Қазақстанның Ұлыбританиямен экономикалық байланысы



I. Кіріспе бөлім

1. Қазақстанның сыртқы саясаты туралы.
2. Ұлыбритания туралы туралы мағлұмат.

II. Негізгі бөлім

1. Ұлыбританиямен экономикалық байланысы.

III. Қорытынды

1. Саясаткерлердің пікірлері.
2. Қорытындылай келе өз пікірім.
Аумағы бойынша әлемде тоғызыншы орынды иеленген Қазақстан сияқты ірі еуразиялық мемлекет өзінің сыртқы саясатын қалай жолға қояды және кандай жетекші бағыттарға басымдық береді, сондай-ақ оның көршілес елдермен ғана емес, жалпы әлемдік қоғамдастықпен қарым- қатынастары қалайша қалыптасады-мұның бәрі тоқсаныншы жылдары көптеген мемлекеттер мен зерттеу орталықтарының мұқиат назарында болды.
Азия мен Еуропаның қиылысындағы геосаяси орналасуы, экономикалық және әскери - саяси мүдделері, сондай-ақ қазіргі бар экономикалық әлеуеті Қазақстанды ірі аймақтық мемлекет ретінде қалыптастырудың алғышарттары болды.
Қ.К. Тоқаев. «Қазақстан Республикасының
Дипломатиясы»

Қазақстан энциклопедиясы. 357-362 беттер.

«Егемен Қазақстан» 2000 жыл 18 қараша

«Егемен Қазақстан» 2000 жыл 21 қараша

Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Қазақстанның Ұлыбританиямен
экономикалық байланысы

Тексерген:Қырықбаева.Э.

Орындаған:Абдилдинов. Д.Б

Алматы, 2006

Жоспар

I. Кіріспе бөлім

1. Қазақстанның сыртқы саясаты туралы.
2. Ұлыбритания туралы туралы мағлұмат.

II. Негізгі бөлім

1. Ұлыбританиямен экономикалық байланысы.

III. Қорытынды

1. Саясаткерлердің пікірлері.
2. Қорытындылай келе өз пікірім.

Аумағы бойынша әлемде тоғызыншы орынды иеленген Қазақстан сияқты ірі
еуразиялық мемлекет өзінің сыртқы саясатын қалай жолға қояды және кандай
жетекші бағыттарға басымдық береді, сондай-ақ оның көршілес елдермен ғана
емес, жалпы әлемдік қоғамдастықпен қарым- қатынастары қалайша қалыптасады-
мұның бәрі тоқсаныншы жылдары көптеген мемлекеттер мен зерттеу
орталықтарының мұқиат назарында болды.
Азия мен Еуропаның қиылысындағы геосаяси орналасуы, экономикалық және
әскери - саяси мүдделері, сондай-ақ қазіргі бар экономикалық әлеуеті
Қазақстанды ірі аймақтық мемлекет ретінде қалыптастырудың алғышарттары
болды. Қазақстан өзара қауіпсіздік, егемендікті құрмет тұту, аумақтық
тұтастық принциптерімен өзінің төңірегінде тұрақтылық пен ізгі көршілік
аймағын қалыптастыруға мүдделі және мемлекет басшысы сыртқы саясаттың
негізгі бағыттарын тұжырымдап берді, олар:
Еліміздің әлемдік қоғамдастыққа кірігуі, елдің ұлттық қауіпсіздігін
қамтамасыз ету, Қазақстанның экономикалық дамуына жәрдемдесу, шетелде
жүрген ел азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау, мүдделілік
білдірген барлық елдермен өзара тиімді қарым- қатынасты дамыту.
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының басымдық беретін бағыттары
бірінші кезекте біздің еліміздің географиялық орналасуы және оның ұлттық
мүдделері сияқты ұзақ мерзімді сипаты бар факторлардың ықпалымен
қалыптасты. Жаңа технологиялардың және ғаламдану процесінің дамуына,
планеталық сипаттағы қауіп- қатердің пайда болуына, жаңа экономикалық
құрлымын қалыптасуына, аймақтық деңгейдегі халықаралық ынтымақтастықтың
тереңдеуімен сан алуандығына байланысты әлемде болып жатқан өзгерістер–
мұның бәрі мемлекетіміздің сыртқы саясатының бағытына түзетулер енгізуге
мәжбүр етеді, көкейкесті халықаралық проблемаларды шешуге қатысты жедел әрі
икемді үн қатуға, осы мәселерде жаңа көзқарасты әзірлеуді және іске асыруды
талап етеді. Алайда, сыртқы саясаттың негізгі алатын қағидаттары өзгеріссіз
қалады.
1992 жылдары Қазақстан Ұлыбритания мемлекетімен экономикалық қарым-
қатынастары қалыптаса бастады.
Ұлыбритания европаның солтүстік- батысындағы Ұлыбритания аралында
Ирландия аралының солтүстік- шығыс бөлігінде Англиси, Уайт, Норланд,
Оркней, Гебрид, Шетленд т.б. ұсақ аралдарда орналасқан. Солтүстік- батыс
жағалауы Атлант мұхитымен шығыс және оңтүстік жағалаулары солтүстік
теңізбен және Ла-Манш, Паде-Кале бұғаздарымен шайылады. Жері 244,1 мың
км2, халқы 55,96 млн. Астанасы Лондон қаласы.
Ұлыбритания төрт тарихи- географиялық аймақтан тұрады. Олар әкімшілік
жағынан графтықтарға және графтық дәрежедегі қалаларға бөлінеді.
ТАБИҒАТЫ. Ұлыбритания Европаның қоңыржай белдеуінің атланттық бөлігінді
орналасқан. Жағалауы қатты тілімденген. Ірі шығанақтары – Ферт–оф-Лорн,
Ферт-оф- Клайд, Солей-Ферд, Кардиган, Бристоль, Лайм, Уош, Ферт-оф- Форт,
Мари-Ферт. Ұсақ аралдар жағалауы фьордтық типке жатады.
Шотландия, Солт. Ирландия, Уэльс және Солт. Англия бөліктері өзен
аңғарларымен тегістелген, биіктігі орташа таулармен қыраттардан тұрады.
Ұлыбританияның солтүүстігінде күшті тілімденген Шотландия орналасқан.
Тау қыраттарының үстірт тәрізді бөліктеріне биіктігі 1343 метрге дейінгі
альпілік типте шыңдар қалыптасқан. Шотландиядан оңтүстікке қарай Пеннин
таулары, рельефтымұздық пішіндері кеңінен тараған Камберленд таулары
созылып жатады. Уэльс түбегі Кембрий тауларынан тұрады. Корнуолл түбегінде
биіктігі 500-600 метрлік қалдық қыраттар бар. Оңтүстік- шығыс Англияның
борпылдақ жыныстардан түзілген тегіс жазықтары ақ тас және түзілген қырқалы
куэсталық үстірітттермен және Мидленет, Фенн және Лондон алабындағы
жазықтармен кезектесіп отырады.
Британ аралдары өзінің геологиялық құрлысы мен құрлымы жөнінен түгелдей
каледон қатпарлық зонасына жатады. Палеозойдың басында Ұлыбританияның
қазіргі территориясы терең теңіздік шұңғымалар және қырқалы жалдарға
бөлінген каледон геосинклинальдық аймағынан тұрды. Шұңғымаларда қалың
тұнбалар жиналып, силур кезеңінің аяғында бұл тұнба- шөгінділер қатпарлыққа
жиырылып геосинклиналь өңірінен Шотландия мен Уэльс жоталары көтеріледі.
Жоталар аралығындағы депрессияларда девонның тас көмірлік және пермдік
континентік шөгінділері жинала бастады. Девон кезеңінен бастап Ұлыбритания
жері платформалық сипат алды. Мезокайнозойда Лондон алабымайысуға ұшырады.
Кайнозойда бүкіл арал көтеріліп, әсіресе Шотландияда көптеген жарылыстар
пайда болды. Ұлыбританияның пайдалы қазыналары тас көмір және юра жүйесіне,
Корнуолл қатпарлық масивтеріне байланысты таралған. Солтүстік теңіз
жағалауынан табиғи газдың ірі кен орны ашылды.
Климаты мұхиттық қоңыржай; атмосфералық жауын-шашыны өте мол, ауа райы
циклондық типке жатады, күшті желді. Январьдың орташа температурасы
Корнуолл түбегінде 7 С- тан Шығыс Англияда 3,5 С-қа дейін; шығысында кейде
-18 С-қа дейін аяз байқалады. Июльдің орташа темпераиурасы Лондон ауданында
16-17 С, Шотландияда 11-13С. Жауын-шашыны жыл бойына біркелкі таралады.
Ұлыбританияның өзендері негізінен мол сулы және қысқа келеді. Ірілері:
Северн, Темза, Уз, Тис, Тайн, Иден, Туид т.б. Өзендері күз және қыста
тасиды, қатпайды. Көптеген өзендері кеме жүзетін каналдармен жалғастырған.
Көлдері негізінен таулы аудандарда орналасқан; бұлар шығу тегі жөнінен
мұздық және тектоник.- мұздық типке жатады. Ірі көлдері: Лох-Ней, Лох-
Ломонд, Лох-Нес.
Ұлыбританияның өсімдік жамылғысы негізінен табиғи зоналар заңдылығы
бойынша таралады; солтүстігіндегі тайгалық және аралас орман
белдеулерінде негізінен қарағай, емен және қайың, оңтүстігінде жалпақ
жапырақты емені орман, қайың орманы, әк тасты және борлы жарларда еменді-
шамшатты орман өседі. Территориясының 6%-і орман. Орманның кең тараған
өңірі әсіресе шығыс және оңтүстік аудандары. Таудың жоғарғы белдеуінде тау
шалғыны жақсы өседі.
Жануарлар дүниесі сақталмаған; әсіресе орман фаунасы тым кедейленген.
Түлкі, қоян, тиін, кірпі, ін қазатын сүт қоректілердің көптеген түрлері,
құстардан жабайы кептер, Шотландияда тундра мен шотландия кекілігі, саңырау
құр мекендейді; өзен –көлдері балыққа бай.
ХАЛҚЫ. Ұлыбританияның негізгі халқыағылшындар Англия, Уэльстің көп
бөлігінде және Шотландияның оңтүстігінде, шотландиялықтар негізінен
Шотландияда, ирландықтар Солтүстік Ирландия мен Англияның өнеркәсіптік
аудандарында қоныстанған.Солтүстік Ирландияда сонымен қатар 1 млн-нан астам
16 ғасырларда қоныстанған ағылшын және шотланд ұрпақтары тұрады. Уэльс
түбегінде уэльстер, немесе валийлер, Солтүстік Шотландия және Гибрид
аралдарында гэлдер қоныстанған. Ірі қалаларда еврейлер, сонымен қатар Вест-
Индиядан, Үндістаннан, Пакистаннан және Африка елдерінен келіп қоныс
тепкендер бар. Европалық имигранттардан поляктар, немістер, француздар,
итальяндар т.б. бар. Мемлекеттік тілі- ағылшын тілі; ирландтар, уэльстер
және гелдердің біраз бөлігі кельт тілі тобына жататын өз тілдерінде
сөйлейді. Діни нанымға сенушілердің көпшілігі –протестанттар. Ресми
календары – григориандық. Ұлыбритания-халықтың табиғи өсу өте төмен
елдердің бірі.
Ұлыбританияда басқа дамыған елдермен салыстырғанда урбанизация деңгейі
өте жоғары: халықтың 82 %-ке жуығы қалада тұрады және қала халқы мөлшерінде
тұрғандары 1млн-нан асатын ірі қалалар үлесі басым. Ірі қалалары: Лондон,
Манчестер, Бирмингем, Глазго, Лидс, Ливерпул және Ньюкасл.
Ұлыбританиямен экономикалық байланысы. Ұлыбритания БҰҰ Қауіпсіздік
Кеңесінің тұрақты мүшесі, үлкен сегіздіктің мүшесі, ядролық
державалардың бірі бола отырып, КСРО тараған кезден бастап Кеңестік
бұрынғы кеңестікті өзінің стратегиялық мүдделерінің аймағы ретінде қарай
отырып, жаңа тәуелсіз мемлекеттер жөнінде белсенді көзқарас ұстанды. Атап
айтқанда Британ сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі Каспий аймағын
елдің ұлттық мүдделерінің аумағы ретінде қарап, онда өзінің орнын нығайтуға
күш салуы болып табылады. 1990 жылдардың басында елдің бұрынғы Премьиер-
Министрі, көрнекті британ саясаткері М. Тэчердің Қазақстанға келуі осының
дәлелі. Лондонның Орталық Азия мемлекеттері жөнінде маңызды міндеттеріне
либералдық реформаларды қолдау, халықаралық құрлымдарда тиісті елдердің
қызметін бақылау, діни радикализмнің таралуына жол бермеу жатады.
Қазақстанның Еуропадағы аса ірі сауда және инвестициялық серіктесі
ретінде Ұлыбританияның айрықша орны екі жақты қатынастарда саяси
проблемалардың жоқтығымен, бірінші кезекте мұнайға, газға және құбырға орай
геостратеиялық және эканомикалық факторлармен байланысты.
Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен
Королдігі арасында дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 19 қаңтарда
орнатылды.
Бұл орайда Қазақстан-Британ қатынастарының дамуына Президент
Н.Назарбаев Біріккен королдікке 1991 жылғы қазанда жұмыс сапарының
барысында-ақ тыныс берілген еді. Сол кезде Еуропа қайта құру және даму
банкінің, қазір Қазақстанда белсене жұмыс істеп жатқан Бритиш Газ,
Бритиш Петролеум компанияларының және басқа да жетекші британ
компанияларының басшылығымен маңызды байланыстар орнатылды.
Қазақстанға Король отбасының мүшелері мұрагер ханзада Чарльз 1996 жылғы
қарашада, ханшайым Анна 1993 жылғы шілдеде және Королева II Елизаветтаның
немере інісі Герцог Глостерский 2002 жылғы қыркүйекте келіп қайтты.
Екі жақты қатынастар эканомика мен мәдениет саласында, сондай-ақ НАТО-
ның Бейбітшілік жолындағы әріптестік бағдарламасы шеңберіндегі әскери
ынтымақтастық серпінді дамуда.
Президент Н.Назарбаевтың 1994 жылғы наурызда Ұлыбританияға ресми сапары
өзара іс-қимылды тереңдетуде жаңа кезеңді ашты. Қазақстан – Британ
ынтымақтастығының шарттық –құқықтық негізін қалаған құжаттарға қол қойылды.
Бұлар: Достық және ынтымақтастық туралы бірлескен декларатция; Білім, ғылым
және мәдениет саласындағы ынтымақтаытық туралы; Әуе қатынасы туралы
келісімдер; Екі елдің сыртқы істер министірліктері арасындағы
ынтымақтастық туралы декларатция; Қос салық салуды жою және табыс пен мүлік
құнының өсіміне салықтар төлеуден жалтаруды болдырмау туралы конвенция.
1995 жылдың соңы мен 1996 жылдың басында екі жақты экономикалық
қатынастарды реттейтін екі шешуші келісім: Қос салық салуды болдырмау
туралы конвенция және Инвестицияларды қолдау мен өзара қорғау туралы
келісім күшіне енді. Бұл Қазақстан мен Ұлыбритания арасында сауда-
экономикалық инвестициялық қатынастардың дамуын айтарлықтай дәрежеде
жеңілдетті. Оның негізгі бағыттары энергетика, кен өндіру өнеркәсібі,
сауда, әлеуметтік инфроқұрлым, денсаулық сақтау, көлік пен байланыс, қаржы
мен жекешелендіру саласындағы консалтингтік қызметтер,пайдалы қазбаларды
барлау мен өндіру болып отыр.
Ұлыбритания Еуропа Одағы елдері арасынан бірінші болып 1996 жылғы
маусымда Қазақстан мен ЕО арасындағы серіктестік және ынтымақтастық туралы
келісімді бекітті.
Кейінгі уақытта Қазақстан-Британ қатынастарын серпінді дамыту үрдісі
айтарлықтай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАННЫҢ АНГЛИЯМЕН ҚАРЫМ - ҚАТЫНАСЫ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛЫБРИТАНИЯМЕН БАЙЛАНЫСЫ
Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі жапонияның жағдайы
Германия елінің даму тарихы
Қазақстан мен Еуропалық Одақ
Қазақстан Республикасы мен Ұлы Британия және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі арасындағы қатынастар
Қазақстанның сыртқы саудасы жайында
Франция тарихындағы Шілде революциясының тарихи маңызы
ХІХ ғасырдың екінші жартысында
Кеңестік Ресейдің халықаралық конференцияларға қатысуы
Пәндер