Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы мектеп пен университет арасындағы сабақтастықтың ғылыми-педагогикалық негіздері



Қазіргі кезеңде тәуелсіз еліміздің ертеңі - жастардың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ- ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Бүгінгі таңда педагогика ғылымының өзекті мәселелерінің бірі – жеке тұлғаны жетілдіруде, жан-жақты дамытуда, білім беруде, ғылымның соңғы жетістіктерін қолданып, шығармашылық жұмыстарды жасауға қабілетті, дүниетанымдық көзқарасы кең, рухани бай азамат дайындау.
А.Н. Леонтьевтің пікірі бойынша “Жеке тұлғаның жетістіктері мен кемшіліктері, жақсы және әлсіз жақтарымен көрінетін тек өзіне ғана тән даралық белгілері оның өзгелермен қарым-қатынас жасауы, қайырымдылығы, мейірімділігі, тәкәппарлығы, жағымды және жағымсыз қасиеттерінің көрінуіне де байланысты. Олардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасауы, өмірдің алуан түрлі ерекшеліктерін тануға, танымдық қасиеттерімен, рухани байлығын арттыра түседі” деп қарастырады.
Демек, жеке тұлға өзіне тән ерекшеліктері арқылы дараланады. Ондай ерекшеліктерге сенім, дүниетаным, мұрат, бейімділік, қызығу, түрткі, қабілет, талғам, көзқарас т.б. қасиеттер жатады. Адам бойындағы танымдық қасиеттерін қарастырмас бұрын жеке тұлға ұғымына тоқталып өтейік.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   
1 ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ МЕКТЕП ПЕН
УНИВЕРСИТЕТ АРАСЫНДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚТЫҢ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Танымдық қызығушылықты қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық
алғышарттарының негіздері

Қазіргі кезеңде тәуелсіз еліміздің ертеңі - жастардың білімінің
тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ- ұлтымыздың баға
жетпес қазынасы. Бүгінгі таңда педагогика ғылымының өзекті мәселелерінің
бірі – жеке тұлғаны жетілдіруде, жан-жақты дамытуда, білім беруде, ғылымның
соңғы жетістіктерін қолданып, шығармашылық жұмыстарды жасауға қабілетті,
дүниетанымдық көзқарасы кең, рухани бай азамат дайындау[7,3].
А.Н. Леонтьевтің [8,11] пікірі бойынша “Жеке тұлғаның жетістіктері мен
кемшіліктері, жақсы және әлсіз жақтарымен көрінетін тек өзіне ғана тән
даралық белгілері оның өзгелермен қарым-қатынас жасауы, қайырымдылығы,
мейірімділігі, тәкәппарлығы, жағымды және жағымсыз қасиеттерінің көрінуіне
де байланысты. Олардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасауы, өмірдің алуан
түрлі ерекшеліктерін тануға, танымдық қасиеттерімен, рухани байлығын
арттыра түседі” деп қарастырады.
Демек, жеке тұлға өзіне тән ерекшеліктері арқылы дараланады. Ондай
ерекшеліктерге сенім, дүниетаным, мұрат, бейімділік, қызығу, түрткі,
қабілет, талғам, көзқарас т.б. қасиеттер жатады [9,114]. Адам бойындағы
танымдық қасиеттерін қарастырмас бұрын жеке тұлға ұғымына тоқталып
өтейік.
Жеке тұлға атауын отандық ғалымдар “жеке адам”, “дара тұлға”,
“даралық”,”жеке тұлға”, “адам”,”кісі” тағы басқа ұғым ретінде қарастырады.
Біз ғылыми еңбегімізде “жеке тұлға” деп қарастыруды жөн көрдік. Сондай-ақ,
“жеке тұлға” ұғымы көп мағыналы, біріншіден даралық қасиеттердің бірлігі
және әлеуметтік рольдегі іс-әрекеттің субъектісі, екіншіден басқа
адамдармен қарым-қатынасқа түсу үрдісінде еңбектің, танымның, қатынастың
субъектісі ретінде сипатталады.
Белгілі психолог Б.Г. Ананьев еңбектерінде “Адам–физиологиялық,
психологиялық жағынан қалыптасып келе жатқан тіршілік иесі. Адам еңбек ету
нәтижесінде жануарлар дүниесінен бөлініп шығып, бір-бірімен тілдің
көмегімен қарым-қатынас жасайтын, дүниені танып білетін оны өзгертетін және
еңбек құралдарын жасайтын жағдайға біртіндеп ие болды. Оның өмірдегі
көрінісі физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік ерекшеліктеріне, даралық
қасиеттеріне байланысты жеке адам немесе жеке тұлға екені көрінеді”-деп
қарастырады [10,8].
Тұлғаның дамуы мен жан-жақты қалыптасу мәселесі, оның тарихы болашағы
туралы көптеген ғалымдардың еңбектерінде зерттелген.
Жеке тұлға түсінігі - тек адамзатқа арналған. Жеке тұлға - жеке
даралық, психикалық қасиеті және әлеуметтік қызметі бар нақты қоғамның
мүшесі [11,8].
Жеке тұлғаның қалыптасу ерекшеліктерін педагогикалық-психологиялық
еңбектерді жүйелей келе оның төмендегідей бағыттарға бөлеміз:
Психологиялық бағыт жеке тұлғаның белсенділігін, қалыптасу жағдайларына
жауап іздейтін, белгілі бір нәрсеге ұмтылып, оны керек ететін, тіршілік
етуде белсенділік танытатын бағыт.
Жеке тұлғаның іс-әрекетін зерттейтін бағыт.
Жеке тұлғаның ерекшеліктерін зерделейтін бағыт.
Жеке. тұлғаның ішкі психологиялық құрылымын зерттеу бағыттары.
Олай болса, А.Н.Тугаринов өз еңбегінде: “Жеке тұлғаны жауапкершілік пен
саналылықты ішкі қасиеттерімен сәйкес құқық пен еркіндікке сай қолданған
адам”, - деп көрсетеді [12,7].
Мәселен, Т.Тәжібаев өз еңбегінде: “Жеке адам әлеуметтік қатынастар мен
саналы іс-әрекетті жүзеге асырушы, нақты қоғамның мүшесі, өзін басқалардан
ажырата білетін, өзінің кім екенін түсінетін есі кірген ересек кісі” - деп
қарастырады[13,3].
Ал, Ә. Алдамұратов “Адам - табиғатта кемелденіп жетілген, ақыл ойы
дамыған қоғамдық тұлға” деп анықтама берсе [14,7], республикамызға танымал
ғалымдарымыздың бірі Қ.Б. Жарықбаев: “Жеке тұлға дегеніміз - қоғам мүшесі
ретіндегі адам. Әр адамның рухани байлығы оның басқа адамдармен
байланысының алуан түрлігіне, өмірге белсене қатысуына байланысты болады”,
- деп тұжырымдайды [15,13].
Жоғарыда аталған еңбектерді сараптай келе “жеке тұлға” ұғымына өзіндік
тұрғыдан анықтама беруді жөн көрдік.
Жеке тұлға дегеніміз-сана сезімі, тұлғалық, ізгілік қасиеті
қалыптасқан, өзіндік мақсаты мен өмір жолын таңдай білетін, тәрбиелі,
білімді, іскер, танымдық қызығушылығы басым,барлық күш жігерін өзіндік
игілігіне жұмсай алатын, саналы тіршілік иесі.
Осы тұрғыдан келгенде жеке тұлға мәселесін зерттеу жүйесінде сана-
сезімін, адамзат психикасының күрделі мәселелерінің пайда болуын зерттеуде
философия, психология, педагогика, этика, физиология, әлеуметтану,
құқықтану, жаратылыстану, медицина т.б. ғылымдармен тығыз байланыстыруда
өмір бойы әртүрлі өзгерістерге ұшырайтын жеке тұлғаның даму үрдістерінің
заңдылықтарын педагогика ғылымдарымен тығыз байланыста зерттеуде әртүрлі
ғылыми жаңалықтар енгізіліп отыр.
XX ғасырдағы психолог ғалым А.Н.Леонтьев: “Менің өмірімде нені меңгере
алдым, я болмаса соны ұғына алдым ба, жоқ па, егер ұғынсам, меңгерсем,
қаншалықты, қандай дәрежеде ұғындым, оның мен үшін, менің жеке тұлғам үшін,
маңыздылығы қандай ...” –деп “мән” мен “маңыз” ұғымдарының мағынасын
зерттеген [16,16]. Бұл арқылы біз, оқушылар мен студенттерге берілген білім
мен тәрбиенің қаншалықты меңгерілгендігін үнемі бақылап отыруымыз
қажеттігіне мән берілуі тиіс деп ұғынамыз.
Бірінші курс студенттерінің жас шамалары деңгейлес болғандықтан бір
кезеңге тоғыстыруды жөн көрдік. Жоғары сынып оқушыларының жас кезеңі – жас
өспірімдік шақтан жастық шаққа ауысудағы өмірлік кезең. Жастық шақ адам
өміріндегі көптеген өзгерістермен анықталады. Өмірдің бұл кезеңінде
физиологиялық жетілу процесі аяқталады. Адам қоғамдағы белгілі бір
әлеуметтік статусты игереді. Бұл кезеңдегі жастардың негізгі
проблемаларының бірі - өзіндік сана сезімнің дамуын айтуға болады. Құндылық
бағдарлауы, мамандық таңдауы және ересектер өміріне аяқ басуы мен жеке өмір
сүруі қалыптасады. Бір топ ғалымдарымыздың пайымдауынша “Жастық шақ“ 16-
18 жас пен 22-25 жас аралығы болып есептелінген. Біз осы ұсынысқа сүйене
отырып, жоғары сынып оқушылары мен бірінші курс студенттерін осы топқа
енгіздік. Бұл кезеңде адамның жеке тұлға болып қалыптасуына жанұясы,
қоршаған ортасы, тәрбие, салт-дәстүрлер әсер етеді [17,22].
ХІХ-ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы психологтардың шығарған теориялық
көзқарастары жастық шақтың романтикалық концепциясы болады. Оның жалпы
пішінін Жан Жак Руссо ұсынған болатын [18,22]. Психолог Гезеллдің пікірі
бойынша 11-21 жасқа дейінгі аралық жастық шақтың еншісінде, осы шақ
балалықтан үлкендікке өту кезеңі болып табылады. 11-16 жас аралығының өте
маңызды ескерте отырып, Гезелл он жасты “алтын жас“ деп атайды [19,11].
Мүшелі жасқа өту кезеңінде бала өмірдің қиыншылықтарын жеңіл қабылдап,
сыртқы жағдайларға аз көңіл бөледі. Ересек шаққа өту кезеңінен бастап, жас
өспірімдердің өзіндік ойымен философиясы қалыптаса бастайды.
Философия ғылымы жеке адамның дамуын, дүниетанымын, қоршаған ортамен
байланыстылығының басты қасиеттері жайында зерттейді. Философия тілдің
танымдық қызметін санамен байланыстырады. Терең де орнықты білім мен
іскерлік-дағдылары адамның теориялық, дүниетанымдық негізін қалыптастырады
[20,45].
Қазақстандағы жалпы әлеуметтік, саяси экономикалық, тәрбиелік және
білімдік, мәдениеттік деңгейлеріміздің жаңа сатыға көтеріліп, жаңаша реңге
ие болады. Жеке тұлғаны оқыту,білім беру, дамыту жүйесін жақсартуды талап
етеді. Сол себепті еліміздің болашағын дамытатын, жетілдіретін болашақ
мамандардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру ерекшеліктеріне назар
аударуымыз қажет. Болашақ маман тұлғасының қандай да ғылымды меңгеруі оның
дүниетанымдық, қызығушылық, шығармашылық ерекшеліктеріне байланысты болмақ.
Қазіргі жағдайда қоғамда болып жатқан өзгерістерді терең тану, оның рухани
дамуының дәрежесін айқындау, халқымыздың дәстүрлі мұраларынан сусындай
отырып, оның даму қасиеттерін бойына сіңіре отырып өзі өмір сүріп жатқан
қоғамның даму үрдісіне елеулі үлес қоса алады. Болашақ маман жеке тұлға
болып қалыптасуы үшін- ол қоғамдық сананың,адамның тұрмыс тіршілігінің
барлық түрлерінен хабардар болуы керек. Дүниетаным- ғылыми, көркемдік,
құқықтық, саяси, діни болуы мүмкін. “Дүниетаным- адамның табиғат,қоғамдық
өмір туралы білімдерінің жүйесі. Адамның алдына қойған мақсатының айқын
болуы, дүниетанымның өмірмен байланыстылығынан және берік сенімінен туады.
Дүниетаным жеке адамның табиғи және әлеуметтік құбылыстарын түсіндіру
туралы пайымдауы, ой тұжырымы”деп қарастырады З. Серікқалиұлы [21,6].
Осы тұрғыда дүниетанымды нақтырақ анықтау үшін, оның негізгі
құрылымдарына тоқталып өтейік:
- ағартушылық - ғылыми дүниетаным адам үшін қоғам мен табиғат әлемін
анықтайды да ағартушылық сананы қалыптастырады.Ол философиялық принциптер
методологиясы мен таным тәсілдерімен қаруландырылады.
- тәрбиелік - қабылданған көзқарастар мен сенімдер нәтижесі адамнан
шындыққа негізделген моралдық-ерік бастамаларымен эстетикалық қатынастарды
талап етеді.
- дамытушы - дүниені қабылдау мазмұнын меңгеру арқылы, ішкі рухани
қозғалыс әсіресе ойлауды белсенді әрекет етуге итермелейді. Ғылыми
дүниетаным негізінде ойлаудың дамуына түрткі болатын және шығармашылыққа
ынталандыратын диалектикалық тәсілдердің принциптері жатады.
- ұйымдастырушылық - адамдардың тәжірибелік іс-әрекеті барысында
қолайлы позиция болып табылады.
- болжамдық - ғылыми дүниетаным ғылыми теория мен тәжірибенің меңгеру
белгілерімен алға жылжытады.
- тәрбиелік мақсаты - баланың тұлғалық құрылымының тұрақтылығы мен
сенімді орталық ұйымының қалыптасуын қадағалайды да, табиғатқа қоғамға және
ойлауға деген қатынастың негізінде мінез құлық пен ерік сезімдердің
санадағы бірлігін айқындайды.
Адамзаттың пайда болу тарихын түсіндіруге әртүрлі көзқарастардың бар
екені мәлім. Сенім мен дүниетаным қатарласа жүрсе ғана адам санасының
сапасы арта түседі. Өйткені бұл екеуі құстың қос қанатындай адамның ең асыл
қасиеттері болып табылады. Сенім терең, тиянақты ойланып айтылған
идеиялардың жиынтығы. Сенім жеке даманың өмірлік позициясының беріктігін
анықтайды, мінез құлқын сипаттайды [22,13].
Жеке адамның өзіндік сана сезімінің әртүрлі себептері - адамның өз-
өзіне қарым-қатынас жасауы, яғни мұның өзіндік іштей сөйлеудің дамуына,
ойлаудың, танымдық қасиеттердің жеткілікті түрде қалыптасуына абстракция
және жалпылау сияқты, индивидтің өзінің “Мені” туралы ұғымын, көрінісін
құруға мүмкіндік беру үшін және “Менін” басқалардан ажырата алуы үшін қажет
[23,12].
Жалпы айтқанда әрбір жеке адам қоғам тұлғасы ретінде жеке тәрбие
жұмысына, жеке өзіндік өмір бейнесіне, жеке құқыққа, танымдық қасиетке,
жеке түрткі күшіне ие болатын жан. Адам белгілі бір қоғамның мүшесі, ол
қандай да болмасын бір іспен айналысады, оның азды-көпті тәжірибесі, білімі
өзіне тән ерекшеліктері болады. Осы айтылғандардың жиынтығы оны “жеке адам”
етеді. Жеке адамның өзіндік ерекшелігі оның дүниетанымынан, сенімінен,
талғам, мұратынан, бағытынан, қабілет қызығушылығынан жақсы байқалады.
Адамның айналасын қоршаған дүние үнемі өзгеріп отырғандықтан оның түрлі
ерекшеліктері, танымдық қызығушылықтарын да дамып өзгеріп отырады. Танымдық
іс-әрекеттер адам мақсаттарымен ұмтылыстарының негізі болатын, білімін
қалыптастыратын, шығармашылық қызметінің тарихи үрдісі. Ой еңбегімен дене
еңбегі арасында танымдық іс-әрекет шығармашылық қабілетін арттыруда жаңалық
ашушы мен тудырушы болып табылады [23,24].
Таным- рухани өндірістің (ғылым, эстетика, діни, парасаттылық және
т.б.) түрлі салаларындағы кәсіби мамандардың ерекше қызметі ретінде
көрінеді. Таным- адамның табиғатқа белсенді түрде әсер етуінен, табиғат
заттарын өңдеуден, зат қасиетін өндірісте пайдаланудан бағыт алады [24,16].
Танымдық қасиеттер - оқушының тіл байлығының дамуынан, ойлау қызметінің
артуынан байқалады. Егер оқушылар өздерінің оқыту процесіндегі бағдарының
мәнін, маңыздылығын ұғынып, оның ерекшеліктері мен заңдылықтарын,
компоненттерін меңгеруге қажетті білім негіздерін игерсе, онда танымдық
қызығушылық пен танымдық іс-әрекеттің артқаны.Оқушы білімді уақытша
қажеттілік деп санаса, онда білімнің маңыздылығы төмендейді.
Аталған тұжырымдарға орай отандық психолог С.М.Жакуповтың “Танымдық іс-
әрекет психологиясы” еңбегінде оқу-тәрбие процесінің тиімділік, дәстүрлік
оқыту жүйесімен жаңаша оқыту үрдісінде танымдық іс-әрекеттің жолын
ұсынды[25,5]. Ғылыми еңбектерді сараптай келе танымдық іс-әрекеттің
жүргізілу жолдарын төмендегідей бағыттарда қарастырылған.
Бағыттылық - жеке адамның маңызды қасиеті, адамның қоғамдық тірі ағза
ретінде дамуының динамикасы.
Қажеттілік - адамның белгілі бір тіршілікке немесе дамуда бір нәрсені
керек етуі.
Мотивтер немесе түрткілер - бұл әрекетке талаптанған немесе ниеттенген
белгілі бір қажеттіліктің қанағаттануымен байланысты.
Түрткілер-қажетті қанағаттандыра алатын қабілеттің материалдық немесе
идеалдық объектісі және оның қанағаттану қабілетін әкелетін қимыл-
қозғалыстар.
Мотивация-бұл түрткілердің біршама тұрақты және қайталанбайтын жүйесі.
Темперамент-индивидтің психикалық әрекетінің жүйкелік динамикалық
ерекшелігі жағынан мінездеме беру.
Қабілеттілік- қандай да бір немесе бірнеше әрекетті жемісті атқарудағы
психикалық қасиет.
- өмірдің алдында қалыптасатын негізгі, өзекті қасиеттер.
Мінез-құлық - адамның өміріндегі қарым-қатынасты оның барлық қимыл-
қозғалыстары мен қылықтарының танылу ерекшеліктері немесе белгілері.
Белсенділік - қоршаған ортадағы ақиқат шындық пен өзара қимылының
өлшемі, кез-келген әрекеттің немесе қимыл-қозғалысы орындалуындағы
өнімділігі және қарқындылығы.
Өзін-өзі реттеу сферасы - жеке адам өзінің жүріс-тұрысы мен әрекетін
реттеуге бағытталған.
Талаптану, ниеттену - мінез-құлықтың мотивициялық компонентіне
жатқызылады.
Ерік - кедергі қиыншылықты жеңудегі қажеттілік.
Адам-өзінің қажеттерін орындау үшін бар мүмкіндігін пайдаланады.
Қажеттерін өтеу жолында сыртқы ортаны, табиғатты өзгертуге дейін барады.
Қажеттердің өтелуі, өтелмеуі адам психологиясына, оның күйініш- сүйінішіне
әсер етеді. Қажеттер орындалу тәсіліне қарай кісіде мазасыздану, не
тынышталу, рахат, ләззаттану, не азап шегу сезімдерін туғызады. Қажеттерді
өтеу арқылы адам тиісті құралдарды іздестіріп солардың күшімен мақсатқа
жетуге тырысады [26,12].
Ал, қажет дегеніміз- адамның ойлану қызметін тудыратын негізгі
себептердің бірі. Олай болса адамдардың қажеттері іс-әрекеттерінің негізгі
түрткілері, яғни оның психологиясының қайнар көзі, бастамасы. Қажеттілік
-өмір сүрудің, тіршілік етудің арқауы. Егер табиғи қажеттілік өтелмесе,
өмір сүру үшін тиісті жағдайлар болмаса, адам да жануарлар да тіршілік ете
алмайды. Адам өмірі үшін рухани қажеттердің өтелмеуінен адам көп қиыншылық
көреді, өйткені бұл оның сана сезімінің өсуіне кедергі келтіреді. Сонымен
қажеттілік - адамның белгілі бір тіршілікке немесе дамуда бір нәрсені
керек етуі. Педагогикалық әдебиеттерде “мотив” ұғымы әртүрлі мағынада
түрткі, ниет, ынта, ықылас т.б. ұғымдар арқылы берілген. Біз сараптай келе
зерттеу жұмысымызда “түрткі” деп қарастырып отырмыз.
Ал, түрткі бір әрекетке талаптанған немесе ниеттенген белгілі бір
қажеттіліктің қанағаттануымен байланысты. Түрткі орындалу барысында адамда
қызығушылық пайда болады [27,17]. Өйткені, түрткі дегеніміз белгілі бір
қажеттілікті өтеуге әсер ететін тұлғаның іштей құлшынысындағы белсенділігі.
Мұның өзі іс-әрекетте, қарым-қатынаста, мінез-құлықта көрінеді. Ал,
түрткінің сапасы мұратқа ұмтылу, қызығушылық, сенім, әлеуметтік тәртіп
саласындағы құндылықтардан көрінеді. Ізденуге себеп болатын бағдар -
таңдаған әрекетті мойындап, оны тауып, қажеттілікті өтеудегі ынта-ықылас.
Мұның мән-мағынасы қажеттілікпен байланысты деп білсек, қажеттілікті өтеу -
тұлғаны белсенділікке ұмтылдыратын қозғаушы күш деп түсінуге болады. Сонда
түрткі адамды ынталандырады, ізденуге, оны табуға ықпал етеді. Былайша
айтқанда түрткіні тұлғаның мінез-құлқы мен әрекетіндегі белсенділігін
реттейтін жетекші фактор деп танимыз.
Түрткі жөнінде және оған анықтама беруге байланысты ұсынылған пікірлер
баршылық. Мысалы:
- түрткі психологиялық құбылыс, іс-әрекетке деген ынта-ықыласты
қозғаушы күш, қызығушылық;
- түрткі әрекеттенуші тұлғаның таңдауына лайықты болған себепке
байланысты қарым-қатынас;
- түрткі өзінің қажеттілігін өтеудегі бағдары және іс-әрекет пен қарым-
қатынастағы адамның санасындағы түрткінің көрінісі т.б.
Осындай анықтамаларды қорыта келгенде түрткі - қажеттіліктің өзі емес,
оның құралы және тұлғаның бағдарлайтын жол екендігін мойындап, мынандай
тұжырым жасауды орынды деп білеміз. Түрткі дегеніміз -қажеттілікті өтеудегі
тұлғаның ізденуі, іс-әрекет, қарым-қатынастағы белсенділігі, ұмтылысы, үміт
еткен қызығушылықтың нәтижесіне жетуге іс-әрекет жасауы. Қызығу - заттар
мен құбылыстарды белсенділікпен танып, білуге бағыттылған адамның біршама
тұрақты ерекшелігінің бір көрінісі. Сөйтіп, адамның қызығуы - асыра зейін
қоюдан, оған құмартудан, соны үнемі ойланудан туындайды [28,14,18].
Түрткілер мамандықты таңдап алуға байланысты шәкірттің пәнге қызығушылығы,
келешек мамандыққа байланысы жоқ (сурет, ән, әдебиет, спорт т.б.). Бұл
әрекетте мұғалім оқушыны белгілі мақсатқа ынталандыру қажет [29.16].
Педагогикалық - психологиялық зерттеулерге сүйене отырып
біз түрткілердің (1 суретте) түрлерін анықтадық.

1 сурет- Түрткілердің даму жолдары

Сонымен қатар, педагогикалық-психологиялық зерттеулерді сараптай келе
түрткілерді екі топқа бөлуге болады:
1) Танымдық түрткі:
а) оқушылардың жаңа білімді игеруге және ұғыну тәсілдеріне бағыттау
түрткілері:
ә) өз бетімен білім алу, оны іс-әрекетінде қолдана білу түрткілері:
2) Әлеуметтік түрткілер:
а)кең мағынадағы әлеуметтік түрткілер (оқуда белсенділік, ынталылық,
жауапкершілік және борышын сезу);
ә) тар мағынадағы әлеуметтік түрткілер(отбасы, ұжым және жолдастарының,
құрбы-құрдастарының арасындағы бедел т.б.);
б) ынтымақтастық әлеуметтік түрткі оқу-тәрбие жұмысында өзара
әрекеттесуге ұмтылу және үнемі жетілдіру.
Ал,оқыту түрткілері - бұл оқушының әрекетіне әсер ететін әртүрлі
бағыттарының жиынтығы. Мысалы: егер оқушының таланттылығы өзі оқитын
обьектінің жұмысына бағытталған болса, онда танымдық түрткілер жоғарылай
түседі. Егер оқушының таланттылығы, білімділігі оқуға басқа адамдармен
қарым-қатынасында байқалса, онда танымдық түрткілермен қатар әлеуметтік
түрткілер де пайда болады.
Адамда сан алуан қызығулардың болуы мүмкін. Бірақ бұлардың ішінде ең
басыңқы қызығуы болады. Мұндай қызығулар әсіресе оқу әрекетіне аса қажет.
Оқуға қызығуының әсерлі, күшті, тұрақты, мазмұнды болуы оқушының сабақты
үлгеруіне ықпал етеді де, терең білімді алуына көп жәрдем тигізеді. Оқу
қызығулары оқушыларда оқу түрткілерінің дамуына байланысты қалыптасып
отырады. Оқушы жастарда қызығудың жөнді көрінбеуі, олардың өмірін
мазмұнсыз етеді. Мұндайда олар енжар болып іші пысады, зерігіп берекесі
кетеді. Қызығудың мазмұнды әрі кең, өрісті болуы оның басты ерекшеліктере
байланысты. Қызығуы тұрақты қасиетке айналған адам ғана іс-әрекеттен жақсы
нәтиже шығара алады, ісі әр уақытта да берекелі болады.
Кейбір адамдар кез келген нәрсеге қызығады да, оның бірде біреуіне
нақты тұрақтамайды. Мұндай “көрсе құмар” әуесқойлық қасиеттер адамды
тұрлаусыз, тұрақсыз етеді. Егер осы әдет бойға сіңіп кеткен болса, бұл-
үлкен кемшілік. Қызығуы тұрақтанбаған адам қызметтің қай саласында болмасын
пәрменді еңбек ете алмайды. Тек тұрақты қызығу ғана адамның бүкіл бойын
билеп, қандай бөгеттер болса да жеңе білуге, небір ауыртпалықты көтеруге
жәрдемдеседі.
Қызығулар өзінің мазмұны мен бағытына қарай Қ.Б.Жарықбаев,
Ә.Алдамұратов т.б. бір топ ғалымдарымыздың пікірінше материалдық, қоғамдық
саяси, кәсіптік, эстетикалық, оқырмандық, спорттық, танымдық т. б. болып
келеді. Бұл қызығушылықтардың әрқайсысы өз алдына бірнеше түрге бөлінеді.
Мәселен, таным қызығулары: оқуға, ғылымға (математика, химия, биология,
философия т.б.), ал кәсіпке қызығуларға салалы кәсіптің түрлеріне,
мамандықтарға байланысты болып бөлінеді. Эстетикалық қызығулар: кино,
театр, музыка, бейнелеу өнеріне тағы басқаларға сәйкес жіктеледі. Адам
объектіге түрлі мақсатты көздеп қызығады, осы тұрғыдан қызығуды тікелей
және жанама деп екіге бөлуге болады. Тікелей қызығу айналадағы нәрселердің
тартымдылығынан туады да, жанама қызығу – бұл әрекеттің түрткі нәтижесінен
қажетсінуінен туындайды. Мұндай қызығу барысында адам көздеген мақсатқа
біртіндеп, сатылап жетеді. Мәселен, оқуға, еңбек етуге т.т. қызығу. Жанама
қызығу тұрақты болып келетін болса, адамның ісі оңға басып, ол әрнәрсені
білген үстіне біле түсуге ықыласы артып отырады. Адамдардың қызығу
саласындағы ерекшеліктері де әр түрлі. Бұл өзгешеліктер адамның іс-
әрекетіне, көзқарасы мен талғамына, мұраты мен мүддесіне байланысты белгілі
мазмұнға толы болады. Мысалы: бір адамдар саяси мәселелерге қызығатын
болса, екінші біреулер эстетикаға, әдемілікке қызығады. Ал, үшінші
біреулері ғылыми теориялық мәселелерге ерекше назар аударып отырады,
төртінші біреулерде осы айтылғандардың барлығы бірдей тоғысып жатады.
Мектеп жасындағы балаларда қарапайым танымдық қызығушылықтарымен қатар
спорттық, оқырмандық қызығулары да кездеседі.
Қызығу пәрменді, белсенді болу үшін, бала тікелей бір әрекеттермен
айналысуы қажет. Мұғалім не тәрбиеші балалардың қызығуын тәрбиелеуде
олардың өзіне әлі де мәлім емес кейбір жанама қызығуларын тауып, соларды
тұрақтандыру үшін әрекет жасауы керек. Сонда ғана бала рухани өмірге бай,
зерігуді білмейтін, жан - жақты, қабілетті адам болып шығады [29].
Жалпы педагогикалық ғылыми еңбектерде қызығу, қызығушылық ұғымы деп
қарастырылуда. Ал, педагогиканың тәжірибелік аспектісінде қызығушылық деп
қолданылғандықтан екі сөз мағыналас, бұған екі сөздің мағынасы
өзгермейтіндіктен, біз ғылыми еңбегімізде қызығушылық деп қолдандық.
Қызығушылық қалыптасуы үшін адам бойында сенімділік туындауы керек. Сенім
мен дүниетаным қатарласып жүрсе ғана өз мақсатыңа жетуге мүмкіндік туады.

Ж.Р.Баширова мен Н.С. Әлқожаеваның “Иман - тәрбие негізі” атты
еңбектерінде имандылық, адам баласының бойында шын мәнісіндегі сенім мен
сезімді тәрбиелейді дейді. Сенім деген ұғымға бір жақты қарауға болмайды,
ол тек құдайға, Аллаға сену дегенді білдірмейді, сонымен қатар ғылымға,
білімге, болашаққа адамның бір-біріне сенуін де сөз етеді. Бұған адамның
талғамы, тәрбиесі, өскен ортасы, жанұясы, тәжірибесі де елеулі әсер етеді.
Қызығу сенім, талап, мұрат, адамды әркезде іс-әрекетке талпындырып ең күшті
қозғаушы түрткілердің бірі болып табылады. Түрткілер, қызығулар адамның іс-
әрекетінде анық байқалады [30,12] – деген тұжырым жасаған. Яғни, адам өзі
сенген нәрсеге ғана қызығушылығы артады.
Оқушы өмірінде оқу – іс әрекеттің негізгі саласы. Оқу – сабақ, сабақтан
тыс жұмыстар арқылы жүргізіледі. Оқыту, тәрбиелеу, білім беру, дамыту,
қалыптастыру – бірге жүретін үрдістер. Оқудың міндеті – оқушыларға ғылымның
негізгі ілімін, ақыл-ой еңбегінің дағдысы мен әдісін үйренуден тұрады.
Тәрбиелік міндеттер оқушылардың дүниетанымына, ғылыми ілімнің негізіне,
табиғат заңдылықтары дамуының жүйелік көзқарасын, өзінің сендіру
мүмкіндігін құрайды және сендіру мүмкіндігін арттырады. Олар оқу үрдісінде
оқушыларды еңбек сүйгіштікке, еркіндікке, тұрақтылыққа, мақсатқа
ұмтылушылыққа, ыждаһаттылыққа, саналылыққа, істі аяғына дейін жеткізуге,
шындыққа, өзіне деген сындық қатынасқа, іскерлік пен жауапкершілікке
уағыздайды.
Дамушы міндеттер – оқушылардың интенсивтік құрылымын талап ете отырып,
психикалық (сезіну, қабылдау, елестету, ойлау, сезім, еркін, сөйлеу)
логикалық және бейнелі, көркем ойлау үрдісінің түрі, кез келген
шығармашылық міндеттің шешімі, сезім мен ерікте мәдениеттіліктің пайда
болуы. Білім беру - ұлттық және жалпы адамзаттың қазыналары, ғылым мен
тәжірибенің жетістіктері негізінде қалыптастыру және дамыту үшін қажетті
жағдайлар жасау.
Білім беру, оқыту, тәрбиелеу – еңбек ету үрдісімен бірге жүреді. Еңбек
үрдісі нәтижелі болу үшін, қажетті білімді, дағды мен іскерлікті, икемді
жүйелі түрде меңгеру, оқу арқылы бала қоғамдағы ғасырлар бойы жинақтаған
асыл мұрасын, дағды тәжірибесін өз бойына сіңіреді. Білім жүйесін меңгеру
арқылы ғана адам ой мен дене еңбегінің тетіктерін жақсы түсінеді. Білімді
меңгеру- ұзақ уақытты керек ететін күрделі үрдіс. Білімді игеру үлкен
сапалылықты, өз бетімен жұмыс істеп үйренуді, өз мінез-құлқын меңгеруді
керек етеді. Мәселен, баланың жасы өскен сайын оқуға деген
қызығушылықтарының, түрткілерінің де мазмұны өзгереді. Түрткімен бірге
қызығу, дағды және икем де бірге қалыптасады. Дағды адам әрекетінің қай-
қайсысында да ерекше маңызға ие болады. Ол іске шапшаң, шұғыл кірісуге
мүмкіндік береді, іс-әрекетке жақсылап дағдылану арқылы адам өндіріс
құралдарын, дене шынықтыру, ақыл-ой жұмысын меңгеруде жақсы табыстарға
жетеді. Адам әсіресе, өзінің негізгі мамандығына, алдына қойған мақсатына
жетуге күш-қуатын пайдаланады. Ал икемділік- адамның қандай нәрсені
болмасын орындай білу қабілеттілігі. Икемділік білім мен тәрбиеге
негізделеді. Кімнің білімі мен тәжірибесі көбірек болса, сол адамның
икемділігі де артық болады дейді Қ.Б.Жарықбаев [31,44].
Икемділік – белгілі бір дағдылар мен білім жүйесін тәжірибеде пайдалана
алудың көрінісі. Икемділік білімнің амалға айналуы, ол саналы әрекетті
қажет етеді. Икемділікті амалды жүзеге асырудың тәсілі деп те қарастыруға
болады. Икемділік пен білім тығыз байланысып жатады. Адам түрлі ғылыми
білімдерді үйренеді, бұл үшін ол сан алуан амал-тәсілдер қолданады, мақсат-
бағдарын мәселені шешуге бағыттайды. Осы жолда түрлі проблемалық
жағдайларға кездеседі, белгісіз нәрсені зерттеп білумен айналысады.
Адамның қызығуы әртүрлі істерді өз дәрежесінде орындауға ұмтылудан
туады. Ал, түрткі сол істерге итермелейтін күш. Сонымен, түрткі – адамның
белгілі қажеттіліктерін қанағаттандырудағы іс-әркетіне байланысты
психологиялық көңіл-күйі. Қажеттілік адамның белсенді әрекетін тудыратын
қозғаушы күш болса, білімге, оқуға итермелейтін оқушының танымдық
қызығушылығын қалыптастыруда түрткілердің маңызы зор.
Танымдық түрткілер - оқушының басқа адамдармен әртүрлі әлеуметтік өзара
қарым-қатынасының байланыстылығы. Танымдық түрткілер бірнеше топтарға
бөлінеді. Олар: кеңейген танымдық түрткілер- оқушының жаңа білімді
дамытуымен байланысты. Тағы да деңгейі бойынша бөлінеді. Бұл деңгейлер
білімге деген қызығушылықтармен анықталады [32,16].
Ал, А.Н.Маркова танымдық түрткілерді үш топқа бөліп қарастырған.
1) жаңа білімдерді игеруге бағыттау мен сипатталатын ауқымды оқу
түрткілері;
2) білімдерге қол жеткізу тәсілдерін игеруге бағытталған оқу-танымдық
түрткілер;
білімге қол жеткізу тәсілдерін ұдайы жетілдіруге бағытталумен
ерекшеленетін, өз бетінде білім алу түрткісі [33,22].
В.А.Сластенин [34,44-45] тұжырымдауынша түрткі студенттердің оқу-
танымдық іс-әрекетіндегі маңыздылығын атап көрсетеді:
- жеке тұлғаның қалыптасуының негізі,ол студенттің әрі қарай дамуының
факторы ретінде көрінеді;
-ойлау жүйесін реттеуге әсер етіп,интеллектуалды белсенділігінің көзі
болады;
- танымдық тапсырмаларды шешуге,ізденуге шығармашылық күш беріп, білім
сапасына, оның тереңдеуіне әсер етеді;
- өздігінен білім алуға ұмтылушылықтың дамуының ішкі шарты болып
табылады;
Аталған зерттеулерді қарастыра келе танымдық түрткілер мен
қызығушылықтар- оқушылардың білімін дамытып, әртүрлі әдістер арқылы әрі
қарай жетілдіреді. Яғни,ғылыми танымға – оқу әрекетін білуге,зерттеуге,
ізденуге деген қызығушылықтарын туғызады. Ал,өзіндік білім түрткісі –
оқушылардың білімін жетілдіру әдістері. Бұл деңгейлер оқушылардың нәтижеге
жетуін қамтамасыз етеді. Әлеуметтік топтар да бірнеше қосымша топтарға
бөлінеді. Кеңейген әлеуметтік топтар деп оқушылардың өз Отанына, қоғамына
тиімді болу үшін білім алуға ұмтылуы, қоғам алдында өз борышын өтеу,
жауапкершілік сезіммен оқу керектігін түсінуі деп есептеген жөн [35].
Әрбір түрткі мен қызығушылық әрекеттің орындалуында басқарушы роль
атқарады. Оқушылардың әлеуметтік және танымдық қызығушылықтарын
қалыптастыруға, талпындыруға қоғам алдындағы борыштарын өтеуге, өзіндік
білім алуға, өзін-өзі тәрбиелеуге үйретуді жатқызамыз.
Адамда түрткі мен қызығушылықтың өркендеуі әртүрлі іс-әрекеттердің
дамуына байланысты. Оған оқудағы жеке пәндердің түрлері және оқу
жаттығуларының формалары кіреді. Мұндай кең мағынада оқушылар өздерінің оқу
пәндері мен жаттығуларына ден қойып, бар көңілімен орындайды. Олар
білімдерін толтыруға және мектеп бағдарламасынан қалмай оқуға, өздерінің
танымдық көзқарастарын дамытуға талпынады. Сонымен бірге болашақ
мамандықтарын таңдап алуға ұмылады.
Психологтар оқыту мотивациясын терістеу және дұрыстау деп екіге бөледі.
Терістеу мотивациясына оқушының оқуға деген талпынысының төмендеп кетуі
нәтижесінде болады, оған мектептегі ескертулер мен төменгі баға, ата-
аналарының балаларын ұрып-соғуы және қорқытуы, сыртқы ортамен байланыстағы
қобалжулары жатады.
Ал, дұрыстау мотивациясынан керісінше, оқушылардың оқу бағдарламаларын
оқуға деген талпынысы, оқуда, еңбекте табысқа жетуге деген құштарлығы,
білім жетілдіру бағытындағы талаптары көрінеді. Сонымен қатар сыртқы
ортамен, басқа адамдармен қарым-қатынасы байқалады. Түрткілердің,
қызығушылықтардың түрлері оқушылардың көзқарасына жақын болуы керек. Осыған
байланысты оқушының мінез-құлқын да қарастыруға болады. Қарым-қатынас
үрдісі нәтижесінен қанағат алуға ұмтылу және басқа адамдармен қатынасты
жақындатуда байқалады. Мұнда оқушы басқа адамдармен, мұғалімдермен,
достарымен өзара қарым-қатынаста болады. Негізгі ерекшелігі, өзін-өзі
тәрбиелеуі және жеке тұлға болып қалыптасуы жатады[36].
Әрбір іс-әрекет белгілі бір түрткілерден, қызығушылықтардан туындайды.
Демек, оқу жүйесін жақсарту үшін оқу ахуалында қойылған мақсатқа, белгілі
бір білім іскерліктерді меңгеруге ықпал етеді. Мұндай жағдайларда білім
мен іскерліктер басқа негізгі мақсаттарға, қолайсыз жағдайларға қалмау,
қоғамдық немесе жеке табыстарға жету, даңқ атақ құмарлықты қанағаттандыруға
жету құралы ғана болады[ 37,24].
Оқушы жақсы өсуі үшін-білімнің өмірде керек екенін түсінуі және сол білімге
қызығуы қажет. Бұған жетудің жолдары:
1. өзін-өзі тану
2. басқаларға сол ортаны таныту
3. табиғи ортаны тану
4. ғылыми негіздік таным
5. өмір тәжірибесі арқылы таным
6. ұлттық таным т.б.
Бұл іс-әрекеттің барлығы оқу әрекетіне итермелейді.
Оқу - белгілі бір шамада мәжбүрлік сипатта болады да, негізгі мақсатқа
жету жолында жеңу керек болатын нәрсенің бәрі кедергі болып көрінеді.
Мұндай жағдайда қарама-қарсы әрекет жасайтын күштердің болуы тән. Ішкі
түрткілерге адамды өз мақсатына оқуға ынталандыратын түрткілер жатады.
Бұған білімді білуге әуестік, өзінің мәдени деңгейін көтеруге ұмтылу мысал
бола алады. Әрине, олар оқу барысында кездесетін қиыншылықтарды жеңуге
байланысты ерік-жігер, күшін талап етеді. Бірақ, бұл күш-жігер сыртқы
кедергілерді жеңуге бағытталады. Мұндай ахуалдар педагогикалық тұрғыдан
қолайлы. Ондай жағдай жасау педагогтің маңызды міндеті. Олар оқушының мінез-
құлқын басқаруды, оқушыны тәрбиелеуді, оның мақсаттарын, мүдделері мен
мұраттарын қалыптастыруды талап етеді.
Оның педагогика ғылымында дәлелденген әрекеттен туатын кестелік жүйесі
төмендегідей:

2 сурет - Танымдық қасиеттердің іс-әрекетке бағыттылығы

Белгілі бір зат, оқиғалар, жағдайлар немесе іс-әрекет адамның айқындалған
белсенділігінің негіздерімен байланысты болғандықтан, іс-әрекеттің
себептеріне айналады және оны үш категорияларға бөлуге болады:
1. Ішкі негіздер. Олар адамның қажеттіліктерімен анықталып, ағзаның туа
біткен немесе қоғам қалыптастыратын әлеуметтік қажеттіліктерді
білдіретін жүре біткен сипатта болуы мүмкін.
2. Сыртқы негіздер. Олар адамның іс-әрекетінің қоғамдық жағдайларымен
анықталады. Мұндай негіздерге талаптану, үміт күту сияқты мүмкіндіктері
жатады.
3. Жеке түпкі негіздер. Олар адамның мүдделері, ұмтылыстары,
бағдарламалары, сенімімен, дүниеге, қоғамға көзқарастарымен, өзі туралы
түсінігімен анықталады.
Осы айтылған ойларды жүйелей келе, оқушылардың өзін қоршаған әлемге
деген танымдық қызығушылығының дамуы жалпы үш кезеңнен құралады.
Танымдық қажеттілік пен қызығушылықтардың туындауының негізгі шарттары
субъект әрекетінде пайда болатын мәселелік жағдайларда көрініс береді.
Сондықтан да алдыңа қойған мақсатыңның нәтижесін көрсең, ісіңнің оңға
басқанына куәгер болсаң, жаңа білімді іздестіруде оқудың жаңа әдістерін
табуға мұғалімдер мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеуде талаптары арта
түседі. Әрбір оқушының оқу жұмыстарында табысқа жету жетістіктері,
қиындықтардан тез шығуы және қиын істерді шешуінің мүмкіндіктерімен
байланысты. Бұл жерде эмоцияны оқушылардың еңбегін бағалаудағы әділетті
көзқарастарының пайдалы қортындылары болып табылады. Бұл эмоцияны
В.Сухомлинскийдің айтуы бойынша еңбектің “бақыты” мен “қуанышы” деуге
болады. Ол сонымен бірге жақсы оқуға деген талпыныс, өзінің адамгершілік
қасиетіне деген сезімі сияқты бірнеше эмоцияларды көрсетеді [39,11].
Алдымен мінез-құлық қалыптасады.
Мінез-құлық өмірдің алдында қалыптасатын негізгі, өзекті қасиеттер,
яғни адамның өміріндегі қарым-қатынастары, қимыл-қозғалыстары мен
қылықтарының белгілері. Эмоционалды жағдайлар сезгіштің жиынтығымен
байланысты, мұнда қызығулар, түрткілер, қажеттіліктер, мақсаттар мен
міндеттер, ойлар, оянулар, ұмтылыстар туралы ұсыныстар енгізіледі.
Сонымен қатар жеке тұлға дамуындағы танымдық қызығушылықтар ұғымына
ғалымдар әр түрлі пікірлер айтады. Жеке тұлға әлеуметтік қатынастармен
бірге сапалы іс-әрекетті жүзеге асыратын, нақты қоғамның мүшесі ретінде
өзін-өзі басқалардан ажырата білетін, өзінің кім екенін түсінетін есі
кірген ересек кісі. Танымға, танымдық әрекетке қажеттілік көп ғасырлық
адамзаттың тәжірибелерді игеруінде қалыптасады. Балалық шақтың өзінде
танымдық қажеттіліктер, хабарламаның әр түрлі жақтарын, өмірлік пікірлердің
қорын игеруге бағытталады.
Адамның бұдан былайғы өмірінде қызығушылықтың, білімді игерудің түрлері
мен тәсілдері және объектісі өзгереді. Демек, танымға деген қажеттілік
адамның ішкі қасиетіне тән бола отырып, жылдан жылға дамуына ие болып
отырады.
Әрбір адамда, әсіресе ересектерде, танымдық қызығушылықтар біршама
танымды және бағытталған болып құрылады. Бұл кәсіби әрекетке байланысты
қызығушылықтар, қоғамдық өмірді түсінуге қажеттіліктерден туындайтын
қызығушылықтар,мәдениеттің әртүрлі салаларына деген қызығушылығының
әсерінен пайда болатын тілектер [40,12].

Әсер ететін факторлар

макро меза микро
-жеке дара -белсенділігі -ұнайтын мамандығы
қасиеттері -қоршаған орта -ата-анасының кәсібі
-ниет - білім
-тілек
-ынта
-ықылас
-себеп

Танымдық қызығушылықтың даму кезеңдері

қажеттіліктен ұнайтын іс-әрекетке тұлғаның
туындайтын қызығушылығын қалыптасуының
қызығушылықтың тұрақтандыру бағыт-бағдарына,
алғашқы кезеңде өмірлік мақсаттары
туындауы мен жоспарына
сәйкестендіру
жүйесіне әсері

қажеттіліктен туындайтын
қызығушылықтың сипаты

3 сурет - Оқушылардың танымдық қызығушылығының дамуы

Ал,оқу-танымдық әрекеттерге келетін болсақ, онда ол ғылыми фактілер мен
заңдылықтарға, танымның тәсілдері мен әдістеріне, яғни теоретикалық
білімнің құндылығына бағытталған танымды қызығушылықтармен
қанағаттандырылады.
Танымдық әрекеттің іргелі сипаттамасында мотивацияның әлеуметтік қыр-
сырын ескермей, тек жеке адамның өсуге және дамуға, әлеуметті мағыналы
әрекетке өзін-өзі нақтылау мен өзін-өзі бағалауға деген тепе-теңдікте
түсіну мүмкін емес.
Танымдық қызығушылықтардың дамуы кезеңдеріне тоқталып өтейік (3 сурет).
Бірінші кезеңде қызығушылық әдетте жарық әсерімен, танымның жаңа
құрылымымен байланысты. Ал келесі кезеңінде адам заттың тек сыртқы жағына
емес, оның ішкі мәніне, құбылыстың пайда болуындағы себептерді түсінуге
тырыса отырып зейінін салады.
Қызығушылықтың дамуы, сонымен қатар, оның мамандануына, білім
тереңдігіне, зейіннің тұрақтылығына, оған қоса адамның білім саласындағы
біршама күрделі мәселелерді шешуге ұмтылуымен байланысады. Танымдық
қызығушылықтың дамуының ең жоғарғы табалдырықтарында адам өзін таным
әрекеттерінің шыңында көреді, өзінің өмірлік жоспарлар жүйесінде танымдық
қызығушылықтарын қосады [41,32].
А.Н.Матюшкин [42,12] көрсеткендей, танымдық қажеттілік мақсаттарға
жетуге деген іс-қимылдарды орындаудағы мүмкіндіктер болған кезде пайда
болады, яғни қажеттілік – бұл адамға жаңа ақпаратты іздеуге, оның керек
шешімін қалыптастыруға итермелейді.
Х.Хенхаузен [43] еңбектерінде оқушының бойында қалыптасатын танымдық
қажеттіліктердің, ақыл-естің әрекеті педагогтардың, ата-аналардың жаппай
ақпараттық құралдарынан, көркем әдебиет пен ғылыми әйгілі шығармалардың
әсері арқылы белсендіріліп отырылады. Оқу әрекетінде қызығушылықтардың,
түрткілердің бірден-бір мағынасы оқу барысында және сыныптан тыс
жұмыстардың барысында тәрбиеленетін танымдық қажеттілік болып табылады
[44].
Г.И.Щукина бойынша [45,54] “Танымдық қажеттілік ынталандырудың негізгі
көзі–оның ойынша оқу материалдарының мазмұны, оқушыға әкелетін алдағы
ақпараттардың белгісіздігі, таңқаларлық сезімдерді оятатын, айқын
құбылыстарға жаңаша қарауға мүмкіндік беретін, білімді жаңа өлшемдерді
ашатын материалдар; ғылыми білімдердің пайда болуы мен даму тарихын
айқындайтын, оқылатын білімдердің практикалық мәнін сипаттайтын мазмұн” –
деп есептейді. Танымдық қызығушылық оқудағы және өз бетінше тәрбиені,
оқушылардың танымдық белсенділігінің қалыптасуына интенсификациялық ойлау
әрекетіне, оқушылардың білім деңгейінің дамуындағы оқу процесінің
ұйымдастырылуына, оқудың эмоционалды атмосферасын және оқу процесінің
жағымды формасын құруына ыңғайлы жағдай туғызады. Сонымен бірге ақыл-ой
тәрбиесі әлеуметтік жұмыстарды оқушылардың зейінді болу шеберлігінің, оқу
ақпараттарын есте сақтаудың, ойлау операцияларын әр түрде болуының дамуымен
байланыстырады. Оқушылардың зейінін дамыту үшін оқытушылар алдына
істелінетін жұмыстардың міндетін дәлірек қоюы керек, үнемі ең маңыздыларын
белгілеп қою керек, тақырыпқа байланысты айқын мысалдармен қызықтырып
отырылуы керек. Сынып мұғалімдері зейінді дамытудың әртүрлі арнайы
жаттығуларын (қызықты ойындар, оқушылардың зейінін анықтайтын ойындар)
қолданады. Зейіннің дамуымен қатар есте сақтау үрдістеріне қалыптасуы да
игеріледі – сөздік, көру, бейнелеу, қимылдық, есте сақтау процестері. Есте
сақтаудың дамуы оқушылардың материалдарды есте сақтауына (ұзақ және қысқа)
деген нұсқаулардың қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Мұндай нұсқау жаңа
материалдарды ойлаудың барлық процестерінің бойында әрекет жасауы керек
[46,12].
Зейін дамыған жағдайда оқытушылардың оқу жұмыстарындағы тұрақтылығын
көтермейді, оқытылғанды нақтылаудағы олардың мақсаттылығын дамытады,
қабылданған материалдың мазмұнын айтуға үйретеді. Сонымен қатар есте
сақтауға, дағдылануға арналған арнайы жаттығуларды да пайдаланып отырады.
Оқушылардың ойлауын дамыту үшін әсіресе олардың салыстыру, анализдеу,
синтездеу, талдап қорыту, себеп-салдар байланысын құру, жіктеу және
жүйелеу операцияларын тұрақты түрде талдау керек. Осы операцияларға
байланысты ақыл-есті тәрбиелеу, жаңа оқу ақпараттарын игерудің аналитикалық
және синтетикалық тәсілдерін қабылдаудағы өзара байланыстылыққа ұмтылуы
керек. Оқушыларға оқылған проблемаларды, ұғымдарды, құбылыстарды талдауды
үйрету керек, сонымен қатар, синтезделген мінездемелерді нақты фактілерге
сүйеніп, бақылай отырып, белгілі бір нақтыланған талдау жасау, арқылы
қорытынды жасау керек. Ойлау әрекетінің дамуында оқушыларға оқылған
материалдардың мәнін түсіндіріп, ең бастысын бөліп қарауға шеберлігі де
әсер етеді [47,13]. Олар:
- ақыл-ой тәрбиесі ойлаудың сипаты мен стилі, жеке адамның дүниеге
көзқарастың позициясына және оқушылардың ғылыми көзқарасының дамуына
байланысты төмендегідей бөлінеді.
- оқушылардың нақты фактілерді талдап қорыту шеберлігі және жалпы
көзқарастың шешімдерді жасай алуы;
- көзқарастық идеялардың мағынасын аша алу шеберлігі, табиғи және
қоғамдық құбылыстардың диалектика позициясымен бағалай алуы;
- өзінің ой-пікірін негіздеп және қорғай алу шеберлігі;
Ал, диалектикалық ойлау – сол ғылыми теорияның дамуын, ғылымдағы
көзқарас пен пікірлер таласын талдауды үйрену. Практикалық түрде әрбір
оқулық пәні оқушыларға ғылыми жаңалықтың тарихи негізін, ғылым тармақтарын,
жаңа ғылыми жағдай мен бұрынғы жаңалықтар арасында логикалық байланыстарын,
ғылыми дамуының ішкі логикасын, оның заңдылықтарының ішкі қайшылық
идеяларын, ескі көзқарастарды жаңа ұсыныстармен ауыстыруын ұсынады. Осы
жоғарыда айтылған жағдайлар оқушылардың күнделікті даму барысында, әсіресе
білім алу деңгейлерінде түпкілікті шешім қабылдауына көптеген әсерлер
жасайды. Бәрінен де бұрын жеке адамның қызығушылығында оқу әрекеті –
адамның еңбек, таным және қатынас субъектісі ретінде оның жалпы өмір
тіршілігінің нақты түрінің бірі. Адамның танымдық қажеттіліктері мен
қызығулары адамның жалпы өмірлік бағыттылығындағы нұсқаулар мен
құндылықтардың жалпылама жүйелерін белгілейді [48,41].
Оқушылардың таным процесі өзіне тән ерекшелігі бар күрделі психикалық
үрдіс. Оқушының нәтижелі оқуына әсер ететін сыртқы және ішкі күштер немесе
белгілі себептері болады. Оқушының білім алуда ілгері қарай басуына
себепкер болатын негізгі күш – түрлі қайшылықтар. Оқушының оқуына түрлі
әсер ететін себептердің бірі – түрткілер, қызығушылықтар [49].
Қызығу - күрделі психологиялық үрдіс. Мысалы: қызығуды-миға жеңіл әрі
жағымды әсер ететін өзгеше көңіл күй деп философиялық сөздікте бағаланса,
Пьеронның (1957) психологиялық сөздігінде қызығуды - адамның назарын
аударатын әрі оның іскерлігін арттыратын ерекше нәрселер деп көрсетті. 1964
жарық көрген (Қызығу психологиясы) атты еңбегінде американ психологы
Дональд Супер: Қызығу дегеніміз не? - деген сауалға: қызығу - бұл бір
нәрсеге табыну, мінез көрінісінің қасиеттерінен бой көрсету деп жауап
береді [50,11]. Кеңестік дәуір психологиясында қызығу теориясын
материалистік позициядан іздейді. Адам қызығуға тұратын заттардың бәрі
обьективті өмірде бар. Сондықтан да қызығудың обьективті-субьективті жағы
болады. Қоршаған ортадан адам мүддесіне құрылыс материалдарын ала алады.
Олар көптеген жағдайлар әсерінен құрылады. Кең әлеуметтік және табиғи жақын
орта, оның мінез сатысы адамдармен қарым-қатынасы, тәрбиелеу және оқыту
процестері, ерекше стимулдармен ыңғайластырылып қоршаған ортаны тудыратын
жеке адамдық белсенділік бәрі адам қызығушылығын қалыптастырады.
Қоршаған ортаның алуан түрлілігі секілді, адам қызығулары да алуан
түрлі болып келеді. Мысалы: пәндік қызығулар адамның көркем-өнерге,
денешынықтыруға, техникаға, сондай-ақ танымдық пәндерге қызығуы. Оның
ішінде бір нәрсеге ғылымның бір түріне немесе спорттың бір түріне қызығуы
басым болады. Бұндай қызығуларды пәндік немесе сабақтан тыс өзіндік
жұмыстар жүргізу арқылы дамытамыз. Жалпы қызығудың ерекше, әрі өте маңызды
бөлігін -танымдық қызығушылық құрайды. Оны оқушының өз білімін тереңдетуге
ұмтылысынан көреміз. Яғни, танымдық қызығу, оның оқуға, тіпті өмірге жаңаша
қарауына әсер етпей қоймайды. Оқушы сол сабақты сабырсыздана күтеді, сол
мұғаліммен қарым-қатынасты немесе интеллектуалдық қуанышты бастан өткереді,
бұған кешегіден де көбірек білгендігіне қуанады.
К.Д.Ушинский еңбектерінде “Танымдық қызығушылық оқушының білімге , бір
нәрсені білуге құштарлығын арттырып қана қоймайды сонымен қатар айналадағы
бізге белгісіз, жұмбақ, сырларға жауап іздеуге итермелейді- деп
қарастырады [51,23]. Ол үшін танымдық қызығушылығының психологиялық
табиғатты оқу барысында қолдау мен қолпаштауға ие болу керек. Танымдық
қызығушылыққа бекітілген өмірлік маңызы бар процестер жайлы мұғалімнің
ойланып, толғанатын жері де осы .
Мысал келтірер болсақ әдебиет пәнінің мұғалімі оқушыларына шығарманың
құрылысын талдатып, кейіпкерлерін тапқызып, мазмұнына талдау жасатқызу
арқылы олардың ішкі сезімдері, көңіл-күйі, қанағаттану, ләзаттану,
сезімдері мен тікелей әсер ете отырып жұмыс жасаса, математика, химия
мұғалімдері сезімді былай ысырып қойып, оқушының тікелей тапсырманы шешу
мүмкіндігі, ойлау дәрежелерімен жұмыс істейді. Яғни, сабақтың эмоционалды
жақтарына аса назар аудара бермейді. Оқушылардың танымдық қызығуының
қалыптасуына ең алдымен пән мұғалімдерінің ықпалы зор. Ол үшін мұғалім
сабақта қызықты, тартымды оқыту үшін жиі пайдаланатын әдістерді оқу
барысында пайдалануымызда екі маңызды мақсаттарды ескеруіміз қажет.
1. Танымдық қызығуды тек қана оқыту, балаларды сабаққа тарту, қызықтыру
құралы деп қана қарамай, сонымен қатар баланың ішкі психологиялық жан-
тербеністері, жекелік ішкі процестерін қалыптастыруда маңызы ерекше деп
қарау.
2. Оқушының өзінің көңілі қалаған сабағын оқуына жағдай жасау немесе
сабақты эмоциалды ұнату, ұнатпауын қадағалап сол арқылы іске кірісу.
3. Сонымен қатар оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру
жолдарын, олардың тәрбие теориясын меңгергендігінен байқауға болады.
Тәрбие - адам өмірінде ғана болатын қоғамдық құбылыстарға итермейтін
саналы әрекет. Яғни, дұрыс өмір сүру үшін, қоғам бақытты болуы үшін жеке
адам тәрбиелі болуы керек. Жеке адамның даму ерекшеліктерінің әлеуметтік
құрылымында алатын орны жастардың сұраныстары мен мақсаттарына байланысты
туындайтын денсаулық, адамдармен қарым-қатынас, білім, еңбекке араласу,
кәсіпті таңдау, жастардың рухани дамуы, мәдени деңгейі, жастардың бос
уақытын пайдалануы, тұрмыстық мәселелері, міне мұның бәрі жастардың
танымдық қызығушылығына, дүниетанымына және мақсат, мұраттың жақын келешегі
– перспектива адамгершілік мәселесіне жатады. Біршама мәнді, мағыналы болып
танымдық қызығушылыққа маңызды әсер ететін түрткі, қажет, зейін, қабілет,
ой, қиял, тағы басқа психологиялық процестер түрлерін айтамыз [52,14].
Оқыту - мұғалімнің білім берудегі жетекші әрекеті болса, оқу баланың
танымдық түсінігіне, біліміне, ізденуіне, ықпал ететін құбылыс. Оқыту
үрдісі - мұғалімнің оқушылармен рухани қарым-қатынаста ұдайы
ынтымақтастықта болуды қажет етеді. Жоғарғы сынып оқушыларында еліктегіштік
қасиет басым болып келеді [53, 16]. Оқушының өзін-өзі тануына, өзіндік
санасының өсуіне, оның дара тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік туғызу.
Жеке тұлғаның даму деңгейі мен әлеуметтік сұрану талаптарына сәйкес оқыту
мен тәрбиелеудің педагогикалық, психологиялық жаңа бағыттарын басшылыққа
ала отырып ұйымдастыру.
Қазіргі таңдағы елімізді адамгершілік тәртіпсіздік сияқты жаман
қасиеттерден сақтандыру үшін, жоғарғы сынып оқушыларының бос уақытын дұрыс
пайдалана білуге көңіл аударуымыз қажет. Өйткені, жастар бойындағы
зерігушіліктің, әдепсіздікке соқтыратындығын, теріс жолға бастайтындығын,
мектеп өмірінен жиі байқаймыз. Ондай жолға жібермеудегі тосқауылдан туған
жол халқының әдет-ғұрпындағы салт-дәстүріндегі әдептіліктік таным-
тағылымы. Сондықтан да жастарымыздың санасына ұлттық ұлағатты қасиеттерді
сіңіре білудің мәні зор. Ақынжанды, ақжарқын шешен өнерпаз, өнегелі
халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан тәлім-тәрбиелік әдеттері мен
ғұрыптары, рәсімдері және салт-сапалық дәстүрлері жас ұрпақтың жан жүйесіне
әсер етіп, анасына сіңсе, ұлтық мәдениетті игерген, иман жүзді, инабатты
ұрпақ жалпы адамзаттық асыл қасиеттердегі игіліктермен тоғысуына мүмкіндік
алады. Халқымыздың асыл қазыналарын білуге, игеруге қызықтыру, ұлттық
тәрбиені меңгеру басты міндеттеріміздің бірі.
Оқушылардың танымдық қызығушылығын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы мектеп пен университет арасындағы сабақтастық
Мектеп пен университет арасындағы сабақтастықтың оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы маңызы
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ
Оқушылардың танымдық қызығушылығының дамуы
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың әдістемесі
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру әдістемесі
Қазіргі мектептердегі педагог-психологтың қызметі
Қазақстанда үздіксіз экологиялық білім беруде этноэкологияның орыны
Психологиялық қызметті ұйымдастыру мәселесінің теориялық зерттелуі және оны тәжірибеде қолданудың тиімді жолдарының айқындалуы
Орта оқу орындарында география пәні арқылы экологиялық білім мен тәрбие беру
Пәндер