Қазіргі кезде негізгі мәселенің бірі - қоршаған ортаның (экологияның) кеселді апаттарға ұшырау салдарын тоқтату



Экология - жер бетіндегі тіршілік атаулының қоршаған ортамен органикалық қарым-қатынасын жан-жақты зерттеудің, жаратылыстану ғылымдарымен, медицина, тіпті социология тәрізді көптеген ғылым салаларын біріктіретін, философиялық мәні терең, адамзат болашағы үшін маңызы зор ілім.
"Экология" деген сөзді Австрия ғалымы, талантты биолог Э. Геккель 1886 жылы "Организмдердің жалпы морфологиясы" деген еңбегінде тұңғыш рет айтқан. Одан бері бір жарым ғасырға жуық уақыт өтті. Ол кездегі экологияның жағдайы мен бүгінгі хал-ахуалын салыстыруға еш болмайды.
1. Г.Б.Бейсеева, М.Е Алимжанова «Экология, туризм, өлкетану», Алматы 2002ж.
2. Б.Бретшнойдер, И.Курфюрст «Охрана воздушного бассейна от загрязнений: технология и контроль»
3. Пер. с анг.(Под ред.А.Ф. Туболкина.- Л: Химия. 198-288с)
4. А.К.Бродский, «Жалпы экологияның қысқаша курсы» 1997ж.
5. М.С.Гиляров Зоологический метод диавгности почв.- М., Наука, 1965г, 273с.
6. М.С.Гиляров. Почвенная фауна байрачных и её значение для диагностики почв.- Зоол.ж.т.32, вып.3,1953 год.
7. М.С.Гиляров. Особенности почвы, как среды обитания и её значение в эволюции насекомых6- М6 19496 420 с.
8. Қ.Құрманов «Жасыл әлем » 1977 жыл.
9. «Методические рекомендации по определению размеров платежей за загрязнение атмосферного воздуха вредными выбросами автомобилей» Алматы,1992 год.
10. Г.С.Оспанов, Г.Т.Бозшатаева «Экология»- Алматы, Экономика, 2002 жыл.
11. Сағымбаев «Экология негіздері», 1995 жыл.
12. Ж.Серікбаева «Өлке экологиясы», Қызылорда 2001 жыл.
13. «Химия және биология» 1986ж. №1.
14. «Экологиялық білім бағдарламасы», Алматы 1999 жыл.

Қазіргі  кезде  негізгі  мәселенің бірі  -  қоршаған  ортаның   
(экологияның)  кеселді  апаттарға  ұшырау  салдарын  тоқтату.
     Экология  - жер   бетіндегі  тіршілік  атаулының  қоршаған  ортамен 
органикалық қарым-қатынасын жан-жақты зерттеудің, жаратылыстану
ғылымдарымен, медицина, тіпті социология тәрізді көптеген ғылым салаларын 
біріктіретін, философиялық мәні терең, адамзат болашағы үшін маңызы зор
ілім.
     "Экология" деген сөзді Австрия ғалымы, талантты биолог Э. Геккель 1886
жылы "Организмдердің жалпы морфологиясы" деген еңбегінде тұңғыш рет айтқан.
Одан бері бір жарым ғасырға жуық уақыт өтті. Ол кездегі экологияның жағдайы
мен бүгінгі хал-ахуалын салыстыруға еш болмайды.
     Қазіргі кезең - экологиялық жағдайдың  шиеленген сәті. Қазақстан жері,
соның ішінде Сыр өңірін алсақ, экологиялық жағдайын тәуір деп айтарлықтай
емес. Солардың ішінде экологиялық шырғалаңға түскен Арал өңірі бәрінен
ерекше тұр. Арал теңізінің кепкен табанынан үздіксіз көтеріліп миллиондаған
тонна тұз аралас шаң-тозаңды, әр түрлі химиялық заттармен қаныққан, суы
ішуге жарамсыз Сырдариясын, аппақ соры бұрқыраған егістік, шабындық,
жайылымдық жерлерін айтсақ та жеткілікті. Айнала қоршаған ортаны ластаушы
"Байқоңыр" ғарыш айлағының өзі не тұрады?
     Осы өлкенің табиғатына,  оның экологиялық жағдайына қатысты
проблемалар жетіп артылады. Арал теңізі мен "Байқоңыр" ғарыш айлағына
қатысты проблемалар жергілікті жердің күшімен шешу мүмкін емес. Дегенменде,
қол қусырып қарап отырмай, экономика мәселелерін жаңа экологиялық жағдайға
бейімдеп шешсе - қоршаған ортаға, сол арқылы адамға түсетін ауыртпалықтың
үлес салмағы азаяды.
     Атмосфера - ауа, химиялық қоспалар мен су буынан тұратын күрделі жүйе.
Ол - биосферадағы физика - химиялық және биологиялық процестердің  жүруінің
шарты және метеорогиялық режимнің маңызды факторы.  Атмосферадағы жекелеген
компоненттердің қатынасы оның радиацияға, жылу  және су режиміне, өздігінен
тазартуға қабілетін анықтайды. Атмосфераның газдық құрамы су буы және әр
түрлі қоспалар жер бетіне күн радиациясының өту деңгейін, жер маңы
кеңістігіндегі жылуды ұстап тұруды анықтайды. Егер атмосферада қоспалар
болмаса онда, жер бетіндегі орташа жылдық температура +150С емес, -180С
болар еді.
     Атмосфераға шығарылатын химиялық заттардың ішінен бірінші орында
көмірқышқыл газы тұр. Бұл қосылыс ұзақ өмір сүреді және атмосферада
жиналуға қабілетті.
    Жер атмосферасына шығарылатын техногенді табиғаты бар
     қалдықтардың әлемдік мөлшері.
    Ластаушы заттар     Млн. тжылына
    Көмірқышқыл газы     6000
    Түтіннің қатты бөлшектері     580
    Көміртегі (ІІ) оксиді     360
    Ұшқыш көмірсулар және т.б. орг. заттар     320
    Күкірт тотығы     160
    Азот тотықтары     110
    Фосфор қосылыстары     18
    Күкіртсутек     10
    Аммиак     8
    Фторлы сутек     1
    Хлор     1

     Көміртегі(ІІ) оксидінің көп мөлшері өте қауіпті, бірақ ол тұрақсыз
және жылдам СО2 мен басқа да қосылыстарға айналады. Атмосфераның басқа
ластаушыларының ішінен  азот тотықтарының, көмірсулардың, бенз-а-пирен,
хлор, фтор және басқа қосылыстардың маңызы зор. Бұлардың көпшілігі жылу
балансының өзгеруі (көміртегі қос оксиді, азот тотықтары, метан, фреондар
және т.б.) немесе озонның  бұзылуы (фреон және азот тотықтары) арқылы әсер
етеді.
     Атмосфералық ауа үшін ең қауіптісі адам қызметінің нәтижесімен ластау.
Ластайтын заттар өндіріс, автокөлік және тұрмыс қалдықтары. Осы ластаушы
заттар атмосфералық ауаның төөменгі қабатына күнде қосылып отырады. Ауаны
ластауда автокөліктердің де үлесі  орасан зор. Соңғы жылдары көлік
түрлерінің тез дамуына байланысты жүк және жеңіл автокөліктердің,
тракторлардың, тепловоздардың және ұшақтардың бөліп шығарған улы заттарынан
атмосфераға түсетін қалдықтардың үлесі біршама арта түсті.
      Облыста 1995 жылы 62683 автокөлік болса, қазір 81293 автокөлік бар.
Автокөліктердің ауаны ластау үлесі - 72,5% болды. Облыста автокөліктердің
1,5% ғана табиғи газ пайдаланады. Облысқа этилдендірілмеген жану сапасы
төмен бензин келеді.
     Ауданда тек жеңіл автокөлік қана жүріп қоймай, жүк тасушы
автокөліктер, тепловоздар, тракторлар да жүреді. Олардың бір бензинмен
жүретін болса, екінші біреуі дизельді отынмен жүреді. Қазіргі кезде
автокөліктер пайдаланатын жанармайлардың сапасы да әр түрлі. Сапасы төмен
жанармайдың арзандығына қызығып пайдаланатын автокөлік иелері қоршаған
ортаға қаншама зиян келтіріп жатқанын біле бермейді.
     Ауаның ластануының негізгі себебі, жанармайдың толық және біркелкі
жанбауынан болады. Жанармайдың бар болғаны 15%-ы ғана автомобильді қозғауға
жұмсалса, ал қалған 85 %-ы ауаға шығарылады.
     Автокөліктер табиғи газбен жүрсе, тиімді болар еді. Газды пайдалану
саны 1985 жылы -  512 болса, 1995 жылы - 1838 - ге жетті. Сондай-ақ
автомобильдің қозғағышының  жану камерасы бұл улы заттарды синтездеп,
оларды атмосфераға шығаратын өзгеше бір химиялық реактор. Тіптен ауадағы
зиянсыз азоттың өзі жану камерасына түскенде, азоттың улы тотығына
айналады.
     Іштен жану қозғағышының (ІЖҚ - ДВС) жанармайдан шыққан газдарында 170-
тен астам зиянды компоненттер бар, олардың 160-қа жуығы қозғағышта
жанармайдың толық жанбауынан пайда болған көмірсутектердің туындылары болып
табылады. Жанармайдан  шыққан газдарда зиянды заттардың болуы  жанармайдың
түрлері мен жану жағдайына тікелей байланысты.
     Жанармайдан шыққан газдар, автомобильдің механикалық бөлшектері  мен
покрышкаларының,  сондай- ақ жол жабындары антропагендік  тектегі
атмосфералық ластағыш заттардың жартысына жуығын құрайды.  Автомобильдің 
қозғағышы мен  картерінің  шығарған ластағыш заттары  жақсы зерттелген
заттар болып табылады.  Осы шығарылған заттардың құрамына азот, оттегі,
көмірқышқыл газ бен судан басқа , көміртегінің тотығы , көмірсутектер ,
азот пен  күкірт тотықтары, қатты бөлшектер сияқты зиянды заттар  да
кіреді.
     Жанармайдан шыққан газдың құрамы қолданылатын  жанармайдың, майдың
түріне , қозғағыштың жұмыс режиміне, оның техникалық жағдайына,
автомобильдің  қозғалу жағдайына  және тағы басқаға байланысты. Карбюратор 
қозғағышының  жанармайдан  шыққан газдарының  улылығы, оның құрамындағы 
көміртегі мен  азот тотықтарына, дизельді  қозғағыштарда  - азот  тотығы 
мен  күйенің  болуына тікелей  байланысты. Солардан  атмосфераға  шығатын 
зиянды  заттардың мөлшері  (шаң- тозаң , улы газдар ) 1985 жылы 189,6 мың
тонна, 1995 жылы 256,2 мың тонна. Оны мына кестеден  көруге болады:
     Зиянды  компоненттердің  қатарына  құрамында қорғасын  мен күйе  бар 
концерогендік  қасиеті бар  қатты ластағыш  заттар да  кіреді . Газтәрізді
өнімдерге  тән заңдылықтардан  қатты  ластағыш заттардың  қоршаған ортаға 
таралу заңдылықтары  арасында айырмашылық бар. Ірі фракциялар (диаметрі  1
мм-ден азырақ)  топырақ пен  өсімдіктің  бетіне шөге отырып, соңында
топырақтың   беткі қабатына  жиналады. Ұсақ фракциялар  (диаметрі 1 мм-ден 
азырақ ) аэрозольдер  түзеді де, ауа массасымен  үлкен қашықтықтарға
таралады.
      Біріккен  Ұлттар Ұйымы  ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғи фонды сәулелену мөлшері жайлы ақпарат
Экологиялық тәрбиелеу
Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары
Қоршаған ортаны ластанудар қорғау жолдары
Төтенше жағдайда халықты қорғау
Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілік қауіпсіздігі
Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелері
Халық пен аумақты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау
Экологиялық саясат туралы ақпарат
Химия курсын дәстүрлі оқыту технологиясы
Пәндер