мөлшерде ерітілгеннің өзінде ақ (1:60000-80000) сезіліді. Ашқылтым заттар ауыз қуысындағы дәм сезгіш жүйкелердің ұштарын тітіркендіреді, нәтижесінде асқазан бездерінің секреторлық қызметін және асқазан сөлінің ас қорыту жүйесінің қызметін рефлекторлық түрде күшейтеді.
Ашқылтым заттардың секреторлық әсер ету механизмін И.П. Павлов анықтады. Бұл заттар И.П. Павловқа дейін ұзақ қолданылғанымен, олар үстіртін түрде пайдаланылды, сонымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүйке жүйе физиологиясы
Нейронның анатомиялық құрылысы және рефлекторлық доғаның құрылымдық ерекшеліктерін қалыптастырудағы теориялық ұғымдар
Эфферентті нерв ұштарына әсер ететін заттар
Жергілікті жансыздандыратын анестезия
Нервтер мен нерв талшықтары
Өсу мен даму заңдылықтары. Нерв жүйесінің физиологиясы және оның жастық ерекшеліктері
Аритмия этиологиясы мен түрлері
Вегетативтік жүйке жүйесінің функциялық мәні
Нервтердің жіктелуі
Нерв талшықтарының қасиеттері
Пәндер