Шығыс Қазақстан облысы туралы ақпарат



І. КІРІСПЕ
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Табиғи жағдайы
2. Жер бедері
3. Геологиялық құрылымы
4. Климаты
5. Ертіс өзенінің су сапасын және қазіргі жағдайдағы ластану деңгейі
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының солтүстік шығысында Ресей Федерациясымен шекаралас орналасқан. Экономикасы жағынан Қарағанды облысынан кейінгі 2-ші орында. Республикамыздың негізгі экспорт тауарлары болып табылатын – мыс, мырыш, қорғасын, титан және т.б. элементтердің кен орындары бар. Республикамыздағы түрлі-түсті металлургияның орталығы болып табылатындығын ғылыми тұрғыда жан-жақты қарастыру.
Солтүстік шығыс өнеркәсіп торабы Шығыс Қазақстан облысының бір бөлігін қамтиды. Бұл ауданда ірі қайта өңдеу және «Қазмырыш» АҚ, «Риддер плиметалл комбинаты», «Зырянов қорғасын – мырыш », «Ертіс мыс балқыту комбинаты», «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ сияқты тау-кен өнеркәсіптері орналасқан.
1. Адаев Ж, Ахметов Қ, Әбдуалиев Т, Жазылбеков Ғ, т.б. «Жетісу» энциклопедиясы, «Арыс баспасы», Алматы, 2004.
2. Бейсенова А.С. Исследования природа Казахстана Алма-Ата, 1979 /М.
3. Бирмагамбетов А.Б. Основные этапы истории географических иссслодований Казахстана Утемагамбетов Физическая география Казахстана. Алма-Ата, 1967.
4. Жақыбаева Г.Т, Сағатова Н.С, Қауызбаев С.Р. т.б. «Қонысы Қарасайдың Құтты мекен», Алматы, 1999
5. Жапбасбаев М.Ж. Периодизация историй и методологии физической географии. Вестник КазГу. Серия географическая. 1993.
6. Исаченко А.Г. Развитие географических идей. М., 1971

Пән: География
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:

І. КІРІСПЕ
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Табиғи жағдайы
2. Жер бедері
3. Геологиялық құрылымы
4. Климаты
5. Ертіс өзенінің су сапасын және қазіргі жағдайдағы ластану деңгейі
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе

Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының солтүстік шығысында
Ресей Федерациясымен шекаралас орналасқан. Экономикасы жағынан Қарағанды
облысынан кейінгі 2-ші орында. Республикамыздың негізгі экспорт тауарлары
болып табылатын – мыс, мырыш, қорғасын, титан және т.б. элементтердің кен
орындары бар. Республикамыздағы түрлі-түсті металлургияның орталығы болып
табылатындығын ғылыми тұрғыда жан-жақты қарастыру.
Солтүстік шығыс өнеркәсіп торабы Шығыс Қазақстан облысының бір бөлігін
қамтиды. Бұл ауданда ірі қайта өңдеу және Қазмырыш АҚ, Риддер плиметалл
комбинаты, Зырянов қорғасын – мырыш , Ертіс мыс балқыту комбинаты,
Өскемен титан-магний комбинаты АҚ сияқты тау-кен өнеркәсіптері
орналасқан.
Жоғарыда атап өткендерден көріп отырғанымыздай кәсіпорындар мен
комбинаттар Өскемен қаласының маңында орналасқан. Шығыс Қазақстан облысының
орталығы болып табылатын Өскемен қаласы 1720 жылы негізі қаланған Өскемен
қамалынан бері келе жатыр. Қазіргі уақытта бұл қала Қазақстан
Республикасының түрлі-түсті металлургиясының орталығы болып табылады және
Жапонияға мырыш, титан және т.б. түрлі-түсті металдарды экспортқа шығарады.
Жапонияға шығаратын титанның көлемі Жапониядағы титан шығынының 30%
құрайды. Бірақ қазіргі уақытта қалалық қоғамдық тазалау ғимараттарының
жетіспеуінен және техногендік қалдықтарды өңдеудің жетіспеушілігінен, соның
ішінде атап кеткен кәсіпорындар мен комбинаттардың өндірістік ластаулары,
түрлі-түсті металлургиядан ағып келетін ақаба суларды жақсылап тазаламау
осы аймақта суды ластаудың үлкен проблемасы болып табылады. Соның ішінде
қалалық су құбырының негізгі көзі болып табылатын жер асты суының ластануы
ең маңызды мәселе. Су жинау көзін өзгертудің керектігі қарастырылып жатыр
және бұл мәселе қала тұрғындарының өміріне айтарлықтай әсер етеді.
Қазақстан Республикасының солтүстік шығыс ауданындағы ең ірі су көзі болып
табылатын Ертіс өзенінің суының ластануы республикадағы өзендердің ең
ластанғанына мысал болады.

1 Табиғи жағдайы
Таулы Алтай мен Жоғарғы Ертіс территориясы солтүстік ендіктің
47° және 53° мен шығыс бойлықтың 78° және 90° аралығында орналасқан. Ол
Ресей Федерациясының Алтай өңірінің оңтүстік ауданын және Таулы Алтай
автономиялы облысын және Қазақстанның Шығыс Қазақстан облысының басым
бөлігін алып жатыр. Территорияның шекарасы солтүстікте Шарыш өзенінің
сағасынан бастап шығыста Обь пен Енисей өзендерінің су айрығына дейін,
оңтүстікте осы өзендердің су айрықтары бойымен, Монғол Халық
республикасымен және Қытаймен екі арадағы мемлекеттік шекара бойымен,
батыста Ертіс алабының өзендерінің су айрығымен және Балқаш, Алакөл
көлдерінің су айрықтарымен, Ертіс өзеніне, Ащысу өзеніне құяр тұсына дейін
өтеді. Қарастырып отырған территориямыздың ауданы 306750 км2. Территорияның
айтарлықтай ұзындығы, оның орографиялық және климаттық біркелкі еместігі
табиғи жағдайының мейлінше әр түрлі болуына себеп. Тайгалық ормандар және
Обь өзенінің оң жағалауындағы солтүстік шығыс тау етегіндегі орманды
дала, батыс және оңтүстік батысқа ойысқан сайын далаға, одан кейін құрғақ
далаға, сосын Ертіс өзені су алабының сол жағалау бөлігіндегі жартылай
шөлейт зонаға ауысады.

2. Жер бедері
Жоғарғы Ертіс және Жоғарғы Обь өзендерінің су алаптары Қазақ
қатпарлы елі мен Алтай – Саян таулы жүйесінің жапсарында орналасып,
Алтайды түгел алып жатыр, жер бедерінің формасы әр түрлі және өте
күрделі орографиялық құрылысы бар таулы аймақ.
Қарастырып отырған территория орографиялық қатынаста абсолюттік
биіктіктері 200-ден 4500 м-ге дейін қатпарлы – үйінді таулы аймақ болып
саналады. Жоғарғы Обь пен Ертістің оң жағалауына оңтүстік батыстағы Батыс
Сібір жазығындағы жоталар мен аңғар табанының жалпы көтерілуі, ал
Ертістің батыс сол жақ жағалауына оңтүстік және батыс Қазақ қатпарлы
елінің төбелі – қырқалы ұсақ шоқысы мен оңтүстігіндегі орта таулы және
биік таулы жер бедеріне дейін аймақ биіктігінің біртіндеп өсу өзгешелігі
тән. Алтай орографиясы мен Қазақ қатпарлы елінің шығыс жақ шетінің
өзіне тән ерекшелігі - оның батыс және солтүстік - батыс таулы жоталарының
созылмалы үстемшілік құруы.
Қарастырып отырған территориямыздың батыс бөлігінде (Ертіс
өзенінің сол жағалауы) мынандай 5 геоморфологиялық ауданды ерекшелейді:
Қазақ қатпарлы елінің ұсақ шоқылы ауданы, Шыңғыстау жотасы, Сауыр -
Тарбағатай, Зайсан қазан-шұңқыры, Ертіс маңы жазығы, Қалба жотасы.
Территорияның солтүстік батыс бөлігінде ұсақ шоқылы аудан
орналасқан. Орталық Қазақстан ұсақ шоқыларының жоғарғы беттері көне тау
жоталарын желдің әсері тау қалдықтары мен шоқылары деңгейіне дейін
тоздыруынан пайда болған. Шағын (500 метрден 600 метрге дейін абс.)
шоқылар көбіне тізбектеле отырып оқшауланған шағын тау биіктерімен (Дегелең
1085 метр, Семейтау 606 метр, Ордатас 604 метр) және кең аңғарлармен
алмасып отырады. Солтүстік – шығыста ұсақ шоқылар Ертіс маңы жазығына
айналады, ал оңтүстік – батыста Шыңғыстау аласа жотасымен көмкеріледі.
Шыңғыстау жотасы Қазақ қатпарлы елінің қатпарлы-үйінді биіктігі деп
есептелінеді. Ол қоршаған аймақтан 500-600 метрге жоғарылап, солтүстік
батыстан оңтүстік шығысқа қарай 200 км астам созылып жатыр. Жалпы
алғанда Шыңғыстау жотасында кең аңғарлар мен бөлектенген аласа түзу
бағыттағы таулар мен шоқылар кезектесіп келген. Шыңғыстаудың оңтүстік -
шығысында Тарбағатай жотасы орын алады.
Сауыр – Тарбағатай жотасы қарастырып отырған территориямыздың
оңтүстігінде ендік бағытта созылып жатыр. Шілікті жазығының бұл орта
таулы массиві (1000 метрден 1400 метрге дейін) Тарбағатай және Сауыр
жоталарына бөлінген. Тарбағатай жотасының биіктігі 2000 м-ден 2500 м-ге
дейін, тек қана ортасында 3000 м-ге жетеді. Сауыр жотасының шығыс
бөлігінде орналасқан Мұзтау тауы оның ең жоғарғы нүктесі болып саналады,
ортасында оның биіктігі 2200 м-ден 2300 м-ге дейін жетеді, ал батысқа қарай
2000 метрден 1800 метрге дейін төмендейді. Сауыр-Тарбағатайдың шет
аймағында таудан шығар тұста терең аңғарлары мықты конустармен ұштасқан
кең көлемді аласа таулы облыс.
Зайсан қазаншұңқыры. Оңтүстік Алтай, Сауыр -Тарбағатай, Қалбамен
шектелген кең депресссия болып келеді. Жер бедеріне аккумулятивті түрде
даму тән. Қазаншұңқыр құрғақ арналар және жыралармен әлсіз қиылысып келген
тегіс далалы облыс.
Ертіс маңы жазығы. Бұл ауданға аз иректелген және жондалған жер
бедері, мекеннің шамалы биіктігі, көбінесе ұсақ көлдермен толған
тұйықталып келген табақша тәріздес көптеген ағынсыз ойпаңдар тән. 300
метрден 1200 метрге дейін жететін жеке қыраттары көлбеу беткей болып
келген.
Қалба жотасы. Алтай таулы массивтерінің сол жақ жағалауының
жалғасы. Шығысында ол Ертіс аңғарының терең иінін келістіріп, жықпыл
тәріздес болып Нарым жотасына енеді. Жотаның шығыс жағы өте биік және
Ертіс өзеніне тіке түсетін, жиі құзды беткейлері бар қатты бөліктенген
таулы рельеф. Батысқа қарай жота ұсақ шоқыға келіп, 1200 м-ден 800 м-ге
дейін төмендейді. Оңтүстік жотасы солтүстік жағына қарағанда қысқа және
тіке болып келген.
Орташа таулы және аласа таулы рельефтің қалыптасуында карстық
процестердің маңызы өте зор.
Мұның бәрі су ағынының қалыптасуы мен су сапасына әсер етеді.

3. Геологиялық құрылымы
Қарастырып отырған территориямыздың геологиялық құрылымы өте
күрделі. Алтай, Тарбағатай жоталарын және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы кітапханалары жаңа жағдайда: мәселелері, даму жолдары
Қазақстан Республикасының ұлттық мұрағаттары
Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары
Қазақстан топонимиясы
Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы
Жамбыл облысының туристік географиясы
«НҰРЛЫ КӨШ» – «СОРЛЫ КӨШке» айналды ма?
Қазақстандағы туризм
Іс жүргізу
Қазақстан Республикасының инвестициялары
Пәндер