Ауызша және жазбаша сөйлеуге үйрету



Кіріспе

І.Сөйлеуге үйретудің әдістері

1.1. Жазбаша сөйлеуге үйретудің негізгі әдісі . хат

1.2. Ауызша сөйлеуге үйретудің негізгі әдісі . мәтін

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі
«Сөйлей білу – адамдарға табиғаттан берілген жан дуниенің күші, соның арқасында ол өзге тірі ағзадан ерекшелінеді. Оның көмегімен ғылым мен өнерді тани алады... Ол – ойды білдіретін аспап,» - деп Әбу Насыр Әл – Фараби айтқандай сөйлеу өмірдегі ең негізгі ерекшелік. Сөйлеу баланың мәдени дамуында ең басты рөлді атқарады. Әлі күнге дейін баланың сөйлеу мәдениетіне көп мән бермейміз. Алдымен балаға ана тілі ең қажеті , қосалқы тіл ретінде шетел тілін үйренуі қажет. Мысалға, алатын болсақ орыс, ағылшын, неміс, қытай және тағы да сол сияқты көптеген тілдер. Қазіргі таңда шет елмен қарым – қатынастың қарқынды дамыған кезеңі. Мемлекет жүйесінің өзі шетел тілін қарқынды қажет етіп отыр. Қазақ халқында «тіл білген жерде қалмайды,» деген нақыл сөз бар. Әрбір адам баласы мүмкіндігінше тіл үйренуге тырысып жатыр.
1. «Учитель республики». №13-14(67-08) 2006, 6 – бет

2. «Мектептегі шет тілі журналы». №3(21) мамыр\маусым 2006, 44-бет

3. «Иностранные языки в школе». 4/89 Москва 2000, 79 – бет

4. В.В. Чистов « Познание и общение». Алматы 2006, 59 – бет

5. Г.В. Рогова,Ф.М.Рабинович,Т.Е.Сахарова «Методика обучения иностранного языка в средней школе». Москва 1988, 162 – бет

6. Т.А.Китайгородская «Методические основы интенсивного обучения иностранным языкам». Издателство Московского университета, 1986, 78 – бет

7. «Ізденіс».2005 ж., №1, 125 – бет

8. «Иностранные языки в школе». 2005 г., №3, 18 – бет

9. С.Әбдіғалиев «Неміс тілін оқыту әдістемесі», Алматы, 1998.

10. Интернет

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы:Ауызша және жазбаша сөйлеуге үйрету

Жоспары

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

І.Сөйлеуге үйретудің
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

1.1. Жазбаша сөйлеуге үйретудің негізгі әдісі –
хат ... ... ... ... ... ... ... ...

1.2. Ауызша сөйлеуге үйретудің негізгі әдісі –
мәтін ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... .

Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Кіріспе

Сөйлей білу – адамдарға табиғаттан берілген жан дуниенің күші,
соның арқасында ол өзге тірі ағзадан ерекшелінеді. Оның көмегімен ғылым мен
өнерді тани алады... Ол – ойды білдіретін аспап, - деп Әбу Насыр Әл –
Фараби айтқандай сөйлеу өмірдегі ең негізгі ерекшелік. Сөйлеу баланың
мәдени дамуында ең басты рөлді атқарады. Әлі күнге дейін баланың сөйлеу
мәдениетіне көп мән бермейміз. Алдымен балаға ана тілі ең қажеті ,
қосалқы тіл ретінде шетел тілін үйренуі қажет. Мысалға, алатын болсақ
орыс, ағылшын, неміс, қытай және тағы да сол сияқты көптеген тілдер.
Қазіргі таңда шет елмен қарым – қатынастың қарқынды дамыған кезеңі.
Мемлекет жүйесінің өзі шетел тілін қарқынды қажет етіп отыр. Қазақ халқында
тіл білген жерде қалмайды, деген нақыл сөз бар. Әрбір адам баласы
мүмкіндігінше тіл үйренуге тырысып жатыр.
Адамның қоғамдық болмысы жан -жақты әрі көп деңгейлі аралық
қатынастардан құралатынын жоғарыда әңгіме еткенбіз. Ал осы
қатынастар арасында өзінің ерекше мәні мен құрылымы жағынан
танылатын құбылыс - бұл тілдестік. Тілдесу барысында адамдар өзара
әрекеттік байланысқа келіп, тұрмыс - еңбек тәсілдері мен
нәтижелерін, әрекетке орай туындаған болжамдар мен идеяларын,
ниеттерін, қызығулары мен сезімдерін және тағы да басқа өзара
бөліседі, алмасады.
Тілдестік қатынас біршама дербес құбылыс ретінде
қабылдануымен, субъект белсенділігінің ерекше бір формасы ретінде
көрінеді. Тілдесу қызыметінің нәтижесі - өзгертілген, болмаса қайта
жасалған дүниелік не идеялық өнім емес, ол адам мен адамның, адам
мен қакуым арасында орныққан байланыс қатынасы. Бұл ретте әңгіме
тек бірдің екіншіге бағытталған жай әрекеті не оның ықпалы жөнінде
емес, ал өзара бір - біріне болған әсері туралы. Тілдесу үшін
міндетті түрде әрқайсысы өз алдына субъекттік мағынаға ие ең
кемінде екі адам болуы қажет.
Қазіргі кезде жалпы психологиялық бейненің бір формадан
екіншісіне өтуі ( мысалы, түйсіктің сезімге, сезімнің ойға, ойдың
сөзге, т.с.с. ), адам психологиясындағы ашық сана аймағы мен, астар
сана байланысы, адам көңіл шарпуларының ерекшеліктері, жеке адам
заңдылықтары және тағы да басқа осы тілдестік қатынастарының
негізінде жасалады. Тілдесу - біркелкі іс - әрекет қажеттілігінен
туындаған адамдар арасындағы байланыстардың даму көзі. Тіл қатынасы
негізінен әңгімелесушілердің өзара ақпарат алмасуынан қалыптасады.
Бұл ақпарат алмасу тіл қатынасының коммуникативтік сипатын құрайды.
Шынында да, қай тарапынан болмасын сөйлеуге үйрету процесіне
қатыспайтын адамға тән психикалық жағдайларды атау өте қиын. Іс -
әрекетпен біртұтас байланысқан осы сөйлеуге үйрету арқылы адам бүкіл
қоғамда жатқан тәжірбиені үйренеді. Жеке адам тұрғысынан сөйлеуге
үйрету барысында бірріне - бірі қайшы келетін екі диалектикалық
бағыт өзара байланысқа түседі.

І. Сөйлеуге үйретудің әдістері
Тіл адамдар арасындағы қарым – қатынас құралы болып
табылады. Ой - сөйлеу арқылы сыртқа шығады. Сөйлеу барысында екі
рекшелік байқалады: біріншісі - сөзді қабылдау және түсіну; екіншісі
- ойдың сөйлеммен жеткізілуі. Бірінші ерекшелік рецептивті немесе
пассивті деп аталады, ал екіншісі ерекшелік активті сонымен қатар
репродуктивті және продуктивті болып табылады.
Адамның өмірінде сөйлеудің маңызы өте зор. Ол сөйлеу арқылы
өз ойын айтып жеткізеді және біреудің ойын ұғынады. Ауызша және
жазбаша сөйлеу адам арасындағы қарым –қатынасты атқарады, бірақ олар
бұл функцияны әр түрлі орындайды. Ауызша сөйлеу адамдардың бір –
бірімен тікелей дыбыс арқылы қарым –қатынас жасауы болып есептеледі.
Жазбаша сөйлеу графикалық белгілер арқылы жасалатын қарым – қатынас
және нақты бір ойға тұжырымдама береуге болады. Сөйлеудің көптеген
түрлері бар. Олар іштей сөйлеу және сырттай сөйлеу; пассивті сөйлеу
және активті сөйлеу; және тағы да басқа. Сырттай сөйлеу ауызша
және жазбаша болып, ал ауызша - моногты және диалогты болып
бөлінеді.
Сөйлеудің барша түрлері өзара ықпалды қатынас түзеді. Сөйлеу
түрлерінің бәріне бірдей сипат - олардың сөздік дыбысталуында.
бірақ олардың әрбірінің өзіндік ерекшеліктері бар. Тіл қатысынсыз
және заттасқан тілдік процес ьолмай, ешқандай ой, ойлау болуы
мүмкін емес.
Ауызша да, әсіресе жазба сөйлеудің дайындығы сөйлеудің іштей,
адамның өзінен - өзі, күбірлеп айтып шығуынан басталады, мұны
ғылымда ішкі сөйлеу деп атайды.
Жоғарыда атағанымыздай, сыртқы сөйлеу ауызша және жазбаша
болады. Жазбаша сөйлеуде тілдік қатынас мәтін арқылы жанама болады.
Жазба сөйлеудің ауызшаға қарағанда, мазмұны жинақты келеді.
Сөйлеудің жазба түрі жазба белгілер негізінде орындалады. Қазіргі
кездегі көп тілдердің дыбыстры әріптермен өрнетеледі.
Жазба сөйлеу - естумен қабылданатын тілдік дыбыстардың,
көрумен танылатын әріптер мен адамның тілдік әрекеттерінің күрделі
байланысынан құралатын процесс. Осыдан, жазба сөйлеудің ауызша
сөйлеуден кейін пайда болыа, әрі соның негізінде қалыптасатынын
түсінеміз.
Біреудің дыбыстауынан құлағымызға жеткен сөз (сөйлеу) ауызша
сөйлеу деп аталады. Ауызша сөйлеуде кеңістік және уақытқа
байланысты біраз шектеулер болады. Әдетте, әңгімелесушілер бірін -
бірі көріп тұрады немесе дауыс жететіндей алшақтықта болуы мүмкін.
Осы жағдайларға орай сөйлеудің сипаты өзгеріске түседі. Мысалы,
телефонмен сөйлескенде сөз қысқа, жедел сұрақ - жауап кейпінде
байқалады. Тыңдаушы сұрақ қойып, оған жауап алуы мүмкін емес теле
- радиодағы сқйлеу тіпті басқаша.
Ауызша сөйлеу - диалогты және монологты болып бөлінеді.
Диалогтық сөйлеу әңгімелесушілердің өзара қысқа сөз алмасуы,
түзілетін сөйлемнің құрылымы толық болмауы мен ерекшеленеді. Өзара
түсіністік мұндайда бұрынғы әңгіме желісінен, тақырып барысынан және
іс -әрекет мазмұнына орай жетіледі. Ауызша сөйлеу, әдетте,
әңгімелесуге қосылған адамдардың ниет ықыласына, болмаса қоршаған
орта ықпалдарына орай жасалған жауап ретінде жүзеге асады.
Монологтытық сөйлеу ұзаққа созылады, ортаға қыстырма сөздер
қосылмайды, алдын ала көп дайындықты талап етеді. Әдетте бұл кең
көлемді, күні бұрын ой желісіне салынып, қорытылған баян ( мысалы,
баяндама, шығып сөйлеулер, дәрісбаяндар, (лекция) және т.б. ).
Дайындық іштен қайталанады, жоспары қайта түзілістерге түседі,
орынды сөздер, сөз тіркестері мен сөйлемдер іріктеліп, таңдалады,
көп жағдайда ауызша сөйлеудің жоспары жазбаша түзіледі.
Монологтық сөз құрылымы жағынан күрделі болып, ой
толықтығымен көрінеді, баяндалуы бір ізді, қатаң логикалық
талаптарға бағынады. Монологтық сөйлеу диалогтыққа қарағанда қиындау,
сонықтан оның толық формасы адамзат тарихында кейінірек
қалыптасқан. Ал мұндай сөйлеу түрін оқушыларда қалыптастыру үшін
мұғалімдер арнайы міндеттерді жүзеге келтіре отырып, еркін әрі
мәнді сөйлеу тәрбиесін бүкіл оқу процесінде үзбестен жүргізіп
барады.
Бұрын атағанымыздай, қалаған ақпаратты екінші адамға жеткізу
үшін таңбалар не таңбалар жүйесін қолданамыз. Осыған орай тілдестік
қатынас процесінде вербалды (таңба ретінде - сөз, баян ) және
вербалды емес (таңба ретінде - сөзден тыс белгі, ишаралар )
байланыстар қолданылады.
Вербалды сөйлесуге таңбалық жүйе ретінде сөз (сөйлеу)
қабылданған. Мұндайда сөйлеу - лексикалық және синтаксистік екі
принципті қамтыған дыбыстық тіл, яғни фонетикалық белгілер жүйесін
түсінеміз. Сөйлеу - тілдестік байланыстың ең өнімді әмбебап құралы,
себебі мұның жәрдемімен берілген ақпарат мағыналық толығын
жоғалтпайды. Сөз бен сөйлеу арқылы ақпарат таңбалық бекімін тауып,
қажет кезде мағыналық шешімге келеді. Әңгімелесудің ерекшк түрі
ретінде диалогтық сөйлеусуде хабарлаушылар рөлі бір ізді алмасып
отырады, осыған орай біз не жөнінде әңгіме болып жатқанын
түсінеміз.
Сөйлесу арқылы тек қана ақпарат жүрісі орындалып қалмастан,
әңгімелесушілер арасындағы бір - біріне деген ықпал да жасалады,
яғни өзара бағыт бағдар көрсете отырып, олар бірі - бірінің іс
-әрекет қылықтарын үйлестіруге не өзгертуге тырысады.
Әңгіме мағынасын жеткізу мен қабылдау барысындағы адамдардың
сөз саптау сипаты әр түрлі. Хабарлаушы үшін ақпарат мағынасы
сөйлеуден бұрын келеді, себебі ол алдымен мақсат қойып, кейін оны
сөзбен баламалайды. Ал тыңдаушы үшін қабылданатын ақпараттың мәні,
оны сөзге келтірумен бірге ұлғаяды.
Хабарлаушының айтқан ойы мағынасының тыңдаушыға түсінікті
болғандығы тыңдаушы хабаршы рөлінде өз сөзімен қабылдаған ақпараттың
түсінікті екендігі жайлы белгі бергенде ғана айқындалады.

1.1. Жазбаша сөйлеуге үйретудің негізгі әдісі - хат

Менің тоқталайын деп отырғаным ауызша сөйлеуге және жазбаша
сөйлеуге үйрету. Жазбаша сөйлеуге үйрету түріне – хат жатса, ауызша
сөйлеуге үйрету түріне – мәтін жатады.
Хат – ол сөйлеудің қиын тәсілі. Ол графикалық таңбалар арқылы
адамдармен қарым – қатынас жасуға көмектеседі. Бұл продуктивті
тәсілі, осы арқылы адам өз ойын басқа адамға жеткізеді. Оқуға
арналған мәтін немесе шығарма жазбаша сөйлеуге үйретудің негізгі
тәсілі болып табылады.

Хат, сөйлеу сияқты, үш түрлі структурамен қарастырылады:
1. мативті
2. аналитикалық
3. атқарылатын.

Мотивті структурада әрбір бөлімге мотив пайда болады, ол
қажеттілік арқылы байқалады және қарым – қатынасқа түсуге, хабар
жеткізуге итермелейді. Жазып отырған адамның біреудің ойын айтқысы
келіп тұрғаны анық көрінеді. Аналитикалық структурада өз ойын
жеткізуде қалыптасады. Хаттың мәтінін жазу барысында арнайы сөздер
таңдалады және сөйлемдердің үйлесімділігіне көп мән беріледі.
Атқарылатын структурада хаттың жазбаша сөйлеудегі графикалық
белгілеріне көп көңіл бөлінеді.
Жазбаша сөйлеу мен хатты былай таниды. Жазбаша сөйлеудің
стилі – кітаптық стиль. Психологияда хатты қиын процесс деп
қарастырады, себебі сөйлеудің белгілері сөйлеу жолымен қатынасқа
түседі. Жазбаша сөйлеу бұл ойды графикалық формада жүзеге асыру
процесі.
Әдістемеде хат – оқушылардың шет тілін үйренудегі
материалдарды графикалық және орфографиялық жүйемен есте сақтауда,
ауызша сөйлеуде және оқуда көмекші, себебі хат олармен тығыз
байланыста. Жазбаша сөйлеудің негізі ауызша сөйлеу болып табылады.
Шынымен де ауызша сөйлеу хаттың механизімен тығыз байланысқан, ол
ойдың тілді тандауында. Ауызша – сөйлеймін және жазбаша – хатта. Екі
жағдайда да хабарды адамдардың түсінуімен аяқталады. Хат – оқумен
тығыз байланысты. Олардың түбірінде бір графикалық әлеумет жатыр.
Хатта дыбыстан белгіге, оқуда белгіден дыбысқа бірақ екеуіндеде бір
бағыт.
Шетел тілін үйретуде хаттың үлкен рөлі бар. Оқушылардың жаңа
тілдегі хаттың тәсілін үйренуілері қажет. Әрі қарай хат тілді
үйренудегі маңызды нәрсе болып есептеледі: ол тілдің материалдарын
нақты меңгеруге көмектеседі және ауызша сөйлеудегі әдістерді
қалыптастырады.
Әрине, хат өзінің көмекші функциясын көрсетеді, егер де оқушылар
хат жазудың тәсілін толық үйренсе: әріптерді дұрыс жазса және
сөздің орфографиясын білсе. Хат жазу процесінің техникасын толық
білудің өзі шетел тіліндегі сөздерді есте сақтаумен қатар оны
жақсы меңгеруде көп көмек береді.
Мектептегі тілдерді үйрену: ағылшын, неміс, француз, араб
тілдерінде латын әріптерін пайдаланады. Аталған тілдердің графикасы
екі түрлі нұсқада қолданылады: таңбалық және қол жазба түрінде.
Осылай әрбір графема алфавит болып есептеледі. Біреулерде таңбалық
пен қол жазбада әріптері анық өзгешілігін көрсетіп тұрса, енді
біреулерде олардың арасында ешқандай өзгешелік болмайды.
Дыбыстық жүйе графикалық жүйеге қарағанда байырақ
болғандықтан бір дыбысқа сәйкес келетіндері өте аз. Олар: Bb, Dd,
Ff, Kk. Басқа әріптер сөздегі орнына байланысты өзге дыбыс бере
алады. Егер графика дыбысты бірнеше нұсқаулар бойынша қолданатын
болса, онда ол жазылған кезде тек бір ғана нұсқамен қалады, ал
қалғандары қате болып есептеледі.
Егер жазбаша сөйлеу мектептегі қолданыста болса, онда ол
жазылған хат немесе реферат болуы мүмкін. Бұл оқушылардың сөйлеуі
жоғары кластарға тән.
Латын әріптерімен орыс әріптеріне жүргізілген анализ жүйесінде
олардың арасында ұқсастықтың бар екенін анықтаған, орыс мектебінің
оқушыларына бұл өзгеше болып көрінген. Шетел тіліндегі графикалық
жүені үйренудегі қиындықтар орфаграфиялық қателерде анық байқалған.
Оқушылар ұқсастықа көп мән бермейді, сол себепті көп қате
жібереді. Мысалы, t, f, l әріптерінде қиындықтар себебі t әріпінде
кішкене дөңес төмен жағынан, ал f әріпінде жоғарғы жағынан. Ал l
әріпі t, f – тен беліндегі сызықша арқылы ажыратылады. Сондықтан
оқушылар көбінесе байқамай қалады.
Психологияда ол былай түсіндіріледі әріптердің
айырмашылығынан танығаннан гөрі ұқсастығына қарай салғаны оңай және
сол себепті оқушы оны тез таниды. Бір фонема әр түрлі әріптермен
белгіленуі мүмкін және бір әріп әр түрлі фонемамен белгіленуі
мүмкін. Мысалы, ағылшын тілінде a әріпі жеті фонемаға дейін бере
алады; [ f ] дыбысы әріптермен беріледі f, ph, ff, gh; француз
тілінде [ o ] дыбысы au, eau мен беріледі және тағы да сол
сияқты.
Қиындықты жеңу үшін көп жұмыс жүргізілуі тиіс. Орфаграфиялық
қиындықтар этимологиялық жазудың қателіктерін көбейтуі мүмкін.
Әрине орфаграфиялық тіл құрастырылады:
- фонетикалық принцп бойынша - қалай айтсаң солай жаз.
Жазудың тіруіші болып айтылуы есептеледі. Мысалы, орыс тіліндегі
қосымшалар: бесконечный – безграничный;
- дәстүрлі принцп бойынша - нақты әріп жазылса да, басқа
әріп айтылады. Мысалы, орыс тілінде: кого, синего.
Мектептегі шетел тілін үйретуде осы принцптердің бәрін
көруге болады, яғни бұл дегеніміз осы принцптерді мектеп
програмасында қолданады. Мысалы, ағылшын және француз тілдерінде
дәстүрлі принцеп қолданылады. Оқушыларды хат жазуға үйрету
мақсатындағы принцептер орфаграфиялық қиындықтарды шешуге анализ
жасау арқылы жүзеге асып отыр.
Орфаграфияны үйрету барысында мынаған мән берген жөн:
1) әр түрлі орфаграфиялық қиындықтары бар сөздердегі
графикалық және дыбыстық бейнелер. Мысалы, фонетикалық принцпте
қолданылатын сөздер жеңіл болып есептелсе, дәстүрлі принцепте
қолданылатын сөздер ең қиыны болып есептеледі;
2) бір типті қиындықтар. Оларды бір топ тағы қиын сөйлемдерге
біріктіру қажет.
Мұндай орфаграфиялық жазуды үйрену көбінесе көз арқылы есте
сақтауды қажет етеді және ол көп қайталауды қажет етеді.
Қиын емес сөздерді жазудың өзі оқушыларда алғашқы кезде қиындықтар
туғызады. Қиындықты жеңіу мақсатында оқушыға ұзақ тәжірбие жасауы
керек. Ағылшын тілін үйренуде оқушылар print script – пайдаланады,
онда қол жазба мен таңбалық әріптер бір –біріне өте ұқсас келеді.
Психологиялық тұрғыдан хат жазу мәселесіне тоқталатын болсақ,
ол хат жазуда графикалық және орфаграфиялық әдістері мен тәсілдерін
қолданады. Соңғысы материалды ауызша қабылдау мен түсінуінде.
Жазбаша жатығулар хат жазумен тіке байланысты - хабар беруде
тағы да сол сияқты. Оқушылар әр түрлі қиын жаттығуларды логикаға
қарай жасайды, үйрету кезеңдеріне байланысты.
Алғашқы кезеңдерде - бұл ағылшын ( ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жазбаша және ауызша сөйлеуге оқыту
Ауызша сөз түрлері
Ауызша сөзге үйрету
АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА ЕРКІН СӨЙЛЕУДІҢ МАҢЫЗЫ
Орта деңгейде ағылшын тілінде ауызша сөйлеуді дамыту
Жоғары сыныпта ағылшын тілінде ауызекі сөйлеуге үйрету
Сөзді айта білу
Бастауыш сынып оқушыларын жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістемесі
1-сынып оқушыларының сөйлеу дағдыларын қалыптастыру әдістемесі
Шет тілін оқытудың ұстанымдары және мазмұны
Пәндер