Экологиялық мәселелерді шешу түрлері



Экология мәселесі - бүгінгі таңдағы адамзат өркениетінің аса ауқымды проблемаларының бірі болып отыр. Аталмыш проблеманың пайда болуының басты алғышарты - қоршаған ортаға адамзат перзентінің антропогендік һәм техногендік ықпалдарының ұзақ жылдар бойы тигізіп келген әсері деп тұжырым жасауымызға болады. ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басында адамзаттың шаруашылық әрекеттері мен өндірістік қатынастарының ғылыми-техникалық жаңару биігіне көтерілуі - экономикалық реформалардың ерекше сипат алуына (модернизациялануы мен интеграциялануына) түрткі болды.
Экономикалық дамудың кешенді стратегиялық бағытын таңдауға мәжбүр болған көптеген мемлекеттердің жоспарлы әрекеттері - әсіресе табиғат ресурстарының байлықтарын ысырапсыз игеру үрдістерін қалыптастырды.
1 Сәтімбеков Р. Биология: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдык-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған окулық. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007.
2 Биология: Жалпы білім беретін мектептің, 9-сыныбына арналған оқулық, 2-басылымы, өңделген/ М. Гильманов, А. Соловьева, Л. Әбшенова. - Алматы: Атамұра, 2009.
3 А.К.Бродский. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы. Алматы, ғылым.1997ж.
4 Е.Мамбетказиев. қ.Сыбанбеков. Табиғат қорғау. Оқу құралы. Аматы қайнар.1990ж.
5 Г.К. Сагимбаев. Экология и экономика. Алматы. 1997ж.

Кіріспе
Ғаламдық экологиялық проблемалар - ғаламдық, аймақтық және ұлттық
деңгейлерде айқындалған экологиялық проблемалар кешені. Зор геосаяси
проблеманын экологиялық қауіптілігінің мынадай көріністері бар: табиғи
экожүйенің бүлінуі, озон қабатының жұқаруы, атмосфераның, Әлемдік мұхиттың
ластануы, биологиялық әралуандылықтың азаюы және т.б. Олар тек қана барлық
елдердің қатысуымен, БҰҰ-ның басқаруымен шешілуі мүмкін. Экологиялық
проблемалардың ғаламдығы оны шешу үшін барлық елдердің жігерін жұмылдыру
қажеттігін тудырып отыр; қарудың барлық түрлерін азайтпай экологиялық
дағдарыстан айырылу мүмкін еместігі; биосфераның жалпыға ортақ ластануына
қарай ядролық соғыс ғана емес, тіпті жай соғысты жүргізудің мәнсіздігі;
қазіргі өркениеттің технологиялық құрылымын қайта құру, өмір негізі болатын
табиғатпен өзара іс-әрекеттің жаңа сапалы әдістері мен құралдарын жасау;
қоршаған ортаны қорғау проблемасы бойынша БҰҰ органдары жұмысының
тиімділігін арттыру және оларға төтенше өкілеттік беру. Ғаламдық
экологиялық мәселелер қоршаған ортаның әр түрлі дәрежедегі ластануынан орын
алады. Соңғы жылдары дүние жүзінде экологиялық жағдайлар шиеленісе түсуде.
Оның көптеген себептері бар. Негізгі факторлар көбінесе адамның іс-
әрекетінен туындап отыр. Ең басты мәселенің бірі — жер шарындағы халық
санының артуы. Жер шарындағы халықты азық-түлікпен, жылу энергиясымен, киім-
кешекпен, т.б. материалдық жағдайлармен қамтамасыз ету үшін қаншама табиғат
ресурстары қажет. Оның үстіне, XX ғасырда адам ғылым мен техниканы игеру
жағынан да бұрын-соңды болмаған жетістіктерге жетіп отыр. Әсіресе ғылыми-
техникалық прогрестің дамуы қоршаған орта жағдайын нашарлатып, адамдардың
денсаулығына орасан зор зиян келтіруде.Әлемдік экологиялық мәселелердің
ішіндегі ең қауіптілерінің бірі — биосфераның ластануы. Ластану — жер
шарының физикалық, химиялық, биологиялық сапасының төмендеуі мен
экожүйелердегі күрделі өзгерістер арқылы көрініс беруде. Жер бетіндегі
мұндай өзгерістер ірі дауылдар, су тасқындары, жанартау атқылауы, жер
сілкіну, теңіздер мен мұхиттар деңгейінің көтерілуі немесе төмендеуі,
куаңшылык, өрт сиякты апаттарға апарып соғуда. Адамның табиғатты озгертуге
байланысты іс-әрекеттері ғалам-шардагы тіршілік үшін кауіл тудыратын
өзгерістерді тудыратын деңгейге жакындады.

I Экологиялық мәселелерді шешу түрлері

Экология  мәселесі  -  бүгінгі  таңдағы  адамзат  өркениетінің  аса 
ауқымды  проблемаларының   бірі  болып  отыр.  Аталмыш  проблеманың  пайда 
болуының  басты  алғышарты  -  қоршаған  ортаға  адамзат  перзентінің 
антропогендік  һәм  техногендік  ықпалдарының  ұзақ  жылдар  бойы  тигізіп 
келген  әсері  деп  тұжырым  жасауымызға  болады.  ХХ  ғасырдың  аяғы  мен 
ХХІ  ғасырдың  басында  адамзаттың  шаруашылық  әрекеттері  мен 
өндірістік  қатынастарының  ғылыми-техникалық  жаңару  биігіне  көтерілуі 
-  экономикалық  реформалардың  ерекше  сипат  алуына  (модернизациялануы 
мен   интеграциялануына)  түрткі  болды.

Экономикалық  дамудың  кешенді  стратегиялық  бағытын  таңдауға 
мәжбүр  болған  көптеген  мемлекеттердің  жоспарлы  әрекеттері -   әсіресе 
табиғат  ресурстарының  байлықтарын   ысырапсыз  игеру  үрдістерін 
қалыптастырды. Соңғы  жылдары  шаруашылық-өндірістік  нысандарында 
экологиялық  қауіпсіздік  шараларын  қамтамасыз  етуге  бағытталған 
әрекеттерге  қарамастан,  антропогендік-техногендік  ықпалдар — глобальді 
масштабты  қамтып,  Жер  планетасының  табиғи  балансының  ауытқуына 
қауіп  төндіруде.

Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  бастамасымен өткен Ү  Халықаралық
экологиялық  конгресс (Жапония, 1990),  Қоршаған  ортаны  қоғау  жөніндегі
конференция (Бразилия, 1992),  ХХҮІІ  Халықаралық  географиялық  конгресс
(АҚШ, 1992)  және  Йоханнесбург  (ОАР,  2003)  қаласында  өткен 
бүкілдүниежүзілік  экологиялық  форум  -  аталмыш  мәселенің  өзектілігін 
көрсетіп  отыр .

Экология  гректің  эйкос  -  үй, жай ,  және  логос  -  ілім  
деген  сөзінен  шыққан.  Экология  терминін  ғылыми  айналымға  неміс 
биологы  Э.Геккель ( 1866  жылы )  ұсынған.

II Экология ғылымының қоршаған ортаға антропогендік әсері

Экология  ғылымы  жөнінде  батыс  ғалымдары:  Ю. Одум,  Р. Дажо, 
Н.Ф. Реймерс,  П. Троян, Р.Риклефс, К. Армс,  П. Кемп,  У. Линден, 
Ж.Леме,  ресейлік  ғалымдар:  В.А.Вронский,  Ю.Н. Куражковский,  Д.Ж.
Маркович,  К.С. Лосев,  Н.М. Чернова,  А.М. Былова  және  қазақстандық 
ғалымдар  Ә.С. Бейсенова,  С. Әубәкіров,  А. Әбдірахманов,  Ұ.М.Ысқақов, 
Н. Сейітов,  В.С. Слащев  және  басқа  эколог  ғалымдардың  еңбектері 
құнды. Экология  сондай-ақ:  география,  химия,  биология, табиғаттану, 
жаратылыстану  және  басқа  пәндермен  тығыз  байланысты.  Экология 
ілімінің  түпнамасын  жұмыр  Жер  жаратылысының  тарихынан  бастап 
таратқан  дұрыс.  Оның  себебі:  әуел  бастағы  Жердің  протобиологиялық 
эволюция  дәуірлерін  геохронология  тұрғысынан  сараптайтын  болсақ, 
даму  мен  қалыптасу  эраларындағы:  эндогендік,  экзогендік  және 
тектоникалық  табиғи  апаттар  күштерінен  пайда  болған  экологиялық 
құбылыстарды  байқауымызға  болады.  Антропогендік  ықпалға  дейінгі 
қалыптасқан  орасан  сыртқы  және  ішкі  күштер  жиынтықтары (космостық, 
вулкандық,  магмалық,  сейсмикалық,  геосинклинальдік,  гидрокатастрофалық 
т.б.)   жер  ландшафтысы  мен  биосферасын,  рельефін  қатты  өзгерістерге 
ұшыратумен  бірге,  айтарлықтай  экологиялық  проблемаларды  туындатқаны 
анық.

Экономикалық  қажеттіліктерден  туындаған  адамзат  перзентінің 
ғылыми  техникалық  жетістіктерге  сүйене  отырып,  жер  қойнауындағы 
байлықтарды  молынша  игеруге  күш  салуы  -  экологиялық  сауатсыздықтың 
белгісі  екені  анық.  Аталмыш  үрдістер,  қазба  байлықтарды  ысырапсыз  
пайдаланумен  шектелмей,  ғарыш  кеңістігін  игеруде,  атомдық  станциялар 
мен  электр  желісі  жүйелері  өнеркәсібін  дамытуда,  шикізат қорларын 
өңдейтін  химиялық  өндірістік  орындардың  ашылып,  қарқынды  түрде 
жүргізілуін  жеделдетті.  Адамзаттың  ғарыш  айлағын  зерттеп,  атомдық 
кешенді  қондырғыларды    іске  қосуы — ғылыми-техникалық  прогрестің 
бұрынғыдан  гөрі  қарыштап  дамуын  жеделдеткенімен  -  ол  жетістіктер 
экологиялық  проблемаларды  шешудің  басты  алғышарттары  бола  алмады.

Әлем  кеңістігінде  белең  ала  бастаған  экологиялық  апаттар 
ареалдары  жыл  өткен  сайын  кеңейе  түсуде.  Әсіресе,  жер  шарындағы 
атмосфералық  жауын-шашын  мөлшерін  реттеп  отыратын  әлемдік  мұхит 
экожүйесінің  ластануы  -  биогеоценоз  айналымының    тежелуіне  ұйытқы 
болуда.  Қоғамның экологиялық мәдениетiн және мамандардың кәсiби
даярлығын арттыру мақсатында мектепке дейiнгi, жалпы орта,кәсiптiк-
техникалық, арнаулы және жоғары бiлiм берудiң бүкiл процесiн, мамандарды
қайта даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыруды қамтитын экологиялық
тәрбие мен бiлiм берудiң жалпыға бiрдей және үздiксiз жүйесi белгiленедi.

Халық арасына экологиялық бiлiм туралы таратуды мемлекеттiк органдар
және қоғамдық бiрлестiктер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және заңдарға
қайшы келмейтiн өзге де тәртiппен жүзеге асырады.Оқу орындарының бiлiм беру
бағдарына және меншiк нысанына қарамастан, оларда экологиялық пәндердi
оқыту көзделуi тиiс.

III Экология мәселелерді шешу жолдары

Қоршаған ортаға зиянды әсер ететiн қызметке байланысты лауазымды
адамдар мен мамандардың қажеттi экологиялық даярлығы болуға және олар
қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар негiздерiн бiлуге мiндеттi. Басшылар
мен мамандардың кәсiби экологиялық даярлығы оларды қызметке тағайындау,
аттестациялау және қайта аттестациялау кезiнде ескерiледi.

Қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми негiздерiн әзiрлеу және жасау
мақсатында заңдарда белгiленген тәртiппен ғылыми зерттеулер жүргiзiледi.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-
конструкторлық және енгiзу жұмыстары, олар ұлттық (мемлекеттiк)
бағдарламаларға енгiзiлген жағдайда, бюджет қаражаты есебiнен
қаржыландырылады.

Елiмiздiң табиғаты мен оның байлықтары Қазақстан Республикасы
халықтарының өмiрi мен қызметiнiң, олардың тұрақты әлеуметтiк-экономикалық
дамуы мен әл-ауқатын арттырудың табиғи негiзi болып табылады десек, бүгiнге
дейiн адамзат баласы табиғат байлықтарына таусылмайтын пайда көзi деп қарап
келгенi де рас.

Алайда, экологиялық проблемалар мойындалған тұста табиғат пен қоғам
үйлесiмдiлiгiн сақтау мақсатында табиғи ресурстарды пайдалану құқығын
мақсатына қарай төмендегiше екiге бөлiп қарау маңызы айқындала түсуде:

-табиғи ресурстарды экономикалық, экологиялық сауықтыру, өнегелi-
эстетикалық қажеттiлiктер үшiн шектеулi пайдалану құқығы.

-табиғи ресурстарды адамның өмiрi мен тiршiлiгi ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның экология саласындағы қозғалыстары, оның даму перспективалары
Экономика пәнінен дәрістер
Экологиялық тәрбиенің қалыптасуы
Біріккен Ұлттар Ұйымының ядролық қарусыздандыру және ядролық қару - жарақты таратпау саласындағы халықаралық құқықтық негіздері
Экономикалық мәселелерді шешудің тиімді жолдарын айқындау
Ғаламдық экологиялық мәселе
Бастауыш мектептерде жаратылыстану пәндері арқылы экологиялық білім беру
Бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиесінің ерекшелігі
Жалпы білім беретін мектептерде оқушыларға экологиялық білім және тәрбие беру
Каспий аймағының экологиялық құқықтық мәртебесі
Пәндер