Cілтілік және сілтілік жер металдардарға сипаттама



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Cілтілік және сілтілік жер металдардарға сипаттама
2. Cілтілік және сілтілік жер металдарының препараттары
3. Препараттардың қолданылуы
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланған әдебиеттер
Қазіргі кезде минералдық заттардың торша ішіндегі таралуы әртүрлі деңгейде екені белгілі болып отыр. Мысалы, калийдің концентрациясы торшаның басқа бөліктеріне қарағанда митохондрияларында жоғары, ал натрийдің концентрациясы торша ядросында көп жинақталған.
Минералды заттар фармокологиялық тұрғыдан 2 топқа бөлінеді:
1) Сілтілік және сілтілік жер металдарының препараттары
2) Ауыр металдардын препараттары
Сілтілік және сілтілік жер металдарының тұздары.
Тұздар дегеніміз қышқылдардағы сутегі йондарын металл иондарымен алмастыру арқылы алынатын заттар. Олардың катиондарына электрондар өте нашар байланысады, сол себепті бос куйіндегі негіздік металдар ертінділерде энергияның өте көп мөлшерін жоғалтып алады. Негіздік металдардың атомдары электрондарды өздеріне байланыстыра алмайды. Сыртқы электрондарын оңай береді де, бұл металдардың атомдары тотықсыздандырғыш ретінде әсер етеді.
1.“ Фармокология ” – Айтжанов Б.Д., Өтенов Ә.М. , Молдағұлов М. А. , Заманбеков Н.А. , Көбдікова Н.К., Алматы, 2006
2. Жалпы химия- Бірімжанов Б.А., Нұрахметов Н.Н., 1993.
3. “ Физикалық және коллоидтық химия “ Патсаев Ә.Қ., Шитыбаев С.К., Төребекова Г.А., Шымкент-2010.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Cілтілік және сілтілік жер металдардарға сипаттама
2. Cілтілік және сілтілік жер металдарының препараттары
3. Препараттардың қолданылуы
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланған әдебиеттер
Добавить свое объявление
Загрузка...

Кіріспе
Қазіргі кезде минералдық заттардың торша ішіндегі таралуы әртүрлі деңгейде екені белгілі болып отыр. Мысалы, калийдің концентрациясы торшаның басқа бөліктеріне қарағанда митохондрияларында жоғары, ал натрийдің концентрациясы торша ядросында көп жинақталған.
Минералды заттар фармокологиялық тұрғыдан 2 топқа бөлінеді:
1) Сілтілік және сілтілік жер металдарының препараттары
2) Ауыр металдардын препараттары
Сілтілік және сілтілік жер металдарының тұздары.
Тұздар дегеніміз қышқылдардағы сутегі йондарын металл иондарымен алмастыру арқылы алынатын заттар. Олардың катиондарына электрондар өте нашар байланысады, сол себепті бос куйіндегі негіздік металдар ертінділерде энергияның өте көп мөлшерін жоғалтып алады. Негіздік металдардың атомдары электрондарды өздеріне байланыстыра алмайды. Сыртқы электрондарын оңай береді де, бұл металдардың атомдары тотықсыздандырғыш ретінде әсер етеді.
Тұздар организмге молекулярлы күйінде және иондарға диссоцияланған күйінде де әсер ете береді. Олардың әсері тұздардың қасиеті мен күшіне және ұлпалардың ерекшелігіне байланысты. Тұздардың барлығы да ұлпалардың осмостық қысымына әсер етеді. Қалыпты жағдайда барлық ұлпалардағы осмостық қысым бір деңгейде болады, ал олардың өзгеруі зат алмасудың бұзылып ұлпалар қызметінің нашарлауына әкеп соқтырады.
Жануарлар ұлпалары мен сұйықтықтарындағы осмостық қысым бір деңгейде. Ол хлорлы натрийдің 0,9% -ды ерітіндісінің қысымына сәйкес келеді. Осмостық қысымның өзгеруі организмге келіп түсетін су мен еріген кристаллойдтардың, әсіресе тұздардың мөлшеріне көп байланысты. Осмостық қысым деңгейі сонымен бірге көптеген мүшелердің, атап айтқанда: өкпенің, бүйректердің, тері бездерінің, орталық жүйке жүйесінің реттеп отыратын қызметіне байланысты. Бірақ осмостық қысым деңгейін реттеп отыратын басқа да механизмдер бар. Мысалы, су мен белсенді заттардың организмнен бөлінуі өте баяу жүреді, ал бұл заттар бөлініп біткенше, осмостық қысым қайта қалпына келеді.
Сілтілік металдар тобы: Li, Na, K, Rb, Cs. Бұл металдар сумен әрекеттескенде сілті түзеді, сондықтан сілтілік металдар деп аталады. Сілтілік металдарға тән көптеген ортақ қасиеттер бар. Сілтілік металдар жұмсақ, ауадағы оттек әсетінен тез тотығады. Сондықтан сілтілік металдарды керосин астында сақтайды. Сілтілік металдар аса белсенді болады. Сумен шабытты әрекеттесіп, сілті мен сутек газын бөледі. Сілтілік металдар физикалық және химиялық қасиеттері ұқсас нағыз металдарға тән - жай заттар және жалпы формуласы R2O сәйкес келетін негіздік оксидтер, ROHсәйкес келетін сілтілер түзеді.

2. Сілтілік жер металдар. Оларға:
3. Галогендер. (Галоген сөзі туғызушы деген мағына береді). Галогендерге жататындар: фтор, хлор, бром, йод. Бұлар осы аттас құрамы екі атомнан тұратын жай заттар: F2, Cl2, Br2, I2 түзеді. Фтор мен хлор өткір иісті газдар. Бром сұйық, йод қатты зат. Барлық галогендер улы. Бром мен йодты аузы берік жабылатын ыдыста сақтайды. Галогендер қатынасатын тәжірибе тек қана тартпа шкафта жасалады. Галогендер өте белсенді типтік бейметалдар тобын құрайды. Галогендердің жоғары оттекті қосылыстарындағы валенттігі VII. Бәрі де ұшқыш сутекті қосылыс түзеді, онда І валентті көрсетеді. Галогендер металдармен әрекеттесіп, фторидтер, хлоридтер, бромидтер, йодидтер деп аталатын тұздар түзеді. Мысалы, натриймен NaF, NaCl, NaBr, NaI.
4. Халькогендер:
5. Салғырт газдар.
Химиялық қасиеттерінде ұқсастық болуына орай біріккен химиялық элементтер тобы - ұқсас элементтер немесе табиғи ұяластар тобы деп аталады.
Сілтілік металдар мен галогендердің қасиеттерін салыстырғанда қарама - қайшы заңдылық байқалады. Шынында, алғашқысы - нағыз металдар, ал кейінгісі - нағыз бейметалдар тобын құрайды. Әрқайсысында өзіне тән заңдылық бар. Мәселен, сілтілік металдардың атомдық массалары артқан сайын металдық қасиеті күшейеді, ал галогендерде бейметалдық қасиет әлсірейді.
Сілтілік металдардың кейбір қасиеттері
Сілтілік металдарда валенттілік электрондары s-деңгейшесінді орналасқан, сондықтан оларды s-элементтері деп те атайды. S элементтері қалыпты жағдайда кристалдық күйде болады, басқа металдарға қарағанда тығыздықтары төмен (27-кесте). Литий, калий және натрий судан жеңіл (0,53 - 0,86 гсм3), сондықтан су бетінде қалқып жүреді. Олардың балқу және қайнау температуралары төмен, бұл олардың кристалдық торларындағы металдық байланыстың әлсіз болуынан. Бұл металдар және олардың қосылыстары жалын түсін төмендегідей өзгертеді: литий -- карминс қызыл, натрий - сары, калий - күлгін түске бояйды.
Литийді 1817 жылы А. Арфведсон, рубидий мен цезийді 1861 жылы Р. Бунзен, натрий мен калийді 1807 жылы Г. Дэви ашқан.
Рубидий мен цезий фотоэлементтерді жасауда қолданыс табады, өйткені жарық әсерінен ядросымен нашар байланысқан электрондары оңай үзіліп кетеді.
Сілтілік металдардың ең көп қолданылатын өкілі - натрий. Сондықтан сілтілік металдардың қасиеттерімен осы металдың мысалында танысамыз.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Физикалық қасиеттері]
Натрий пышақпен оңай кесілетін жұмсақ металл (р =0,97, гсм3), жаңа кескен кезде жылтырап тұрады, бірақ ауада оңай тотығып күңгірт тартады, сондықтан ол барлық сілтілік металдар сияқты сусыз керосиннің астында сақталады. Электр тоғы мен жылуды өте жаксы өткізеді.
Натриймен жұмыс істегенде аса сақ болу керек, оның түйірін қолмен ұстауға болмайды, себебі ол терідегі сумен әрекеттесіп, оны күйдіреді. Металдың қалдығын кез келген жерге тастауға болмайды..
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Натрийдің қосылыстарының қолданылуы
Натрий ғылым мен техниканың әр алуан саласында қолданылады: ядролық реакторларда жылу тасымалдаушы ретінде, органикалық реакцияларда өршіткі, медицинада радиоактивті изотоп күйінде қолданылады.
Натрий гидроксиді - қағаз, сабын, дәрі-дөрмек, жасанды талшық өндірістерінде, мұнай өнімдерін тазартуда қолданылады.
Натрий хлориді (аспаздық сода) -- натрий мен хлор, тұздың неорганикалық қосындысы, бұл екі компоненттің түрі бәріне таныс ионмен қосылған ақ кристалл. Тұз натрияның дереккөзі ретінде денсаулық үшін қажет; қан мен басқа да физиологиялық сұйықтықтар оны араластыру ерітіндісі болып табылады. Хлорид натрия - химия өнеркәсібінде кеңінен қолданылатын заттар. Ол хлорды, каусти содасын және сабын, хлорлы ағартқыш, глазурлар мен керамика үшін, ал металлургияда тағамдарды консервілеу, теріні тазарту, жолды мұздан тазарту үшін, суды жұмсарту, өнеркәсіптегі көптеген тағамдарды, яғни минеральды су, ауыз шаятын сұйықтық және ас тұзының құрамының сапасы үшін аса қажет. Тұз теңіз суынан және тұзды құрғақ тұзды көлдерден алынады.

Натрий сульфаты. Иіссіз, ашқылтым дәмі бар, түссіз жылтыр кристалдар. Салқын судың 3, ал 33С - дағы судың 0,3 бөлігінде ериді, спиртте ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сілтілік және сілтілік жер металдарының тұздары
Металдардың жалпы физикалық қасиеттері
Бейорганикалық қосылыстардың кластарын оқыту әдістемесі
R-Me-Bі-O жүйесінің пайда болуы
Уран туралы мәліметтер
Орта мектепте химияны оқытуда ойын технологиясын қолдану әдісі
Химия пәнінен дәрістердің қысқаша конспектісі
Еттi бaғыттaғы ipi қapa мaлдapдың aзықтapынa құнapлы aзық қocып aзықтaндыpy, яғни минepaльды-дәpyмeндep қocy
Барий гидроксидін алу жолын зерттеу
Топша элементтері
Пәндер