Қазақ тілі



Қазіргі қазақ тілінде сөйлеуші қазақтар — Қазақстан территориясында XV ғасырда көптеген рулар мен ру-тайпалары одақтарының шоғырлануы негізінде қүралған дербес халык, Қазақ СРО-ның құрылуына байланысты XX ғасырдың 30-жылдарынан бастап барлық қазақ халқының жалпы атауы ретінде қазақ этнонимі ресми қолданыла бастады. Патша әкімшілігінің ресми қүжаттары мен Қазан төңкерісіне дейінгі зерттеулерде қазақтар қырғыздар немесе дала қырғыздары (жабайы тас қырғыздар - қара қырғыздардан бөлек), қырғыз-қайсақтар немесе қайсақтар, қазақ-қырғыздар т.б. деп аталып келген.
1.1.1 Аталым варианттары: қазақ тілі бұрынғы уақытта қырғыз тілі (немесе наречиесі), қырғыз-кайсақ немесе қазақ-қырғыз тілі болып аталған.
1.1.2. Қазақ тілі (Қ.т.) қарақалпақ және ноғай тілдерімен қатар түркі тілдерінің қыпшақ тобының қыпшақ-ноғай бөлігін құрайды.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ТІЛІ

1.1.0. Жалпы мәліметтер.
Қазіргі қазақ тілінде сөйлеуші қазақтар — Қазақстан территориясында XV
ғасырда көптеген рулар мен ру-тайпалары одақтарының шоғырлануы негізінде
қүралған дербес халык, Қазақ СРО-ның құрылуына байланысты XX ғасырдың 30-
жылдарынан бастап барлық қазақ халқының жалпы атауы ретінде қазақ этнонимі
ресми қолданыла бастады. Патша әкімшілігінің ресми қүжаттары мен Қазан
төңкерісіне дейінгі зерттеулерде қазақтар қырғыздар немесе дала қырғыздары
(жабайы тас қырғыздар - қара қырғыздардан бөлек), қырғыз-қайсақтар немесе
қайсақтар, қазақ-қырғыздар т.б. деп аталып келген.
1.1.1 Аталым варианттары: қазақ тілі бұрынғы уақытта қырғыз тілі
(немесе наречиесі), қырғыз-кайсақ немесе қазақ-қырғыз тілі болып аталған.
Қазақ тілі (Қ.т.) қарақалпақ және ноғай тілдерімен қатар түркі тілдерінің
қыпшақ тобының қыпшақ-ноғай бөлігін құрайды.
Қазіргі К.т. ең алдымен Қазақстан Республикасында, сонымен бірге Өзбекстан,
Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстанның жекелеген аудандарында, Қытай Халық
Республикасының Синьцзян-¥йғыр автономиялық ауданында, Монғолияның батыс
бөлігінде, Ауғанстанда, Түркияда т.б. түратын қазақтардың тілі болып
саналады. 1989 жылғы санақ бойынша ҚСРО-да тұратын қазақтардың жалпы саны 8
136 мың адамды
қураған, соның ішінде 7 890 мың адам Қ.т.-н ана тілім деп
санаған.
0. Лингвоғеографиялық мәліметтер.
К,.т. нақты ажыратылған диалектілік бөліктерге бөлінбейді. Республиканың әр
түрлі аудандарының тұрғындары тілінде байқалатын фонетика, лексика,
морфология салалары бойынша өдеби нормадан шамалы алшақтықтар мен
айырмашылықтарды есепке алғанда, қазақ диалектологтары сөйленістердің төрт
аймақтық топтарын беліп көрсетеді: батыс, оңтүстік, орталық-солтүстік және
шығыс (2.7.0. қараңыз).
Әлеуметтік-лингвистикалық мәліметтер.
Қазақстан Республикасы территориясында мемлекеттік тіл — орта және арнаулы
орта білім тілі — Қ.т. Қ.т.де көркем, қоғамдық-саяси, оку-педагогтік,
ғылыми-техникалық әдебиеттер, газет пен журналдар шығарылады, радио және
телехабарлар жүргізіледі, кинофильмдер көрсетіледі, мемлекеттік
мекемелерде, аудандық және ауылдық әкімшілік және мәдени-шаруашылық
органдарында іс жүргізу жұмыстары іске асырылады, республикалық, облыстық
және аудандық театрлар
мен мәдениет үйлері жұмыс істейді. Қ.т. таралымы бойынша республикада орыс
тілінен кейін екінші тіл. Ол қазақ халқы мен Қазақстан территориясында
іргелес қоныстанған басқа ұлт өкілдерінің (ұйғырлар, дүнгендер, татарлар,
қарашайлар, балқарлар, түріктер т.б.) ұлтаралық қатынас құралы болып
саналады. Қазақтардың кепшілігі орыс тілін меңгерген.
Қазақ әдеби тілі XIX ғасырдың екінші жартысында
пайда болды. Нақты ажыратылған диалектілік ерекшеліктердің болмауы
салдарынан жазба әдеби тіл жалпыхалықтық тіл негізінде, өз қалыптасуының
алғашқы кезеңдерінде түркілер орта азиялық әдеби тілінің біраз әсерін
бастан кешіре отырып, пайда болды және осы күнде даму үстінде. Қ.т.-де
қисса жан-
рының баспа және қолжазба түріндегі шығармалары, Ы. Алтынсариннің
қолжазба газеті мен оның "Шариат ул-ислам" шығармасы, Қарамола съезінде
бекітілген заңдар жинағы, "Қазақ күнтізбесі", әр түрлі ғылыми-көпшілік
брошюралар, ресми құжаттар, миссионерлік әдебиет түріндегі қазақ
әдеби тілінің көптеген ескерткіштері сақталған. Алайда қазақ
әдеби тілінің түпкілікті нормалануы мен бір ізге түсуі кеңес
дәуірінде іс жүзіне асты.
Республикада Қ.т. бастауыш, орта мектептерде, орта арнаулы оқу орындарында
(техникум мен педучилищелер) білім беру тілі ретінде қолданылады,
университеттердің филология факультеттері мен журналистика
факультеттерінің, республикалық педагогтік және арнаулы жоғары оқу
орындарының студенттері Қ.т.-де оқиды; техникалық профильдері кейбір
институттардың алғашқы курстарында кейбір сабақтар
қазақ студенттері үшін қазақ тілінде жүргізіледі. Сонымен бірге Қ.т.-де
оқытылатын мектептер республикадан сырт жерлерде де (Ресей Федерациясының
Астрахань облысында, Өзбекстанда, Қырғызстанда) бар. Қ.т. республиканың
орыс және орыс-ұлттық аралас мектептерінің барлықсыныптарында міндетті пән
болып саналады.
1.4.0. Қазақтар төңкеріске дейін араб графикасының бейімделген
вариантын пайдаланды. 1929 жылы латын әліпбиі қабылданып, ал 1940 жылы
қазақ жазуы орыс графикасы негізінде құрылған жаңа әліпбиге көшірілді.
Қазіргі қазақ тілінде 42 әріп бар: а, ә, б, в, г, ғ, д, е, ё, ж, з, и, й,
к, қ, л, м, н, ң, о, ө, п, р, с, т, у, ү, ү, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, ъ, ы, і,
ь, э, ю, я.
жалпыхалықтық тіл негізіне арқа сұйеді, халық-тың көп ғасырлық сөйлеу тілі
мен ауыз әдеби тілін көркем тіл кестесіне түсіріп, жаңа өң беріп, қуатын
арттырды. Сөйітіп, Ыбырай мен Абай халықтық тілдің тұрақты әрі ортақ
белгілерін өздерінің көркем туыидыларында молынан пай-даланды. Ұлттық жазба
әдеби тілдің негізін қалап, әдеби тілдің жаңа сапа дамуына жол салды.
Ыбырай Алтынсарин жалпыхалықтық тіл мен ауызша қызмет еткен төл әдеби
тілдің нормаларын арқау ете отырып, проза жанрының, ғылыми стильдің, ал
Абай өз қара-сөздері мен поэзиясында публицистика мен көркем әдебиет
стилінің негізін салды. Сөйтіп, олар әдеби тілдің жанр жағынан түрлене
түсуіне зор үлес қосты. 4) Қ а з а н төңкерісінен кейінгі к е з е ң. Әдеби
тіл халыққа білім берудің, мәдени, рухани мұраларды жасаудың қуатты
құралына айналды. Қоғамдық өмірдің барлық саласында дерлік қызмет етті.
Көркем сөз зергерлерімен қатар ғылым, мәдениет қоғам қайраткерлері де әдеби
тіл нормасының тұрақ-талуы, қызметінің жанжақты күшейе түсуіне белсене ат
салысты. Әдеби тілдің жазбаша түріне сәйкес шаршы топ алдына (жиналыста,
радио мен теледидар алдында, сахнада т. б.) сөйленетін ауызша түрінің де
қызметі кеңейе түсті. Әдеби тілдің бірсыпыра нормалары кодификациялау
арқылы тұрақты сипат алды: қазақ тілінің граммат. жазылып, емле ережелері
белгіленді, орфофафиялық, орфоэпиялық және тұсіндірме сөздіктері
құрастырылды. Сөйтіп, әдеби тіл нормаларының тұрақталуына саналы түрде
араласу жанжақты сипат алды. Соңғы кезеңдегі әдеби тіліміздің даму қарқыны
біркелкі емес, сондықтан оны да бірнеше бе-лестерге бөліп қарауға болады.
Әдеб.: Аманжолов С, Вопросы диалектологии и истории казахского языка. А.,
1959; Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Қазақ әдеби тілінің
мәселелері. А., 1961; Жұбанов К,, Қазак тілі бойын-ша зерттеулер. А., 1966;
Сыздықова Р., Абай шығрамаларының тілі. А., 1968; Сауранбаев Н. Т., Қазак
тілі проблемалары. А., 1982; Әбілқасымов Б., XIX ғасырдың екіншісі
жартысындағы қазак әдеби тілі. А., 1983; Сыздықова Р., ХVІІІ-ХІХғ. ғ. Қазак
әдеби тілінің тарихы. А., 1984; Исаев С, Қазак әдеби тілінің тарихы. А.,
1989.
Б. Әбілқасымұлы

ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІ - жазуда қазақ тілінің дыбыстарын таңбалауға арналған
әріптердің ретретімен тізілген жиынтығы. Көптеген түркі тілдес халықтардың,
соның ішінде қазақ халқының әліпбиі 1929 ж. дейін араб графикасына
негізделіп жасалды (қ. Байтурсынулы әліпбиі). Одан кейін латын
әллбиқабылданды. 1940 ж. ҚазКСР Жоғ. Кеңесінің сессиясы қаулысымен орыс
графикасына негізделген қазіргі Қ. ә-не көшті. Орыс тіліндегі 32 әріп, оған
қоса қазақша дыбыстарды таңбалайтын 9 әріп алынып (қ, ғ, ә, ө, ұ, ү, і, ң,
һ), бұл таңбалардың орыс графикасындағы әріптерге (к, г, о, у, н) ұқсас
келуі ескерілді. Орыс графикасына негізделген жаңа әліпби қазақ жазуында
араб, латын әліпбиіндегі әріптердің жетіспеуінен туған қиындықтан құтқарды,
сондай-ақ орыс тілінен және орыс тілі арқылы өзге тілден енген сөздер мен
терминдерді цитаталық принциппен жазуға мүмкіндік берді. Қазіргі Қ. ә. 42
әріптен түра-ды. Әліпбидегі әріптердің баспахана жұмысына бейімделген баспа
түрі, қолмен жазуға лайықталған жазба түрі, бұлардың әрқайсының бас
әріптері, кіші әріптері бар. Қ. ә-нде әрбір әріп, негізінен бір ғана
мағыналы дыбысты белгілейді. Қосарлы дыбыстарды белгілейтін біраз әріптер
бар (я, ю, ә, қ, щ, ц, ч т. б.). "ъ", "ь" әріптері ешқандай дыбысты
білдірмейді, олар қатар айтылған дауыссыз бен дауысты дыбыстардың
жіңішкелігін білдіру үшін (бандероль, артель) алынған шартты таңбалар. Бұл
әріптер цитаталық принцип бойынша орыс тілінен енген сөздерде ғана
қолданылады.
ҚАЗАҚ ЖАЗУЫ - қазақ халқының мәдени өмірінде басқа да түркі халықтарымен
бірге пайдаланып келген әр түрлі әріп таңбаларынан тұратын дыбыстық жазу
жүйесі. Қазақстан жерін жайлаған көне ғұн, сақ, скиф тайпалары (б. э. б Ү-
ІҮ ғ.) пайдаланған көне ("Есік") жазуы сол тайпаларға тән мәдениетінің
(жазуының да) тарихи мұрагері-қазақ халқының негізін қүра-ушы үйсін, қаңлы,
қыпшақ т. б. тайпалардың ең көне жазуы болып саналады. Көне замандағы қазақ
ру-тайпаларының түркі дүниесіне ортақ орхон, енисей, талас ескерткіштеріне
негіз болған "руна" жазуы (Ү-ХІІ ғғ.), көне ұйғыр жазуы, ҮІІІ ғ. бастап
күні бүгінге дейін (ҚХР қазақтары тілінде) қолданылып келе жатқан араб
жазуы, бір кездерде (1929-1940; ҚХР-60-70 ж.ж) қолданыста болған латын
жазуы, (1940 ж кейін) кирилл жазуы — осылардың бәрі қазак, жазуының негізі
болып саналады. Араб графикасына негізделген қазақ әліпбиі кезінде А.
Байтұрсынүлы тарапынан реттеліп, тіл ерекшеліктеріне сай жетілдіріліп, 30-
шы жылға дейін "төте жазу" деген атпен қолданылып келді. Бұл жазудың емлесі
морфолог. дәстүрлі принципке негізделген. 1940 ж. орыс графикасы негізінде
қалыптасқан қазақ әліпбиі мен орфографиялык, емлесіне әр кезде (1957,
1970), әр түрлі өзгерістер енгізіліп келеді. Кириллица негізіндегі жазудың
қазақ тіліне тән ерекшеліктердің бәрін дұрыс көрсете алмауы-на байланысты
кейінгі жылдары (1993 ж. бас-тап) қазақ ұлттық жазуын латын графикасы
негізінде қалыптастыру мәселесі қойылып көбірек көтерілуде.
Әдеб.: Аманжолов С, Орыс алфавитіне негізделген казшдпың жаңа алфавиті мен
орфографиясы. А., 1940; Оралбаева Н., Қазақ графикасы мен орфогра-фиясының
негіздері. А., 1968; Қазақ тілінің орфографиялык, сөздігі.
ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІ - қазақ тілінің әр жақтары (дыбыс жүйесі мен сөздік
құрамын, грамм. құрылымы) мен сапаларын (фонет., лексикол., граммат,)
олардың дамуын, өз ара байланысын, ішкі заңдылықтарын жан-жақты зерттейтін
ғылым саласы. Қазіргі қазақ тілі — саяси, ғыл., көркем әдебиет, публистика,
кұнделікті радио мен телевизия хабарларында қолданылып жүрген Қазақстан
Республикасының мемл. тілі. Оның қалыптасқан орфографиясы, тұрақталған
әдеби нормалары бар. Қ. т. б. езінің есейіп өркендеу барысында кейінгі 60-
70 жыл ішінде фонет., морфол., синтаксис салаларын былай қойғанда ішінара
диалектол., стилистика, лексик., лексикография, фонология, тіл мәдениеті,
терминология сияқты салаларға бөлініп, оған пайымды зерттеулер жүргізіліп,
көптеген моногр. еңбектер жазылды. Қазақ тілінің өсуі мен дамуын Қ. т. б.
тұрғысынан ғана емес, жалпы түркология ғылымы тұрғысынан алып қарғанда,
шығып жатқан ғыл. еңбектердің саны жағынан болсын, жаңа әдістерді қолдану,
ғыл. проблемаларды шешу, мамандар даярлау жағынан болсын, әлемдік
түркологияда алдыңғы қатарға шықты. Мыс, қазақ лексикофафтары түркология
тарихында түңғыш рет, ғыл. жағынан құнды 10 томдық түсіндірме сөздік
жасады. Алғаш рет - "Абай тілінің сөздігі" құрастырылды. Қазак, тіл
ғалымдары ана тілінде алғашқы орыс және қазақ тілдерінің салыстырмалы
граммат. жазды. Қазақ тілінің тарихын зерттеп жүрген ғалымдар құрастырған
"Қазақ тілінің қысқаша этимологиялык, сөздігі" және диалектологтар шығарған
"Диалектологиялық сөздік" те сол түңғыш еңбектер қатарына жатады. ҚР ҒА
академигі І. К. Кеңесбаевтың үлкен фразеолог. сөздігі де түркология
ғылымында алғаш жарық көрген күрделі еңбектің бірі. Тіл білімінің жаңа
саласы статистика, математ., әдістерді түркология ғылымында алғаш қолданған
да Қазақстан ғалымдары. Москва мен Ленинград фонолабораторияларынан кейін
техниканың соңғы табыстары негізінде жабдықталған ҚР ҒА жанындағы әйгілі
эксперементальды - фонет. лаборотория ашылды.
Қазақ тілінің жекелеген мәселелері Қазан төңкерістен бұрын да зерттелген-
тін. Біраз граммат. жазылды, сөздіктер құрастырылып, баспадан шықты. Тұңғыш
рет қазақ тілінің граммат. құрылысы жөнінде қысқаша мәлімет беріп, қазақша-
орысша сөздік жасаған орыс ғалымы Н. И. Ильминский еді. Оның "Материалы к
изучению киргизского языка" (1861) деген ғыл. еңбегі құнды еңбектердің бірі
ретінде қазақ филологиясының асыл қазынасы есебінде сақталып келеді. 1875
ж. М. А. Терентьевтің, 1888 ж. В. В. Катаринскийдің, 1889 ж. Н. Лаптевтің
граммат. басылып шықты. Бұл жерде 1894 және 1897 ж. екі кітап болып жарық
көрген П. М. Мелиоранскийдің "Краткая грамматика казахо-киргизского языка"
деген еңбегін ерекше атап көрсету керек. Бұл еңбек ғыл. дәрежесі, тіл
фактілерінің дүрыс сұрыпталуы жағынан бұрын шыққан грамматикалардың
ішіндегі ең тәуірі. Қазақ тілінің жеке мәселелері жөнінде А. Е. Васильев.,
В. Григорьев., А. Н. Самойлович-тердің де құнды мақалалары бар.
Сол кезде қазақ тілінің мәселелерімен кейбір қазақ оқымыстылары да
шұғылданып, мақала, оқулық, хрестоматиялар бастырып шығара бастады. Мыс,
1879 ж. Ыбырай Алтынсариннің "Киргизская хрестоматия" 1879 ж. "Начальное
руководство к обучению киргизов русскому языку" атты кітаптары шықты. Бұдан
басқа М.Бекимовтың "Руководство к изучению кир-гизского языка" (Ташкент,
1909) және "Айқап" журналы мен "Дала уалаяты" газеті беттерінде қазақ тілі
жөнінде А. Құрманбаев, М. Малдыбаев, Сұлтанғазиннің мақалалары басылды.
Осындай зерттеулер, грамматикалармен қатар И. Букин, Н. А. Воскресенкий, А.
В. Старчевский, Т. Бокин т. б. қүрастырған шағын орысша-қазақша, қазақша-
орысша сөздіктер де жарық көрді. Алайда, Қазан төңкерісінен бұрын қазақ
тілі жүйелі түрде зерттелген емес. Көп жағдайларда миссонерлік мақсатпен
байланысты тиіп-қашты сипатта болды. Қазақ тілі шын мәнінде жан-жақты,
жоспарлы түрде тек Кеңес дәуірінде ғана зерттеле бастады. Қазақ тіл білімі
өз алдына ғылым саласы ретінде тек осы кезеңде туып қалыптасып, бүгін
өзінің шырқау биігіне көтеріліп отыр.
1920-30 ж. мәдени ағарту саласында өзгеше серпіліс болғаны белгілі. Бұл
жылдары оқу-ағарту майданында практикалық мұқтаждықтан туған мәселелер
ерекше қолға алынды. Ана тілінің мектеп пен жоғары оқу орындарында жеке пән
ретінде оқытылуына байланысты қазақ тілінің әліппе, граммат., жаппай
сауатсыздыты жою мақсатымен әліппе, оқу құралдарын жасау міндеті қойылды.
Бұлардан басқа бір қалыпқа түспей жүрген әліпби мен орфоф. қиыншылықтарын,
араб әліпбиінен латын әліпбиіне көшуді ескерсек, сол кездегі зиялыларға,
ағарту майданындағы қайраткерлерге қаншалықты жауапты міндет артылғанын
түсіну қиын емес. Осындай теориялық мәселелерден гөрі практикалық мұқтаждық
басымырак, болып тұрған кезде қазақ мәдениетінің алып тұлғасы А.
Байтұрсынұлының басшылығымен бір топ тіл ма
шежіре типті әдебиеттерді есептемегенде, 1861 ж. Н. И. Ильминский Қазанда
бастырған "Самоучитель русской грамоты для киргизов" атты оқулық кітабының
соңында берілген текстерді ғыл.-көпшілік әдебиет үлгілерінің туңғыш нұсқасы
деп санауға болады. Кітаптың соңғы 50 бетінде табиғат, география, тарих.
жануарлар дүниесі және басқа да ғыл. жаңалықтары туралы қысқаша орысша-
қазақша екі тілде әңгімелер, дәрігерлік кеңестер берілген. Осы кезден
бастап орыс және қазақ тіліндегі мерзімді баспасөз беттерінде ғылымның
әртүрлі саласынан жазылған мақалаларды, медицина, ветеринария тақырыбына
жазылған жеке кітапшаларды кездестіреміз. Бұл материалдардың басым
көпшілігі - орыс тілінен аударылған аударма материалдар. Сейтсе де олар сол
дәуірдегі Қ. ә. т-нің жәй-күйін танытуда, ғыл. түсініктерді ана тілімізде
жеткізуде тіліміздің қаншалықты болғанын байқауда да аса қажетті нұсқалар.
Б. Әбілқасымулы
ҚаЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІНІҢ ТАРИХЫ, әдеби тілдің қалыптасып, дамуы алдымен қоғамдық
ой-сананың кемелденуіне, халықтың мәдени өрлеуіне, әсіресе көркем
әдебиеттің кең өріс алуына тікелей байланысты. Өйткені, көркем әдебиет тілі
таңдаулы сөз үлгілерін, жетістіктерін жинақтай отыра жалпыға ортақ тілдік
нормалардың қалыптасуына әсер етіп, әдеби тілдің негізгі тірегі қызметін
атқарады. Сондықтан әдеби тілдің қалыптасу тарихын қазақтың төл көркем
әдебиетінің бастапқы көрініс беруінен іздеу қажет. Алайда қазақ
филологиясында қазақтың профессионал көркем әдебиетінің тарихы жөнінде әр
кез әр қилы пікір айтылды. Кейбір еңбектерде қазақ әдебиетінің алғашқы
нұсқаларын У-УІІІ ғ-дан іздеу бағыты байқалады. Әрине, қазақ халқы өз
алдына XV ғ-дың орта түсында отау тіккенімен, оның құрамына енген ру,
тайпалық одақтардың (үйсін, қаңлы, дулат, қыпшақ, арғын, найман, алшын т.
б.) тарихы тым әріде. Түркі халықтарының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
4-сынып «Қазақ тілі» оқулығының құрылымы мен құрылысы
Қазіргі қоғамдағы қазақ тілінің рөлі атты қазақ тілінен ғылыми жоба
Мемлекеттік тілге байланысты қабылданған заңнамалық құжаттардың сипаты және олардың жүзеге асырылу деңгейі
Қазақ тілінің кешегісі мен бүгінгісі
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің даму тарихына үлес қосқан ғалымдар
Қазақ тілі – менің тілім
Қазақ әдеби тілі тарихының мәселелері
Қазақ тілі - қазақ халқының ұлттық тілі
«Тіл туралы» заң- ана тіліміз қазақ тіліне мәртебе берілді.
Қазақ тілім, өркенде!
Пәндер