Талдап оқыту әдістемесі



Кіріспе.
Дипломдық жұмыстың сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

I тарау. Талдап оқыту әдістемесінің психологиялық. педагогикалық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.1. Талдап оқыту әдістемесінің психологиялық. педагогикалық теориясы, мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.2. Талдап оқытудың дидактикалық ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19

II тарау. Талдап оқыту әдістемесін пайдаланудың дидактикалық негіздемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
2.1. Тұтас педагогикалық үрдістегі талдап оқыту әдістемесі ... ... ... ... ... ... ...30
2.2. Талдап оқыту әдістемесін іс. тәжірибеде пайдаланулар ... ... ... ... ... ... ... 48
2.3. Педагогикалық процестегі дидактика мәселелерін талдауға арналған ситуациялар мен тапсырмалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .64
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...72
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 74
Жұмыстың көкейкестілігі. Мектеп оқушыларының білім сапасын көтеру бүгінгі таңда өркениетті елдер қатарына қосылудың, бәсекелестікке барынша лайықты болашағымызды тәрбиелеудің басты бағдарына айналып отыр. «Өркениеттің аса маңызды міндеті- адамды ойлай білуге үйрету»- дейді амарикандық ойшыл, өнертапқыш Томас Эдисон айтқандай талдап оқыту терең, тиянақты білім алуға негіз қалайды.
Оқыту үрдісін сапаландыру үшін қажетті ақпараттарды таңдап алу маңызды, сол ақпараттарды қабылдаудың үш деңгейі бар:
1. Күнделікті тәжірибелік;
2. Нақты ғылыми;
3. философиялық, дүние танымдық.
Оқыту мен тәрбиелеудегі күрделі міндеттерді табысты шешудің жолы мұғалімнің біліміне, біліктілігіне, кәсіби шеберлігіне, шығармашылық еңбегіне байланысты. Ұстаз қызметінің мақсаты- өз пәнін жақсы үйретуден гөрі тереңіректе, ол- адамды қалыптастырушы адам, оқутыда талдап түсінікті дәрежеге өзіні- жеткіншектің еңбек ету арқылы жетуін ойластыруда. Талдап оқу әдістемесінің мәні- оқу үрдісінде керекті білімді бақылап, ұғып қана қоймай, түсініп, талдау арқылы білу және оқу материалдарын тұтас байланыстыруында. Сонда ғана оқу тиімді болада, оларды жүйелей білу. Адамның ең бір жетілген құралы- сөз, сөз адам ақыл- ойының ішкі мәдениетінің және тәрбие дәрежесінің көрсеткіші болып табылады.
1. Назарбаев Н.Ә. «ХХІ ғасыр білім мен ғылым ғасыры болады», Егемен Қазақстан, 13 қаңтар, 2009 жыл.
2. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқының әл- ауқатын арттыру- мемлекеттік саясаттың басты мақсаты (Егемен Қазақстан, 2008 жыл, 7 ақпан).
3. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан- 2030», «Үкімет жаршысы», Алматы, 1998, 112 б.
4. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Астана, «Дастан», 2000 ж.
5. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Астана, Елорда, 2008- 56 б.
6. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы, Астана, 2004
7. Әбиев Ж. Педагогика тарихы. Алматы, Дарын, 2006, 480 б.
8. Әбиев Ж.Ә., Бабаев С.Б., Құдиярова А.М. Педагогика, Алматы, Дарын, 2004, 448 б.
9. Бабаев С.Б. Бастауыш мектеп педагогикасы. Алматы, Заң әдебиеті, 2007.
10. Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика. Алматы, Заң әдебиеті, 2006, 288 б.
11. Бабаев С.Б. Педагогика. Алматы, Дарын, 2004, 420б.
12. Губашева С.Б., Отарбай А.Ж. Тәрбие жұмысының әдістемесі. Астана, Ролпанга, 2007, 244 б.
13. Дайрабаев Е., Дайрабаева А. Педагогика негіздері. Алматы, Қазақ университеті, 2005.
14. Жанпейісов Х. Педагогикалық дәрі курсы. Нұрлы әлем, 2008.
15. Қожабаева Б.Е., Төлеубекова Р.К. Педагогика. Алматы, 2003
16. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика, Астана, 2007, 328 б.
17. Қоянбаев Р.М., Ыбырайымжанов Қ.Т. Жалпы бастауыш білім беру педагогикасы. Түркістан, 2005.
18. Құрманалина Ш.Х., Мұханова Б.Ж., Ғалымова Ә.У., Ильясова Р.К. Педагогика. Астана, Фолиант, 2007, 656 б.
19. Максакова В.И. Теоретические основы и методика воспитания младших школьников. Гуманитарный издательский центр ВААДОС, М.: 2006, 238 г.
20. Наурызбай Ж. Ұлттық мектептің ұлы мұраты. Алматы, Ана тілі., 1995, 496 б.
21. Латышина Д.М. История педагогики. М., 1998
22. Подласый И.П. Педагогика. Алматы, 2000
23. Подласый И.П. Педагогика начальный школы. М., 2007
24. Сағындықұлы Е. Педагогика, Алматы, 2007.
25. Сейталиев Қ. Педагогика тарихы. Алматы, Білім., 2008, 416 б.
26. Сейталиев Қ.Б. Тәрбие теориясы. Алтамы, Мектеп, 1986, 150 б.
27. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Астана, 2008
28. Сабиров Т.С. Оқыту теориясының негіздері. Алматы, 2000.
29. Әбілқасымов А.Е. Қазіргі заманғы сабақ. Алматы, 2000.
30. Қалыбекова Ә.А., Ысқақов Ж.Ы., Әлсейітов Т.М. Мұғалімдердің педагогикалық сөздігі мен анықтамалары. Алматы, Қазақ университеті, 2002, 287 б.
31. Ақпанбек Г. Қазақтардың дүниетанымы. Алматы, қазақ университеті, 1989.
32. Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. Алматы, 1991.
33. Әбенбаев С. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі. Алматы, 1990.
34. Сабиров Т. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. Алматы, 1978.
35. Кобдикова Ж.У. Оқу процесін технологияландыру. Алматы, 2000.
36. Қасымбай Ә. Осы заманғы педагогикалық технология. «Қазақстан мектебі» №2, 2001 ж.
37. Мұқанов И.М. Жас және педагогикалық психология. Алматы, 1982.
38. Мұқанов М.М. Педагогикалық психология очерктері. Қ.М.Б.А., 1962.
39. Сабиров Т.С. Балаларға ақыл-ой тәрбиесін берудің кейбір мәселелері. Алматы, Мектеп, 1978.
40. Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы, Қазақ университеті, 1998.
41. Тұрғынбаев Б.А. Талдап оқыту технологиялары. Алматы, 2000.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Шымкент институты

Сыртқы бөлім факультеті

Педагогика кафедрасы

Дипломдық жұмыс

Тақырыбы: Талдап оқыту әдістемесі

Орындаған: 4517У
тобы. Ақынбекова Д.

Ғылыми жетекшісі: Оңғарбаев А.

Шымкент 2009 ж.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе.
Дипломдық жұмыстың
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 3

I тарау. Талдап оқыту әдістемесінің психологиялық- педагогикалық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.1. Талдап оқыту әдістемесінің психологиялық- педагогикалық теориясы,
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .7
1.2. Талдап оқытудың дидактикалық
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...19

II тарау. Талдап оқыту әдістемесін пайдаланудың дидактикалық
негіздемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
2.1. Тұтас педагогикалық үрдістегі талдап оқыту
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ..30
2.2. Талдап оқыту әдістемесін іс- тәжірибеде
пайдаланулар ... ... ... ... ... ... ... .48
2.3. Педагогикалық процестегі дидактика мәселелерін талдауға арналған
ситуациялар мен
тапсырмалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 64

ІІІ.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 72

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .74

Дипломдық жұмыстың сипаттамасы

Жұмыстың көкейкестілігі. Мектеп оқушыларының білім сапасын көтеру
бүгінгі таңда өркениетті елдер қатарына қосылудың, бәсекелестікке барынша
лайықты болашағымызды тәрбиелеудің басты бағдарына айналып отыр.
Өркениеттің аса маңызды міндеті- адамды ойлай білуге үйрету- дейді
амарикандық ойшыл, өнертапқыш Томас Эдисон айтқандай талдап оқыту терең,
тиянақты білім алуға негіз қалайды.
Оқыту үрдісін сапаландыру үшін қажетті ақпараттарды таңдап алу
маңызды, сол ақпараттарды қабылдаудың үш деңгейі бар:
1. Күнделікті тәжірибелік;
2. Нақты ғылыми;
3. философиялық, дүние танымдық.
Оқыту мен тәрбиелеудегі күрделі міндеттерді табысты шешудің жолы
мұғалімнің біліміне, біліктілігіне, кәсіби шеберлігіне, шығармашылық
еңбегіне байланысты. Ұстаз қызметінің мақсаты- өз пәнін жақсы үйретуден
гөрі тереңіректе, ол- адамды қалыптастырушы адам, оқутыда талдап түсінікті
дәрежеге өзіні- жеткіншектің еңбек ету арқылы жетуін ойластыруда. Талдап
оқу әдістемесінің мәні- оқу үрдісінде керекті білімді бақылап, ұғып қана
қоймай, түсініп, талдау арқылы білу және оқу материалдарын тұтас
байланыстыруында. Сонда ғана оқу тиімді болада, оларды жүйелей білу.
Адамның ең бір жетілген құралы- сөз, сөз адам ақыл- ойының ішкі
мәдениетінің және тәрбие дәрежесінің көрсеткіші болып табылады. Олай болса,
оқу-тәрбие жұмыстарында талдап оқыту, ойлау, үй тапсырмасын орындау, жаңа
сабақты түсіндіру, үй тапсырмасын баяндауда оқу материалдарын жүйелеп,
байланыстыру, оқу мен тәжрибе сабақтас ұғым екендігін сезуі, болу есте
сақтап мәнін түсінуде атқарар рөлі зор.
Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып
көрсе, дүниедегі жақсы- жаманды танидыдағы, сондайдан білгені, көргені көп
болған адам біліміді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі
өзі де есті болады- деген Абайдың он тоғызыншы ұлағатты қара сөзінің мәні
үлкен, ол талдау, түсіну, тәжірибе алу, үлгі тұту арқылы әр адам жетіледі
деген ойды білдіреді.
Сабақтың мақсаты- баланың басқаға ұқсамайтын қасиетін аша білу, ол
үшін талдап оқыту әдістемесін зертделеу, меңгеру қажет, шәкірттың өзіне
психологиялық бақылау жасау арқылы білімнің негізін анықтай түсуге,
үйретуге ұмтылыс жасалады. Талдап оқыту әдістемесін зерделеудің қажеттілігі
мұғалімнің өз сабағын тиянақты білуі керек, ол үшін талдап, терең түсінуі,
үздіксіз бақылау жасап, оң жақсы қасиеттерін көріп дамыту қажет.
Талдап оқыту әдістемесінің мәні- баланың ықыласын ояту, қолынан іс
келетіндігіне сендіру, сөзі мен ісінің жасанды емес шынайы болу басты
шарттардың бірі, әсіресе шәкірттің кемшілігін емес, жеңісін ізде, әр бала
табиғаттың құбылысы, сол үшін сыйлауға болады. Сабақ үстіндегі тыныштыққа
көп ізденіспен, еңбекпен ғана, талдап оқытуға шәкірттердің ынта- ықыласын
тыңдау арқылы жетуге болады.
Сапалы оқыту, саналы тәрбиелеу деген ұлағатты ой бар, сондағы сана
деген де бір шырақ. Зиялы тәлімгер, оның отын тұтатса, ізгілік ізгілікке,
әдептілік әдемілікке ұласады. Адамдық қасиеттердің жайнаған гүлдей ашылуына
да себеп керек. Үлкендер- ойлылар мида жеті шырақ болады деуші еді. Кем
дегенде үшеуі жанса- ақылдылық, бесеуі маздаса- ұлылық. Жетеуі бірдей сәуле
шашса- пайғамбарлық екен. Бұл теңеудің байыбында, ағартушылық маңызының зор
екендігі аңғарылады. Басты түсінік сапалы білім беру, саналы тәрбиелеудің
бір амалыы талдап оқыту.
Оқыту- ұзақ үрдіс, ол жеке сабақтардан құралады, ол оқыту үрдісінің
негізгі буыны.
Сондықтан әрбір сабақты жақсы өткізу маңызды, оған жан-жақты дайындалу
қажет. Әрі балалардың білім алуға, еңбекке және қоршаған ортаға бейімі,
қарым-қатынасы нақ осы кезеңде қаланатынын естен шығармауымыз керек деді
Елбасы 2008 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында. Осыған орай білім алу,
еңбекке және қоршаған ортаға белгілі қарым-қатынасын сапаландыру мақсатымен
дипломдық жұмыс тақырыбын Талдап оқыту әдістемесі деп атағанды жөн
көрдік.
Жұмыстың мақсаты: Абай қырық төртінші сөзінде: Адам баласының ең
жаманы- талапсыз дейді. Ал он жетінші сөзінде: Адамның адамгершілігі
неден құралады дегенде- қайрат, ақыл, жүрек- үшеуін айтып ғылымға
жүгіндіреді. Абай жүрекке бірінші орын береді. Саналы тәрбие және сапалы
білім беру амалдарының бірі- талдап оқыту, талдап оқыту әдістемесінің
зерделеу, жүзеге асыру- пайдалану.
Зерттеу нысаны: оқу-тәрбие жұмыстарында қолдану амалдарын қарастыру.
Зерттеу пәні: оқыту, тәрбиелеу үрдісінде байқаулар жасау, қорытынды
шығару.
Зерттеудің ғылыми болжамы:
- оқу- тәрбие үрдісінде талдап оқыту әдістемесін зерделеп, ғылыми-
педагогикалық негіздері мен мүшелерін анықтап, педагогикалық іс-әрекеттерде
байқаулардан өткізіп, мазмұнын жобалау;
- талдап оқыту әдістемесін іс- тәжірибелерде байқаулар арқылы
модельдеу;
- талдап оқыту әдістемесінің үлгілерінің байқаулар нәтижелеріне сай
ұсыныстар әзірдеп қолданулар жасау.
Зерттеудің міндеттері:
1. Бастауыш мектепте талдап оқыту әдістемесін зерделеп, оның мәні мен
мазмұнын айқындау.
2. Бастауыш мектепте талдап оқыту әдістемесі жұмысының күйіне талдау
жасау.
3. талдап оқыту әдістемесін кіші жастағы оқушылармен оқу- тәрбие
жұмыстарында пайдаланудың педагогикалық шарттарын анықтау және әдістемесін
пайдалану.
Зерттеу көздері: Философтардың, психологтар, педагогтар мен
әдіскерлердің, бастауыш мектеп мұғалімдерінің оқыту әдістемелеріне қатысты
еңбектері, білім беру саясаты саласындағы нормативтік құжаттар:
- Қазақстан Республикасының Конститутциясы;
- Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы;
- Қазақстан- 2030 даму стратегиясы;
- Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына дәстүрлі
Жолдаулары;
- Жалпы білім беретін мектептердің мемлекеттік білім беру стандарты,
типтік оқу бағдарламалары, оқу жоспарлары, оқулықтар, оқу құралдары және
т.б. құжаттар;
- бастауыш мектептегі білім беруге қатысты ғылыми- әдістемесіне
журналдар;
- Бастауыш мектептердің озық іс-тәжірибелік педагогикалық жұмыстар;
Жұмыстың ғылыми жаңалығы және мәнділігі:
- талдап оқыту әдістемесінің педагогикалық негізі, мәні және мазмұны
айқындады;
- бастауыш сыныптарда талдап оқыту әдістемесі жұмысының жағдайына
талдау жасалынып, оның негізгі бағыттары және жетілдірудің мүмкіндіктері
ашып көрсетіледі;
- талдап оқыту әдістемесі жұмысын жүргізудің педагогикалық шарттары
анықталды;
- талдап оқыту әдістемесі теориялық тұрғыда негізделіп, байқаулардан
өткізілді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытынды, пайдаланған әдебиеттерді және қосымшадан тұрады.

І ТАРАУ. ТАЛДАП ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ, ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ.
1.1. Талдап оқыту әдістемесінің психологиялық, педагогикалық теориясы,
мәні.
Білім беру жүйесі тәуелсіздік жылдары ішінде басқа салалар сияқты
түрлі бағдарламаларды жүзеге асыруда. Қоғаммен бірге біріңғай тетік сияқты
білім беру жүйесі қалыптасып, дамуда. Солардың ішінде білім беру, оқыту
сапасы, саналы түрде, жоспарлы жалғасуда.
Мектеп жұмысының басты мақсаты бастауыш сыныптан саналы тәрбиелеу,
сапалы білім беру, ұстаздың өз шәкіртіне бергенне гөрі, берері көп болуы-
ең бірінші қажеттілік. Сабақ мазмұндылығы, оның оқушының ынта-ықыласынан
туындайды, белсенділігін арттыру мұғалімнің біліміне, біліктілігіне,
қабілеттілігіне, үздіксіз білім толықтыру, жауапкершілігіне ұатысты.
Мектеп жұмысының ең басты өлшеуіші- Қазақстан Республикасының
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарт талаптарына мүлтіксіз
жүзеге асыру. Жасөспірімдер бойында патриотизм, өз еліне, өз жеріне деген
сүйіспеншілікке баулудың маңыздылығы зор.
Жас буынға білім беру- тәрбие мәселесін жетілдіру арқылы нәтижелі
болатындығы мәлім. Тәрбие- білім беру жүйесінің басты мақсаты да, құралы
да.
Ұлттық білім беру жүйесң тәлім- тәрбие –білім атты схема негізінде
қызмет етуі тиіс. Ең басты шарт- білім сапасы болуы міндетті. Білім беру
ісіндегі озат тәжірибе барлық жұрттарға ортақ. Озық ойлы ұрпаққа білікті
маманға бүкіл әлем мүдделі.
Жалпы, мектептің алтын діңгегі- ұстаз, ұрпаққа білім беру мен
тәрбиелеу, Қазақстан- 2030 стратегиялық бағдарламада барлық балалардың
сапалы білім алуы анық көрсетілген. Тал шыбықтай бала жанын түсіну, елі мен
жеріне пайдасы тиетін азаматтық негізін қалап, қалыптастыру мақсат. Терең,
тиянақты білім беру ғылыми негізделген оқыту әдістемесін зерделеп, озат
педагогикалық технологияларды жан-жақты игеріп, оқыту әдістемесін меңгеру
арқылы жүзеге асырылады.
Бүгінгі таңда бастауыш мектеп табалдырығын үмітпен аттаған бүлдіршін-
ертеңгі қоғам мүшесі. Сондықтан болашақтың иесі- білім алуға, тәрбиелі
болып өсуге келген балаларға алғашқы күннен бастап-ақ Сапалы білім, саналы
тәрбие беріп, өміртанудың нәрімен жетілдіру, дамыту, қалыптастыру үшін ең
бірінші кезекте психологиялық тұрғыдан жан- жақты зерделеп, олардың
ерекшеліктерін есепке алып, оқыту және тәрбиелеуді мәнді, нәтижелі жүргізу
үшін педагогикалық тұрғыдан әрбір сабақты оқытуға оқу- әдістемелік
тұрғыдан, теориялық, практикалық даярлану, әрине білім, біліктілік,
шеберлік пен тәжірибе қажет.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасында: Бастауыш мектептің негізгі міндеті- баланың жеке басын
бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және
дамыту. Осы сатыдағы оқу мен тәрбие оң уәжді қалыптастыруға және оқу
қызметін білуге, оқу, жазу санаудың берік дағдыларын үйренуге, тілдік қарым-
қатынастың қарапайым тәжірибесіне, өзін- өзі шығармашылық тұрғыдан таныта
білуге, мінез- құлықтың мәдениетіне, жеке гигиеналық және өмір салтының
негіздеріне бағдарланады, сонысымен кейін негізгі мектептің жалпы білім
беру бағдарламаларын меңгеруге база жасайды- делінген.
Тұжырымдаманың 4.3.1. бөлігінің талаптарын жауапкершілікпен орындау.
Талдап оқыту әдістемесін зерделеп, білім нәтижесі- әдістемеде деген
ойдың мәнділігіне көңіл бөлдік. Бала сезімі көктей гүлдей нәзік, олай болса
оларды зерттеп, бақылап жанын түсіну, сыртын білу психологиялық тұрғыдан
ойлау, қабылдау, сөйлеу, жазу қабілеттеріне ерекше мән беру негізгі
шарттар. Оқушы көңіліне сызат түсірмей, оның әр жауабын мұқият тыңдап,
дұрыс жауабын мақұлдап, қатесін өзі түзетуге мүмкіншілік жасау, оқу
материалдарын талдауға, біріктіруге, салыстыруға үйрету.
Оқу материалдарын баяндау, жаттығулар, тәжірибе жасау, тапсырмаларды
орындау, үй тапсырмасына жауап беру сәттерінде алға жетелейтін, жауап
беруге баулитын сұрақтар қойып, мысалдар келтіріп бағыт беру оқушының өзіне
деген сенімін арттырады, талдап оқуға өзі қалыптаса бастайды, үлгісін
көреді, өтілген оқу материалдарын қайталайды. Сонда ғана бастауыш мектеп
оқушысы қолдауды сезіп, қамқорлықты ұғады Ұстаздық еткен жалықпас үйретуге
балаға деген үздік ойды ұғады, талаптыға нұр жауар деген пікірді өмір
тәжірибесінде кездестіріп, өзі оған тікелей себепкер болады.
Қазіргі кезеңде елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік
Стандарт Кеңістігіне енуге бет бұрдық. Сондықтан әртүрлі оқыту
әдістемелерін, технологияларын, инновациялық элементтерді бастауыш сынып
оқушыларының жас мөлшері мен психологиялық ерекшеліктеріне сай таңдап,
білім беру жүйесіне енгізудің маңызы зор.
Психологиялық тұрғыдан шәкірттерге жан- жақты бақылау, талдау жасау
және оқытудың озық әдістемелерін меңгеріп, таңдау жасай алуы, меңгеруі
бойынша талдап оқытумен саналы тәрбие, сапалы білім беретіндігін тәжірибе
дәлелді көрсетуде. Оқыту және тәрбие жұмыстарында оқушының психологиясын
зерделеп, бақылауда арқылы, ұтымды талдаулармен ерекшеліктерін білу, оқыту
барысында педагогикалық әдістерге орынды таңдау жасау оқытудың нәтижелігіне
жеткізетін озық әдістемесін жете зерделеп, тыңғылықты меңгеруді қажет
етеді. Сонда ғана оқушылардың қисынды ойлауын, қиялын дамытуға, сөз қорын
молайтыға ықпал ету үшін, ауызша да, жазбаша да сөйлемдерді дұрыс құрап,
айтуға, түсінік беруге, жазуға бағыт беру, көмектесу, бірлесіп талдау
жасау, мысалдар келтіру, үлгілерін көрсету, біріне-бірінің жедел көмегін
ұйымдастыру, ынтымақтаса еңбек етуге көңіл бөлген жөн.
Баланың физиологиялық дамуы генетикалық бағдарлама бойынша қаңқасының,
бұлшық ет көлемінің өсуі арқылы нақты, көрнекті жағдайда өтіп жатады.
Ал оның психикасының, жекелігінің дамуы ше? Сананың дамуы оқытудан ба,
әлде әлеуметтік жағдайдан ба? Не табиғи есеюден бе? Бұл сұрақтарға жауап
адамның ішкі мүмкіндіктерінің шекарасын, сыртқы педагогикалық әсерлердің
мақсат- міндеттерін анықтайды.
Педагогика тарихында екі түрлі қарама- қайшы пікір орын алып келеді.
Бірі- жаратушының күштілігін тұқым қуалаушылық факторды қуаттаса, екіншісі
керісінше, барлық нәтижені ортаның әсеріне жатқызады.
Қазіргі күнгі ғылым психикалық даму қоршаған ортаның санада
сәулеленуіне яғни, танымдық тәжірибені және әрекетті меңгеруіне,
меншіктенуіне байланысты деп қарайды. Бұл- оқу, білім алу деген сөз.
Оқу- адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту
белгілі бір мөлшерде адамды талдапты. Біз бұдан ары қарай дамудың алдында
жүретін, дамуда шешуші роль атқаратын оқыту жайлы сөз етпекпіз.
Даму ұғымының психологиялық анықтамасы- жаңарту процесі, жаңаның
өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны береді. Барлық табиғат
құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып,
өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады. Ғалымдардың
зерттеулері баланың даму процесіне 3 түрлі күш пен 3 түрлі фактордың
қатысатындығын дәлелдейді.
Олар:
Биологиялық фактор: Бұл ата-анадан ауысқан, туа біткен және өмір сүру
барысында қабылданған дененің барлық мүшелерінің, оның барлық жүйесі
құбылысының ерекшелігін білдіретін, бала органимзмнің ортамен қарым-
қатынасының нәтижесі.
Әлеуметтік фактор: Бұл бала өмір сүретін орта, ең алдымен адамдардың
ортасы. Бұл сондай-ақ баламен қарым- қатынас жасайтын адамдардың сипаттары,
мінез- құлық және ақыл- ой бейнелері, олардың мүдделері мен пікірлері,
істері мен сөздері, талаптары мен дағдылары, ұмтылыстары, яғни бала өсіп
дамитын рухани орта.
Баланың өз белсенділігі: Даму процесіне әсер ететін бұл үшінші күш
болып саналады. Оқитын пән қандай да жаңа, бағалы болмасын, мұғалімнің
шеберлігі қаншама жоғары болмасын, ер мұғалім баланың өз белсенділігін
туғыза алмаса, оған ұсынылған іс пен еңбекте баланың әрекетке қатынасуы
нәтиже бермейді. Баланың организм ретінде дамуы мен жеке бас ретінде
қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады.
Талдап оқытудың Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов жасаған жүйесінің көздеген
мақсаттарына жету тек баланың өзінің белсенділігіне байланысты. Осыған
орай, бұл жүйенің әдіс- тәсілдері де оқушының оқу белсенділігін
ұйымдастыру, қолдап, көмектесіп отыруды көздейді. Бұл жүйемен дәстүрлі
оқытуды салыстыру мынадай қорытынды жасауға негіз болады. Дәстүрлі
сабақтардың әдістерінің мәні төмендегідей 3 құрамдас бөліктермен
анықталады:
1. Үлгіні көрсету
2. Түсіндіру
3. Бақылау, бағалау.
Мұғалім сабақ мазмұнын жақсылап айтып түсіндіріп шығады. Содан соң оны
меңгертуге арналған жаттығулар орындалады. Бұдан кейін қалай
меңгерілгендігін анықтау мақсатындағы сұрау, бағалау ұйымдастырылады.
Әрине, жұмыс әр түрлі болып өткізілуі мүмкін. Мысалы: өзі айтып бермей,
үнтаспадан тыңдату, балаға оқыту т.б.
ХХІ ғасырда Елбасы Қазақстан- 2030 стратегиялық бағдарламасының
ерекшелігі мен нәтижелері білімге ерекше көңіл бөлгендігі байқалады.
Дарын мектептері Болашақ бағдарламасы, Үш- тұғырлы тіл, Физика-
математика бағытындағы жаңа үлгідегі мектептердің пайда болып дамуы.
Нәтижелері маңыздылығымен байқалады.
Оқу- тәрбие үрдісіне талдау жасау оқытуда талдау оқыту әдістемесінің
мәнділігін байқатады, терең, тиянақты білім беру тәрбиелеуде талдау, талдап
алу, байқап көру ұғымдарының өзі:
- біріншіден, философиялық бағытта ой елегінен өткізіліп, оқу
материалдары модульдық үлгіде- білім беру философиясы мазмұнына
келтірілуде;
- екіншіден, психологиялық бағытта оқу материалдарын жас ерекшелігіне
сай келтіру, қабылдау, ойлау, елестету, қиялдау, есте сақтау, көру, есту
арқылы түрлі амалдар жасау, талдау, салыстыру, қорытындылау, жалпылау
біріктіре білу арқылы оқу материалдарын меңгеру шарттарына өту, келесі
қадам ол әрбір оқушының жеке психологиясын, сабаққа даярлығын
диагностикалау, болжамдау, түзетулер ендіру;
- үшіншіден, кіші мектеп жасындағы балаларды білімді игеру: әріп тану,
оқу, жазу, сауатты жазу, біріктіріп оқу, ескерту, ойлау амалдарын және
әрекеттер жасау мүмкіндіктері мен қабілеттерін ұтымды, оңтайлы пайдалану-
дидактикалық проблеманы шешу жолы- оқыту әдісін тыңдай білу. Оқыту әдісі-
ол шәкірт пен мұғалімнің бірлескен қызметі, оны сабақ беру, оқыту деп
атайды. Оқыту әдісі- қойылған мақсатқа жету жолы, ол тәсілдерден- жеке бір
реттік әрекеттерден құралады.
Мұғалім оқытудағы мақсатына жету үшін тиімдісін, нәтижелісін таңдап
алуға әрекеттер жасайды. Мысалы білім көздері бойынша оқыту әдістерінің
кестесіне зейін аударамыз.
1- кесте
Іс- Көрнекілік Сөздік Кітаппен жұмыс Бейнеәдіс
тәжірибелік
Тәжірибелер, Бейнелеу, Түсіндіру, Оқу, зерделеу, Бейнефильмдерді
жаттығулар, көрсетулер, баяндау, парақтап көру, қарап шығу,
дидактикалық оқушылардың әңгіме, жоспар түзу, бейне-
ойындар, бақылаудары, әңгімелесі,хрестоматиямен материалдарды
оқу өнімді анимациялық түсініктемежұмыс, экраннан көру,
еңбек, фильмдер, , нұсқау электронды электронды
оқу танымдық мультимедия оқулықтарды ұстаз
жұмыс фильмдер, компьютер бақылауымен
он-лайн сабақ арқылы, жаттығу, бақылау
және т.б. интерактивті
тақтадан көру

№1 кестеде көрсетілген білім көздері бойынша оқыту әдістері арқылы
талдап оқыту жасау оқу материалдарының терең, тиянақты меңгеруге негіз
қалайды. Әрбір аталған әдістер оқытудың барысында таңдап алынады, оның мәні
практикалық жұмыстарды талдап оқыту жүзеге асырылады. Оқыту үрдісінің кез
келген кезеңінде көрнекілік пайдаланылады, олар бірнеше нұсқада, түрдегі
иллюстрациялар алу материалын игеруге тікелей қатысты болғанда мақсатты.
Бірнеше немесе екі белгілері негізінде оқу әдістерін жіктеудің
көптеген жолдары қарастырылады. Мысалы, М.И.Махмертовтың қосарлы оқыту
әдістерін жіктеу талпынысында оқыту әдістері және білім беру әдістерін
үйлестіру көзделді.
2- кесте
Оқыту әдістері Білім беру әдістері
Ақпараттық хабарлаушы Орындаушылық
Түсіндіруші Репродуктивті
Нұсқау- практикалық Өнімді практикалық
Түсіндіруші- үлгі көрсетуші Жартылай ізденуші
Үлгі көрсетуші Ізденушілікті

№2 кестеде келтірілген оқыту әдістері нәтижелі болады, егерде әрбір
әдіс негізінде талдап оқыту әдістемесі алынатын болса.
Неміс дидактигі Л.Клингберг оқыту ынтымақтастығы формасында үйлестіру
әдістерін атап көрсетеді, оны келесі №3 кестеден көреміз.
3- кесте
Монологтық әдістер Ынтымақтастық формалары Диалогтық әдістер
Әңгіме, Жеке топтық, Әңгімелесу
көрсету, жаппай ұжымдық Пікір алысу,
баяндау сұрақ- жауап

Басқада жіктеулер бар, Ю.К.Бабанский оқытудың үш үлкен тобын атайды.
Ал ынтымақтастық, оқыту әдістерінің мәні оқытудағы басты ерекшелік оқу
материалдарын терең, тиянақты, сапалы түсіндіру амалдарын жасау- талдап
оқытуға айналдыру. Талдап оқыту әдістемесі:
- оқыту, оқу теориялық негіздеме жасау;
- іс- тәжірибелік үлгілерін келтіру;
- теориялық және іс-тәжірибелік байланыстарын нақтылау;
- оқу материалдарына қатысты мысалдар келтіру;
- оқу материалдарына байланысты талдауларды бірлесіп жасау;
- монологтық әдістерді, ынтымақтастық формаларын және диалогтық
әдістермен мақсатты, ретімен алмастыру, түрлендірулерді нәтижелеріне сай
өткізу.
Академик Ю.К.Бабанский ұсынған үш үлкен оқыту әдістерінің тобы
аталады, олардың басты мақсаты сапалы білім беру, талдап оқытудың мақсаты
оқу материалдарын терең, тиянақты түсіну, олай болса, оқыту, оқу нәтижесін
көріп, оқу, оқыту іс- әрекеттерінің арқасында игеру болатындығын көреді.
Оқу- танымдық қызметтерді ұйымдастыру және жүзеге асырудың басты
шарты: таңдап оқыту әдістемесін іске асыру.
4- кесте
Сөздік, Индуктивті және Репредуктивті жәнеӨзіндік жұмыс
көрнекілік, дедуктивті проблемалы әдістері және
практикалық ізденушілік оқушының
мұғаліммен өзіндік
жұмысы

Бұл аталған әдістер: сөздік, көрнекілік және практикалық талдап
оқытудың қажетті элементтері, теориялық түсіндіруде бірінші кезекте сөздік
түсіндіру, түсініктеме жасау барысында талдау жасау қажет. Екіншіден
жекеден өту амалдары оқу материалдарын ойластыру,т талдау қажет, ол
маңызды. Үшіншіден ұжымдық талдау толықтыру, бірнеше нұсқадан қарастыруға
ұласады.
Талдап оқыту әдістемесінің келесі амалдары арқылы еңбектері
ынталандырылады, олай болса оқу- танымдық қызметінде белсенділікті арттыру
тетігі- қарама- қайшылық өз кезегінде қозғаушы күш туындатады, әрине
қозғалыс, жылжу жасайды.
5- кесте
Оқушылардың білім алуға Шәкірттердің білім алуға
қызығушылықтарын ынталандыру және міндеттіліктері мен
түрткі болу әдістері жауапкершіліктері ынталандыру және
түрткі болу әдістері

Оқушылардың білім алуға қызығушылықтарын ынталандыру және түрткі
болуға себепкер болатын әдіс- талдап оқыту әдісі:
1. Оқушы үздіксіз оқуға дағдыланады.
2. Оқу материалдарын жүйелі оқуға қалыптасады.
3. Оқу, оқыту, білім алу және тәрбиелеу мақсатты болып еңбек ету- оқу
нәтижесіне сай ынталану артады.
4. Талдап оқу, талдап оқыту- ең бастысы оқу материалдарын тиянақты
оқу, жазу, қайталау үйлесімдерін табады.
5. Талдап оқыту әдістемесі оқы, оқы және оқы ережесін жүзеге
асырады, оқуға өзі үздіксіз оқумен қалыптасады.
6. Оқу материалдарын игеріп, есінде тиянақты сақтап, мемлекеттік
аралық бақылау тапсыру талдап оқытудың қажеттілігін, білімділігін
көрсетеді.
7. Мемлекеттік грант иегері атағына жетуді көздеу басты мұрат, сол
ойды жүзеге асыру амалы- талдап оқыту әдістемесінде.
Талдап оқыту әдістемесін бақылау, байқау және өзін-өзі бақылау
жұмыстарында қолдануға болатындығы тәжірибеде көрсетуде. Осы келесі №6
кестеден көруімізге болады.
6- кесте
Бақылау және өзін- өзі бақылау әдістері
Ауызша бақылау және Жазбаша бақылау және Практикалық бақылау және
өзін- өзі бақылау өзін- өзі бақылау өзін- өзі бақылау
әдістері әдістері әдістері

Оқытуды, оқуда, оқу- тәрбие жұмыстарында өзіне- өзінің есеп беруі
маңызды, жасаған оқу әдебиеттері, еңбек әрекеттері және оның нәтижелеріне
талдау жасау білімі, іскерлігі және дағдысы қалыптасады. Таңертең
оянысымен өзіңнен Мен не істеуге тиіспін?- деп, кешқұрым, ұйықтар
алдында: Мен не тындырдым?- деп сұра деген әйгілі Пифагор (570- 500).
Бұл тамаша ойдың көрінісі, талдау жасап, бағалау жасау, жоспарлау оқу-
тәрбие, басқада іс- әрекеттерінің жақсаруына, жүйелі жүзеге асуына тікелей,
нақты бағыт береді.
Ұлы Абай: Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір
рет, болмаса жұмасына бір рет, ең болмаса айына бір рет өзіңе өзің бақылау
жаса, есеп бер, талдау арқылы қорытынды шығар дейді. Ол жай іс емес, нағыз
тәжірибе және оны өзің ақиқат білесің. Талдап оқыту әдістемесінің мәні
амалдар арқылы зерделеу, меңгеру, игеру жүзеге асырылады.
Қарастырылған оқытудың әдістері толығымен барлық талаптарды орындай
алмайды, сондықтан мақсатқа қатысты түрлендіру, толықтыру және жаңа
оқытудың педагогикалық технологияларын зерделеп, инновациялық элементтермен
жетілдіру қажет, негізгі мақсат оқу нәтижесін сапаландыру, тиянақты,
тыңғылықты, терең білім алуды қамтамасыз ету- талдап оқыту әдістемесін іс-
тәжірибеде қолдану.
Мұғалімдер іс- тәжірибелік қызметтерінде педагогикалық үрдісте оқыту
әдістерінің барлық жіктелуін үйлестіреді- олар тұрақты түрлендіреді,
толықтырады және бірін- бірі дамытады.
Өтілетін тарау модульдік оқыту әдісіне сай күні бұрын жоспарланады.
Жалпы жоспардың көрінісі кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды болып
келеді. Мысалы, тарауға кіріспе ретінде бір сағаттық сабақ белгіленіп,
қайсы тақырыпты қамтитындығын, қандай сұрақтардың төңірегінде қанша уақыт
тоқталатынын, ал негізгі бөлімге тараудың көлемі, осы тарауға ажыратылған
мемлекеттік бағдарламаның сағат саны мен тақырыптардың күрделілігіне сәйкес
тиісті сағат саны белгіленіп, онда қарастырылатын тақырыптарға сай нақты
сұрақтар мен уақыттары жоспарланады.
№ Бөлім Тақырып Сұрақтар Уақыт
1 Кіріспе 1 а) 10
ә)
б)

2 Негізгі бөлім 1 а)
ә)
б)

2 а)
ә)
б)

3 а)
ә)
б)

4 а)
ә)
б)

3 Қорытынды Өтілген а)
тақырыптарға ә)
шолу б)

Әрбір тараудың соңында тарауды қорыту, ондағы өтілген тақырыптарды
еске түсіріп, қалыптастыру және жүйелеу мақсатында Өтілген топтарға шолу
айдарымен жарыс сабағын ұйымдастыру көзделген. Модульдық жоспардың қай
сатысында болса да дейгейлеп оқыту әдісімен бірге талдау әдісі қолданылады.

Талдау әдісінің ерекшелігі өткен сабақта үйге тапсырма берілген келесі
сабақта өтілетін жаңа тақырыпты талдауға дайындалып келу тапсырылады. Жаңа
тақырыпты талдау процесінде тек оқушыларды сөйлетіп, өздігінен түсінуіне
мүмкіндік беріп отыру керек. Сабақ мақсатына жетіп, материал түгел
талданып, оқушыларға толық түсінікті болғанға дейін мұғалім бағыт беруші,
ой ашар, ой қозғаушы, ой толғау және сол сұрақтармен шектелуі тиіс. Мұғалім
оқушылардың деңгейіне сәйкес сұрақтарды қоя отырып, әрбір оқушының өз
деңгей аясында талдауға қатысуын қадағалап отыруы қажет. Өйткені, әрбір
оқушы өзінің қабілетінің мүмкіндік шеңберіндегі қойылған сұрақтардың
аясында ғана белсенділік таныта алады да, ал белсенділік танытқан оқушы
дұрыс нәтиже береді. Сондықтан, үй тапсырмасын сұрағанда, жаңа материалды
талдағанда, жаңа сабақты оқушылардың игеру деңгейіне анализ жасағанда және
сабаққа қорытынды жасағанда берілетін тапсырмалар немесе кеспелік және
тесттік сұрақтар мен ойын элементтері күрделігіне байланысты оқушылардың
деңгейіне сай беріледі.
Әр тараудың соңында өткізілетін Өтілген тақырыптарға шолу жарыс
сабағында оқушыларды екі немесе үш топқа бөліп, күрделігіне қарай үш
бағытта яғни үш деңгейде пареллель жарыс ойындары ұйымдастырылады. Мысалы,
әр топтан жоғары деңгейдегі бір оқушыдан шақырылып, оларға бірінші
бағыттағы яғни жоғары деңгейге арналған тапсырмалар беріледі, ал әр топтық
екінші деңгейіндегі оқушыларына екінші бағыттағы тапсырмалар, үшінші
деңгейдегі оқушыларына үшінші бағыттағы тапсырмалар беріледі. Уақыты
жеткенде үш тапсырмалардың да нәтижесі күні бұрын әзірленген кестеге
тіркеліп, қалған жарыс ойындары да осы тәртіпке ұйымдастырылады. Жарыс
сабағында компьютерде қайталауға арналған электронды бағдарламаны
пайдаланған өте тиімді. Жарыс ойындары тараудағы өтілген тақырыптарды түгел
қамтуы тиіс. Сабақтың бұл түрі де мұғалімнің ұйымдастыруымен және
бағыттаушы сұрақтарының көмегімен оқушылардың өздігінен өтілген
тақырыптарға шолу жасап, оларды еске түсіріп, оларды талдай отырып,
қалыптастыруға және жүйелеуге негізделген.
Сабақтың қай түрі болса да талдау әдісін қолданып, модульдік оқыту
әдісі бойынша тақырыпқа қатысты әзірленген сұрақтарды оқушылардың өздігінен
талдап, түсінуіне мүмкіндік беру керек. бала білімді тәжірибе арқылы
өздігінен алу керек, өздігінен алатын білімнің ұзақ жолы қысқару үшін
баланы осы мақсатқа қарай түзеп отыру керек деген А.Байтұрсыновтың сөзімен
үндесіп жатқан бұл әдіс оқушылардың белсенділігі мен шығармашылық
қабілетін, ынталылығы мен қызығушылығын арттырады деп ойлаймыз, оған
тәжірибелер дәлелдемелер жасайды.
1.2. Талдап оқытудың дидактикалық ерекшеліктері, оқыту түрлері арқылы
талдап оқыту

Дидактикалық жүйеде тарихқа ізсіз кетпейді, олар трансформацияланады-
уақыт талабына сай жаңаланады, дамуға қатысты жетілдіріледі. Бұрынғы оқыту
жүйелерінің ұтымды бөліктерін алып Ұлы дидактика атты еңбекті
Я.А.Коменский жасады, оның элементтерін И.Г.Гербарт дәстүрлі болған
дидактикаға айналдырады. Дж. Дьюн дидактикасы дәстүрлі дидактикаға
негізделіп, дамуға ие болады. Бұл әрбір теория мен практиканың дамуының
жалпы заңдылығы, оқыту үрдістерінде де осылай жалғасуда.
Әрбір дидактикалық жүйе оқыту үрдісіне өзінің ерекшеліктері және
сәйкес технологияларды белгілі оқыту түрін (типін) туындатады. Оқыту түрі
(типі)- ол оқу- тәрбие үрдісін ұйымдастырудық жалпы тәсілі. Оқыту түрі оның
басты құрамдық құрамдастарына талдау жасау арқылы анықталады.
1. мұғалім қызметінің сипаты арқылы;
2. оқушыларды оқыту ерекшеліктерімен;
3. білімдерін іс- тәжірибеден қолдана білу ерекшелігімен және т.б.
Талдап оқыту жүйесінің маңызды принциптерінің бірі- теориялық білімнің
жетекші рөлі. Бұл принципті балалардың теорияны жаттауы, терминдерді есте
сақтауы деп түсінбеген жөн. керісінше, оқыту барысында қарапайым
бақылаулар, зерттеулер жасау арқылы, өмір заңдылықтарына көздерін жеткізу,
қорытынды жасауға дағдыландыру.
1970 жылдардың басынан бастап жүргізген педагогикалық- психологиялық
зерттеулер бастауыш класс оқушыларының таным мүмкіндіктері туралы ескі
түсініктерді мүлдем өзгертті. Бұл жаста оқушыда ойлаудың эмперикалық
түрлерін тірек ете отырып, теориялық ойлауға өте аларлықтай мол әлеумет бар
екені дәлелденді. Заттар мен құбылыстардың тек сыртқы қасиеттері ғана емес,
ішкі байланыстарын, заңдылықтарын меңгерту олардың танымын тереңдететіндігі
анықталды. Бір- екі мысалмен түсіндіре кетейік: дәстүрлі сабақтарымызда жыл
мезгілдері туралы сөз еткенде, біз ешқашан жазда жасыл болып жайқалып
тұрған ағаш жапырақтарының күз түсе сарғайып, ал қыста мүлдем түсіп
қалатындығының неге байланысты екенін тоқталып жатпаймыз. Тек жыл
мезгілдерінің сыртқы белгілерін атаумен шеетелеміз. Осы сабақтарда
балалардың эмперикалық білімдерін пайдалана отырып, қоршаған орта мен өмір
заңдылықтарына көздерін жеткізу, қорытынды жасауға дағдыландыру, олардың
танымдық үрдістерін, теориялық ойлауын іске қосатын амал болып табылады.
Талдап оқыту жүйесі дидактикалық принциптерінің ішінде Оқытудың
тәрбиелік мәнінің болуы жайлы ешнәрсе айтылмайды. Өйткені оқушылардың
адамгершілік қасиеттерін, құқықтылығын қалыптастыру арнайы
жарияланбағанымен тұтас асып жатуға ойластырылған.
Бұл жүйенің қағидаларын дұрыс түсініп, жүрегімен қабылдаған әрбір
мұғалім өз сабақтарының дамушылық функциясын өз бетінше- ақ арттыра алары
сөзсіз.
Л.В.Занков жүйесінде арнайы, жаңадан ойлап табылған әдіс- тәсілі жоқ.
Өзіміз қолданып жүрген әдістер жаңа жағдайға бейімдей пайдаланылады. Сондай
жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың мәні зор. Мысалы: дәстүрлі
сабақтардағы сұрақ- жауап, әңгімелесу әдістері балалардан таныс нәрсені
сұрап білуге негізделеді. Ана тілі сабақтарында тақырыптың мазмұны бойынша,
қазақ тілі, математикада материалдарды түсінгенін немесе түсінбегенін
анықтау мақсатында сұрақ қойылып, жауап алынып жатады. Бір ғана жауабы бар
сұраққа жауап та, тек бір сөзді қосып қайта айтып берумен қайтарылады.
Мысалы: Балалар қайда барады? Балалар мектепке барады. Немесе, 2-ге 7-ні
қосса қанша болады? 2-ге 7-ні қосса 9 болады түріндегі жауаптар. Талдап
оқыту жүйесіндегі қойылатын сұрақтар проблеманы, ойлауды, пайымдауды қажет
ететіндей етіп беріледі. Оқушы да ондай сұраққа өз ойын, өз пікірін
білдіре, жауап беруге дағдыланады. Жауаптардың бірнеше вариантта болуы
мүмкін екендігі қарастырылады. Мысалы: Әңгіменің кейіпкері жайлы не айта
аласың? немесе 4 және 5 сандарымен қандай тапсырмалар ойлап табуға
болады? Түріндегі сұрақтар.
Көрнекілік т.б. әдістер де осылайша жаңа мақсаттарға сәйкес өзгертіле,
күрделендіре пайдаланылады.
Талдап оқыту сабақтарында жаңа материалды талдауға зор көңіл бөлінеді.
Өйткен, талданбаған шығарма бала жүрегіне жетпейді деп есептелінеді. Талдау-
бірлескен ізденіс. Ізденіс барысында мұғалім әр баланың көңіл- күйін
бақылауға мүмкіндік алады. Интеллект деңгейін анықтай алады. Әсіресе оқу
сабақтарындағы материалды талдау арқылы шығарманың айтар ойы, идеясы бала
жүрегіне жетіп, талдау арқылы ар-ұят, қайырымдылық, әдептілік т.б. сияқты
тамаша адамгершілік қасиеттер балалар бойына жұғысты болады.
Сондықтан оқытудың жалпы шама- шарқына оның бірнеше типі бөлінеді:
- түсіндіру- иллюстративті;
- проблемалы;
- бағдармаланған;
- компьютерлі;
- он- лайын- тәсілінде.
Бұл соңғы 2007 жылдың 3 қыркүйегінде Елбасы бір мезгілде 1000
мұғалімнің орнын алмастырып ең озып технология, ең үздік оқыту құралдар
арқылы интерактивті тақтаны пайдаланып тәрбие, білім беру, дамыту жасап,
бағыт беріп, үлгі- өнеге көрсетті.
Сонымен бірге бірнеше оқыту, оқу, білім беру түрлері бар және олар
қолдануда. Қазіргі заманғы мектептерде бірнеше оқыту түрлері қолданылады,
олар:
- түсіндіру- иллюстрациялық, оны дәстүрлі- хабарлаушы деп атайды;
- проблемалы оқыту әдісі;
- бағдарламалы оқыту әдісі және соның негізінде дамушы компьютерлік
оқыту әдісі.
Аталып өткен әдістері ұтымды, орынды пайдалану дегеніміз- ол сапалы,
оқыту- терең, тиянақты білім беру болып табылады.
Оның негізгі оқу материалдарын талдау:
- теориясын нақтылау;
- өтілген оқу материалдарымен байланыстыру;
- алда өтілетін оқу материалдарына қатыстыру;
- интергациялау- ықпалдастыру;
- түсіндіру- иллюстрациялау- дәстүрлі түрде хабарлау қосымша
элементтер- инновациялар жасау- арнайы жаңа шығарылған балнэр, плакаттар,
электронды оқулықтар, электронды ақпарат- алу материалдарын- мазмұнын
тасымалдағыштарды орынды, ретімен оқу- тәрбие үрдісінде пайдалануды баяндау-
нәтижесі оқытуда талдау жасау амалдарын пайдалану, талдап оқыту
әдістемесін қолдану;
- оқу пәндерінің оқу материалдарына қатысты проблемаларды туындату,
оны баяндау, проблеманы қоя білу негізінде бірлесіп қарастыру- талдау
жасау, ынтымақтасып шешу іс- әрекеттеріне кірісу, ол таддап оқытуды іс
жүзіне асыру болып табылады;
- әрине бағдарламалап оқыту оқу материалдарына алдын-ала бірнеше
нұсқада қарастырып, жалпы тәжірибеге негізделген болуымен құнды, озық
тәжірибелермен байланыстырылған, сондықтан талдаулар жүргізілген, олай
болса терең, тиянақты білім беру көзделеді;
- оқу материалдарын баяндау, бекіту, пысықтау, қайталау, үйге тапсырма
беру, үй тапсырмаларын орындауда компьютерді пайдалану, компьютер көмегімен
электронды оқулықтар пайдалану, электронды тасымалдағыштарды қолдану
талдаулар арқылы іріктелінген.
Бұл әдіс толықтырылып, түрлендіріп, қайта жаңарып, қатардан қалмай
келеді. ХХІ ғасыр білім мен ғылым ғасыры болады - деді Елбасы 2009 жылдың
12 қаңтар күні Астанаға тұңғыш Президенттің бірінші ителлектуалдық мектебі
ашылуда сөйлеген сөзінде. Олай болса, білім беру, тәрбиелеу, ең басты
байлық- адам, біздің болашағымыз- болашақ жастарымыз, талдап оқыту
әдістемесі жауапкершілік, қамқорлық жасау арқылы оқуды, есте сақтауды
үйренудің жаңа тәсілдерін пайдалануға мән беруге жеткізеді.
Проблемалы оқытудың ерекшелігі қазіргі кезеңде жоғары оқу орындарында
кеңәнен қолдап жабушы процестік технологияға жуық, атап айтқанда:
Біріншіден, оқушылардың оқу проблемаларын өздерінің шешулеріне сай
қажетті білімдерді өздері іздестіреді, оқиды, жазады, көмек сұрайды,
кеңеседі, қайталайды, пысықтайды;
Екіншіден, ең басты талап оқы, оқы және оқы ұстанымын жүзеге
асырады;
Үшіншіден, іс- әрекеттерге өзі қатысады, ол дегеніміз шығармашылық
ойлау және оқушылардың танымдық белсенділігінің көрсеткіштері артады;
Төртіншіден, маңызды мәселе оқыту және тәрбиелеу барысында
педагогикалық проблемалар, жағдаяттарды талдау арқылы, ынтымақтаса бірлікте
шешу амалдары жасалады;
Бесіншіден, проблемалы оқыту технологиясы бірқатар міндетті кезеңдерді
орындау қажеттілігін көрсетеді. Олар:
- зерделенген білімдерден жағдаяттан шығу жолы іздестіру;
- іс- тәжірибеде іскерлік және дағдысын дамыту;
- күрделі проблема, жай проблема мәнін анықтап жүйелей білу,
гипотезаларды тексеру, нәтижелері бойынша кері байланыстармен талдап оқыту
әдістемесін пайдаланып оқытуды, есте сақтауды үйренуді жаңа тәсілдермен
толықтыру. Бастауыш сыныптан оқу материалдарына мән беру, ойлау амалдарын
жасай білу, салыстырулар арқылы жақсы мен жаманды ажырату күнделікті оқу
сабақтарына жүйелі, жоспарын мерзімінде сапалы даярлау.
Проблемалы тапсырмалар, сұрақтар алдын- ала ойластырылып, оған
қайтарылатын жауаптардың нұсқаларын болжау талдап оқытудың маңыздылығын
көрсетеді, олар:
- бастауыш сынып оқушыларының білім деңгейі жас ерекшеліктеріне сәйкес
және ойлау қызметіне қажеттілігі;
- кіші жастағы оқушылардың білім қоры, іскерлігі, дағдысы және
интеллектуалды мүмкіндіктерінің ескерілуі- талдау жасап негіздеме, ұсыныс
ендіру.
Проблемалы окыту проблема мәнін баяндау арқылы шешілу амалдары
карастырылады, оған бірнеше топқа жіктеу бойынша жарыс үлгісінде, қатарға
бөлу, мақсат қиындықтан шығу жауап беру, қажет болса толықтыру, жағу, сурет
салу, сызбасын сызу және т.б. оқу,жазу, есептеу жұмыстары жүргізілуімен
мәнді.
Бастауыш мектептерде проблемалы оқытудың элементтері қолданылады:
- проблемалы сұрақ есебінде беріледі;
- проблеманың мәнін баяндау;
- проблеманы талдау- бірлесіп жұмыс істеу бағытында.
Талдап оқыту әдістемесінің артықшылықтары:
- шығармалық қызмет негізінде білімді іздестіру, зерделенгенін
пайдалана білу;
- оқу жұмысына қызығушылық;
- сенімді ойлау қызметін дамыту;
- оқытуды табысты әсерлеуі.
Бағдарламалы оқыту программа терминінен шыққан, сабақтастықтан іс-
әрекеттер (амалдар) жүйесін білдіреді, оларды орындау жоспарланған нәтижеге
жеткізеді. Бағдарламалы оқытудың негізгі мақсаты- оқыту үрдісін басқаруды
жақсарту. Бағдарламалы оқыту оқушының әр бір білім алу жолындағы қозғалысын
бақылаудың технологиясын жасап, оқу үрдісінде оған дер кезінде көмек
береді.
Бағдарламалы оқыту теориялық тұрғыдан толық зерделеніп, оқу-
әдістемелік бағытта іс- тәжірибелермен толықтырылса көптеген қиындықтардан
жеңіл арылып, теріс ықпалдар кеміп, әлсіреп, сабаққа ынта- ықылас артып,
оқу үрдісін бақылау, басқару жақсарып, талдап оқыту әдістемесі жүзеге
асырылады.
Бағдарламалы оқытудың ерекшеліктері:
- оқу материалдары жеке бөліктерге- порцияларға- дозаларға бөлінеді;
- оқу үрдісі оқу материалдарын игеруге қатысты тізбекті қадамдардан
тұрады, олар білім бөліктері- мазмұны және ойлау амалдарын орындауды қажет
етеді;
- әрбір тізбекті жұмыс бақылаулармен (сұраққа жауап, тапсырманы
орындау және т.б.) аяқталады;
- оқушы бақылау тапсырмасын дұрыс орындағанда жаңа материалдық
порциясын алады, оқытуда келесі қадамды жасайды;
- тапсырма жауабы қате болса, онда оқушы көмек алады және қосымша
түсіндіруге ие болады, талдап оқытудың әдістемесінің мәні осында, келесі
оқыту, оқуға өздігінен білім алуға қол жеткізіледі, ол есте ұзақ сақталады,
осылай берік, тиянақты білім алынады, оқу материалдары игеріледі;
- әрбір оқушы өз бетінше жұмыс істейді, ол өзінің шамасына қарай
қарқынды оқу материалдарын игереді;
- барлық бақылау жұмыстарының тапсырмалардың орындалу нәтижелері
тіркеледі, олар оқушылардың өздеріне белгілі болады (ішкері байланысты),
педагогқа мәліметтер анық беріледі (сыртқы кері байланыс);
- педагог оқу үрдісін ұйымдастырушы және қиындықтарда көмекші
(кеңесші) және жеке шешімдер ынтымақтастық, пікір алысу, талдау жасалады;
- оқу үрдісінде оқытудың техникалық құрамдары кеңінен қолданылады
(бағдарламалық оқу құралдары, тренажерлер, бақылаушы қондырғылар, оқыту
мәселелерді, матрицалық дидактикалық үлестірмелер және т.б.).
Бағдарламалы оқыту машиналы және машиналы емес тәсілдермен жүзеге
асырылуы мүмкін.
Арнаулы оқыту бағдарламасымен жабдықталған, іске қосылған қазіргі
заманғы компьютерлі білім алу деңгейін анықтап, оқушының білім алуға
бейімдеп, міндеттейтіндей мәлімет береді. Мұндай өзіне тапсырма беретін,
міндеттейтін бағдарлама адаптивті деп атайды, ал тәуелсіз мәліметтер,
бағалаулар жасайды.
Бағдарламалы оқытудық машинасының нұсқасында оқушының танымдық
қызметін оқу материалдарын пайдалану маңызды. Оқыту, оқу, есте сақтауды
арттыру амалдарының бірі талдап оқыту әдістемесі. Талдап оқытудың
дидактикалық ерекшелігі әмбебаптап, кезі келген оқыту әдістеріне тезірек
ену, оның байланыстарына зейін аудару, тарихына көңіл бөлу, оқушылармен
кері байланыс жасау, оқушылардың пікіріне талдау жүргізу, оңтайлы
талдаулар, оларды синтездеу талдап оқытудың әдістемесін жетілдіруге,
қорытындылауға жеткізеді. Бастауыш мектепте түсіндіру- иллюстрациялық оқыту
қолданылады, атаудың өзі оның мәнін көрсетеді. Бұл оқытудың негізгі
әдістемесі- түсіндіруді көрнекілікпен үйлестіру, ұштастыру, байланыстыру,
негіздеу арқылы талдап оқытуды жүзеге асыру. Кіші жастағы оқушылардың
жетекшісі қызметтерінің түрі- тыңдау, оқу, есте сақтау, зерделенгенде
қатесіз қайта жаңғырту. Мұндай оқытуды дәстүрлі оқыту деп атайды, оның
тарихи тереңде, уақыт өте жаңарып, жетіліп келеді.
Түсіндіру- иллюстрациялық оқыту әдісінің бірқатар маңызды
артықшылықтары бар:
- ол уақытты үнемдейді;
- оқушылар мен мұғалімнің күшін жинақтайды;
- күрделі білімді қабылдауды жеңілдетеді;
- оқу- тәрбие үрдісін басқарудың тиімділігін қамтамасыз етеді;
- соңғысы оқу материалдарына терең, тиянақты талдау жасау, талдап
оқыту әдістемесін қосуды есепке алыңыз, міне сондықтан басқарады,
бағдарламалы оқулықтың бағдарламалық материалдың, оқу құралының негізінде
жасалған сұрақтар мен тапсырмаларды орындау дәрежесіне байланысты оқушының
өзі- өзін таниды, өзіне талдау жасайды тиянақты, терең білім алуы үшін
өзіне міндеттер қояды, тапсырма береді. Педагог оқушылармен жұмыс бағытын
анықтайды, орын алған сәйкессіздіктермен өзі, бірлесіп талдау жасап,
талдау, қайталау, пысықтау жүргізіледі.
Бастауыш мектептің мұлімдері бағдарламалы оқытудың элементтері арнайы
жасалған, ойластырылып жетілдірілген, жаңартылатын, өзін тәжірибе негізге
алынатын, жақсы нәтижелер есепке алынған талдап оқыту әдістемесімен
карточка- тапсырмамен жұмыс жүргізіледі. Онда алгоритм бойынша матрицалық
үлгіде ретімен, сабақтастықта жасайды. Карточка – трафареттік үлгілер
бағдарламалық жетілдірілген тексеру, жауап алу,жылдам сабақтарда тексерулер
жасайды.
Әрбір оқыту әдістемесінде талдап оқыту мәнді, оқу материалдарын
іздеуге ұмтылыс жасатады, ең маңыздысы ынта- ықыласын арттырып, оқу, оқыту,
оқы, оқы және оқы ережесіне қалыптастырады. Компютерлік оқыту.
Компютерлік білім беру Қазақстанда дамып, білім беретін оқу орындары
компютерлендіру, компютерлік сауаттылық деңгеиі артуда. Бастауыш мектептен
бастап компютерлік білім – информатика өтілуде.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жолында міндетті стандартында
былай делінген: арифметика, геометрия, стереометрия негіздері оқытылады.
Бастауыш мектептегі математиканың мазмұнына алгебра, логика, ықтымалдықтар
теориясы, анализ бен инфарматика элементтерінің енгізілуі оқушыларды келесі
деңгеиде неғұрлым күрделірек материалды меңгеруге даиындауға мүмкіндік
береді. Информатика пәні дербес курс ретінде 4 – сыныптан бастап
енгізіледі.
Дамыған елдерде бастауыш оқытуда компютерді кеңінен қолданылады,
жағымды тиімді бірнеше он жыл қызмет етіп келеді және оның тиімділігінің
басты бағыттарыи анықталады, солардың ішінде екі маңызды бағыты:
1. жеке пәндер бойынша: математика, ана тілі, қазақ тілі, шет тілі,
орыс тілі – үш тұғырлы қажеттілігі анықталған;
2. жалпы және арнаулы қабілеттерін дамыту- алға қойылған міндеттерді
шешу, өз бетінше ойлау және талдап оқытуды жүзеге асыру.
Сонымен бірге қазіргі кезеңде бастауыш сыныпты бітіруге қатысты
мемлекеттік аралық бақылауға даярлану, тестілеуге әзірлік, бағалау,
басқару, қазіргі заман талаптарына сай іскерлік, дағдыларды арттыру
жұмыстары, бәрін толықтыра, дамыту жасайтын компьютерлік оқыту болып
табылады. Компьютерлік оқыту әдістемесіне мән- мағына маңыз береді,
болшақты, мүмкіндігі мол.
Қарастырылған материалдарды оқыту- тәрбие үрдісінде қолданылады,
олардың қазіргі заманғы бастауыш мектептерде:
- түсіндіру- иллюстрациялық оқыту;
- проблемалы оқыту;
- бағдарламалық оқыту қолданылады.
Олар қойылған мақсатқа байланысты мұғалімдер таңдап, ұтымдылығы есепке
алынып қолданылады. Әдетте алда тұрған міндеттерді ең тиімді шеше алатын
оқыту әдісі тыңдап алынады. Әрине барлық әдістерге талдап оқыту әдістемесін
пайдалану тиімділігін арттыратындығын тәжірибе көрсетеді.

ІІ тарау. Талдап оқыту әдістемесінің пайдаланудың дидактикалық
негіздемесі
2.1. Тұтас педагогикалық үрдістегі талдап оқыту әдістемесі

Ұрпақ тәрбиесі- адамзат баласының асыл мұраты. Бүгінгі күндегі
бастауыш мектепте білім алушы бүлдіршіндер- ертеңгі қоғамның қозғаушы
күштері, болашағымыз. Сондықтан Елбасымыз Н.Назарбаев халқымыздың алдына
ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан- жақты, мәдениетті жеке
тұлғаны тәрбиелеу керек деп, жауапты міндет қойып отыр.
Міне, осы себептен бастыуш мектеп кіші жастағы балаларға сапалы
білімі, саналы тәрбие беріп, өміртанудың басты шарты тәрбиелеу, білімді
азамат тәрбиелеу ең басты шарты еліміздің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сауат ашу әдістемесі дамуының қазіргі проблемалары
Зерттеудің көкейтестілігі
Қазақ тілін оқыту әдістемесі және оның зерттеу нысаны
Оқытудың жолдары мен ұйымдастырудың түрлері жөніндегі мәселелерді зерттеу
ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ФИЗИКА
Мәтінді оқыту әдістемесі
Қазақ тілін оқытудың зерттеуі
Оқыту әдістерінің классификациясы
Теориялық оқу материалын оқып-үйренудің әдістері
Грамматиканы тілдің басқа салаларымен байланыстыра оқыту
Пәндер