Еңбек қызметі ұғымы және мазмұны



Жоспар:

1. Еңбек қызметі ұғымы және мазмұны.

2. Кәсіпорын күрделі социотехникалық жүйе ретінде.

3. Еңбек бөлісі және кооперация, олардың қажеттілігі.

4. Еңбек бөлісі мен кооперацияның бүгінгі тенденциялары.

5. Еңбек қызметін ұйымдастыру құрылымдарын құру.
Еңбек қызметі ұғымы және мазмұны. Еңбек қызметін еңбектің кез келген түрімен айналысу деп анықтауға болады (өндірістік, педагогикалық, ғылыми қызмет). «Қызмет» ұғымы еңбектің екі маңызды ерекшелігін білдіреді:
1. Адамның еңбектің затына ықпал ету белсенділігі дәрежесін.
2. Жұмыс барысында жұмсалатын ақыл-ой.
Кейде «еңбек» және «жұмыс» деген сөздер синоним ретінде қолданылады (неміс – арбайт, француз – тревиль).
Еңбек қызметінің мәнін қос міндетті шешу объективтік қажеттілігі белгілейді:
А) адамдардың еңбек элементтерімен өзара әрекетін орнату;
Б) ортақ іске қатысушылар арасында еңбек қатынастарын қалыптастыру, бұл еңбек қызметінің затын құрайды.
Еңбек қызметін ұйымдастыру міндетінемына мәселелерді шешу міндеті кіруге тиіс:
1. Еңбек субъектін белгілеу (яғни жұмысшы және ұжым).
2. Оны қажетті несиемен және еңбек құралдарымен қамтамасыз ету.
3. Еңбекке қолайлы жағдай туғызу.
4. Еңбек процестерін ұйымдастыру.
5. Еңбекке ақы төлеу.
Орыстың «организация» (ұйымдастыру) сөзі «organso» латын тілінен аударғанда дұрыс тіземін, жөнге саламын деген ұғымды білдіреді.
Сөйтіп, ұйымдастыру белгілі мақсатқа жету жүйесін құру және жетілдіруге бағытталған саналы қызметтің үрдісі мен нәтижесі деп түсініледі.
Әрекет етуді ұйымдастырудың әр түрлі теориялары мен тәжірибесі бар. Ұйымдастыру теориясы мен практикасы проблемаларын әзірлеудің ғылыми бағыттары арасында праксеология тиімді практикалық қызметтің принциптері мен әдістері туралы ғылым ерекшеленеді.
Ұйымдастыру ұғымы объектісіне байланысты бөлінеді: еңбекті, өндірісті және басқаруды ұйымдастыру. Сонымен қоса еңбекті ұйымдастыру өндірісті ұйымдастырудың бөлігі, ал ұйымдастырудың өзі – басқару функциясы ретінде жиі зерттеледі.
Өндірісте жұмыс істейтіндердің еңбегі тиімді болады, егер оны ұйымдастырудың өндіріс пен басқаруды ұйымдастырумен бірге, кешенді түрде қаралса деп санайды.
Өндірісті ұйымдастыру өндіріс құралдарын ұйымдастыру деп түсіндіріледі (еңбектің заттық элементтері, оларды процестерді кеңістікте және уақыты бойынша үйлестіру).
Басқаруды ұйымдастыру тиісті функцияларды орындау жүйесін құру және басқарудың ұйымдастыру құрылымын қалыптастыру арқылы басқару қызметін ұйымдастыру деген ұғымды білдіреді.
Нарық қатынастарына көшумен өндірісті басқарудың рөлі мен сипаты өзгереді, кәсіпорын (мемлекеттің қарамағында болмаса) материалдық ресурстарына қажет қорды орталықтан алмайды, өз бетімен іздеп табуға
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Еңбек нарығының экономикасы». Оқу құралы – 2003 жыл.
Авторлары: С. Қ. Тойкин, С. Қ. Құрманбаев, Н. Ғ. Нұрекенов, Г.І. Ілияс, Н. А. Смағұлова

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1. Еңбек қызметі ұғымы және мазмұны.

2. Кәсіпорын күрделі социотехникалық жүйе ретінде.

3. Еңбек бөлісі және кооперация, олардың қажеттілігі.

4. Еңбек бөлісі мен кооперацияның бүгінгі тенденциялары.

5. Еңбек қызметін ұйымдастыру құрылымдарын құру.

Еңбек қызметін ұйымдастыру
Еңбек қызметі ұғымы және мазмұны. Еңбек қызметін еңбектің кез келген
түрімен айналысу деп анықтауға болады (өндірістік, педагогикалық, ғылыми
қызмет). Қызмет ұғымы еңбектің екі маңызды ерекшелігін білдіреді:
1. Адамның еңбектің затына ықпал ету белсенділігі дәрежесін.
2. Жұмыс барысында жұмсалатын ақыл-ой.
Кейде еңбек және жұмыс деген сөздер синоним ретінде қолданылады
(неміс – арбайт, француз – тревиль).
Еңбек қызметінің мәнін қос міндетті шешу объективтік қажеттілігі
белгілейді:
А) адамдардың еңбек элементтерімен өзара әрекетін орнату;
Б) ортақ іске қатысушылар арасында еңбек қатынастарын қалыптастыру, бұл
еңбек қызметінің затын құрайды.
Еңбек қызметін ұйымдастыру міндетінемына мәселелерді шешу міндеті
кіруге тиіс:
1. Еңбек субъектін белгілеу (яғни жұмысшы және ұжым).
2. Оны қажетті несиемен және еңбек құралдарымен қамтамасыз ету.
3. Еңбекке қолайлы жағдай туғызу.
4. Еңбек процестерін ұйымдастыру.
5. Еңбекке ақы төлеу.
Орыстың организация (ұйымдастыру) сөзі organso латын тілінен
аударғанда дұрыс тіземін, жөнге саламын деген ұғымды білдіреді.
Сөйтіп, ұйымдастыру белгілі мақсатқа жету жүйесін құру және
жетілдіруге бағытталған саналы қызметтің үрдісі мен нәтижесі деп
түсініледі.
Әрекет етуді ұйымдастырудың әр түрлі теориялары мен тәжірибесі бар.
Ұйымдастыру теориясы мен практикасы проблемаларын әзірлеудің ғылыми
бағыттары арасында праксеология тиімді практикалық қызметтің принциптері
мен әдістері туралы ғылым ерекшеленеді.
Ұйымдастыру ұғымы объектісіне байланысты бөлінеді: еңбекті, өндірісті
және басқаруды ұйымдастыру. Сонымен қоса еңбекті ұйымдастыру өндірісті
ұйымдастырудың бөлігі, ал ұйымдастырудың өзі – басқару функциясы ретінде
жиі зерттеледі.
Өндірісте жұмыс істейтіндердің еңбегі тиімді болады, егер оны
ұйымдастырудың өндіріс пен басқаруды ұйымдастырумен бірге, кешенді түрде
қаралса деп санайды.
Өндірісті ұйымдастыру өндіріс құралдарын ұйымдастыру деп түсіндіріледі
(еңбектің заттық элементтері, оларды процестерді кеңістікте және уақыты
бойынша үйлестіру).
Басқаруды ұйымдастыру тиісті функцияларды орындау жүйесін құру және
басқарудың ұйымдастыру құрылымын қалыптастыру арқылы басқару қызметін
ұйымдастыру деген ұғымды білдіреді.
Нарық қатынастарына көшумен өндірісті басқарудың рөлі мен сипаты
өзгереді, кәсіпорын (мемлекеттің қарамағында болмаса) материалдық
ресурстарына қажет қорды орталықтан алмайды, өз бетімен іздеп табуға мәжбүр
болады. Әдетте мұны еңбекті ұйымдастыру емес, өндіріс пен басқаруды
ұйымдастыру міндеті деп санайды. Бұл екі категорияны бір бірінен айырудың
орынсыз екендігін дәлелдейді. Мұндай жағдайда еңбекті ұйымдастыру жайында
сөз қозғаудың да қажеті жоқ.
Сонымен, ұйымдастыру ұғымын еңбекті, өндірісті және басқаруды
ұйымдастыру, бөлу осы ұғымдардың мазмұны мен мәніне сәйкес келмейтін ескі
дәстүрлі көзқарас болып табылады. Барлығы еңбек қызметіне қатысты болуына
байланысты ұйымдастыру жайында нәтижесі адам қызметінің барлық саласындағы
түрлі жүйелер болып табылатын (білім беру, өндірістік, басқару,
коммерциялық, экономикалық, әлеуметтік, шаруашылық және т. б.) жалпы адам
шығармашылығының ерекше түрі ретінде сөз қозғалуы мүмкін.
Кәсіпорын күрделі социотехникалық жүйе ретінде. Жүйе деген не? Жүйе
деген ұғымның кең мағынасы бір-бірімен байланысы, қатынасы бар, белгілі
тұтастық және бірлік құрайтын элементтер жиынтығы дегенді білдіреді. Жүйе
сонымен қатар ұйымдастыру заты мен өнімі болып табылады.
Жүйе ұйымдастыру заты мен өнімі ретінде, ұйымдастырудың осы
интеграциялық қасиеті – осы екі нәрсені біріктіру-ұйымдастыру теориясының
түйіні деп санауға болатын жүйелер теориясына сүйенеді.
Кез келген жүйенің аса маңызды қасиеті – оның әрекет етудің өзгеріп
отыратын жағдайына икемделу мүмкіндігі.
Жүйе ұйымдастыру өнімі ретінде ұйымдастыру статистикасын (инженерлік
термин) білдіреді, ол құрылған жүйе мақсатына сәйкес екіндігімен
сипатталады. Оны құру, яғни дамыту, өзгерту, бейімдеу процесі ұйымдастыру
динамикасын сипаттайды.
Кәсіпорын теория тұрғысынан күрделі социотехникалық жүйе деп танылады,
онда көптеген өндірістік және функциялық кіші жүйелер көмегімен мақсаттары
мен міндеттерін іске асыруға бағытталған детерминистік (өзгеру) процестер
жүзеге асырылад. Сол себептен жүйе құрудың мақсатын айқындап алу қажет,
яғни өндірілетін өнімнің, атқарылатын жұмыс пен көрсетілетін қызметтердің
сипатын, мазмұнын және көлемін, сонымен бірге жүйенің құқықтық статусын
анықтап алу қажет (заңды тұлға, ішкі өндірістік және функциялық құрылымдар,
басқару органдары).
Ұйымдастыру жүйелері ерекше рөл атқарады. Өндіріс кәсіпорындарына
қатысты олар технологиялық, экономикалық және әлеуметтік жүйелерді реттеп,
тұтас жүйеге біріктіреді. Егер қажетті функция болса, онда оны жүзеге
асыратын жүйе де болуға тиіс – жүйе қалыптастыру принципі осы.
Экономикалық және әлеуметтік жүйелер (ЭӘЖ), жұмысшыларды ресурстарды
сақтауға, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, сапасын арттырып пайданы
өсіруге материалдқ тұрғыдан ынталандыру негізді шаруашылық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері, атқаратын қызметтері
Қылмыстарды алдын ала тергеу сатысы
Еңбек қызметін ұйымдастыру
Басқару процесінің ұғымы
Мемлекет ұғымы пәнінен дәрістер
Құқық жүйесінің түсінігі және құқық жүйесінің құрылымдық элементтері
Педагогика және психология мамандығына арналған Психологиялық менеджмент
Құжат шаруашалық операцияларын жүзеге асыруға арналған қаржылық есеп беру туралы заңның уақытылы жасау
Болашақ мұғалімдерді мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беруге даярлау
Әлеуметтік басқарудың пәні мен объектісі
Пәндер