Қорлардың мәні және олардың классификациясы



Кіріспе
1. Қорлардың мәні және олардың классификациясы
2. Қорлар есебінің жүйелері
3. Қорларды бағалау әдістері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қорлар есебі-бухгалтерлік есептің негізгі бөлігі болып табылады. Бухгалтер бухгалтерлік есептің теориясы мен іс-тәжірибесін жақсы білсе, ұйымдағы бухгалтерлік есептің толықтығы мен анықтығын ұйымдастыру оңайырақ болады. Іс-тәжірибеде қорлардың аудиті бухгалтерлік есепте үлкен рөл атқарады.
Қорларды есептеу сонымен қатар ұйымның барлық қорларының жалпы құнының негізінде жүзеге асырылуы мүмкін. Қорлардың құнын ішінара есептен шығару нәтижесінде іске асырылмаған пайда мен байланысты ысырапты есепке алу жүргізіледі. Батыс елдерінде сатудың таза құны (NRV) материалдық құндылықтардың шынайы құны анықталатын бағалау әдістерінің бірі болып табылады. Оны субъекті құндылықтарын нарықта сата отырып, бұл құнды қорларды сату жөніндегі субъект шығындарына түзету жолымен алады. Фирмалар қорларды бағалаудың жылдан жылға пайдаланатын әдісін таңдап ала алады.
Жақсы және дұрыс ұйымдастырылған есеп материалдардың түгел сақталуына, үнемді пайдаланылуына көмегін тигізеді.
1. Назарова В.Л. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп. Алматы : Экономика, 2009 ж.
2. Ержанов М.С. Аудит-І. Алматы : 2011 ж.
3. Бюллетень Бухгалтера № 1-5 (196), 2012 г.
4. Радостовец В.К., Рабдуллин Т.Р., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Кәсіпорындағы Бухгалтерлік есеп, Қазақстан - орталық аудиті тәуелсіз аудиторльқ компаниясы. А., 2011ж-410б.,
5. Байдаулетов М., Байдаулетов С.М. Аудит, А., Қазақ университеті. 2011ж-226б.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе
1. Қорлардың мәні және олардың классификациясы
2. Қорлар есебінің жүйелері
3. Қорларды бағалау әдістері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

 Қорлар есебі-бухгалтерлік есептің негізгі бөлігі болып табылады.
Бухгалтер бухгалтерлік есептің теориясы мен іс-тәжірибесін жақсы білсе,
ұйымдағы бухгалтерлік есептің толықтығы мен анықтығын ұйымдастыру оңайырақ
болады. Іс-тәжірибеде қорлардың аудиті бухгалтерлік есепте үлкен рөл
атқарады.
Қорларды есептеу сонымен қатар ұйымның барлық қорларының жалпы құнының
негізінде жүзеге асырылуы мүмкін. Қорлардың құнын ішінара есептен шығару
нәтижесінде іске асырылмаған пайда мен байланысты ысырапты есепке алу
жүргізіледі. Батыс елдерінде сатудың таза құны (NRV) материалдық
құндылықтардың шынайы құны анықталатын бағалау әдістерінің бірі болып
табылады. Оны субъекті құндылықтарын нарықта сата отырып, бұл құнды
қорларды сату жөніндегі субъект шығындарына түзету жолымен алады. Фирмалар
қорларды бағалаудың жылдан жылға пайдаланатын әдісін таңдап ала алады.
Жақсы және дұрыс ұйымдастырылған есеп материалдардың түгел сақталуына,
үнемді пайдаланылуына көмегін тигізеді.
Материалдық құндылықтардың есебі Қазақстан Республикасының
бухгалтерлік есебінің 2 Қорлар есебі бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес
жүргізіледі.
Бүгінде өңдеу шығындарының жылдан-жылға қарқындап өсіп келе жатқандығын
байқау қиын емес.
Бухгалтерлік есеп шаруашылықтың тыныс-тіршілігінің жағдайын
көрсететін болса, бухгалтерлік есептің анықтығын, тиімділігін қатаң талап
етіп, әділ баға беретін төрешісі. Шаруашылықтың бухгалтерлік есебі аудиттің
зерттеу объектісі болса, бухгалтерлік есептің сапасын, тиімділігін
арттырып, оны халықаралық өлшемдер мен стандарттарға негізделіп жүргізуге
жетелейді. Мен осы тақырыпқа жазған дипломдық жұмысымды қорытындылай келе,
тауарлы- материалды қорлардың есебі бухгалтерияда есепті жүргізу кезінде
өте маңызды рөл атқарады. Өйткені бұл синтетикалық шоттар бойынша
жүргізіледі. Жалпы жұмыс шоттар жоспары бухгалтерлік есептің негізгі
құжаттарының бірі болып табылады. Енді бухгалтерлер өздерінің ұйымдарындағы
есептерінде қажеттіліктің тууына байланысты, біріншіден халықаралық
стандарттарына сәйкес енгізілген жаңа типтік шоттар жоспарының дүниежүзі
бойынша бірегейлендіруге (унификациялауға) мүмкіндік береді. Қазіргі шоттың
өзгешелігі бір шот нөмірінде екі нәрсе белгіленеді.

1. Қорлардың мәні және олардың классификациясы
 
Болашақ экономикалық пайда - бұл кәсіпорынның ақша құралдарының тікелей
және жанама салымы мен ағымы. Бұл салым өндіріс үрдісіндегі активтерді
тұтыну мен сатып алу түріндегі кәсіпорынның негізгі қызметінің бөлігі
ретінде туындауы мүмкін (сауда саласындағы сату және сатып алу). Сонымен
қатар, ол ақша құралдарына немесе өнімнің өзіндік құнын төмендетуге
мүмкіндік беретін ақша құралдарының ағымын қысқартатын конветтелу формасын
қабылдай алады.
Бұл олардың көмегі арқылы көрсетілетін қызметтердің потенциалы немесе
пайдалылығы қорлардың кәсіпорындағы бақыланатын актив ретіндегі
классификациясын ақтайды. Әдетте, қорлар кәсіпорынның өндірістік циклында
қолма-қол  ақша құралдарына немесе басқа да активтерге айналады.
Кәсіпорынның өндірістік циклы - бұл өндірістік үрдіске кіретін уақыттың
орташа кезеңі арасындағы қорларды алу және оларды жылдам айналысқа түсетін
ақша құралдарына өткізу.
Бухгалтерлік балансты дайындау барысында қорларды әдетте ағымдағы
активтер ретінде келесі түрде классификациялайды:
А) олар кәсіпорын қызметінің операциялық бөлігі болып табылады және
кәсіпорынның өндірістік циклында олардың тұтынылуы және өткізілуі күтіледі;
Б) қысқа мерзімде саудалық мақсатта сақталады және олардың есептік
күннен 12 ай бойы өткізілуі күтіледі.
Кәсіпорындардың көбісі қорлардың тұрақты және сатып алынған түрлерін
ұстайды. Қор деңгейі әр түрлі болуы мүмкін. Ол өндірістің түрі мен сипатына
байланысты болады. Нақты бір тұтынушыға жұмыс атқаратын кәсіпорындар
қорлардың төменгі деңгейін сақтайды, олар тұтынушыларға өнімді дайын болған
кезде жеткізіп қамтамасыз етеді. Егер тауар тез бүлінетін болса, онда
кәсіпорындар өз қорларын азайтуға тырысады. Үлкен өндірістік циклы бар
кәсіпорындар аяқталмаған өндіріске үлкен көлемдегі сомаларды инвестициялай
алады. Кәсіпорын қандай болмасын қор деңгейін сақтаса да, бұл қымбат болуы
мүмкін. Себебі, ол өзіне қорларды сақтау, сақтандыру, кәсіпорынның
құлдырауы немесе ұрлануы, сонымен қатар құралдардың әрекетін тоқтату
бойынша қаржылық шығындарды қосады.
Өндірістік қорлар - бұл бір өндірістік цикл процесінде толықтай
тұтынылатын, өзінің құнын бірден өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік
құнына көшіріп, оның материалдық негізін құрайтын еңбек заттары.
Қорлар - бұл:
1) шикізат қорлары, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар мен
кешендік бұйымдар, отын, ыдыс, ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер және
өндірісте немесе жұмыстарды, қызметтерді орындау кезінде пайдалануға
арналған өзге материалдар.
 2) аяқталмаған өндіріс.
 3) субъектінің қызмет барысында сатуға арналған дайын өнім, тауар
түріндегі активтер.
        Материалдар есебін дұрыс және тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз
ету үшін қажеттісі:
- материалдық тауардың бірегей номенклатурасын әзірлеу
- құжат айналымының айқын жүйесі және қорларды кірістеу және шығару
жөніндегі операцияларды рәсімдеу тәртібін сақтау
- бастапқы құжаттардың есептік нысандарын біркелкі қалыпқа келтіру
- қорларға тұрақты түрде түгендеу жүргізу
- бухгалтериядағы материалдардың есебі учаскесін компъютерлендіру
Өндірістік қорлар функционалдық бағыты бойынша былайша бөлінеді:
1. Шикізаттар мен материалдар - бұл өнім әзірленетін еңбек заттары.Олар
өнімнің материалдық негізін қалайды. Ауыл шаруашылығы мен өндіруші
өнеркәсіптің өнімдері.
2. Негізгі материалдар - бұл ұсатушы өнеркәсіптің өнімдері.
3. Көмекші материалдар - бұл шығарылатын өнім құрамына енетін
материалдар, бірақ негізгі материалдардан ерекшелігі – өнімнің заттық
негізін қаламайды.
4. Сатып алынған жартылай фабрикаттар мен жинақтаушы бұйымдар - бұл
белгілі бір өңдеу сатыларынан өткен, бірақ әлі дайын өнім болып
табылмайтын шикізат пен материалдар.
5. Отын - бұл мұнай өнімдері, қуатты отын және газ. Олар:
-технологиялық;
-қозғалтқыш;
-шаруашылық болып бөлінеді.
6. Ыдыс және ыдыс материалдары - бұл әртүрлі материалдарды буып-түюге,
тасымалдауға, сақтауға пайдаланатын заттар.
7. Өзге материалдар - бұл өндіріс қалдықтары, түзілмейтін ақаудан
қайтарылатын қалдықтар, негізгі құралдар шығарылуынан алынған
материалдық құндылықтар.
Қорлардың барлық түрлерінің есебі 1300 - Қорлар бөлімшесіні негізгі,
активтік, инвентарлық шоттарында жүргізіледі.
1310 - Шикізаттар мен материалдар
1320 - Дайын өнім
1330 - Тауарлар
1340 - Аяқталмаған құрылыс
002 - Жауапты сақтауға қабылданған қорлар 
003 - Қайта өңдеуге қабылданған материалдар
005 - Монтаждауға қабылданған жабдықтар
Қорлардың түсуі мен шығыны тұрақты негізде есептеліп отырады, яғни
қорлардың қозғалысын бақылап отыру үшін әр күн сайын орындалады. Қорлардың
әрбір атауына жеке шот жүргізіледі. Сатып алу осы шоттардың дебетінде
көрсетіледі. Қорлардың кез келген түрі өндіріске берілетін болса, соған
сәйкес қор шоты аударылған қорлар сомасына кредиттеледі. Дәл осы сома
өткізілген өнімнің өзіндік құны шотында дебеттеледі.
Салыстыру мақсатында қолданылмаған қорларды есептеу (инвентаризациялау)
жүзеге асырылуы мүмкін. Егер инвентаризациялау мен үздіксіз есеп
мәліметтерінің арасында ауытқулар пайда болса, онда кезең соңында үздіксіз
есеп жүйесінде инвентаризациялау сомасы көлеміне дейін түзетулер
енгізіледі. Осылайша, үздіксіз есеп жүйесі арқылы қолданылатын және кезең
соңында қалған қалдықтардың санын қадағалап отыруға болады. Үздіксіз есеп
жүйесі бухгалтерлік есептің ішкі бақылауының жоғарғы деңгейін қамтамасы
етеді, сонымен қатар ол есепте көрсетілген сомалар мен тауарлардың фактілік
саны арасындағы айырмашылықты тұтынушыға анықтап көрсетіп отырады. Барлық
есептік кезең бойынша қорлардың өткізу өзіндік құны және қорлардың нақты
түрлерінің қоймада болуы мәлімденеді.
Қорлардың кезеңдік есебі. Қорлар есебі біркелкі жүргізілмейді, олар
физикалық қайта санау (дана, лтр, тонна, т.б.) әдісі бойынша кезең соңында
есептеледі. Қорларды сатып алу Сатып алулар синтетикалық шотының дебеті
бойынша көрсетіледі, ол біруақыттық шоттарға (ауыстырылған) кредиттеледі.
Келесі формула арқылы есептеледі:
Қорлардың есептік кезең басына қалдығы + сатып алынған қорлар =
өткізуге дайын қорлардың өзіндік құны - қорлардың есептік кезең соңына
қалдығы  = өткізілген қорлардың өзіндік құны
Есептегі кезеңдік жүйенің ыңғайлылығының мәні оның канцелярлық жұмыс
көлемін азайтуында. Кезеңдік жүйені шағын кәсіпкерлікте қолданған жөн,
бірақ ұлттық бухгалтерлік есеп шегіндегі кезеңдік жүйе  үшін арнайы қосымша
синтетикалқ шоттарды енгізуге тура келеді.
Есептік кезең соңында үздіксіз есеп жүйесін қолдану барысында табыстың
өзіндік құнына қатар қою жолымен өнімді өткізуден түскен табыс балансы
жасалады.  Өнімді  өткізуден түскен табыс көрсеткіштері Шығыстар мен
Кірістер Есебіне аударылады, аралық қорытынды  негізінде өткізуден түскен
жалпы табыс есептеліп шығарылады.
Шығындарды көшірудің тұрақты немесе кезеңдік жүйесін, сонымен қатар
қорларды бағалау әдістерінің бірін таңдау және оны есептік саясатта
жариялау көптеген факторларға байланысты болады: ұйымдастыру формалары,
ұсыныс пен сұраныс динамикасы, баға конъюнктурасы, қаржылық және
дивидендтік саясаты. Осылайша, үздіксіз есеп жүйесі арқылы қолданылатын
және кезең соңында қалған қалдықтардың санын қадағалап отыруға болады.
Қорлардың мәнін және олардың классификациясы бөлімшесінде біз қорлар
дың халықаралық қаржылық есеп стандарттарына сәйкес анықтамасы мен
классификациялануын, олардың кәсіпорындағы маңызын толықтай ашып,
қорытындылай келе  қорлар есебінің жүйелері деп аталатын келесі бөлімшеге
назар аударайық.
 

2 Қорлар есебінің жүйелері
 
Қорлардың түсуі мен шығыны тұрақты негізде есептеліп отырады, яғни
қорлардың қозғалысын бақылап отыру үшін әр күн сайын орындалады. Қорлардың
әрбір атауына жеке шот жүргізіледі. Сатып алу осы шоттардың дебетінде
көрсетіледі. Қорлардың кез келген түрі өндіріске берілетін болса, соған
сәйкес қор шоты аударылған қорлар сомасына кредиттеледі. Дәл осы сома
өткізілген өнімнің өзіндік құны шотында дебеттеледі.
Салыстыру мақсатында қолданылмаған қорларды есептеу (инвентаризациялау)
жүзеге асырылуы мүмкін. Егер инвентаризациялау мен үздіксіз есеп
мәліметтерінің арасында ауытқулар пайда болса, онда кезең соңында үздіксіз
есеп жүйесінде инвентаризациялау сомасы көлеміне дейін түзетулер
енгізіледі. Осылайша, үздіксіз есеп жүйесі арқылы қолданылатын және кезең
соңында қалған қалдықтардың санын қадағалап отыруға болады. Үздіксіз есеп
жүйесі бухгалтерлік есептің ішкі бақылауының жоғарғы деңгейін қамтамасы
етеді, сонымен қатар ол есепте көрсетілген сомалар мен тауарлардың фактілік
саны арасындағы айырмашылықты тұтынушыға анықтап көрсетіп отырады. Барлық
есептік кезең бойынша қорлардың өткізу өзіндік құны және қорлардың нақты
түрлерінің қоймада болуы мәлімденеді.
Есептік кезең соңында үздіксіз есеп жүйесін қолдану барысында табыстың
өзіндік құнына қатар қою жолымен өнімді өткізуден түскен табыс балансы
жасалады.  Өнімді  өткізуден түскен табыс көрсеткіштері Шығыстар мен
Кірістер Есебіне аударылады, аралық қорытынды  негізінде өткізуден түскен
жалпы табыс есептеліп шығарылады.
Қоймадан тізілім бойынша келіп түскен құжаттар алдын ала жинақталғаннан
кейін таксалауға беріледі. Одан кейін құжат деректері кәсіпорында
белгіленген есептік топтар бойынша топтастырылады. 1300 және 1330
Тауарлар  - бөлімшелерінің шоттары бойынша қорлардың кірісі мен шығысы
бойынша жүретін, материалдардың талдамалы есебінің жинақтаушы ведомоста
әрбір топ бойынша сомалық өлшеммен көрсетіледі:
А) өткен айдағы ведомоста алынған ай басындағы қалдық;
Ә) құжаттарды өткізу тізімінен ай ішіндегі топ бойынша қорлардың
кірісі;
Б) құжаттарды өткізу тізімінен ай ішіндегі топ бойынша қорлардың
шығысы;
В) есептеу жолымен анықталған ай соңындағы қалдық.
Жинақтау ведомосы бухгалтерия мен қойма есебінің деректерін салыстыру
үшін пайдаланылды. Қойма есебі материалдардың талдамалы есебі және
карточкалары және қалдықтар есебінде  жүргізіледі. Қалдықтар туралы
деректер сәйкес келу керек, өйткені қоймадағы жазулар  бір ғана құжаттардың
негізінде жүргізілген. Бухгалтерияда жинақтау ведомостының немесе қорлардың
қалдығы мен қозғалысы туралы есептеменің негізінде Қорлардың ақшалай
өлшемдегі қозғалысы деген ведомосы жасалады. Жүкті қабылдаған кезде
жетіспеушілік анықталатын болса, онда шығын сомасы акт негізінде Дт 1280 Кт
3310 болып жазылады. Егер қорлардың жетіспеушілігі шотты төлеуге келіскенге
дейін анықталса, онда шығын сомасын шотты төлеуге келіскен сомадан
төмендетеді. Есепті айда келіп түскен қорлар әрбір жеткізілім бойынша
жекелей көрсетіледі. Дебеттелетін шоттарының бағандарында нақты құнның
орнына есептік бағасы бойынша келіп түскен қорлардың құнын жазады.  Төлем
мен есептен шығарудфы қорлардың келіп түсуі, жұмыстар мен қызметтердің
қабылдануы туралы деректер жазылатын жолдар бойынша, яғни жеткізушілер мен
мердігерлерге тиісті сомалар көрсетілетін жерлерде көрініс табады. Шоттар
қорлардың келіп түскенге дейін төленетін жағдайда шоттар бойынша сома
тиісті тіркелімдердің Дт 1610 немесе 2180 бойынша көрсетіледі. Егер бұрын
жолдағы қорлар деп есептелген қорлар шоттар төленген айда келіп түссе,
олардың құгы жай тәртіппен көрсетіледі. Ай соңында Кт бойынша 3310 бойынша
жиыны корреспонденцияланатын шоттар бойынша есептеліп шығарылады және бас
кітапқа көшіріледі.
Қорлардың өндірістегі жұмсалуына алдын ала және кезекті бақылаулар
жүзеге асырылады. Алдын ала бақылау кезінде материалдарды өндіріске босату
әзірленген лимиттер бойынша жүзеге асырылады. Есепті айға материалдар
шығысының лимитті материалдардың жекелеген түрлері бойынша белгіленген
шығыс нормасын орындалған жұмыстардың жоспарлы көлеміне көбейту жолымен
анықталады. Бұл орайда лимиттік шектеу картасы толтырылады. Материалдарды
шектен тыс босату немесе материалдардың бір түрін басқасына алмастыру жеке
құжатпен рәсімделеді.
Қорлардың өндірісте пайдаланылуын одан әрі бақылау үшін мынадай әдістер
қолданылады:
Нормадан ауытқуды рәсімдеу құжаты
Топтамалар бойынша қаптау есебі
Инвентарлық әдіс
1 – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоспарлау мен бақылау үшін шығын классификациясы
Қаржылық талдау
Негізгі өндірістік қорлар құрылымы
Кәсіпорынның өндірістік қуаты
Қорлар есебінің жүйелері
Әлем экономикасы
Табиғи қорлар классификациясы
Кәсіпорын қызметіндегі айналым капиталының мәні мен ролі туралы
Сурдотифло педагогика Олигофрено педагогика
Кәсіпорын қызметіндегі айналым капиталының мәні мен ролі
Пәндер