Құрмалас сөйлемдерді жіктеу мәселесі



І. К І Р І С П Е
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Құрмалас сөйлемді топтастыру мәселесі
2. Компонент санына қарай топтастыру
2.1. Екі құрамды құрмаластар
2.2. Көп құрамды құрмаластар
3. Компоненттерінің байланысу тәсілдеріне қарай топтастыру
3.1. Салалас құрмаластар
3.2. Сабақтас құрмаластар
4. Сабақтастарды байланыстырушы амалдарының қатысына қарай топтастыру
1. Есімше формаларының қатысуымен жасалатын сабақтас құрмалас сөйлемдер
2. Шартты рай формаларының қатысуымен жасалатын сабақтас құрмалас сөйлемдер
3. Көсемше формаларының қатысуымен жасалатын сабақтас құрмалас сөйлемдер
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Құрылымы мен мазмұны жағынан күрделі синтаксистік категорияға жататын құрмалас сөйлемдерді зерттеп, зерделеу тілтанушылар үшін оңай болмағандығы рас. Оның айқын дәлелі өткен ғасырдан бастау алатын сан салалы зерттеулер мен күні бүгінге дейін жарық көріп жатқан еңбектердің барлығында да сөйлемнің осы түріне қатысты күрмеуі қиын мәселелер мен табиғаты тылсымдау бір проблеманың шығып тұратындығында.
Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемге қатысты алғашқы пікір, тұжырымдар П.М. Мелиоранский [5], Н.И. Ильминский [6]және т.б. түркітанушылар еңбектерінде көрініс табады. Авторлардың құрмалас деп көреткен сөйлемдері бүгінгі таным тұрғысынан алғанда жай сөйлемге жататындығына қарамастан, бұл еңбектердің сөйлем табиғатын танытудағы ролін жоққа шығаруға болмайды. Түркі тілдес халықтар ғалымдары да құрмалас сөйлемдерді арнайы зерттеу нысаны етіп алып қарастырды. Олардың қатарында М.З. Закиевтің «Синтаксический строй татарского языка», А. Жапаровтың «Синтаксический строй киргизского языка», Н. З. Гаджиева, Б.А. Серебренниковтардың авторлығымен жарық көрген «Сравнительно-историческая грамматика тюркских языков.
1 Байтұрсынов А. Тiл тағылымы. А.1993.
2 Жубанов К. Исследование по казахскому языку. А., 1996.
3 Аманжолов С. Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы. А., 1940.
4 Сауранбаев Н. Қазақ тілі. А., 1948.
5 Мелиоранский П.М. Краткая грамматика казак-киргизского языка. – СПб.: Тип. имп. АН, 1897. – Ч. 2.
6 Ильминский Н.И. Материалы (к изучению киргизского наречия с киргизско-русским словарем. – Казань, 1861.
7 Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис. – Алматы: Ана тілі, 1983.
8 Есенов Қ. Құрмалас сөйлем синтаксисi. А.1995.
9 Хасенов Ә. Салалас құрмалас сөйлемдер және олардың тыныс белгілері жөнінде.// Халық мұғалімі, Алматы, 1954, №1.
10 Сауранбаев Н. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі. Кітапта: Академик Н. Сауранбаевтың еңбектері. ІІ том, Алматы, 2000.
11 Жиенбаев С. Синтаксис мәселелерi. А.1941.
11 Қордабаев Т. Қазiргi қазақ тiлiндегi құрмалас сөйлемдер.А.,1992.
12 Томанов М. Құрмалас сөйлемдер туралы бірер сөз // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 1959. -44-48 бб.
13 Ысқақов А. Құрмалас сөйлем мәселелері // Халық мұғалімі, Алматы, 1940, №23.
14 Есенов Қ. Құрмалас сөйлем синтаксисi. А.1995.
15 Хасенов Ә. Салалас құрмалас сөйлемдер және олардың тыныс белгілері жөнінде.// Халық мұғалімі, Алматы, 1954, №1.
16 Қапалбеков Б. Көсемше бағыныңқылардың дамып қалыптасуы мен мағыналық түрлері. Филол.ғыл канд дисс. А., 2000.
17 Мамытбеков К. Сложносочиненные предложения в современном казахском языке. Автореф. дис. ...канд. филол.наук. – Алма-Ата, 1973.
18 Салиева У. Бессоюзные сложные предложения в современном казахском языке. . Автореф. дис. ...канд. филол.наук. – Алма-Ата, 1974.
19 Әмір Р. Іргелес салалас құрмалас сөйлемдер// Қазақ грамматикасы. Астана, 2002.
20 Шәукенұлы Қ. Синтаксис. А., «Арыс», 2004.
21 Шалабай Б. // Қазақ грамматикасы. Астана, 2002.
22 Елшібаева Ә. Салалас, сабақтас құрмалас сөйлемдердің құрылымдық, функционалдық арақатынасы. КДА, 2006.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БIЛIМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛIГI

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТIК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУТЫ
ҚАЗАҚ ТIЛ БІЛІМI КАФЕДРАСЫ

НҰҒМАНОВА ИНДИРА

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМДЕРДІ ЖІКТЕУ МӘСЕЛЕСІ

Жетекшiсi: ф.ғ.к.,
доцент Т.Н. Ермекова
Сарапшысы: аға оқытушы
М.Қ. Қанабекова

Қорғауға жiберiлдi:
“__” ___________ 2007 ж.
Кафедра меңгерушiсi: _________________
ф.ғ.к., доцент Т.Н. Ермекова

АЛМАТЫ, 2007.

ЖОСПАР
І. К І Р І С П Е
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Құрмалас сөйлемді топтастыру мәселесі
2. Компонент санына қарай топтастыру
2.1. Екі құрамды құрмаластар
2.2. Көп құрамды құрмаластар
3. Компоненттерінің байланысу тәсілдеріне қарай топтастыру
3.1. Салалас құрмаластар
3.2. Сабақтас құрмаластар
4. Сабақтастарды байланыстырушы амалдарының қатысына қарай топтастыру
1. Есімше формаларының қатысуымен жасалатын сабақтас құрмалас сөйлемдер
2. Шартты рай формаларының қатысуымен жасалатын сабақтас құрмалас
сөйлемдер
3. Көсемше формаларының қатысуымен жасалатын сабақтас құрмалас сөйлемдер
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Құрылымы мен мазмұны жағынан күрделі синтаксистік категорияға жататын
құрмалас сөйлемдерді зерттеп, зерделеу тілтанушылар үшін оңай болмағандығы
рас. Оның айқын дәлелі өткен ғасырдан бастау алатын сан салалы зерттеулер
мен күні бүгінге дейін жарық көріп жатқан еңбектердің барлығында да
сөйлемнің осы түріне қатысты күрмеуі қиын мәселелер мен табиғаты тылсымдау
бір проблеманың шығып тұратындығында.
Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемге қатысты алғашқы пікір, тұжырымдар
П.М. Мелиоранский [5], Н.И. Ильминский [6]және т.б. түркітанушылар
еңбектерінде көрініс табады. Авторлардың құрмалас деп көреткен сөйлемдері
бүгінгі таным тұрғысынан алғанда жай сөйлемге жататындығына қарамастан, бұл
еңбектердің сөйлем табиғатын танытудағы ролін жоққа шығаруға болмайды.
Түркі тілдес халықтар ғалымдары да құрмалас сөйлемдерді арнайы зерттеу
нысаны етіп алып қарастырды. Олардың қатарында М.З. Закиевтің
Синтаксический строй татарского языка, А. Жапаровтың Синтаксический
строй киргизского языка, Н. З. Гаджиева, Б.А.
Серебренниковтардың авторлығымен жарық көрген Сравнительно-историческая
грамматика тюркских языков. Синтаксис, Г.Г. Саитбатталовтың Синтаксис
сложного предложения в башкирском языке, К. Чонбашиевтың Сложные
предложения в русском и киргизском языке, Н. Нартыевтің Строй сложного
предложения в современном туркменском языке, сондай-ақ Грамматика
хакасского языка, Грамматика татарского языка т. т. еңбектерді атап
өтуге болады. Аталған мәселе төл ғалымдарымыздың да назарынан тыс қалмады.

Қазақ тіл білімінің қалыптасып, даму тарихында оның негізін салушылар
А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С. Жиенбаев, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев
есімдері ерекше аталатыны сөзсіз. Аталған ғалымдар жалпы қазақ тіл
ғылымының дамуына зор үлес қосты дейтін болсақ, соның ішінде синтаксис
саласына қалдырған мұралары күні бүгінге дейін маңызын жоймағандығын атап
өтуіміз керек. Синтаксистің аса күрделі де күрмеуі мол нысаны құрмалас
сөйлемдерді зерттеп, зерделеу, оның тілдік табиғатын таныту мен құрылымдық-
семантикалық белгілерін айқындау ісінде белгілі ғалымдар Н.
Сауранбаев, М. Балақаев, Т. Қордабаев, Қ. Есенов, Р. Әмір, М. Серғалиев,
Б. Шалабай еңбектерінің мәні зор.

Диплом жұмысының өзектілігі.
Қазіргі қазақ тілін мектепте, колледждер мен жоғары оқу орындарында
оқытудың өзіндік қиыншылықтары бар. Оның басты себебі, біріншіден, іс
жүзінде бір-бірімен сабақтас, белгілі бір жүйемен оқытылуға тиіс білім
беру сатыларының бағдарламалары арасында байланыстың жоқтығы болса,
екіншіден, оған сәйкес жазылатын оқулықтарда берілетін материалдардың
мазмұнының арасындағы елеулі айырмашылықтар. Аталған сәйкессіздік тіл
білімінің барлық салаларында да орын алатындығын мойындауымыз керек.
Айталық, қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың саны қанша, оған қай дыбыстар
жатады деген мәселеге қатысты әр автордың оқулығынан әр түрлі жауап алуға
болады. Бұл жайт бағдарламалар мен оқулықтарда берілген құрмалас сөйлемнің
түрлеріне де қатысты. Сондықтан оны айқындау ісі жұмыстың өзектілігін
танытады.

Диплом жұмысының мақсат-міндеттері

Диплом жұмысының мақсаты – қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдерді
топтастыру. Осыған орай төмендегідей міндеттерді шешу көзделеді:
- құрмалас сөйлемнің зерттелу тарихына шолу жасау;
- құрмалас сөйлемдерді топтастыруда қолданылатын ұстанымдарды
нақтылау;
- әр ұстаным бойынша құрмаластарды жіктеу;
- аталған жайттарды нақты тілдік фактілермен дәлеледеу.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Құрмалас сөйлемді топтастыру мәселесі

Қазақ тіл білімінде құрмалас сөйлемді топтастыру мәселесіне алғаш
көңіл аударған А. Байтұрсынұлы Тіл-құрал. Сөйлем жүйесі мен түрлері атты
еңбегінде құрмалас сөйлемге қатысты түсінік береді [1: 300-310]. Оны
сыйыса құрмаласу және қиыса құрмаласу деп бөліп қарастырады. Автордың
сыйыса құрмаласу деп берген сөйлемдері (Қарабай мен Сарыбай аңға шықты)
қазіргі замандағы тілдік таным тұрғысынан талдағанда бірыңғай мүшелі жай
сөйлем деп танылғанымен, аталған сөйлемнің оны құрмалас сөйлеммен барабар
ететіндей әлдебір тілдік заңдылықтың негізінде қалыптасқандығын жоққа
шығара алмаймыз (салыстырыңыз: Қарабай да аңға шықты, Сарыбай да аңға
шықты). Қиысқан құрмаластарды салалас, сабақтас деп жіктеп, салаластарды
мағынасына қарай жиылыңқы, қайырыңқы, айырыңқы, сұйылыңқы және қойылыңқы
деп бөлсе, сабақтастарды бастауыш бағыныңқы, анықтауыш бағыныңқы,
пысықтауыш бағыныңқы деп бөледі. Құрмалас сөйлемді күрделі сөйлем деп
атаған Қ.Жұбанов оны салалас және сабақтас деп жіктеп қарастырады [2: 231].
1936 жылы орта мектептің 5-7 сыныптарына арналған Қазақ тілінің
программасында құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдары мен амал-тәсілдері
көрсетіліп, мағыналық түрлеріне тоқталған. Құрмаласты жасайтын амал-
тәсілдер салаласта: алғашқы сөйлем баяндауышы құрамындағы еді көмекші
етістігі, шартты рай тұлғасы, көсемшенің –п тұлғасы, да, және, сосын
дәнекерлері, сол себепті, сондықтан, сөйтіп, бірақ, сөйтсе де, я, әйтпесе,
не болмаса, үйткені, неге десең т.б. жалғаулықтары, осы, сол, бұл
есімдіктері; сабақтаста, негізінен, құрамында қатыстық сөздері бар шартты
рай тұлғалы етістіктерге негізделген. Салалас құрмаластарды өз ішінде
ыңғайлас, ереуіл, талғама, себеп-салдар, шарт жағдай деп бөледі де,
сабақтастарды анықтауыш бағыныңқылы, толықтауыш бағыныңқылы, пысықтауыш
бағыныңқылы деп саралайды [2: 359].
Құрмалас сөйлемді зерттеуді алғаш рет практикалық мақсатта емес,
ғылыми тұрғыдан қарастырған С.Аманжолов құрмалас сөйлемдерді салалас,
сабақтас, аралас және тиянақсыз сабақтас деп төрт түрге бөліп қараса [3:
359], құрмалас сөйлемдерді арнайы зерттеген Н.Сауранбаев бұл мәселеде
бірнеше пікір ұсынды: алғашқы топтастыруда құрмаластарды салалас және
сабақтас деп жіктесе [4 ; 46], кейінірек салалас құрмалас, сабақтас
құрмалас және іргелес құрмалас деп топтайды [5; 34-106], ал соңғы
топтастыруда құрмаластарды 4-ке бөледі: салалас, сабақтас, аралас, үйірлі
мүшелі сабақтастар [10; 520], С.Жиенбаев құрмаластың тек салалас және
сабақтас деген 2 түрі бар екенін, ал аралас құрмаластың “өз алдына бір
бөлек заңдары жоқ” екенін айтады [11;33]. Н.Сауранбаев сөйлемнің бұл түрін
сабақтас, салалас, іргелес деп үш үлкен топқа бөледі. Автор құрмаластың
жалғаулықсыз байланысқан түрін жеке алып іргелес деп қарастырады.
Аталған топтастырулардың қолданыстағы топтастырулардан елеулі
айырмашылықтары болғанымен, бүгінгі күн тұрғысынан алып қарағанда назар
аударатын тұстары да жоқ емес.

Профессор Н.Сауранбаевтың “Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі”
атты очергінде іргелес құрмаластар деп отырғаны – тілімізден берік орын
алып, әбден қалыптасып кеткен жалғаулықсыз салалас сөйлемдер. Мұндай
сөйлемдерді салаластың бір тармағы есебінде қарамай, жалпы құрмалас
сөйлемнің бір түрі ретінде түсіндірген. Ондағы дәлелі – “іргелес құрмаласта
салаластың да, сабақтастың да белгісі бар. Салаласқа тән белгісі - ондағы
жай сөйлемдердің грамматикалық жағынан бір-бірімен тең дәрежеде
құрмаласатындығы және сөйлемнің баяндауышы тиянақты қалыпты болатындығы. Ал
іргелестерді сабақтастармен жақындастыратын белгі – іргелестегі жай
сөйлемдер ішкі мағына жағынан бірін-бірі сипаттап, бір-біріне тәуелді болып
байланысады” [10; 27-28 ].

Сонымен бірге бағыныңқы компоненттің табиғатын сөйлем мүшелерінің
атқаратын қызметімен теңестіре қараған ғалым: “Бағыныңқылар басыңқы
сөйлемегі бір жай мүшенің қызметін атқарады , я соның орнына жүреді”, -дей
келіп, сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерін төмендегіше жіктейді:
1. Анықтауыш бағыныңқылы;
2. Толықтауыш бағыныңқылы;
3. Пысықтауыш бағыныңқылы - мұның өзі ішінара мезгіл, себеп-амал,
мақсат пысықтауыш бағыныңқылар болып ажыратылған.
4. Шарт бағыныңқылы;
5. Қарсы бағыныңқылы;
6. Салыстырма бағыныңқылы сабақтас.
Үйірлі мүшесі бар сөйлемдерді ғалым екі жақты түсіндіреді: егер
есімшелі сөйлемдердің өзіне қатысты бастауышы болмаса, ондайларды есімше
анықтауыш үйірлі мүшелі жай сөйлем дейді де (Емтихандарын уақытында
өткізген студенттер демалысқа кетті), егер бастауышы болса, мұндайларды
анықтауыш бағыныңқы деп түсіндіреді (Асан кітапханадан алып оқыған қызық
кітап бүгін маған тиді).
Қазақ тіл білімінде құрмалас сөйлем синтаксисі мәселесінің зерттелуін
Қ. Есенов үш кезеңге бөліп қарайды [14:117]. Алғашқы кезеңге
1920-1940 жылдар аралығында жазылған А. Байтұрсынұлы мен
Қ.Жұбанов, С. Жиенбаев, Х. Басымов, С. Аманжолов, Н.
Сауранбаев, М. Балақаевтардың еңбектерін, екінші кезеңге 1940-1950 жылдары
шыққан С. Аманжолов, С. Жиенбаев, Н. Сауранбаев, М.
Балақаев, А. Ысқақов, Ғ. Бегалиевтердің еңбектерін, ал үшінші кезеңге 1950
жылдан кейінгі Т.Қордабаев, О.Төлегенов, А.Әбілқаев, Қ. Есенов, Х.
Арғыновтардың зерттеулерін жатқызады. Бұған қоса осы тұста жарық көрген Р.
Әміров, Қ. Мамытбеков[15], Ұ.
Салиевалардың [16] зерттеулері де құрмалас сөйлем синтаксисін дамытуға зор
үлес қосқанын атап кеткен орынды. Сондай-ақ аталған үш кезеңге қосымша
төртінші кезеңді қосудың да артықтығы жоқ деп есептейміз. Өйткені Қ.
Есенов көрсеткен үшінші кезеңде қазақ тіл біліміндегі құрмалас сөйлем
синтаксисі ілімінде теориялық мәні зор тың тұжырымдар жасалып, зерттеулер
жасалды, осы салада бұрын күңгірттеу көрінген көптеген мәселелердің басы
ашылды, осы сала бойынша озық идеялы аға буын ғалымдар легі қалыптасып,
олар аталған ілімді жалғастырушы жас ғалымдар легін қалыптастырды. Олардың
қатарында профессорлар Қ. Есенов, Р. Әмір, Т. Сайрамбаев, Б. Шалабай және
т.б. ғалымдар бар. Ал төртінші кезең тоқсаныншы жылдардың аяғы мен
бүгінгі күнге дейінгі кезең тек құрмалас сөйлем мәселелері ғана емес, жалпы
қазақ тіл білімі, оның ішінде грамматика, синтаксис ғылымында жаңа кезең
болып есептеледі. Осы кезеңде құрмалас сөйлемге тікелей немесе жанама
қатысы бар отыздан астам ғылыми диссертациялар қорғалды. Бұл кезеңде бұрын
зерттеушілер назарынан тыс қалып келген құрмалас сөйлемнің интонациялық
ерекшеліктері, аралас құрмаластар мен көп компонентті салаластардың
құрылымдық, мағыналық сипаттары, компоненттерді байланыстырушы тұлғалардың
құрмалас сөйлемнің мағыналық қатарын түзудегі ерекшеліктері т.т.
мәселелерімен бірге, оны жаңа арнада функционалдық грамматика,
коммуникативті синтаксистің бірлігі ретінде қарау; мәтіннен тыс, оқшау жеке-
жеке қарастырылатын сөйлем емес, өзіне дейінгі, өзінен кейінгі сөйлемдермен
мағыналық байланыстағы бүтіннің бөлшегі ретінде қарау, тілде даяр қалпында
қолданылатын, тілдік емес ортамен байланысы жоқ оқшау категория емес,
тілден тыс факторлардың да ықпалы тиетін, сөйлеу процесі кезінде
қалыптасатын бірлік екендігі, жұмсалым ретіне қарай бір тұлғадағы
құрылымдардың әр алуан мағынаға ие болуы немесе әр түрлі тілдік тәсілдер
арқылы мәндес сөйлемдер парадигмасын түзуге болатындығы күн тәртібіне
қойылуда.

Осы кезеңнің үлесіне тиетін М. Базарбаева, Б. Шалабай,
Ж. Жақыпов, З. Ерназарова, Б. Сағындықұлы, К. Садирова, Б.
Қапалбеков, С. Қазыбаев, С. Айтжанова, А. Фазылжанова, Б. Елікбаев және
т.б. зерттеушілердің еңбектері аталған мәселеге жан-жақты қарауға ықпал
етері сөзсіз. Десе де зерттеулерде құрмалас сөйлемдердің мағыналық-
құрылымдық топтарына, әсіресе оны байланыстырушы формаларға, көмекші
тәсілдерге басым назар аударылады да, құрмалас сөйлемдердің компоненттер
сипатының жалпы сол тілдік бірлікке тигізетін ықпалы, синтаксис пен
семантика арақатынасы саласының бірқатар сұрақтары әлі де зерттей
түсуді қажет етеді.

Ғалым Б. Шалабай құрмалас сөйлемдерді байланыс сипатына қарай салалас
және сабақтас деп бөледі де, үш немесе одан да көп предикативтік орталықтан
құралған құрмаластарды көп компонентті құрмаластар деп, оны өз ішінде көп
компонентті (сыңарлы) салаластар, көп бағыныңқылы сабақтастар және аралас
құрмаластар деп жіктейді. Салалас құрмаластарды компоненттерінің байланысу
тәсіліне қарай жалғаулықты, жалғаулықсыз деп жіктейді де, жалғаулықты
салаластарды мағыналық қатынастарына қарай ыңғайлас (мезгілдес), себептес,
қарсылықты, талғаулы, кезектес деп саралайды [18; 690-692]. Назар аударатын
мәселе - автордың құрмаластарды, алдымен, предикатив сыңарларының санына
қарай жіктеп алуы.

Ал ғалым Р. Әмірдің классификасы өзіндік жаңалығымен ерекшеленеді. Ол
қазақ тілі құрмалас сөйлем жүйесіндегі үш құрылымдық түрді бөліп көрсетеді:
1. Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемдер; 2. Іргелес салалас құрмалас
сөйлемдер; 3. Сабақтас құрмалас сөйлемдер. Оның ішінен іргелес салаластарды
бөліп алып, оны құрылыс ерекшелігіне қарай тұрақты іргелес салалас құрмалас
сөйлемдер, ауыспалы іргелес салалас құрмалас сөйлемдер деп топтайды да,
одан әрі төмендегідей грамматикалық-семантикалық топтарға жіктейді:

1. Мезгілдік іргелес салалас құрмалас сөйлемдер
2. Қарсылықтық іргелес салалас құрмалас сөйлемдер
3. Себептік іргелес салалас құрмалас сөйлемдер
4. Шарттық іргелес салалас құрмалас сөйлемдер
5. Теңдік қатынасты білдіретін іргелес салалас құрмалас сөйлемдер
6. Айқындауыштық қатынасты білдіретін іргелес салалас құрмалас сөйлемдер
7. Объектілік қатынасты білдіретін іргелес салалас құрмалас сөйлемдер
8. Телінбе компонентті іргелес салалас құрмалас сөйлемдер
9. Ауыспалы іргелес салалас құрмалас сөйлемдер.
Ал жалғаулықты салалас құрмаласты өз ішінде ыңғайлас салалас,
себептес салалас, қарсылықты салалас, талғаулы және кезектес салаластар деп
жіктейді [19; 695-701].

Автордың көрсеткен іргелестері құрмалас сөйлем қалыптаса бастаған
кездегі сөйлемдерден өзгеше сипатта, кейіннен пайда болған коммуникативтік
талаптарды ескергендігінен туындағандығы айқын.

Қазақ тіл білімінде құрмалас сөйлемдерді топтастыруда бірнеше ұстаным
негізге алынды. Дәстүрлі топтастыруда құрмаластың үш түрі көрсетіледі:
салалас, сабақтас және аралас. Қазіргі тілтанымда құрмаласты топтастырудың
бірнеше түрі қолданылады. Алдымен, құрылымдық ұстаным бойынша, құрмалас
сөйлемдерді құрамына (құрамындағы предикатив сыңарларының санына
байланысты) қарай екі үлкен топқа бөліп қарастырамыз:
екі (қос) құрамды құрамаластар;
көп құрамды құрмаластар.
Екі құрамды құрмаластардың құрамындағы компоненттердің бір-бірімен
грамматикалық байланысу тәсіліне қарай салалас және сабақтас деп, ал көп
құрамды құрмаластарды аралас, көп компонентті салалас, көп бағыныңқылы
сабақтас деп жіктеуге болады.
Сонымен, екі құрамды салалас, сабақтас сөйлемдер мағыналарына қарай
төмендегiдей түрлерге бөлiнедi: Жалғаулықты мезгiлдес салалас сөйлем мен
жалғаулықсыз мезгiлдес салалас сөйлем; жалғаулықты себеп-салдар салалас
сөйлем мен жалғаулықсыз себеп-салдар салалас сөйлем, жалғаулықты қарсылықты
салалас сөйлем мен жалғаулықсыз қарсылықты салалас сөйлем, жалғаулықсыз
шартты салалас сөйлем мен жалғаулықсыз шартты салалас сөйлем, жалғаулықты
салыстырмалы салалас сөйлем мен жалғаулықсыз салыстырмалы салалас сөйлем.

Үнемi жалғаулық шылау арқылы жасалатын салалас сөйлемдер: талғаулы
салалас сөйлем пен кезектес салалас сөйлем.

Жалғаулықсыз салалас сөйлемге түсiндiрмелi салалас сөйлем жатады. Көп
компоненттi салалас сөйлем екi не одан да көп жай сөйлемдерден тұрады.
Кейде бұл сөйлемдер сыйыса айтылады.

Құрмалас сөйлемдерді баяндауышының қай сөз табынан жасалуына қарай
есімді құрмалас сөйлемдер, етістікті құрмалас сөйлемдер деп бөлуге толық
негіз бар. Аталған топтастырудың қай-қайсысы болмасын, қазақ тіл білімінде
бірі жеткілікті, бірі аз мөлшерде болса да талданып жүр.
Синтаксис ғылымындағы жаңа көзқарастар мен соны бағыттар жалпы
құрмаластарды баяндауыштарының тұлғалық ерекшеліктеріне қарай емес, қос
компоненттің арасында түзілетін мағыналық қатынасты негізге алып
топтастыруды теріске шығармайды. Мағыналық ұстаным бойынша құрмаластардың
төмендегідей түрлері көрсетіледі: ыңғайлас мәнді құрмаластар, шарт мәнді
құрмаластар, қарсылық мәнді құрмаластар, салыстырма мәнді құрмаластар,
мезгіл мәнді құрмаластар, себеп мәнді құрмаластар, амал мәнді құрмаластар,
мақсат мәнді құрмаластар, түсіндірмелі мәнді құрмаластар, кезектестік және
талғау мәнді құрмаластар.
Сабақтастарды байланыстырушы амалдарының қатысына қарай топтастыру
дәстүрі де бар. Оның алғашқысы бойынша сабақтастар:
1. Есімше формаларының қатысуымен жасалатын сабақтас құрмалас
сөйлемдер;
2. Шартты рай формаларының қатысуымен жасалатын сабақтас құрмалас
сөйлемдер;
3. Көсемше формаларының қатысуымен жасалатын сабақтас құрмалас сөйлемдер
деп жіктеледі.

2. Компонент санына қарай топтастыру
Қазақ тіл білімінде құрмалас сөйлемдерді топтастыруда оны көбіне
байланысу тәсілі (салалас, сабақтас) мен компоненттер арасындағы семантика-
грамматикалық тәсіліне қарай (ыңғайлас, қарсылықты, себеп т.т.) жіктеуге
көңіл бөлініп келді. Сондықтан да құрмаластың аралас деген түріне қатысты
әр алуан пікірлер өрбіді. Осы мәселеге орай, ғалым Б. Шалабай құрмалас
сөйлемдерді топтастыруға қатысты 1982 жылы Қазақстан мектебі журналында
(№8) байыпты ұсыныс жасайды: Құрмалас сөйлемнің құрылымдық типтерін
анықтау жеңіл болу үшін алдымен, құрмаластарды компоненттердің санына
қарай: жай құрмалас сөйлем, күрделі құрмалас сөйлем деп бөлген тиімді
болады. Екі компоненттен құралған құрмаластарды жай құрмалас десек, үш не
одан да артық компоненттерден құралғандарын күрделі құрмалас сөйлем
қатарына жатқызамыз, - деп, одан әрі жай құрмалас сөйлемдерді салалас,
сабақтас, ал күрделі құрмаластарды (үш немесе одан да көп предикативтік
орталықтан құралған құрмаластарды) көп компонентті құрмаластар деп, оны
өз ішінде көп компонентті (сыңарлы) салаластар, көп бағыныңқылы сабақтастар
және аралас құрмаластар деп жіктейді. Автордың осы топтастыруы 2002 жылы
жарық көрген Қазақ грамматикасында жалғасын табады. Автор одан әрі
салалас құрмаластарды компоненттерінің байланысу тәсіліне қарай
жалғаулықты, жалғаулықсыз деп жіктейді де, жалғаулықты салаластарды
мағыналық қатынастарына қарай ыңғайлас (мезгілдес), себептес, қарсылықты,
талғаулы, кезектес деп саралайды [20, 690-692 бб.]. Назар аударатын мәселе
– автордың құрмаластарды, алдымен, предикатив сыңарларының санына қарай
жіктеп алуы. Аталған топтастыру кейінгі зерттеушілер тарапынан қолдауға ие
болды. Бұл пікірге біз де қосыламыз. Компонент санына қарай құрмаластың екі
тобы бар:

1.Екі құрамды құрмаластар;

2.Көп құрамды құрмаластар.

1.2. Екі құрамды құрмаластар

Құрмалас сөйлемдер кемінде екі жай сөйлемнен құралады десек, екі құрамды
құрмаластарда оның саны екеу ғана болады, дәлірек айтсақ, екі
предикативтілік орталыққа негізделеді. Предикативтілікке қатысты пікірлерді
жинақтай айтсақ:

1) Бастауыш пен баяндауыштың тіркесі ғана ойды білдіретін сөйлем
құрай алады (Ф.И. Буслаев, А.А. Потебня, Д.Н. Овсянико-
Куликовский, А.А. Шахматов);
2) Барлық сөйлем ойды білдіреді, олай болса, әрбір сөйлемде
предикативтілік бар (А.М. Пешковский);
3) Сөйлем мазмұны – шынайы өмір құбылысы, олай болса, оның шындық
өмірге қатысы бар, осы қатынас предикативтілік деп аталады
(В.В. Виноградов).
Сонымен предикативтiлiк – сөйлемнiң негiзгi қасиетiн айқындайтын
синтаксистiк категория. Бiрдей ұғымды бiлдiретiн синтаксистiк
құрылымдардың, мысалы: болған той, тойдың болуы, той болды, соңғысы
ғана айрықша функционалды сапаға – предикативтiлiкке ие. Предикативтiлiк
сөйлемде жақ, шақ тұлғалары арқылы жүзеге асады. Жалпы сөйлем бiр бас
мүшелi, екi бас мүшелi немесе мүшеленбейтiн сөйлемдерден құралса,
предикативтiлiктiң ең жоғары түрi екi бас мүшелi сөйлемдерде нақты, ал бiр
бас мүшелi сөйлемдерде жартылай, ал мүшеленбейтiн сөйлемдерде болмайды да.
Мiне, бұған қарағанда, предикативтiлiк тек бастауыш пен баяндауыш
арасындағы таза грамматикалық құбылыс, - деп түсiндiредi Т. Сайрамбаев
[104, 6б.]. Предикативтiлiктi бiлдiруде тiлiмiзде ең көп жұмсалатындар –
бастауыш – баяндауыш құрылымындағы сөйлемдер. Сөйлемдi құрау үшiн ең аз
болғанда екi мүше қатысуы керек – ойдың кiм, не туралы екенiн бiлдiретiн
мүше, яғни бастауыш; сондай-ақ ол туралы не айтатынын бiлдiретiн мүше, яғни
баяндауыш мүше қатысады. Осы екi мүшенiң грамматикалық қатынасы сөйлем
құрауға негiз болады. Өйткенi сөйлем пiкiрдi, яғни болмыстағы, заттардың
өзара қатынасын бiлдiру үшiн жұмсалады.
Бастауыш пен баяндауыштың қатынасы предикативтiк қатынас деп аталады.
Тiлде осы предикативтiк қатынасқа iлесiп жүретiн грамматикалық формалар
ретінде баяндауыш құрамынан орын алатын шақ, жақ және рай формалары
танылады.
Шақтық форма сөйлемде айтылған пiкiрдiң болмысқа шақ, мезгiл жағынан,
қандай қатынаста тұрғанын бiлдiру үшiн қызмет етед. (Жаңбыр жауды – Жаңбыр
жауып тұр – Жаңбыр жауады).
Жақтық форма iс-қимыл не сапаның және оның субъектiсiнiң сөйлеушiге
қатынасын бiлдiредi. Ол субъект ретінде сөйлеушiнiң өзi не соның тобы (мен,
бiз), тыңдаушы не сөздiң адресаты (сен, сендер), сырттағы кiсi, яғни пiкiр
алысу процесiнен сырттағы субъектi (ол, олар) қатынасқа түседі.
Шақ, рай, жақ формалары – сөйлем арқылы айтылған пiкiрдiң болмысқа
байланысын, қатысын бiлдiретiн формалар. Баяндауыш мүше осы формаларды
бойына жиып предикативтi бiлдiретiн мүше сапасына көтерiледi.
Предикативтiлік (І) дегенiмiз – пiкiрдiң болмысқа қатысын бiлдiру. Сөйлемде
бұл мағына баяндауыш мүше арқылы көрiнетiн болғандықтан, баяндауышты
предикат мүше деп атайды. Ал бастауыш пен баяндауыштың грамматикалық
байланысы предикаттық қатынас (ІІ) деп аталатыны белгілі. Құрмалас сөйлем
компоненттерінің саны бірнешеу болғандықтан, жалпы сөйлемге тән
предикативтілікте көбінесе соңғы сөйлемнің грамматикалық белгілері
доминанттық сипатқа ие болады.
Бірақ субъект-предикаттық қатынас пен бастауыш-баяндауыштық қатынастың
арасына теңдік белгісін қоюға болмайды. Бір ғана предикативтілік ұғымына
сыйғызуға болатын бұл ұғымдар – зерттеудің әр түрлі қырының нысаны болып
саналады. Сөйтіп, предикативтілік дегеніміз логикалық аспект тұрғысынан –
субъект-предикаттық қатынас, грамматикалық аспектіден қарасақ – бастауыш-
баяндауыштық қатынас, коммуникативтік аспектіден қарасақ – тема-ремалық
қатынас болып шығады. Бұл ұғымдардың бір сөйлем бойында сәйкес келетін
жағдайлары да, сәйкеспейтін жағдайлары да бар. Мысалы:
1) Ашу – дұшпан, ақыл – дос. Предикативтілік қай аспектіден қарасақ
та, сәйкес келіп тұр: ашу, ақыл - әрі субъект, сонымен бірге
бастауыш, әрі тема болып саналса, дұшпан, дос - әрі предикат, әрі
рема, әрі грамматикалық баяндауыштар.
2) Уәде бергіш адамға сене беруге болмайды. Субъект-предикаттық
қатынас пен тема-ремалық қатынас арасында белгілі бір дәрежеде
сәйкестік болғанымен, грамматикалық бастауышы жоқ сөйлем. Тілдік
деректерден аталған мәселені нақтылай түсетін көптеген мысал
табуға болады.
Сөйлем синтаксисiн, әдетте, жай сөйлем және құрмалас сөйлем синтаксисi
деп екi топқа бөлсек, олардың әрқайсысының өзіне тән белгілері болады.
Алдымен, олар құрылымдық жағынан ерекшеленеді. Екі құрамды құрмаластарды
жасауда жай сөйлемнің барлық түрі қатыса алады.

1.2. Көп құрамды құрмаластар

Көп құрамды құрмаластардың құрамында, аты айтып тұрғандай, кемінде үш
жай сөйлем болады.

Көп бағыныңқылы сабақтас . Құрамында екi не одан да көп
бағыныңқысы, бiр басыңқысы бар сабақтастың түрi көп бағыныңқылы сабақтас
деймiз.
Көп бағыныңқылы сабақтастың мағынасы дара бағыныңқылы сабақтастың
мағанасынан күрделi болады. Көп бағыныңқылы сабақтас бiр басыңқы, кемiнде
екi я онан да көп бағыныңқы компоненттерден жасалады.

Бағыныңқылардың басыңқымен байланысына қарап, көп бағыныңқылы
сабақтастар жарыспалы көп бағыныңқылы сабақтас, сатылы көп бағыныңқылы
сабақтас болып екiге бөлiнедi.
Жарыспалы көп бағыныңқылы сабақтастардың құрамындағы әр бағыныңқы
сөйлем басыңқымен тікелей байланысады. Бағыныңқыларының мағыналарына қарай,
бiрыңғай жарыспалы бағыныңқы, әр алуан жарыспалы бағыныңқы болып өз ара
екiге бөлiнедi. Бiрыңғай жарыспалы сабақтасқа мысал: Ертеңiне тұрсақ, жел
басылып, бұлт ашылып, маужыраған бiр күн басталыпты (С.М.). Әр алуан
жарыспалы бағыныңқыға мысал: Жиын есiне түскенде, бетiнен оты шықса да,
мұғалiмнiң сөзiне көнбесiне Бектайдың шарасы болмады (М.И).
Сатылы көп бағыныңқылы сабақтастардың құрамындағы әр бағыныңқы сөйлем
басыңқымен тікелей байланыса алмайды, бірінші бағыныңқы екіншімен, екінші
үшіншімен т.т байланысып барып, басыңқы сыңармен байланысады.

Аралас құрмаластар

Компоненттерi салаласа да, сабақтаса да байланысатын құрмаластың түрi
аралас құрмаластар деп аталады. Жасалу жолы жағынан келгенде, аралас
құрмалас сөйлем құрмаластың ерекше түрi болып саналмайды. Өйткенi мұнда
оның өзiне тән арнайы амал-тәсiлдерi болмайды, тек бұрыннан белгiлi
салаласа және сабақтаса байланысу амалдарының қабаттаса келуi арқылы
жасалады. Құрамында кем дегенде үш жай сөйлем болады.
Ерекшелігі:
1. құрамындағы компоненттер санының екіден көп болуы;
2. компоненттерінің салаласа да, сабақтаса да байланысуы.
Жабай шығып кетпегенде, Игiлiк жiгiттердi сөзге айналдырып бөгей тұрмақ
едi, бiрақ оның ретi болмай қалды (Ғ. Мүсiрепов).

2. Компоненттердің байланысу тәсілдеріне қарай топтастыру
Құрмалас сөйлемдерді салалас, сабақтас деп бөлу тұлғалық принципке
негізделеді. Бірақ бұл тұжырым бірден қалыптаса қойған жоқ. Ғалымдар
арасында салалас, сабақтасқа қандай сөйлемдер жатады деген сұрақ
төңірегінде біраз пікірталастар болды. Алғашқы ұстанымды негізге алғандар (
С. Жиенбаев, Н. Сауранбаев, Ғ. Бегалиев, Қ.
Жұбанов) көсемшенің –ып, -іп, -п тұлғасымен келген сөйлемдерді салалас
құрмалас сөйлемдер қатарына жатқызды. Н. Сауранбаев “іргелес сабақтас”, С.
Аманжолов “үлестес сабақтас” деп атаған мұндай сөйлемдерді Қ. Есенов
“ерекше құбылыстағы сөйлемдер” деп атайды да, тұлғалық тиянақсыздықты басты
ұстаным ретінде ұстап, мұндай сөйлемдердің қазіргі қазақ тілінде
сабақтастардың қатарында қарастырылатынын айтады.

Профессор А.Ысқақовтың “Құрмалас сөйлем мәселелері” атты мақаласында
көңіл аударатын жай – сабақтас пен салалас құрмаластарды өзара ажыратуда
негізгі ұстаным етіп екі жай сөйлемді байланыстырушы баяндауыш сөзінің
тұлғасын басшылыққа алады. Осыдан келіп, Омар кітап оқып, Жамал хат жазып
отыр тәріздес сөйлемдерді кейбіреулердің салалас деп ұғынуына қарсы
мұндайларды сабақтас құрмалас деп дұрыс түсіндіреді. Мұндағы дәлелі -
бағыныңқы сөйлем баяндауышының тиянақсыз тұлғада тұруы [13].

Құрмалас сөйлем синтаксисіне байланысты профессор Ә.Хасеновтың
“Салалас құрмалас сөйлемге және олардың тыныс белгілері жөнінде” деген
мақаласында іліктес салалас деп айтылып жүрген сөйлемдерді түсіндірмелі
салалас деп атауды ұйғарады. Мысалы: Маған жаңа арман пайда болды: ол –
наградты ақтау жолындағы арман еді [14].
М. Томановтың пікірінше, “өзара тең дәрежеде байланысқан сөйлемдер
тобын салалас құрмалас дейміз” деген анықтаманың өзі дұрыс емес. Оған дәлел
ретінде Іші пысып жүрген кезде жолықтым ба немесе білген кеңестерін
білдіргісі келмеді ме, Жәкең үлкен әңгімелер қозғады сөйлемінің жоғарыдағы
анықтама бойынша салалас құрмалас бола алмайтынын айтып, салаластардың
“тұрақты принцип негізінде анықталмай жүргендігін” көрсетеді [12; 45].
Өзара тең байланысқан, бірақ интонация арқылы ұласқан сөйлемдерді салалас
деп танитын болсақ, оған баяндауыш құрамында сұраулық шылауы бар немесе
көсемше тұлғалы (-ып, -іп, -п) сөйлемдерді жатқызуға болмайтынын, өйткені
мұндай сөйлемдердің құрамындағы алғашқы сөйлем соңғы сөйлемге бағынышты
болатындығын айтады.
Сөйтіп қазақ тіл білімінде салалас, сабақтас құрмаластарды анықтауда
екі түрлі ұстанымды негізге алу жөнінде пікірталас өрбіді:
1) компоненттердің мағыналық қатынасы; 2) компонент
баяндауыштарының тұлғалық белгісі.
1. Салалас құрмаластар

Салалас пен сабақтастың арасындағы айырмашылық - олардың компоненттерiнiң
құрмаласу тәсiлiнде, мағыналық байланыстарында интонациялық құбылыстарында,
компоненттердiң негiзгi екi мүшесiнiң бiр – бiрiмен синтаксистiк
қатынастарында, әсiресе компонеттердiң баяндауыш формасында. Салалас
құрмаластың баяндауыштары тиянақты болады.

Жақсының жақсылығын айт, нұры тассын – салалас

Сын түзелмей, мiн түзелмейдi – сабақтас.

Құрмалас сөйлемнiң салалас түрi мен сабақтас түрлерiнiң арасында мынандай
өзгешелiктер бар:

1. Салалас құрмалас сөйлем компоненттерiнiң баяндауыштары тиянақты
формада айтылады да, сабалас құрмалас сөйлем компонеттерiнiң
алдыңғылары тиянақсыз формада айтылып, тек соңғысы ғана тиянақты
формада болады
2. Салалас құрмаластың баяндауыштары тең дәрежеде, теңдiк қатынаста
тұрып, салаласа байланысса, сабақтас құрмаласта бағыңқы компонент
баяндауышы басыңқы компонент баяндауышына бағына байланысады.
3. Салалас құрмаластың жай сөйлемнен кейiн болатын интонациялық
кiдiрiсi едәуiр тиянақты болады да, сабақтас құрмалас сөйлем
компонеттерi арасындағы интонация тиянақсыз, елеусiз болып келедi.
4. Салалас құрмалас компоненттерiнiң баяндауыштары өз бастауыштарымен
қиыса байланысса, сабақтас құрмалас сөйлем компоненттерiнiң
баяндауыштары өз баяндауыштарымен қиыспайды.
5. Салалас құрмалас сөйлем компоненттерiн бiр –бiрiмен құрмаластыру
үшiн жалғаулық шылаулар қолданылады, ал сабақтас құрмалас сөйлем
компоненттерiн құрмаластыруда септеулiк шылаулар қолданылады.
6. Салалас құрмалас сөйлемнiң 1 компонентi 2 компонентке тәуелсiз,
оның iшiндегi мүшелерге байланыссыз болып келсе, сабақтас құрмалас
сөйлемнiң бағынышты компоненттерiнiң көпшiлiгi өзi жетектелiп
тұрған компоненттiң белгiлi бiр мүшесiне тәуелдi болып, соны түрлi
жағынан айқындап, тұрлаусыз мүше тәрiзденiп кетедi.
Салалас құрмаластың түрлерiн саралауда қазақ тiл бiлiмiнде әр
тұрлi пiкiрлер болды. Мысалы А. Байтұрсынов салаластарды бес түрге бөледi:
жиылыңқы, қайырыңқы, айырыңқы, сұйылыңқы, қойылыңқы.

Ал Қ. Жұбанов топтамасы қазiргi қазақ тiлiндегi құрмалас сөйлем
түрлерiн саралауға негiз болды: ыңғайлас салалас, ереуiл салалас, талғама
салалас, себеп-салдар салалас, шарт-жағдай салалас. Кезiнде Н.Сауранбаев
көрсеткен iргелес салаластар қазiр жалғаулықсыз салалс ретiнде
қарастырылады.

Салалас құрмалас сөйлемдер жасалу жолдарына қарай жалғаулықты салалас
және жалғаулықсыз салалас сөйлемдер деп бөлiнедi.

Салалас құрмалас сөйлемдер байланысу тәсіліне қарай жалғаулықты,
жалғаулықсыз (іргелес), ауыспалы болып бөлінеді.
Жалғаулықты салаластардың компоненттері өзара жалғаулық шылаулар арқылы
байланысады. Қазіргі қазақ тілінде оның төмендегідей мағыналық топтары бар:
ыңғайлас, қарсылықты, себептік, шартты, талғаулы, кезектес салаластар.
Қазақ тiл бiлiмiнде алдымен, жиылыңқы (А.Байтұрсынов), кейiннен ыңғайлас
(Қ.Жұбанов, С. Жиенбаев) деген атпен мәлiм болған ыңғайлас салалас деп
аталатын құрмаластың түрі соңғы кезде жарық көрген еңбектерде мезгілдес
салаластар деп атап жүр. Аталған сөйлемдер өзара ұқсастығы болғанымен,
ішнара семантикалық айырмашылықтары бар сөйлемдер. Ыңғайлас сөйлемдерде
тектес, ыңғайлас іс-әрекет, оқиға, жай-күй баяндалса, мезгіл мәнді
құрмаластарда белгілі бір уақыт шеңберінде өтіп жатқан оқиға баяндалады.

Ыңғайлас салаластың жалғаулықтары: да, де, және, әрi. Мезгiлдiк мәннiң
берiлу сипатына қарай мезгiлдес салаластарды Қ. Есенов бiр мезгiлдес
салаластар (Деревняда үн де жоқ, от та жоқ (Ғ.М.).) және әр мезгiлдес
салаластар (Залдағы жарық сөндiрiлдi де, пердесi баяу сырғып сахна ашылды
(З.Қ.).) деп жiктейдi.

Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдер
Қарама-қарсылық немесе терістеу заңы - диалектиканың негізгі
заңдарының бірі. Қоғамның субъектісі ретінде адам айналасында болып жатқан
құбылыстарды тек бақылап қана қоймайды, оған ықпал етеді, тікелей қатысады,
қабылдайды. Қоғамдағы құбылыстар мен оқиғалар туралы көрген-түйгенін ой
елегінен өткізеді, баяндайды, ол туралы көзқарасын білідіреді, мақұлдайды
не терістейді. Адам мен қоғам арасындағы осы байланыстың тілдік бейнесі
сөйлемде көрініс табады. Қазақ тіл біліміне бір кездері ереуіл, қайшы
салалас деген атпен енген, кейіннен қарсылықты салалас деп аталған бұл
сөйлемдердің компоненттері бір-біріне қарама-қарсы келетін әрекеттерді,
оқиғаларды баяндайды. Компоненттердегі қарсылықты мән қалай құрылады:
1) бірінші компоненттегі предикатқа екінші
компоненттегі предикат қайшы мәнде беріледі.
2) бірінші сыңарда баяндалған оқиғаның күтілетін
нәтижесі екінші компонентте жоққа шығарылады не қарсы
мәнге құрылады.
3) екінші сыңарда белгілі бір ой айтылады, бірақ ол мәні
жағынан бірінші сыңарда айтылған ойға қарсы мәнде
болады.
Компоненттерiнде қарама-қарсы iс-оқиға баяндалатын салаластың түрi
қарсылықты салалас деп аталады. Жалғаулықтары: бiрақ, дегенмен, алайда,
әйтсе де, әйткенмен, сонда да. Қарсылық мәндегi жалғаулықтардың бiр-бiрiнен
мағыналық айырмашылығы жоққа тән, олар бiрiнiң орнына екiншiсi қолданыла
алады. Құрмалас компоненттерін байланыстырудағы шылаулардың ролі біркелкі
емес.

Компоненттерi жалғаулықсыз байланысқан қарсылықты салаластардың
көпшiлiгiне жалғаулықты қойып айтуға да болады, бiрақ жалғаулықты
қарсылықты салаластың барлық түрiнен жалғаулықты алып тастауға болмайды.
Мұндайда кейбір қарсылықты салаластардың арасындағы синтаксистік байланыс
солғындап, мағыналық байланыс жойылады. Мысалы: Шырай мына сөзден тіксініп
қалды, әйтсе де Құдабайды ойлады (Д. Досжан).

Қарсылық мәнді құрмаластар қарсылықты мағынаның берiлуiне қарай реалды
қарсылықты және ирреалды қарсылықты сөйлемдер болып бөлiнедi.
Реалды қарсылықты құрмаласта қарсы мәндегi оқиғаның орындалғаны не
орындалатыны баяндалады. МысалыСалт аттылар мен ат шана өтiп кетті, бірақ
Әбдiрахман терезеге сүйенiп ұзақ тұрды (Х.Есенжанов). . - Ұлы түнде
орнынан барынша сыбдырсыз тұрады, сөйтсе де бұл бірге оянады. Асығыс-ақ,
дегенмен қайырылмау ұят. (Қ. Тоқмырзаұлы)..
Ирреалды қарсылықты сөйлемнiң алғашқы сөйлемiнде белгiлi бiр iстi
орындау жайында әрекет жасалғанымен, басыңқыда сол әрекеттiң орындалуы
терiске шығарылады. Мысалы: Алтын-күміс ақша ұстанған бай болған, бірақ
өлікке кебін бермеген сараңдар бұл (Д. Досжан). Тілдің бірден-бір
жоқтаушысы қаламгер қауым, бірақ олардан әзірше айта қоярлықтай қимыл
көрінбейді. Барайын деймін, бірақ жер шалғай.
Салыстырмалы сөйлемдер ұзақ жылдар бойы оқулықтарда қарастырылмай, тек
соңғы жылдар ғана сөз боп келедi. Компоненттерiндегi iс-оқиға желiсi бiр-
бiрiмен салыстырыла берiледi. Негiзiнен мақал-мәтелдi сөйлемдерде жиi
кездеседi. Жалғаулықтары: ал, да, де, та, те. Компоненттерiнде көбiнесе
мағыналары бiр-бiрiне қарама-қарсы антоним сөздер қолданылады.

Жалғаулықты себептік, шарттық және салыстырмалы салалас құрмалас
сөйлемдер
Компоненттерiнiң бiрiнде iс-оқиғаның себебi, екiншiсiнде салдары
баяндалатын салаластың түрi себептес (себеп-салдар) салаластар деп аталады.
Егер құрмаластағы екi компонент сондықтан, сол себептi жалғаулықтарымен
байланысса, алғашқы компонентте iс-оқиғаның себебi, соңғысында соның
салдары берiледi. Ал екi компонент өйткенi, себебi жалғаулықтарымен
байланысса, алғашқы компонентте iс-оқиғаның салдары баяндалып, соңғысында
оның себебi баяндалады.

Қоғаммен тығыз байланыстағы адам және оның әрекеті белгілі бір
философиялық заңдылықтарға сүйенетіні мәлім. Диалектиканың негізгі
категорияларының бірі – себеп-салдарлық. Себеп–салдарлық байланыс
объективті әлемдегі өзара байланысты құбылыстардың бірі ғана емес, сонымен
бірге құбылыстар арасындағы көпжақты байланыстың негізі болып саналады.
Жалғаулықты себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемнің өзіндік ерекшеліктері
айқын, сондықтан тіл білімінде оған қатысты аса бір күрделі мәселе бар
деуге болмайды. Әдетте олар екінші компоненттің құрамында келеді.
Егер себептік салаластар сондықтан, сол себепті жалғаулықтары арқылы
байланысса, алдыңғы компоненті екінші компонентте орындалған не орындалып
жатқан, болмаса орындалатын іс-сапаның себебін білдіреді. Ал егер
компоненттер себебі, өйткені жалғаулықтары арқылы байланысса, соңғы
компонент алдыңғы компонентте орындалған не орындалып жатқан, болмаса
орындалатын іс-сапаның себебін білдіреді.
Кезiнде Қ. Жұбанов шарт-жағдай салалас деп атаған шартты салаластардың
компоненттерiнiң мағыналары өзара шарттас болып келедi. Жалғаулықтары:
әйтпесе, болмаса. Шартты салаластың жалғаулықсыз түрiне жалғаулық қойып,
бiрiнiң орнына екiншiсiн қолдана беруге болмайды. Алғашқы компонентiнiң
баяндауышы етiстiктiң бұйрық райынан жасалады.

Диалектика категориялары тұрғысынан алсақ, шарт категориясы себеп
категориясымен тығыз байланыста болады. Бұл жөнінде ғалымдар себеп және
шарт категорияларының қарым-қатынасы диалектикалық сипатта болатындығын,
шарттың себеп болу, себептің шарт болу мүмкіндігінің молдығын, себеп
дегеннің өзі - әрқашан да белгілі бір дәрежедегі шарт екендігін айтады.

Шарт мәнді сөйлемдердегі компоненттер арасындағы мағыналық қатынас
төмендегіше көрінеді:

1) шарт – орындалатын нәтиже
2) шарт – орындалмаған нәтиже (қимыл-әрекет)
3) шарт – орындалу-орындалмауы белгісіз нәтиже (қимыл-
әрекет)
Бұл мағыналық қатынас барлық тілдерде де бар. Осыған орай, шарт мәнді
сөйлемдерді, оның ішінде шартты бағыныңқыны мағыналық жақтан кейбір
зерттеулерде үш түрге (реалды, ирреалды, болжалды) ажыратылса, ендi бiрде
екiге бөлiп (реалды, ирреалды) қарастырады.

Мысалы: Сен келiсiм бер, әйтпесе басқамен сөйлесемін (реалды шартты
салалас). Сен келiсiм бер, әйтпесе мен саған жоқпын (ирреалды салала). Сен
келiсiм бер, әйтпесе менің кетіп қалуым да мүмкін (болжалды).

Салыстырмалы салаластар. Жалпы тілімізде салыстырудың екі түрі бар:
біріншісі – екі заттың сапасының салыстырылуы (Бетегеден биік, жусаннан
аласа және т.б.); екіншісі – зат сапасын белгілі бір қалыптасқан сапа
дәрежесімен салыстыру (көкшіл, жастау және т.б.). Ғалымдар оның алғашқысын
нақты компоративтер деп, ал екіншісін интенсивтер деп атайды. Құрмалас
сөйлемдегі салыстыру мәнінің өзіндік ерекшеліктері бар.
Салыстырмалы мәндегі құрмаластарда бір-біріне антитеза немесе аналогия
ретінде алынған екі түрлі субъектінің қасиеті, іс-әрекеті, жай-күйі
суреттеледі. Мысалы:
Құлаққа жағар дәмді сөз бар да, құлақты сарсытар, татымсыз сөз бар
(М. Иманжанов).
Мұндайда салыстыру заты ортақ болуы мүмкін немесе салыстыру заты
ретінде екі басқа зат алынуы мүмкін: Қарағайға қарап тал өсер, ал қатарына
қарап бала өсер.
Жалғаулықты талғаулы, кезектес салалас құрмалас сөйлемдер
Үнемi жалғаулықты қолданылатын салалас сөйлемдерге талғаулы және
кезектес салаластар жатады. Талғаулы салаластарды А. Байтұрсынов
айырыңқы деп атаса, С.Аманжолов бейтарап, ал Қ. Жұбанов талғама салаластар
деп атаған. Компоненттерiнде айтылған iс-оқиғаның бiреуiнiң орындалу-
орындалмауын талғай, болжау жасай көрсетедi. Жалғаулықтары: не, немесе,
әйтпесе, әлде, не болмаса, я, құй, мейлi, яки. Аталған жалғаулықтар
құрмалас сөйлем компоненттерiн байланыстырудан гөрi бiрыңғай мүшелердi
байланыстыруда жиi қолданылады.

Т. Қордабаев талғаулы салаластардың өзіндік ерекшелігі ретінде
компоненттердің интонациялық жағынан болмаса, мағына жағынан дербес
сөйлемдер екендігін және аталған сөйлемнің тек жалғаулықтар арқылы
байланысатынын көрсетеді.

Компоненттерiне айтылған ой, iс-әрекеттердiң бiрiнен соң бiрi кезектесiп
орындалатынын бiлдiретiн салалстың түрi кезектес салалас деп аталады.
Кезiнде С. Жиенбаев талғаулы және кезектес салаластарды, екi жақтылығына
орай, оларды бөлмей, бiрге қарастырған болатын, кейiннен олардың мағыналық
ерекшелiктерi сараланды. Кезектес салаластардың жалғаулықтары: бiрде,
бiресе, кейде.

Қазақ тіл білімінде тек салаласа байланысады деп танылып келе жатқан
құрмаластың аталған түрлері сабақтаса да байланысу арқылы да тура осы мәнді
білдіретіні айқын. Кезектестің сабақтаса байланысатын түрі бар екендігін
айтқан Қ.Шәукенұлы бұрын айтылмаған сабақтастың болжалды сабақтас деген
түрін қосады. Біздіңше, автордың көрсеткен құрылымдық үлгісі негізінде
қалыптасқан сөйлемдер тілімізде кездеседі, бірақ тілтанушылар еңбектерінде
талғаулы, кезектес салаллас сөйлемдерді бірыңғай мүшелі, оралымды жай
(күрделенген) сөйлемдермен шатастыру фактілері кездеседі. Мысалы, талғаулы
салалас деп көрсетіліп жүрген төмендегі сөйлемдерге назар аударайық:

Сөз бен қылық суық көңілді жылытады немесе жылы көңілді суытады. Тура
келесің бе, әлде жолдағы ауылға соқтың ба? Аса бір қысылған, басына ауыр
сын түскен кезде әкесі, қалайда, не түсіне кіреді, не көз алдына оқыстан
елестеп, осылайша көлбеңдей береді (Қазақ грамматтикасы, 694-695).
Күндіз олар өзіне жем іздейді, не өзінің басқаға жем болмауын көздейді
(Т.Қ. -70-б.). Бұнысы жаңа көрген Көкен елінің мынау куәға не сенгенін
көрсетеді немесе ел болып сынға салып, шыңға тартқысы келген байлауын
танытады. Я асқан данышпан шығар, я дым білмейтін мылқау шығар. Жалғыз
қалудан сескенді ме, әлде асықпай әңгімелескісі келді ме - әйтеуір
Андрейдің бүгін қасында болуын қалап тұрды (Қ. Ш. -176-б.).

Келтірілген сөйлемдердің барлығында талғау мәні бар, бірақ бұлар
құрылысы жағынан құрмалас сөйлем емес, ортақ субъектіге негізделген жай
сөйлемдер. Құрмалас сөйлемнің әр компонентінде субъект-предикаттық
қатынастың болуы туралы қағида аталған бірлікте де сақталуы тиіс.

Талғау мәнді құрмаластарға қатысты соңғы кезде жарық көрген еңбектерде
оның таза талғау мәнімен бірге кейбір құрылымдарда талғау-шарт мәнді (ҚГ,
695-б), талғау-қарсылықты мәнде (Т.Қ. -70-б.; дұрысы – шарт мәнді, автор
келтірген мысалдар: Сен қазір жұмысқа кіріс, әйтпесе мен сені бұл маңайдан
қуамын (Ә. Әбішев). Сен оны өлтір, болмаса өзің өлесің (А. Бек). – Т. Е.)
жұмсалатыны көрсетіледі. Расында да тілдік бірліктерде таза талғау мәнімен
қоса, авторлар көрсеткендей, талғау-шарт, сондай-ақ талғау-себеп, талғау-
мезгіл, талғау-салыстырма мәнді сөйлемдердің болатындығын байқадық. Жалпы
талғау ұғымы болжау ұғымымен тығыз байланысты. Болжам жоқ жерде талғау да
болмайды. Мұндай құрмаластардың тағы бір ерекшелігі – компоненттері
салаласа да, сабақтаса да байланысады. Ал оның әр түрлі мағыналық реңтері
осы атаудың шеңберіне сияды.

Талғау-себеп: Поштаға сенбегендігі ме, жоқ әлде мен арқылы беріп
жібергісі келді ме, суырмасынан аппақ даяр пакетті алып, маған ұсынды (Ә.
Сығай). Жақсының жанына арашашы болдың ба, әлде жаманның малына қорғаншы
болдың ба, екі ауыз сөзді білдім деп хан қасына отыруға нең лайық (Ел
аузынан)?

Талғау-мезгіл: Айшаға құда түсіп кеткеннен кейін бе, әлде қыстауға көшер
алдында ма, қашан келгені есімде жоқ.

Талғау – салыстырма: Аспандағы ай ма екенсің,

Жер бетінде гүл ме екенсің?

Ай мен күн бе екенсің,

Мың бір түн бе екенсің

Жұлдыздайсың маған моншақ тағынған.

Жайылған қамырды ірілеу етіп турайды немесе ұнның қатты сортынан
жасалған макорон қолданылады (Парасат журналы). Талғау мәнді
құрмаластарды байланыстырады деп көрсетіліп жүрген әйтпесе, болмаса
жалғаулықтары үнемі осы мәнде қолданыла бермейді:

Салыстырыңыз:

Талғау мәнді Шарт мәнді

Келгенің жақсы болды ғой, болмаса Уәдеңді бер, болмаса қыз жоқ саған.
өзім барғалы отыр едім (Ә. Сен қазір жұмысқа кіріс, әйтпесе мен
Нұршайықов). сені бұл маңайдан қуамын (Ә.
Өзі кетіп құтылды, әйтпесе өзіміз-ақӘбішев).
тастатқалы жүр едік (Б. Майлин)

Компоненттер арсындағы мағыналық қатынасты ажыратуда жалғаулықтар шешуші
роль атқара бермейді. Мұндайда компонент баяндауыштарының формасы
білдіретін шақтық мағынаның да үлесі бар. Жоғарыдағыдай жалғаулықтар арқылы
байланысқан құрмаластардың алғашқы компонентіндегі іс, оқиға екінші
компоненттегіден бұрын орындалып қойған болса, талғау мәнді құрмалас
түзіледі де; ал екі компонентте де әлі орындалмаған, әсіресе бірінші
компонент бұйрық райдың ІІ жақ формасы арқылы жасалып, екінші компонент І
жақта тұрғанда (дәлірек айтсақ, І жақтағы субъект ІІ жақтағы субъектіге
шарт қойса) шарт мәнді құрмаластар түзіледі.
Кезектес мәнді құрмаластардың өзіндік ерекшелігі ретінде талғау мәнді
құрмаластар секілді, тек қана жалғаулықтар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы есімді сөйлемдер
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА СИНТАКСИСТІ ОҚЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақ тілі синтаксисінің зерттелуі
Құрмалас сөйлемнің ғылым ретінде даму, қалыптасу жолы
Жақсыз сөйлемнің түрлері
Тілдегі үнемдеу заңдылығының теориялық негіздері
Т.ҚОРДАБАЕВ және ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ МӘСЕЛЕСІ
Есімді сөйлемдер
Түсіндірмелі салалас сөйлем құрмалас сөйлемнің бір түрі ретінде
Бір құрамды сөйлемдер
Пәндер