Ж.Аймауытовтың психологиялық еңбектерінің мәні



Өзінің түп-төркіні мен ілкі бастауын сонау Орхон-Енисей жазбаларынан алатын ұлттық тәлім-тәрбиелік ой-пікірлер Қазан төңкерісіне дейін әлі де болса ғылыми теориялық дәрежеге көтеріле қоймаған еді. Оның бірнеше себептері болды: біріншіден, Қазақстанда қоғамдық, гуманитарлық ғылымдардың сансапалы тауарлары бір-бірінен дараланып бөліне, олардың ғылыми атаулары қалыптаса қоймаған болатын. Екіншіден, әр ғылымның жекелеген ерекшеліктерін мұкият зерттейтін маман ғалымдардың тапшылығы, үшіншіден, ғылым салаларын өрістетерлік ғылыми-техникалық, материалдық базаның (зерттеу мекемелері, баспа орындары, т.б) жұпынылығы себеп болды.
Әйтсе де осы кезеңдетуған халқының жарқын болашағы, оның тәуелсіздігі мен бостандығы және рухани өрлеуі жолында калтқысыз қызмет етіп, осы жолда шыбын жандарын пида еткен аса көрнекті ғұламалар мен қоғам қайраткерлері қазақ аспанында шоқ жұлдыздай жарқырап, жазира кең далада рухани- мәдени дамудың жаңа кезеңі қазак ренессанысының (қайта өрлеу) іргесін қалаған еді.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Ж.Аймауытовтың психологиялық еңбектерінің мәні

Өзінің түп-төркіні мен ілкі бастауын сонау Орхон-Енисей жазбаларынан
алатын ұлттық тәлім-тәрбиелік ой-пікірлер Қазан төңкерісіне дейін әлі де
болса ғылыми теориялық дәрежеге көтеріле қоймаған еді. Оның бірнеше
себептері болды: біріншіден, Қазақстанда қоғамдық, гуманитарлық ғылымдардың
сансапалы тауарлары бір-бірінен дараланып бөліне, олардың ғылыми атаулары
қалыптаса қоймаған болатын. Екіншіден, әр ғылымның жекелеген ерекшеліктерін
мұкият зерттейтін маман ғалымдардың тапшылығы, үшіншіден, ғылым салаларын
өрістетерлік ғылыми-техникалық, материалдық базаның (зерттеу мекемелері,
баспа орындары, т.б) жұпынылығы себеп болды.

Әйтсе де осы кезеңдетуған халқының жарқын болашағы, оның тәуелсіздігі мен
бостандығы және рухани өрлеуі жолында калтқысыз қызмет етіп, осы жолда
шыбын жандарын пида еткен аса көрнекті ғұламалар мен қоғам қайраткерлері
қазақ аспанында шоқ жұлдыздай жарқырап, жазира кең далада рухани- мәдени
дамудың жаңа кезеңі қазак ренессанысының (қайта өрлеу) іргесін қалаған еді.
Бұлардың алдыңғы шебіне Ш. Құдайбердіұлы, Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М.
Дулатов, X. Досмұхамедов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, Н. Құлжанова
т.б.жүрді. Осынау біртуар жандар педагогика және психология ғылымдары
саласында ғылыми еңбектер жазып, оқу қүралдарын шығарып, тәлім-тәрбиелік
ғылымдардың үлттық терминдерін қалыптастыруға өлшеусіз үлес қосты. Сөйтіп
кезінде ғүлама бабамыз әл-Фараби ілімінен бастау алған психология ғылымы
шын мәнісінде XX ғасырдың 20-30 жылдарында басқа коғамдық
ғылым-білім салаларынан бөлініп, дербес ғылым болып қалыптаса бастады. Осы
айтылғанға орай, ұлттық тәлім-тәрбие ілімінің іргесін қалаған кейбір қазақ
зиялыларының психологиялык ой пікірлері арнайы сөз болып, талдауға алынады.

Туған халқымен 60 жылдан кейін қайтадан көрісіп, табысқан біртуар
қазақ зиялыларының ішінде тәләм тәрбие, оку-ағарту мәселелері саласында
сындарлы, тереңмағыналы ғылыми еңбектерді өндіре жазған адамның бірі-
Жүсіпбек Аймауытов. Бас-аяғы 5-6 жылдын ішінде оның осы салада алты кітап
жазуы- бұл айтқанымызды жақсы айғағы 1924 жылы мектеп мұғалімдері мен
педагогикалык оқу арасында оқитындарға арнап тәрбиеге жетекші (Орынбор ,
Госиздат, 186-бет), 1926 жылы екі кітап, бір - психология (Қызыл Орда
Ташкент ), екіншісі- Жан жүиесі және өнер таңдау 1929 жылы комплекспен
оқыту жолдары (Қызыл Орда Казгоздат, 129 -бет) , мектеп оқушыларына
арналған Жаңа ауыл (бастауыш классқа арналған оку кітабы, Алматы 1922-30
ж.ж) Сауатсыздықты қалай жоюы керек? т.б . жариялады.

Мәселен ,оның Тәрбиеге жетекшісінде дидактика мен педагогикалық
психологияның ғылыми астарлары, ұлт тіліндегі тәлім-тәрбиелік терминдер
жүйесі сөз болады. Еңбек төрт бөлімнен , 29 параграфтан түрады. Осы
кітаптың Дидактика бөлімінде оның психологиялык негіздері (ынталы оқыту,
үйрету әдістері , машықтану жолдары, оқытудағы көрнекілік , оқыту түрлері ,
т. б.) жиырмасыншы жылдарғы казақ мектептершщ өміршен алынған нақтылы
мысалдармен терең талданады . Еңбектің төртінші бөлімінде де педагогикалық
психалогияның кейбір мәселелері сөз болады . Олар : Үстаз бен шәкірт
ынтымақтарының басты белгілері ,қазақ мектебінің өзіндік ерекшеліктері,
мүндағы еңбек тәрбиесі, т.б .

Әрине , кітаптың қүрылымы жағынан жекелеген олқылықтар да жоқ емес.
Мәселен, мүнда кейбір тәлім-тәрбиелік үғымдар әр бөлімде белгілі жүйеге
түспей қайталанып отырады. Нақтылап айтсақ, кітаптың екінші бөліміндегі
Ынталы оқыту, Сабақтың жүрісі деитін параграфтар төртінші бөлімінде
тағыда да қайталанады.(Сабақты баланың ынтасына сүйеніп беру, Белсенді
сабак жүзеге қалай жығады? , т. б.). Әйтсе де осы еңбектің қазак
топырағында педагогикалық писхалогиядан жазылған алғашқы төл туынды
екендігінде дау жоқ.

Кезінде осы кітап жөнінде жүртшаылық былайша жылы лебіз білдірген еді:
Жүсіпбектің Тәрбиеге жетекші кітабы -жыл қүсы . Бүл кітаптың тілі өте
жеңіл ... Жаңа сарынмен жазылған ...Бүл кітап әр оқытушы үстолының үстінде
жату керек , әр мектептің кітап ханасында болу керек Кітапқа берілген осы
баға күні бүгінге дейін өзінің қүнын жойған жоқ.

Ж. Аймауытовтың психалогиялық мүрасы туралы айтқанда, оның психалогия
атты төл оқу қүралы толығырарақ сөз етуді қажет етеді. Өйткені бүл
психалогия саласында тілімізде жазылған ғылыми мәнін күні бүгінге дейін
жоймаған дүние екендігі дауысыз .

психология, -деп жазды автор осы кітаптың Бет ашарында,-терең ой, терең
білім терең пәлсәпаға соғатын пән ... өзге білімдер затшылдыққа
(материализм- Қ.Ж.) табанын тіресе де, пихология әлі тіреп яғни нық басқан
жоқ... қарапайым адамға жұмбақ сықылды көрінетін талай нәрселер пихологияда
қаралады. Себептері, сырлары айқындалады, бұлардан хабары болу, ақыл ойна
ерік беру кімге де болса керек-ті. Бұл қітапты алдымен бала оқушыларға
ұсынамыз. Қалаберсе, кімде-кім әлеуметпен қоғаммен қатынасып, қызымет
ететін болса, оның бәріне де пихология пайдалы кітап деп ойлаймыз. Хат
танитын жай қазақта, арындамай оқи алса недәуір білім алар деп сенеміз.
Қиын жерлерін салғаннан ұқпаса оңай жерлерін оқып көрер, сүйте-сүйте біріне
тісі батар. Оқырманына осылайша ой сала келіп, Жүсіпбек пихология нені
сөйлейді? -дейтін бірінші тарауда осы ғылымның екі жарым мың жылдық
тарихынан біраз мағлүмат береді. Бүл жерде рационалисттік (ақыл- ой)
эксперименттік (тәжірибе) пихологияның жай -жапсарын баяндайтын беттері өте
тартымды. Кітаптың екінші тарауында адамның жан- дүниесін, мінез- қүлқын,
зерттеуді қайтып үйымдастыруға болатынын айта келіп (бақылау, анкета,
әңгімелесу, тәжірибе әдістерінің мән жайы), тәптіштеп түсіндіреді. Ол -жан-
дүниесінің заңдылықтарын зерттеуде математиканың, оның болжау қисыны
дейтін саласын қалайша пайдалануға болатынын қазақ топырағында алғаш рет
сөз етеді. Кітаптың үшінші тарауы тірі заттарыдың қылығын жалпы мінездеу
(қазіргі терминде психика және сана)- деп аталады. Мүнда психофизикалық
және психофизиологиялык қүбылыстар, атап айтқанда организмнің,
тітіркенушілікпен сезгіштік ерекшеліктері, жануар мен адамның дағды,
инстинктері (соқыр сезімдері) бүлардың бір-бірінен айырмашылықтары,
өсімдіктері дүниесіндегі тіршілік белгісі (тропизмдер) ғылыми талдауға
алынады. Осы тарауда академик И. П. Павловтың шартты рефлекстер туралы
ілімінің негізгі қағидалары сөз болады. Автор адам санасының даму жолын
тарихи -қоғамдық тұрғыдан дұрыс көрсете келе, қоғамдық (әлеуметтік
-психологияның негізгі мәселелерінің (топ, жұртшылық, коғам, парасат,
әдет,т.б) мәнін қазыргі психологиялык түсініктердің төңірегінде
тәптіштейді.

денедегі кейбір мүшелер олардың қызметтері деп аталатын төртінші
тарауда жан қуаттарының анатомиялык-физиологиялық механизмдері, Яғни жүйке
саласымен оныңатқаратын қызыметі, козу, тежелу процестері, ми бөліктері,
олардың қызметі, негізгі сезім мүшелерінің (көз, қүлақ, иіс, дәм, тері,
т.б) анатомиялык күрылысы жөнінде мағлүматтар беріледі. Мәселен адам
тәнінің шам-шырағы көздің пихофизиологиялық механизмдері өте тартымды,
шебер тілмен дәекті баяндалған.

Бесінші тарауда эмозия мен сезім, бет пен денедегі түрлері мәнерлі
қүбылыстардың келбет, көз әлбеті, ымие шара, т.б қазақ өмірінен алынған
қызғылықты да, нақтылы деректер арқылы түсіндіріледі. Адамды жиі үшырайтын
сезім, көңіл (таңсыққойлык, қорқыныш еліктеу, тентек, паңдық, т.б) және
бүлардың психологиялық астарлары сөз болады. Түйсік пен қабылдау, перне
іліктестігі, ассоциация мен аперцепция ынта мен ілтипат, еспен елес, қиял
мен шығармашылық мәселелері- алтыншы, сегізінші тараулардың бас
тақырыптары. Бүларды классикалык психологияның негізгі қисындары: түйсіктің
Бебер -Фахнер түжырымдаған психофизикалық заңы, Г. Генголсьтің резонасын
(жаңғырық) теориясы, Беркли кисыны, т.б. Төл тіліміздің өзіндік нақышымен
жақсы түсіндіріледі.

Ал психологиялық басты проблемаларының бірінен саналатын ойлау мен
сөйлеу, ұғымы мен сөзі, елестету мен үғым, ойлау формалары,(үғым, пікір, ой
қорытындылары ) сияқты күрделі ғылыми категориялардың мәнісі логика,
психология ғылымдары түрғысынан өз дәрежесінде талдау тапқан. Тоғызыншы
тарауда ерік-жігер, қажыр-кайрат , бүларды тәрбиелеу жайлы әңгіме болса,
оныншы тарауда -үйқы, түс көру, көз байлау (гипноз), т.б. парапсихологиялық
қүрылыстары жайлы айтылады. Он бірінші, он екінші тарауалрда әдет ғүрып
салт-сана, дәстүр түрлі оң, теріс қыльщтардың табиғаты, кісі психологиясын
әлеуметтік, қоғамдық түрғыдан қалыптастыру, сондай-ақ мәдениет пен өнердің:
дін мен пәлсапаның, жоғрапиялык ортаның (қазыргі терминде экологияның.
-Қ. Ж.), тіл мен ауыз әдебетінің адамның жан-жүиесіне қалайша әсер
ететіндігін нақты әрі тартымды мысалдар арқылы түсіндіреді.

Пихология оқу -қүралында сурет, таблица, схемад.б. түрлі безендірулерге
ерекше мән берілген. Бүл айтылғандар бәр-бәрі оқу ктаптарының ажарын
кіргізетін, олардың дидактикалык пәрменділігі артыратын мәнді өлшемдер.
Мүнда классикалық психологиядан түпкілікті орын тепкен, күні бүгінге дейін
қолданбалык мәнін жоймаған түрлі аспап-қүралдардың (спимограаф ,
эстезнометр , кимограф, камертон, т.б.) , сондай-ақ көптеген схема,
таблицалардың суреттері (жүйке саласының бөліктері , ми жарты шарларының
қүрылысы, есту, сипай-сезу сүщелері- көз, қүлақ, тері, жүйке талшықтары,
т.б) орын тепкен.

Ж.Аймауытовтың психология саласында жазған екінші төл еңбегі Жан жүйесі
мен өнер таңдау (Мәскеу, 1926) өзіне ерекше назар аудартады. Мұнда
автор ғылыми психологияда кең тараған анкета, байқау әдістері арқылы Кеңес
өкіметтің алғашқы жартысында қыр қазақтарының ұлты, әлеуметтік
ерекшеліктерін ескере отырып, олардың мамандык таңдау жолындағы
талпыныстарын тәжірибе арқылыанықтағысы келген. Зерттеудің басты максаты:
қазан төңкерісінен кейінгі жаңа заман жағдайында жастарға мамандықты дұрыс
таңдай білуге жәрдемдесу. Кітап мысалдарынан сол кезде қазақ жастарын
кеңсе, заң, сот, т.б. осы секілді әккімгерлік қызметтер сондай-ақ
мұғалімдік, журналистік, сауда, медицина, т.б. мамандықтар ерекше
қызықтырғанын аңғарамыз автор мамандықтың жаманы жоқ, мұының кезкелгеніне
икемдік қажет, Бұл жай күнелтудің жолы ғана емес, үлкен өнерді шеберлікті
қажет ететінін айтады.

Ж. Аймауытов мамандық таңдау жайлы өз пікірін жалғастыра келіп жұрттың
бәрі - комиссар болғанда, осынша кызметтерді істеуші кім болмақ?- дейді.
Осы сұрақтың жауабын да Жүсіпбек былайша түйіндеді: әлеумет түрмысы оңдалу
үшін онымен бірге әр адамның түрмысы түзелу үшін- әр адам қолыңнан
келерлік, пайда берерлік іс істеу керек. Әр адам қабілетінде, ыңғайына
қарай өз орнында кызмет етпесе әлеуметке пайда орнына зиян келтіреді.
Екінші, әр адам өз жолымен жүре алмай бөтен жолға түссе, оның бар
таланты(озаттығы) жарыққа шыға алмай жерге көміледі. Ондай адам өмірге разы
да болмайды.

Ж. Аймауытов мамандық таңдауда адам өзінің жеке қасеиеттері мен кейбір
туыстан берілетін ерекшеліктерін де (темперамент, нышан, т.б) ескерту
қажеттігін, бүл жерде кісі өзін-өзін басқарып, жеке басын жетілдіруге,
кісілікке үмтылуға ерекше мән берудің маңыздылығын жалықпай кайталап айтып
береді. Өзінде қандай талант, кандай зеректік, кандай кабілет, бір сөзбен
айтқанда, қандай қасиет барлығын білуің қажет. Дәлелдеп айтқанда әр адам
өзін-өзі тану қажет. өзін -өзі танымаған адам, өзгені де тануға шорқақ
болады деп тұжырымдайды.

Аталмыш зеріттеудің ғылымиын арттыра түсетін басты ерекшелігі-мұнда
еуропалық психолог ғалымдардың осы тақырып төңірегінде жүргізген зерттеу
жұмыстарына ерекше көңіл бөлініп, солармен салыстыра, сабактасытра
баяандалатындығында. Мәселен, автор өз тұжырымдарын сол кезде белгілі
психологы А. Ф. Лазурскийдің (1874-1917ж),сондай-ақ аттары әлемге әйгілі
неміс және амаерикан психологтарына (Джемс, Мюнстерберг, Штрен т.б) сілтеме
жасап бұларға өзіндік пікір білдіріп, осы мәселенің анық канығына ой
жүгіртіп, сайып келгенде, күні кешегі көшпелілер психологиясының жаңа
жағдайдың әсерімен біртіндеп өзгеріске түсе бастағанын паш етеді.

Ж. Аймауытов психологияның жекелеген мәселелерін өзінің соңғы еңбегі
комплекст отқыту жолдары атты кітабында да жол жөнекей сөз етеді. Кітап 9-
шы тараудан түрады ол педгогикалык курсты таңдаушылармен педтехникум
студенттеріне арналып жазылған онда оқу бағдарламасының жекелеген түрлеріне
талдау жасалады оның негізгі үш тірегі (жаратылыс, еңбек, қоғам мәселелері)
туралы айта келіп, оқытудың түп қазығы - еңбек екендігін, мүны шәкірт
психологиясына орайластыра жеткіздің қажеттігіне баса назар аударады. Автор
комплекст оқыту не? деген сауалға былайша жауап береді: ...бүл өмірдегі
сан алуан қүбылыстарды, нәрселерді бір тақырыпи пен бір пікрдің
төңіреңіне жинап қосып, түйдіктеп.

біріктіріп окыту. Автор оқыту барысында шәкірттің эстетикалық (сүлулық)
талғамының ерекшеліктерімен санасу қажет дейді. Халық әндерінің пс
психологиялық жақтарына талдау жасай келіп ол былай деді: жер, тұрмыс
жағдайына қарай, әр елдің сазы (ән-күйі) де әр алуан Түркістан елінің әні
бүлтарысы жоқ, тек тартар айқай, қайырмасы жок, келте немесе бірінғай
текірек болып келеді, түйеге, атқа, есекке мінген адам болсын, ауылдан
былай шыға беріп: Ауылың сенің белде еді, аридай- деп қозғайды. Арқаның
әні толқынды ырғақты, айкайлай, зарлы, қайталамалы қайыруы үзын болып
келеді. Теріскейдің, батыстың мүңды, зарлы, шерлі, желдірме, көй-көй болып
келеді. Ж.Аймауытовтың үлттық этностьщ психологияға ерекше мән беріп отыр.
Автор тәлімгер қауымға арналған түжырымдарын: ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ж.Аймауытов еңбектерінде көтерілген педагогикалық мәселелер маңызы
Жүсіпбек Аймауытұлы және қазақ руханияты, тарих, таным, көркемдік арқауында
Ж. Аймаутовтың өмірбаяны мен педагогика жөніндегі еңбек жолы
Жүсіпбек Аймауытовтың қазақ психологиясының дамуына қосқан үлесі
Ж. Аймаутовтың педагогика жөніндегі көзқарасы.
Ж. Аймауытұлының өмiрi мен шығармашылығы
Психология тарихы
XX ғасырдың 20-30-шы жылдарындағы қазақ жазушы-педагогтарының шығармашылықтарындағы халықтық идеяның қоғамдық тәрбие берудегі тағылымына концептуальды талдау
Жүсіпбек Аймауытов шығармаларындағы психологизм
Пихология гылымының қалыптасуы мен дамуы
Пәндер