Құстардың көбеюі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Систематикалық орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... I Құстардың көбеюі
1.Құстардың жыныс жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 1.2 Құстардың көбею ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... Тәжірибелік бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2.1Құс ұясының түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... Қосымшалар
Ұя салу – құстардың көбею кезіндегі өзіндік ерекшелігі.Көктемде құстардың көпшілігі ұя салумен айналысады.Ұялардың құрылысы сан алуан,олардың пішіні де біріне-бірі ұқсамайды.Кейбір құстардың ұясы өте күрделі құрылысты, ал кейбіреулерінікі табақшаға ұқсайды, ал енді біреулері індерді ұяға пайдаланса, жерді шұқырлап, тікелей жұмыртқа салатынқұстардабар.
Құстардың белгілі түрі ұя салып, қорегін тауып, балапандарын өрбітетін аймақ ұялау үлестігі деп аталады, оның негізгі орталығы – ұя, ұяға аналық құс ұя салады. Ұя – салынған жұмыртқаларды, басып отырған құсты және жұмыртқадан жарып шыққан балапандарды жауынан, сондай-ақ сыртқы жағдайлардан,қорғайтын баспана.
1. Абдыкаримова Қ. Қанатты достар: [Құстар тіршілігі туралы] // Бастауыш мектеп.- 2001. — №5. — 50 — 52 б.
2. Беркінбай Омархан. Орнитология: оқулық. — Алматы: Жібек жолы, 2008. — 184 б.
3. Елшібек Жанат. Құстар, құстар, құстар… // Егемен Қазақстан. — 2007. — 25 сәуір. — 14 б.
4. Қазақстан құстары мен аңдарының биологиясы: оқулық / О. Беркінбай, Б. Есжанов, Б. Ташенов, Г. Құлманова; ҚР Білім және ғылым мин-гі. — Алматы: Жібек жолы, 2008. — 336 б.
5. Қайымов Қ. Аяулы хайуанаттар. — Алматы: Мектеп, 1979. — 141 б.
6. Махмұтов Смағұл. Бір құс бар көкек деген..: [Құстар әлемінде] // Атамекен. — 2010. — 28 қыркүйек. — 4 б.
7. Раушанов Есенғали. Құстар-біздің досымыз. — Алматы: Жазушы, 2009. — 256 б.
8. Тереходжаев Ж. М. Жыртқыш құстар. — Алматы: Қайнар, 1985. — 160 б.
9. Төреходжаев Ж. М. Құстар қайтып барады. — Алматы: Қайнар, 1979. — 104 б.
10. Хамзин Б. Х. Үй құстары: Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған насихаттық (дидактиқалық) құрал. — Алматы, 2008.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Систематикалық орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. I Құстардың көбеюі
1.Құстардың жыныс жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 1.2 Құстардың көбею ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... Тәжірибелік бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 2.1Құс ұясының түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... Қосымшалар

Кіріспе
Ұя салу - құстардың көбею кезіндегі өзіндік ерекшелігі.Көктемде құстардың көпшілігі ұя салумен айналысады.Ұялардың құрылысы сан алуан,олардың пішіні де біріне-бірі ұқсамайды.Кейбір құстардың ұясы өте күрделі құрылысты, ал кейбіреулерінікі табақшаға ұқсайды, ал енді біреулері індерді ұяға пайдаланса, жерді шұқырлап, тікелей жұмыртқа салатынқұстардабар.
Құстардың белгілі түрі ұя салып, қорегін тауып, балапандарын өрбітетін аймақ ұялау үлестігі деп аталады, оның негізгі орталығы - ұя, ұяға аналық құс ұя салады. Ұя - салынған жұмыртқаларды, басып отырған құсты және жұмыртқадан жарып шыққан балапандарды жауынан, сондай-ақ сыртқы жағдайлардан,қорғайтын баспана.
Құрқылтай, қарлығаш тәрізді құстардың шебер жасалған ұялары бұған толық дәлел бола алады.Құстардың барлығына дерлігі ұяға салған жұмыртқаларын басып, денесімен қыздырады, тек Австралияда және Малайя архипелагында мекендейтін қоқыстауық қана жұмыртқасын баспайды, ал көкек балапандарды өсіру тауқыметін басқа құстарға жүктейді.
Балапан шығару үшін жұмыртқа шайқайтын аналық құс ұябасар деп аталады.Ұябасардың жұмыртқа басу мерзімі барлық құстарда бірдей емес.Мысалы торғай тәрізділер 11 - 14 тәулік, қарғалар -- 19 - 21, тауықтар -- 21, үйректер -- 26, аққулар -- 35 - 40 тәулік шайқайды.Ұяда болатын жұмыртқалар саны да тұрақты болмайды, мысалы жыртқыш құс -- жыланжегінің ұясында -- 1, қоқиқазда -- 2, ал шүрегей,үйректе 16 жұмыртқа болады.
Құс ұясы -- жұмыртқа салып, балапан басып шығаратын, оларды қауіп-қатерден сақтайтын және ересек құстар түнейтін орын. ұя салу, оны қалай, қай жерге салу қасиеті құстарда эволюциялық даму барысында тұқым қуалауға байланысты қалыптасқан. Ұяның пішіні, мөлшері, оған пайдаланатын заттар алуан түрлі. Шөп, мамық төселген, немесе төсенішсіз жердегі шұңқырдан бастап тоқылған ұяларға (мысалы, құрқылтайдың) дейін кездеседі. Кейбір құстар (мысалы, кайра, балшықшы, кейбір шағала мен қарқылдақтар, т.б.) ұя жасамай-ақ ашық жерге жұмыртқалай береді. Ал көкек, т.б. құстар өздері ұя жасамай, басқа құстардың (қарға, ұзақ, сауысқан, т.б.) ұяларын пайдаланады. Құстардың кейбіреулері (дуадақ, безгелдек, бұлдырық, тентекқұс, бозторғай, т.б.) жерді шұңқырлап, төсеніш төсеп, ұя жасайды. Қарлығаш ұясын сазды сілекейімен біріктіріп салса, ұзынқанаттар (сұр қарлығаштар) балшықтан үй қабырғаларына жабыстырып салады. Қоқиқаздар конус тәрізді ұяларын балшықтан (лайдан) моллюскілердің қабыршақтарын араластырып жасайды. Жер қарлығаштары, көк қарғалар, т.б. тік жарға тереңдігі 1 м-дей ін қазып, түбін кеңейтіп, төсеніш төсеп ұя салады. Тоқылдақтар мен дүмпілдектер ағаш қуыстарын тұмсығымен үңгіп, ұя салады. Кейбір құстар (отүйрек, италақаз, сарыала үйрек, шақшақайлар, т.б.) ұяларын түрлі сүтқоректілердің індеріне салады.
Африка мен Оңтүстік Азияда мекендейтін мүйізтұмсық құс ағаш қуысының аузын балшықпен сылап ұя салса, ал кейбір құстар (мысалы, сарышымшық) жұмыртқаларын жауларынан қорғау үшін балшықтан жабық ұялар -- "үйшіктер" жасайды. Көптеген құстар топ құрып, шоғырланып (қ. Құс базары) ұялайды. Ұя салу мерзімі де әр түрлі. Биік тау басында, шыршалы ормандарда мекендейтін жыртқыш құстар, қайшыауыз торғайлар, суықторғайлар мен шөлді құмдарды мекендейтін жорға торғайлар ақпан айында ұя салып, жұмыртқалайды. Көптеген құстар көктем мен жазда ұя жасайды. Ірі құстар ұяларын бірнеше жыл пайдаланса, ұсақ құстар жылма-жыл жаңа ұя жасайды. Сирек кездесетін, "Қызыл кітапқа" тіркелген құстардың ұялары қорғауға алынған
Ұя салу, оны қалай, қай жерге салу қасиеті құстарда эволюциялық даму барысында қалыптасқан. Сондықтан ұяның пішіні, мөлшері, оған пайдаланатын заттар да әр алуан. Мәселен, балшықшы, шағала мен қарқылдақ сияқты құстар ұя жасамай-ақ ашық жерге жұмыртқа сала береді. Ал көкек басқа құстардың ұяларын пайдалануға бейім болса, дуадақ, безгелдек, бозторғай сияқты қанаттылар жерді шұңқырлап, төсеніш төсеп, ұя жасайды. Қарлығаштар ұясын сазды сілекейімен біріктіріп салатын болса, қоқиқаздар ұяларын балшыққа ұлудың қабыршақтарын араластырып жасайды. Тік жарға тереңдігі бір метрдей ін қазып, түбін кеңейтіп, төсеніш төсеп, балапандарына қорған ететін жер қарлығашы, көк қарға сияқты құстар бар. Тоқылдақтар мен дүмпілдектер ағаш қуыстарын тұмсығымен үңгіп, ұя салады. Ал кейбір италақаз, сарыала үйрек сияқты құстар ұяларын түрлі сүтқоректілердің індеріне салады. Ұя салу мерзімі де әр түрлі. Құстардың басым бөлігінің ұя жасау және жұмыртқа салу мезгілі - көктем мен жаз айлары. Ірі құстар ұяларын бірнеше жыл пайдаланса, ұсақ құстар жылма-жыл жаңа ұя жасап отырады
Жұмыстың мақсаты : Құстардың ұялау ерекшеліктерін анықтау.
Жұмыстың міндеттері:
1. Құстардың ұяларын зерттеу
2. Құс ұясының түрлерін зерттеу
3. Құс
Зерттеу нысаны: Бақылау,анықтау,зерттеу.

Зерттеу әдісі:Құс

Систематикалық орны

Тип: Хордалылар Chordata
Класс: Құстар Aves
Отряд: Falconiformes
Тұқымдас:Accipiridae
Тұқымдас тармағы:Aguila
Түр:

І.Құстардың жыныс жүйелері
Жыныс органдары. Аталық жыныс бездері бұршақ пішін-дес, екі бүйрегінің үстіңгі жағында шарбы майына ілініп түра-ды. Жыл маусымының өзгеруіне қарай, олардың көлемі де өз-гереді. Мысалы, көбею кезінде қара торғайдың жыныс безі ал-ғашқы көлемінен 1500 есе үлкейеді. Аталық жыныс безінің ішкі жағындағы жиегінде жетілмеген өсінді қосалқысы. (еріdіdутіs) болады, ол ұрықтың дене бүйрегінің алдыңғы бөліміне ұқсай-ды. Олардың әрқайсысынан тұқым түтігі шығады (vаз dеfе-гепs) да ол несеп ағармен қатарласа отырып, клоакаға барып енеді. Кейбір түрлерінде бұл түтіктер клоакаға құяр алдында аздап кеңейіп, тұқым қалтасы деп аталатын куысты құрайды.
Шағылыс органы кейбір құстарда ғана болады. Клоаканың жиегінің өсуінен пайда болған шағылыс органы қаз тәрізділер-де, тырналарда және түйе құстарда болады. Құтандарда, дегелектерде де, коқиқаздарда да және дуадахтарда шағылыс органының жұрнағы сақталады. Бұлар шағылысқанда еркегінің спермасы ұрғашысының клоакасының ішіне құйылады
Көптеген құстардың ұрғашысының жыныс органы сол жақ аналық безі мен сол жақ жұмыртқа жолынан тұрады да асим-метриялы болып орналасады. Оң жақ аналық безі кейбір ғана құстарда: күндізгі жыртқыштарда, үкілерде, гагарларда, тоты-ларда, тауық тұқымдастарында ғана болады. Әсіресе, тотыларда жақсырақ дамыған. Бұл құстарда оң жақ жыныс безі қаншама жақсы жетілсе де, олар әрқашанда қызмет атқара бермейді. Оң жақ жыныс бездерінде жұмыртқа жетілгенімен, ол сол жақ жұмыртқа жолы арқылы сыртқа шығады.
Ұрғашыларының оң жақ аналық безінің нашар дамуы құс-тардың қатты қабықты, өте ірі жұмыртқа тууына байланысты болуы мүмкін. Тұқым жолымен жұмыртқа өте баяу қозғалады, яғни 1 -- 2 тәулікке созылады.
Аналық безініц (оvагіа) басқа органдар сияқты белгілі дү-рыс пішіні болмайды. Жұмыртқа жолының (tиЬае иtегіпае) бір ұшы клоакаға келіп ашылды да, екінші ұшы воронка арқылы дене қуысына келіп ашылады. Жетілген жұмыртқа, дене қуы-сынан түтіктің воронкасына түседі де, оның бойымен қозғалады. Нағыз жұмыртқа жолы бірнеше бөлімдерден тұрады. Бірінші бөлімі (рагз аІЬumіпіfега) -- ең ұзыны, ішкі қабырғасында белокты заттар шығаратын бездері болады, осы бөлімінде тауықтардың жұмыртқалары 3 -- 6 сағат болады және -оның сырты қалың белокты қабатпен қапталады. Екінші жіңішке бөлімінде -- жұмыртқа екі пергамент тәрізді белокты қабатпен скорлупа астындағы қабықпен қапталады. Үшінші бөлімі -- кеңірек жұқа қабатты -- жатын деп аталады. Мұның ішінде бездері көп болады. Ол бездердің шығарған заттарынан жұмыртқаның сырты известі, катты қабықпен қапталады да онда пигментті заттар болады. Жұмыртқаның түсі сол пигментке байланысты болады. Жатын ішінде жұмыртқа 12 -- 20 сағат болады. Жұмыртқа жолының соңғы бөлімін -- қынап деп атайды. Бұл бөлімнің бүлшық еттері жақсы жетілген. Осы бұлшық еттерінің жиырылу салдарынан жұмыртқа клоака арқылы сыртқа шығады. Тұқым жолымен жұмыртқаның қозғалу мерзімі тауықтарда бір тәулік болса, көгершіндерде 41 сағатқа дейін созылады.
Жұмыртқа. Қалыптасқан жұмыртқа күрделі дене болып саналады. Әдетте нағыз жүмыртқа деп оның ішіндегі сары уызын айтады. Жұмыртқаның басқа қосымша бөлімдері (мысалы белок) жүмыртқа безінде емес, жұмыртқа жолында пайда болған қабаттары деуге болады.
Құс жұмыртқасының сары уызы көп болады. Сары уыз бөлімінің бет жағында протоплазма және ядродан тұратын түйір деп аталатын заты болады, ол ұрықтанған жұмыртқада кішірек ұрық дискасына айналады. Сары уыздың басқа бөлімі ұсақ көпіршіктерден тұрады. Егерде көз тоқтатып қарасақ, олардың кабаттары сары немесе мөлдір түсті уыздың кезектесуінен құралады. Жұмыртқаның қатты қабығын сындырсақ, сары уызы дөп-дөңгелек болып түседі. Өйткені, сары уыздың сырты арнайы жұқа қабықпен қапталып тұрады. Сары уызда балапанның организміне керекті қоректік зат және денесін құрауға қажет заттар болады. Сары заттьщ ішінде май және су көп. Дамитын ұрық, өзіне керекті суды, жұмыртқаның осы сары уызынан алады. Оған қосымша жұмыртқаның құрамындағы май да, тотыққанда өзінен су тамшыларының бөліп шығарады, мысалы, тауық жұмыртқасының, сары уызынын, құрамында: су -- 50%, май -- 23%, протеиндер -- 16%, липоидтер 11% болады. Қаздардың. жұмыртқасының сары уызының құрамында: су -- 44%, май -- 36%, протеиндер -- 17%, басқа заттар -- 3% болады.
Жұмыртқаның сары уызының сыртында мөлдір жартылай сұйық (белок) деп аталатын екінші жұмыртқа қабаты болады. Оның сырты екі жұқа пергаментті қабықпен қапталған. Жұ-мыртқаның мокал ұшында температура өзгерген кезде оның көлемі өзгеруіне мүмкіндік беретін айтылған екі қабаттың ара-сында ауа болады.
Жұмыртқаның сары уызына қарай кабыршақ қабығынак "белоктың" ортасында белоктың тығыз ширатылған жіп тәрізді халаза созылып жатады. Халаза сары ,уызды шайқалудан сақтайды.
Жұмыртқа "белогының" негізгі маңызы нағыз жұмыртқаны (сары уызды) механикалық әсерлерден қорғайды және ұрық-тың дамуы кезінде сумен қамтамасыз етеді. Мысалы, тауық жұмыртқасы белогының құрамы: 87% су, протеин -- 12%, бас-қа заттар 1%.
Қатты кабық негізінен көмір қышқыл кальцийден (89 -- 97%), аздап та болса басқа тұздар мен органикалық заттан тұрады. Қатты қабық негізінен жұмыртқаны механикалық әсерлерден сақтайды және жұмыртқаның газ алмасуын қамтамасыз етеді, әр түрлі бактериялардың енуіне бөгет болады. Ірі жұмыртқа туатын және жұмыртқасын ашық жерге салатын, құстардың жұмыртқасының қатты қабығы мықтырақ болады. Ұрық дамы-ған кезде, қатты қабықтың біразы ұрықтың скелетін қалыптастыруға жұмсалады. Қатты қабықтың сыртында майда тесікшелері болады. Бұл тесікшелер жұмыртқаның моқал жағында кө-бірек болады. Ұрықтың газ алмасуына осы тесікшелердің маңызы үлкен. Жұмыртқаның басылуы ұзарған сайын және газ алмасуының күшеюіне сәйкес тесікшелердің диаметрі үлкейе түседі. Құстар - дара жынысты, іштей ұрықтанады. Құс мекиенінің аналық безі, жұмыртқа жолы біреу ғана. Ол тек сол жағында болады. Қораздың жыныс мүшелері (аталық безі, тұқым жолы) - екеу. Кейбір құстардың сыртқы түріне, қауырсындарының түсіне қарап мекиен, қораздарын бірден ажыратуға болады (қырғауыл, дуадақ, т.б.). Құстар іштей ұрықтанып, тек ұрықтанған жұмыртқа арқылы көбейеді. Жұмыртқадан балапанның шығуы үшін белгілі температура, ылғалдылық қажет. Тауық жұмыртқасынан 21 тәуліктен соң балапан шығады.
Жасы үлкен тауықтардың жыныстық айырмашылықта- ры анық көрінеді: қораздар мекиендерден тұлғалы, олардың бастары үлкен, көкірегі жалпақ, ал жамбасы жіңішкелеу келеді. Қораздардың қауырсындарының бояуы әдетте мекиендерге қарағанда түрлі-түсті ашық болады. Күрке тауықтар мекиендерінің мойнындағы терісін бірнеше қатпарлары маржан алқасы мен тұмсығының үстіндегі етті өсіндісі құрайды. Көкірегінде бір шоқ қатты қауырсынды сақалы болады. Кежектердің (еркек үйрек) құйрығында жоғары қарай сақина сияқты бұйраланған екі қауырсыны бар және мекиендерге қарағанда кежектер қырқылдамайды, быжылдайды. Еркек қазды ұрғашы қаздан тек жыныстық мүшесіне қарап қана ажыратуға болады. Құстың жасын балапан шыққан күнге қарап қана дәл анықтауға, ал сырт тұлғасына қарап жасын шамамен анықтауға болады. Жасы үлкен, қартайыңқырап қалған құстың салмағы да үлкен, қауырсындары болбыраған, табан сүйектеріндегі қабыршақтары қата бастаған, сүйектен бөлініп, қатпарланып тұрады. Қораздың жасын тепкі тырнағының ұзындығына қарап анықтайды, ол жыл сайын 1,5-2 см өсіп отырады. Ал балапандардың жасы қауырсындарының дамып өсуіне қарап анықталады. Құстың денсаулығын оның сыртқы түрі мен мінез құлығына қарай білуге болады. Дені сау құс көп қозғалады. Жем мен суды бірқалыпты ішіп жейді, құсхана құсқа тән шуға толы болады, қауырсыны таза, әрі жалтырайды. Дені сау құстың көздері шығыңқы, жылтырап ажарлы келеді. Әлсіз ауру құс аз қозғалып, жемді нашар жейді, қауырсыны кір үрпиіп тұрады. Көздері бұлдырап, көбінесе ісіңкі келеді. Айдары сұп-сұр көкшілденген келеді. Құстар - дара жынысты: кейде еркегі мен ұрғашысы сыртқы түрі бойынша өте жақсы ерекшеленеді. Құс мекиенінің аналық безі және тұқым жолы біреу ғана, ол денесінің сол жағында орналасқан. Еркегінің жыныс мүшелері (аталық безі, тұқым жолы ) екеу. Аталық безі дене қуысында орналасқан. Құстар жұмыртқа салып көбейеді. Жұмыртқаларын әртүрлі құрылысты ұяларға салады. Құстар жұмыртқаларынан шығатын алапандардың ерекшеліктеріне байланысты екі топқа бөлінеді: ширақ балпан шығаратын құстар; қызылшақа балапан шығаратын құстар. Қызылшақа балапандар әлсіз, көзі соқыр, қауырсындары жетілмеген болады. Мұндай балапан шығаратын құстарға кептерлер, торғайлар, тоқылдақтар және т.б. жатады. Ширақ балапандар атына сейкес үлпілдек қауырсынды, әрі ширақ, көздері ашық, жұмыртқадан шыға сала тіршілік әрекетіне кіріседі. Ондай құстарға тауық тәрізділер, қаз тәрізділер, тырна тәрізділер және т.б. құстар жатса, жыртқыш құстар аралық орынға ис.

1.1Құстардың көбею ерекшеліктері

Құстардың көбеюі. Құстардың көбею биологиясында бірнеше тамаша прогрессивті ерекшеліктер бар.
Олардың негізгілері мыналар: 1) құстар ұрықтанған жұмыртқаларын арнаулы ұя-ларға салады; 2) жұмыртқалары ата-аналарының денесінен шыққан қызудың әсерінен дамиды. Сондықтан құстар жұмыртқасының дамуы сыртқы ортаның температурасына байланысты емес; 3) Ата-аналары жауларынан ұяларын әр түрлі тәсілмен қорғайды; 4) ата-аналары шыққан балапандарын бағады.
Құстардың жыныс бездерінің жетілуі түрліше: ұсақ торғай тәрізді құстардың жыныс безі 8 -- 12 айда, қарғалар, ұсақ шағалалар, үйректер, ұсақ күндізгі жыртқыштар -- өмірінің екін-ші жылында, ал ірі шағалалар, гагарлар мен бүркіттер үшінійі жылында жетіледі.
Көптеген құстардың жыныс безі жетілген кезде жыныстық диморфизмі байқалады. Ұрғашыларына қарағанда еркектерійің дене мөлшерінде, дауысында, пластикалық белгілерінде, түсінде ерекшелік білінеді. Еркектері әрқашанда ұрғашыларынан ірі болады. Бірақ бұл заңдылыққа сәйкес келмейтін қазуарлар, кивилер, тинамулар, күндізгі жыртқыштар сияқты құстар да бар. Әтештерінің түсі ашық, әсем болады. Мысалы, тауық тәрізділерде, Керісінше солтүстікте тіршілік ететін жүзгіш балшықшының (Рһаіагориs) мекиенінің түсі ашық, айқын болады. Бұларда жұмыртқасын еркектері басады.Тауықтардың, құрлардың және қыргауылдардың әтештері-нің құйрығында қауырсындары және аяқтарының арт жағында мүйізді өсінді -- тегеуіріні болады.
Жыныс диморфизмі құстардың бір азғанасында болмайды. Бұл сияқты құстарға пингвиндер, түтік тұмсықтылар, ескек аяктылар, гагарлар, сұр қарлығаштар т. б. жатады. Ал кейбір құстардың жыныс диморфизмі (шағалалар, чистиктер, пастушкалар, балшықшылар және торғай тәрізділердің көпшілігі) нашар білінеді.
Көпшілік құстар "күй салтанаты" кезінде монагамды. жұп құрайды, яғни бір еркегі мен ұрғашысы қосылып бір жұп болып жүреді. Қосарланып жүру уақытының ұзақтығы түрлі құстарда түрліше уақытқа созылады. Мысалы, аққулар, ірі жыртқыштар, дегелектер бірнеше жылдарға дейін, кейбір жағдайда өмір бойына жұбымен жүреді. Қаздар, бірқатар үйректер (пеганка, отайка), бірнеше торғай тәрізділер, тек көбею маусымында ғана жұп құрайды. Балапандарын шығарып,ұшырғасын мұндай құстар жұбын ажыратады. Көпшілік үйректер жұмыртқа салар алдында шағылысу кезінде ғана жұп құрап, ұяларын салып болғасын ажырасып кетеді. Кейбір құстар шағылысу кезінде, бірнеше минут немесе сағат қана жұп құрайды. Мүндай құстардың әтештері, бір көбею маусымында, бірнеше мекиендерді ұрықтандырады. Олар күн сайын жаңа жұп құрайтын болады. Шын мәнінде бұл полигамдар, анығырақ айтқанда полигиндер деп атала-ды. Бұған меңіреу құрлар, турухтандар, колибрилер жатады. Табиғи жағдайда нағыз полигиндерге тауыстар,үй құстарынан тауықтар жатады.
Құстардың бір азғана тобында полиандрия, яғни көп этеш-тілік байқалады. Мұндай жағдай ушсаусақтыларда (Тигпісеs), жүзгіш балшықшыларда (Рһаlагориs) және тинамуларда кездеседі.
Құстардың көптеген түрлері шағылысар алдында, еркегі мен ұрғашысы жұп құрап, азғана уақыт бірге жүреді. Мұның өзі олардың жыныс бездерінің толық және тез жетілуіне әеер етеді. Бұл кезде құстардың мінез-құлқы өзгеріп, әр түрлі қимылдар жасайды және қанаттарын үрпитіп, дауыстарын өзгертеді. Мысалы, бұлдырықтар "күй ойнағын" өткізетін тоғайдың ашық алаңдарына түнде жиналады да "күй ойнағына" таң ата кіріседі. Әтештері қанатын сүйретіп, құйрық қанаттарын үрпитіп жайып жібереді. Олар ерекше дауыс шығарып, оның ырғағын өзгертіп әндетеді. Ойындары әбден қызып келген кезде ерекше дыбыс шығарады да әтештері бірімен-бірі таласады. Бұл кезде мекиендері бұталарда немесе тоғайдың ашық жерлерінде оіьь рады.
Гагардың әтештері "күй ойнақ" кезінде, суда айрықша бір қимылдар жасап, тез қозғалады. Ақ кекілік "күй ойнақ" кезінде мезгіл-мезгіл жерден жоғары аспандап ұшып, ерекше қықылықтайтын дыбыс шығарады. Шағылысар алдында арнаулы дыбыс Шығару -- көптеген құстарға тән қасиет. Шағылысар алдында дыбыс шығарып жырлау көмекейдегі дыбыс қатпарлары арқылы орындалады, ал кейбіреулерінде басқа органдар арқылы да орындалады. Мысалы, таукұдырет "күй ойнақ" кезінде ауада ұшып жүріп, төмен қарай түскенде, құйрық қанатын жайып жібереді. Тоқылдақ "күй ойнақ" кезіндеқұрғақ ағашқа орнығып алып, тұмсығымен ағашты үсті-үстіне соғып, дауыс шығарып -- "жырлайды" -- мұны "барабан сарыны" деп атайды.
Құстардың шағылысу алдында, әтештерінің мінез-құлқының өзгеріп "күй ойнақ" жасауы, сыртқы ортаның негізгі әсерінің бірі болып саналады. И. П. Павловтың айтуынша, сыртқы ортаның осындай әсерінсіз ("сигналынсыз") мекиендердің шағылыс циклының қалыпты түрде аяқталуы және оған дайындалуы мүмкін емес. Шағылысар алдындағы құстардың мінез-құлқының өзгеруі -- олардың жоғарғы нерв әрекеттерінің айқын көрінісі болып саналады.
Жүп құрғаннан кейін құстар ұя салуға кіріседі. Құстардың ұясы алуан түрлі, бірақ белгілі бір түрінің ұясы әрқашанда белгілі бір формада салынады. Ұяларының сипаты, олардың биологиялық түр ерекшеліктеріне және ұя салатын ортасының экологиялық ерекшелігіне тығыз байланысты. Құстардың кейбір түрлері ұя жасауға әрекеттенбей-ақ кезкелген жерге туа береді. Мысалы, қайрлар, жалаң тастың үстіне бір ғана жұмыртқа салады. Ешкіемерлер (1 -- 2 жұмыртқасын) арнаулы үя жасамай-ақ топырақтың шұңқыр жеріне туа салады. Кіші зуектер мен өзен крачкалары құмдардың шұңқыр жерлеріне салады. Ұяда төсеніш болмайды, бірақ құм жауып қалмайтындай етіп оның жиегін ұсақ тастармен көмкеріп қояды. Балшықшылар мен тауық тәрізділердің көпшілігі ұяларына аздап та болса құрылыс материалдарын пайдаланады. Жұмырткаларын топырақтың ояздау жеріне салады да ұясының астына болар болмас төсеніш төсейді.
Ағаштарға ұялайтын құстардың да ұяларының бірқатары қарапайым құрылысты болады. Мысалы, кейбір көгершіндер бір азғана бұтақтан құрастырып, оның жиегін көмкермей-ақ ортасын шұңқырлайды да, соған жұмыртқалайды.
Күндізгі жыртқыш құстарда ұяларын осы типтес ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарғаның тіршілігін бақылау
“Зоология” курсының кіріспесі
Зоология пәнінен сабақтар жоспарлары
Қырғауылдың жұмыртқадан шыққан аналық жыныс безінің құрылысы
Микоплазмалардың антигендік құрылымы
Сары торғай өте әдемі құс
Зоология сабағында жергілікті жердегі кейбір төменгі сатыдағы жануарларды оқушыларға таныстыру
Хордалылар типіне жалпы сипаттама
Қазақстандағы табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау
Құстардың тіршілігінің жыл маусымдық циклі
Пәндер