Есімдік түрлері



Жыраулар поэзиясы қазақ әдеби тілінде «алтын дәуір» атанғаны жоғарыда айтылды. Сондықтан бұл кезеңнің мұраларына тілдік талдау жасауда еш кедергіге кездеспейміз. Ауызекі сөйлеу тілі, жалпы халықтық тіл, әрине, әрбір айтылар, насихатталар жағдайдың діңгегі екендігі сөзсіз.
Жыраулар поэзиясында, оның ішінде шешендік-дидактикалық толғау өлеңдерде жеке сөздердің, тұлғалардың, құрылымдардың қайталанып келуі тәрізді стильдік амалдар жиі қолданылған, соның нәтижесінде құрылымдық – синтаксистік параллельдер молынан орын алады. Бұлар – сол кезеңдегі көркем сөз иелерінің шығармашылығына тән тәсілдер.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Есімдік түрлері
Жыраулар поэзиясы қазақ әдеби тілінде алтын дәуір атанғаны жоғарыда
айтылды. Сондықтан бұл кезеңнің мұраларына тілдік талдау жасауда еш
кедергіге кездеспейміз. Ауызекі сөйлеу тілі, жалпы халықтық тіл, әрине,
әрбір айтылар, насихатталар жағдайдың діңгегі екендігі сөзсіз.
Жыраулар поэзиясында, оның ішінде шешендік-дидактикалық толғау
өлеңдерде жеке сөздердің, тұлғалардың, құрылымдардың қайталанып келуі
тәрізді стильдік амалдар жиі қолданылған, соның нәтижесінде құрылымдық –
синтаксистік параллельдер молынан орын алады. Бұлар – сол кезеңдегі көркем
сөз иелерінің шығармашылығына тән тәсілдер. Мысалы, Асанқайғы Тақырлауға
қонған қаз-тырна деп басталатын өлең-толғауын әрбір екінші тармақ сайын
солардың соңында ол есімдігін қайталау арқылы құрады:
Тақырлауға қонған қаз-тырна
Таң маңында ұшар ол.
Тауық неше шақырса,
Таң болжалдан атар ол.
Қызыл изен, боз жусан
Сарыарқаға бітер ол.
Жіктеу есімдігінен кейін көп қолданысқа түсіп, сөз өрнектерін құраған
екі дәрежелі сөздер қатарын сілтеу есімдігі құрайды. Мысалы, Бұқар жыраудың
бір толғауы:
Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек.
Бұл үйректей болыңыз,
Судан суға шүйгумен,
Көлден көлге қоныңыз - деп басталады. Осы бір шумақ өлеңде бұл сілтеу
есімдігі 4 рет қайталанып, 4 рет қолданылып, тың экспрессивтік бояу
жасаған. Сонымен бірге субстантивтік күйді нұсқап тұр.
Ей Абылай, Абылай.
Абылай ханым, бұл қалай,
Бұл қалайдан сескеніп,
Сөзімді қойма тыңдамай - деген шумақ Үмбетей жыраудан
алынған. Бұл қалай тіркесі сілтеу есімдігі мен сұрау есімдігінің тіркесуі
арқылы қолданысқа енген. Мұнда таза атрибутивтік күйде жұмсалған. Сонымен
бұл сілтеу есімдігі еш өзгеріссіз жыраулардың толғауларында, жырларында
актив қолданылып, әрі қызметі жоғары болғандығын көреміз.
Сол сілтеу есімдігі со, сол (со – ол), үшбу түріңде және субстантивтік
түрлену жүйесіне еніп қолданылуы (сонан, сандан) бар.
Асқар, асқар, асқар тау.
Асқар таудың со бүркіт
Ылдидың аңын шалар ма? - деп Шалкиіз жырау толғайды. Мұндағы со сілтеу
есімдігі бастапқы түбір формасында сілтеу мағынасын, алыстағыны нұсқау
мағынасында қолданылған. Сілтеу есімдігінің дәлдікті, нақтылықты көрсету
мағынасында жұмсалған-дығын Бұқар жырауда:
Жұмсасаң бала тіл алмай,
Қатының қарсы шауып ұялмай,
Әр нешік күнің сол болар (6, 94) - дегеннен көреміз.
Субстантивтеніп барып түрлену жүйесіне түскен сол сілтеу есімдігі
тәуелденіп, септелгенде соңғы л дыбысы қазақ тілі заңдылығына сай н
дыбысына айналған. Үмбетей жыраудың Барша жемге даң болдың. Ұмыттың ба
соны, Абылай! деген өлеңінде соны сілтеу есімдігі түрленгенін табыс
септігінен байқауға болды.
Осы сілтеу есімдігі:
Құлың көп сені өлтірер,
Осыны Асан біледі.
Мұны неге білмейсің? (6, 74) - деп келетін Асанқайғының өлең
жолдарында осыны, мұны сілтеу есімдіктері бар. Осыны есімдігі заттанып
барып тәуелдік жалғауын қабылдаған.
Әне, міне сілтеу да бөлек басылуы керек есімдіктері де қолданылып,
өзіндік мәнге, қызметке ие болғандары да бар.
Ындыны жаман жетеуің
Қашты әне жалт беріп.
Қалған мына екеуін
Қолыңа ал ант беріп (6, 78) - деген Үмбетей жыраудың Жауқашарға
деп аталатын жырында әне, мына деген сөздер сілтеу, нұсқау мағынасында
беріліп, түбір күйіндегі дара қолданыс болып табылады. Міне сілтеу
есімдігі ешқандай өзгеріске ұшырамай, сөйлемнің басқа мүшелерімен
грамматикалық байланысқа түспей, қыстырма сөз ретінде қолданылатыны бар.
Оны Тәтіқараның жырынан көруге болады.
Түссеңдер, міне, қара лашық,
Түспесендер - жолың ашық!
Талданып отырған кезеңдегі поэзия ауызша айтылып, тыңдауға бейімделіп
тұрғандықтан, тыңдаушының назарын аудару үшін, өлең ырғағын құбылтып
отыруды немесе өзге де мақсаттарды көздей келтірілетін сілтеу есімдіктері
де кездеседі. Кейде тіпті тармақтың буын санының артқанына қарамастан бір,
мына, мынау есімдіктері қыстырылып айтылады:
Менен қалған мынау Еділ жұрт
(Қазтуған).
Соқса бір жілік сындырған
(Шалкиіз).
Сілтеу есімдігі Абайдың поэзиясында нақтылық пен дәлдікті баса
суреттеу мақсатында орынды пайдаланылған. Мысалы:
Көрген жерде-ақ мен сені.
Осы екен ғой - сол дедім (13, 310).
Сілтеу есімдіктері дара күйінде ғана емес, қазіргі қазақ тіліндегі
қолданысқа айналған заттық ұғымда жұмсалғанда, септеліп, тәуелденіп,
көптеліп те, сөз тіркесі ретінде де алынған.
...Байұзақ одан соңғы адам еді.
Бәрі де кісі-ақ еді қасасықты.
Мұнда одан соңғы сілтеу бағыт-бағдарына байланысты айтылар ойдың
жетістігі. Және соңғы көмекші сөзімен қосылып есімді тіркес жасалған.
Ондай түпсіз сөзге ерме.
Сізге айтамын, қаупім - бұл.
Бұл сілтеу есімдігінің өлең құрылысындағы қызметі айтқан қаупінің
нақты нұсқауы - бұл, яғни құбылысты көзбен көрсету, атау мағынасында тұр.
...Осы күнде, осы елде дәнеме жоқ,
Мейір қанып, мәз болып қуанарлық.
Өлең жолдарында қайталанып келіп, мерзімді нұсқап көрсетеді. Сілтеу
есімдіктерінің бұдан басқа әне, міне түрлері де кездеседі. Абай
шығармаларына талдау жүргізу барысында қолданыстағы есімдіктердің қазіргі
қазақ тіліндегі есімдіктердің, олардың мағыналық түрлерінің түрлену
жүйесінің бірдейлігіне көз жеткіздік.
Сұрау есімдігіне кім? не? қашан? қандай? қанша? қай? деген секілді
есімдіктерді топтастырамыз. Бұлардан басқа бірнеше сұрау есімдіктері бар,
бірақ олар белгілі жолдармен жоғарыда көрсетілген негізгі сұрау
есімдіктерінен жасалады. Сұрау есімдіктерінің қазіргі тұлғалары тарихи
тұрғыдан құралған. Көне дәуірде бұлар қазіргі тілдегідей сан жағынан мол,
тұлғалық жағынан әрқилы болмаған. Орхон - Енисей жазбаларда сұрау мәнінде
қолданылатын сөздер саны екі-үштен аспайды. Оның сан жағынан молайып,
тұлғалық жағынан әр қилы бола бастауы кейінгі дәуірде, алғашқы түбірдің
күрделеніп, ұялас туынды түбірдің молаюымен тұтас болғандығы анық. Сұрау
есімдігінің құрамының не біріккен, не түбір мен қосымшаның кірігуі арқылы
қалыптасуы соның нәтижесі. Сұрау есімдігіне негіз болған қай (қан), кім,
не, түбірлері о бастан есім болған (19-217) – деген тұжырымды М.Томанов
Қазақ тілінің тарихи грамматикасы деген еңбегінде береді. Ондай жорамалға
әлгі түбірдің кейінгі барысында есім ұялас туынды сөздер жасауы ғана емес,
түбірдің қолданысы да дәлел бола алады. Мысалға, қай сөзінің дербес
қолданысын қарасақ, қай кісі, қай нәрсе, қай бір адам т.б. Қай түбірінің
- атрибуттық ыңғайда қолданылуы екі түрлі жайды аңғартады. Біріншіден,
түбір есім екендігі байқалса, екіншіден, тап осы қолданыс бұл түбірдің
қатыстық мәнін көрсетеді. Сонда қай түбірі о баста сұрау мәнін емес,
қатыстық мән берген. Нақ осындай ерекшелікті не, кім сөздері жайлы да
айтуға болады. Не нәрсе, не іс және кім де кім тәрізді тіркестер құрамында
бұлар да атрибуттық қызметте жұмсалып, қатыстық мән береді. VIII-IX ғасыр
жазбаларында не сұраулық мәніндегіден гөрі қатыстық мәнді көбірек танытады.
Осы ғасырлардағы ескерткіштер тілінде не және қай есімдігінің қолданысы
өзара айқын жіктелмегендігі байқалады. Салыстырып қарасақ: не ойун, не
ийрдә (қай ойын, қай жерде).
Қай түбірі қазіргі қазақ тіліндегі қайда, қайдан, қанша, қашан,
қандай, қаны (кәні), қалай тәрізді сұрау есімдіктеріне негіз болған. Егер
осы түбірлерді байқап қарасақ, бірде байырғы түбір мен қосымшаның (қайда,
қайдан, қандай, қалай), бірде екі түбірдің бірігуінен көреміз. Бірақ
барлығының ортақ түбірі – қай (қан) болады. Әрине, кейбір сөздер құрамына
қарай, бастапқы түбір қай емес, қа деп те ойлауға болады. Өйткені қай-да,
қай-дан болып, қа-лай екені анық. Алайда қазақ тілінде қалай есімдігіне
синонимдес қайтіп (кәйтіп) дейтін де сұраулық сөз бар.
Қалай мен қайтіп есімдіктерінің мәнін былай қойғанда, ортақ түбірге
негізделгендігі де күмән туғызбайды. Күлтегін жыры бойынша мына
мысалдарды қарап көрейік:
Ілім елеті қаны? Кімке іліг қозғанурмен – тір ерміс (25,58).
Елім енді қайда? Кімге елдік жасаймын десті.
Қайда мен қаны сұрау есімдіктерінің қызметі, яғни беріліп тұрған
мағынасы бірдей. Оғлы қаңын тег қылың мазуқ ерінч (25, 57). Ұлы әкесіндей
болмады. Қаңын – сұраулық есімдігі қазіргі қазақ тіліндегі қандай деген
сұраулық есімдігі қызметіндегі сөз болып табылады. Демек, қай (қан) түбірі
жайлы айтылған болжамдардан шығатын қорытынды: қандай және қайда сұрау
есімдіктері бір ғана түбірдің екі түрлі фонетикалық варианттары негізінде
қалыптасқан ұялас сөздер. Ал не сұрау есімдігінің Орхон-Енисей жазбаларында
қолданысына қарап, негізгі, о бастағы түбір не ғана емес нең варианты
қолданылғанын көреміз. Мысалы: Нең йылсығ будунқа олурмадым (не болмаса
бай халыққа отырмадым). Нең сұраулық есімдігі йылсығ сөзімен тіркесіп, әрі
сұраулық, әрі қатыстық мән-мағына үстеп тұр. Не есімдігі ескі жазбалар
тілінде де басқа сөздермен тіркесіп, сұрау мәнді тіркестер жасаған.
Орхон–Енисей жазба ескерткіштерінен соң қарастыратынымыз – одан
кейінгі кезеңдегі Яссауидің жазба мұралары. Алдымен ХІІ ғасыр поэзиясының
сұраулық мәндегі есім сөздерінің қазіргі қазақ тіліндегі сөз қолданысының
өрісіндегі дәл келетін сөздерді қарастырсақ: 318. Уа, дариға, ути ғумырын,
қане тағат (22, 152) – мұндағы қане осы күнде еш өзгеріссіз осылай
қолданылады. Сол тәрізді: 9. Қайда көрсең көңили сының мархам болғыл.
Мұнда қайда сұрау есімдігі де қазіргі қолданыста осы тәрізді. Диуани
Хикметтегі тілдік өзгерістерді кездестіреміз. 571. Ата-ана, қарындаш,
қаян кетти факир қыл - Ата-ана, қарындас, қайда кетті, ойлап көр. Мұнда
қаян сұрау мәніндегі сөз қолданылған. Ал енді осы қаян сөзінің түбірі
қай(ан). Табыс септігі кимни (кімді) сұрау мәнді сөз Яссауидің шығармасында
былайша кездеседі: 1770. Кимни курса қул болған, ғашқуа булбул болған.
Кімді көрсе құл болған жомарт болған ғашықтар. Не сұрау есімдігі негізінде
түбірден өрбіген сұрау мәнді есімдіктер - не, ни, нечук, неча, нича, ниге
– формалары кездеседі.
1. 728. Ни иуз бирме хазратиға барғум мана (22, 158-44).
Не бетіммен хазіретке барам, міне.
2. 232. Ия, дослар, нечук жабап айғум мана
Ия, достар, не деп жауап айтам міне (22, 138).
Нечук сұрау есімдігінің беретін мағынасы не, қандай деген сияқты мәндегі
сөз. Қазіргі қазақ тілінде баламасы қолданыста бар. Оны біз жергілікті тіл
ерекшелігінен көреміз. Мысалы: -Халің нешік? Нечук түрлену жүйесіне түсіп,
бірде тәуелденіп, нечук түбір күйін сақтап қалады.
720. Руз махар ничуксиндеп халин сургур.
Мамыр күні қалайсың деп халін сұрар (22, 184).
Нечиксин – қалайсың деген сұраулы есімдігі тәуелдік жалғауының ІІІ жақ
–син, - сен формасын қабылдайды. Сонымен қатар не мен ни сұрау есімдігінің
вариантты болып, яғни қолданыста қатар жүргенін байқаймыз. Неше есімдігі
(не-ше) не түбіріне –ше жұрнағының қосылуы арқылы жасалған туынды түбір.
Мұны ХІІ ғасыр туындысы болып саналатын Диуани хикмет кітабында нича,
неча формасында қолданылған.
122. Неча иллар иуриб халыққа иол кургузгай.
Неше жылдар жүріп халыққа жол көргізбей.
1285. Ничаайтсам ишуткучи билган қане.
Неше айтсам да естуші жоқ, білген қане. (22, 158).
Құйрығы жоқ, жалы жоқ.
Құлан қайтіп күн көрер,
Аяғы жоқ, қолы жоқ
Жылан қайтіп күн көрер!? – деген жыр жолынан бастау алатын
алтын дәуір – жыраулар поэзиясынан сұрау есімдіктерін де қарастырамыз.
Жыраулар поэзиясына қайталаулар, параллельдер және риторикалық сұрақ қою
жолымен өлең құрау тән. Не пайда, не білсін, несі кем, немене сөздерінің
көркемдік тәсілдер ретінде жұмсалатын стильдік ерекшеліктері жиі кездеседі.
Қайталама элемент ретінде ма, ме сұраулық шылаулары, мен үшін шылауы да
кездеседі. Риториканы жасайтын грамматикалық тәсілдерден сұрау есімдіктері
жиі ұшырасады.
Мысалы: Қоғалы көлдер, қом сулар.
Кімдерге қоныс болмаған?
(Шалкиіз).
Айналайын Ақ Жайық,
Ат салмай өтер күн қайда?
(Доспамбет).
Арғымағың жамандап,
Тұлпар қайдан табарсың?
(Асанқайғы).

Асанқайғының:
Көлден жүрген қоңыр қаз,
Қыр қадірін не білсін - деген өлеңінде не сұрау есімдігі білсін
етістігімен тіркесе келіп, қайталана қолданылған.
Қазтуғанда: Азаулының Аймедет Ер Доспамбет ағаның
Хан ұлына несі жоқ,
Би ұлынан несі кем! -
Бұл өлең жолдарында несі жоқ, несі кем тәрізді тіркесі қайталанған.
Өмірде әрбір құбылыс, әрбір іс-әрекет нәтижесі сұрақтан тұрады. Жыраулар
риторикалық сұрақ қою арқылы соған өздері жауап беруге ұмтылады.
Асанқайғының:
Өзіңнен басқа хан жоқтай,
Елеуреп неге сөйлейсің?! - деген жыр жолдарында не сұрау есімдігінің
барыс септігінің - ге формасын қабылдау арқылы айтар ойдың түйіні болып
тұрғанын аңғаруға болады.
Сол тәрізді немене сұраулық мәндегі сөздің жыраулар поэзиясында
қайталана жиі қолданылғанын Бұқардың толғауынан байқаймыз:
Алыстан қызыл көрінсе,
Манат емей, немене?!
Көтеріліп ұшқан құс,
Қанат емей немене?!
Екі жақсы бас қосса,
Санат емей немене?!
Айтып айтпай немене,
Уақытың өткен соң - деген жолдарда немене сөзінің қызметі басым,
экспрессивтік бояуы қалың.
Бұл қайталаулар белгілі бір стильдік мақсат көздегендіктен туған:
алдымен осы тәсіл арқылы автор аналогияға барады, ал аналогия – жыраулар
шығармашылығының басты белгісі, екінші, көркемдік параллельдер құрайды,
бұл да осы дәуірлердегі поэзия тілі үшін бірден-бір қажетті амал.
Параллельдер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есімдіктер туралы
Ағылшын тіліндегі есімдік және олардың атқаратын қызметтері
Қазақ тіліндегі есімдіктердің пайда мен есімдіктердің даму тарихы туралы ғалымдардың пікірінен мағлұмат беру және есімдіктердің өзіндік ерекшелігін танытудың жолдарын айқындау
Ағылшын-қазақ тілдеріндегі есімдіктер және орын алмастырушы сөздер
Қазақ поэзиясындағы есімдіктер
Қазақ тілі сабағында есімдіктерді оқыту әдістері
Ә. КЕКІЛБАЕВТІҢ АҢЫЗДЫҢ АҚЫРЫ РОМАНЫНДАҒЫ ЕСІМДІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІНІҢ ЖАСАЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Есімдік және оның мағыналық түрлері. Есімдіктің лингвистикалық қызметтері
Сөздер - баяндау әрекетінде қолданылатын есімдер
Жіктеу есімдіктер
Пәндер