Абай Құнанбайтың өмірі мен шығармашылығы



Абай Құнанбаев
Абай (Ибрахим) Құнанбаев (10.8.1845-1904) қазақтың ұлы ақыны, композитор, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, оның алғашқы классигі. Бұрынғы Қарқаралы дуанына (округ) қарасты Шыңғыс тауының бауырында, Қасқабұлақ күзегінде туған. Руы – Арғын ішіндегі Тобықты. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы сол маңайдағы руларының ішіндегі бойының, биінің, беделді адамының бірі болған. Патша үкіметі оны 19 ғасырдың орта тұсындағы бір сайлауда Қарқаралы дуанының аға сұлтандығына бекіткен. Абай Құнанбайдың екінші әйелі Ұлжаннан туады. Ол Арғын ішіндегі Қаракесек руының шешендік , әзіл – ажуамен атағы шыққан манигар тобының қызы екен. Ұлжаннан Тәкежан (Тәңірберді), Абай, Ысқақ, Оспан деген төрт ұл туады. Абайдың «Атадан алтау, Анадан төртеу, Жалғыздық көрер жерім жоқ» деуі сондықтан. Абайдың шын аты – Ибрахим; кейінен шешесі еркелетіп «Абай» деп кеткен.
Құнанбай өте діншіл болған. Сол кезге дейін көшпелі қазақ ауылдарының арасына кең тарай қоймаған мұсылман дінінің ықпалын күшейтуге тырысқан; намаз, ораза, зекетсияқты дін шарттарын өз еліне күшпен таратпақ болған. Осы мақсатпен Орта Азияның діндар қожаларын , татардын молдаларын қарамағындағы ауылдарға таратып, олардың балаларын мұсылманша оқыттырған. Сондай қожамолдаларды өз аулында да ұстап, өз балаларын, оның ішіндегі Абайды Ғабитхан деген татар молдасына сабаққа берген. Молдадан 3 – 4 жыл оқыған Абайдың сабаққа зеректігі байқалған соң, әкесі оны Семей қаласындағы мұсылман имамы Ахмет Ризаның медресесіне берген. Ол ислам әлемінде «мүтәкәллимин» аталатын бағытты қолдайтын, яғни дін сабақтарына тарих, поэзия, математика, философия сияқты дүниетану пәндерін араластыра оқытуды қажет көретін ағымның өкім болады. Соның медресесінде 4 жыл оқыған Абай араб, иран және Орта Азия әдебиеті

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

БАЯНДАМА
ТАҚЫРЫБЫ: Абай Құнанбайтың өмірі мен шығармашылығы

Абай Құнанбаев
Абай (Ибрахим) Құнанбаев (10.8.1845-1904) қазақтың ұлы ақыны,
композитор, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, оның алғашқы
классигі. Бұрынғы Қарқаралы дуанына (округ) қарасты Шыңғыс тауының
бауырында, Қасқабұлақ күзегінде туған. Руы – Арғын ішіндегі Тобықты. Әкесі
Құнанбай Өскенбайұлы сол маңайдағы руларының ішіндегі бойының, биінің,
беделді адамының бірі болған. Патша үкіметі оны 19 ғасырдың орта тұсындағы
бір сайлауда Қарқаралы дуанының аға сұлтандығына бекіткен. Абай Құнанбайдың
екінші әйелі Ұлжаннан туады. Ол Арғын ішіндегі Қаракесек руының шешендік ,
әзіл – ажуамен атағы шыққан манигар тобының қызы екен. Ұлжаннан Тәкежан
(Тәңірберді), Абай, Ысқақ, Оспан деген төрт ұл туады. Абайдың Атадан
алтау, Анадан төртеу, Жалғыздық көрер жерім жоқ деуі сондықтан. Абайдың
шын аты – Ибрахим; кейінен шешесі еркелетіп Абай деп кеткен.
Құнанбай өте діншіл болған. Сол кезге дейін көшпелі қазақ
ауылдарының арасына кең тарай қоймаған мұсылман дінінің ықпалын күшейтуге
тырысқан; намаз, ораза, зекетсияқты дін шарттарын өз еліне күшпен таратпақ
болған. Осы мақсатпен Орта Азияның діндар қожаларын , татардын молдаларын
қарамағындағы ауылдарға таратып, олардың балаларын мұсылманша оқыттырған.
Сондай қожамолдаларды өз аулында да ұстап, өз балаларын, оның ішіндегі
Абайды Ғабитхан деген татар молдасына сабаққа берген. Молдадан 3 – 4 жыл
оқыған Абайдың сабаққа зеректігі байқалған соң, әкесі оны Семей қаласындағы
мұсылман имамы Ахмет Ризаның медресесіне берген. Ол ислам әлемінде
мүтәкәллимин аталатын бағытты қолдайтын, яғни дін сабақтарына тарих,
поэзия, математика, философия сияқты дүниетану пәндерін араластыра оқытуды
қажет көретін ағымның өкім болады. Соның медресесінде 4 жыл оқыған Абай
араб, иран және Орта Азия әдебиеті классиктерінің шығармаларымен танысып,
соларға еліктеп қысқыша өлеңдер жаза бастайды. Бірақ Семейде Абай ұзақ
бола алмайды. Сол кезде әкімшілік жұмысынан қол үзуге айналған, тек дінмен
шұғылданып, мекеге қажылыққа баруға дайындалған Құнанбай ел басқару
істеріне келешекте өзінің орнын басады деп дәмеленіп , Абайды 13 жасында
оқудан шығарып , қасына алады.
Жастайынан ел басқару іске араласқан Абай қазақтың білгірлері,
шешендері, ақындары, жыршылары, ертегішілері, тақпақшылары, күлдіргішілері,
әнші – күйшілері сияқты өнер иелерімен жиі кездесіп, өз халқының рухани
мәдениет жүйелерімен жақсы танысады. Өзі де билер үлгісінде шешен сөйлеуге
төселеді. Өздері ұтымды, билік шешімдері тұжырымды болады. Ел ішінде
осындай өнерімен танылған Абай 70 жылдардың бас кезінде Тобықты руындағы
Қоңыр көкше дейтін елге болыс болып тағайындалады. Заманды қой жан
билемек деп өзі айтқандай, би және болыс болған күндерінде Абай сол
заманның ауқымына ұзақ шыға алмайды. Мұнысына кейінгі өкінгені Өлсем орным
қара жер сыз болмай ма деген өлеңінен байқалады. Өмірінің ақырғы шағында,
яғни 1904 жылы Ойға түстім, толғандым деген өлеңіндеекінішін терендетіп,
өзіне сын айтады. Әкімшілік етіп тұрған тұстаАбай ауыл арасындағы борышта,
ұрлық, зорлық сияқты біраз істерді қыйсық деп санап, бұларды түзетуге де
талаптанған . Бірақ бұл ниетінен іс шығара алмаған да , халқына пайдалы
санаған ойларын өлең тілімен үгіттеуге кіріскен. Содан кейін Көңілдің күйі
тағы да, Өмірдің улап алды ішін, Аударды өлең жағына, Нәпсінің сынған
қайғысын деп, біржола өлең жазу ісімен шұғылданған. Бұл шамасы, 80
жылдардың орта тұсы, Абайды жасықырықты алқымдаған кез.
Абай шығармалары үш жүйемен өрбиді: өз жанынан шығарған төл
өлеңдерді , ғақлия (немесе қара сөз) атаған прозасы , өзге тілдерден,
әсіресе орысшадан аударған өлеңдері. Барлығы 45 сөзден, 3 – 4 мақаладан
құралатын прозалық шығырмаларында Абай, тарих, қоғам, шаруа, дін, мәдениет
туралы пікір айтып, өз ұғымын білдіреді. Бірталай сөздердің сарыны кейбір
өлеңдерімен қабысады. Бірақ прозалық шығармаларында ол өлеңдегідей
көркемдік дәрежеге көтеріле алмайды, оның есесіне ғибрат айтушы, ақылгөй
дана болып көрінеді. Жазу жұмысына 20 жылдай шұқшия отырған Абайдың басына
1891 жылдан бастап біріне – бірі ұласқан бірнеше қайғы түседі. Сол жылы
інісі Оспан өледі. Бұл қазаға қалай қайғырғаны Оспанға арнаған өлеңдерінен
байқалады. Осы қазанның күйігі басыла берген шақта, 1895 жылы орысша жоғары
әскери білімі бар, армияда офицерлік қызметте жүрген баласы Әбдірахман
(Әбіш) өледі. Бұл баласын жаңалық алдына, өзін ескінің артына
санаған Абайдың оған тіпті күйзеле қайғырғаны осы тақырыптағы көптеген
өлеңдерінен көрінеді. Замана, неткен тар едің, Сол қалқамды қоймаған
деген өлеңін осы кезде жазады. Әбдірахманның өліміне көптеген басқа да
өлеңдер арнайды. Бұл қайғыны әрен көтеріп жүрген кезінде, 1904 жылы Абай
тағы бір ауыр қазаға ұшырайды. Сол жылдыңі көктемінде және бір баласы ,
талантты ақын Мағауия (Мағаш) онат болды. Ол Африкадағы құлдар тұрмысынан
Медғат – Қасым деген көрнекті поэма жазған ақын еді. Осыдан қабаттасқан
қайғы – қасіреттен күрт сынған Абай Мағауиядан 40 күн кейін өзі дүние
салады. Абайдың сүйегі Шыңғыстаудың ығындағы Жибедай мекенінде, інісі
Оспанның қасына жерленеді.
Абайдың ислам діні тараған Шығыс елдері әдебиетімен жақсы
танысады мәлім. Алғашқы бірер өлеңінде бұл әдебиеттің классиктерінпір
тұтып, оларға сыйынады да: Иузи – раушан, көзі - гаухар,Әлифби тағы
бірнеше қысқа өлеңдерін солардың үлгісінде жазады. Кейін Масғұт және
Ескендір деген екі Шығыс хикаясын өлеңге айналдырады. Ислам дініне өзгеше
сенген Абай тәңріні тану жайындағы философ қөзқарасында өлең еткен.Шығыстың
классикалық поэзиясының үлгілерінен үйренген. Алайда ол ислам ақындарының
дінді уағыздайтын мінажат аталған шығармаларының үлгісінде аса көп ештене
жазбаған. Абай жазу жұмысында үлгі көріп, сүйенері алдымен орыс әдебиеті,
әсіресе оның 19 ғасыры болған.
Ахмет Ризаның Семейдегі қатынасын үзбей, ондағы орыстардан достар
тапқан, әсіресе саяси көзқарастары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша оқушыларды біріңғай ұлттық тестілеуге дайындаудың тиімді жолдары
Мұхтар Әуезов – абайтанушы ғалым
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет
Қайым Мұхаметхановты зерттеген ғалымдар
Мұхтар Әуезовтың педагогикалық мұрасын зерттеу, оны оқу-тәрбие жұмысында қолдану
Мұхтар Омарханұлы Әуезов
Мұхтар Әуезовтың өмірі туралы
Қайымның әдебиет тарихына қосқан үлесі
Абайтанушы ғалымдар Абай Құнанбаевтың шығармашылығы туралы
Пәндер