В тобына жататын витаминдер



I. Кіріспе.

II. Негізгі бөлім.
1) В тобына жататын витаминдер.
В1, В2, В6 , Вс , В12 , РР, Н
2) В тобына жатпайтын витаминдер. С, Р.

III. Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.
Витаминдер дегеніміз - тағам құрамында болатын, маңызы өор, өмірге өте қажетті және организмге өте аз мөлшерде керекті төмен молекулалы (молекулалық массасы төмен) органикалық заттар.
Қазіргі уақытта витаминдік активтілікті бір ғана зат емес, химялық құрылысы жағынан ұқсас бірнеше қосылыстарда көрсететіні анықталған. Мұндай заттар Витамерлер деп аталады.Мысалы, D витаминнің сегіз витамері бар екені белгілі, ал K втаминнінде екі-үш витамер бар.
Провитаминдер дегеніміз - тканьдерде активті витамидерге ауыса алатын заттар.
Тағам құрамында қажетті витаминдердің мүлде болмауынан немесе олердың сіңірілуінің бұзылуынан организм ауруға шалдығады. Ондай ауруды Авитаминоз дейді. Бір мезгілде адам организміне бірнеше витамин түспесе, Полиавитаминоз дейді. Адамда көбінесе витаминнің мүлде жоқ болуы немесе оның жетіспеуі кездеседі. Оны Гиповитаминоз дейді.
• Сатбаева Х.К, Өтепбергенов Ә.А Адам физиологиясы
• Рымжанов К.С, Төленбек И.М Адам мен жануарлар физиологиясы Алматы 2004 ж
• Уатхан С.,Плешкова С.М Ферменттер, энергия алмасуы. Витаминдер 2001ж

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

I. Кіріспе.

II. Негізгі бөлім.
1) В тобына жататын витаминдер.
В1, В2, В6 , Вс , В12 , РР, Н
2) В тобына жатпайтын витаминдер. С, Р.

III. Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе.
Витаминдер.
Витаминдер дегеніміз - тағам құрамында болатын, маңызы өор, өмірге
өте қажетті және организмге өте аз мөлшерде керекті төмен
молекулалы (молекулалық массасы төмен) органикалық заттар.
Қазіргі уақытта витаминдік активтілікті бір ғана зат емес,
химялық құрылысы жағынан ұқсас бірнеше қосылыстарда көрсететіні
анықталған. Мұндай заттар Витамерлер деп аталады.Мысалы, D витаминнің
сегіз витамері бар екені белгілі, ал K втаминнінде екі-үш витамер
бар.
Провитаминдер дегеніміз - тканьдерде активті витамидерге ауыса
алатын заттар.
Тағам құрамында қажетті витаминдердің мүлде болмауынан немесе
олердың сіңірілуінің бұзылуынан организм ауруға шалдығады. Ондай
ауруды Авитаминоз дейді. Бір мезгілде адам организміне бірнеше
витамин түспесе, Полиавитаминоз дейді. Адамда көбінесе витаминнің
мүлде жоқ болуы немесе оның жетіспеуі кездеседі. Оны Гиповитаминоз
дейді.
Авитаминоз бен гиповитаминозға шалдығу себебін эндогенді және
экзогенді деп бөледі. Тағам құрамында қажетті витаминдердің
жеткіліксіз болуы немесе мүлде болмауы экзогенді себебеі болып
табылады.
Эндогенді себебі, ас қорыту жүйесінің қызметінің бұзылуы кезіде
(витаминдер сіңірілмейді) немесе тағам құрамындағы майлардың
болмауында (кейбір майда еритін витаминдер сіңуі үшін майлар
керек), ішек қуысында гельминттер бар кезінде немесе абакретиоз
болғанда, әр түрлі физиологиялық және потологиялық жағдайларда
витаминдерге деген қажеттілік артқанда (аяғы ауыр әйелдер, лактация,
тириотаксикоз) байқалады.
Витаминдер организмге көп молшерде түссе, организм патологиялық
жағдайға ұшырайды. Бұл жағдай гипервитаминоз деп аталады.
Гипервитаминоз көбінесе майда еритін витаминдерге тән. Себебі,
олардың артық мөлшері зәрмен шығарылмайды.
Витаминдердің биологиялық активтілігін төмендететін немесе толық
жоятын заттар антивитаминдер деп аталады. Олар құрылысы жағынан
витаминерге ұқсас болуы мүмкін, сондықтан витаминдердің орнына
ферменттің құрамына кіріп, олардың активтілігін нашарлатады -
бәсекелес тежегіштер (конкурентті парализатор) сияқты. Мысалы, В1
виаминінің антивитамині - окситиамин болып табылады.
Антивитаминдер жұқпалы ауру кезінде антибактериялық зат ретінде
қолданылады. Себебі, микробтардың өсуі және дамуы үшін витаминдер
керек, оларға витаминдердің орнына антивитаминдерді енгізсе, микробтар
тіршілігін жояды.
Кейбір антивитаминдер витаминдердің химиялық құрылысын өзгерту
жолымен олардың биологиялық активтілігін төмендетеді немесе
толық жояды.

Витаминдердің номенклатурасы мен жіктелуі.
Қазіргі уақытта витаминдерді әріптермен белгілейді, сонымен
қатар химиялық құрылысын және биологиялық маңызын бейнелейтін
аттары да қолданылады.
Витаминдер полярлы емес органикалық еріткіштер мен суда
ерігіштіктеріне қарай екі топқа бөлінеді:
I. Суда еритін витаминдер.
II. Майларда еритін витаминдер.
Осы негізгі екі топтан басқа организмде аз мөлшерде
синтезделетін, витаминдік қасиет көрсететін тағы да бір топ бар,
оларды витамин текті заттар деп атайды.
Суда еритін витаминдер екіге бөлінеді:
А) В тобының витаминдері;
Б) В тобына жатпайтын витаминдер.
Витаминдердің номенклатурасы мен жіктелуі.
N Әріппен Химиялық аттары Биологиялық әсеріне
белгіленуі байланысты аттары

I. Суда еритін витаминдер
В тобына жататын витамидер
1 B1 Тиамин Антиневритті
2 B2 Рибофлавин өсіру витамині
3 B3 Пантотен қышқылы дерматитке қарсы
³ B5 Ниацин, никотинамид пеллаграға қарсы
5 B6 Пиридоксин дкрматитке қарсы
6 B c(B9) Фолацин, фоль қышқылы антианемиялық
7 B12 Цианкобаламин антианемиялық
8 H биотин себорреяға қарсы

В тобына жатпайтын витаминдер
9 С Аскарбин қышқылы Цингага қарсы
10 Р Биофлавонойдтер (рутин) Капилярдың беріктілігін
нығайтады

II. Майларда еритін витаминдер
11 А Ретинол Ксерофтальмияға қарсы
12 Д Кальцеферол Рахитке қарсы
13 Е Токоферол Антистерильді
14 К Нафтохинондар Антигеморрагиялық (қан
(филохинондар) аққанға қарсы)

I. Суда еритін витаминдер
В тобының витаминдері.
В тобының витаминдеріне суда еритін, молекуласында азоты бар
витаминдер жатады.
Бұл топтарға жататын витаминдердің ерекше қасиеттерінің бірі
-ферменттердің коферменттерін құруға қатысуы, сондықтан олар
метоболизм процесінде маңызды роль атқарады.
Табиғатта таралуы. Бұл топтың витаминдері көбінесе өсімдіктер
тектес тағамдарда, негізінен дәнді дақылдардың қабығында және
ұрығында кездеседі. Олар шала тартылған ұнда, кебекте, ашытқыларда
көп кездеседі.

В1 Витамині (Тиамин)
Химиялық құрамы: Тиаминнің құрамына метил тобымен байланысқан
тиазол мен пиримидин сақинасы кіреді.
Биологиялық маңызы: Тамақпен түскен тиамин тиаминпирофосфокиназа
және магний иондарының әсерінен тканьдерде фосфорланады да
тиаминдифосфат (ТДФ) түзеді. Бұл ТДФ кетоқышқылдарының
декорбоксилазасының коферменті болып табылады.
Сонымен, тиамин
1) Кетоқышқылдарының декорбоксилазасының құрамына кіріп, көмірсулар
алмасуына айтарлықтай әсер етеді; энергия қорының жиналуын және
аэробты жағдайда көмірсулардың ыдырауын жоғарылатады;
2) Ацетил- КоА – ның мөлшерін жоғарылату арқылы бос май
қышқылдарының, холестериннің, триацилглецериннің (ТАГ), фосфоглецеридтің
синтезін жылдамдатып, липидтердің алмасуына үлкен әсерін тигізеді;
3) Сондай-ақ тиаминдифосфат транскетолаза деп аталатын пентозды
циклдың ферментінің құрамына кіреді. ТДФ транскетолаза ферментінің
құрамына кіре отырып, гликольальдеидті радикалды кетосахардан
альдосахарға тасымалдауға қатысады.
В1 витамині жетіспеген жағдайда пентоздық цикл тежеледі
және май қышқылдарының, холестериннің, стероидты гормондардың, амин
қышқылдарының, нуклеотидтердің, нуклейн қышқылдарының синтезіне қажетті
НАДФ-Н2 немесе рибоза -5 – фосфаттың мөлшері азаяды.
Авитаминозы. Организмде В1 витаминінің жетіспеуі бери-бери
ауруын тудырады. Хинди тілінен аударғанда қой деген мағынаны
білдіреді. Бұл аурумен ауырған адамдар қарынды бұлшық еттің қатты
ауруына байланысты өкшесінен баспай аяғының ұшымен жүреді, бұл
қойдың жүрісіне ұқсайды.
Қазіргі кезде тамақтардағы көмірсулардың көп болуынан және
шала тартылған ұннан жасалған тағамды аз пайдаланғаннан
гиповитаминоз көп кездеседі. Тиамин жетіспегенде көбінесе араққа
салынып кеткен адамдар дене тепе-теңдігін сақтай алмайды, олардың
жүрісі бұзылады және ақыл-ойынан адасуы байқалады.
Табиғатта таралуы. В1 витамині өсімдік тектес тағамдарда,
әсіресе бидай, күріш, қарабидай дәндерінің қауызы, ашытқы, соя,
бұршақтарда көп кездеседі. Жануарлардан алынатын тағамдарда: бауырда,
мида, бүйректе, сүтте кездеседі.
В2 Витамині (Рибофлавин)
Химиялық құрылысы. Рибофлавин молекуласы гетероциклды қосылыс
изоаллоксазиннен және оның 9-шы орнына байланысқан бес атомды спирт
ритинолдан тұрады.
Биологиялық маңызы. Тамақпен бірге түскен В2 витамині тканьге
барып, фосфорланады. Рибитолдың біріншілік спирт тобы мен фосфор
қышқылының қалдығы қосылып рибофлавин – 5, - фосфат немесе
флавинмононуклеотид (ФМН) түзеді.
Сонымен рибофлавин төмендегі мына процестерге қатысады:
1) В2 витамині тотығу - тотықсыздану реакцияларына қатысады.
2) В2 витамині оксидазалардың құрамына кіре отырып, амин
қышқылдарының тотығудан дезаминдену реакцияларына қатысады немесе
биогенді аминдерді дезаминдейді.
3) Биосинтез процесіне, оның ішінде белок синтезі кезінде
пайдаланылатын макроэргтік байланыстың түзілуіне және тканьдердің
тыныс алуына қатысады.
4) В2 витамині А витаминінің пайдалану және сіңіру арқылы көздің
қысқа толқынды күлгін сәуле мен көк сәулеге сезгіштігін
жоғарылатып, көру процесіне әсер етеді.
Авитаминозы. В2 витамині организмде жетіспеген жағдайда белок
синтезі төмендейді және тотығу-тотықсыздану процестері бұзылады. Жас
организмде өсу тежеліп, шаш көп түседі, ауыз қуысының, тілдің, еріннің
кілегей қабықтарында қабыну процестері бұзылады.
Табиғатта таралуы. Рибофлавиннің негізгі көзі: сүт, жұмыртқа, бауыр,
жеміс-жидек.
Ниацин (никатин қышқылы немесе никотиамид)
В5 витамині (антипиллагралық) немесе РР витамині (итал. Preventive
pellagra)- пеллаграға қарсы қолданылады.
Химиялық құрылысы. В5 витамині никотин қышқылы және никотинамид
түрінде кездеседі.
Биологиялық әсері. Никотин қышқылы амид түрінде НАД және НАДФ
құрамына кіреді. Бұлар организмдегі
1) тотығу-тотықсыздану реакциясын катализдейтін дегидрогеназалардың
коферменттері болып есептеледі.
2) Сонымен қатар НАД және НАДФ энергия алмасуының бірқатар
ферменттерінің аллостерикалық эффекторларының қызметін атқарады.
3) НАДФ тың тотықсызданған түрі май қышқылының, холестериннің және
басқа стеройдтардың синтезіне қатысады.
4) НАД ДНҚ –лигазалық реакцияның субстраты ретінде қатысады, ол
репликация және репарация процестерінің негізіне жатады.
РР авитаминозы. Pelle agra- түрпідей (қотыр) тері,сирек кездеседі,
себебі ниацин табиғатта кең таралған - триптофанның жануар
организмінде никотин қышқылы синтезделеді.
Табиғатта таралуы. Никотин қышқылы өсімдіктер мен жануарлар
организмінде кең таралған. Адам үшін никотин қышқылы мен оның
амидінің негізгі көзі: күріш, нан, картоп, ет, бауыр, бүйрек, сәбіз
және Т.Б болып табылады.

В6 витамині (Пиридоксин)
(антидермотидтік)
Химиялық құрылысы. В6 витамині 3-оксиперидиннің туындылары
(пиридоксоль, пиридоксаль, пиридоксамин).
Олар бір–бірінен төртінші орындағы көміртегіндегі радикалдарымен
өзгешеленеді.
Биологиялық әсері. Пиридоксальфосфат амин қышқылдарының негізгі
биохимиялық алмасу реакцияларынга қатысады.
1) Ол-биогенді аминдер түзілу процестеріне қатысатын амин
қышқылдары декорбоксилазаларының коферменті.
2) Аминотрансферазалардың коферменті болып, трансаминдену процесін
түзетеді.
3) Сонымен қатар пиридоксальфосфат триптофанның тотығуына, биогенді
аминдердің тотығудан дезаминденуіне қатысады.
Авитаминозы. В6 витамині жетіспеуінің әсерінен организмде зат
алмасу бұзылады, яғни мынандай аурулар пайда болады: дерматит,
стоматит, полиневрит орталық нерв жүйесінің қозғыштығы артады.
Табиғатта таралуы. В6 витамині - өсімдік және жануарлардан алынатын
тағамдарда кең таралған. Негізгі көзі: нан,бұршақ, картоп, ет, бауыр,
бүйрек.
Тәуліктік мөлшері анық белгіленбеген.

Фолацин (фоль қышқылы, В9, (Вс) - өсу факторы)
Фоль қышқылы латын тілінен аударғанда folium - жапырақ деген
мағынаны білдіреді. Өйткені бұл витамин өсімдіктердің жапырақтарында
кездеседі. Вс витамині ағылшын тілінен аударғанда chicken - шөжек
деген мағынада, өйткені фоль қышқылы шөжектердің өсу факторы болып
табылады.
Химиялық құрылысы: Фоль қышқылы 3 бөліктен тұрады: 1-птеридин
қалдығы, 2-парааминобензой қышқылы, 3-глутамин қышқылыныңқалдығы, мұны
птероилглутамин қышқылы деп те атайды.
Биологиялық әсері: Фоль қышқылының биологиялық әсері оның
тканьдерде тотықсыздануымен тікелей байланысты. 5,8-ші орындағы азот
атомы және 6,7-ші көміртегі атомдары сутегі атомдарын қосып алып
тотықсызданып, тетрагидрофоль қышқылын (ТГФҚ) түзеді.
Фоль қышқылынан ТГФҚ түзілу үшін аскарбин қышқылы (С
витамині) және НАДФН2 қажет. ТГФҚ кофермент ретінде нуклейн
қышқылының синтезінде және бірқатар амин қышқылдарының (глицирин,
серин, метионин, триптофан) алмасуында негізгі роль атқарады.
ТГФҚ әр түрлі трансферазалардың түзілуіне қатыса отырып, өсу
процесіне және организмнің дамуына, негізінен қан түзілу процесіне,
гемоглобин синтезіне және қан түйіршіктері түзілуіне қатысады.
Вс витаминінің авитаминозы. ТГФҚ –ның деңгейін анықтайтын
маңызды фактор В12 витамині.
В12 витаминінің жетіспеуі метил- ТГФҚ -ның көбейуіне әкеліп
соғады және де ТГФҚ –ға тәуелді реакциялардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Белоктар мен витаминдер
Витаминдердің жіктелуі
Витаминдер жайлы жалпы түсініктеме
Май еріткіш дәрумендер
Үй қояндарының қолда өсіру
Витаминдердің топтары мен түрлері
Бие сүтінің химиялық құрамы мен қасиеті
Дәрумендердің топтары мен түрлері
Құрамында витаминдер бар дәрілік шикі заттар
Бие сүтінің құрамындағы пайдалы витаминдер
Пәндер