Тұқытәрізділердің сипаттамасы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Систематикалық орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1 Тұқытәрізділердің сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Тұқытәрізділердің отряды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Тұқытәрізділердің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7

Тәжірибелік бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.1 Қазақстанда мекендейтін тұқытәрізділердің түрлерін зерттеу ... ... ... ... ..18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
Тұқытәрізділер тропикалық тұщы суларда пайда болған және осыдан басқа ендіктерге таралып теңізге шыққан. Олар Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа, Азия, Австралия мен Мадагаскар суларын мекендейді. Тұлғасына қарай дене мөлшері 5 см-ден 1,7 м-ге дейін жетеді. Денесін циклоидты қабыршақ жапқан, араларында жалаңаш не сүйекті тікенектермен жабылған түрлері де кездеседі.
Тұқытәрізділердің санын азайтпау үшін, олардың табиғи көбеюіне қосымша әр түрлі қолдан өсіру әдістері көмегімен қамқорлық жасалады.
Жүзу жағынан олар өзге жануарлардан асып түседі.
1.Қ.Қайым,Б.Муханов,Р.Сәтімбекұлы,М.Шаймарданқызы, "Жануартану" (1998), 143 б., ISBN 5-625-03599-7
2. Қазақстандағы жануарлар әлемі. А.Ф Ковшарь, В.А Ковшарь Алматы кітап 2004
3. Қызықты биология ЖАНУАРЛАР ӘЛЕМІ Р. Сәтімбеков, Р. Әлімқұлова Алматы 2011 ж
4. Зоология С. Махмұтов Алматы 2006 ж
5. Қазақстан биоресурстары: Жануарлар әлемі О. Б. Беркінбай, Г.С. Шабдарбаева, Д.М. Хусаинов, М.Т Акоев Алматы 2013ж
6. Биология / Жалпыредакциясынбасқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
7. Георгиевский В.Н. Практическое руководство по физиологии с./х. Животных.- М.: Высшая школа, 1976. – 351 с.
8. Битюков И. Н., В.Ф. Лысов, М.А. Сафонов. Практикум по физиологии с./х. Животных.- М.: ВОАгропромиздат. 1990. – 255 с.
9. Б.Е. Есжанов, Қ.С. Мұсабеков «Териология», Алматы. 2011ж
10. Қазақстанның хайуанаттар әлемі Х.Қыдырбаев, А.Бекенов Алматы 1977ж
11. Ысқақов С. Табиғатты қорғау дәстүріміз. Алматы «Қайнар»1973
12. К. Б. Олжабекова, Б.Е.Есжанов Омыртқалылар зоологиясы Алматы 2007ж.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Систематикалық
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...4
1 Тұқытәрізділердің
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 5
1. Тұқытәрізділердің
отряды ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... 5
2. Тұқытәрізділердің
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... .7

Тәжірибелік
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .18
2.1 Қазақстанда мекендейтін тұқытәрізділердің түрлерін
зерттеу ... ... ... ... ..18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .26
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

КІРІСПЕ
Тұқытәрізділер тропикалық тұщы суларда пайда болған және осыдан
басқа ендіктерге таралып теңізге шыққан. Олар Солтүстік және Оңтүстік
Америка, Еуропа, Азия, Австралия мен Мадагаскар суларын мекендейді.
Тұлғасына қарай дене мөлшері 5 см-ден 1,7 м-ге дейін жетеді. Денесін
циклоидты қабыршақ жапқан, араларында жалаңаш не сүйекті тікенектермен
жабылған түрлері де кездеседі.
Тұқытәрізділердің санын азайтпау үшін, олардың табиғи көбеюіне қосымша
әр түрлі қолдан өсіру әдістері көмегімен қамқорлық жасалады.
Жүзу жағынан олар өзге жануарлардан асып түседі.
Қазақстанның тұйықталған су жүйелерінде, Сарысу және Сырдария
өзендерінде таралған. Балқаш көлі алабының су қоймаларында және Шу өзенінде
жерсіндірілген.
Тұқытәрізділер ұрпағын сақтап қалу үшін әр түрлі әрекеттер
жасауға бейімделе алады.Сазан сияқты балықтар ұрпағына қамқорлық
жасамайды,уылдырықтарының көптігі арқылы ұрпақ жалғастырады.
Тұқытәрізділердің еті – адам ағзасы үшін пайдалы тағамдардың бірі. Оның
құрамында адамға аса қажетті белок, май, дәрумен, протеиндер, амин
қышқылдары, көптеген минералды заттар бар. Ал тұқытәрізділер балықтарында
фосфор және фтор көп мөлшерде кездеседі. Кальций сүйекті қатайтса, фосфор
ағзаның атқаратын барлық қызметіне қатысады. Сирек тұтынатын балықтың еттен
де пайдалы екенін көпшілігіміз біле бермейміз.
Тұқытәрізділердің кәсіптік маңызы зор, әуесқойлық жолмен көп
ауланады, тоған балық және басқа да балықты қолдан өсіру өсіріледі.
Сондай-ақ жерсіндіру үшін маңызды нысандар болып саналады. Жалпы
тұқытәрізділердің 66 түрі мен түр тармақтары қорғауға алынған.
Зерттеу мақсаты: Тұқытәрізділердің биологиялық ерекшеліктерін
анықтау.
Зерттеу міндеттері: Тұқытәрізділердің түрлерін және таралу аймақтарын
анықтау 
Зерттеу обьектісі: Қазақстанда мекендейтін тұқытәрізділердің түрлері
Зерттеу әдісі: Бақылау, анықтау, болжау
Систематикалық орны

Патшалық:Жануарлар
Типі:Хордалылар - Chordata
Класс:Балықтар -Pisces
Отряд: Тұқытәрізділер - Cuprirniformes
Тұқымдас:Тұқылар - Cyprinidae
Өкілі: Ақмарқа - Aspіus aspіus
Дөңмаңдай - Нypophthalmіchthynae
Кекіребалық  - . Rhodeus sericeus
Мөңке - Carassius carassius
Оңғақ -  Tіnca tіnca
Шырма балық - Gobіtіdae
Қылыш балық -  Pelecus cultratus
Торта, қаракөз – Rutilus rutihis
Қалынтыр – сазан – Cyprinus carpio
Қырлықұрсақ – Hemiculter
Қытай жағантеңге балығы – Pseudogobio rivularis
Кәдімгі тарақ-балық –Leuciscus leuciscus
Қырлықұрсақ – Hemiculter
Көк тыран- Abramis ballerus
Қызылқанат-Scardiniuserythrophthalm us
Ақкөз балық – Abramis sapa
Үкі шабақ - Alburnus alburnus
Кәдімгі қара-балық, шармай-Schizothorax intermedius
Амур шабағы – Pseudorasbora parva
Жолақ үкішабақтектес - Alburnoides taeniatus

І Тұқытәрізділердің сипаттамасы
1.1Тұқытәрізділердің отряды

Тұқытәрізіділер жоғары бор қабатынан белгілі. Көптеген авторлар
оларды ежелгі майшабақтәрізді балықтардан бөліп шығарады. Тұқытәрізіділер
тропикалық тұщысуларда пайда болған және осыдан басқа ендіктерге таралып
теңізге шыққан. Олар Африка, Азия Солтүстік Америка мен Еуропаның тұщы
және сортаңдау суқоймаларын мекендейді.Денесін циклоидты қабыршақ, немесе
жалаңаш. Жүзбеқанаттарында тікенді талшықтар,әдетте болмайды, егер болса
онда ол тек біреу.Құрсақ жүзбеқанаттарында тікенектер болмайды.
Тұқытәрізіділер отрядына 3200- дей түр жатады, олар 3 отрядтармағына және
25-29 тұқымдасқа бірігеді. Қазіргі белгілі балықтардың 15-ке жуығы осы
отрядқа жатады.

Харациндер отрядтармағына Африка мен Американың суларында
тіршілік ететін 7 тұқымдасқа бірігетін 1300-дей тұщысу балықтары жатады.
Ұзындығы 2 см-ден 1,5 м-ге дейін. Бұлар құйрық сабағының алдында қарай
орналасқан майлы жүзбеқанаттарының болуымен ерекшеленеді. Жақалды сүйегі
бассүйекпен бірігіп кеткен,осыған орай аузы қозғалмайды. Мұртшалары
жоқ,тістері жақтарында орналасқан. Құрсағы тегіс немесе майшабақтағылардай
тісті қабыршақтан тұратын қырлы. Пішіні ,түсі және қоректену сипаты өте
алуан түрлі. Мысалы, Африкалық харациндердің басым көпшілігін жыртқыштар
құрайды, көпшілігінің ұзындығы 1 м-ге жетеді. Бұлар күшті жүзгіштер,
жақтарында мықты тістері болады. Харациндер арасында бір лет және үлестеп
уылдырық шашатын балықтар бар. Жалпы тұқымдылығы жоғары – 200 мыңға жуық
уылдырық шашады. Көптеген балықтар жабысқақ уылдырықтарын өсімдікке не
тасқа төгеді. Кейбіреулері уылдырықтарын судан тыс жерлерге, мысалы,
кейбір туысының өкілдері су бетіндегі көбікке салады. Ал Coplina туысына
жатаын балықтардың аталықтары мен аналықтары судан ытқып шығып,уылдырығын
жаға судың бетінен жоғары жерге шашады.

Ұрықтанғаннан кейін аталығы уылдырық маңында суда қалып, оған су
шашаып тұрады. Кәдімгі пирвньның не бөрібалық ұзындығы 30 см болады және
жақтарында күшті тістер орналасады. Бұл топтанып тіршілік ететін Оңтүстік
Америка балығы ірі су қоймаларын мекендейтін4 тұқымдасқа жататын 50 түрді
біріктіреді

Гимнотаттәрізділер немесе электрлі жыланбалықтар отрядтармағы
Орталық және Оңтүстік Американың тұщы су қоймаларын мекендейтін 4
тұқымдасқа жататын 50 түрді біріктіреді. Олар бастауын харацин балықтарынан
алады. Отряд тармағының өкілдерінің басқа тұқы балықтарынан ерекшелігі-
аналь тесігінің тамағында, кеуде жүзбеқанатының алдында орналасуы, құрсақ
жүзбеқанаттарының болмауы, ал құйрық жүзбеқанаты болмайды. Бұл балықтарда
талшықтары бар нағыз арқа қанаты ешуақытта болмайды. Қабыршағы өте майда.
Көзі кішкентай дененің құйрық бөлімі ұзын әрі жіңішке.Бұл отряд тармағының
көптеген түрлері азда-көпті жетілген электірлі органға ие, олар аналь
жүзбе қанатының үстінде дененің екі бүйірінде орналасады.Электр
органдарының салмағы дене салмағының 13-не тең. Ұзындығы 50 см балықта 40-
тан 400 ге дейін кернеі болады.Электр разряды алға бағытталған, өйткені ол
қорғану емес, негізгі шабуыл мүшесі болып табылады. Отрядтармағының
өкілдері тоспа сулар мен жай ағатын, жий оттегі жетіспейтін, суларда
мекендейді. Сол себепті көпшілігінде атмосфералық ауамен тыныс алатын
бейімдеушіліктер пайда болған. Олар насекомдардың личинкалары немесе жоғары
сатыдағы шаянтәріділер мен қоректенеді.

Тұқытектестер отряд тармағы 6 тұқымдасқа жататын 1800-дей түрді
біріктіреді. Олар Евразияның, Солтүстік Америка және Африканың тұщы
суларында мекендейді. Қазба қалдықтары үштік кезеңнен белгілі. Басым
көпшілігі тропикалық және субтропикалық суларда кездеседі. Қоңыржай суларда
абсолюттік және салыстырмалы саны, сол сияқты алуантүрлілігі азая беретіні
анық байқалады. Әр түрлі типтегі тұщы және тұщылау су қоймаларында
мекендейді.

Тіршілік жағдайы да әртүрлі, осыған байланысты тұқытектестердің
экологиялық-морфологиялық әртүрлілігі көп. Олардың арасында суық суда(қара
балық, талма балық), оттегі жетіспейтін күшті қызатын суқоймаларында (
мөңке, оңғақ), тез ағатын суларда ( тарақ балық, қаяз, көкбас)
мекендеушілер кездеседі. Көбею биологиясы бойынша да тұқытектестер әртүрлі.
Бұл балықтардың басым көпшілігі уылдырығын өсімдікке
(оңғақ,мөңке,тыран,сазан), көпшілігі тасқа не құмға (қара балық, көкбас,
шемей, тұрпа балық) салады. Кейбір балықтардың (дөңмаңдай,амур, білеубалық
) уылыдырықтары су қабатында дамиды.

1.2 Тұқытәрізділердің отряд түрлері
Ақмарқа, ақ-балық(Aspіus aspіus) тұқы тұқымдасына жататын
жыртқыш балық. Дене тұрқы 70 см, салмағы 7 кг-дай. Тұрқы ұзын, екі бүйірі
сәл қысыңқы. Астыңғы жақтарының ұшындағы кішкентай бұдырмақ оның үстіңгі
жақтарының қосылған жеріндегі ойыққа дәл келеді. Бауырының құрсақ
қанаттарынан кейінгі жері қырлы, арқасы боз жасыл, екі бүйірі күміс түстес,
бауыры ақ болады. Балтық теңізі мен Қара теңізде кездеседі. Екі түршемен
берілген: кәдімгі ақмарқа–Каспий алабының өзендерінде мекендейді, арал
ақмарқасы–Арал алабында мекендейді.Кездейсоқ кәдімгі ақмарқа Балқаш
алабында жерсіндірілген. Соңғысын Сыр, Шу ақ балығы деп те атайды.Жартылай
өткінші және жергілікті түрлері бар.Ақмарқа 3-5 жасында жыныстық жағынан
жетіледі.Уылдырығын (300 мыңға дейін) сәуір – мамырда өзендердің ағысты,
майда тасты жеріне шашады.Ақмарқа етінің дәмділігі жағынан ең таңдаулысы —
оңтүстік Каспий ақмарқасы (хашам). Ақмарқаның еті дәмді болғанымен қылтаны
көп. Қақтап кептірілген және ысталған күйінде пайдаланылады.Құнды
кәсіпшілік түр.
Балпан балық, шұбар балық тұқы тұқымдасына жатады. Батыс
Қазақстанның өзендерінде (Жайық, Ойыл,Сағыз) кездеседі. Ірі және ұсақ
түрлері бар. Дене тұрқы 35 см-дей, салмағы 400 г-ға (кейде 1,2 кг-дай)
дейін, ұсақтарының тұрқы 10–15см, салмағы 110г-дай болады. Пішіні тыранға
ұқсас, айырмашылығы: жұтқыншақ тістері екі қатарлы, қабыршағы ірілеу, арқа
және құйрық асты қанаттарының талшы қтары аз тарамдалған. Кеуде
және құрсақ қанаттарының түсі қызғылт немесе қызыл, кейде сұр түсті
болады.3-4жасында (ұсақ түрлері 1-2) жыныстық жағынан жетіледі.Уылдырығын
мамыр-маусым айларында су түбіндегі шөптерге шашады.Ұсақ жәндіктердің
дернәсілдерімен, моллюскалармен, өсімдіктермен, балдырлармен қоректенеді.
Балпан балықтың кәсіптік маңызы шамалы.
Шортантәрізді ақмарқа (Аspіolucіus esocіnus)–тұқытәрізділер отрядына
жататын жыртқыш балық, туыстың әр жерде таралған екі түрінің бірі. Негізгі
мекені Орта Азия, Әмудария мен Сырдарияның жазы ққа шыққан бөліктері мен
суландыру каналдарында өмір сүреді. Соңғы кезде Шортантәрізді ақмарқаның
қазақстандық түрі біршама азайған, соңғы 40 жылда кездеспеген. Ұзындығы 50
см - ден асады, салмағы - 3 кг. Дене пішіні жұмыр, басы ұзын (ол денесінің
ұзындығының 25%-дай мөлшеріне тең), көздері кішкентай, аузы үлкен. Астыңғы
жақтары ілгері қарай ұмсынған және олардың ортасында үстіңгі жақтарының
ортасындағы ойыққа кіретін төмпешігі бар. Арқа қанаты тік, олар құрсақ
қанаттарына қарсы орналасқан. Денесі күміс түстес, қабыршақтары ұсақ,
ұзындығы 63 см-ге дейін (қанатын қоспағанда), салмағы 3,5кг. 5–6 жасында
жыныстық жағынан жетіледі (ұзындығы 45– 50 см болғанда). Ақпан – наурыз
айларында өзендердің қатты ағысты жерлеріне, су температурасы 5–10°С
болғанда уылдырығын (саны туралы дерек жоқ) шашады. Бұлар тез өсетін
балықтар.Негізінен балықтармен (сүйрік қанат, қылыш-балық, тарақ-балық,
талма-балық, т.б.) қоректенеді. Таралу аймағы қай жерде де өте аз.
Қазақстанда Шортантәрізді ақмарқа соңғы рет 1953 ж. Жаңашиелі жармасынан
ұсталды деген мәліметтен басқа дерек жоқ. Өте сирек кездесетін, жойылып
бара жатқан түр болғандықтан, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.
Дөңмаңдай (Нypophthalmіchthynae) ба лығы Оңтүстік Қазақстанның
тоған шаруашылықтарында өсіріледі, онда олар Амур алабынан және Қытай
өзендерінен алып келінген. Іле және Сырдария өзендеріне енген, онда олар
өзін-өзі көбейтетін жағдайға жеткен. Жазда көбейеді. Уылдырығы теңіздіктік.
Өсімталдығы 500 мың уылдырықтан асады. Фитопланктонмен және дентритпен
қорекетенеді. Денесінің ұзындығы 1 м-ге жуық, салмағы 12 кг-нан асады.
Құнды кәсіпшілік балық.
Мөңке балығы Carassius carassius тұқы тұқымдасына жататын
балық. Қазақстанда  Жайық, Жем, Ырғыз, Торғай, Нұра, Ертіс өзендерінің су
алабында кездеседі. Өзен, көл тартылғанда, не су қатқанда 70 см-ге дейін су
түбіндегі лайға көміліп, қатты суықтан не ыстықтан сақтанады. Ұзындығы
35–38 см-дей, салмағы 2 кг-дай. Мөңкенің бүйірі алтын сияқты сары түсті,
жүзбе қанаттары қызыл-қоңыр, ал арқасы қара түсті болады. Қабыршағы
тегіс.Жыныстық жағынан аналығы 3–4, аталығы 2–3 жасында
жетіледі.Уылдырығын (300мыңдай) мамыр–маусым айларында су температурасы
17–18 °C болғанда су түбіндегі шөп арасына шашады. Қорек ретінде өсімдікті
сирек пайдаланады. Мөңкенің кәсіптік маңызы бар.Мөңке балық - тұщы су тұқы
балықтар туысына жатады. Ұзындығы 45 см, салмағы 3 кг. Арқасы қара-қоңыр,
денесінін екі жағы алтын түстес, жыныстық жетілуі 4-5 жылға созылады.
Өсімталдығы, 300 мың уылдырық шашады. Планктонмен, жәндіктер
дернәсілдерімен, өсімдікпен қоректенеді. 2 түрі бар:  алтын мөңке
және бозша мөңке. Еуразия қоймаларында таралған.
  Қылыш балық тұқытәрізділер отярды, тұқылар тұқы мдасына
жататын балық. Каспий, Жайық, Арал-Сырдария су алаптарында кездеседі.Дене
тұрқы 48 см,салмағы 1,1 кг-ға дейін.Арқасы сәл дөңестеу, денесі ұзынша әрі
екі бүйірінен қысыңқы.Құрсағында (тамағынан аналь тесігіне дейін) өткір
қыры (киль) созылып жатыр.Қабыршағы майда әрі нашар бекіген.Көкірек жүзбе
қанаттары ұзын әрі құрсақ жүзбе қанаттарына дейін созылған.Ересектерінің
аузыжоғары қараған.Арқасы жасыл көк, бүйірі ақшыл түсті.Жыныстық жағынан
көпшілігі 3 жылда, ұзындығы 16 см-дей болғанда жетіледі,араларында 1-2 жыл
кешігіп жетілетіндері де кездеседі. Аталықтары мен аналықтарының сандық
қатынасы барынша ауыспалы.Қылыш балық уылдырық шашу әдісі бойынша аралық
(өтпелі) типке жатады. Каспий теңізінде олар уылдырығын бір рет сәуір
айының соңы мен мамырда (кейбіреулері маусымның ортасына дейін) шашаса,
Арал теңізі су алабында сәуірдің ортасынан шілденің ортасына дейін екі
бөліп (су температурасы 12°С-қа жеткенде) шашады. 11 жылдай тіршілік
етеді.Негізгі қорегі
планктонды шаянтәрізділер, қосқанат тылардың дернәсілдері мен
ересектері, бүйірімен жүзушілер, мизидалар, жәндіктер, балық шабақтары,
т.б.
Кекіре және көкбас балығы  Rhodeus sericeus сүйекті балықтар
 классының  тұқылар  тұқымдасына жататын балық.Еуропа,  Шығыс
Азия (Солтүстік  Қытай,  Корея, Амур, Сахалин өзендрінде) кең таралған.
Кекіребалық көбінесе ағысы баяу өзенде не көлде, тоғанда тіршілік
етеді.Денесі биік, бүйірі қабысыңқы, тұрқы 9-сантиметрдей. Қабыршағы 30-
40 қатар. Жыныстық жағынан 2-ші жылы жетіледі. Наурыз - тамызда 100
(кейде224-290) уылдырық шашады. Бұл кезде кекіребалықтың ұрғашысында
 уылдырық салу түтігі өсіп шығады. Осы түтігі арқылы ол уылдырығын
қос жақтаулы моллюскілердің желбезек қуысына салады. Кәсіптік маңызы
онша болмағанымен басқа былқтарға жем болады.
Көкбас Diptychus тұқытәрізділер отрядының тілікшелілер тұқымдасы
тармағына жататын  балық.Көкбастың екі түрі бар: қабыршақты көкбас
және қабыршақсыз көкбас .Қабыршақты көкбас  Қазақстанда  Балқаш – Iле
алабында, Тентек өзенінің жоғарғы ағысында кездеседі. Дене пішіні
ұршық тәрізді, бір-бірімен түйіспейтін кейде жиілеу, кейде сирек
қабыршақтары бар, құйрық жағының қабыршақтары жиірек, бүйір сызығының
қабыршақтары ірілеу және түйісіп орналасқан. Үлкен аузы басының астында
орналасқан. Астыңғы жағын өткір қырлы мүйізді қабық жапқан. Езуінде қысқа 1
жұп мұртшасы болады. Денесінің түсі тіршілік ортасына сәйкес өзгеріп
отырады, жалпы арқа жағы қоңырлау, ал құрсақ жағы ақшылдау. Жыныстық
жағынан жетілген аталықтарының денесінде, басында, барлық қанаттарында
(кеуде қанатынан басқа), тілікшесінде ұрық шашарда мөлдір бүршіктер пайда
болады. Сирек те болса осы тектес бүршіктер аналықтарында да байқалады.
Ұзындығы 30 см, салмағы 560 г-дай, 11 жылдай тіршілік етеді. 4–5 жасында
жыныстық жағынан жетіліп (аталықтары 1 жыл бұрын), біршама ірі уылдырығын
(1-5 мың) әр түрлі суда, өзеннің ағысты, тасты жеріне сәуірден қыркүйектің
ортасына дейін 2–3 рет бөліп-бөліп шашады.
Қабыршақсыз көкбас  Қазақстанда  Сырдария,  Шу, Балқаш – Iле 
және Зайсан көлi су алабында тіршілік етеді. Дене пішіні қабыршақты
Көкбасқа ұқсайды: қабыршағы тек бүйір сызығы мен тілікшесінде және кеуде
қанатының үстінде болады. Аузы басының астында, еріндері етті, астыңғы ерні
ортасынан жырық. Езуінде қысқа 1 жұп мұртшасы бар. Түсі ақшыл-сарғыштан
қоңыр-сарғышқа дейін өзгеріп тұрады. Тіршілік ететін жеріне, дене көлеміне
қарай бүйірінде әрқалай қоңыр дақтар болады. Ұзындығы 35 см, салмағы 580 г-
дай, 12 жылдай тіршілік етеді. 4–5 жасында жыныстық жағынан жетіліп
(аталықтары 1 жыл бұрын), ірі уылдырықтарын (1,2–12,4 мың) мамыр – тамызда
өзеннің баяу ағысты, қиыршық құмды-тасты жеріне шашады. Уылдырығы–улы.
Қабыршақсыз көкбас кәдімгі бентофаг қорегінің негізін
біркүндіктердің, плекотералардың, жылғалықтар
және хирономидтердің дернәсілі, бүйірімен жүзушілер, моллюскілер, өте сирек
те болса балдырлар мен ауада ұшатын жәндіктер құрайды; дернәсілдерінің
қорегінде субүргелері, циклоптар, т.б кездеседі. Көкбас Қазақстанда
кәсіптік балық түріне жатпайды, тек әуесқойлар аулайды.
Оңғақ  - Tіnca tіnca барлық жерге дерлік таралған. Арал және
Балқаш алаптарында жерсіндірілген, Шу, Талас және Сары су өзендеріне
бейімделе алмады. Жергілікті түр. Көктемде және жазда көбейеді,
уылдырықтарын мөлшермен су өсімдіктеріне салады. Өсімталдығы–320 мың
уылдырыққа дейін, орташа есеппен-240 мыңға жуық. 3-4 жасында жетіледі.
Қорегі алуан түрлі: оның негізінде су астындағы омырқасыздар, алайда
өсімдіктерде молынан бар. Салмағы 1 кг-ға дейін. Кәсіпшілік түр.
Торта, қаракөз – Rutilus rutihis Төрт түршесімен берілген, оның
екеуі жергілікті балықиар тек тұщы суда мекендейді (R. r. fluviatilis –
торта-серушка және R. r. Lacustris – сібір тортасы – сибирская
плотва),басқа екі түршесі негізінен жартылай өткінші балықтар ( R.r.
aralensis – арал тортасы – аральская плотва, арал қаракөзі – вобла және
R.r.caspicus –каспий қаракөзі – вобла). Барлық жерде таралған Талас және
Балқаш алабында жерсіндірілген. Көктемде көбейеді. Бір мезетте уылдырығын
шашады. Өсімталдығы–310 мың уылдырыққа дейін, әдетте 100 мыңнан аспайды,
олар өсімдікке жабысқан күйі дамиды. Эврифаг:негізінен бентоспен,
сондай–ақ фито және зоопланктонмен, макрофиттармен, детриттермен
қоректенеді,уылдырық және балықтардың шабақтарын жеуі мүмкін. Ұзындығы
44см–ге жетеді, салмағы 1000 г-ға жуық. Кәсіпшілік түр.
Қалынтыр сазан Cyprinus carpio екі түршесіменберілген: кәдімгі
қалыңтыр – C.c.aralensis –Арал алабында мекендейді. Республикамыздың барлық
су қоймаларында жерсіндірілген, оның ішінде Талас, Балқаш, Алакөл, Ертісте
және басқаларда. Жартылай өткінші және жергілікті түр. Судың температурасы
14 градус болғанда көктемде өлшемді уылдырық шашу басталады және тамыз бойы
жалғасады. Уылдырықты өсімдікке салады. Өсімталдығы 2,5 млн. Уылдырық 3-6
жылда жетіледі. Қорегінің түрі көп: балдырлар, детриттер, зоопланктондар,
бентостар, кейде шабақтар. Балықтың ұзындығы 80 см-ге жетеді,салмағы 16 кг.
Құнды кәсіпшілік балық.
Бозша мөңке – Carassius auratus C.a. gibelio түршесімен
берілген, Каспий, Ертіс алаптарының су қоймаларында, Солтүстік және Орталық
Қазақстанның тұйықталған су жүйелерінде, Сарысу және Сырдария өзендерінде
таралған. Балқаш көлі алабының су қоймаларында және Шу өзенінде
жерсіндірілген. Жергілікті түр. Судың температурасы 14 градус тан
жоғарылағанда көктемнің соңына қарай және бүкіл жаз бойы өлшеммен уылдырық
шашады. Уылдырықтарын өсімдіктерге салады.3-4жылда жетіледі. Эврифаг:
зоопланктонды, дентритті, балдырларды, бентосты жейді, дегенмен кейінгісі
басым. Балықтың ұзындығы 45 см-ге жетеді. Салмағы 3,2 кг. Кәсіпшілік түр.
Тыран –Abramis brama A.b.orientalis(шығыс тыраны) түршесімен
берілген, олардың табиғи таралымы Каспий және Арал теңіздерінің
алаптары. Ертіс, Балқаш, Талас алаптарында, Солтүстік және Орталық
Қазақстанның көлдерінде жерсіндірілген. Көктемде және жаздың басында
көбейеді. Уылдырықты өлшеммен өсіп келе жатқан және өлген су өсімдіктеріне,
тастарға және басқаларға салады. Өсімталдығы 700 мың уылдырыққа дейін,
орташа есеппен 150-200 мың. 3-4 жылда жетіледі. Негізінен бентофаг, кейде
азықтарында планктон және өсімдіктер кездеседі. Салмағы 3 кг-ға жетеді.
Құнды кәсіпшілік түр.
Сазан-Cyprinus caprio Жерорта, Қара, Каспий және Арал теңіздер мен
Ыстықкөл көлдерінде мекендейді. Қытайда да бар. Бірақ жерсіндіру
жұмыстарының нәтижесінде сазан мен оның мәдени түрі дүние жүзінде кең
таралған. Ұзындығы 1 м-ге дейін жетеді.аталықтары аналықтарынан ерте пісіп
жетіледі. Ірі даралар 1,5 млн. Уылдырыққа дейін, судың температурасы 12-
13градус болғанда, су өсімдіктеріне шашады. Шабақтары зоопланктонмен,
коловраткалармен және шаянтәрізділермен қоректенеді, ұзындығы 18 см-ге
жеткеннен кейін су түбілік омыртқасыздармен қоректенуге көшеді. Уылдырығын
шашып болғаннан кейін қарқынды қоректенуге көшеді. Қоректеніп семіргеннен
кейін қысқа қарай өзен шұңқырларында қыстайды. Қыста қоректенуі өте әлсіз
немесе мүлдем қоректенбейді. Іле Балқашта 20 ғасырдың басында кездейсоқ
жіберілген.
Ақкөз балық–Abramis sapa кәдімгі ақкөз балық A.s.sapa –Каспий
алабында мекендейді, арал ақкөз балығы- A.s.aralensis–Арал алабында
жартылай өткінші жіне жергілікті балықтар. Көктемде көбейеді, уылдырығын
бірмезетте су асты заттарына салады. Өсімталдығы 40мың уылдырыққа дейін, 3-
4 жасында жетіледі.негізінен бентофаг. Салмағы 600-ға дейін,ұзындығы 36-ға
дейін жетеді.Кәсіпшілік маңызы шамалы.
Көк тыран Abramis ballerus :Жайық өзенінде және Еділ мен Жайық
аралығындағы су қоймаларында кездеседі. Жергілікті түр. Судың температурасы
17-18С болғанда жаздың басында уылдырық шашады. 3 жылда жетіледі.
Өсімталдығы – 25 мың уылдырыққа дейін, оны өсімдіктерге салады. Негізінен
зоопланктонмен, фитопланктонмен, аздап бентоспен қоректенеді. Ұзындығы 35
см-ге және салмағы 0,5 грамға жетеді. Екінші дәрежелі кәсіпшілік нысанасы.
Сүйірікқанат Capoetobramo Арал алабында мекендейді. Сырдария және
оның қосымша жүйелерінде-кәдімгі сүйірікқанат – C. k kuschakewitschi, Шу
өзенінде –C.k orintalis шу сүйірікқанаты мекендейді. Жергілікті балықтар.
Сәуірдің ортасынан шілдеге дейін уылдырық шашады. Өсімталдығы Шу өзенінде 9
мыңға дейін уылдырық, Сырдарияда – одан да жоғары. Уылдырықтары жабысқақ,
әртүрлі субстраттарға салынады. Негізгі қоректері детрит, су асты
өсінділері, балдырлар, лай, жәндіктердің дернәсілдері. Ұзындығы 21 см-ге,
салмағы 150 грамға жетеді. Сырдарияда кәсіпшілігі шамалы балықтар. Шу
түршесі Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген.
Қырлықұрсақ Hemiculter Қазақстан су қоймаларында жерсіндірілген.
Арал , Балқаш, Шу алаптарында кездеседі. Таралымы әлі де толық
анықталмаған. Жергілікті балықтар. Көктемде және жазда уылдырық шашу өтеді.
Уылдырығын мөлшермен шашады, уылдырық теңіздіктік. Зоопланктонмен,
бентоспен, майда балықтармен, жәндіктермен, өсімдіктермен қоректенеді.
Ұзындығы 25 см-ге, салмағы 220 грамға жетеді. Кәсіпшілік маңызы шамалы
балықтар.
Жалаңаш көкбас Diptychus dybowsbii аты айтып тұрғандай денесі
жалаңаш, қабыршақтары тек бүйір сызығының бойында, кеуде қанаттарының
негізінде және аналь қанатының айналасында сақталады. Орта Азияның орталық
және шығыс бөліктерінің таулы өзендері мен көлдерінде мекендейді. 5 жасында
жыныстық жетіледі. Уылдырығын тасты грунтқа шашады. көбею кезінде
аталықтарының денесінде, басында және қанаттарында ақ төмпешіктер пайда
болады. Өнімділігін 5 мыңнан 25 мың уылдырыққа дейін. Ыстықкөлде 20 жыл
өмір сүреді. Моллюскалармен, бүйірімен жүзгіштермен және ұсақ балықтармен
қоректенеді. Ыстықкөлде маңызды кәсіптік балық. Ысталған, қақталған,
тұздалған, жастүрінде қолданылады. Уылдырығы улы.
Күтім Rutilus Каспий алабында мекендейтін түршемен берілген R.f
kutuni. Жартылай өткінші балықтар. Көктемде бір мезгілде уылдырық шашады.
Уылдырықтар өсімдікке желімденеді,кейде малта тасқа уылдырық шашылады.
Өсімталдығы -280 мыңға жуық, көбінесе -110 мың уылдырықтан аспайды.
Ұзындығы 65 см-ге жетеді, әдеттегі салмағы 1-1,2 кг. Қазақстанда олардың
кәсіпшілік маңызы жоқ. Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген. Қазіргі
кезде өзгергіш түр деп танылуда. Каспий алабының эндемигі.
Кәдімгі тарақ-балық Leuciscus leuciscusКаспий алабының өзендерінде
(Жайық, Саз, Ойыл, Сағыз) кәдімгі тарақ-балық L.l.leuciscus мекендейді,
Ертіс өзенінің алабында және Орталық Қазақстанның өзендерінде (Нұра,
Сарысу, шу) сібір тарақ-балығы L.l.baicalensis мекендейді,олар Балқаш
алабына енген. Жергілікті түр. Бірмезетте ерте көктемде уылдырық шашады.
Уылдырығын құмайт түбіне немесе су түбіндегі өсімдіктерге салады.
Өсімталдығы – 30 мыңға дейін уылдырық, су қоймалары бойынша орташа есеппен
– 2–10 мың шамасында. 2-3 жылда жетіледі. Негізінен бентоспен, кейде
өсімдіктермен қоректенеді. Салмағы 350 г-ға дейін. Құны онша емес балық.
Әуесқой балықшылар нысанасы.
Талас тарақ-балығы Leuciscus lindbergi Талас өзендерінде және
Қаратау жотасының су қоймаларында мекендейді.Жергілікті түр. Көктемнің
басында уылдырық шашады.Өсімталдығы -36 мың уылдырыққа дейін, орташа
есеппен 2 мыңнан 23 мыңға дейін. 2-3 жылда жетіледі. Қорегінде балдырлар,
планктонды және бентосты омыртқасыздар кездеседі. Салмағы 250 г-ға жетеді.
Кәсіпшілік құны оншалықты емес балық.
Тұрпан Leuciscus cephalus Жайық және Шам өзендерінде мекендейді.
Жергілікті түр. Көктемде құмайт – майда тастарда уылдырық шашады.
Өсімталдығы - 193 мың уылдырыққа дейін. Әуе жәндіктерімен, майда
балықтармен, қоңыздармен, кейде өсімдіктермен қоректенеді. Салмағы 4 кг-ға
жетеді. Кәсіпшілік құны оншалықты емес балық.
Аққайран, қара-балық Leuciscus idus екі түршеменберілген: кәдімгі
аққайран –L.i.idus –Ертіс және Жайық өзендерінің алаптарында,
Солтүстікжәне Батыс Қазақстанның өзендері мен көлдерінде мекендейді,
түркістан аққайраны – L.i.oxianus –арал алабында, оның ішінде теңізді
есептегенде, Сырдарияда, Сарысуда, Шуда мекендейді. Жергілікті түр. Ерте
көктемде көбейеді: құмайт қайраңдарда және өсімдік басқан
құмайттардатемпература 6–9 градус болғанда бірмезетте уылдырық шашады.
Өсімталдығы 186 мың уылдырыққа дейің, орташа есеппен су коймалары бойынша
15 мыңнан 137 мыңға дейін.3-4 жылда жетіледі. Қорек ауқымы кең –
балдырлардан бентостардың ірі организмдеріне дейін. Салмағы 2 кг-ға
жетеді. Кәсіпшілік түр.
Көл гольяны Phoxinus percnurus екі түршемен берілген: кәдімгі көл
гольяны –Ph.p.percnurus. Ертіс алабында және Солтүстік Қазақстанның
көлдерінде мекендейді, жергілікті түр. Майда балықтар, ұзындығы 10см –ге
жетеді. Кәсіпшілік түр емес.
Кәдімгі гольян Phoxinus phoxinus төрт түршемне берілген: кәдімгі
гольян – Ph.ph.phoxinus –Жайық және Шам алаптарында, Ертіс пен Балқашта
(Аякөз өзенінде ) таралған: Зайсан гольяны – Ph.ph.Sedelnicovi –Зайсан
көлінде (Бұқтырма су қоймасында ) және Аякөз өзеннінде: Балқаш гольяны
–Rh.ph.poljakovi –Балқаш алабының өзендерінде: Жетісу гольяны -
Ph.ph.brachyurus – Балқаш алабының өзендерінде және шу өзенінде таралған.
Жергілікті түр. Көктемде және жазда көбейеді. Ұзындығы 3 – 4 см- ге
жеткенде.уылдырығын өлшеммен шашады. Ең жоғары өсімталдығы – 2,1 мың
уылдырық. Көбінесе – 500 данаға жуық. Ең ұзыны 65 мм. Майда әуе және су
асты омыртқасыздармен қоректенеді. Кәсіпшілік түр емес.
Қызылқанат Scardiniuserythrophthalmus Жайық, Шам, Сағыз, Ойыл
өзендерінде және Арал алабының өзендерінде, Сарысу және Шу өзендерін
қосқанда, мекендейді. Жергілікті түр. Көктемде – жазда өлшемді уылдырық
шашады. уылдырық жұмсақ су өсімдіктеріне салынады. Өсімталдығы- 213 мың
уылдырыққа дейін, су қоймалары бойынша орташа есеппен – 5 мыңнан 100 мыңға
дейін. 2-3 жылда жетіледі. Қорегінде өсімдіктер басым, жануар тектес
азықтың мөлшері шамалы. Салмағы 450 г-ға жетеді. Кәсіпшілік құны оншалықты
емес балық. Әуесқойлық балықшылар нысанасы.
Ақ амур Ctenopharyngodon idella Қазақстанда жерсіндірілген. Өзін
-өзі өсіретін топ Іле және Сырдария өзендерінің алабтарында құрамдасқан.
Жартылай өткінші және жергілікті балықтар бар. Мамыр-маусым айларында
өзендерде бірмезетте немесе мөлшермен уылдырық шашады. өсімталдығы -2,5 млн-
ға дейін теңіздіктік уылдырық, ағынмен аққанда өсіп дамиды. Негізінен
өсімдіктермен судағы және жайылмаларда қоректенеді, алайда ол зообентоспен
және майда балықтармен де қоректене алады. Денесінің ұзындығы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақ дөңмаңдай балығы
Алакөл көлдер жүйесіндегі жыртқыш балықтардың қоректенуі
Өсімдік қоректі балықтар өте бағалы, зор кәсіпшілік маңызы бар балық
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (39-шығарылым)
Бастауыш мектеп оқушыларының сөз жаттау
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Бейорганикалық химия
Өнімдер өндірісі
Қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы
Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Пәндер