Инвестициялық салымдар: түсінігі, құрамы, құрылымы, қаржыландыру көздері



Инвестиция - салыстырмалы түрде алғанда біздің экономикамыз үшін жаңа термин. Отандық экономикалық әдебиеттерде инвестиция ұғымы күрделі қаржыларды жұмсау синонимі ретінде қолданылып келді. Бұл ұғым арқылы негізгі қорлардың жай және дамыған ұдайы өндірісіне бағытталған барлық материалдық, еңбек, қаржылық шығынның ресурстарымен түсіндірілді.
Орталықтанған жоспарлы жүйе шеңберінде жалпыға ортақ келесі ұғым қолданылды: «Күрделі қаржы жүмсау - жұмыс жасап түрған мекемелерді (өндірістік күрделі қаржы жұмсау) қайта жаңғырту, кеңейту, техникалық жарақтандыру және жаңасын тұрғызуға немесе тұрғын үй, мәдени-тұрмыстық Құрылысқа (өндірістік емес күрделі қаржы жұмсау) жұмсалған қаржы құралдары».

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Тақырып 7 Инвестициялық салымдар: түсінігі, құрамы, құрылымы,
қаржыландыру көздері

Инвестиция - салыстырмалы түрде алғанда біздің экономикамыз үшін жаңа термин. Отандық экономикалық әдебиеттерде инвестиция ұғымы күрделі қаржыларды жұмсау синонимі ретінде қолданылып келді. Бұл ұғым арқылы негізгі қорлардың жай және дамыған ұдайы өндірісіне бағытталған барлық материалдық, еңбек, қаржылық шығынның ресурстарымен түсіндірілді.
Орталықтанған жоспарлы жүйе шеңберінде жалпыға ортақ келесі ұғым қолданылды: Күрделі қаржы жүмсау - жұмыс жасап түрған мекемелерді (өндірістік күрделі қаржы жұмсау) қайта жаңғырту, кеңейту, техникалық жарақтандыру және жаңасын тұрғызуға немесе тұрғын үй, мәдени-тұрмыстық Құрылысқа (өндірістік емес күрделі қаржы жұмсау) жұмсалған қаржы құралдары.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар туралы заңына сәйкес инвестициялар - бұл ақша қаражаттары, арнаулы банктік ақша қаржылары, жарна, акция және басқа да құнды қағаздар; технологиялар, машиналар, құрал-жабдықтар; лицензиялар, оның ішінде, тауарлық белгіге беретін; несиелер; кез келген мүлік немесе мүліктік құқық, кәсіпкерлік немесе өзге де іс-әрекет түрлерінен табыс табу және әлеуметтік нәтижеге кол жеткізу мақсатына жұмсалатын зияткерлік Құндылық. Нарықтык экономикада ең кең тараған және жалпылама бойынша инвестиция - бұл табыс табу немесе басқа да бір нәтиже алу мақсатында кез келген түрдегі қаржы жұмсау үдерісі.
Инвестициялардың түрлері және жіктелуі
Инвестициялық үдеріске тән экономикалык қатынастардың көптүрлілігі инвестицияларды саралауды кажет етеді. Барлық инвестиция түрлері мақсаттық белгісіне қарай негізгі үш топқа бөлінеді: қаржылық, нақты, материалдық емес активтер сияқты инвестициялар.
Қаржылық инвестиция - бұл меншік иесі лауазымына тікелей байланысты, меншіктен түскен табысты иемденуге құқық беретін акция, облигациялар және баска да құнды қағаздарға капитал салымы, сондай-ақ банктік депозиттер. Қаржылық инвестициялар күрделі қаржы жұмсауды қосымша көзі немесе биржада, кұнды қағаздар нарығында биржалық ойын кұралы бола алады.
Қазіргі жағдайда қаржылық инвестициялардың негізгі түрлерінің бірі болып портфельдік инвестициялар болып табылады. Қор нарығында (құнды қағаздар нарығы) құнды қағаздарды сатып алу - сату операцияларын жүзеге асыру арқылы оңтайлы портфельдік инвестицияны құру жэне оны басқару инвестордың басты міндеті болып табылады.
Инвестор өз портфелін құнды қағаздардың бірнеше түрімен қалыптастыруы қажет (вексельдер, әр түрлі компаниялардың акциясы, келісімшарттар, опциондар).
Инвестор - мемлекет немесе акционерлік қоғамдар шығарған акциялар, облигациялар, өзге де құнды қағаздарды сатып алу жөніндегі инвестициялык жобаға меншікті қар-жысын немесе басқа да материалдық немесе зияткерлік құндылықтарымен салым жасайтын заңды немесе жеке тұлға. Инвестор жүзеге асыратын инвестицияның көлемін, бағыты мен тиімділігін өз бетінше анықтайды.
Құнды қағаздарды сатып алушыларды келесі кағидаға сай бөлуге де болады:
инвестор - құнды қағаздар сатып алуда ең алдымен тәуекелдіктің ең аз болғанын ойлайтын адам;
алыпсатардың одан айырмашылығы - бұл анықталған тәуекелдікке дайын адам;
- ал ойыншы болса - кез келген тәуекелдікке дайын адам.
Инвестициялық институт - заңмен рұқсат етілген кез келген ұйымдық-кұқықтық түрде қүрылған заңды түлға. Заңға сәйкес, инвестициялық кеңесші болып қүнды қағаздармен жұмыс жасауда орындаушы қызметін атқарушы ретінде жеке тұлға да бола алады. Инвестициялық институтының құрылтайшысы болып заңды тұлға, сонымен қатар қазақстандық және шетелдік азаматтар бола алады. Инвестициялық институттар құнды қағаздар нарығында келесі қызмет түрлерін атқарады:
oo брокерлік (делдалдық) қызмет - тапсырыс және комиссиялық келісімшарттар негізінде құнды қағаздармен әрекет жасауға жагдай туғызатын қызметтер түрін көрсету;
oo дилерлік - өз атынан жэне өз есебінен қүнды қағаздармен жұмыс істеу (соның ішінде бағасы белгі-ленген қүнды қағаздармен);
oo кеңес берушілік - заң жөнінде, экономикалық, техникалық және басқа да кеңестер беру;
oo депозиттік - құнды қағаздарды сақтау, тапсыру жэне осыған байланысты тіркеу қызметтерін көрсету;
oo клирингтік - құнды қағаздар жөнінде қажетті қүжаттар жинау, салыстыру, түзету, даярлау операцияларын атқару.
Нақты (тікелей) инвестициялар - қаржыны материалдық өндіріс саласына ұзақ мерзімге салу. Бұл - жеке кәсіпорындар немесе мемлекеттің өнім өндірісіне күрделі қаржы жұмсауы, ол нақты капитал түзуге жағдай жасайды (ягни ғимараттар, құрылымдар, тауарлы-материалдық қорлар жэне т.б.).
Нақты қорларға керекті инвестицияның көлемін талдауды дайындау оның көмегімен кәсіпорын қандай мәселелерді шешу керек екендігіне байланысты болып келеді.
Барлық ықтимал инвестиция түрлерін келесі негізгі топтарға бөлуге болады:
тиімділікті арттыруға бағытталған инвестиция. Мұндағы мақсат - жабдықтарды ауыстыру, қызметкерлерді оқыту немесе өндіріс қуаттарын өндірістік жагдайы неғұрлым қолайлы аймаққа көшіру есебінен кэсіпорын шығындарын төмендетуге жағдай жасау;
өндірісті кеңейтуге бағытталған инвестиция. Мұндай инвестицияның міндеті - бүгінгі өндіріс шегін-де бұрын қалыптасқан нарыққа арнап тауар шығару мүмкіндіктерін кеңейту;
жаңа өндіріс кұруға бағытталған инвестиция. Бұл инвестиция кэсіпорын бұрын-соңды өндірмеген мүлдем жаңа тауар шығаруга (немесе жаңа қызмет түрін көрсетуге) немесе бұрыннан шығаратын тауарымен жаңа нарыққа шығаруға эрекет ететін кэсіпорындарға мүмкіндік береді;
мемлекеттік басқару органдарының талаптарын қанағаттандыру үшін қажетті инвестиция. Инвестицияның бұл түрі кэсіпорын үкіметтің экологиялық стандартта-ры немесе өнім қауіпсіздігі жөніндегі, не болмаса басқа да бір менеджментті жетілдіру есебінен ғана қол жет-кізу мүмкін болмайтын талаптарын қанағаттандыруы тиіс болған жағдайда керек болады.
Инвестицияларды бұлайша саралау себебі олармен ұштасатын тэуекелдіктің әр түрлі деңгейлігімен түсіндіріледі.
Инвестиция түрі мен оның тәуекелдік деңгейінің арасындағы тәуелділік инвестиция аяқталғаннан кейін кэсіпорынның жұмыс нәтижелерінің өзгерісі нарыктың жағдайына дәл келмеу дәрежесімен анықталады.
Нақты (өндірістік) инвестицияларды келесі түрлерге бөлуге болады: жаңа құрылысқа, өндірістік қуаттарды кеңейту-ге, жұмыс істеп тұрған өндірісті қайта жаңғырту мен техно-логиялық қайта жарақтандыруға жэне істен шыққан кұрал-жабдық, ғимараттар мен құрылымдардың орнын толтыруға бағытталған.
Материалдық емес активтер ұғымы біздің экономикалық ғылымда қолданысқа енгеніне көп болған жоқ.
Шаруашылық қызметте ұзақ уақыт кезеңі бойынша (бір жылдан артық) пайдаланылатын және табыс экелетін материалдық емес активтерге келесі негізде пайда болған құқықтар жатқызылады:
- ғылым, әдебиет, өнер туындыларына және аралас мәліметтер негізіне жэне т.б. авторлық және басқа да келісім шарттар;
өнертабыс патенттері, пайдалы үлгілерге, тауарлық және қызмет көрсету белгілеріне берілген куәлік және оларды пайдалануға берілген лицензиялық келісім-шарт;
ноу-хау құқығы жэне т.б.
Сонымен бірге, материалдық емес активтерге жерді пайдалану, табиғи ресурстарды пайдалану құқықтары мен ұйымдастыру шығындары жатады.
Материалдық емес активтерге басқа да түсініктеме беріледі, оған кіретіндер: шаруашылық іс-әрекетінде табыс әкелетін және ұзақ мерзімде пайдаланатын материалдық емес нысандарға кететін шығындар, жер аумағын және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жергілікті инвестиция есебі
Инвестициялар туралы
Инвестицияның мәні, экономикадағы мазмұны
Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығының көрсеткіштері
Инвестициялық жобалардың түрлері
Инвестициялық қызметтің объектілері
Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалаудың қағидаттары
Коммерциялық банктің қаржылық ресурстарының жіктелуі
Инвестициялық тәуекелдіктер түсінігі және олардың түрлері
Ақша қаражаты және ақша қаражатының баламалары
Пәндер