Қазақстандағы валюталық реттеу



Валюта дегеніміз мемлекетпен қабылданған заңдық төлем құралы болып табылатын және айналымда жүретін банкноттар, қазына билеттері және монеталар түріндегі ақша белгілері болып табылады.
Қазақстан Республикасының валютасына:
- айналымдағы, сондай-ақ, айналымнан алынған немесе алынғалы жатқан, бірақ ауыстырылатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің банкілік билеттері түріндегі теңгелер;
- Қазақстан Республикасындағы банктер мен несиелік мекемелердің шоттарындағы теңгелік қаражаттар;
- Қазақстан Республикасының валютасындағы бағалы қағаздар – төлемдік құжаттар, қорларға қатысты құндылықтар және басқа да борыштық міндеттемелер жатады.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Валюта және валюталық құндылықтар.
Валюта дегеніміз мемлекетпен қабылданған заңдық төлем құралы болып
табылатын және айналымда жүретін банкноттар, қазына билеттері және
монеталар түріндегі ақша белгілері болып табылады.
Қазақстан Республикасының валютасына:
- айналымдағы, сондай-ақ, айналымнан алынған немесе алынғалы
жатқан, бірақ ауыстырылатын Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкінің банкілік билеттері түріндегі теңгелер;
- Қазақстан Республикасындағы банктер мен несиелік мекемелердің
шоттарындағы теңгелік қаражаттар;
- Қазақстан Республикасының валютасындағы бағалы қағаздар –
төлемдік құжаттар, қорларға қатысты құндылықтар және басқа да
борыштық міндеттемелер жатады.
Шетел валютасы – бұл шет мемлекеттердің валютасы. Оған жататындар:
- шет мемлекеттің төлемдік құралы болып табылатын және айналымда
жүретін банкноттар, қазына билеттері және монеталар түріндегі
ақша белгілері, сондай-ақ, айналымнан алынған немесе алынғалы
жатқан, бірақ, ауыстырылатын ақша белгілері;
- шет мемлекеттің ақша бірлігінде, халықаралық ақша және есептесу
бірлігінде шоттарға салынған қаражаттары.
Валюталық құндылықтарға:
- шетел валютасы;
- шетел валютасындағы бағалы қағаздар – шетел валютасындағы
төлемдік құжаттар (чек, вексель, аккредетив), қорларға қатысты
құндылықтар (акция, облигация), және тағы да басқа борыштық
міндеттемелер;
- бағалы металдар – кез келген түр мен күйдегі алтын, күміс,
платина және платиналық тон металдары;
- табиғи бағалы тастар – шикізат түріндегі немесе өңделген алмаз,
рубин, изумруд, сапфир және александрит, сондай-ақ маржан
жатады.
Валюталық операциялар.
Қазақстан Республикасының аумағындағы күші бар заңдарға сәйкес барлық
валюталық операциялар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арқылы немесе
валюталық операциялар жүргізуге Ұлттық Банктің лицензиясын алған банктер
және өзге де несиелік мекемелер арқылы іске асырылуы керек.
Валюталық операциялар дегеніміз:
- бұл валюталық құндылықтарға меншік құқығы мен басқа да
құқықтардың ауысуымен байланысты, сонымен бірге, төлем құралы
ретінде шетел валютасын және шетел валютасындағы төлемқұжаттарын
пайдаланумен байланысты операциялар;
- Қазақстан Республикасына валюталық құндылықтарды әкелу және
аудару, Қазақстан Республикасынан валюталық құндылықтардыалып
шығужәне аудару;
- халықаралық ақша аударуды іске асыру.
Қазақстан Республикасының 1996 жылы 24 желтоқсанда шыққан Қазақстан
Республикасындағы валюталық реттеу туралы заңына сәйкес, шетел валютасымен
және шетел валютасындағы бағалы қағаздармен жасалатын барлық операциялар
ағымдағы валюталық операциялар және капиталдың қозғалысымен байланысты
валюталық операциялар деп бөлінеді.
Ағымдағы валюталық операцияларға мыналар жатады:
- товардың импорты мен экспорты, қызметтер, жұмыстар үшін
есептесуді іске асыру үшін, сондай-ақ, экспортық-импорттық
операцияларды 180 күннен аспайтын мерзімге несиелеумен
байланысты есептесуді іске асыру үщін Қазақстан Республикасынан
және Республикаға шетел валютасын аудару;
- 180 күннен аспайтын мерзімге қаржылық несие беру және алу;
- капитал қозғалысымен байланысты салымдар, инвестициялар,
несиелер және басқа да операциялар бойынша проценттерді,
дивиденттерді және тағыы да басқа табыстарды Қазақстан
Республикасынан және Республикадан аудару;
- Қазақстан Республикасынан және Республикадан саудалық емес
сипаттағы іске асырылатын аударымдар:жалақыны, пенсияны,
алиментті, мұраны және тағы да басқа.
Капиталдың қозғалысымен байланысты валюталық операцияларға мыналар
жатады:
- тікелей инвестициялар, яғни, табыс табу және кәсіпорынды
басқаруға қатысу құқығын алу мақсатымен кәсіпорынның жарғылық
қорына қаражат салу;
- портфельді инвестициялар, яғни, бағалы қағаздар сатып алу;
- ғимаратқа меншік құқығы үшін төленетін аударымдар;
- товардың экспорты мен импорты үшін, қызмет, жұмыстар үшін
төлемақы төлеуді 180 күннен астам мерзімге кейінге қалдыруды
беру және алу;
- 180 күннен астам мерзімге қаржылық несие беру және алу;
- ағымдағы деп саналмайтын басқа да валюталық операциялар.
Валюталық заңдар бойынша резиденттер ағымдағы операцияларды шектеусіз
жүзеге асырады, ал капиталдың қозғалысымен байланысты операцияларды Ұлттық
Банктің бекіткен тәртібі бойынша арнайы рұқсатпен ғана жүргізеді.
Резидент еместер:өкілді банктерде шетел валютасында және Қазақстан
Республикасы валютасында шот аша алады; кедендік ережелерді сақтай отырып
Республика аумағына шектеусіз мөлшерде валюта аударуға, жіберуге және
кіргізуге құқылы; Ұлттық Банк бекіткен тәртіппен Қазақстан валютасына шетел
валютасын сатуға және сатып алуға құқылы; бұрын Қазақстан Республикасында
сатып алынған немесе заңды түрде республика аумағына әкелінген валюталық
құндылықтарды кеден тәртібін сақтай отырып Қазақстан Республикасынан
шығаруға құқылы.
Барлық валюталық операциялар өзара тығыз байланысты, сол себепті,
шетел валютасындағы барлық операциялардынақты классификациялау қиын. Тіпті,
операциялар валюталық операциялардың бірнеше негізгі түріне жатуы мүмкін.
Валюталық операциялардың негізгі түрлері:
1. клиенттердің валюталық шоттарын ашу және жүргізу. Атаулы операциялар:
- заңды тұлғаларға, жеке тұлғаларға валюталық шоттар ашу;
- шоттағы қалдықтар бойынша процнтер төлеу;
- кез келген уақыт аралығында шот архивін рәсімдеу;
- клиенттердің валюталык шоттарындағы қаражаттарына қатысты тапсырмалары
бойынша операцияларды орындау;
- экспорттық-импорттық операциялардың орындауына бақылауды құрайды.
2. банктің саудалық емес операциялары. Банктер саудалық емес сипаттағы
төмендегідей операцияларды атқара алады:
- қолма-қол шетел валютасын жән ешетел валютасындағы төлем құжаттарын
сату және сатып алу;
- шетел валютасының және шетел валютасындағы төлем құжаттарының
инкассосы;
- банк клиенттерінің пластикалық карточкаларын шығару және оларға қызмет
көрсету,
- шетел банктерінің жол чектері үшін ақы төлеу;
- ақшалай аккредитивке ақы төлеу және ұқсас аккредитивтер ұсыну.
3. Шетел бантерімен корреспонденттік қатынастар орнату. Бұл операциялар
банктің халықаралық есептесуді жүргізу үшін қажетті шарты. Қандай да бір
шетелдік банкпен корреспонденттік қатынасты орнату туралы шешімді қабылдау
клиенттердің экспорттық-импорттық операцияларына қызмет көрсетудің
қажеттілігіне негізделуі керек. Халықаралық есептесуді жүзеге асыру
мақсатында банк шетел банктерінде және өзінде Ностро және Лоро
корреспонденттік шоттарын ашады. Ностро шоты – банктің корреспондент-
банкте ашқан ағымдағы шоты. Лоро шоты – корреспонденттік-банктің атына
басқа банкте ашылған ағымдағы шоты.
4. Конверсиялық операциялар. Конверсиялық операциялар дегеніміз қолма-қол
және қолма-қол емес шетел валютасын Қазақстан Республикасының теңгесіне
қарсы сату және сатып алу мәмлелер.
Есептік күн ішіндегі шетел валютасын сату және сатып алу
операцияларының айналымы деп бір есептік күн ішінде сатылған жән есатып
алынған шетел валютасының мөлшерін айтады.
Өнімді дереу тапсыру жөніндегі мәмле – мәмлені жасаған күннен екі
банкілік жұмыс күніне қалып отырып іске асырылатын конверсиялық
операциялар. Today типіндегі мәмле мәмле жасалған күні валютаны
тапсырумен түсіндірілетін конверсиялық операциялар. Tomorrow типіндегі
мәмле валютаны мәмле жасалған күннен кейінгі келесі банкілік жұмыс күнінде
тапсыруды көздейтін операция. Spot типіндегі мәмле мәмле жасалған күннен
кейін екінші банкілік жұмыс күнінде валютаны тапсыруды белгілейтін
конверсиялық операция.
Жедел мәмле дегеніміз валюта тапсыру уақыты мәмлені жасаған күннен
екі күннен астам банкілік жұмыс күніне қалып отыратын конверсиялық
операциялар. Жедел мәмлелер Форвард, Своп операциялары арқылы жүгізе
асырылады.
Форвард операциясы – мәмле болашақта жасалады деп, дәл қазіргі
уақытта бір валютаны келесі біреуіне келіскен курспен ауыстырып сатып алу
жөнінде жасалатын контракт. Форвард операциясының түрлері:
- аутрайтпенжасалатын мәмлелер – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Валюталық операцияларды классификациялау
Қазақстан Республикасының валюта нарығы
Экономикалық ұғымдар
Ақша нарығы мен валюталық биржалардың теориялық негіздері
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
«Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеу»
Қазақстан Республикасының ұлттық банкінің пайыздық саясаты
Ақша рыногының теориялық негіздері
Валюталық реттеу механизмі және оны жетілдіру
Валюталық нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың өзара әсері
Пәндер