Еңбек және еңбек құқығы туралы түсінік



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Негізгі бөлім
І.Еңбек құқығы
1.1.Еңбек және еңбек құқығы туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2.Еңбек құқығының басшылыққа алатын қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.3.Еңбекпен байланысты құқықтық қатынастар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
ІІ.Еңбек құқығының субьектілері және оларды топтастыру
2.1 Еңбек құқығының субьектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
2.2.Жұмыс беруші. еңбек құқығының субьектісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
Біздің Ата заңымызда немесе Қазақстан Республикасының конституциясында 24-бапта, 1-тарауда былай деп айтылған: «Әркімнің еңбек ету бостандығын, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі.»
Құқықтың әрбір саласы қоғамдық қатынастардың, өзінің мазмұны мен ерекшеліктерімен басқалардан өзгеше келетін белгілі бір тобын реттейді. Еңбек құқығының пәнін ашу ең алдымен құқықтың осы саласының нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар шеңберін анықтау қажет.
Кейінгі кезеңде Республикамыздың қалыптасып келе жатқан еңбекті ұйымдастырудың нарықтық нысандарының дамуы мемелекет меншігінде болған кәсіпорын, мекеме, ұйымдары жекешелендіруді, жеке меншіктің дамуына әкеледі. Мұның барлығы еңбек қатынастарын реттеуде жаңаша көзқарасты талап етеді. Сондықтан, еңбек құқығы еңбек ету үрдісінің технологиясын реттемейді, еңбекті ұйымдастыру мен қолдану жөніндегі әлеуметтік байланыстарды реттейді, яғни еңбек құқығының пәні – еңбек емес, еңбектің әлеуметтік құрылымы, немесе адамдардың еңбек ету барысындағы қатынастары болып табылады.
1. “Мемлекеттік қызмет туралы,” – Қазақстан Республикасы – С.118 жасының Заңы 23.07.99ж. Алматы, 2004 ж.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (Жалпы бөлім) 27.12.94. өзгертулер мен толықтырулар. Алматы. 2002. (33-40 баптары)
3. Конституция Республики Казахстан. – Алматы, 1995.
4. Қазақстан Республикасының заңы “ҚР Еңбек туралы ” от 10 декабря 1999г.
5. Қазақстан Республикасының заңы «Ұжымдық шарт туралы» от 4 июля 1992 г. № 2107. /Основные законодательные акты о труде в Республике Казахстан. – Алматы: Юрист, 2001

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Негізгі бөлім
І.Еңбек құқығы
1.1.Еңбек және еңбек құқығы туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2.Еңбек құқығының басшылыққа алатын
қағидалары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 5
1.3.Еңбекпен байланысты құқықтық
қатынастар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...5
ІІ.Еңбек құқығының субьектілері және оларды топтастыру
2.1 Еңбек құқығының
субьектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 6
2.2.Жұмыс беруші- еңбек құқығының
субьектісі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...9
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..14

Кіріспе
Біздің Ата заңымызда немесе Қазақстан Республикасының конституциясында
24-бапта, 1-тарауда былай деп айтылған: Әркімнің еңбек ету бостандығын,
қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың
үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол
беріледі.
Құқықтың әрбір саласы қоғамдық қатынастардың, өзінің мазмұны мен
ерекшеліктерімен басқалардан өзгеше келетін белгілі бір тобын реттейді.
Еңбек құқығының пәнін ашу ең алдымен құқықтың осы саласының нормаларымен
реттелетін қоғамдық қатынастар шеңберін анықтау қажет.
Кейінгі кезеңде Республикамыздың қалыптасып келе жатқан еңбекті
ұйымдастырудың нарықтық нысандарының дамуы мемелекет меншігінде болған
кәсіпорын, мекеме, ұйымдары жекешелендіруді, жеке меншіктің дамуына
әкеледі. Мұның барлығы еңбек қатынастарын реттеуде жаңаша көзқарасты талап
етеді. Сондықтан, еңбек құқығы еңбек ету үрдісінің технологиясын
реттемейді, еңбекті ұйымдастыру мен қолдану жөніндегі әлеуметтік
байланыстарды реттейді, яғни еңбек құқығының пәні – еңбек емес, еңбектің
әлеуметтік құрылымы, немесе адамдардың еңбек ету барысындағы қатынастары
болып табылады. Басқаша айтқанда, еңбек құқығының пәні-еңбекке
қаблеттілікті іске асыру, еңбекті ұйымдастыру мен басқару жөніндегі
мемелекеттік және жеке ұйымдарды азаматтардың еңбегін қолдану жөнінде
қалыптасқан жеке дара да, сондай-ақ ұжымдық та қоғамдық қатынастарды
құрайды.
Жеке еңбек шарты еңбек құқығының негізгі институттарының қатарына
жатады. Оның қоғамдық ролі, еңбек ету бостандығын, қызмет түрі мен мамандық
таңдау бостандығын, еңбекті ұйымдастыру мен қолдануда негізге алынатын
құқықтар мен бостандықтарды жариялайтын Қазақстан Республикасының
Конституциясымен анықталады.
Еңбек шартының заңдық маңызы ол еңбек қатынастарының пайда болуына ғана
емес оның өзгеруіне де, жойылуына да себепкер болуында.
Жеке еңбек шарты тақырыбының ішінде барлық құрама тақырыптары
қарастырылған. Қолданылған барлық заңдар, Қазақстан Республикасының Заңы,
Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы (осы заң азаматтардың Қазақстан
Республикасындағы еңбек бостандығына конституциялық құқығын іске асыру
барысында туындайтын еңбек қатынастарын реттейді.) ресми басылымнан
алынған. Бұл заңда жеке еңбек шарты туралы 2-тарауда, 9-31 баптарда
қарастырылған.

1. Еңбек құқығы
1. Еңбек және еңбек құқығы туралы түсінік
Еңбек – адамның өз қажеттерін қанағаттандыру үшін табиғат заттарының
түрін өзгертуге және оны өз керегіне бейімдеуге бағытталған мақсатқа сай
істелетін қызметі; қоғамның өмір сүруінің негізгі, адамзат тіршілігінің
мәңгілік, табиғи шарты. Еңбек – адамдардың өмірі үшін материалдық, рухани
және басқа да құныдылықтар жасауға бағытталған адам қызметі.
Құқықтың әрбір саласы қоғамдық қатынастардың, өзінің мазмұны мен
ерекшеліктерімен басқалардан өзгеше болып келетін белгілі тобын реттейді.
Еңбек құқығының пәнін ашу үшін ең алдымен құқықтың осы саласының
нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар шеңберін анықтау қажет.
Қазақстан Республикасында қалыптасып келе жатқан еңбекті ұйымдастырудың
нарықтық нысандарының дамуы мемлекет меншігінде болған кәсіпорын, мекеме,
ұйымдарды жекешелендіруді, жеке меншіктітің дамуына әкеледі. Мұның бәрі
еңбек қатынастарын реттеуде жаңаша көзқарасты талап етеді. Соныдқтан, еңбек
құқығы еңбек ету процессінің технологиясын реттемейді, еңбекті ұйымдастыру
мен қолдану жөніндегі әлеуметтік байланыстарды реттейді, яғни еңбек
құқығының пәні еңбек емес, еңбектің әлеуметтік құрылымы, немесе адамдардың
еңбек ету барысндағы қатынастары болып табылады.
Ал жалпылама алғанда еңбек құқығы дегеніміздің өзі – меншігі мен
шаруашылық түріне байланыссыз жұмысшылардың барлық категориясының жалдамалы
еңбекке байланысты қоғамдық еңбек қатынастарын реттейтін құқықтың жеке
саласы.
Еңбек қатынастары – тараптардың әдетте жеке еңбек және ұжымдық шарттар
негізінде белгілі бір еңбек қызметін жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс
беруші мен қызметкер арасындағы қатынастар.
Еңбек қатынастары саласындағы құзыретті органдардың барлық жағдайларда
қолдануға есептелген нормативтік нұсқаулардан тұратын құқықтық актілер
еңбек құқығының көздері болып табылады. Әдебиетте бұл көздер еңбек туралы
нормативтік актілері, еңбек туралы заң актілер, еңбек құқығының
нормативтік актілер және т.б. деп аталады.
Еңбек туралы нормативтік-құқықтық актілер Қазақстан Республикасының
Еңбек туралы Заңына сәйкес болуы қажет. Олар мыналардан тұрады:
1. Заңдар және Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар
жарлықтарынан;
2. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарынан және Қазақстан
Республикасы Үкіметінің қаулыларынан;
3. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы
Сотының нормативтік қаулыларынан;
4. Министрліктер мен ведомстволпрдың нормативтік құқықтық актілерінен
тұрады.
Жұмыс берушілер мен қызметкерлердің еңбек қатынастарын реттейтін
негізгі заңға 1999 жылғы 10 желтоқсанда қабылданған Қазақстан
Республикасындағы Еңбек туралы Заң жатады, осы заң қабылданғаннан кейін
мынадай заңдар өз күшін сақтаған:
• 1992 жылы 4 шілде қабылданған Ұжымдық шарт туралы
• 1993 жылы 22 қаңтарда қабылданған Кәсіптік одақтар туралы
• 1993 жылы 9 сәуірде қабылданған Кәсіптік одақтар туралы
• 1996 жылы 8 шілде қабылданған Ұжымдық еңбек даулар мен ереуілдер
туралы
• 2001 жылы 23 қаңтарда қабылданған Халықтың жұмыспен қамтылуы
туралы заңдар.

1.2 Еңбек құқығының басшылыққа алатын қағидалары
Еңбек құқығының қағидалары дегеніміз – қазіргі заңдылықта бекітілген,
еңбек құқығының нормаларының мәнін және еңбек саласын құқықтық реттеуде
мемлекеттің негізгі бағыттарын білдіретін негізгі бастамалар.
Еңбектік-құқықтық қатынастарды реттеуде басшылыққа алатын қағидалар
өзге құқық салаларына тән екі топқа бөлінеді: біріншісі – салааралық, яғни
басқа құқық салаларына да қатысты қағидалар, екіншісі – салалық, яғни нақты
еңбек құқығының қатынастарын ғана реттейтін қағидалар.
Қазақстан Республикасы Конституциясында еңбек саласындағы қатынастарды
құқықтық реттеудің мынадай қағидалары баяндалған: еңбек бостандығы және
өзінің еңбекке қабілеттілігіне еркін билік ету, қызмет пен кәсіп түрін
таңдау мүмкіндігі; мәжбүрлі еңбекке тиым салу және жұмыссыздықтан қорғау
(24-бап); денсаулықты қорғау құқығы (29-бап); бірлестіктер бостандығына
құқығы (23-бап); демалуға құқығы (24-бап). Бұл клнституциялық қағидалар
еңбек саласындағы қатынастарды құқықтық реттеудің салааралық қағидаларына
жатады.
Ал еңбек құқығының салалық қағидалары сол құқық саласының нормаларының
ерекшелігін көрсетеді. Қазіргі кезеңдегі еңбек құқығы саласынң қағидалары
мынадай үш топқа бөлінеді:
1. Еңбек нарығын құқықтық ретеу саласындағы мемлекеттің саясатын
білдіретін қағидалар.
2. Жұмысшылардың (қызметкердердің) еңбек жағдайларын бекітуде
басшылққа аынатын қағидалар.
3. Жалдамалы жұмысшылардың еңбегін пайдалануды құқықтық реттейтін
қағидалар.

1.3.Еңбекпен байланысты құқықтық қатынастар

Еңбектік құқықтық қатынастардың обьектісін жәе негізгі мазмұнын еңбекті
ұйымдастыру мен басқару жөніндегі мемлекеттік және жеке меншіктегі
ұйымдарда азаматтардың еңбегін пайдалану жөнінде қалыптасатн жеке дара да,
ұйымдық та қатынастар құрайды. Еңбектік құқықтық қатынастарға жұмысшы мен
жұмыс беруші қатысады. Бұлардың қарым-қатынасы келісімдік-шарттық негізде
құрылады.
Еңбектік құқықтық қатынастардың өзіне тән мынадай белгілер болады.
Біріншіден, бұл қатынастар кәсіпорын, мекеме, ұйымның ішкі еңбек
тәртібінің шегінде жүреді;
Екіншіден, бұл қатынастар тек қана жұмысшы белгілі бір еңбек ұжымына
кірген кезде ғана пайда болды.
Үшіншіден, жұмысшының еңбек ұжымына кіруі нақты заңды деректермен
белгілегенеді (жеке еңбек шартына тұрады, қызметке тұруы жөнінде бұйрық
шығарылады).
Төртіншіден, еңбек қатынастары сол жұмысшының белгілі бір мамандық,
біліктілік немесе қызмет бойынша жұмыс атқаратын, ал кәсіпорын әкімшілігі
аталған жұмыстық орындалуы үшін қажетті жағдай жасауын міндетіне алғандығын
білдіреді.
Ал, жеке еңбекке негізделеген еңбек түрлерін, еңбеқ құқығының
нормаларымен реттелмейді.Алайда еңбек авторлары белгілі бір ұжымында қызмет
істесе, онда олардың еңбегі еңбектік-құқықтық қатынастарға жатады.
Еңбектік құқықтық қатынастарды еңбек құқығының піне ретінде танығанда
барлық еңбек түрі жөнінде сөз болмайды, яғни еңбек құқығының нормалары
барлық еңбек түрін реттей бермейді, ол тек жалдамалы еңбекке
негізделгендерін ғана реттейді.
Демек, еңбектік қатынастарға жалданып еңбек етуге байланысты
қатынстардың ьарлығы кіреді және сондай қатынастарға байланысты, солардан
пайда болатын қатынастар да кіреді. Яғни, еңбек құқықтық қатынастары екі
түрлі болады:
1. негізгі еңбектік құқықтық қатынастары
2. туынды еңбектік құқықтық қатынастары

ІІ.Еңбек құқығының субьектілері және оларды топтастыру.
2.1 Еңбек құқығының субьектілері
Әр құқық саласы өз субьектілерінің ауқымымен, ерекшеліктерімен
сипатталады. Еңбек қатынастарына қатысушылардың сипаттамасы еңбек құқығының
пәнімен, әдістерімен және қағидаларымен бірлесе отырып бұл саланың
Қазақстан Республикасы ұлттық құқығының жалпы жүйесіндегі өзіндік
ерекшіліктерін ашады. Заң ғылымы құқық субьектісі деп ағымдағы заң
негізінде субьективтік құқықтар мен сәйкес міндеттерді иеленуші қоғамдық
қатынастар қатысушыларын (азаматтар, ұйымдар, т.б.) таниды.
Нарықтық қатынастарға біртіндеп өту жағдайларында Қазақстанның еңбек
құқығына еңбек процесінің ұйымдастырылуы, еңбек нарығының қызмет етуіне
тікелей қатысты субьектілер бәрінен бұрын тән болды. Оларға қабілетті
азаматтар (жұмысшылар), ұйымдар (жұмыс берушілер), еңбек ұжымдары,
кәсіподақтар және жұмысшылардың құқықтары мен мүдделерін қорғайтын басқа да
органдар жатады. Аталған барлық еңбек құқығының субьектілері заңмен арнайы
құқықтық қабілеттілік мәртебеге ие болады. Ол қасиет субьектілерге қоғамдық-
еңбектік қызметпен байланысты нақты құқықтық қатынастарға қатысуға
мүмкіндік береді.
Еңбек құқығының субьектілерінің құқықтық мәртебесі заң позициялары
арқылы еңбектік заңнамамен реттелетін қоғамдық қатынастарда кімнің қандай
орын алатынын анықтайды. Мәртебе мазмұны төмендегі негізгі элементтерді
біріктіреді: а) субьектінің еңбектік әрекет және құқық қабілеттілігі
(құқықсубьектілік); б) заңмен оларға тиесілі құқықтар мен міндеттерге
иеленуі; в) осы құқықтар мен міндеттердің кепілдіктері; г) субьектіге
жүктелген міндеттерді дұрыс орындамағаны үшін заңда көрсетілген
жауапкершілік.
Еңбектік құқықсубьектілік еңбек құқығының субьектілеріне заңмен
берілген ерекше қасиет, қажеттілік ретінде білдіруінше, белгілі бір
жағдайлар орнағанда (азаматтың белгілі жасқа толуы; ұйымдар үшін мүліктік
және оперативтік оқшауланғандық; т.б.) сол субьектілер еңбек аясында нақты
қатынастардың қатысушылары болып, құқықтар мен міндеттерді иеленуіне
мүмкіндік туады. Сонымен қатар, еңбектік құқықсубьектілік әрдайым
субьектінің өз әрекеттерімен субьективтік құқықтар мен міндеттерді иеленуге
қабілеттілігін білдіреді.
Субьективтік құқықтар мен міндеттер заңнан тікелей туындап, еңбек
құқығының субьектісінің құқықтық мәртебесінің ядросын білдіреді. Олар,
әдетте, Қазақстанның негізгі еңбектік заңнамаларында бекітіледі. Құқық
субьектілерінің мәртебелік құқықтар мен міндеттерінің тізімі ерекшелінген
және олардың әлеуметтік жағдайы мен еңбек аясында олар атқаратын
қызметтердің сипаттамаларымен анықталады.
Субьектілердің құқықтық мәртебелерінің мазмұнының нақтылығын
құқықсубьектілік және мәртебелік құқықтар мен міндеттермен қатар құқықтың
жүзеге асырылуының кепілдіктері және міндеттерді дұрыс орындамағандық үшін
жауапкершілігі толықтырады. Кепілдіктер және жауапкершілік құқықтық
мәртебеге қажетті анықтылық және тұрақтылықты білдіреді. Оларсыз еңбек
құқығының белгілі субьектілерінің нақтылы құқықтық статусы туралы сөз
болуының мүмкіндігі болмайды. Кепілдіктер мен жауаптылық құқықтық
категориялар бола тұра, әрдайым құқықтық нормалар ретінде көрініс табады.
Ол нормалар субьектілердің өз құқықтарын жүзеге асыруда әрекеттерінің
оптималды еркіндігіне көмек береді, оған жағдай жасайды немесе субьектілер
өздерінің міндеттерін орындамаса немесе дұрыс орындамаса оларға санкциялар,
тәртіптік жазалар қолдану арқылы әсер етеді.
Еңбек субьектісінің құқықтық мәртебелерінің категориялары түрлі көлем
мен мазмұнының спецификасымен сипатталады. Яғни субьектілердің әрбір тобы
өзінің арнайы құқықтық мәртебесін иеленеді. [5] Оған қоса, әрбір жекелеген
топтардың ішінен де ерекше базалық заңды жағдайға ие және ерекше белгі-
қасиеттерге ие субьектілерді айыру қажет. Мысалы, азаматтар еңбек құқығының
субьектілері ретінде келесі топтарға жіктеліне алады: жалдамалы жұмысшылар,
кәсіпкерлер, өз кезегінде, былай жіктеледі: жұмысшылар, қызметкерлер, жас
мамандар, жұмыс істейтін зейнеткерлер, т.б. Ұйымдар, жұмыс берушілер
ретінде мемлекеттік және жеке, коммерциялық, коммерциялық емес ұйымдар
болып топтастырылады. Сондықтан, құқықтар мен міндеттердің жалпылығы және
сипаттамасына қарай 2 түрге бөлінеді: жалпы және арнайы. Жалпы құқықтық
мәртебе субьектілердің әр түріне құқықтар мен міндеттерді қарастырады.
Арнайы құқықтық мәртебе субьектілердің түрілілік ерекшеліктеріне
қолданылады.
Еңбек құқығының субьектілерінің құқықтық мәртебесі, сонымен,
түрілілік ерекшеліктерді иелене алады. Бұл ерекшеліктер құқықтық мәртебенің
ең маңызды құрамдас бөлігімен анықталады-еңбек құқығының субьектілерінің
берілген тобына заңмен берілген құқықтар мен міндеттердің сипаты мен
спецификасымен белгіленеді.
Азаматтар еңбек құқығының субьектісі ретінде, ең алдымен азаматтар
(Қазақстан Республикасының), шетел азаматтары және азаматтығы жоқ
азаматтар.
Азаматтар еңбек құқығының ең көп таралған субьектілеріне жатады. Ол
дұрыс та, себебі еңбек қатынастарында олар өздерінің кәсіпкерлікке
қабілеттігін, жеке түрде жүзеге асырып, өздерін еңбек субьектісі -
тұлғалар ретінде көрсетеді. [6]
Еңбек туралы заңнама еңбек құқығының субьектілері ретінде азаматтардың үш
негізгі санаттарын ажыратады: а) жалдамалы еңбек тұлғалары (жұмыскерлер);
б) кәсіпкерлер (жұмыс берушілер); в) шет ел азаматтары. Осыған сәйкес еңбек
аясында азаматтардың құқықтық мәртебелерінің үш түрін де қарастыру керек.
Субьективтік құқықтар мен міндеттердің көлеміне және сипатына қарай
еңбек құқығының субьектісі ретінде кейбір санаттағы азаматтардың құқықтық
мәртебесі жалпы және арнайы болып бөлінеді.
Жалпы құқықтық мәртебе Қазақстан Республикасының Конституциясынан
және еңбек туралы заң актілерінен тікелей туындайды және ол барлық
азаматтар үшін бірдей болып табылатын құқықтар мен міндеттерді қамтиды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы (24 бап) азаматтардың еңбекке,
қызмет түрі мен кәсіпті еркін таңдауға құқын көздейді. Сонымен қатар,
азаматтардың қауіпсіздік пен гигиена талаптарына жауап беретін еңбек
жағдайларына, ешқандай кемсітусіз ақы алуға, сондай-ақ жұмыссыздықтан
әлеуметтік қорғалуға; жеке және ұжымдық дауларды, тіптен ереуілге шығып,
заңда белгіленген тәсілмен шешуге құқықтары бар. Ал, мәжбүрлеп жұмыс
жасатуға тек сот үкімі бойынша не төтенше немесе әскери жағдайларда ғана
рұқсат беріледі.
Қазіргі күшіндегі еңбек заңнамасы азаматтардың еркін еңбекке құқығын
нақтылайды, оған кәсіптің, жұмыстың түрін таңдау, қабілетіне,
мүлікіндігіне, кәсіби дайындығына, біліміне қарай және қоғамның
мұқтаждығына сай жұмыс жасау құқығы кіреді.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жұмыскерлер демалуға, жыл
сайын төленетін демалыс алуға құқылы, қолайлы және қауіпсіз жағдайына,
кәсіподаққа бірігуге, т.б. құқылы.
Еңбек туралы заңнама жұмыскерлердің жалпы міндеттерін де көздейді.
Оларға жататындар: адал еңбек, еңбек тәртібін бұзбау, мүлікті ұқыптылықпен
сақтау, еңбек нормаларын орындау, еңбек өнімділігін арттыру, кәсіби
шеберлігін ұштау, жұмыстың және шығаратын өнімнің сапасын жақсарту.
Арнайы еңбектік құқыққабілеттіктің мағынасын құқықтық қатынастардың
кейбір түрлеріне кірудің заңдық мүмкіндіктердің жиынтығын құрайды. Мұндай
құқықтық қатынастар субьектісі тек азамат ғана болады, ол қандай да бір
лауазым, кәсіп, мамандық иесі үшін заңда белгіленген арнайы біліктілік
талаптарын қанағаттандыруы тиіс[7]. Еңбек құқығының субьектілері ретінде
жұмыскерлерге еңбектік құқық субьектілерінің жалпы критерийлері: жастық,
жігерлік және әлеуметтік критерийлер таралады. Бұл жағдайда адамның нақты
еңбек ету қабілеті, яғни заңнамада және жақтардың келісімінде белгіленген
жағдайдағы жүйелі, жолға қойылған жұмысқа қабілеті.
Жалпы құқықтық мәртебе Қазақстан Республикасының Конституциясынан
және еңбек туралы заң актілерінен тікелей туындайды және ол барлық
азаматтар үшін бірдей болып табылатын құқықтар мен міндеттерді қамтиды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы (24 бап) азаматтардың еңбекке,
қызмет түрі мен кәсіпті еркін таңдауға құқын көздейді. Сонымен қатар,
азаматтардың қауіпсіздік пен гигиена талаптарына жауап беретін еңбек
жағдайларына, ешқандай кемсітусіз ақы алуға, сондай-ақ жұмыссыздықтан
әлеуметтік қорғалуға; жеке және ұжымдық дауларды, тіптен ереуілге шығып,
заңда белгіленген тәсілмен шешуге құқықтары бар. Ал, мәжбүрлеп жұмыс
жасатуға тек сот үкімі бойынша не төтенше немесе әскери жағдайларда ғана
рұқсат беріледі.
Құқықтықсубьектілік әрекет етуші заңмен, әдетте, азаматтар 16 жасқа
толғанда орнатылады. Бұл-еңбек жалдамалы болғанда тұлғаларға ең кіші жас
шамасы. Бастауыш және орта кәсіптік оқу орындарында оқитын оқушыларға
ерекше жұмысқа қабылдау жағдайлары орнатылған. 14 жасқа толған оқушы,
сабақтан бос уақытында, ата-аналарының біреуінің (қамқоршысының)
рұқсатымен, денсаулыққа зиян келтірмейтін жұмысқа тартыла алады.
Келісім жазбаша нысанда (арыз) беріледі. Жеке еңбек шартына кәмелетке
толмағанмен бірге ата-анасы (қамқоршы) да қол қояды (Еңбек туралы Заңның 11
бабы).
Егер мемлекеттік қызметкерлердің тиісті нысанына қатысты республика
заңында басқадай көрсетілмеген болса (1999 жылғы 23 шілдедегі “Мемлекеттік
қызмет туралы” Қазақстан Республикасының Заңының 13 бабы, 2-тармағы),
мемлекеттік қызметке тұратын адам 18 жастан кіші болмауға тиіс, Қазақстан
Республикасының азаматтығы, жоғары білімі 1998 жылғы 7 қазандағы “Қазақстан
Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы”
Қазақстан Республикасының Заңы мемлекеттік қызметте болудың ең жоғарғы
шегін алып тастады.
Азаматтардың еңбектік құқықсубьектілігінің жастық критерийінің заңдық
табиғаты сондай-ақ осы жаспен заң бойынша олардың еңбектік кәмелетке
жеткендігі байланыстырылады: еңбектік құқықтық қатынастарда олар азаматтық
кәмелеттікке теңестіріледі (яғни, 18 жасқа толған тұлғаларға),ал еңбекті
қорғау, жұмыс уақыты және еңбектің басқа кей жағдайлары аясында кей нақтылы
жеңілдіктер мен артықшылықтарға ие болады.
Жалдамалы еңбек тұлғалары үшін еңбектік құқықсубьектілігінің
жастық критерийін орнатушы құқық нормалары әрдайым императивті нормалық
сипатта болады. Жоғарыда аталған жасқа толмаған жасөспірімдердің еңбегін
қорғау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек және еңбек құқығы туралы жалпы түсінік
ҚР-ның еңбек құқығы
ҚР еңбек құқығы
Еңбек құқығының ұғымы
Еңбек және еңбекті қорғау ұғымы
Еңбекпен байланысты құқықтық қатынастар
Еңбек құқығы туралы мәлімет
Еңбек құқығының қағидалары
Бңбек құқығы туралы
Сот талқылауының тікелейлігі
Пәндер