Қоршаған ортаны ластаушы заттар (табиғи, жасанды)



1. Қоршаған ортаны ластаушы заттар (табиғи, жасанды)
2. Пайдалы қазбалар, химиялық өнеркәсіп шикізаты.
3. Өндіріс қалдықтарының қоршаған ортаға әсері.
Қолданылған әдебиеттер
Қазақстанның бірден бір басты байлығы – бұл пайдалы қазбалары. Қазақстан пайдалы қазбаларының қоры бойынша әлемде 6-шы орынды алады. Д.И.Менделеевтің химиялық элементтер кестесінің 110 элементінен Қазақстанның жер қойнауында 99 элемент айқындалған, 70 барланған, табылғаны және пайдаланылып жатқаны 60: мұнай, газ, мырыш, вольфрам, боррит, күміс, қорғасын, хромиттер, мыс, флюориттер, молибден, алтын. Қазақстан Республикасының минералды-шикізат базасы 5004 кен орнынан тұрады, олардың болжамды құны 46 триллион АҚШ доллары шамасында.
Қазақстан әлемдік масштабта қазірдің өзінде вольфрамның ірі өндірушісі болып табылады, ал оның қоры бойынша әлемде бірінші орын алады, екінші орынды – хром және фосфор кендерінің қорлары бойынша, төртінші орынды – қорғасын мен молибден, сегізінші орынды - Бразилия, Австралия, Канада, АҚШ, Индия, Ресей және Украинадан кейін темір рудаларының жалпы қорлары бойынша (16,6 миллиард тонна) алады.
1.Мукатаева Ж.С. Химиялық экология практикумы.-Алматы,2010.-85 б.
2.Исидоров В.А. Экологическая химия: Учебное пособие для вузов. – СПб: Химиздат, 2001.-304с
3. Скурлатов Ю.И., Дука Г.Г., мизити А. Введение в экологическую химию:
Учебное пособие для хим. и хим.-технолог.спец.вузов-М.: Высшая школа, 1994.-309с
4. Панин М.С. Химическая экология: учебник для вузов.- Семипалтинск, 2002.- 825с.
5. Богдановский Г.А. Химическая экология: Учебное пособие. – М., 1994. -225с.
6. Беспамятнов Г.П. предельно-допустимые концентрации химических веществ в окружающей среде. – Л.: Химия, 1985. -528 с.
7. Скурлатов Ю.И., Дука Г.Г., Мизити А. Введение в экологическу химию. – М.: высшая школа, 1994.-399с
8. Орлов Д.С. Экология и охрана биосферы при химическом загрязнении.- М.: Высшая школа, 2002.-334с
9. Корте Ф. Экологическая химия.-М.: Мир, 1997.-396с

Жоспар:
1. Қоршаған ортаны ластаушы заттар (табиғи, жасанды)
2. Пайдалы қазбалар, химиялық өнеркәсіп шикізаты.
3. Өндіріс қалдықтарының қоршаған ортаға әсері.

Табиғи ресурстары және қоршаған орта
Қазақстанның бірден бір басты байлығы - бұл пайдалы қазбалары. Қазақстан пайдалы қазбаларының қоры бойынша әлемде 6-шы орынды алады. Д.И.Менделеевтің химиялық элементтер кестесінің 110 элементінен Қазақстанның жер қойнауында 99 элемент айқындалған, 70 барланған, табылғаны және пайдаланылып жатқаны 60: мұнай, газ, мырыш, вольфрам, боррит, күміс, қорғасын, хромиттер, мыс, флюориттер, молибден, алтын. Қазақстан Республикасының минералды-шикізат базасы 5004 кен орнынан тұрады, олардың болжамды құны 46 триллион АҚШ доллары шамасында.
Қазақстан әлемдік масштабта қазірдің өзінде вольфрамның ірі өндірушісі болып табылады, ал оның қоры бойынша әлемде бірінші орын алады, екінші орынды - хром және фосфор кендерінің қорлары бойынша, төртінші орынды - қорғасын мен молибден, сегізінші орынды - Бразилия, Австралия, Канада, АҚШ, Индия, Ресей және Украинадан кейін темір рудаларының жалпы қорлары бойынша (16,6 миллиард тонна) алады.
Қазақстанда қазіргі кезде мұнай мен газдың тек 160 кен орны барланған, ал өндірілетін мұнай қорлары 2,7 миллиард тоннаны құрайды. Алайда осы кен орындарының барлығы емес, тұтас бассейндерді айтпағанда, оларды ебін тауып қолдану және пайдалану жағдайында ғана пайдаға асырылады. Қазақстан өзінің мұнай әлеуеті бойынша Сауд Аравиясы, Кувейт, Біріккен Араб Эмираттарына жол бермеуші еді. Соңғы жылдары ғарыштан түсірулер, сондай-ақ жерүсті зерттеулері Каспий теңізі жағасындағы Батыс Қазақстанда басты қолданыстағы мұнай кен орындары - Теңіз, Прорва, Қаламқас, Қаражанбас - өзегі Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде орналасқан, жалпы қорлары өте әсерлі мөлшерде 3-3,5 миллиард тонна мұнай және 2-2,5 триллион кубометр газға бағаланатын алымды мұнай сілемдерінің тек шеті екенін ұйғаруға мүмкіндік береді.
Бүгінгі күнгі Қазақстанда алтынның 300-ға жуық елеулі кен орындары болжалынады, олардың 173 әбден барланған. Солардың ішінде зергерлік сападағы алмаздарын да беретіні бар. Маңызды инвестициялау барысында Қазақстан шынымен-ақ бірнеше жылдан кейін жылына алтынның 100 тоннасын өндіруге жағдайы бар, ал бүгін өзінің жерасты қорларының 1% ғана өндіреді және бұл әлемде 6-шы орында болуға құқық береді.
Аумақта 100-ден астам көмір кен орындары барланған, солардың ең ірісі бұрғылаукөмір қабаттарының үлкен қуатымен ерекшеленетін Екібастұз кен орны, және 50 миллиард тоннадан астам кокстенген көмір қорлары бар Қарағанды көмір бассейні. Жұмыстарының ең үздік жылдары көрсетілген бассейндер тас көмірінің тек 131 миллион тоннасын өндірген.
Қазақстан химиялық шикізат қорларымен де бай: калий және басқа тұздардың, борат, бром қоспаларының, сульфат, фосфорит, лакбояу өнеркәсібі үшін ең түрлі шикізаттардың ең бай сілемдері бар. Полиметалл кендерінің құрамындағы күкірт колчеданның аса мол қорлары күкірт қышқылы мен экономикаға өте маңызды басқа да химиялық өнімдердің өндірісін кең ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Мұнайхимиялық синтез өнімдерінің барлық түрлерін (әсіресе этилен, полипропилен, каучук), синтетикалық жуу құралдары мен сабын, азықтық микробиологиялық белок, химиялық талшық пен жіп, синтетикалық смола мен пластикалық масса, цемент өндіру бойынша шектелмеген мүмкіндіктері бар.
Қазақстан шыны және фарфорфаянс өнеркәсібі үшін бай шикізат ресурстарымен иелік етеді. Анағұрлым сирек құнды асылтастар, ең түрлі құрылыс және қаптайтын материалдар өздерінде оның жер қойнауы мен тауларының құрамында. Қазақ Жерінің басқа да таусылмайтын байлығы әзірше кең қолданыс таба алмаған минералды, емдік, өнеркәсіптік және терминалдық суларын атауға болады.
Қоршаған орта. Кен өндіру қоршаған ортаға елеулі әсерін тигізіп отырады, және біздің мақсатымыз өндірістік қызметімізді жүргізу барысында да, ол аяқталған соң да зиянды әсерді басқара білу және оны азайту болып табылып отыр. Ол энергияны, су мен өзге де ресурстарды ұтымды пайдалануды; атмосфераға, маңайдағы аумаққа және су нысандарына парниктік газдардың, өндіріс қалдықтарын және зиянды заттардың таралуын азайтылуын, сондай-ақ жауапкершілікпен басқаруды және жердің биологиялық алуан-түрлілігін сақтап қалу жолында жер ресурстарын қалпына келтіруді білдіреді.
Біздің бөлімшелеріміз жүзеге асырып келе жатқан ТҚТЕҚҚО интерграцияланған жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде, біз қызметімізден қоршаған ортаға келетін зияндылық әсері көрсеткіштерін жүйелі түрде анықтап алып, бақылауда ұстау жөніндегі шараларымызды ендіріп отырмыз, әрі өндірістік шешімдер қабылдағанда оларды ескеріп отырамыз. Экологиялық аудит бағдарламасы біздің экологиялық көрсеткіштерімізді жақсартуға негіз бола алады және де сол саладағы прогресті қадағалауға септігін тигізеді.
Компания пайдаланылған су, қалдықтар, күл мен шлактар сияқты қоршаған ортаға тарайтын эмиссиялар үшін міндетті төлемдер жасап отырады, және тоқсан сайын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға есеп беріп тұрамыз. Уәкілетті органдардың тарапынан біздің кәсіпорындарымызда табиғатты қорғау заңнамасының сақталуы нысанасына инспекциялық тексерістер өткізіліп отырады.
2. Қоршаған ортаны ластаушы заттар (табиғи, жасанды). Өндірістің қарқындап дамуына және отын түрлерін кең масштабта жағуға байланысты атмосферадағы бос оттектің қоры азайып, ал көмірқышқыл гаазының мөлшері жоғарылауда. Нәтижесінде табиғаттағы көміртектің айналымы бұзылды деуге болады. Академик А.П. Виноградов зерттеулер нәтижесінде көмірқышқыл газының концентрациясы жыл сайын 0,2% -ға ұлғайып отырғанын анықтады. Адамзат қоғамында адам баласы отты ең адғаш рет қолданған күннен бастап осы күнге дейін түрлі жану процестерінде 273 млрд.тонна оттегі жұмсалған болса, соның 246млрд.тоннасы, яғни (90%-ға жуығы) соңғы жарты ғасырда ғана жұмсалған. Көміртек айналымының бұзылуы мен атмосферада көмірқышқыл газының концентрациясының жоғарылауы Жердегі барлық химиялық теп-теңдікке үлкен әсер етеді. Атмосфера табиғи және жасанды (антропогендік) жолмен ластанады.
Табиғи ластану. атмосферада үнемі белгілі мөлшерде шаң болады. Шаң табиғатта жүретін табиғи процестер нәтижесінде түзіледі.
Табиғи ластанудың бір түрі космостық шаң атмосферадағы жанған меториттер қалдықтарынан түзіледі, 1 жыл ішінде оның мөлшері 2-5 млн тоннаға дейін жетеді. Табиғи шаң жер атмосферасының негізгі құрам бөлігі болып саналады. Табиғи шаң бөлшектері органикалық немесе бейорганикалық болуы мүмкін, олардың радиусы шамамен 10-3-10-4 см болады және жануарлардың қалдықтарының шіру, ыдырау өнімдерін түзіледі. Мұхит үстіндегі ауа атмосферасында магний, натрий, кальций тұздарының майда кристалдары болады, олар су шашырандылары ауада құрғап қалғанда түзіледі. Әдетте табиғи жолмен ластану биогеоценоздар мен онда тіршілік ететін организмдер үшін аса көп зиян келтірмейді. Атмосфералық шаң Жер бетінде жүретін кейбір процестер үшін белгілі роль атқарады. Ол су буларының конденсациялануы үшін, олай болса, жауын-шашынның түзілуіне әсер етеді. Бұнымен қатар күн радиациясын сіңіріп тірі организмдерді күннің зөиянды сәулелерін қорғайды. Академик В.И.Вернадский атмосфералық ауа планетамыздың химиясында маңызды роль атқарады деп жазды.
Жасанды ластану. Атмосфераны ластаушылардың ең негізгілері транспорт түрлері, әсіресе машиналардың жанармайларының жану өнімдері болып табылады. Француз ғалымы Ж.Дертридің есептеулері бойынша, автомобильдерден бөлінген газдардың құрамында көмірқышқыл газы - 9%, көміртек оксиді - 4%, көмірсутектер - 0,5%, оттек - 4%, сутек -2%, альдегидтер - 0,004, азот оксидтері - 0,06%, күкірт оксидтері - 0,006%, барлығы 200 ге жақын компоненттер бар екенін анықтады. Қоршаған ортаға көміртек, күкірт және азот оксидтерімен бірге бензиннің құрамына кіретін канцерогенді заттар, мысалы 3,4 - бензопирен мен қорғасын өте зиянды әсер етеді. Атмосфераға трансчпорттармен бөлінген газдардың құрамына 25-27 % қорғасын болатыны анықталған. Және оның 40% диаметрі 5 мкм ге дейін болатындықтан бүкіл әлемде шамамен 500 млн аса машина жүріп тұрса, үлкен қалалардағы атмосфералық ауаның тазалығын сақтау адамзат үшін қаншалықты маңызды екені түсінікті. Мысалы, Лос-Анджелес қаласының ауасын үнемі 2,5 млн автомобиль, Парижде - 900 мың, т.с.с. ластайды. Ал әрбір мың автомобильден күнініе ауаға 3000 кг көміртек оксидтері, т.с.с. отынның толық емес жану өнімдері бөлінеді. Бұл физико-химиялық қоспалар тыныс алу кезінде адам мен жануарларға аса зиянды болып табылады.
Ауа бассейінің күкіртті газбен және шаңмен ластаушы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндіріс бөлмелеріндегі зиянды заттар
Адамзат - тірі табиғаттың дамуының жалғасы
Биосфераның ластануы жайлы
Табиғи ресурстардың классификациясы Кейбір қоршаған ортаны ластаушы заттардың тірі организмдерге әсері туралы ақпарат
Топырақ жамылғысына таралуы
Қалдықсыз және аз қалдықты технологияларды өндірісте пайдалану өзектілігі
Қоршаған ортаны қорғау бөлімі
Бейорганикалық элементтердің экологияға тигізер әсері
Қала топырағы
ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Пәндер