Технология сабақтарында оқушылардың білімі мен ептіліектерін есепке алу мен тексерудің теориялық негіздері



КІРІСПЕ 5
1 ТЕХНОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМІ МЕН ЕПТІЛІЕКТЕРІН ЕСЕПКЕ АЛУ МЕН ТЕКСЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

6
1.1 Қазіргі кездегі оқыту жүйесіндегі білім мен ептілікті бақылау және тексерудің маңызы
6
1.2 Оқушылардың білімін, ептілігін есепке алу мен тексерудің түрлері 8
1.3 Оқыту жүйесіндегі білімді бақылау және бағалаудағы немқұрайлықты (формализмді) жою жолдары
9
2 ТЕХНОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАР БІЛІМІ МЕН ЕПТІЛІКТЕРІН ЕСЕПКЕ АЛУ МЕН ТЕКСЕРУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ

12
2.1 Оқушылардың білімі мен ептіліктерін есепке алу мен тексеру әдістері
12
2.2 Оқыту жүйесінде оқушылардың білімін тексерудегі тестілеу әдісі 15
2.3 Технология сабақтарында тесттік тапсырмаларды пайдалану 18
3 5.СЫНЫПТА «СӘНДІК.ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР ЭЛЕМЕНТТЕРІ НЕГІЗІНДЕГІ КӨРКЕМДІК ҚОЛӨНЕР ТЕХНОЛОГИЯСЫ» БӨЛІМІ БОЙЫНША САБАҚТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ


21
3.1 «Сәндік қолданбалы өнер элементтері негізіндегі көркемдік қолөнер технологиясы» бөлімінің тақырыптық жоспары
21
3.2 Сабақта қолданылатын тестілеу түрлері 24
3.3 «Құрақ құрау технологиясы» тақырыбының сабақ жоспары 27
ҚОРЫТЫНДЫ 30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 31
Жасампаздық стратегиясы атағына ие болған «Қазақстан – 2030» жас ұрпаққа талаптарға сай тәрбие мен білім беруді мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттар, типтік бағдарламалар, ұлттық бірыңғай тестілеу қоғам талаптарына сай деңгейде болуын міндеттейді, ұстаздарға айырықша жауапкершілікті нақтылайды. Сондықтан, кәсіпке баулуды ұйымдастыру формалары педагогика тарихында ең даулы проблема болып отыр. Осыған сәйкес, оқыту – тәрбие жұмыстарын тұтас жүйе деп есептеп, ұстаздардың алдына саналы тәрбие, сапалы білім беру технологияларын жетілдіруді міндеттейді. Сонымен қатар, қазіргі заман талабына сай әрбір оқытушы өз іс-әрекетінде қажетті өзгерістерді әр түрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек.
Курстық жұмыстың мақсаты - білім, ептілік, дағдыны тексерудің яғни бағалаудың тəрбиелік маңызын ескере отырып, дұрыс есепке алу, бағалау мəселелерін теориялық тұрғыдан қалыптастыру.
1. «ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы».
2. Асқарова Ж.А. Кәсіби білім беру жүйесіндегі оқыту технологилары. Оқу құралы. Алматы:2010.
3. Әбиев Ж.Ә. Педагогика: Оқу Құралы/Әбиев Ж.Ә., Бабаев С.Б., Құдиярова А.М. - Алматы: Дарын, 2004
4. Б.Елеусінов, О.Маханбетов Кәсіби білікті мамандар даярлау – басты мақсат. // Кәсіптік мектеп журналы №8, 2009
5. Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика-Алматы 2005 ж
6. Болашақ кәсіпке баулу мұғалімінің арнайы іскерлігі мен дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық шарттары. // ПМУ хабаршысы. С.Торайғыров атындағы ПМУ №2. 2008.
7. Дүйсенбінова Р.Қ. Кәсіби педагогика: Оқулық.- Алматы:2012
8. Жалпы білім беретін орта мектептің 5-9 сыныптарына арналған «Технология» оқу баңдарламасы. – Астана, 2010.
9. Жанәділ, А. Б. Жаңа педагогикалық технологияларды оқыту әдістемесі: оқу құралы / А. Б. Жанәділ, Қ. Б.
10. Кәсіптік білім оқытушысының арнайы іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың құрылымдық моделі //«Әуезов оқулары-8: Ғылыми-жетістіктер-өркениеттің мәдени және экономикалық дамуының негіздері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы еңбектерінің 1 том.-Шымкент, 2009.
11. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 Заңы //Егемен Қазақстан. – 2007. - № 254-256.
12. Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Мамандығы 050120 – Кәсіптік білім. –Астана. 2004.
13. Қозыбай А.Қ. Мамандыққа кіріспе: 050120 – «Кәсіптік оқыту»
мамандығында оқитын студенттерге арналған. Алматы, «Нур - Принг», 2008
14. Ортаев Б.Т. Технология пәнін оқытудағы политехникалық бағыттылық: Оқу-әдістемелік құрал.-Шымкент:2006
15. Ортаев Б.Т. Педагогикалық тапсырмалар: 050120-Кәсіптік білім мамандығына арналған. Оқу-әдістемелік құрал. – Түркістан.-2008
16. Өстеміров К. Кәсіптік оқыту әдістемесі. Педагогикалық мамандықгар бойынша жоғары және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарының студенттеріне және орта кәсіптік білім беретін оку орындарының студенттері, өндірістік оқыту шеберлеріне арналған оқулық. Алматы: "РАДиАЛ" баспасы. 2006.
17. Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары. Алматы, 2007
18. Өстеміров К. Технология пәнін оқыту әдістемесі.-Алматы.-2008
19. Педагогика тарихы (Білім беру және педагогикалық ойлар тарихы). Оқулық ҚазМемҚызПУ – Алматы, 2009.
20. Педагогика: Оқулық /Ш.Х.Құрманалина. - Астана,2007.
21. Педагогика: Оқулық/Абай ат. Ұлттық Педагогикалық Университетінің Педагогика кафедрасының авторлар ұжымы – Алматы: 2005

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 5
1 ТЕХНОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМІ МЕН ЕПТІЛІЕКТЕРІН
ЕСЕПКЕ АЛУ МЕН ТЕКСЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
6
1.1 Қазіргі кездегі оқыту жүйесіндегі білім мен ептілікті бақылау
және тексерудің маңызы 6
1.2 Оқушылардың білімін, ептілігін есепке алу мен тексерудің 8
түрлері
1.3 Оқыту жүйесіндегі білімді бақылау және бағалаудағы
немқұрайлықты (формализмді) жою жолдары 9
2 ТЕХНОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАР БІЛІМІ МЕН ЕПТІЛІКТЕРІН ЕСЕПКЕ
АЛУ МЕН ТЕКСЕРУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ
12
2.1 Оқушылардың білімі мен ептіліктерін есепке алу мен тексеру
әдістері 12
2.2 Оқыту жүйесінде оқушылардың білімін тексерудегі тестілеу әдісі 15
2.3 Технология сабақтарында тесттік тапсырмаларды пайдалану 18
3 5-СЫНЫПТА СӘНДІК-ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР ЭЛЕМЕНТТЕРІ НЕГІЗІНДЕГІ
КӨРКЕМДІК ҚОЛӨНЕР ТЕХНОЛОГИЯСЫ БӨЛІМІ БОЙЫНША САБАҚТАРДЫ
ҰЙЫМДАСТЫРУ
21
3.1 Сәндік қолданбалы өнер элементтері негізіндегі көркемдік
қолөнер технологиясы бөлімінің тақырыптық жоспары 21
3.2 Сабақта қолданылатын тестілеу түрлері 24
3.3 Құрақ құрау технологиясы тақырыбының сабақ жоспары 27
ҚОРЫТЫНДЫ 30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 31

КІРІСПЕ

Жасампаздық стратегиясы атағына ие болған Қазақстан – 2030 жас
ұрпаққа талаптарға сай тәрбие мен білім беруді мемлекеттік жалпыға міндетті
стандарттар, типтік бағдарламалар, ұлттық бірыңғай тестілеу қоғам
талаптарына сай деңгейде болуын міндеттейді, ұстаздарға айырықша
жауапкершілікті нақтылайды. Сондықтан, кәсіпке баулуды ұйымдастыру
формалары педагогика тарихында ең даулы проблема болып отыр. Осыған сәйкес,
оқыту – тәрбие жұмыстарын тұтас жүйе деп есептеп, ұстаздардың алдына саналы
тәрбие, сапалы білім беру технологияларын жетілдіруді міндеттейді. Сонымен
қатар, қазіргі заман талабына сай әрбір оқытушы өз іс-әрекетінде қажетті
өзгерістерді әр түрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды жаңа әдіс-
тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек.

Курстық жұмыстың мақсаты - білім, ептілік, дағдыны тексерудің яғни
бағалаудың тəрбиелік маңызын ескере отырып, дұрыс есепке алу, бағалау
мəселелерін теориялық тұрғыдан қалыптастыру.
Курстық жүмыстың міндеттері:
• Технология сабақтарында оқушылардың білімдерін,
ептіліктерін бақылау және тексерудің критерийлерін
және еңбек тәсілдерін дұрыс ұйымдастырудың теориялық
негіздерін қарастыру;
• Технология сабағын өткізудегі арнайы білімдері мен ептіліктерін
қалыптастырудың әдістемесін карастыру;
• Технология пәні оқытушысының арнайы білімі мен ептілігін
қалыптастырудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін әдістемелерді
сабакта ұсыну және оның тиімділігін тестілеу барысында тексеру.
Жас ұрпаққа қоғам талабына сай білім беретін технология пәнінің
мамнандарының сабақ барысында әрбір оқушының білімі мен ептіліктерін
бағалау негізінде сабақ өткізу маңызды мәселелерінің бірі болып отыр.
Технология сабағын өткізудегі көптеген білім мен ептілікті тексеру, бағалау
әдістерін білу және зерттеу оны сабақ барысында дұрыс қолдана білу, әрбір
болашақ технология пәнінің мұғалімдерінің міндеті.

1 ТЕХНОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМІ МЕН ЕПТІЛІКТЕРІН ЕСЕПКЕ АЛУ
ЖӘНЕ ТЕКСЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Қазіргі кездегі оқыту жүйесіндегі білім мен ептілікті бақылау және
тексерудің маңызы

Білімдену процесінің ажырамас бір бөлігі диагностика болып табылады.
Диагностика жәрдемімен белгіленген мақсат, міндеттердің табысты орындалуы
анықталып барады. Ол болмаған жерде дидактикалық процесті тиімді басқару
мүмкін емес. Диагностика – бұл дидактикалық процестің нәтижесін анықтау.
Диагностика түсінігінің мәні білім мен ептілікті тексеру
түсінігімен салыстырғанда едәуір тереңдеу, әрі кең. Тексеру – нәтиженің
тек көрсеткіштерін ғана анықтайды. Ал диагностикалауда нәтиже өзіне қол
жеткізген әдіс – тәсілдермен бірге қарастырылады, дидактикалық процестің
бағдар – бағытын, ілгерілі не кері қозғалысы анықталады. Диагностика өз
ішіне бақылау мен тексеруді, бағалау мен бағаны, жинақталған статистикалық
деректер талдауын, дидактикалық процестің жүрісін, бағытын және жобалауын
қамтиды. Диагностикалаудың маңызды бөлігі–бұл қадағалау. Қадағалау–білім,
ептілік және дағдыларын игерілу процесіне бақылау қоюды аңғартады.
Қадағалау тексерулерден тікелей құралады. Тексеру – бұл білім, ептілік және
дағдыларды игеру барысын бақылау үшін жүргізілетін әрекет – қимылдар
жүйесі. Білім, іскерлік, дағдыны тексеру, яғни бағалаудың үлкен тəрбиелік
маңызы бар. Дұрыс есепке алу, бағалау,
оқушыларды оқыту жəне тəрбие берудің бірталай мəселелерін шешуде үлкен роль
атқарады. Тексеру нəтижесі арқылы оқушылардың теориялық материалдарды қалай
игеретіндігін жəне кейбір жұмыс түрлерін орындағанда іскерлік пен
ептіліктерге ие болатындығын, сұрақтарды түсіндірудегі қателіктерін
анықтауға мүмкіндік береді. Тек, осы сұрақтардың бəрін анықтағаннан кейін
ғана оқытушының оқу процесіне түзетулер кіргізіп, оқушыларға көмек
көрсетуіне болады.
Оқушылардың оқу материалын меңгергенін тексеру және есепке алу – оқыту
нәтижелерін бақылау, оқу процесінің әртүрлі кезеңіндегі оқушылардың
танымдақ іс – әрекетін басқару болып табылады.

Білімді тексеру және бағалау оқушының білім алуына көмектесіп, оның
және мұғалімнің білім сапасы жөнінде сандық мәлімет береді. Мұғалім
оқушының білім деңгейінен хабар алып, оның танымдық жұмысын ұйымдастыруға
негіз жасайды. Мұғалім өз жұмысындағы кемшіліктер мен жетістіктерге баға
беріп, жұмыс әдістерін толықтырып, түзетіп, жеке оқушылармен жұмыстың
жолдарын және құралдарын тауып, бағдарламалық білімдердің меңгерілу
деңгейін анықтайды.

Оқушы тақырыпты қаншалықта деңгейде меңгергенін ұғады. Егер білімді
тексермесе, онда оқушы өз білімін терең, жан – жақты және дұрыс бағалай
алмайды. Оқушы баға алған соң өзінің мектептегі, үйдегі жұмыстарын
жетілдіруге, сапаларын дамытуға білім, іскерлік, ептіліктегі кемшіліктерін
жоюға мүмкіндік алады.

Білім мен ептілікті тексеру және бағалау тәрбиеге де ықпал етеді.
Оқушының өз оқулары, табысы, сәтсіздіктері туралы ой – пікірлері
қалыптасып, қиындықты жеңуге ұмтылады. Баға оқушының өзі туралы ойына
қозғау салады.

Білімді тексеру және бағалаудың мемлекеттік маңызы бар. Мектептің,
мұғалімдер ұжымының жұмысын білімді басқару органдары оқушылардың
үлгеріміне қарап бағалайды. Мектеп әкімшілігі, қалалық, аудандық, облыстық
білім беру ісін басқару органдары, Білім және ғылым министрлігі оқушылардың
білімдерінің сапасын, мектеп және мұғалімдердің жұмысының жетістіктері мен
кемшіліктерін білу үшін бақылау және тексеру жұмыстарын жүргізеді.

Білім алушылардың білімі мен ептіліктерін бақылаудың екі негізгі амалы
қалыптасқан. Оның біріншісі, білім алушылардың оқу іс – әрекеттерін ағымдық
бақылау, екіншісі, білімі мен ептіліктерін тексеру. Кәсіптік оқыту педагогы
сабақты жоспарламас бұрын, ең алдымен білім алушының белгілі бір
тақырыптарды меңгеру барысында, немесе еста сақтау, білу, оқу дағдыларын
және алған білімдерін түрлі жолдармен қолдану сияқты нәтижелерге қол
жеткізуі керектігін анықтап алғаны жөн.

Білім алушылардың білімі мен ептілік деңгейлерін тексеру оқыту
үдерісінің құрамдас бөлігі бола отырып, білім алушылардың оқу жұмысын тек
қана тексеру емес, тәрбиелік, дамытушылық қызметтерін де атқарады. Ол үшін
мына төмендегі элементтер есепке алынуы тиіс:

- білімді қабылдау, ой қорыту, есте сақтау, яғни білім алушыға
сабақта берген білімі мен оқулықтардағы теориялық материалдарды
өз бетімен меңгеруі деңгейіндегі тексеріс;

- алған білімді ұқсас жағдаяттарда, немесе үлгі бойынша қолдана
білу деңгейіндегі тексеріс.

Тексеру мен баға берудің кейінгі кездерде көптеп қолданылып жүргені
дидактикалық тесттер арқылы оқыту нәтижелерін анықтау.Оларды жалпылама 3
типке бөліп қарастырамыз:

- есте сақтауға және еске түсіруге тиісті мағұлматтар, фактілер,
ұғымдар, заңдар, теория туралы білімдерін тексеру;

- зерделенген материалдарға өз бетімен сыни тұрғыдан баға беру
іскерліктерін тексеру;

- алынған мағұлматтар негізінде білімдерін жаңа нақты жағдаяттарды
пайдалана білу іскерлігін тексеру.

Білімді тексеруге қойылатын негізгі талаптар:

- тексерудің және бақылаудың жүйелілігі, тұрақтылығы,
міндеттілігі. Бұл талапты орындамау оқушылардың оқуға деген
ынтасын нашарлатап, білімнің сапасына кері әсер етеді;

- әрбір оқушы өзінің білімін, іскерлік және ептіліктерінің
бағаланатынын түсінуі керек. Егер білімді тексеру және
бағалау оқыту процесінің құрамына тұрақты түрде енсе, онда
оқушы мұғалімнің сұрақтары мен тапсырмаларына жауап беруге
дайын болады.

- оқушылардың білім, іскерлік және ептіліктері мемлекеттің
оқу бағдарламасына сәйкес тексеріледі. Мұғалім оқушының
қосымша біліміне , оқыған қосымша әдебиеттеріне кеңес,
нұсқау беріп, баға қоймайды.

- оқушылардың теорияны және фактілерді білуін тексеру және
бағалау арқылы, білімдерінің жалпы және ақыл – ой дамуына,
жеке тұлғаның сапаларын қалыптастыруға ықпалын, оқуға
әсерін білу;

- білімі мен ептіліктерін әртүрлі тәсілдер арқылы тексеру;

- байқалған кемшіліктерді оқушының өзі түзетуі;

- мұғалімдердің оқушыларды білімдерін бақылап, бағалауға,
кемшіліктерді жоюдың әдістері мен тәсілдерін білуге
үйретуі;

- бағаның әділ қойылуы;

- оқушының өзін – өзі және басқаны бағалауы;

- бақылау – бағалау процесінің әрбір баланың оқу үлгерімінің
төмендемеуіне, көңіл – күйінің жақсы болуына көмектесуі.

2. Оқушылардың білімін, ептілігін есепке алу мен тексерудің түрлері

Бақылау және тексеру әдістері әртүрлі. Бақылау әдістері, кәсіптік
оқыту педагогы мен білім алушының оқу жетістіктері мен үдерісінің
тиімділігі жөнінде кері байлынысты қамтамасыз ететін бірізділіктегі өзара
байланысқан әрекеттерінің жүйесі деп біліміз.
Бақылау – кең көлемде бір нəрсені тексеру деген мағынаны білдіреді.
Бақылау оқыту процесінде оқушылардың оқу əрекетіне басшылық жасау қызметін
атқарады, олардың шығармашылық күші мен қабілетінің дамуына ықпал етеді.
Педагогика ғылымы саласында білім, ептілік, дағдыны бақылаудың көптеген
түрлері кең тараған. Мысалы, ғалым-педагогтар Ю. К. Бабанский, Н. А.
Сорокин бақылауды күнделікті, оқтын-оқтын, қорытынды деген пікірлер айтады.
Ал Г. И. Щукина – күнделікті, тақырыптық,
оқтын – оқтын, қорытынды жəне емтихан деген көзқарастарын білдіреді.
Күнделікті бақылау – оқыту процесінде күнделікті қолданылады жəне
сабақ барысында оқушылардың оқу-танымдық əрекетіне басшылық жасайды. Ол
ішкі жəне сыртқы байланысты жан-жақты жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады,
соның негізінде оқушылардың елесі оқу əрекетіне ықпал етеді. Бақылаудың бұл
түрі оқушылардың сынып немесе үй тапсырмаларын өз бетінше орындауға деген
ниеттері мен берілген тапсырманы орындауға деген олардың қызығушылығы жəне
жауапкершілік сезімін ынталандыруда үлкен маңызға ие болады.
Тақырыптық бақылау – оқу бағдарламаларындағы белгілі тақырыптар
бойынша өткізіледі. Сабақтың тақырыбы жəне əрбір кезеңдері негізінде
оқушылардың білімді,іскерлікті, дағдыны игеруі тексеріледі. Сонымен бірге,
мұғалім жаңа тақырыптың кейбір басты мəселелерін өткен сабақтардағы оқу
материалдармен толықтырады, кейбір ұғымдарды, анықтамаларыды, ғылыми
ережелерді оқушылардың есіне салады.
Қорытынды бақылау – барлы пəндер бойынша жыл аяғында өткізіледі.
Бақылау процесінде тақырыптық жəне тарау бойынша бақылау нəтижелері есепке
алынады. Оқушылардың жыл бойында алған теориялық жəне тəжірибелік білімдері
анықталады. Сондықтан қортынды бақылаудың негізі емтихан жəне оқушылардың
жылдық үлгерімі бағалары болды. Емтихан мен жылдық үлгерім бағаларынан
педагогикалық кеңестің шешімі бойынша қорытынды бағалар шығарылады.
Сондықтан, мүмкіндік бағасының əр қашан объективті болуы маңызды,
əйтпесе бағаның тəрбиелік ролі төмендейді. Оқушылардың білімі мен
іскерлігін тексеру оқытушыға өз жұмысын бағалауға кемшіліктерді талдауға,
жіберілген қателерді уақытында жоюға мүмкіндік береді.
Оқушылардың білімі мен іскерлігін тексеру үшін есепке алудың мынадай
түрлері қолданылады:
- күнделікті;
- мерзімді;
- қорытынды.
Күнделікті есепке алу əр сабақта жүргізіледі. Оқытушы оқушылардың
материалды түсінуін жəне оны практикада қолдана білуін, өндірістік жəне
лабораториялық жұмыстардың дұрыс орындалуын, саймандар мен тетіктерді
білуін тексереді. Оқытушы оқушылардың еңбек қауіпсіздігі ережелерін
сақтауын, олардың жұмыс орның дайындауын жəне тəртіпте ұстауын, материалдар
мен уақытты ұқыпты падалануын бақылайды.
Мерзімді есепке алу тақырыпты немесе бөлімді оқытудың соңында
жүргізіледі. Мерзімді есепке алудың элементтерінің бірі – оқушылардың
орындаған жұмысын (бұйымын) тексеру жəне бағалау.
Баға бұйымынң сапасын тексеру нəтижесенде оны жасаудағы кейбір
операцияларды дəлдікпен жасауын ескере отырып қойылады. Бұйымның қажетті
жұмысқа сай келуі де ескеріледі.
Қорытынды есепке алу тоқсаннын немесе жылдың аяғында жүргізіледі.
Қорытынды бағалар күнделікті жəне мерзімді есепке алудағы бағалары бойынша
қойылады.

1.3 Оқыту жүйесіндегі білімді бақылау және бағалаудағы немқұрайлықты
(формализмді) жою жолдары

Оқушылардың білімін бағалау процесінде күні бүгінге дейін субъективизм
(формализм) әлі де бар. Арнайы жүргізілген психологиялық зерттеулердің
көрсетуінше, жауап берген оқушылардың 50% ға жуығы мұғалімдер біздің
білімімізді дұрыс бағаламайды, көбіне шын дәрежесінен төмен бағалайды,-
деген, ал 10% артық бағалайды. – деген. Оқушылардың көпшілігі біздің
шамасыз бен біліміміздің сапасына және ондағы таыстарымыз бен
жетістіктеріміз туралы дұрыстау, дәлірек баға беретін мұғалім де, тіпті
бірге оқитын сыныптастарымыз емес өзіміз , -деп жауап берген.

Бірақ оқушылардың мұғалім мен басқалардың берген бағасын мән – мағына
жағынан өздерінікінен гөрі жоғары санайтыны байқалған. Оқушылардың өзін –
өзі бағалауы, бақылауы, түзетуі бір – бірімен тығыз байланысты процестер.

Сондықтан оқушылардың дербестігін, белсенділігін арттыруда мұндай
өзіндік әрекеттерге үйрету маңызды мәселе болмақ. Оларды өз жұмыстарының
нәтижесін бағалай білуге үйретудің тәрбиелік маңызы зор.

Мектеп пен жоғары оқу орындарындағы баға қоюдың субъектив қателіктері
төмендегідей:

– кең пейілділік, орынсыз жомарттық. Баға ретсіз көтеріңкі қойылады;

- оқушыларды бағалаудағы “жомарттықтың” шектен асқан, бүгінгі күнде
мектеп тəжірибесінен арылуы қиындық тудырып отырған формасы –
“проценттікке” жүгіну (процентомания);

– оқушыға болған ұнамды не кері қарым-қатынас күйін бағалауға, бағаға
өткізу;

– көңіл-күйге орай баға қоя салу;

– тұрақты да қатаң өлшем-шектердің болмауы (деңгейі төмен жауап үшін
мұғалім жоғары не ұнамсыз баға қоя салуы);

– орташа бағалау ұстанымында болу (“екілік” не “бестік” бағаларды
қоймау);

– жүйе тұрақсыздығы (оқытушы көп уақытқа дейін сұрақ жүргізбей, баға
қоймай не бір сабақты түгелдей сұрақ қоюмен оқушылар бағасын тізіп салу);

– өткендегі бағаға жақындау бағаны қоя салу (мысалы, оқушының
өткендегі “екілігінен” кейін оған бірден “бестік” баға беру мұғалім үшін
қиын сияқты);

– əсіре (ореол) қателігі (оқытушы өзі ұнатқан оқушысына жаман, жек
көрген шəкіртіне ұнамды баға қоюда тартыншақтыққа түседі);

– баланың тəртібіне қойылатын баға пəн үлгеріміне ауыстырылады;

– бағаны əсіре көтеру не себепсіз төмендету жəне т.б.

Дегенмен, əрқандай бағаны көтере түсу немесе төмендей бағалау
негізінде неше түрлі мəн болуы мүмкін. Мысалы, үлгерімі төмен оқушыға
көтеріңкі баға қою оған психологиялық қолдау көрсетіп, алдағы оқуда
ілгерілеуіне көмектесу ниетінен болуы мүмкін. Сондықтан бағалаудағы
субъектив ойдың бəрін бірдей қателікті деп қарастыру дұрыстыққа келмейді.

Үлгермеушілікті болдырмау үшін оқу материалын түсінбеу себептерін
анықтау керек.

Үлгермеудің негізгі себептерінің бірі – жұмыс істеу қабілетінің,
ынтасының, зейінінің жоқтығы. Егер бұл саналар отбасында қалыптаспаса, онда
балаға мектепте оқу қиынға түседі.

Екінші себеп – білімнің жүйесіздігі, жауапкершіліктің төмендігі. Оқушы
бұрынғы оқу материалдарын түсінбегенін мұғалім уақытында байқамаса, онда
оқушының оқуға қабілеті жеткіліксіз болады. Әдетте мұндай оқушылармен жеке
жұмыстар жүргізіліп, оларға кеңес беріледі.

Үшінші себеп – материалдан мәнді белгілерді бөле алмау, негізгі және
негізгі емес мәселелерді ажырата алмау, оқушылардың жаттап оқып, бәрін есте
сақтауға тырысуы. Мұндай оқушыларға абстарктілі ойлауларын дамыту үшін
талдауға, қорытындылауға жаттығулар беріледі.

Төртінші себеп – пәнге деген қызығушылықтың жоқтығы. Нәтижесінде
оқушының зейіні, білімі мен ықыласы төмендейді. Бұл тәжірибесіз мұғалімнің
ашу – ызасын тұғызып, түрлі дау – жанжалдарға себепші болады. Оқушыларға
талап қою, құрметтеу, оқушының жеке тұлғалық сапаларын ескеру, баланы
қызықтыру оның оқу жұмысын белсенді етіп, кемшіліктерін түзетуге ықпал
етеді.

Бесінші себеп – оқушының отбасындағы қолайсыз жағдай, құрбыларымен тіл
табыса алмау, оқушының оқу жұмысын атқара алмауы, қиын балаларға
еліктеуі.

2 ТЕХНОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАР БІЛІМІ МЕН ЕПТІЛІКТЕРІН ЕСЕПКЕ АЛУ МЕН
ТЕКСЕРУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1 Оқушылардың білімі мен ептіліктерін есепке алу мен тексеру
әдістері
Оқыту процесінде оқушылардың білімі мен ептіліктерін есепке алу мен
тексеру оның аса қажетті құрамдас бөлігі болып табылады. Мұғалімнің
сабақтар жүйесінде оны дұрыс ұйымдастыра білуі, көптеген дағдайда оқу –
тәбие процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін мұғалім оқушының оқу
материалын игеру дәрежесін, спссы мен көлемін үнемі анықтан отыруы тиіс.Бұл
бағытта оқушылардың сабақтар жүйесінде білім, білік, ептіліктерін есепке
алу және тексерудің маңызы ерекше. Тексерудің көмегімен теориялық білімді
меңгерудегі сапа, біліктілік пен ептіліктің қалыптасу дәрежесі анықталады.
Білімді бақылау және тексеру ғылыми дәлелденген, тәжірибеде
қолданылған принциптер негізінде жүргізіледі: әділдік, жан – жақтылық,
жүйелік, жеке – даралық, дифференциалдық және тәрбиелік.
Әділдік, шындық (білім сапасының нақтылығы, баға өлшемі мен ереже
нормасына қатысты) – бұл субъективті факторларды болдырмауды көздейді.
Жүйелік, бірізділік – әрбір сабақ тақырып бойынша оқушылар оқу
әрекетінің басқа буындармен байланыстыра қаралып, оқыту процесінің барлық
кезеңдерінде бақылау жүргізуді көздейді: түйінді сұрақтар бойынша оқыту
нәтижесін қорытындылау, тақырыптық бақылау, сабақтар бойынша балл қою
т.с.с.
Жеке-дара қатынас – әрбір оқушының ерекшелігін бағалау (оның қабілеті,
бейімділігіғ денсаулығы, оқу әрекеті т.б.) қарастырылады.
Жан-жақтылықта – бақылау оқу бағдарламасының барлық бөлігін қамтиды,
оқушылардың теориялық білімдерін, интеллектуалдық және практиқалық білік
пен ептілігін бақылауды қамтамасыз етеді.
Дифференциалдық қатынас – әрбір пәннің ерекшелігін, жекелеген
бөлімдерін, сонымен бірге оқушылардың жеке – дара қасиетін ескеріп, соған
сәйкес бақылаудың әртүрлі әдістері мен мұғалімнің педагогикалық әдеп
сақтауын талап етеді.
Осы айтылған талаптарды орындау, ең алдымен бақылаудың сенімділігін
және оқыту процесінде өздерінің алдында тұрған міндеттердің орындалуын
қамтамасыз етеді, бақылауда әртүрлі қателіктер мен сәтсіздіктердің
болмауына кепілдік жасайды.
Оқушылардың білімі мен ептіліктерін тексеру және есепке алу педагогика
ғылымы мен практикасында белгілі бір әдістерді қолдану негізінде жүзеге
асады.
Олар мыналар:
- ауызша баяндау (әңгіме, жеке – дара топтық, фронтальдық сұрақ).
- жазбаша тексеру (диктант, шығарма, таблица, схема, суреттер
құрастыру).
- практикалық тексеру (лабароториялық жұмыстар, еңбек операцияларын
орындау, тәжірибе жүргізу).
- машиналы бағдарламалап тексеру (профокарталар, бақылау карталарын,
дұрыс жауаптарды, диафильмдерді қолдану).
- өзін – өзі тексеру (қателерді болдырмау, оларды түзету, оқудағы өз
жетістіктерін бағалау).
Оқыту процесінде бақылаудың фронталдық. Топтық және дербес формалары
қалыптасқан. Олардың тиімділігі – мұғалімнің оны дұрыс ұйымдастыруына
байланысты.
Фронталдық бақылау жағдайында барлық оқушыларға сұрақтар немесе
мазмұны бірдей тапсырмалар беріледі. Оларды орындау барысында оқушылар
арасында ынтымақтастық, жолдастық, сезім пайда болады, бір – біріне
сұрақтар қойып, жауаптарын толықтырады, орындалған жұмыстарды өзара
тексеріп, іске асырады. Демек, бірігу іс – әрекетінде әлеуметтік құнды
мотивтер қалыптасады.
Топтық бақылауда белгілі оқушылар тобы сабақ барысында мұғалімнен
тапсырмалар алып орындайды. Кейде, кейбір оқушылартүрлі себептерге
байланысты қосымша көмекті қажет етулері мүмкін. Сондықтан олардың жұмысын
ерекше есепке алған жөн.
Бақылаудың дербес формасы әрбір оқушының білімін, іскерлігін,
ептілігін жан – жақты, терең анықтауға мүмкіндік береді. Дербес бақылау
бағдарламалап және дифференциялы оқыту барысында жақсы нәтиже береді.
Дербес бақылауды оқушылар жауабының логикалық бірізділігіне аса көңіл
аудару керек.
Оқу процесінде оқушылардың өзін – өзі тексеруі өте қажет. Өзін – өзі
тексеру, олардың оқу бағдарламасы материалы мен игерген іскерлігі
дағдысының беріктігі жайлы ақпарат алуын қамтамасыз етеді. Өзін – өзі
тексеру арқылы оқушылардың алған біліміне сенімі артады, орындаған жаттығу,
есеп шығару және тәжірибе жұмыстарының нәтижесін бағалайды.
Бағалау қызметтерінің сандық көрсеткіші – баға, яғни баға оқушылардың
білім, ептілік, дағдылар дəрежесінің шартты сан не ұпаймен белгіленуі. Оқу
нəтижесі тек баға емес, басқа да жолдармен анықталуы мүмкін. Мысалы, ол
ауызекі қолдау не қолдамау, алғыс жариялау, мақтау парағы не медальдармен
мадақтау жəне т. б.
Білім бағалауда шынайылылық, білім сапасын анықтаудағы бірыңғай талап
үлкен маңызға ие. Себебі, білімдік баға оқушыға ықпал жасаудың өте нəзік
құралы. Көтеріңкі баға шəкіртті қуантады, қанаттандырады, сонымен бірге
оның жұмысқа болған немқұрайлылығын да пайда етеді. Əсіресе, болымсыз
бағаның əсері күшті: ол баланың оқуға деген ықыласын арттыруы да не тіпті
оқудан бас тартуға ықпал жасауы мүмкін. Сондықтан да, кейінгі жылдары
бағалау, баға қою мəселесі үлкен пікір талас туғызып отыр.
Педагогтардың бір тобы сыныптан сыныпқа оқушыны білім сапасына
қарамастан өткізуді ұсынуда. Осыған байланысты еліміздегі бағалау
проблемасының əр кезеңдегі жайы өз алдына қызықты. 1917 жылға дейін
оқушылар білімі балдық жүйеде бағаланды. Баға нөлден беске дейінгі алты
балдық жүйеде қойылды. Кейін нөлдік баға жойылып, бес балдық жүйе
қабылданды.
Оқу нəтижесін балл бойынша бағалау əрқилы көзқарастарды туындатты.
1917 жылдан соң тіпті оқу жүйесінде бағалау, баға қоюға қарсылықтар да
болды. Кеңестік еңбек мектебінің тұжырымдамасына орай оқу іс-əрекеттері
шəкірттің қызығушылығына, дербестігіне, ынталылығына, шығармашылық сипатына
негізделуі тиіс болды.
Дəстүрлі келе жатқан оқушыларды баға жəрдемімен тəртіпке шақыру
əдістері тиімсіз деп танылды. Осыдан 1918 жылы Кеңестік өкімет жарлығымен
оқушы білімі мен тəртібін балдық жүйемен бағалау мектеп тəжірибесінен мүлде
шығарылды, сыныптан сыныпқа өткізу, куəліктер беру оқушылар білімі
жөніндегі педагогикалық кеңес шешімі негізінде орындалатын болды.
Емтихан түрлерінің: қабылдау, ауыстыру, бітірту – қай-қайсы да
жүргізілмейтін болды. Сабақ барысындағы оқушыны жеке-дара тексеру де
орынсыз деп табылды. Өте қажетті жағдайларда жалпылама сынақтау сипатындағы
ауызша сұрақтар мен жазба жұмыстарды ғана өткізуге рұқсат берілетін болды.
Оқушылармен өтілген тақырыптар бойынша мерзімді əңгіме-сұхбаттар жүргізу,
оқыған кітаптары мен мақалалары бойынша баяндарын тыңдау ұсынылды.
Оқушылардың жеке таңдауымен өз бетінше орындаған жұмыстары дəріптелді.
Дəстүрлі қадағалау жүйесі өзіндік бақылаумен ауыстырылды, жеке оқушы
табыстары еленбей, ұжымдық жетістіктер негізге алынды. Өзіндік бағалауда
тестік қадағалау формасы жаппай қолданылды.
Бағасыз оқу бір жағынан тиімді де болды, себебі оқушылардың
біршамасында дербес, өз бетінше оқу қабілеттерін дамытты. Дегенмен, мұндай
оқу көпшілік жағдайларда оқушылар білімінің, тəртібінің құлдырауына алып
келді. Оқушылар мектепте, үйде тиянақты білім игеру жұмыстарын тоқтатты,
сабақтарға қатыспайтын болды. Сондықтан да, алғашқыда қадағалаудың əрқилы
формалары біртіндеп енгізіліп, ал 1932 жылдан жеке оқушының білімі оның
даралықты ерекшеліктерін ескерумен жүйелі бағалау принципі негізінде
орындалатын болды.
1935 жылдың қыркүйек айынан бастап, бес сөздік (вербалды) баға: өте
жақсы, жақсы, қанағаттанарлық, жаман, өте жаман – енгізілді. Бұл
жүйе 1943 жылға дейін сақталды. 1944 жылдың қаңтарынан оқушы білімі мен
тəртібін бағалаудың сөздік бағамен сандық баға жүйесімен ауыстыру жөнінде
шешім қабылданды.
Реттелген тəртіпте білім есебін жүйелі жүргізу өзін ақтады,
оқушылардың оқу дайындығы мен мінез құлық сапасынан көтерілуіне ұнамды
себін тигізді.
Оқу іс-əрекеттерінің нəтижесін балл жүйесінде бағалау көптеген
кемшіліктеріне қарамастан өз баламасын таппай отыр. Дегенмен, педагог
ғалымдардың көбі сауаттылық дəрежесін бағалаудың мұндай жүйесіне қарсы.
Олардың дəйегі:
–білімділік іс-жүзінде үш балдық жүйеде бағаланады (1, 2 бағалары
білімсіздік көрсеткіштері).
–білімділікті бағалаудың шынайылығы кем (5, 4, 3 бағалары
гимназиялық сыныптарға да, дарынды оқушылар топтарында да, ақыл-есі кем
балалар оқуында да бірдей тең қойылады. Ал аталған оқу түрлеріндегі білім
игеру нəтижесіне қойылған талаптар əрқилы болатындықтан бағалардың мəні
біркелкілілігін жояды).
–оқушылар білімін бағалауда үш балдық өлшем жеткіліксіз (сондықтан да
оқытушылар қосымша өлшемдер қолданып жүр: балл жанына плюс не минус
белгілерін қояды).
Ғалымдар он балдық, он екі балдық тіпті жүз балдық та бағалау
жүйелерін ұсынуда.
Оқушылардың технология сабағындағы теориялық білімі мен ептілігіне
әрбір тарау бойынша жүйелі тесттік тапсырмалармен бақылауды жүзеге асыруға
болады. Тесттік тапсырманың мақсаты бойынша оны оқу және бақылау тесттік
тапсырмалары деп бөлуге болатынын ескере отырып, соларға сәйкес тесттік
тапсырманың бақылау, оқыту сипанын пайдалану қажет.

2.2.Оқыту жүйесінде оқушылардың білімін тексерудегі тестілеу әдісі
Тапсырмалар дидактикалық және технологиялық тиімді бақылаудың
объективті құралы ретінде анықтауға болады.
Тест - жеке тұлғаның қасиеттерін және қызықтырушы сапаларды өлшеудің
ғылыми негізделген әдісі. Тестілерді өлшеу (пайдалану) пәнінен байланысты
педагогикалық, психологиялық, әлеуметтанушылық және әлеуметтік-
психологиялық деп бөлінеді.
Профессор В.С.Аванесов Педагогикалық тест-бұл білім деңгейін өлшеу
және құрылымды сапалы бағалауға мүмкіндік беретін, қиындығы біртіндеп
өсетін арнайы формадағы тапсырмалар жүйесі - деп тұжырымдайды. Тест –
оқыту технологиясын жетілдірудің тиімді құралы. Тесттік формадағы
тапсырмаларға отандық педагогика тарихында дәстүрлі емес, білімді өзіндік
бақылау құралына жатқызуға болады. Сондай-ақ, мұндай тапсырмалар мазмұнынан
басқа бірқатар талаптарға: сыналушылардың барлығына бірдей, оларды орындау
бойынша нұсқаулардың бірдейлігі, тапсырманың және нұсқау формасының
сәйкестігі, қысқалығы, тапсырманың логикалық форма түзілуі, олардың
элементтерінің дұрыс орналасуы, жауаптарға белгілі орынның бар болуы және
т.б. жауап беруі қажет. Тесттік формадағы тапсырмалардың есептер мен
сұрақтардан басты өзгешелігі – логикалық құрылымында және оқу-технологиялық
мүмкіндігінде. В.С.Аванесов Сұрақтар мен есептерден тесттік формадағы
тапсырмалардың логикалық, технологиялық және семантикалық артықшылығы
бардеп атан көрсетеді.
Тесттік формадағы тапсырмалардың логикалық артықшылықтары оқушы жауап
бергеннен соң оны логикалық формадағы шындаққа немесе жалғанға айналу
мүмкіндігіенде. Хабарлы формаға өту жаңаша тапсырмаларды түзеуге мүмкіндік
береді.
Тесттік формадағы тапсырмалардың технологиялық артықшылықтар – ақыту
мен бақылаудың автоматтандыру талаптарына олардың толық жауап беруі.
Тесттік формадағы тапсырмаларға жауап берген оқушыларға автоматты түрде
жауаптың дұрыс немесе қателігіне байланысты 1 немесе 0 қойылады. Мұндай
тапсырмалар компьютерге оңай енгізіледі, экранға ыңғайлы түрде
проекцияланады, формасы бойынша жақсы ажыратылады және оқушыларға мағынасы
бойынша тез қабылданады.
Тесттік тапсырмалардың семантикалық (мәнділік) артықшылығы – олардың
мазмұны мен мәні бойынша жақсы түсінілуінде. Мұндай тапсырмалардағы сөздік
құрамдығы тапсырмалар сұрақ түріне қарағанда келісілген сөйлем түрінде
бекітілгені оңай түсініледі. Мұнда сөздік құрамның артық сөздері мен
белгілері болмайды, сондай-ақ өзі сұрақ формасы ретінде бірқатар сөздер мен
белгілерден ойды, мәнді және интонацияны толықтыруды көрсету үшін талап
етеді.
Тесттік формадағы тапсырмалар – бұл тест мазмұнының өмір сүруін
ұйымдастыру және тәртіпке келтіру құралы.
Ұйымдастыру оқу пәндері мазмұны мен тест мазмұнын оқу материалы
жіктемесіне сәйкес талдауды, тақырыпаралық және пәнаралық байланыстарды,
дидактикалық бірлктерді ірілендіруді, бұл бірліктерді тапсырма элементтері
компазициясы арқылы көрсетуді қажет етеді. Тест мазмұны өмір сүреді,
сақталады және оқушыға әртүрлі формаларды ұсынылады. Тесттік формадан тыс
тест мазмұны өмір сүрмейді.
Тәртіпке келтіру тапсырма ішіндегі тексерілетін білім бірліктерін,
яғни бір тапсырма элементінен басқа басқа тапсырма элементін ашуға, сондай-
ақ барлық тесттің мазмұнын тапсырмалардың қатаң реттілігінде көрсетуге
мүмкіндік береді. Тест мазмұнын тәртіпке келтіру өлшемінде – тестілеу үшін
жалғыз теориялық тұрғыдан аяқталған тапсырманың қиындығы.
Тесттік тапсырмаларды теориядағы және практикадағы барлық белгілі
формалары бойынша төрт негізгі топқа бөледі:
- дұрыс жауапты таңдаумен тапсырмалар;
- ашық формадағы тапсырмалар;
- дұрыс сәйкестілікті анықтау тапсырмалары;
- дұрыс реттілікті анықтау тапсырмалар;
Тапсырма мақсаты бойынша оларды оқу және бақылау деп бөлуге болады.
Аралық бақылауда тапсырмаларды оқытуды белсенділендіру үшін қолдануға
болады. Тапсырмаларды қорытында бақылауда да пайдаланудың артықшылығы бар.
Пайдаланылатын тапсырмалар өздеріне қойылатын талаптарға сәйкес
ажыратылады.Аралық бақылау тапсырмаларына тест тапсырмаларына қойылатын
талаптар сипатты болмайды және аралық бақылау тапсырмаларының ішінен
қорытынды тапсырмалар мазмұнына оларға қойылатын тесттің педагогикалық және
статистикалық теориясына жауап беретін тапсырмаларды іріктеп алуға болады.
Тапсырмаларды тесттік, тесттік емес, жалған тесттік деп бөлуге болады.
Тест теориясы – тесттік тапсырмалар жөніндегі, олардың мазмұны мен
формалры, олардың сапасын бағалау жөніндегі білімдер жүйесі. Тесттік
бақылау теориясы – білімді бақылауды ғылымиұйымдастыруға қатысты идеялар,
ұғымдар, бекітулер, принциптер, формалар мен әдістер жиынтығы
(В.С.Аванесов).
Тесттік тапсырмалардың композициясы – бұл тапсырманың үйлесімді
бүтіндігін көрсетуге мүмкіндік беретін, олардың апсырма мазмұны мен
формасының элементтерін ұйымдастыру. Композиция мақсаты – білімді автоматты
оқыту мен бақылау жүйесін қазіргі бағдарламалы-педагогикалық құралдарда
қолдану тапсырмаларын түзу.
Дұрыс жауапты таңдау бойынша тапсырма формасының өзін екі жауапты
тапсырма, үш жауапты тапсырма, төрт жауапты тапсырма, бес жауапты тапсырма
және бірнеше дұрыс жауапты анықтау тапсырмалары етіп бөлуге болады.
Тесттік тапсырмалардың басқа формаларын: ашық формадағы тапсырмалар,
дұрыс реттілікті анықтау тапсырмалары деп бөлуге болады.
Екі жауапты тапсырма композициясында пайдаланылатын негізі элементтер:
оқушы үшін нұсқау, тапсырманың мазмұндық негізі, тапсырма жауаптары және
жауаптар нөмірі, сынақ тапсырушының жауаптарына берілетін баға, екі жауапты
тапсырманы даярлаудың әдістемелік тәртібі болып табылады.
Екі жауабы бар тапсырманың дұрыс жауабын білмей белгілей салу
оқушыларды кездеседі, сондықтан оны бағалауды түзету үшін В.С.Аванесовтың
ұсынған төмендегідей өрнегін пайдалануға болады:
Хоі=Xi – Wі
Мұндағы:
Хоі – і оқушысының кейбір дұрыс жауапты шамалап жауап бергеннен
кейінгі түзетілетін ұпайы;
Xi – і оқушысының түзетілгенге дейінгі тесттік ұпайы;
Wі - і оқушысының қате жауаптарының саны;
Ұпайларды түзетудің жалпы шамалау формасы төмендегідей түрде болады:
Хоі=Xi – Wі \ К-1
Мұндағы: К- тест тапсырмаларындағы жауаптар саны.
Үш, төрт және бес жауапты тапсырмаларда екі жауапты тапсырмалардағыдай
және ір түрлі принципте, яғни қарама-қарсылық, жіктеу, сәйкестелу, тізбекті
тәртіп, альтернативті және т.б. жауапты болып түзіледі.
Көрнекі құралдардың әр түрлі функцияны атқаратыны белгілі. Сол сияқты
тапсырмалардың да оқушылардың білімі мен ептілігін анықтауға мүмкіндік
беретінін аңғаруға болады. Технология сабақтарында технологиялық
тапсырмалар бойынша оқушылардың дағдыларын олардың орындаған практикалық іс-
әрекеттерінен, операцияларынан, еңбек тәсілдерінен және жұмысшы
қозғалыстарынан, сондай-ақ дайындаған бұйым нәтижелерінен білуге болады.

2.3 Технология сабақтарында тесттік тапсырмаларды пайдалану
Жалпы білім беретін мектептік пәндердің ішінен технология пәнінің
өзіндік ерекшелігі бар екендігі белгілі. Технология пәнінің басқа пәндерден
өзіндік ерекшелігі сабаққа бөлінген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биология сабақтарында проблемалық оқыту
Жеке тұлғаны дамытудағы шығармашылық жұмыстың рөлі
География сабақтарында инновациялық технологияларды пайдаланудың ғылыми негіздері
Биологиядан тест тапсырмаларының түрлері
Қазақ әдебиеті сабақтарында тесттерді қолдану жолдары
Технология пәні мұғалімінің оқытуды ұйымдастыруға дайындық жұмыстары
Физиканы оқыту әдістемесі
Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуда компьютерді қолдану
Оқушылардың білімі мен дағдысын жазбаша тексеру
Биологиядан білімді қорытындылау
Пәндер