Қазақстанда металлургияның дамуы



Қазақстан жерінде адам миллиондаған жыл бұрын пайда болғанына Қаратаудың Кіші және Үлкен жоталарының солтүстігі мен оңтүстігі баурайларында табылған көптеген палеолиттік құралдар дәлел бола алады. Мекендер, молалар кен орындары, қола дәуірінің тасқа салынған суреттері Қазақстанның барлық жерінде кездеседі.
Семиречьеде (Жетісуда) 50-ге жуық сурет салынған құлпы тастардың ескерткіші бар. 50 - жылдардың аяғында тамғалы жерінен (Аңырақай таулары, Алматының солтүстік батысынан 170 км жерде) қабырғаларында суреті бар керемет орда табылды.
Қабырғаға суреттері галереясында бірнеше тарихи кезең - ХХ ғасырдан асатын уақыт бейнеленген.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстанда металлургияның дамуы.

1. Орта Азия мен Қазақстан территориясындағы сақ дәуірі
(б.э.д. VIII-IV ғ.ғ.)

Қазақстан жерінде адам миллиондаған жыл бұрын пайда болғанына
Қаратаудың Кіші және Үлкен жоталарының солтүстігі мен оңтүстігі
баурайларында табылған көптеген палеолиттік құралдар дәлел
бола алады. Мекендер, молалар кен орындары, қола дәуірінің тасқа
салынған суреттері Қазақстанның барлық жерінде кездеседі.
Семиречьеде (Жетісуда) 50-ге жуық сурет салынған құлпы
тастардың ескерткіші бар. 50 - жылдардың аяғында тамғалы
жерінен (Аңырақай таулары, Алматының солтүстік батысынан 170 км
жерде) қабырғаларында суреті бар керемет орда табылды.
Қабырғаға суреттері галереясында бірнеше тарихи кезең - ХХ
ғасырдан асатын уақыт бейнеленген. Ертедегі номадтар
(көшпенділер) мен түрік дәуіріне және қола ғасырға жататын
4000-ға жуық сурет табылды: күнбасты құдайлар бейнесі,
аңшылықтың көріністері, діни, құрбандыққа шалу көріністері, құс
аңшылығы мен адам және жануарлар салынған композициялар. Тамғалы
ландшафындағы археологиялық петроглифтері ЮНЕСКО-ның
Дүниежүзілік мұралары тізіміне кірген. Орталық Қазақстандағы
Атасумен Мыржық мекендері, Ақсу-Аюлы, Беғазы, Дандыбай молалары
басқа ескерткіштерге қарағанда жақсы зерттелген. Семиречьедегі,
Орталық және Шығыс Қазақстандағы тастағы суреттерге деген
қызығушылық жоғары. Б.э.д. V жататын Семиречьедегі Есік
қорғаны мен бесшатыр молалары кеңінен танымал.
Мыс пен қолайының бай кен орындары бар жерлерде темірдің
алғашқы кездерде жолы болмады. Мұндай аудандарға Қазақстанмен
Оңтүстік Сібірді жатқызуға болады. Мұнда темірге шейін
металлургиясы жоғары деңгейде дамып, одан темірге шейін
бұйымдар жасаған.
Қазақстан жеріндегі тайпалар үшін б.э.д. VIII-VII ғ. темірдің
ашылып, кеңінен пайдаланып жүрген кезеңі болды. Бұл дәуірге
әртүрлі аймақта бірдей уақытта келген жоқ.
Б.э.д. І мыңжылдықтың бірінші жартысында Қазақстанның ежелгі
мекендеушілері көшпенді мал шаруашылығына өу болып, тайпалық
бірігулер пайда болды. Қорғандарды (Пазырық – Таулы Алтай,
Шілікті – Шығыс Қазақстан, Бесшатыр мен Есік - Оңтүстік Шығыс
Қазақстан) және Тегіскен мен Үйгаран мазарларын, шірік – рабат
және баланды қалаларын қазі нәтижесінде алынған материалдар
мен ежелгі грек, персия және қытайдың жазбаша мәліметтеріне
қарап, Қазақстан жерінде ежелде мемлекет болғанын көрсетеді.
Б.э.д. VIII-IV ғ.ғ. Қазақстан мен Орта Азия жерінде тайпа
өмір сүрген. Ол персиялық мәліметтерде Saka деген атаумен
белгілі болған. Сақтар тайпасы Солтүстік Қара теңізі мен Днепр
жанын мекендеген скифтермен төменгі Поволжье мен Оңтүстік
Орал маңын мекендеген савроматтармен, Кир мен 1 Дарий кезіндегі
перстермен және А.Македанский заманындағы гректермен тұтстас,
замандас болған. Антикалық авторлар оларды еуропалық
скифтерден ажырату үшін азиаттық скифтер деп атаған. Шығыс
Қазақстанды, Семиречье мен Арал маңын мекендеген сақтарда жазу
өнері пайда болды.
Бізге жеткен жазбаша дәлелдерде сақтар туралы аз сөзді
ақпараттар бар. Персиялық патшалар Дарий мен Кссркс бұйрығы
бойынша құралған жазбаша мәтіндерден көптеген мәлімет алуға
болады. Онда Орта Азия мен Қазақстандағы бірнеше тайпалардың
аты жазылған. Ежелгі ирандардың қасиетті кітабы – Авестадан
көптеген мәлімет алуға болады. Грек тілінде және жартылай
латынша жазылған антикалық мәліметтердің үлкен құндылығы
бар. Олардың ішінде Геродаттың, Страбонның, Птолемейдің
еңбектері ерекшеленеді. Сақтар туралы қытай, ежелгі персия
(Накиш-Рустем, суз т.б. жазулары) және грек мәліметтерінде
болғаны белгілі. Геродот сақтардың әр түрлі тайпалары:
тарадарай, дая, иссодон, аргипея, тигрохауд, хаумаварг,
тарадарай туралы жазды. Археологиялық зерттеулердің арқасында
қазіргі ғалымдар сақтардың өмірі, материалдық мәдениеті,
шаруашылығы мен дінге табынуы туралы едәуір мәліметтерге жетті.
Көшппенді мал шаруашылығының дамуы өндірістік күштің өсуіне
әкелді. Ет, жүн, тері өнімдері өндірісінің өсуінен артық
өнімдер пайда болып, айырбастың дамуына себепші болды. Табындар
өскен сайын жаңа жайылымдар қажет болды, енді тайпалар
мен рулар арасында жер үшін күрестер жүріп, соғыс басталды.
Жеңілген тайпалар еріксіз басқа жаққа кетті. Күштірек
тайпалар бөліне бастады. Тайпалардың ішінде тұратын
шаруашылық, саяси және мәдени өзара әсер ету жүріп, тілдердің
ұқсастығы мен рухани жақындық болды.
Б.э.д. VII-IV ғ.ғ. Қазақстан жерінің негізгі бөлігін
сақтардың күшті тайпасы алып жатты. Сақтар Оңтүстік, Шығыс және
Орталық Қазақстан жерінде өмір сүрді. Олардың басқа көптеген
үлкен және шағын тайпаларда болды. Бірақ олардың мекен
еткен жерлері мен тарихы анық емес. Олар туралы жазбаша
мәліметтер мен археологиялық материалдар аз мөлшерде, үзік-үзік
және ортақ сипатта.
Қола ғасырында үнді иран тілі тармағынан б.э.д. бірінші
мыңжылдықтың басында бөлініп шыққан шығыс-иран тілінде және
диалектісінде Орта Азия мен Қазақстан тұрғындары сөйлеген деп
тіл танушылар мен тарихшылар болжайды. Бірақ сол уақыттың
өзінде түрік тілінде сөйлеген тайпалар болған.
Қазақстан сақ тайпаларының материалдық мәдениеті мен қоғамдық
құрылысында Оңтүстік Сібір тайпаларымен, Ресей мен Украинаның
еуропалық бөлігін мекендеген скифтермен едәуір ұқсастық бар.
Олар өте ұқсас болғаны. Соншалық кейбір грек авторлары
оларды шығыс скифтері деп атады. Еуропа мен Азия тайпалары
арасындағы тұрақты байланыс, Алдыңғы Азия елдеріне сақтар
мен скифтердің бірге жорыққа шығуы олардың материалдық
мәдениеттерінде ортақ элементтердің пайда болуына себепші болды.
Сақтар тайпасы үш топқа бөлінді:
– Арал жанында өмір сүрген теңіз жанындағы сақ –
тарадарайлар.
– Сақтар – тиграхаудтар, шошақ төбе бөрік киіп, орта
Сырдария мен Амударияда, Семиречье мен Тянь-Шаньда өмір
сүрді.
– Сақтар – хаомаваргтар, Мургаба алқаптарында тұрып, хаому
сусынын жасаған.

Сақтар шаруашылығы, қолөнер және сауда

Сақ тайпасындағы ең көбі – массагеттер сырдарияның шығысында
өмір сүрген. Грек тарихшысы Геродот: Киімдері мен өмір
сүрулері бойынша олар скифтерге ұқсас. Ат үстінде де, жаяу
жүріп те соғады. Соғыстың екі тәсілінде біледі: олар садақ пен
және назамен шайқасады, әдеттегідей және айбалтамен қаруланған
- деп жазды.
Көптеген мәліметтер сақтарды мал шаруашылығымен айналысты деп
жазды. Олар жылқы, ірі және ұсақ малдарды ұстаған. Ежелгі
авторлар сақтардың өмірі туралы Олар егін шаруалары емес,
көшпенділер - дейді. Соңғы жылдардағы өазақстандық археологтардың
зерттеуі сақтардың шаруашылық түрі көбінекей табиғи
жағдайларға баланысты болғанын, қалаға сауда жолдарына
жақын жердегілер аралыс шаруашылық түрлерімен және аралас
өмір сүргендігін, яғни отырықшы – көшпенді болғандығын анықтады.
Сақтардағы мал шаруашылығының бірнеше нұсқасы болды.
– Көшпенді мал шаруашылығы Қазақстанның батысындағы
далаларда, кейде Орталығында кездеседі. Жазғы жайлаудан
қысқы өріске көшіп отырады.
– Мал шаруашылығының жартылай көшпенді түріне тұрақты
қыстақпен жайлаудағы үйдің бар болуын қажет етті.
Тұрғындардың бір бөлігі осы үйлерде жазда да қалып, шөп
шапты, қысқа азық-түлік дайындады, диқаншылықпен
айналысты. Жартылай көшпенді мал шаруашылығы Шығыс
Қазақстанның кең далалары мен биік тауларында,
Семиречьеде, орталық және Батыс Қазақстанның бірнеше
аудандарында, Тянь-Шань мен Алтай таулары баурайында болды.

– Мал шаруашылығының үшінші түрі – отырықшылық. Тұрғыдардың
көп бөлігі отырықшылық пен өмір сүріп, егін-шаруашылығымен
айналысса, басқа бөлігі жайлаудан қыстаққа көшіп жүрді.
Бұл табиғи йодты ресурстар мен бай өріс пен жайлауы
бар Сырдария, Шу, Келес далаларында Қазақстанның
оңтүстігінде таралды. Олар суғарылатын егін шаруашылығын
меңгерген.
Сақ тайпаларының көбінде мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы
бірге болды. Бидай, тары, арпа екті. Сырдария алқабындағы
Шірік – рабит, Бабишмола деген сақтардың мекенінен каналдың
көмегімен суғарылған ежелгі егістер табылды. Ағаш орманы көп
жерлерге егінші - сақтар балшықтан үй соққан. Уақыт өткен сайын
отырықшы сақтарда тек ауылдар ғана емес, қолөнері мен
саудасы дамыған қалаларда пайда болды.

Қолөнер мен сауда

Сақ тайпаларында кәсіп пен қолөнердің дамуы жоғары деңгейге
жетті, ол металдарды алу және оны өңдеумен байланысты
болды. Темір, мыс, қалайы, қорғасын, алтын және күмістің кен
орындарын пайдаланды, оларды өңдеу қола ғасырдан бері
басталған болатын.
Сақтар темірді өңдеу мен темір бұйымдар өндірісін жетілдірді.
Темірден соғу арқылы қанжар, пышақ, семсер, сауыт жасады.
Шығыс Қазақстандағы Шілікті қорғанын қазғанда жебенің 13 қола
ұштағы теріден жасалған қорамсақ (оқ қап) табылды. Қорамсақ
бұғы түріндегі алтынмен әшекейленген.
Қыш кәсібі де қатар дамыды. Семиречье мен Батыс Қазақстанда
қыш ыдыстардың көп бөлігі өндірілді. Андронов ыдыстарына
қарағанда сақ ыдыстары шағын көлемді, дөңгеленген, шар тәрізді
формада болды. Әсіресе кеселер, ілмек тәрізді ұстағышы
бар аласа сапты аяқтар, қысқа жіңішке ауызды дөңгелек
ыдыстар, құйғышы бар құмыралар кеңінен таралды. Барлық
ыдыстар қолдан жасалынды.
Семиречье жерінен – Іле алқабы мен Есіккөл жанынан
археологтар мыс және қола құрбан шалатын жер мен қазандарды
жиі тапқан. Сақ қазандары өзінің таңқаларлық көлемімен
ерекшеленіп, сфера тәрізді пішінді және тығырықтары немесе
аяғы жануардың аяғы сияқты жасалды, ілмек тәрізді
ұстағышы болды. Балшық пен сылап, балауыздау моделін жасаған
күрделі техникалық тәсілімен қазанды құйды. Содан кейін балшық
кепкен соң пішінді қыздырды, жанып кеткен балауыздың орнына
құйылған металл келді.
Құрбандыққа шалатын әртүрлі болды. Оңтүстік Қазақстанда
қоламен көркемделгендер де кездессе, Орталық және Шығыс
Қазақстанда құрбандыққа шалатын ыдыс тастан жасалды. Алматы
жеріндегі бұрынғы Орда орнынан тамаша құрбандыққа шалғыш
табылды. Конус тәрізді тығырықта дөңгелек табақша бар, оның
айналасында 15 өгіз – бұқалардың фигурасы бейнеленген.
Табақта атқа мініп өзізге садақтан жебе атып тұрған
адамның бейнесі салынған.
Б.э.д. І мыңжылдықта Еуразияда Батыс және Шығыс елдері
арасында, Жер орта теңізі мен Қытайдың арасында сауда-саттық
Қызу жүрді. Ұлы Жібек Жолының лазуритті, нифритті деген жеке
учаскелері болды. Памирден шығарылған лазуритті Иран мен
месопоталияға пасыса, нефритті Қашқадариядан Қытайға тасыды.
Алтай, Сібір, Еуропа және Шығыс халықтарымен сақтар сауда-
саттық байланысында болды. Б.э.д. . І мыңжылдықта дала жолы
жұмыс істей бастады. Осы жол арқылы далалы аймаққа қажетті
тауарларды жеткізді. Хуанхэ өзінен бастап, ол Алтайдың
шығыс және солтүстік тау тарамдарын басып өтіп, Қазақстан
және Қара теңіз жанынан өтіп, гректер мен этрусктер жеріне
шейін жетті. Ішкі сауда да жүрді. Шығыс Қазақстанның
Семиречье аудандарымен тығыз байланысы жалғасып жатты.

Сақтардың қоғамдық құрылысы

Ежелгі көшпенділер үлкен өзгерістер жүрді. Патриахалды
отбасылар жекешеленіп, мүліктік теңсіздік өсті. Б.э.д. VII-III ғ.
сақтар тайпасы одаққа бірігеді. Осы одақтарды жоғары көлем
басқарды. Оларды патша деп атады. Патриахатқа өткенімен,
әйелдердің көп нәрсеге құқықтары болды. Олар еркектермен
теңесіп соғысқа қатысып, жоғары көсем бола алды. Б.э.д. VI
ғ. Массагеттерді патшайым Томирис басқарды. Сақ патшасы
Заринаның аты да кеңінен танымал.
Көшпенділердің әскери жорығы жиі болды, әртүрлі әскери қарулар
өндірісі де өсті. әскери қақтығысты басып алынған олжалар
жеке адамдардың баюынан жол берді. Тайпа көсемдері үшін соғыс
пайдалы, табысты болды. Тұтқындарды құлға айналдырды, құлдық
патриахалды сипатта болды.
Сақ қоғамында мемлекет қалыптаса бастайды. Тұрғындардың үш
тобы бөлініп шықты: жауынгерлер, абыздар, қалған
қауымдастықтағылар. әр қоғамдық топтың өзінің дәстүрлі түсі
болды: жауынгерлер - қызыл, абыздар – ақ, қауымдағылар – сары және
көк түсті әскерлердің қоғамдық тобынан көсемдер мен патша
шықты. Оған Есік қорғанынан табылған патша - алтын жауынгер
дәлел болды. Қаруы мен алтын жебесі оның әскер екендігін,
ал басындағы шошақ төбелі бөрігі оның абыз болғанын
көрсетеді. Жанында айна мен қайшысы жатыр.
Бесшатырдан, басқа да моладан табылған олжалар сақтардың өз
көсемдігін кейінгі өмірде жалғастыруға тырысып, үлкен
ескерткіштермен жабдықтағанын көрсетеді.
Гереодат, ежелгі авторлар сақтардың перстермен соғысы туралы,
сақтардың ахеменид патшасы Кирді жеңгені туралы баяндайды.
Сақтармен Ахеменид династиясындағы басқа патшаларда соғысты.
Б.э.д. 519-518 жж. сақ – тиграхаудтарға қарсы 1 Дарий жорыққа
шықты. Перс жауынгерлерін сусыз шөлге әкеліп, өлу қаліне
жеткізген сақ бақташысы Ширақ туралы аңыз бар. Дарий өз
әскерін аман алып қалды, бірақ жорығы сәтісіз аяқталды. Алайда
ұзаққа созылған соғыстың нәтижесінде сақтардың бір бөлігі
перстерге өтті. Олар Дарийге салық төлеп, перс соғыстарына
қатысу үшін жауынгерлерін жіберді. Сақтар перс әскері
құрамында жүріп Египетте, Грецияда, Ферморилде соғысып, көзге
түсті.
Б.э.д. IV ғ. Александр Македонский Ахеменид державасын
жаулап алып Орта Азияны жаулап алуға кірісті. Б.э.д. 330-327
жж. А.Македонский Согда Меракаид тұрағын басып алып,
Сырдарияға бағытталды. Онда оытрықшы жұрт пен көшпенділердің
шекарасы болған еді. Сырдарияның сол жағалауын Александр басып
алып, өзінің горнизонын қойды. Грек – Македон жауынгерлері
Сырдария қалаларындағы тұрғындарды аяусыз қырды, бұл Орта
Азияда көтеріліске әкелді, бірақ оны басып тастады.
Александрдың бұйрығымен Сырдарияда Александрия Эсхата
(Соңғы Александрия) атты қала салынды. Қала жаңа мемлекеттің
солтүстік - шығыс шекарасындағы бекініс пункті ретінде
ойластырылды. Сырдарияның келесі бетіндегі сақ тайпаларын
өзіне бағындырмақшы болған А.Македонскийдің жорығы сәтсіз
аяқталды. Олар ұлы жаулап алушының Шығысқа қарай қозғалысын
тоқтатты. Б.э.д. 323 ж. А.Македонский қайтыс болған соң
держава бірнеше жеке мемлекетке ыдырады.
Алғашында Орта Азия Селевкидтер мемлекетіне, содан кейін
Парфиимен Греко Бактрия құрамына кірді. Б.э.д. ІІІ ғ. басында
селевкидск үстемділігіне қарсы көтеріліс болып, қалалар
бұзылды. Оның ішінде Александр салдыртқан Александрия Эсхата
да бар.

Дін мен өнер.

Сақтардың діни түсінігінде әскери баяу қатты көрініп,
олардың негізгі табынушылары көсемдер мен патша болды.
Алтарь мен құрбан шалатын жерлер болған ордаларға құдайға
құрбандық әкеліп, ата-бабаларының дәндерімен от дінін сақтаумен
байланысты салттар жүргізілді. Семиречьедегі сақтар От храмы
болғандығын археологтар анықтады.
Б.э.д. VII ғ. бастап Сібір, Қазақстан, Поволжье далалары
мен Еуропаның оңтүстігінде өнерде өзінше бір, ерекше
құбылыс пайда болып, оны жануарлар стилі деп атады. Сақтар
табиғаттың күштері - күн, найзағайлы желге, жауынға бас иіп,
оны құдай ретінде елестетті. Олардың ойынша құдайлар түрлі
жануарлар мен құстар кейпіне енген. Құдайлар тіпті қиялдағы
жануарға да айналған, мысалы, қанатты жылқы – грифондар.
Мифология мен фольклордағы бұл бейнелердің белгілі болуынан
өнерде, жануарлар стилін өмірде бейнелеуге әкелді. Д.э.д. ІІІ-І
ғ. бұл көркем шығармадағы бұл стиль өзінің реалистік негізін
жоғалтып, орнаменттік схемаға айналды. Біздің эрамыздың басында
жануарлар стилінің тамаша өнері мүлдем жойылды.
Сақтарда зергерлік өнер өте жоғары жетілді. Шебер-суретшілер
құюмен, алтынды қалып арқылы дайындаумен таныс болып,
таңқаларлық керемет композициялы бұйымдар жасады. Алтын,
күміс, бирюза бұйымдар адамды, оның киімдерін, жылқы
тұрмандарын, тұрмыстағы заттарды әшекейледі. Зергерлік өнерде
ағаштан кесілген әшекейлермен фигураларды алтын беттермен
айналдыра қоршау тәсілі кеңінен қолданылды. Сақ шеберлерінің
алтын әшекейлері өте нәзік көркем талғаммен жасалынды. Ағашты,
сүйекті өрнектеу мен тасты өңдеу дамыды. Сердомика,
халцедон, агата, бирюза сияқты қымбат және жалған тастардаг
сақ шеберлері моншақтар жасады.
Археологиялық ескерткіштер. Ғалымдардың ойынша, Арал жанындағы
Шірік – рабат, бабыш – мола, Баландыдағы сақтардың ескерткіштерін
апасиактар - судағы сақтар қалдырған болуы керек. Грек
географы массагеттердің еңбектері туралы, өзеннен жасалған
батпақтар немесе осы батпақтардағы аралдар деп жазды.
Шірік – рабат қаласы апасиактардың аралы болды. Бұл астанадан
қалған үйінділер қазіргі Қызылорданың шығыс-батысынан 300 км-
де Қызылқұм шөлінде жатыр. Қала үшін биіктігі 15 м, ұзындығы
800 м, көлденеңінен 600 м болатын төбелер таңдалды. Периметрі
бойынша төбелер қабырғалармен қоршалып, ішкі территориясының
көлемі 42 гектар болды. Қалашық жоспары сопақ пішінді болды.
Ортасында көлемі 12 га тең тік төртбұрыш болды – бұл Шірік-
рабат мызғымас қамалы еді. Сақталып қалған қала
қабырғаларының біреуінің ені 4,5 м болып, оның ішінде атқыштар
галереясы орнатылған. Қабырғалар мен төртбұрышты мұнара
қабырғаларында зеңбірек, мылтық атуға арналған тесіктер болды.
Қабырғаларды айналдыра тереңдігі 4,5 м-ге, ені 40 м-ге жететін
орлар қазылды. Мұндай бекініс жүйесін апасиакамалар көршілері
Хорезмадан көріп жасады.
Шірік Рабат мызғымас қамалы әрі орда, әрі ұлы адамды
жерлейтін жер болды. Жалпы қамалды 4 қорған салынған Оның
біреуіне қазба жұмыстары жүргізілді. Қалдықтардың ішінен қыш
құмыра, тегіс сапты темір семсер, оның жалпақ жүзі және
көбелек тәрізді айқасқан жері болды. Мұндай семсер б.э.д. V-I
V ғ. жатады. Сонымен қоса жебенің қола ұштығы мен қандайда
бір заттың алтын қабы табылды.
Қорғаннан басқа Шірік – Рабатта екі жертөле болған. Бірақ
ғана заттар сақталған. Халцедон геммдан жасалынған затта
сақалды еркек қиялы жануармен соғысып жатқаны бейнеленген.
Тағы қола ұштақтар, дөңгелек алтын заттар, төрт жапырақты
алтын әшекейлер алтын сырғалар мен піл сүйегінен жасалған тарақ
табылды. Темір жұқа қатпарлар табылған. Жұқа қатпарлы сауыт
киген жауынгер ат үстінде айбынды көрінеді.
Апиасиактардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түсті металлургияның салалық құрамы
Қазақстанның металлургия кешеннің халықаралық еңбек бөлінісіндегі орны
Металл кешенінің даму тарихы
Метал кешенінің даму тарихы
Қиылысудың геометриялық мінездемеси
Металлургия өнеркәсібі
Қола дәуіріндегі Қазақстан туралы ақпарат
Орталық Қазақстанның табиғат жағдайы
Қола дәуіріндегі Қазақстан жері
Металл және оны өңдеу әдістері
Пәндер