1946-1970 жылдардағы Қазақстанның қоғамдық-саяси және экономикалық жағдайы



Қарастырылатын мәселелер:

1. Соғыстан кейінгі жылдары Қазақстан Республикасының өнеркәсібін қайта құру.
2. Қазақстандағы тың жерлерді игерудің пайдасы мен зияны.
3. Қазақстан аумағындағы ядролық сынақ аландары және ядролық сынақтардың экономикалық зардаптары.
4. Қазақстандағы 1960.1970 жылдары 7.8 .бесжылдықтың орындалу нәтижесі.
5. 1946.1970 жылдардағы мәдениеттің дамуы және қазақтардың тарихын, дәстүрін, салтын, тілін ұмыта бастауының себептері.
Соғыс Қазакстан жерінде болған жоқ. Сондықтан оның шаруашылығы бүлінген жоқ. Солай болса да КСРО халық шаруашылығының ажырамас бір болігі ретінде республика экономикасы да соғыс жылдарында әскери жағдайға, соғыстан соң бейбіт өмірге икемделді. 1945-1960 жылдары Қазақстанның өнеркәсібінің отынэнергетика саласы жақсы дамыды. Қарағанды көмір алқабында ондаған ірі шахталар мен байыту фабрикалары іске қосыдды. Екібастұзда ашық әдіспен көмір өндірудің көлемі күрт ұлғайды. 50-жылдары көмір шабу, қопару және оны вагондарға тиеу жұмыстары толық механикаландырылды. Республика бойынша көмір өндірудің жылдық көлемі соғысқа дейінгі деңгейден 2,5 есеп артып, 1950 жылы 17,5 млн. тоннаға, ал 1960 жылы 32,3 млн тоннаға жетті. Бұл жылдары Алматыда, Құлсарыда, Өскеменде су электр стансалары, Жезқазғаңда жылу-электр орталығы салынды. Қарағанды мен Шымкентте қосымша қуаттар іске қосыдцы. Бұқтырма СЭС-інің құрылысы басталды. 50-жылдардың екінші жартысында электр стансалары мен оның жүйелері бір орталықтан басқарыла бастады. Қуат өңдірудің техникалық жабдықталуы едәуір артты. 1945 жылы республикада 1,15 млрд. квт сағат электр қуаты өндірілсе, 1960 жылы оның жылдық көлемі 10,6 млрд. квт сағатқа жетті.
4-бесжылдық деп аталатын жылдарда Теміртаудағы Қазақ металлургия зауыты іске қосылды. Ақтөбе ферросплав зауытының қуаты едәуір ұлғайтылды. 1947 жылы Өскемен қорғасын мырыш комбинаты алғашқы мырышын берді. Балқаш мыс қорыту зауытының, Текелі қорғасынмырыш комбинатының қуаттары арттырылды, шикізат базасы ұлғайтылды. Шымкент, Лениногор қорғасын зауыттары қайта құрылып, кеңейтілді. 50-жылдардың алғашқы жартысында өнеркәсіпке республикаға бөлінген күрделі қаржының 40,4 проценті тиді. Оның 94,7 проценті ауыр өнеркәсіп салаларын дамытуға бағышталды. Бұл жылдары өнеркәсіптің жалпы көлемі 82 процент, болат қорыту 86 процент, қара металл прокатын шығару 119 процент, машина жасау өнеркәсібінің өнімі екі есе артты. 6-бесжылдық жылдарында да осы салалардың дамуына айырықша көңіл беліңді. Аталған кезенде республика бойынша жыл сайын жүздеген өнеркәсіп орыңдары мен цехтар іске қосылып отырды. Жезқазған кен байыту фабрикасы, Өскемен таукен машина жабдықтарын жасау зауыты мен қорғасын-мырыш комбинаты, Соколов-Сарыбай комбинатының алғашқы кезегі, Ақтөбе хром қоспалары зауыттары салынды. Темір өндіруден республиканың Одақтағы үлесі күрт артып, 5,4 процентке жетті. Қарағанды металлургия комбинаты республиканы ғана емес, Сібір, Орал және Орта Азияны металмен қамтамасыз ететін базаға айналды. Қара және түсті металлургияның бір шама жедел қарқьшмен дамуы және 50-жылдардың екінші жартысы мен 60-жылдардың басындағы жасанды миграциялық шаралардың нәтижесінде республиканың халық санының күрт артуы энергетика, тасымал және құрылыс істерін де жоғары қарқынмен дамытуға мәжбүр етті. Соғыстан кейінгі кезеңнен бастап 60-жылдардың басына дейінгі уақыт аралығында республикада химия өнеркәсібі пайда болып дами бастады. Қаратауда кен-химия комбинаты, Жамбылда суперфосфат, Қостанайда жасанды талшықтар зауыттары салынды. Қарағандыда синтетикалық каучук, Ақтебеде хром қосылыстар зауыты кеңейтілді. 50-жылдардан бастап минералды тыңайтқыштар өндірудің көлемі артты. Химия өнеркәсібінің ірі көсіпорындары Қазақстанның Оңтүстігінде орын тепті.
Соғыстан кейінгі онжьщдықтарда социалистік жарыс кең етек алды. Қай саланың қай кәсіпорынынан болса да, еңбек озаттары мен жаңашылдар көптеп піығып жататын, 1948 жылы тұңғыш рет шахтерлер күнінің аталып өтуіне байланысты Қарағанды кеншілерінің бір тобына Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Олардың арасында шахта бастығы І.Күзембаев, кен комбаиыншысы Б.Нұрмағамбетов, проходшылар бригадирі П.Акуловтар болды. Қазақ металлургая зауытының болат қорытушылары АДәрібаев, И.Голубев, Матай станциясының машинкісі М.Қаптағаев сынды озат жұмысшылар өз ісінің нағыз шеберлері ретінде көзге түсті.
Соғыстан кейінгі онжылдықтарда Қазақстанның тұрғындары санының жедел өсуі құрылыс индустриясының ауқымын кеңейтуге мәжбүр етті.
Әдебиеттер:
1. Қазақ ССР тарихы бес томдық. 5 том. Алматы 1984.
2. Қазақстан за 40 лет Стат.Сборник. Алматы 1960
3. Освоение целины Великий подвиг партии и народа.
1974 №7. Вестник Высшей школы М., 1990 №7.
4. Тәтімов М. Қазақ ұлтының қасыреті. "Егемен Қазақстан". 1996 . 18 сәуір. Қазақстан тарихы. 1994. N1.
5. Тоқаев Қ. Семей — кешегі күннің жарасы. Семей —ертеңге жүктелген аманат. "Егемен Қазақстан". 1988. 8 қыркүйек.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Тақырып.
1946-1970 жылдардағы Қазақстанның қоғамдық-саяси және экономикалық жағдайы.
Қарастырылатын мәселелер:
1. Соғыстан кейінгі жылдары Қазақстан Республикасының өнеркәсібін қайта
құру.
2. Қазақстандағы тың жерлерді игерудің пайдасы мен зияны.
Қазақстан аумағындағы ядролық сынақ аландары және ядролық сынақтардың
экономикалық зардаптары.
Қазақстандағы 1960-1970 жылдары 7-8 –бесжылдықтың орындалу нәтижесі.
1946-1970 жылдардағы мәдениеттің дамуы және қазақтардың тарихын, дәстүрін,
салтын, тілін ұмыта бастауының себептері.

Соғыс Қазакстан жерінде болған жоқ. Сондықтан оның шаруашылығы бүлінген
жоқ. Солай болса да КСРО халық шаруашылығының ажырамас бір болігі ретінде
республика экономикасы да соғыс жылдарында әскери жағдайға, соғыстан соң
бейбіт өмірге икемделді. 1945-1960 жылдары Қазақстанның өнеркәсібінің
отынэнергетика саласы жақсы дамыды. Қарағанды көмір алқабында ондаған ірі
шахталар мен байыту фабрикалары іске қосыдды. Екібастұзда ашық әдіспен
көмір өндірудің көлемі күрт ұлғайды. 50-жылдары көмір шабу, қопару және оны
вагондарға тиеу жұмыстары толық механикаландырылды. Республика бойынша
көмір өндірудің жылдық көлемі соғысқа дейінгі деңгейден 2,5 есеп артып,
1950 жылы 17,5 млн. тоннаға, ал 1960 жылы 32,3 млн тоннаға жетті. Бұл
жылдары Алматыда, Құлсарыда, Өскеменде су электр стансалары, Жезқазғаңда
жылу-электр орталығы салынды. Қарағанды мен Шымкентте қосымша қуаттар іске
қосыдцы. Бұқтырма СЭС-інің құрылысы басталды. 50-жылдардың екінші
жартысында электр стансалары мен оның жүйелері бір орталықтан басқарыла
бастады. Қуат өңдірудің техникалық жабдықталуы едәуір артты. 1945 жылы
республикада 1,15 млрд. квт сағат электр қуаты өндірілсе, 1960 жылы оның
жылдық көлемі 10,6 млрд. квт сағатқа жетті.
4-бесжылдық деп аталатын жылдарда Теміртаудағы Қазақ металлургия зауыты
іске қосылды. Ақтөбе ферросплав зауытының қуаты едәуір ұлғайтылды. 1947
жылы Өскемен қорғасын мырыш комбинаты алғашқы мырышын берді. Балқаш мыс
қорыту зауытының, Текелі қорғасынмырыш комбинатының қуаттары арттырылды,
шикізат базасы ұлғайтылды. Шымкент, Лениногор қорғасын зауыттары қайта
құрылып, кеңейтілді. 50-жылдардың алғашқы жартысында өнеркәсіпке
республикаға бөлінген күрделі қаржының 40,4 проценті тиді. Оның 94,7
проценті ауыр өнеркәсіп салаларын дамытуға бағышталды. Бұл жылдары
өнеркәсіптің жалпы көлемі 82 процент, болат қорыту 86 процент, қара металл
прокатын шығару 119 процент, машина жасау өнеркәсібінің өнімі екі есе
артты. 6-бесжылдық жылдарында да осы салалардың дамуына айырықша көңіл
беліңді. Аталған кезенде республика бойынша жыл сайын жүздеген өнеркәсіп
орыңдары мен цехтар іске қосылып отырды. Жезқазған кен байыту фабрикасы,
Өскемен таукен машина жабдықтарын жасау зауыты мен қорғасын-мырыш
комбинаты, Соколов-Сарыбай комбинатының алғашқы кезегі, Ақтөбе хром
қоспалары зауыттары салынды. Темір өндіруден республиканың Одақтағы үлесі
күрт артып, 5,4 процентке жетті. Қарағанды металлургия комбинаты
республиканы ғана емес, Сібір, Орал және Орта Азияны металмен қамтамасыз
ететін базаға айналды. Қара және түсті металлургияның бір шама жедел
қарқьшмен дамуы және 50-жылдардың екінші жартысы мен 60-жылдардың басындағы
жасанды миграциялық шаралардың нәтижесінде республиканың халық санының күрт
артуы энергетика, тасымал және құрылыс істерін де жоғары қарқынмен дамытуға
мәжбүр етті. Соғыстан кейінгі кезеңнен бастап 60-жылдардың басына дейінгі
уақыт аралығында республикада химия өнеркәсібі пайда болып дами бастады.
Қаратауда кен-химия комбинаты, Жамбылда суперфосфат, Қостанайда жасанды
талшықтар зауыттары салынды. Қарағандыда синтетикалық каучук, Ақтебеде хром
қосылыстар зауыты кеңейтілді. 50-жылдардан бастап минералды тыңайтқыштар
өндірудің көлемі артты. Химия өнеркәсібінің ірі көсіпорындары Қазақстанның
Оңтүстігінде орын тепті.
Соғыстан кейінгі онжьщдықтарда социалистік жарыс кең етек алды. Қай
саланың қай кәсіпорынынан болса да, еңбек озаттары мен жаңашылдар көптеп
піығып жататын, 1948 жылы тұңғыш рет шахтерлер күнінің аталып өтуіне
байланысты Қарағанды кеншілерінің бір тобына Социалистік Еңбек Ері атағы
берілді. Олардың арасында шахта бастығы І.Күзембаев, кен комбаиыншысы
Б.Нұрмағамбетов, проходшылар бригадирі П.Акуловтар болды. Қазақ металлургая
зауытының болат қорытушылары АДәрібаев, И.Голубев, Матай станциясының
машинкісі М.Қаптағаев сынды озат жұмысшылар өз ісінің нағыз шеберлері
ретінде көзге түсті.
Соғыстан кейінгі онжылдықтарда Қазақстанның тұрғындары санының жедел өсуі
құрылыс индустриясының ауқымын кеңейтуге мәжбүр етті. Қалалар өсіп,
кәсіпорындар мен тұрғын үйлер көптеп салына бастады. Құрылыс материалдарын
шығарудың көлемі күрт артты. Сазтөбеде, Қарағаңцыда, Семейде, Өскеменде,
Шымкентте цемент зауыттары бой көтерді. Талдықорғанда, Өскеменде,
Қызылжарда,Қостанайда кірпіш зауыттары салынып, бұл бұйымды шығаратын
Алматы мен Шымкенттегі кәсіпорындар кеңейтілді. Әк, алебастр өндіру де
ұлғайтылды. Темір бетон шығару ісі белең ала бастады.
Ауыл шаруашьшық шикізатының молдығы жеңіл және-тамақ өнеркәсібінің даму
қарқының жоғарьшатуға әсерін тигізді. Жамбылда, Семейде, Петропавлда,
Павлодарда тері илейтін, былғары жасайтын кесіпорындар, Алматы мен
Шымкентте мақта-мата комбинаты салынды. Қарағандыда аяқ -киім тігу мен
шүлық шығаратын кәсіпорындар орын тепті. Жезқазғанда, Семейде, Ақтөбеде
тоқыма фабрикалары жұмыс істей бастады. Аталған кезенде Ақтөбеде,
Шымкентге, Жамбылда, Теміртауда ет комбинаттары, ондаған сүт, май айыратын,
ірімшік қайнататын зауыттар, ірі наубайханалар іске қосылды. Негізгі азық-
түлік өнімдерін шығарудың көлемі үнемі артып отырды.
Республикада аса бай өнеркәсіп шикізатының болуы және оны орталыққа
тасып алу қажеттігі көлік пен байланыс жүйелерін дамытуға әсер етті. 1951-
1955 жылдарда көлік пен байланысты дамытуға бөлінген күрделі қаржының
мөлшері 65,4 млн. сом болғанда, 1956-1958 жылдары оған 146,4 млн. сомның
күрделі қаржысы бөлінді. 1945 жылы темір жол желілерінің ұзындығы 8212
шақырым болса, 1960 жылы оның пайдаланылатын желілерінің ұзындығы 11470
шақырымға жетті. Аталған мерзімнің соңғы жылында Республиканың жалпы жүк
айналымының жеке түрлерінің ішіндегі темір жол тасымалының үлесі 91,7
процент болды. Бұл кезде тасымалдың өзге түрлерінің — өзен, құбыр және
авиацияның үлесі мардымсыз еді. Кеңес империясының отарлық саясаты
Қазақстанның өнеркәсіпті орталықтары мен шикізат базаларының өзара
байланысын ескермей, олардың әрқайсысының Ресеймен қосылу бағыттарының
артықшылық жағдайда дамытылуын қадағалаудан көрініс тапты.
Өнеркәсіптің өндіруші салаларында едәуір жетістіктерге жетуге қарамастан
50-60 жылдар ішінде Қазақстан экономикасында, оның келешегі тұрғысынан алып
қарағанда, бірқатар келеңсіз тенденциялар да қалыптасты. Республика
экономикасында шикізаттық бағдар белең алды. Өнеркәсіп ендірісінщ құрылымы
салалық тұрғыдан түрленбеді. Шығарған енімі күрделенбеді. Өндіруші секторға
сай өңдеуші сектор дамымады. 30-жылдары қалыптасқан бойынша өнеркөсіптің
"Б" тобына (тұтыну тауарлары) қарағаңда "А" тобына (өндіріс құралдарын)
өндіруді жеделдете дамыту бағыты сақталып қалды. Қазақстан өнеркәсібін
шикізаттық өндірушілік бағытга қалдырып қойғанда Орталық мынадай
мақсаттарды көздеді деп қорытынды жасауға болады. Біріншіден, Қазақстанның
аса бай табиғи ресурстарын қолдан келгенінше көбірек қамти пайдаланып қалу;
екіншіден, қоршаған ортаны ластайтын, суды, шикізатты, қуатты көп қажет
ететін, лас өңціріс орындарын осында қалдыру; үшіншіден, тәуедці аумақты
мөңгілік қолдан шығармау үшін онда жөні дұрыс бұйым, машина, прибор,
станок, электроника және электротехника тауарларын, көпшілік қолданатын
бүйымдарды шығармауды мақсат етіл қойылды. Нәтижеде Қазақстан бай болса да
төуелді мемлекетке айнадды. Бұл сол кездің өзінде Қазақстанды Ресейден
ешқашан ажырап кете алмайтын етіп, байлап-матап тастауды көздеген құйтырқы
саясаттың нәтижесі болатын.
Қорыта келгевде Ұлы отан соғысынан кейін барлық елдер, соның ішіңде
Қазақстанда жаңадан бейбіт еңбек етуде, өңдіріс пен ауыл шаруашылығын
қалпына келтіріп, одан ары дамытуға кірісті. Сталиндік қатты бірізділіктен
құтылған соң, жақын арада жақсы нәтижелерге жете бастады. Қазақстанда бүл
кезде отын энергиялық базасы кеңінен дамыды. Қарағанды көмір бассейнінде
оннан астам үлкен шахталар мен байыту фабрикалары кеңінен дамыды. Осы
жылдары Өскемен су электр станциясы, Жезқазғанда жылу электр станциялары
жұмысқа қосылды. Бұқтырма ГЭС-ы салына бастады. Электр энергиясын өндіру
екі есе артты, соның ішінде су энергиясы бес есе көбейді. 1960 жылы
өндірістің жалпы көлемі 1940 жылға қарағанда 732 %-тін құрады. Соколово мен
Сарыбай өндіріс орындарының базасында Ертіс химиялық - металлургия
Қарағанды заводы, тау-кен байыту комбинаттары іске қосылды. Сонымен бірге,
осы кезенде республиканың даму барысында, халық шарушылығында шығарылатын
шикізат өнімдері иңдустриялық өнімдерге қарағанда басым болды. Мұндай
жағдайда халықтың саны қалалар мен өңдіріс орталықтарында көбейді, ал астық
қажеттілігі бірден көтерілді. Колхоз егін салудан, астық жинаудан 1949-1953
жылдары орта жылдық жалпы өндірісі 1909-1913 жылдарға қарағаңда тың игеруге
дейін 8 миллион тоннаға ғана көтерілді. Жұмсалған астық шығыны өндірілген
өнімнен асып кетті, сондықтан қажетті астықты мемлекеттік қордан алуға
мәжбүр болды. Дағдарыстық тенденцияның беті ашылды. Оның шешімі екі бағытта
іске асатын болды. Бірінші бағыты тереңдетілген трансформация системасын
өндірістік қатынастарына көшу немесе нарыққа өту, сонымен қатар жекеменшік
шаруашылығын көбейту, бұл тек жекешелендіру арқылы іске асады. Ол кезде бұл
мүмкін емес еді.
Екінші бағыт, ірі жер байлықтарының тың көзін игеру еді.
2. Қазақстандағы тың жерлерді игерудің пайдасы мен зияны
1940 жылы Қазақстандағы дәнді дақылдар егісін тың жерлерді игеру есебінен
бір миллион гектарға кеңейту көзделді. Екінші дүние жүзілік соғыс
басталғанға дейін 750 мың гектарға жуық тың жер ауыл шаруашылық айналымына
енгізіледі. Қолға алынған жүйелі жұмыс соғыс жылдарында да жалғасады. КСРО-
ның батысындағы астықты алқаптың 47 проценті жау қолында қалғанның өзінде
1941-1944 жылдары одақ бойынша 4264 миллион пұт астық өндіріледі. Соғыс
жылдарында Қазақстан колхозшылары қиын жағдайға қарамастан жанқиярлықпен
жұмыс істеп, мемлекетке жоспардан асырып 30,8 миллион пұт астық тапсырады.
Соғыстан кейінгі ауқымы мен ауыртпалығы айырықша болған халық шаруашылығын
қалпына келтіру жылдарында да аштыққа жол берілмеді, тілген 1947 жылы нанға
кәртішке жүйесі жойылды. Қазақстандағы астық өндірісі 1950 жылы 1751,3 мың
тоннадан 1953 жылы 1977,5 мың тоннаға жетті.
Қазақстандағы астық өндірісінің үлес салмағы анағұрлым азайып, одақ
бойынша белгіленген өнім дайындаудың 5-6 процентін ғана құрады, ал астықтың
тауарлы түсімі тым төмен болып гектарына 2,57 центнерден айналады. 1953
жылы дәнді дақыддар өнімі күрт кемуіне орай ашаршылық қаупі төнеді, ауыл
адамдары қалаларға барып, нан сатып алып күнелтуге мәжбүр болады. 1953
жылғы қыркүйекте өткен КОКП Орталық Комитетінің Пленумы ауыл шаруашылығында
қалыптасқан ауыр жағдайға әділ баға беріи, елдің жалпы дамуы мен ауылдағы
жағдай арасында тепе-теңдіктің жоқтығы, адамдардың нашар тамақтанатыны атап
көрсетіледі. Мол мүмкіндік бола тұрып, біздің республикада да халықтың нан
жөніндегі сұранысы қамтамасыз етілмейді. Себебін түсіндіру қиын. Айтуға
тұратыны: егіншілік мәдениетінің төмендігі, механизаторлар жетіспеуі, ауыл
шаруашылығы мамандарының аздьіғы, еңбеккерлерді материалдық ынталандырудың
мәз еместігі, салаға басшылықтың бәсендігі.
Істің оңға басуына қажетсіз кайта құрулар да кедергі келтіреді. 1951
-1952 жыддары жергілікті жағдайды жеткілікті зерттеп жатпай-ақ кішігірім
колхоздар асығыс ірілендірілді. Соның салдарынан Қазақстандағы колхоздар 3
есеге кемиді. Жергілікті билік органдарының өкілетгілігі трактор-егіс
бригадаларының шеңберімен шектеледі. Мұндай бұрмалауларды жөнге салу
Сталиннің жеке басына табынуды талқаңдағаннан кейін ғана қолға алынады.
Анахронизм ауыртпалығынан арылған ауыл еңбеккерлерін аграрлық салада келесі
істер күтіп тұрған еді. Бұл дағдарыстан шығудың бір ғана жолы бар еді. Ол
үшін өндірістік қатынастар жүйесін өзгерту, атап айтқаңда, нарық
қатынастарына кешу керек болатын. Бірақ, ол кезде мұндай өңгімені қозғауға
ешкімнің батылы бармады. Өзін өзі сақтау үшін билік иелері мәселені
экстенсивтік әдіспен — тың жерлерді кең ауқымда игеру жолымен шешуге
кірісті.
Тың игеруге жаппай кірісу. 1953 жылдың аяғында тың игеруге қатысты
мәселелер Одақ деңгейінде қызу талқыланып жатты. Жарамды жерлер көп
делінетін Орал, Сібірмен бірге Қазақстан да аддымен аталып жүрді. Жерлерді
жыртып тастау дәстүрлі мал шаруашылығын дамытуға зиян келтіреді деп санаған
республика партия ұйымының басшылары орнынан алынды. Орталықтың нұсқауы
бойынша Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып П. К.
Пономаренко сайланды, ал оның орынбасарлығына біраздан кейін оның орнына
келген Л. И. Брежнев отырғызыдды.
Тың және тыңайған жерлерді игеру туралы шешім 1954 жыддың көктеміне
қараған шақта қабыдданды. Онда 1954— 1955 жыддары тың жерлерді игеру
есебінен дәнді дақылдар егіс аумағын 13 млн. гектарға арттыру, ол жерлерден
1100-1200 млн. пұт астық, соның ішінде 800-900 млн. пұт тауарлы астық алу
көзделді. Тың игеру жөніндегі бұл шешімді қазақстандықтар мақұлдап,
қуаттайтындықтарын білдірді. Республика еңбекшілері белгіленген шараларды
жүзеге асыруға белсене араласып, шабытты еңбек етті. Бүл науқан кезінде
қазақ халқы тағы да өзіне тән қонақжайлық, интернационалдық, бауырмалдық
мінездерін таныта білді.
КСРО-ның түкпір-түкпірінен адамдар ағылып келе бастады. Ол кезде
коммунистер мен комсомоддардың бастама көтеріп, түрлі науқандарға шақырып
жатуы әдеттегідей жәй еді. Баспасөз бетінде тың игерушілердің сапына
косылуға шақырған үндеулер мен ұрандар жиі басылып тұрды. Тың игеруге салт
басты, сабау қамшылы жастар ғана емес, отбасымен толық көшіп келушілер де
көп болды.
Өнеркәсіп ошақтарын орнатамыз деп мындаған жұмысшы-құрылысшылар келіп
жатты. Халықтың қазақ жеріне ең көп қаптап келгені — 50 жылдардағы тың
жерлерді игеру көзі болды. 1953-1965 жылдары Қазақстанға бас-аяғы 2 миллион
адам сырттан келіп, осында орналасты, қоныс тепті, жұмыс тапты. Олар
негізінен орыстар мен украиндар болды. Олар жергілікті халықпен санаспады,
кормеді. Қазақ халқының өз жерінде азшылық болып үштің бірі деген үлеске
түсіп қалатын халі осылай жасалған.
Тьщ игерудің алғашқы екі жылында республикаға барлығы 640 мың адам кедді.
Бірақ олардың 150 мыңы ғана ауыл шаруашылық механизаторлары еді. Тың
игеруге қатысқан адамдарды материалдық ынталандыру шаралары жүзеге
асырылды. Тыңгерлер барар жеріне шейін тегін көшірілді. Әр отбасына 500-
1000 сомнан бір мезеттік кемек көрсетідці. Үй салу үшін (оның 35 процентін
мемлекет өз мойнына алып), мал сатып алу үшін несие берілді. Астық немесе
үн ретінде азық-түлік көмегі көрсетілді. Тынгерлер 2 жылдан 5 жылға шейін
ауыл шаруашылық салығьшан босатылды.
Бұл жерде жоғарыдағыдай ынталандыру үшін бөлінген материалдық көмекті
белуде алалық болғандығын ескере кету керек. Көтерме кемекті славян
тектілер артықшылықпен пайдаланғанда, Қазақстан тыңын игеруге үлес қосуға
ниет білдірген, Ресей жерінде тұратын қазақ жұртының өкілдері ешқандай
материаддық кемек ала алмады.
1954 жыддан бастап егіске жарамды жерлерді зерттеп, таңдап алу жұмыстары
жүргізілді. Ол жұмыстарға Мәскеудің, Санкт-Петербургтың, Украинаның
топьірақ зерттеуші ғалымдары, ботаниктері, гидрогеологгары қатысты. Алайда,
өмірлік тәжірибе көрсеткендей, орасан көп жерді жыртып тастаудың зиянды
салдарлары болатыны ескерілмеді. Және сол көздің айқайшыл басшыларын
келешек туралы ғылыми болжамға иландыру оңай емес те еді.
Тыңның алғашқы табыстары. Тың игеру республиканың Ақмола, Көкшетау,
Қостанай, Павлодар, Солтүсгік Қазақстан, Торғай облыстарында жүргізілді.
1954 жылдың көктемінен 1955 жылдың көктеміне дейінгі бір жыл ішінде тың
өлкесінде 337 астық совхозы құрылды. Олардың егіске жарамды жерлері 10 млн.
гектардан астам бодды. 1954 жылдың өзінде-ақ тың көтеру жөніндегі тапсырма
артығымен орындалды. Қазақстанда 6,5 млн. га тың жер жыртылды. Астықтың
жалпы түсімінің мөлшері 7650 мың тоннаға жетті. (1950 жылы Қазақстанда 7854
мың гектар жерге дән себіліп, одан 4,7 млн. тонна астық жиналған болатын).
1955 жылы егіс көлемі 1954 жылғымен салыстырғанда екі еседей артып, 20,6
млн. га жер жыртылғанымен, ауа райының қолайсыздығынан 4750 мың тонна ғана
астық алынды. Тыңгерлер ауыз толтырып айтатындай көрсеткішке 1956 жылы ғана
жетті. Бұл жылы республика 16 млн. тонна астық жинады. Мұны коммунистік
азалықден 1 млрд. пұт деп ауыз толтыра айту қалыптасты. 1956-1958 жылдары
республикада тағы да 4,8 млн. га тың жер игеріліп, егіс көлемі 28,6 млн.
гектарға дейін өсті. Мұның ішінде дәнді дақылдар егісінің аумағы 23,2 млн.
га еді. Республикада техникалық дақылдар, көкөніс, жемшөп өндіру де
ұлғайтылды. Тың игерушілерде көтеріңкі рух, еңбекке деген құлшыныс бодды.
Еңбек озаттары көптеп шыға бастады. Астық жинаудың түрлі әдістері дүниеге
келді. Мәселен, Қостанай облысындағы "Ярославский" совхозының бригадирі
М.ЕДовжик, Қостанай облысыңдағы Павлов атындағы совхоздың комбаиншысы
Ж.Демеев, Павлодар облысының Буденный атындағы колхоздың комбаиншысы
П.Ф.Музыка т.б. тыңгерлер еңбектегі ерліктің тамаша үлгілерін көрсетті.
Тың игеру бидайды ғана емес, астықтың өзге түрлерін өсіруге де игі ықпал
етті. Сол жылдары Қазақстанның Оңтүстігіңде күріш өсіру едәуір жанданды.
Қызылорда облысының Шиелі ауданының "Қызыл ту" колхозының звено жетекшісі
Ыбырай Жақаев күріштен мол өнім алудың ғажап үлгісін көрсетті. Ол көптеген
ізбасарлар дайыңдап шығарды.
Тың жерлерді игеру жылдарында біздің Қазақстан сапалық жағынан жаңа
экономикалық және әлеуметтік деңгейге шықты. Өте қысқа мерзім ішінде оның
еліміздің азық-түлік балансындағы ролі артты. Қазақ жерінде ірі-ірі
кәсіпорындар пайда болды, ғылым мен мәдеғшет одан әрі дами түсті. Алайда,
тың игерудің нәтижелері тіпті де бір мәнде емес. Қазақ КСР-інің 70
жыддығына арналған мәжілісте жасаған баяндамасында Н.Ә.Назарбаев атап
көрсеткеніндей, бүкіл жағымды қорытындыларын мойындай отырып тың игеру
қозғалысы терең ойластырылмаған, дайындықсыз қолға алынған. Көп жағдайда
волюнтаристік сипаты басым кең ауқымды әрекет болды. Мқнда ең аддымен
республиканың ұлттық ерекшелігі назарға алынбаған еді. Дәстүрлі мал
шаруашылығына елеулі нүқсан келтірідді, астық проблемасын шешудің өзі
негізінен алғанда экстенсивті жолмен ғана қолға алынды. Орасан зор көлемде
халықтың басқа жерден Қазақстанға тоғылуы рухани, адамгершілік түрғыдан
әубастан-ақ кереғар сипатта болды. "Бос жатқан, қумекен далаға барасындар,
оны игеріп, өздерің қолдарыңмен орнатасындар" деген ат үсті нұсқауларға иек
артқан тың игерушілер қазақ халқының салт-дәстүрлері мен мәдениетіне, оның
тарихи ескерткіштеріне қандай тұрғыдан қарауға тиіс еді?1 Қазақ
мектептерінің саны осы жылдары күрт қысқарды. Бір ғана дерек мысалы, 1956
жылдың қаңтарында облыста 154 қазақ тілінде оқитын мектеп болса, оның саны
1991-ші жылдың 1 қаңтарында небары 57 ғана болып отыр.
Сол баяндамасында Н.Ә.Назарбаев: "Тіл туралы мәселе халықтың "жан ашуы"
сияқты бір ышқынар сөті. Біз сондай тығырыққа тірелген халықпыз. Бірақ
үмітсіз емеспіз" деді. Оған қоса Қазақстанда қазақ топонимдерінің үштен
бірі өзгертілді, жаңа ауыстырылған жасанды тіліміз бен рухани болмысымызға
жат шығу тегі, қойылу тарихы күмәнді атаулар көбейді.
Қазақ жерінің Есіл, Нұра, Еремен, Атбасар, Қорғалжын, Теңіз, Сілеті
атаулары ғана сақталып, қалған аймағы — Алексеев, Астрахань, Целиноград,
Вишнев, Макин, Балкашин, Краснознамен, Красный флаг, Красный яр болып
жалғасып кете барған осы олкенің тың игеру кезіндегі күнгейі мен көлеңкесі,
қуанышы мен қасіреті қатар болғандығы рас. Шұрайлы шабындық, жасыл жайлау
есепсіз жыртылып, аң ауып, құс ұясы бұзылды. Небір айнакөлдер тартьшып,
бұлақ кездері бекітілді.
Халықтың тағдырына да тыңның тегеуріні нендей "сый-лық" бергенін
жариялылықтың арасында ашық айта бастады. Туған халқымыздың әр перзентінің
осыған жаны ауырады деді Н.Ә.Назарбаев. Ал жазушы С.Жүнісов әңгімелейді: 1)
1955 жыл еді. Тың игерудің нағыз басталған шағы. Осы науқан елдің берекесін
қашырды. Жыртылмаған жер қалмады. Небір қасиетті орындар егіннің астыңда
рәсуа болды. Ауылдарда ұрлық көбейді. Құлпы жоқ үйлерді түгел көшіріп
әкеткен оқиғалар аз болмады. Ел бұзылды. Маскүнемдік етек алды. Қазақ
әйелдері аузына арақ ала бастады.
Қорыта келгенде 1954-1960 жылдары жалпы Совет одағында 42 млн. гектар жер
көтерілді. Мұның ішінде Қазақстанда 25 млн. гектар жаңа жер игерілді. Қазақ
ССР-ында тың игерудің көлемі мен тиімділігі жөнінде мына цифрлар айғақ бола
алады: тың игеру басталған 1954 жыддан 1978 жылға дейінгі мерзімге
Қазақстанда 438,9 миллион тонна астық өндіріліп, оның 252,2 миллион тоннасы
мемлекетке сатылды. Осы мерзімде Қазақстанның ауыл шаруашылығын, оның
ішінде тынды дамытуда 21,2 миллиард теңге жұмсалды.
Астык сату айналымынан 27,2 млрд. сом алынды. Сөйтіп жұмсалған барлық
еңбек пен шығьш барышпа қысқа мерзімге өтеліп, оның үстіне айтарлықтай
пайдаға да қол жетті.
Тың игерілгенге дейін республикамыздың мемлекетке астық сатудағы үлес
салмағы 4,6 процент мөлшерінде болса, 1978 жылы 12 процентке тең болды
немесе қазақтардан орта есеппен жылына 1 млрд. пүт дерлік астық тасылып
отырды. Республикада 2077 совхоз бен 415 колхоздың материаддық базасы
едәуір нығайды.
Тың жер Қазақстанның өндірістік күштерін дамытуға, оиың экономикасын,
ғьшымын, мәдениетінің өсуіне қуатты серпін берді.
Аса ірі өнеркәсіп тараптары пайда болды, жаңадан 90 қала соның ішінде
бүкіл елімізге өйгілі Рудный, Екібастұз, Ермак, Кентау, Арқалық, Ақтау бой
көтерді.
Жаңа станоктарды машиналармен, тракторларды Павлодар (Кереку) шығара
бастады.
Тың игеру үшін (1954-1959 жылдар) 1 млн. 450 мың адам, Қазақстанға қоныс
аударды, оған қоса өздігінен келіп, қазақтың жақсы жерлеріне қоныстанушылар
1 млн. адам еді. Әскери жабық қалаларға ведомствоаралық өктемдіктің
ұйғаруымен тағы сол сияқты құйтырқы әдістермен көшіп келгендер 1 млн. 300
мың адамнан асады.
Олар ең алдымен 1937 жылы сонау Қиыр Шығыстан 95 мың кәрістерді
отбасыларымен көшіріп әкедді. Олар негізінен Сыр мен Жетісу өңіріне
орнықты. Содан 1940-1941 жылдары Батыс шекарадан 105 мың поляктарды осында
жер аударды.
Соғыс басталысымен Еділ бойында ғасырдан астам қоныс теуіп отырған бір
миллионнан аса немісті шығысқа көшірді, соның 400 мыңы Қазақстанға келді.
Бұл үлкен кештің басы ғана еді. Қазақстанға қаулаған босқындар шеруі молая
түсті. Енді олар Кавказдан қопарылды. 1943 жылы екі мыңнан астам қалмақтар
мен 30 мың қарашайлар, 1944 жылы Қырым татарлары мен балкарлар (18 мыңнан
аса) осында өкелінді. Осы жылы ең саны көп екі халық қиянат-бейнеттен
кемпір шаддарын, шиетгей балаларын алып қақаған қыс ішіңде жүк таситын ағаш
вагондарға сығылысып (мындаған адам жолда жан тапсырды) қазақ жеріне 310
мың шешендер мен 79 мың ингуштер жер аударыдды.
Оларға қоса грекгер, курдтар, грузин-месхеттер, түріктер мың-мыңдап
айдалып әкелінді. Ең ақыры 1948-1956 жылдары бұрынғы "басмашылар" мен
"власовшылар" да осы Қазақстанға жіберілді ғой. Сонымен бас аяғы осылай
күшпен зорлықпен көшірілген халықтың саны 974 мыңға жетті. Бір миллион адам
қазақтың нан-суына ортақ болды. Оның үстіне соғыс кезінде жау қолында
қалған жерлерден бір жарым миллион адам жан сақтауға көшіп келді1. Сейтіп,
соғыс кезіңце сырттан, басқа жақтардан екі жарым миллион халық келіп қазақ
еліне қоныстанған. Өзі екі миллионнан асар аспас қазаққа екі жарым миллион
бөтен жүрт қосылғасын, араласқасын не болсын! Осының бәріне ақ көңіл, қонақ-
пейіл қазақ көнді, шыдады. Сол жат адамдармен түсінісіп тіл тауып, араласып
кетті. Ешқандай ұлтаралық жанжалдар болған емес. Кейін өз еліне қайтқан
шешендер бұрын Қазақстанда жүргенде Кавказ тауы түсімізге кіруші еді, енді
мұнда қазақ даласы түсімізден шықпайды дейтін болды. Олардың бәрі де қазақ
мейірбандылығын ұмытар емес.
3. Қазақстан аумағындағы ядролық сынақ аландары және ядролық сынақтардың
экологаялық зардаптары
1946-1990 жылдары Қазақстан территориясында Семей, Капустин яр, Азғыр
т.б. полигондар жұмыс істеді. Арнайы деректерге сүйенсек, ядролық сынақ
полигонының ең ірісі Семей полигоны болды. Қазақстан республикасына Кеңес
Одағынан мұра болып қалған Семей ядролық сынақ полигоны адамдар
денсаулығына, сондай-ақ аймақтың табиғи ортасына үлкен зардаптарын тигізді.
Семей полигонында плутоний бомбасының бірінші жарылысы 1949 жылғы 29
тамызда, демек тура 55 жыл бұрын болды. Сынақтар екі бірдей ұрпақтың өмірі
бойы жалғасып келдін Полигондағы 500 — ден астам құрылғылардың жарылыстары
Семей аймағы тұрғындарына ғана емес, соны мен қатар полигоннан алыста
жатқан жерлердің тұрғындарына да үлкен зардап әкелді.
Осы полигондағы 40 жылға созылған сынақтар кезінде 18 500 шаршы километр,
көлемінде жарылыстар болды, олардың қуаты 17 400 000 тринитротолуолға
баланады. 1949-1963 жылдар аралығында барлық 116 жарылыс ауада және жер
бетіңде жасалды. 1963 жылы Кеңес Одағы Ауада, ғарыш кеңестігінде және су
астында ядролық қаруды сынауға тыйым салу туралы Шартқа кол қойған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1939-1959 жылдар)
Соғыстан кейінгі Қазақстан ауыл шаруашылығы
Қызылорда облысының мәдени даму белестері (1946-1991 жж.)
Қазақстан ауыл-село тұрғындарының этнодемографиялық және әлеуметтік дамуы (1939 – 1979 жылдар)
Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1990ж.)
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі бенилюкс елдерінің жағдайы
Орталық Қазақстандықтардың 1940-1945 жылдардағы шаруашылығы
1946-1970 жылдардағы Қазақстан ауыр өнеркәсібіне инженер кардларды даярлау
Шығыс Қазақстанда өнеркәсіптердің шығарған өнімдері
Интеллектуалдық әлеует пен этномәдени өмірдің өзара ықпалдастығын зерделеу
Пәндер