В. И. Вернадский



I. Кіріспе
1.1. В. И. Вернадский
II. Негізгі бөлім
2.1. В.И Вернадскийдің биосфера және ноосфера концепциясы жайындағы ілімдері.
2.2. Биосфера шекаралары
2.3. Биосфера және космос
2.4. Тірі заттың негізгі қасиеттері
2.5. Ноосфера. Ноосфераны зерттеген ғалымдар
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
В.И.Вернадский биосфера және де ноосфераны көп зерттеген ғалымдардың бірі. Ол биосфера деп планетаның тіршілік бар немесе болған, үнемі тірі ағзалардың әсеріне ұшырайтын не ұшыраған бөлігін айтады. Ағзалардың маңызы олардың алуантүрлілігімен, барлық жерлерде таралуымен, жер тарихындағы тіршілік ұзақтығымен, биохимиялық қызметінің таңдамалы сипатымен және табиғаттың басқа компоненттеріменсалыстырғанда химиялық белсенділігінің жоғары болуымен анықталады.
В.И.Вернадский планетадағы ағзалардың барлық жиынтығын тірі зат деп атады. Оның негізгі сипаттамасы ретінде массаның, химиялық құрамы мен энергиясының жиынтығын қарастырады.
1.Мукатаева Ж.С. Химиялық экология практикумы.-Алматы,2010.-85 б.
2.Исидоров В.А. Экологическая химия: Учебное пособие для вузов. – СПб: Химиздат, 2001.-304с
3. Скурлатов Ю.И., Дука Г.Г., мизити А. Введение в экологическую химию:
Учебное пособие для хим. и хим.-технолог.спец.вузов-М.: Высшая школа, 1994.-309с
4. Панин М.С. Химическая экология: учебник для вузов.- Семипалатинск, 2002.- 825с.
5. Богдановский Г.А. Химическая экология: Учебное пособие. – М., 1994. -225с.
6. Беспамятнов Г.П. предельно-допустимые концентрации химических веществ в окружающей среде. – Л.: Химия, 1985. -528 с.
7. Скурлатов Ю.И., Дука Г.Г., Мизити А. Введение в экологическую химию. – М.: высшая школа, 1994.-399с
8. Орлов Д.С. Экология и охрана биосферы при химическом загрязнении.- М.: Высшая школа, 2002.-334с
9. Корте Ф. Экологическая химия.-М.: Мир, 1997.-396с

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
I. Кіріспе
0.1. В. И. Вернадский
I. Негізгі бөлім
0.1. В.И Вернадскийдің биосфера және ноосфера концепциясы жайындағы ілімдері.
0.2. Биосфера шекаралары
0.3. Биосфера және космос
0.4. Тірі заттың негізгі қасиеттері
0.5. Ноосфера. Ноосфераны зерттеген ғалымдар
I. Қорытынды
II. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
В.И.Вернадский биосфера және де ноосфераны көп зерттеген ғалымдардың бірі. Ол биосфера деп планетаның тіршілік бар немесе болған, үнемі тірі ағзалардың әсеріне ұшырайтын не ұшыраған бөлігін айтады. Ағзалардың маңызы олардың алуан түрлілігімен, барлық жерлерде таралуымен, жер тарихындағы тіршілік ұзақтығымен, биохимиялық қызметінің таңдамалы сипатымен және табиғаттың басқа компоненттеріменсалыстырғанда химиялық белсенділігінің жоғары болуымен анықталады.
В.И.Вернадский планетадағы ағзалардың барлық жиынтығын тірі зат деп атады. Оның негізгі сипаттамасы ретінде массаның, химиялық құрамы мен энергиясының жиынтығын қарастырады.
В.И.Вернадский тұжырымдаған константылық заңы бойынша: биосфераның тірі затының мөлшері тұрақты шама болып табылады.
Тірі заттың жалпы массасы 1,8-2,5*1012т бағаланып, ол биосфера массасының (3*1018т) тек болмашы бөлігін ғана құрайды. Егер тірі затты планета бетімен біртегіс етіп орналастырсақ оның қалыңдығы, бар болғаны 2 см болады. Жердің бетін өзгертуші маңызды фактор тіршілік болып табылады. Оның ерекшелігі тек химиялық реакциялардың жылдамдығына ғана байланысты емес, кейбір реакциялар қалыпты температура мен қысым да, ағзадан тыс жүрмейді.
В.И.Вернадский биосфераның Жердің ғаламдық бір тұтас жүйесі ретіндегі көзқарасты жасады. Бұл жүйеде геохимиялық және энергетикалық өзгерістердің жүруі тіршілікпен анықталады. В.И.Вернадский тірі ағзалардың геологиялық рөлі туралы ілімнің негізін қалады.
Жердің биосферасы ғаламдық ашық жүйе болып табылады. Оның кіруі-бұл космостан
Келетін күн энергиясының ағыны, ағзалардың тіршілік қызметінде түзілген заттар.
Жер планета ретінде табиғат жағдайларының алуантүрлілігімен сипатталады. Бұл оның шар тәрізді пішінімен, Күнді және өзінің өсінен айналуымен анықталады.
Биосфераның маңызды ерекшеліктерінің бірі ондағы судың болуы. Биосфераның тағы бір белгісі - оның космоспен тығыз байланыстылығы .
Биосфераның шекаралары. 1926 жылы В.И.Вернадский биосфераның шекаралары туралы мәселені қойды.
1. көмірқышқыл газы мен оттегінің жеткілікті мөлшерде болуы.
2. судың жеткілікті болуы
3. температуралық режим тым жоғары және тым төмен болмауы керек.
4. минералдық қоректену элементтерінің жеткілікті болуы.
5. су ортасының белгілі бір тұздылығы.

Қазіргі кезде тіршілік жер қыртысының жоғарғы бөлігінде (литосфера), жер атмосферасының төменгі қабаты (тропосфера) және Жердің сулы қабықшасында (гидросфера) таралған.
Литосферада тіршілікті ең алдымен тау жыныстары мен жер асты суларының температурасы шектейді. Ол тереңдікке байланысты артады да, 1,5-15 км тереңдікте +1000С-дан асады. Жер қыртысында бактерияларды табуға болатын тереңдік-4 км. Мұнай кен орындарында 2-2,5 км тереңдікте бактериялардың саны біршама көп болады. Мұхиттарда тіршілік 10-11 км тереңдікке таралады. Атмосферадағы тіршіліктің жоғарғы шекарасы биіктікке байланысты ультракүлгін радиацияның артуымен анықталады. Озон қабаты күннің ультракүлгін сәулелерінің көп бөлігін 22-25 км биіктікте сіңіреді. Бактериялар мен саңырауқұлақтардың споралары 20-22 км биіктен табылады.
Биосферадағы тіршіліктің таралуы біртекті емес. Тірі заттың шоғырлануы, негізгі орталардың бөліну шекарасында-топырақта, яғни литосфера мен атмосфераның арасында, мұхиттың жоғарғы қабаттары, су қоймаларының түбінде, әсіресе-литоральда (лат. тілінен аударғанда Litoralis-жағалау)-толысу кезінде су астында қалатын және қайту кезінде құрғайтын теңіз түбінің белдеуінде өте көп жоғары болады.
Тірі ағзалар ортаның химиялық жағдайларының кең диапазонында тіршілік ете алады. Жердегі алғашқы тіршілік иелері оттексіз ортада өмір сүрген. Анаэробты зат алмасу қазіргі ағзаларға, соның ішінде көп жасушалы ағзаларға тән.
Биосфера және космос. Тіршілік космостық құбылыс болып табылады. Биосфераның космостық ортрасы тіршілікке қажетті қолайлы экологиялық жағдайларды анықтайтын күн энергиясының көзі болып табылады. Биосфераны қауіпті космостық сәулеленуден магнит өрісі мен озон қабаты қорғап тұрады.
Ұзақ уақыт бойы Күннің биосфераға әсері фотосинтез процесімен, жердегі белгілі бір жылу режимін ұстап тұрумен шектеледі деп есептеліп келді.
Күн сәулесі ғаламдық экожүйенің тіршілігіне күшті әсер етеді.
Космос сәулелерінің құрамында протондар (сутегі ядролары) көп, шамамен барлық бөлшектердің 90 пайызы. Гелий ядролары шамамен 10 есе кем, ал барлық басқа ядролардың үлесіне шамамен 1 пайыз келеді.
Тірі ағзалар Жердің геомагниттік өрісінің өзгеруіне жауап береді. Адам ағзасында ми қыртысындағы қозу мен жүрек соғуының жиілігі, қан қысымының деңгейі, қанның құрамы өзгереді. Жарықтық және дыбыстық тітіркендіруге жауап беру, зейін төмендейді.
Озон қабаты биосфераны космос сәулелерінен қорғайды. Стратосферада озон (О3) күн радиациясының ультракүлгін сәулелерін сіңіреді. Мұндай қорғансыз сәулелер биосферадағы бүкіл тіршілікті жойып жібереді. Озон стратосферада ультракүлгін сәулелердің әсерінен молекулалық оттегінің бос оттегі атомдарының ыдырауы нәтижесінде түзіледі. Оттегі мен озон арасында тепе-теңдік орын алады.
Бірақ ластаушы заттар озонның ыдырауын жылдамдатып, реакцияның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
В. И. Вернадский мен А. Л. Чижевскийдің еңбектері туралы ақпарат
Вернадскийдің ноосфера туралы концепциялары
Биосфералық деңгей
В.И. Вернадский мен А.Л. Чижевскийдің еңбектері
Вернадский ілімі
Биосфера туралы В. И. Вернадскийдің ілімі
Вернадский ілімі туралы ақпарат
Биосфера жайында
Ғылыми білім және ғылыми революциялар
Биосфера құрылымы
Пәндер