Ынтымақтастық педагогикасы



1. Ынтымақтастықта оқытудың дамуы мен оның мәні.
2. Ынтымақтастықта оқытудың классификациялық сипаттамалары.
3. Ынтымақтастық педагогикасындағы бағыттар.
4. Педагогикалық әріптестік идеялары мен принциптері.
Пайдаланған әдебиеттер
Ынтымақтастықта оқыту, шағын топтарды оқыту педагогикада бұрын қолданылған. Топтарды оқыту идеясы ХХ ғасырдың 20 жылдарына қатысты. Бірақ шағын топтарда оқыту технологиясын жасау тек 1970 жылдары басталды. Ынтымақтастықта оқыту Дж.Дьюидің философиясындағы білім берудегі прагматикалық тәсілінің маңызды элементі болып табылады. Ең алғаш бұл әдіс туралы баспа беттерінде 1970 жылдардың соңында 1980 жылдардың басында жазыла басталды (Ұлыбритания, Канада, Батыс Германия, Австралия, Нидерланды, Жапония, Израиль және т.б.).
Ал Ресейде ынтымақтастықта оқыту 80-жылдардағы білім беру жүйесінде көптеген инновациялық процесті өмірге әкелді. Ынтымақтастықта оқыту идеясының мәнін бірқатар жаңашыл педагогтар түсініп, оны жүзеге асыруға ұмтыла бастады, ең алдымен С.Л.Соловейчик және В.М.Матвеев, содан кейін И.П.Иванов, В.Ф.Шаталов, И.П.Волков, Ш.А.Амонашвили, В.А.Краковский, С.Н.Лысенкова, Б.П. және Л.А.Никитенден және т.б.
1. Жақсылықова Н.Е., Тленбаева А.А., Скабаева Г.Н. Жоғары мектеп педагогикасы. Алматы, 2009 ж.
2. Кукушин В.С. Современные педагогические технологии. – Ростов-на-Дону, 2004.
3. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. –М.: Народное образование, 1998.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Ынтымақтастық педагогикасы.

Жоспары

1. Ынтымақтастықта оқытудың дамуы мен оның мәні.
2. Ынтымақтастықта оқытудың классификациялық сипаттамалары.
3. Ынтымақтастық педагогикасындағы бағыттар.
4. Педагогикалық әріптестік идеялары мен принциптері.

1. Ынтымақтастықта оқытудың дамуы мен оның мәні.
Ынтымақтастықта оқыту, шағын топтарды оқыту педагогикада бұрын қолданылған. Топтарды оқыту идеясы ХХ ғасырдың 20 жылдарына қатысты. Бірақ шағын топтарда оқыту технологиясын жасау тек 1970 жылдары басталды. Ынтымақтастықта оқыту Дж.Дьюидің философиясындағы білім берудегі прагматикалық тәсілінің маңызды элементі болып табылады. Ең алғаш бұл әдіс туралы баспа беттерінде 1970 жылдардың соңында 1980 жылдардың басында жазыла басталды (Ұлыбритания, Канада, Батыс Германия, Австралия, Нидерланды, Жапония, Израиль және т.б.).
Ал Ресейде ынтымақтастықта оқыту 80-жылдардағы білім беру жүйесінде көптеген инновациялық процесті өмірге әкелді. Ынтымақтастықта оқыту идеясының мәнін бірқатар жаңашыл педагогтар түсініп, оны жүзеге асыруға ұмтыла бастады, ең алдымен С.Л.Соловейчик және В.М.Матвеев, содан кейін И.П.Иванов, В.Ф.Шаталов, И.П.Волков, Ш.А.Амонашвили, В.А.Краковский, С.Н.Лысенкова, Б.П. және Л.А.Никитенден және т.б.
Ынтымақтастық педагогикасының негізінде баланың жеке тұлғасын тереңінен түсіну мен оған ізгілікті қарау, ұжымдық тәрбиелеу, мұғалімнің жоғары кәсіпқойлығы мен мектепке қоғамдық назар аудару жатыр.
Ынтымақтастық - бұл оқу-тәрбие процесінің объектілері мен субъектілері ортақ іс-әрекетте жолдастық, өзара сыйластық, өзара түсіністік, ұжымдастық қарым-қатынасында бірігетін оқу-тәрбие процесінің деңгейі.
Тұтас технология ретінде ынтымақтастық педагогикасы әлі нақты бір модельде іске асырылған жоқ, нормативті-орындаушы құралдары жоқ, оның идеялары қазіргі таңдағы барлық дерлік педагогикалық технологиялардың негізіне енді. Сондықтан, ынтымақтастық педагогикасын ішкі ойды түсінетін, жаңа педагогикалық ойды іске асыратын, қазіргі таңдағы барлық педагогикалық технологиялардың құраушы бөлігі ретінде енген прогрессивті идеялар көзі болып табылатын ерекше типті технология ретінде қарастыру керек.
2. Ынтымақтастықта оқытудың классификациялық сипаттамалары.
Ынтымақтастықта оқытудың мынадай классификациялық сипаттамалары бар:
қолдану деңгейі бойынша - жалпы педагогикалық технология;
философиялық негізі бойынша - гуманистік;
дамудың негізгі факторы бойынша - кешенді: био-, -әлеуметтік- және психогенді;
меңгеру концепциясы бойынша: ассициативті-рефлекторлы кезең бойынша интериоризация;
жеке тұлғалық құрылымға бағдар жасау бойынша - жан-жақты үйлесімді;
мазмұнының сипаты бойынша: оқыту + тәрбиелеу, зиялы, гуманистік, жалпы білім беретін;
басқару типі бойынша: шағын топтар жүйесі;
ұйымдастыру формалары бойынша: академиялық + клубтық, жеке + топтық, дифференциацияланған;
балаға қатынассы бойынша: гумандық-жеке-тұлғалық, субъект-субъектілік;
басым түсетін әдісі бойынша: проблемалық-ізденушілік, шығармашылық, диалогтық, ойын түрінде;
білім алушылар категориясы бойынша - жаппай.
Ынтымақтастықта оқытудың мақсатттық бағдарлары:
талап ету педагогикасынан қарым-қатынас педагогикасына көшу;
балаға гумандық-жеке-тұлғалық қарау;
оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі.
Қарым-қатынас жүйесі ретінде ынтымақтастық көп аспектілі; бірақ онда маңызды орынды педагог-білім алушы қарым-қатынасы алады. Ынтықмақтастық концепциясында оқушы оқу іс-әрекетінің субъектісі ретінде көрсетілген. Сондықтан, бір процестің екі субъектісі бірге әрекет етуі тиіс; олардың ешқайсысы екіншісінен үстем болмауы тиіс.
Ұжым шеңберінде ынтымақтас қарым-қатынас мұғалімдер, әкімшілік, оқушы және мұғалім ұйымдарының арасында орнайды; ынтымақтастық принципі оқушылардың, мұғалімдер мен басшылардың қоршаған әлеуметтік ортамен (ата-аналар, жанұя, қоғамдық және еңбек ұйымдары) қарым-қатынасының барлық түріне тарайды.
3. Ынтымақтастық педагогикасында төрт бағытты атап көрсетуге болады:
1. Балаға ізгілікті жеке тұлғалық ықпал ету. Бүкіл білім беру жүйесінің орталығына жеке тұлғаның қасиеттерінің тұтастай жиынтығының дамуы қойылады.
Мектептің мақсаты - баланың ішкі күші мен мүмкіндіктерін ояту, оларды өмірге шақыру, оларды жеке тұлғаның толық және еркін дамуы үшін пайдалану. Гумандық-жеке-тұлғалық тәсіл мына идеяларды біріктіреді:
- жеке тұлғаға білім беру мақсаты ретінде, оқу-тәрбие процесінің жеке тұлғалық бағыты ретінде қарау;
- педагогикалық қары-қатынастарды ізгіліктендіру және демократияландыру;
- қазіргі жағдайларды еш нәтиже бермейтін тікелей мәжүрлеуден әдіс ретінде бас тарту;
- жеке ерекшеліктерін ескеруді жаңадан түсіндіру;
- жағымды Мен-концепциясын қалыптастыру, яғни жеке тұлғаның өзі туралы түсініктерінің жүйесі, ол соның негізінде өзінің мінез-құлқын қалыптастырады.
2. Дидактикалық белсенділендіруші және дамытушы кешен. Балаларды неге және қалай оқыту керек деген мәселелерді шешуде приципиалды жаңа тәсілдер мен тенденциялар ашылуда; оқыту мазмұны мектептің өздігінен жеке бір мақсаты ретінде емес, жеке тұлғаны дамыту құралы ретінде қарастырылады; оқыту жинақталған білімдербілімдер, іскерліктер және дағдылар және ойлау тәсілдеріне қарай жүргізіледі; интеграция, вариативтілік; жағымды ынталандыру қолданылады.
Оқу процесінің әдістері мен формаларын жетілдіру жаңашыл педагогтардың авторлық жүйелерінде қолданылатын бірқатар дидактикалық идеяларда ашылады: В.Ф. Шаталовтың тірек сигналдарында, еркін Штейнер идеясында, С.Н.Лысенкованың озық оқытуында, Эрдниевтің ірілер идеяларында, В.А.Сухомлинский сыныбының интеллектуалды фонында, Л.В.Занков бойынша жеке тұлғаны дамытуда, И.П.Волковтың шығармашылық және орындаушылық қабілеттерінде, Л.С.Выготскийдің жақын даму аймағында және т.б.
3. Тәрбиелеу концепциясы. Ынтымақтастық педагогикасының концептуалды ережелерінде маңызды тенденциялар бейнеленеді, оған сәйкес қазіргі мектептегі тәрбие дамиды:
oo Білім мектебін Тәрбие мектебіне айналдыру;
oo оқушы жеке тұлғасын бүкіл тәрбие жүйесінің орталығына қою;
oo тәрбиенің ізгілікті бағдары, жалпы адамдық құндылықтарды қалыптастыру;
oo баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
oo ұлттық және мәдени дәстүрлерді жандандыру;
oo жеке және ұжымдық тәрбиенің үйлесуі;
oo алға қиын мақсат қою.
Ынтымақтастық педагогикасының идеологиясы мен технологиясы білім беру мазмұнын анықтайды.
4. Қоршаған ортаны педагогикаландыру. Ынтымақтастық педагогикасы мектепті басқа тәрбиелеу институттарына қатысты жетекші, жауапты орынға қояды, олардың іс-әрекеті педагогикалық мақсатқа сай қарастырылуы және ұйымдастырылуы керек. Жас ұрпақтың жеке тұлғаны қалыптастырушы маңызды әлеуметтік институттар мектеп, жанұя және әлеуметтік орта болып табылады. Оның нәтижелері тәрбиенің барлық үш көзінің бірлескен әсерімен анықталады. Сондықтан, құзыретті түрде басқару, ата-аналармен ынтымақтасу, баларды қорғаудың қоғамдық және мемлекеттік институттарына ықпал ету бірінші орынға қойылады.
4. Педагогикалық ынтымақтастық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ынтымақтастық педагогикасының ғылыми – педагогикалық негіздері
Ынтымақтастық педагогиканың негіздері
Педагогика мақсаты
Ынтымақтастық педагогиканың негізгі идеялары
Ынтымақтастық педагогика
Халық педагогикасы мен ғылыми педагогиканың сабақтастығы
Халық педагогикасы мен ғылыми педагогиканың байланысы
Халық педагогикасы мен ғылыми педагогиканың сабақтастығы туралы
Мектепке дейінгі мекемелерде ақпараттық қатынастық технология құралдарын қолдануы
Педагогика тарихы курсының мазмұны
Пәндер