Ұлттық бас киімдерінің негізгі композициясы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. ҰЛТТЫҚ БАС КИІМДЕРІНІҢ НЕГІЗГІ КОМПОЗИЦИЯСЫ ... ... ... ...4
1.1 Бас киімдердің жас ерекшеліктеріне қарай бөлінуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Композицияның негізгі заңдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.3 Мата фактурасы мен түсі, суреті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14

2. ТАҚИЯНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІГІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.1 Ұлттық бас киімдердің бірі . Тақияға сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.2 Бас киім үлгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
Қазақ халқы бұрынғы өткен заманда өз салты, өз дәстүрі бар үлгі өнегесі бай дамыған ел болған. Қазақ бас киімдерін қазақ халқының ұлттық тұрмыс көркем мәдениетінің естелігі деп айтуға болады. Олар қазақ халқының эстетикалық талғамын, мәдени дәстүрін, ұлттық ерекшелігін анық көрсетеді. Бас киімдердің тігілген пішіні қолданылған материалдары әшекей заттары жасалу техникасы арқылы халықтың өмір сүру шарттарын, еңбек ету жолдарын бейнелеуге болады.
Қазақ халқы ешқашан жалаңбас жүрмеген. Ер адам, әйел адам өзіне сай бас киім киген. Жалаңбас жүрмеудің экологиялық, эстетикалық негізі бар. Қазақтың ұлттық киімдерін көптеген ғалымдар зерттеген. Солардың бірі Захарова И. Р. Мен Р. Р. Ходжаеваларды атап кеткен жөн.
1. «Қазақ халқының ұлттық киімдері» Алматы «Кітап» 2007ж
2. Асанова Сабыркүл «Қазақтың ұлттық киімдері» Сымбат, Алматы «Атамұра» 1995ж
3. «Еңбекке үйрету» Республикалық ғылыми – әдістемелік журнал// 2006ж, № 3-4. Бас редактор: Әбиева Фарида Бейбітқызы, басылу жері: «Алжан» ЖШС. 2005ж, № 6.
4. Шаңырақ үй тұрмыс энциклопедиясы. Бас редактор: Р. Н. Нұрғалиев, Қазақ Советэнгциклопедиясының бас редакциясы, Алматы 1991ж.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. ҰЛТТЫҚ БАС КИІМДЕРІНІҢ НЕГІЗГІ КОМПОЗИЦИЯСЫ ... ... ... ...4
1.1 Бас киімдердің жас ерекшеліктеріне қарай
бөлінуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Композицияның негізгі
заңдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
1
1.3 Мата фактурасы мен түсі,
суреті ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14

2. ТАҚИЯНЫҢ КӨРКЕМДІК
ЕРЕКШЕЛІГІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..17
2.1 Ұлттық бас киімдердің бірі – Тақияға
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..17
2.2 Бас киім
үлгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...
ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...20
КІРІСПЕ
Көкейкестілігі
Қазақ халқы бұрынғы өткен заманда өз салты, өз дәстүрі бар үлгі
өнегесі бай дамыған ел болған. Қазақ бас киімдерін қазақ халқының ұлттық
тұрмыс көркем мәдениетінің естелігі деп айтуға болады. Олар қазақ халқының
эстетикалық талғамын, мәдени дәстүрін, ұлттық ерекшелігін анық көрсетеді.
Бас киімдердің тігілген пішіні қолданылған материалдары әшекей заттары
жасалу техникасы арқылы халықтың өмір сүру шарттарын, еңбек ету жолдарын
бейнелеуге болады.
Қазақ халқы ешқашан жалаңбас жүрмеген. Ер адам, әйел адам өзіне сай
бас киім киген. Жалаңбас жүрмеудің экологиялық, эстетикалық негізі бар.
Қазақтың ұлттық киімдерін көптеген ғалымдар зерттеген. Солардың бірі
Захарова И. Р. Мен Р. Р. Ходжаеваларды атап кеткен жөн.
Мақсаты мен міндеттері
Қазақ ұлттық бас киімдері ұмыт қалмау үшін тек байқаулада ғана
көрсетпей, күнделікті бас киім ретінде шығару жолын қарастыру керек.
Халқымыздың бай тарихи мұрасын насихаттау барысында өнер үйірмесін ашып,
студенттермен көптеген шығармашылық жұмыстар жүргізіп
1) жастардың ұлттық санасын қалыптастырып;
2) өз Отанын сүюге;
3) салт дәстүрді, қолөнерімізді қастерлепәрі қарай жалғастыру міндеті
тұр.
І. Қазақ ұлттық баскиімдерінің негізгі композициясы

Бас киімдер ұлттық киімдердің мәнерлі де ерекше бөлігі болып саналады,
олардан халқымыздың эстетикалық талғамын аңғарамыз. ¥лттық киімдердің
ерекшелігімен қоса адамдардың жас ерекшеліктеріне қарай, киген киімі
сонымен бірге жүздің, рудың ерекшеліктеріне қарай, киген киімі сонымен
бірге жүздің, рудың ерекшеліктері де жақсы сақталған.
XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ елінің тұрмысындағы өзгерістерге
байланысты, мәдени өмірінде де өзгерістер болды. Осыған қарамай жүздердің,
рулардың дәстүрлерінің сақталып қалуы, халықтың қоғамдық және мәдени
өміріне өз әсерін тигізді, нәтижесінде жүз бен рудың ерте заманнан келе
жатқан киім үлгілерінің ерекшеліктері сақталынып қалды.
Бас киімде жиі географиялық, ру-тайпалық ерекшелік байқалады. Мысалы,
ұлы суреткер М.Әуезов еңбектерінде сегіз сай уақ тымақ, үш құлақты керей
тымақ, сырмалаған алты сай найман тымақ, төрт сай аласа тобықты тымағы
деген біртекті баскиімнің сан алуан түрлері аталатындығын, оны суреткер
мұрасын зерттеген доктор Е.Жанпеисов еңбегңнде атап өтеді. Бұған қоса аймақ
ерекшелігіне қарай Жетісу, Арқа, Қоңырат үлгісіндегі тымақтар деген түрлері
де ел арасында айтылады.
І. Есенберлиннің Көшпенділер тарихи трилогиясында осы ерекшеліктер
былайша суреттелген: Батыс қазақтарына тән киімдер Арқа өңірінен
басқаша... Бастарына кигендері кеуделеріне дейін жабатын түйе жүн далбағай,
етек жағы айбалтаның жүзіндей қайқайып келген. Әшекейлене кестеленген
оқшима қалпақ... Тымақтары да бөтен. Үстін барқытпен тыстап, етегін терімен
көмкерген. Шошайған төбесінің құлақ тұсынан бастап жоғары қарай алты салалы
етіп оқа ұстаған. Жарғақ шалбар, түйе жүн шекпен, кең қоныш етік, ақ таңдақ
арша не болмаса тобылғы түстес етіп боялған жүмсақ тонның, шолақ сэнді
бешпенттердің етек өңіріне зер салған... (Абдрасилова).
Қазақта бас киімді ерлер де, әйелдер де киеді. Ерлер мен әйелдердің
баскиімдері әртүрлілігімен ерекшеленеді.

1.1 Бас киімдердің жас ерекшеліктеріне қарай бөлінуі

Ерлердің баскиімдері

Еркектің бас киімі сан жағынан онша көп емес: қалпақ, бөрік, тымақ,
(жекей, құлақты, жаба салма, қайырма, төрт, сегіз сайлы, дөңгелек төбелі,
шошақ төбе), құлақшын, жалбағай (делбегей, башлық, далбай, күләпара), кепеш
(құстаңдай қолкесте, бізкесте түрлері бар), жапетер, тақия (зерлі, үкілі,
оқалы, сырма, шошақ төбе, тікше, қатипа, жэне т.б.), қырпу (іштік бөрік).
XIX ғасыр мен XX ғасырдың бас кезіндегі қазақтың ұлттық киімдерін
зерттеген Захарова И.В. мен Ходжаева Р.Р. ер адамдардың бас киімдерін
төмендегідей түрлерге бөледі:

1) Дөңгелек, жеңіл, өзін сырып, кестелеп матадан тіккен және қалпақ,
тымақ астынан киетін кішігірім бас киім тақия;
2) Матадан тігілген кішкениай, етегі терімен көмкерілген баскиім –
төбетей;
3) Киізден тігілген баскиім – қалпақ;
4) Қалың матадан тігілген башлық (күляпара);
5) Тері ұапталған жылы бас киім – бөрік;
6) Ақ терісінен жасалып, суықта киітін баскиім – тымақ.

Мұрақ – лауазымды адамдар киетін екі жағы қошқар мүйізденіп келетін,
сән-салтанатқа киілетін қалпақ. Жай уақытта киюге қолайсыз. Мұрақ жайында
мақал-мәтелдер көп. Хандар киер мұрақты, қараша киер құрақты, Қалмақ
абзалы – мұрақ, көрпе абзалы – құрақ, - дейді. Мұраққа қарап халық
мансапты адамды айрады. Мұрақ қалпағын елбасы, төре, билер киген. Мұрақты
оюлап, өрнектеп, әртүрлі алтын-күмістелген жіптермен тігеді. Ою-өрнек
жібіне қарай мұрақтар жылтырап көрінеді. Мұрақты көбіне иесі әртүрлі жиын,
жиналыс, той – томалақ, сән – салтанатқа киеді.

Тымақ – тымақ биік төбелі, маңдайы, екі құлағы бар, желке, жотаны
жауып тұратын артқы етектен тұратын, аңның, малдың терісінен тігілген қысқы
бас киім. Суықтан, бораннан қорғайтындай мол пішіледі. Сыртын берік және
жақсы, қымбат маталармен тыстайды. Оның іші тері, сырты шағи, пүліш,
барқыт, дүрия, тағы басқа матамен тысталады. Тымақтың құлағы мен етегінің
төбемен жалғасқан жерін милық деп атайды. Екі құлақтың сырт жағынан бастыра
матадан жалпақ екі бау тағылады. Етегін төбеге қайырып қою үшін тымақтың
артқы жағына тобылғыдан немесе арша сияқты берік ағаштан тиек жасап
қадайды. Оны құрысқақ дейді.
Ескілік киімі деген өлеңінде данышпан Абай былай деп суреттеген:
Күлапара бастырған, пұшпақ тымақ,
Ішкі бауын өткізген тесік құлақ.
Тобылғыдан кесіп ап, жіппен қадап,
Артын белге қыстырған бар құрысқақ.
Әдебиеттерде тымақтың сан ондаған атаулары кездеседі. Қазақтың рулары
мен тайпалары ішінде тымақтың тігілу ерекшеліктері әр түрлі болады. Осыған
байланысты атаулары да ру тайпасына, кейде үлгі ерекшелігіне қарай,
таралған аумағына қарай әртүрлі болуы ықтимал. Тымақ түрлерін атасақ арғын,
найман, үйсін, жалайыр, қаракесек, керей, жекей, күйеу тымақ, жіңішке ұзын
төбелі керей тымақ, төрт сай аласа төбелі тобықты тымақ, сырмалы алты сай
найман тымақ, сегіз сай уақ тымақ, қайырма, қыпшақ төбе, сегіз сай, төрт
сай, төрт сай үйсін тымақ, шошақ төбе тымақ, үкілі тымақ. М. Әуезов
шығармаларында Торғай тымағы, Семей тымағы деген түрлері аталады.
Бұрын қазақ елі қай жүздің, қай рудың адамы екенін осы тымағына қарап
тани берген.
Тымақтар терісіне қарай бота, сусар, елтірі, түлкі, барыс, бұлғын,
жабағы, сеңсең, қарсақ, лақ терісінен тігілген тымақ деп те аталады.
Тымақты кедейлер – сеңсеңнен, байлар бағалы терілерден тіккізген. Түлкі
пұшпағы, сусар, құндыз терісінен жасалған тымақтар сәнді, бағалы саналады.
Түлкі тымақты қыста, пұшпақ тымақты жаз, күз маусымдарында киеді.
Вл. Плотниковтың 1859-1862 жылдары жазған қазақ киімдерінің ішінде
бөрік пен тымақтың 15 түрлі үлгісі мен атаулары бар. Олар: жаба салма,
қайырма, төрт сай, дөңгелек төбе, шошақ төбе, жекей тымақ. Кейбір түрлері
қазір де ел арасында кездесіп қалады.
Жаба салма тымақ – негізінен түлкі терісінен, сеңсеңнен тігіледі,
құлағы мол, милығы кең, төбесі аласа.
Қайырма тымақ – түлкі және қозы терісінен тігіледі, оның маңдайы
төбесіне қарай үлкен қайырмалы келіп, жұрындары жалпақ болады.
Төрт, сегіз сай тымақтар – төбелері төрт, сегіз бөлек теріден немесе
киізден құралады.
Дөңгелек төбелі тымақ – төбесі иықсыз, милықты, жатаған келеді.
Шошақ бөрікті тымақ – төбесі иықсыз, үшкірлене биік етіп сырылады.
Жекей тымақ – жаз бен күзде киетін әрі сәнді, сәнді де жеңіл етіп
тігілетін елтірі тымақтың түрі.
Тымақ - қасиетті бас киім. Оны айырбастауға болмайды, аяқ тигізбейді.
Жақсы кісілердің бас киімі атадан балаға мұра есебінде қалып отырған.
Қазақта Шала туып, тымаққа салып өсірген екен - деген сөздер жиі
естіледі. Халықты әдетте шала туған сәбиді осылай өсіретін ғұрып бар.
Біреуге бас ұрғанда аяғына тымағын тастайтын әдет бар.
Қызды алып қашу үрдісінде қыз жағының аяғына жығыла барған кездейсоқ
құдалар да бас киімін жерге, алдына тастайтындығы тағы бар.

Айырқалпақ – ерлердің киізден тігілген жеңіл бас киімі. Айырқалпақ
жұқа етіп басылған ақ киізден тігіледі. Ол негізгі екі бөліктен құралады.
Олар - калпақтың төбесі және етегі кейде кайырмасы деп те айтады).
Қалпақтың төбесі төрт сайдан бөліктен тұрады. Шебер пішілген төрт қиынды
киізді арасына қара барқыттан сыздық салып, қайып тігеді. Сонда қалпақтың
төбесі күмбез тәріздес болып шығады. Қалпактың етегі жалпактығы төрт елідей
етіп дөңгелектеп қиып алынған ақ киізден жасалады да, оны жоғарғы бөліктің
(төбе) етегіне сыздык салып қондырады. Сәнді болу үшін, қалпақтың
қайырмасының астыңғы жағы кейде қара барқытпен көмкеріледі. Қалпақтың
төбесіне қара не баска түсті шашақ тағьш төбесінің төрт сайы әр түрлі жібек
жіптермен кестеленеді. Ақ киізден тігілген айыркалпақ әрі жеңіл, әрі
салқын, әрі сәнді болып келеді. Соңғы кезде жергілікті өнеркәсіп орындары
айырқалпақты әр түсті киізден жасап шығарып жүр

Бөрік – қазактың ертеден қалыптаскан ұлттық бас киімі, оны бағалы аң
терісінен және жас төлдің елтірісінен тігеді. Оның жаздық және қыстық
түрлері болады. Терінің түріне қарай бөрік әр алуан аталады. Құндыз бөрік,
сусар бөрік, кәмшат бөрік, жанат бөрік, түлкі бөрік. елтірі бөрік, т. б.
деп аталады. Оны ерлер де, қыздар да киеді. Бөріктің төбесі көбінесе алты
сай (қиық), төрт сай болып келеді. Оны тіккенде алдымен өлшеп алып, жұқа
киізден төрт не алты сай етіп пішеді. Әр сайдың төбеде түйісетін ұштары үш
бұрыш тәрізді етек жақтары тік төрт бұрыш болады. Осы қиындылардың бір
бетіне шүберектен астар екі арасына жұқа матадан бидай шүберек салып, жиі
етіп сыриды. Одан соң жеке-жеке сайларды біріне-бірін ебістіріп ішінен де,
сыртынан да жөрмеп тігеді. Оның сыртын асыл матамен (барқыт, пүліш, қамқа,
т.б.) тыстайды. Бөріктің іші сай болса, оның тысы да сонша сай болады.
Бұдан кейін бөріктІң төбесінің етегін жай матамен астарлап тігеді де төмен
жағын төрт елідей терімен (қылшығын сыртына қаратып) көмкереді.
Бұрын қыздар киетін төбесіне үкі, жібек шашақ тағып, зер жіппен, жібек
жіппен кестелеген, меруерт маржан тізбелер, алтын, күміс түйме қадаған.
Кейде бөріктің етегін жауып тұратындай етіп айналдыра зер не жібек шашактар
ұстаған. Бөрікті қазақ халқы сияқты қарақалпақ, қырғыз, башқұрт, татар,
ұйғыр т. б. халықтар да киеді.
Әйелдердің баскиімдері

Әйелдердің баскиімдері: бергек, бөрік, жаулық, желгек, жырға, кимешек,
орамал, қарқара, сәукеле, тақия, шәлі (жәбек, шілтер, оюлы түрі бар),
қасаба, бүркеніш, шылауыш т.б.
Қазақ әйелдерінің бас киімдері олардың жасы мен отбасындағы жағдайына
байланысты бір-бірінен ерекшеленіп отырған. Жаздыгүні қыздар түрлі-түсті
жібек, барқыт, мақпалдан тігілген төбесі жайпақ, дөңгелек тақия кисе, қыс
маусымында ауқаттылар кәмшат бөрік киген.

Қыздар тақиясы – қыздар үшін тақия кию міндетті бас киім болмаған,
бірақ XIX ғасырдың ортасынан бастап мұндай баскиімді кигендері байқалады.
Қыздардың тақиясын қызыл, жасыл, күлгін тағы басқа бір түсті, шұға,
барқыт, мауыты сияқты кездемелерден, өңді маталардын қабаттап сыра тіккен.
Қыздардың киетін тақияларын Маңғыстауда телпек, шығыс Қазақстанда
кепеш деп атайды.

Қыздар кепеші – қыздар кепешінің қабырғасы биік, төбесі дөңгелек
формада жасалады. Ою-өрнектердің қай түрімен де әшекейлеуге, жылтырақ
таналар, моншақ түйреуіш, маржан, меруерт тізбелермен көркемдігін
арттырады. Төбесіне торғын жібек шашақ төгіліп, үлпілдек үкі тағылады.

Сораба – қыздар киетін тақия тәріздес баскиім. Артында салпыншағы бар.
Қыздарға көз сұқтан сақтау үшін ырымдап кигізеді.

Жырға – әйелдердің сәнді бас киімі, асыл тастармен, ақық моншақтармен
әшекейленеді.

Қасаба – әйелдер киетін сәнді бас киім үлгісі. Оны желке жағы төмен
қарай ұзын етіп түсірілген тақия түрінде көзге елестетуге болар еді,
қасабаның қас аруға лайық деп білген.
Қасабаның желкені жауып тұратын жағын жоғары тұсымен бірге пішіп-тігу
керек. Егер төменгі жалбағайы жалғанғаны көрініп тұрса оның сәндік тартымы
болмайды. Оның ерекшелігі де сол – тұтас тігілуі.
Ол да қыздар тақиясы сияқты алтын немесе күміс паршамен әдіптеледі.
Желкені жауып тұратын жағына да тура сондай өрнектер түсіріледі. Қасаба-
әйелдер костюмінен өте сәтті толықтырады.

Кимешек – қазақ әйелдерінің дәстүрлі ұлттық бас киімі. Кимешекті жас
келіншектерден бастап егде жастағы әйелдерге дейін киген. Ол көбінесе ақ
матадан тігілген. Жас ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Костюмнің халықтық сәндік өнерде алатын орны
Қазіргі киім үлгілеріне ою-өрнектерді әсемдеп безендіру
Киімнің негізгі қызметтері
Дизайн және этнодизайн
«Ай-ару» ұлттық киім үлгілері зерттеулері
Қазақ ұлттық костюмінің дамуы
ЕЖЕЛГІ ГРЕК КОСТЮМІ
Қазіргі киім үлгілеріне ою-өрнектерді әсемдеп безендіру түрлері
Киімнің адамның тіршілік қарекетін қамтамасыз ету рөлі және адам физиологиялық кейбір мәселелері
Күнделікті киімдерді қарапайым маталардан тіккен
Пәндер