Экологиялық туризм дамуында Қазақстанның ерекшеліктері



Жекеленген Қазақстан аумақтары табиғи, географиялық себептерге байланысты әр түрлі жағдайда экологиялық туризм ресурстарымен жабдықталған. Тұрақты меңгерілетін экологиялық туризм әр салада өзінің ерекшелігімен көрінеді. Экологиялық туризммен аз қамту саласында өмір сүретін туристік объектілерді сақтау және тұрақтандыру деңгейін көтеру. Экологиялық туризмге жақсы ресурстарымен қамтылу саласындағы ішкі және халықаралық туризмнің рекреациондық және денсаулық сақтау қажеттіліктерін қанағаттандыру. Мемлекеттік саясаткерлердің мақсаттары халықаралық байланыс саласында әр түрлі жоспарлы жұмыс, сонымен қатар:
• экологиялық туризм саласында халықаралық туристік мекемелер мен компаниялар арасында қарым-қатынасты күшейту және кеңейту;
• халықаралық конференцияларда, семинарларда, көрмелерде Қазақстандағы саяхаттың қауіпсіздігіне сенім арттыру жайында ұлттық ұйымдардың мемлекеттік деңгейде таныстыруы;
• Дүниежүзілік экологиялық туризмнің нарығындағы Қазақстанның орнын анықтау үшін маркетингтік анализ жасау.

КІРІСПЕ
Туризм, өзінің бағыттарымен, соңғы жылдары әлемнің көптеген мемлекеттерінің шаруашылығының негізгі саласына яғни пайда көзіне айналды. Ал бағыттарының ішінде өзін айқын көрсетіп, маңыздылығы жағынан алдыңғы қатарда тұрған ерекше түрі - экологиялық туризм.
Экологиялық туризмнің пайда болу себептері көп, бірақ ең бастылары ол әлемнің жалпы экологиялық жағдайының күннен күнге нашарлауы яғни бүлінуі және техникалық прогресс пен урбанизациядан шаршаған адам баласының табиғатқа яғни таза ауамен демалып нерв жүйке салмағынан құтылуға ұмтылуы.
Туризмнің бұл түрінің пайда блуының басты ерекшелігі, ол осы экологиялық туризмнің тұрақты даму концепциясының арқасында әлемдегі табиғи ортаны қорғауға кететін шығын мөлшерінің бірнеше есе азаюы. Жер шарындағы экологиялық жағдайдың күрт нашарлауы мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар экологиялық орталықтар, туристтік фирмалар қоғамға қоршаған ортаға зиян келтіруіне төтеп беру жолдарын ізейді. Сонымен қатар жануарлар әлемін қорғау проблемасы туындайды. Осы проблемалардың шешу жолдарын біріктіретін экологиялық туризм болды.
Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) 2002 жылды Халықаралық экотуризм жылы деп жариялады. Сол жылы мамыр айында Квебек провинциясында (Канада) Дүниежүзілік экотуризм саммиті өтті. Осы саммитқа дайындық барысында Дүниежүзілік туристік ұйым (ДТҰ) тәжірибе алмасу мақсатында аймақтық конференциялар мен семинарлар өткізу инициативасын ұсынды. Соған байланысты Алматы қаласында (Қазақстан) Экотуризм - XXI ғасырдағы ТМД, Қытай және Моңғолия елдерінің өтпелі экономикаларының тұрақты даму құралы атты, 2001 жылы қазан айында, семинары өтті.
БҰҰ-ның Генералды ассамблеасы мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарды, халықаралық бірлестіктерді, даму агенттіктерін және әр туристті, экотуризм тұрақты дамудың маңызды факторына айналу үшін, қосымша көмегін тигізуге шақырады, себебі ол қоршаған ортаның биологиялық әртүрлілігі мен жергілікті халықтың әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын сақтауға жағымды ықпалын тигізеді.
Бүгінгі таңда Қазақстанды экологиялық туризмнің дамуы үшін жаңа құрылып келе жатқан нарық деп қарастыруға болады. Биологиялық және геологиялық әртүрлілік, халықтың минималды тығыздығы, бай тарихи және мәдени мұра республиканың өте зор экотуристтік потенциалын айқындайды.
Әрине, экологиялық туризм ұғымы жер шарының адам аяғы баспаған, әрі пайдаланылмаған жерлерімен саяхат жасауды ғана білдірмейді. Қазіргі уақытта бұл ұғым кең ауқымды қамтиды. Ол экологиялық туризмнің басты мақсатымен анықталады: табиғатпен бірігу, оның түпкілікті маңызын ұғыну және қорғау қажеттілігін түсіну. Сондықтан туризмді адамзаттың ашық ортада болуымен сипаттауға болады. Сонымен қатар оның көркемдік, экзотикалық, қайталанбас табиғат құбылыстары мен объектілер арасындағы тығыз байланысты білдіретін, адамның ғылыми аймақтанушылық қажеттіліктерін қанағаттандыруын білдіруге болатынын айта кетуіміз керек.
Орнитолог, археолог және көркем өнерпаздар сияқты ғылыми қызығышулығы бар туристерді қанағаттандыруға арналған экологиялық туризмге қарағанда рекреациялық туризм өзі қажет ететін қонақжай комплекстерімен, спорттық қарулануымен нәзік экожүйелерге көбірек зардабын тигізеді.
Экологиялық туризмнің объектілері табиғи аймақтар, тарихи ескерткіштер, ғылыми және білім беруде қолданылатын мәдени және архитектуралық ескерткіштер болып табылады. Бұл экологиялық туризмнің жан-жақты болуын қамтамасыз етеді.
Экологиялық туризмнің ресурстары болып табылады:
* табиғи - климаттық факторлар: рельеф, су объектілері, флора және фауна, ерекше және қызықты қарапайым табиғи аймақтар.
* тарихи-мәдени ескерткіштер: белгілі бір аймақтағы адамзаттың
материалдық және рухани мәдениеті, айналадағы ортамен тығыз байланысты тарихи, археологиялық, мәдени ескерткіштер.
Президентіміз Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан - 2030 Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі, және әл-ауқатының артуы атты жолдауында тек шикізатқа бағдарланған ел болып қалмау үшін жеңіл және тамақ өнеркәсібін, инфрақұрылымды, мұнай мен газ өңдеуді, химия мен мұнай химиясын, машина жасаудың жекелеген шағын салаларын, ғылымды қажет ететін түпкілікті өндірістерді, қызмет ету саласын, туризмді, оның ішінде экологиялық туризмді бұрыннан да ілгері қарқынмен дамытуға тиіспіз, жылға дейінгі бастапқы кезеңде өз мүмкіндіктері мен бәсекелестік қабілеті тұрғысынан келешегі бар еңбекті қажет ететін салаларға көңіл бөлу керек. Бұл басымдық тәртібімен айтатын болсақ - ауыл шаруашылығы, орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, туризм, тұрғын үй құрылысы және инфрақұрылым жасау.

I Экологиялық туризм дамуында Қазақстанның ерекшеліктері
Жекеленген Қазақстан аумақтары табиғи, географиялық себептерге байланысты әр түрлі жағдайда экологиялық туризм ресурстарымен жабдықталған. Тұрақты меңгерілетін экологиялық туризм әр салада өзінің ерекшелігімен көрінеді. Экологиялық туризммен аз қамту саласында өмір сүретін туристік объектілерді сақтау және тұрақтандыру деңгейін көтеру. Экологиялық туризмге жақсы ресурстарымен қамтылу саласындағы ішкі және халықаралық туризмнің рекреациондық және денсаулық сақтау қажеттіліктерін қанағаттандыру. Мемлекеттік саясаткерлердің мақсаттары халықаралық байланыс саласында әр түрлі жоспарлы жұмыс, сонымен қатар:
* экологиялық туризм саласында халықаралық туристік мекемелер мен компаниялар арасында қарым-қатынасты күшейту және кеңейту;
* халықаралық конференцияларда, семинарларда, көрмелерде Қазақстандағы саяхаттың қауіпсіздігіне сенім арттыру жайында ұлттық ұйымдардың мемлекеттік деңгейде таныстыруы;
* Дүниежүзілік экологиялық туризмнің нарығындағы Қазақстанның орнын анықтау үшін маркетингтік анализ жасау.
Қазіргі уақытта туристік қызмет республикадағы болып жатқан жағдай, яғни орталықтанған әкімшілік жүйенің нарықтық механизмге көшіру, әр түрлі формадағы жекешелендіру әсер етуде. Республикадағы экологиялық туризмнің дамуымен айналысатын Экожоба ЖШС мамандарының айтуы бойынша экологиялық туризм басқаруының ерекше түрін ұсынды. Осындай басқару құрылымы 3 деңгейден құрылуы керек: макроэкономикалық, мезоэкономикалық және микроэкономикалық. Кешенді экологиялық туризмде макроэкономикалық деңгей екі жақты басқаруымен шешілуі керек - Қазақстан Республикасының туризм және спорт Министрлігі, мәдениет Министрлігі және Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық келісім Министрлігі, қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстары Министрліктерінің сәйкесінше қатысуы. Мезоэкономикалық деңгей орталық экономикалық жағдайда тұрады, экологиялық туризмнен қаражатты бөлу арқылы көлемдік бір қалыптылықты құрады. Туристік индустрияда мемлекеттің қызығушылығын қадағалау мақсатында мынадай ұйымдар жұмыс істейді - Орталық Банк, Мемлекеттік шекара комитеті және т.б.
Микроэкономикалық деңгейде экологиялық туризмнің қызмет көрсету мекемелерін анықтайды. Ондай мекемелерге жататындар:
* Турлар, тур операторлар, барлық көрсету қызметтерімен айналысатын туристік фирмалар;
* Турагенттер - қызмет көрсету пакеттерін құрушы туристік нарық қатысушылары, туристік фирмалар, делдалдар;
* Орналасу орындары (қонақ үйлер, отельдер, кемпингтер, турбазалар, уақытша қабылдау орындары );
* Сувенирлік бұйымдар дайындайтын кәсіпорындар;
* Сауда мекемелері;
* Туристерге қосымша көмек көрсететін мекемелер (гид-тасымалдаушылар, ақша айырбастау пункттері, жалға алу фирмалары);
* Туризмді жарнамалау мекемелері;
* Туристерді сақтандыру мекемелері.
Қазақстан өзіне тән мамандандырылған, әлеуметтік-экономикалық жағдайдағы аумақты дамыту жоспарымен ерекшеленеді. Осыдан экотуризмнен экономикалық пайда түсіру қарқындылығын анықтауға болады. Егер аймақта экотуристік объект орналасқан жерде экологиялық зиян өнеркәсіп орналасса, онда олардың зияндылығын жою үшін перспективті жоспар құру керек. Экотуристік объектілері бар территорияларда ерекше мән берілетін жағдай, қоршаған ортаны қорғау және тұрақты экологиялық ортаны құру.
Қазақстан Республикасы тұрақты экологиялық ортаға айналуы үшін, экотуризмнен барынша экономикалық пайда және экологиялық әсерін көру үшін табиғи шаруашылықтық жүйесін қайта бағалау сатысына өткізу керек.
Экотуризмнің пайда болу алғышарттарының ішінде ең басты рөлді табиғи, мәдени-тарихи туристік ресурстарға антропогендік әсердің ұлғаюы: ойнайды. Бұл ауыртпалықтар туристік келу өсімі қарқынына тікелей пропорционалды өседі. Бүкіләлемдік Туристік Ұйымның (бұдан кейін БТҰ деп қолданылады) XXI ғасырда туризмді дамытудағы көрсеткіштеріне сүйенсек. туристік сұранысты қанағаттандыру және туристік ресурстарды тиімді пайдалану сұрақтарында қарама-қайшылықтар туындайды.

II Экологиялық туризм дамуында республикалық ресурстар әлеуетінің маңыздылығы
Қазақстан Республикасында экологиялық туризмдi дамыту қажеттiлiгi тек экономикалық фактормен - жаңа жұмыс орындарын ашу, шалғай өңiрлердегi жергiлiктi қоғамдастықтарды дамытумен ғана емес, сонымен бiрге әлеуметтiк тапсырыспен - халықтың денсаулық және бос уақытын пайдалану проблемасына тұтастай әрi жүйелi түрде мән берумен де түсiндiрiледi. Дүниежүзiлiк туристiк ұйым сарапшыларының деректерi бойынша соңғы он жылда экологиялық туризм неғұрлым танымал және кез келген мемлекеттiң тұрақты даму құралы болып табылады. Расында, экономиканың қарыштап дамуында туризмнің алар орны айрықша. Туристiк әлеуеттi зерттеу қорытындылары көрсеткендей, Қазақстанның экологиялық туризмдi дамыту үшiн үлкен мүмкiндiктерi бар. Оның негiзiн Еуразия орталығындағы бiрегей табиғи жағдайлар мен ландшафттар, көптеген табиғи, тарихи ескерткiштер құрайды. Тұтастай алғанда, Қазақстандағы экологиялық туризмнiң жағдайы тұрақталып келедi. Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң деректерi бойынша, заңды тұлға мәртебесiндегi ұлттық ерекше қорғалатын аумақтар 2007 жылы 491,6 мың туристке қызмет көрсеткен, туристiк топтардың келуiнен түскен кiрiс 2007 жылы 12,1 млн. теңгенi құраған.
Алайда экологиялық туризмнiң басқа туризм түрлерiне қарағанда табиғи ортаға әлсiз әсерiне және кең дамыған инфрақұрылымды қажет етпейтiнiне қарамастан, осы бағыттың дамуы күрделi қиындықтарға ұшырауда, ол рекреациялық-туристiк инфрақұрылымның көп бөлiгiнiң әлi қалыптасу кезеңiнде болуына байланысты. Дүниежүзілік туристік ұйымның соңғы кездегі таратқан мәліметтеріне қарағанда, осы саламен айналысатын мемлекеттер қазынасына сырттан түсетін инвестицияның 10 пайызға жуығы тек біз сөз етіп отырған табыс көзінің еншісіне тиесілі екен. Сондықтан да туризмнен түскен кіріс дүние жүзі бойынша әлі күнге дейін мұнай экспорты мен көлік сатудан кейінгі үшінші орынды иеленіп келеді. Экологиялық туризмнің басқа туризмдерден принциптік айырмашылығы - табиғатта туристердің берілген тәртіпке бағынуы, табиғи ландшафттарды шамадан тыс ластаудан қорғау және индустриялық туризм дамуының басты шарты болып табылатын табиғи ресурстардың деградациясын болдырмау.
Бірінші кезекті экологиялық мәселелерді шешуде маңыздысы болып саналатын бұл туризм саласындағы мәселелер. Дамуға бел байлағаннан кейін, яғни дамыған елдер қатарына кіруді мақсат қылғаннан кейін бірінші орында қоршаған ортаны дамыту, көркейту мәселелерін шешіп, содан кейін туристік саладағы табиғи қорғайтын туризм, соның ішінде экологиялық дамуына аса көңіл бөлу керек.
Экологиялық туризм бүгінде - соңғы онжылдықта бүкіл әлем бойынша кең тараған, қазіргі заманға сай туризмнің жаңа бір бағыты болып табылады. Экологиялық туризмнің танымалдылығына дәлел болатын фактілер, яғни экотуризмді одан әрі дамытуға қызығушылық танытып жүрген атақты халықаралық ұйымдар: Бүкіләлемдік Туристік Ұйым, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Бүкіләлемдік жабайы табиғат қоры, Халықаралық табиғат күзеті одағы және табиғат ресурстары.
Бәріне белгілі, туризмнің қазіргі заманғы түрлерінің көп бөлігі табиғи туристік ресурстарды пайдалануға бағдарланған. Шетелде олар nature based tourism (табиғи туризм) атауына біріктірілген. Оның ішіне экотур да кіреді. Экотуризмнің тұрақты даму идеясын жүргізудегі негізгі құрал болып табылатынын дәлелдейді. Егер бұл ақылсыз, ашкөз адамның қолына тисе жаппай туризмнен де көбірек қауіп тигізуі мүмкін. Сонымен қатар белгісіз адандарға ертерек көп тұтынушыларға жол ашып, табиғи кешендерді бұзуға әкеп соқтыруы мүмкін.
Туризмнің табиғи кешендерге бір-бірінен ажыратылуы қиын тікелей әсері:
1. Аң аулау, балық аулау үрдісінде флора және фаунаны жою, шаруашылық қызметпен айналысуға территорияларды алу жолында табиғи жағдайларды бұзу және т.б.;
2. Өсімдіктер мен жануарлар әлемінің өмір сүруінің табиғи үрдісіне тамақтандыру, жасанды жасалған жағдайлармен, ұялары мен індерін бұзумен, оларға тынышсыз атмосфера мен кедергі жасау;
3. Адам қызметінің экскременттері, органикалық тамақ қалдықтары өнімдері арқылы шаруашылық қызметтен (ормандарды шабу, топырақтағы бұзылу) аурулар, инфекцияларды туғызады.
Туризмнің табиғи кешендерге жанама әсері:
1. Тіршіліктің табиғи ортасының өзгерісі;
2. Географиялық қабық компоненттеріне ғаламдық антропогендік әсер (топырақ және су жамылғысының ластануы, ормандарды шабу және эрозияның дамуы, климаттың ғаламдық өзгерісі, атмосфераның ластануы және т.б.);
3. Адамның алдын-ала құрылымын анықтап (генетикалық өзгерістер, мутанттар) жасанды түрде жануарлар мен өсімдіктерді жасауы (сурет 1).

Туризмнің табиғи кешендерге тікелей әсері

Аң аулау, балық аулау, флора және фаунаны жою, табиғи жағдайларды бұзу және т.б.

Өсімдіктер мен жануарлар әлемінің ұялары мен індерін бұзумен, оларға тынышсыз атмосфера мен кедергі жасау.

Адам қызметінің экскременттері, органикалық тамақ қалдықтары өнімдері арқылы (ормандарды шабу, топырақтағы бұзылу) аурулар, инфекцияларды туғызады.
Туризмнің табиғи кешендерге тікелей әсері

Аң аулау, балық аулау, флора және фаунаны жою, табиғи жағдайларды бұзу және т.б.

Өсімдіктер мен жануарлар әлемінің ұялары мен індерін бұзумен, оларға тынышсыз атмосфера мен кедергі жасау.

Адам қызметінің экскременттері, органикалық тамақ қалдықтары өнімдері арқылы (ормандарды шабу, топырақтағы бұзылу) аурулар, инфекцияларды туғызады.

Сурет 1. Туризмнің табиғи кешендерге тікелей әсері

Көбінесе баяу қалпына келетін өсімдіктер мен жануарлар түрлері, сирек кездесетін аз популяциялар зардап шегеді.
Туризмнің табиғатқа әсерін басқарудың тікелей және жанама әдісі бар. Тікелей басқаруға табиғи кешендерге туристердің жалпы санын шектеу, ерекше қорғауға алынған табиғи территорияларды және туристік көрікті табиғи объектілерді зоналау, арнайы технологияларды пайдалану, қоршаған ортаны ластауды минимизациялау. Басқаша айтсақ, бұл мәжбүрлеуге негізделген саясат (айыпақылар, кіру қағаздарын жазу тарифтері), болмайтын нәрселерге демонстрация болып табылады.
Жанама басқару халықтың білім деңгейін көтеру жолымен, жергілікті халыққа жануарлар, өсімдіктер әлеміне сыйластық адамгершілік тәрбиесін ояту арқылы мінез-құлықты өзгертуге негізделген. Екі басқару тәсілін бірдей қолдану керек, әйтпесе біріншісі екіншісінсіз нәтижелі болмайды (сурет 2).
Туризмнің табиғи кешендерге жанама әсері
Тіршіліктің табиғи ортасының өзгерісі
Географиялық қабық компоненттеріне ғаламдық антропогендік әсер
Жасанды түрде жануарлар мен өсімдіктерді жасауы (генетикалық өзгерістер, мутанттар)
Туризмнің табиғи кешендерге жанама әсері
Тіршіліктің табиғи ортасының өзгерісі
Географиялық қабық компоненттеріне ғаламдық антропогендік әсер
Жасанды түрде жануарлар мен өсімдіктерді жасауы (генетикалық өзгерістер, мутанттар)
Сурет 2. Туризмнің табиғи кешендерге жанама әсері

Экотуризмнің түсінігін және құрылымын дұрыс түсіну үшін әлеуметтік-экономикалық дамуы артта қалған аймақтарға беретін мүмкіндігін қарастыру керек:
1.Жергілікті халыққа туристік индустрия немесе басқа да салаларда жұмыс орындарын ашу;
2.Жергілікті экономиканың табысты салаларын дамыту (қонақүй шаруашылығы, қоғамдық тамақтандыру, көліктік кешен, сувенирлер өндірісі, халық қолөнері және т.б.);
3.Валюта айырбастауды ынталандыру;
4.Өндірілетін өнімдерге сұранысты арттыру және қосымша инвестицияларды тарту арқылы ауыл шаруашылығын және тамақ өнеркәсібін дамыту;
5.Көлік және тұрғын-үй коммуналдық мекемелерінің жұмысын жақсарту;
6.Туристік ресурстарды ұтымды пайдалануды инвестициялау, оның ішінде туристік көрікті жерлер мен ерекше қорғауға алынған табиғи территориялар;
7.Көп жерлерді табиғи күйінде сақтап қалу қажетті, сол үшін ауыл шаруашылығын интенсивтендіруге көшу;
8.Ғаламдық коммуникацияны дамыту;
9.Жергілікті мәдени және табиғи құндылықтарды қорғауды ынталандыру;
10.Жергілікті халықтың демалысқа қол жеткізушілігін көтеру мақсатында рекреациялық кешенді дамыту.
III Қазақстанда экологиялық туризм дамуының мәселелері
Экотуризмді халықаралық және аумақтық деңгейде дамыту жөнінде жаппай барлық жерде конференциялар, конгресстер, кеңестер, симпозиумдар (халықаралық жиналыс) өткізілді. Осының нәтижесінде көптеген фирмалар туризмнің ішінен экотуризмге баса көңіл бөлді. Осындай кеңестердің бірі 2004 жылы басталған Қазақстандағы экологиялық туризмді дамыту жөніндегі бастама ағымдағы жылы аяқталатын болады. Бастаманың мақсаты -- ауылды өңірлердегі тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз ету және ауыл тұрғындары арасында экологиялық сана-сезімнің деңгейін арттыру болып табылады.2009 жылы экологиялық туризм жөніндегі қоғамдастық үкіметтік емес ұйымдардың көмегінсіз туристік фирмалармен тікелей жұмыс істей бастады. Көптеген елдер тәжірибесі дәлелдегендей туризм индустриясы кез-келген экономиканың маңызды бөлінбейтін бір бөлігі болып саналады.
Өзіндік ерекшеліктері бар Қазақстан бәсекелестік туризм индустриясын құруға үлкен мүмкіндіктері бар. Бұған мүмкіндік туғызатындар:
-- аймақтың пайдалы геосаяси жағдайы халықаралық туристік және коммерциялық тасқындар өтуінің мүмкіндігін сол территория арқылы туғызу;
-- саяси тұрақтылық, демократиялық қайта құру, экономикалық реформалар өткізу;
-- табиғи ландшафтыладың әралуандылығы, экологиялық туризм ұйымдарына жануарлар мен өсімдіктер әлемі;
-- мәдени-тарихи үзілістік ресурстардың әртүрлілігі;
-- еркін еңбек ресурстарының болуы.
Бірақ, осыған қарамай, экологиялық туризмнің дамуының көптеген мәселелері бар.
Қазіргі уақытта Қазақстандағы жұмыс істеп жатқан туризм жүйесі туристердің барлық сұранымдарын қамтамасыз етуге мүмкіндіктері жоқ. Үзілістік ресурстардың молшылығы өте күрделі материалдық базаның құрылғанын қалайды.
Ең маңызды және комплекстік мәселе экологиялық туризм мен туристік қызмет нарығы жағдайын дамыту, материалды-техникалық базаның жағдайына, сонымен қатар потенциалды сұраныс масштабының сәйкес келмеуіне байланысты. Осыдан келесі мәселе туындайды - осы туризм саласындағы мамандардың жоқтығы.
Экологиялық туризм сияқты географиялық мәселелер бүтіндей туризм екеуі өзара бір-бірін толықтырып комплексті шешім қабылдауды талап етеді. Туризмнің басқа түрлері секілді экологиялық туризмнің де дамуы қонақ үйлер құрылысы, туристік базалар, кіріс жолдар, тамақтану пунктері, жарнама өнімін даярлау және басқа да мақсаттарды қаржыландыру және материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етілуге байланысты.
Күзетілетін табиғи аймақтарда экологиялық туризм дамып келеді. Қазіргі уақытта олар қаржылық және материалдық көмекке зар.
Республикамызда экологиялық туризмді дамытуға арналған ғылыми негізделген бағдарлама осы саланы мемлекеттердің әлеуметтік экономика саясаты төңірегінде қарастырып, іске асыруы қажет.
Қазақстандағы экологиялық туризмнің әлсіз дамуының себептеріне келесілерді жатқызуға болады:
-- экологиялық туризмнің нормативті-құқықтық базасының дамымағандығы;
-- экологиялық туризмнің обьектісінің жағдайы мен саны жөніндегі статистикалық есептің болмауы;
-- салық саясатының жетілмегендігінің нәтижесінде туристік қызметке шетел туритерін қабылдайтын және отандық туритерді шетелге жіберілуін жүргізетін туристік фирма қызметінің сипатын шектеусізден 20 % көлемінде қосымша құнға салық салынады;
-- ерекше қорғалатын табиғи территориялардың көпшілігінде экологиялық туризм маршруттарын дамытуға қаражаттың жоқтығы, келушілерге қызмет көрсететін және ақпарат беретін дайындықтан өткен кадрлардың жоқтығы;
-- магистральдар мен жолдарды айтарлықтай алыста орналасқан экологиялық туризм обьектілеріне көліктің жетуінің төменділігі;
-- экологиялық туризм саласындағы халықаралық қатынастардың және экологиялық туризмді ұйымдастырудағы халыаралық тәжірибенің болмауы.
Туризмнің тұрақты даму қағидалары туризмнің ғаламдық этикалық кодексінде де көрініс табады. Ол жұмыста БТҰ-ның сарапшылары 1997 жылдан бастаған. Ол құжаттың преамбуласында салтанатты түрде оны, БТҰ мүшелері, әлемдік туристік индустрия жетекшілері, мемлекеттер, территориялар, кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар делегаттары қабылдай отырып, барлық халықтың қоғамдық таңдауына сыйластықпен саяхат пен демалысқа құқықтарын жүзеге асыру негізінде тұрақты, бәрінің қолы жетерлік, жауапкершілікті дамуға мақсатты болу керек деп айтылған.
Тұрақты даму мәселесі әсіресе өте сирек кездесетін табиғи объектілер мен құбылыстар, табиғи резервацияларға өзекті болып табылады. Осындай объектілердің жанындағы территорияларда тұратын халықтың көпшілігі туристерден түсетін түсімдермен ғана күн көреді. әсіресе бұл таулы территорияларға тән. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының шешімі бойынша 2002 жыл халықаралық тау жылы және халықаралық туризм жылы деп бекер жарияланбаған. Бұл екі іс-шараны өткізуде мейлінше көп нәтижеге жететін барлық қызығушы жақтардың бірігуіне үлкен мүмкіндік туғызады.
Сонымен қатар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлемдік туристік нарық және туризм индустриясына әсер ететін факторлар
Туризм индустриясының құрылымы
ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ ТЕРРИТОРИЯЛАР ЭКОТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ
Этно-мәдени туризмді Қазақстанда дамыту болашағы
Туризмді дамытуға әр елдердің және Қазақстандағы туризм түрлерін дамытуға арналған перспективті бағдарламаларды талдау
Қызмет көрсету нарығы
Экологиялық туризм ерекшеліктері
Табиғи территорияларды қорғау ерекшеліктері
Туристік қатынастардың қалыптасу
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИСТІК - РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ДЕМАЛУ ЖЕРЛЕР ПОТЕНЦИАЛЫН ЗЕРТТЕУ
Пәндер